Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

I.тарау. Конституция. мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
1.1. Конституция.мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы ... ... ...9

II.тарау. Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздері
2.2. Қазақстан халқы . мемлекеттік биліктің бастауы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі ... 13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 5

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ...65
Демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
Қазақстан Республикасының Конституциясы- басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы. Конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.
ҚР Конституциясының 4 бабында «Қазақстан республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген. Және аталған бапта Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы айқындалған. Біз, ҚР Конституциясының мемлекеттің негізі заңы ретіндегі мәні мен маңызын зерттей отырып, оның бағытын төмендегіше құрылымдармен зерттеу жүргіздік. Жұмыс мазмұны 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда, Конституция - мемлекеттің негізгі заңы ретінде оның қалыптасуы мен даму кезеңдері 2 бөлікте қамтылған. Екінші тарауда, Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздері қамтылған. Конституциялық құқық мемлекет құрылысын құрайтын құқықтық нормалардан тұрады, демек, Қазақстанның мемлекет нысанына талдау жасап, оның Президенттік басқару жүйесінің ерекшелігін және құрылымдық жағынан біртұтастық мәртебесін, сонымен бірге мемлекеттік билік етудің демократиялы әдістермен жүргізілу барысын және ондағы мемлекеттік билік органдарының конституциялық құқықтық мәртебесін зерделедік. Ата Заңымыздың 1 бабында айтылғандай мемлекет қазынасы - адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтары. Олай болса біз жұмысымыздың үшінші тарауында адам және азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздеріне және оның құқықтарының жүзеге асырылу кепілдіктеріне тоқталдық. Бітіру жұмыс тақырыбының өзектілігі еліміз өз егемендігін жариялап, тәуелсіздігін еншілеп, өзіндік даму жолына нық қадам басты.
1. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Наз,2003.
2. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
3. Жоламан Қ.Мұхтарова А.Тәукелев А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы,1999.
4. Булгакова Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы,2004.
5. Ибраева А. Ибраева Н. Теория государства и права. Учебное пособие. Алматы, 2001.
6. Табанов С. Құқық теориясы мен сот жүйесінің Конституциялық негіздері. Оқу құралы. Алматы,2001.
7. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2006.
8. Сапарғалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы.Жеті жарғы, 1999.
9. Сагиндыкова А. Конституционное право РК. Курс лекций. Алматы. Білім,1999.
10. ҚР Конституциясының түсіндірме сіздігі. Алматы.Жеті жарғы.1996.
11. Зиманов С. Конституция и Парламент РК. Общественно-политическая литература. Алматы. Жеті жарғы.1996.
12. Нұрпейсов Е. Котов А. Қазақстан Республикасы: хандық биліктен Президенттік Республикаға дейін. Алматы,1995.
13. Сартаев С. Күнқожаева Г. ҚР-да билікті білу және оларды жүзеге асыру принциптерінің қалыптасуы. Алматы, 2002.
14. Конституциялық құқық. Анықтамалық. В.И.Лафитский редакциясымен, О.Г.Румянцевтің кіріспе сөзімен. –М., Юрист, 1995.
15. Кутафин О.Е., Козлова Е.И. Ресейдің Конституциялық құқығы. М., 1995.
16. Михалева Н.А. Конституциялық құқық ғылымының негізгі мәселелерін талқылау. Мемлекет және құқық.
17. В.В.Маклакова Шетел Конституциялық құқығы., М., 1995.
18.Абдильдин С. Қазақстанда Парламенттің құрылуы. Санкт-Петербург, 1993.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I-тарау. Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
1.1. Конституция-мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... 9

II-тарау. Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздері
2.2. Қазақстан халқы - мемлекеттік биліктің бастауы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

КІРІСПЕ
Демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның
негізгі, басты нормативтік актісі Қазақстан Республикасының Конституциясы
болып табылады. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның
болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді.
Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік
негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі.
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық
құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған
басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
Қазақстан Республикасының Конституциясы- басқа ұлттық құқықтық қайнар
көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық
құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және
реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы. Конституцияның нысаны,
алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен
анықталады.
ҚР Конституциясының 4 бабында Қазақстан республикасында қолданылатын
құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады делінген.
Және аталған бапта Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және
Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы айқындалған. Біз,
ҚР Конституциясының мемлекеттің негізі заңы ретіндегі мәні мен маңызын
зерттей отырып, оның бағытын төмендегіше құрылымдармен зерттеу жүргіздік.
Жұмыс мазмұны 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда, Конституция - мемлекеттің
негізгі заңы ретінде оның қалыптасуы мен даму кезеңдері 2 бөлікте
қамтылған. Екінші тарауда, Қазақстанның конституциялық құрылысының
негіздері қамтылған. Конституциялық құқық мемлекет құрылысын құрайтын
құқықтық нормалардан тұрады, демек, Қазақстанның мемлекет нысанына талдау
жасап, оның Президенттік басқару жүйесінің ерекшелігін және құрылымдық
жағынан біртұтастық мәртебесін, сонымен бірге мемлекеттік билік етудің
демократиялы әдістермен жүргізілу барысын және ондағы мемлекеттік билік
органдарының конституциялық құқықтық мәртебесін зерделедік. Ата Заңымыздың
1 бабында айтылғандай мемлекет қазынасы - адам өмірі мен оның құқықтары мен
бостандықтары. Олай болса біз жұмысымыздың үшінші тарауында адам және
азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздеріне және оның құқықтарының
жүзеге асырылу кепілдіктеріне тоқталдық. Бітіру жұмыс тақырыбының
өзектілігі еліміз өз егемендігін жариялап, тәуелсіздігін еншілеп, өзіндік
даму жолына нық қадам басты. Оның тарихында ата-бабалар үшін талай ғасыр
арман болған тәуелсіздік тұғыры бекіді. Біздің тұңғыш Президентіміз
Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған алғыр саясаттылығы мен тұрақты ұстанымының
арқасында біршама экономикалық, әлеуметтік және саяси жақтарымызбен үлкен
жетістіктерге жетудеміз. Сондықтан да мемлекетіміздің алдына қойып отырған
өзіндік стратегиясы құқықтық мемлекет құру. Осы мақсат тұрғысында Мемлекет
және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы пәндері бойынша алған
теориялық білімдерімізден болашақ құқықтық білімді оқытатын педагог маман
ретінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық сана-сезімді
нығайтуда біздерге жауапкершілікті міндеттер талап етілетіндігі белгілі.
Құқықтық мемлекеттің ерекше белгісі-ол заңның үстемдік етуі, Конституцияның
жоғары тұруы, яғни Ата заңымыздың құқықтық, саяси маңызын зерттеп-зерделеу
негізгі мақсатымыз болмақ. Бұл тақырыпты зерттеу аясында бірнеше ғалым
мамандардың ғылыми еңбектеріне, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарына
арқа сүйедік. Атап айтсақ, Ғ.Сапарғалиев. Мемлекет және құқық теориясы,
Т.Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы, Ғ.Сапарғалиев ҚР Конституциялық
құқығы, ҚР-ның Конституциялық құқығы (оқу-әдістемелік нұсқау). В.Д.Шопин,
З.О.Ашитов. Егеменді Қазақстан құқықтары, Аюпова З.К.,Сабикенов
С.А.,Құқықтық Мемлекеттің концепциясы. О.Е.Утафин, Е.И.Козлова Ресейдің
Конституциялық құқығы., Н.А.Михалева Конституциялық құқық ғылымының негізгі
мәселелерін талқылау. В.В.Маклакова. Шетел Конституциялық құқығы,
С.Табанов. Құқық теориясы мен сот жүйесініңң Конституциялық негіздері.,
С.Зиманов Конституция и Парламент РК., Е.Нұрпейсов А.Котов Қазақстан
Республикасы.

I-тарау. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы:
қалыптасуы мен дамуы
1.1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялык, өркениетті
даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі.
Конституция қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған.
Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қа
бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар
мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде
бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек
конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық
салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік
құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
1. Конституцияны қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда
халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де
Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық
еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан
тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік
құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.
ҚР Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет
бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы
туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да,
1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның
екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған
тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, "халық"
ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык, жағдайына қарай
әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жок, бұл
маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет
әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің
тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы
басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік
жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс.
ҚР Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың
құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субьектісі ретінде
таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты,
басқа да барлык, ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың
әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ ұлтына ерекше: құкықтық, саяси,
әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін
білдіреді.
Қазак тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына
жатпайды, тек мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттык нысаны
бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс
тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.
Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы
деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан ҚР 1995 жылғы
Конституциясы: "Біз, Қазақстан халқы осы Конституцияны қабылдаймыз" деген
сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен
қабылдады. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық
референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны
қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да
енгізе алады. Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
жобасын Президент Парламенттің карауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда
да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы,
сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды
халықтың атынан қабылдайды.
2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп
танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып
табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы
Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын,
әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін
белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің
құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда
мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық
қағидалары нығайтылған. Ол - мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны,
басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық. [2.19]
3. Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші
жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл
халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы
ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық
элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес
заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің,
мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының
негізін қалайды. Конституция қоғамдық, экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік,
діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана
емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын
жинақтайды. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін
реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Конституцияның
нормасын бұзу көпұлтты Қазақстан халқының занды еркіне қол сұғу болып
табылады. ¤ркениетті, демократиялық қоғамда Конституцияға, оның
қолданылуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Конституцияның мәселесі
екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу, 2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның
қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі терең, мұқият ойластырылады.
Бірінші кезекте тұжырымдауға әзірленеді және Конституция нормаларының
мазмұны айқындалады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның
тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам
құқығы тұжырымдамасы, меншік құқығы тұжырымдамасы және басқалары осындай
түжырымдамалар болып табылады.
Конституцияның түжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің
және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс. Олардың, мүдделерін анықтап,
Конституцияда оны ескеру үшн оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық
қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және
басқаларының өкілдерін тарту керек. ¤йткені қоғамдық қатынастар дың аталған
субьектілерінің мүдделері обьективті факторлармен елеулі түрде белгіленген.

Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі қағидаларына қайшы
келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай
тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның
мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі
негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің
табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.
Екінші кезең — Конституцияның қолданылуы. Конституция тікелей қолданылады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылу көріністерін жеке-жеке
қарастырайық.
1. Конституцияның құқықшығармашылық рөлі екі бағытта көрінеді.
А. Қандай зандар кабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді.
Бұл заңдар не дәл аталады, не жалпы сипатта көрсетіледі.
Б. Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары
мемлекеттік органдардың норма шығармашьшық өкілеттігін белгілейді.
Парламент—зандар, Президент—белгілі бір жағдайларда зандық күші бар
нормативтік жарлықтар, үкімет— нормативтік қаулылар, Конституциялық Кеңес
және Жоғарғы Сот — нормативтік қаулылар қабылдайды.
2. Конституция нормаларының тура қолданылуы барлық мемлекетгік
органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне қатысты. Конституция
нормаларының тікелей қолданылуы мемлекеттік органдардың, белгілі бір
жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей қолдана
алатындығын (қолдануы қажеттігін) білдіреді.
3. Конституциялық нормаларды тікелей азаматтар мен ұйымдардың өздері
жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың
бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі реттеуге мүмкіндік береді.

4. Конституция құқықты, бостандықты және занды мүдделерді қорғауға кең
жол ашады. Азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына сүйеніп, өз
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиіс.
5. Конституция қоғамдағы өмір салты мен көңіл күйге белсенді ықпал
ете алады. Бұл орайда, мемлекет органдары қызметінің Конституцияда
белгіленген қағидалары: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық,
қазақстандық патриотизм, қоғам өмірінін мейлінше маңызды мәселелерін
демократиялық өдістермен шешу маңызды рөл атқара алады. Бұл қағидалардың
тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтарға да
қатысты екендігін ескеру керек.
6. ҚР Конституциясы институттық қайта құруларды көздейді. Бұл нормалар
жүзеге асырыла бастады. Біріншіден, прокуратура, екіншіден, құқыққорғау
органдары қайта құрылды, үшіншіден, Конституциялық Кеңес құрылды,
төртіншіден, қос палаталы Парламент қалыптасып үлгерді және ең бастысы –ҚР-
да президенттік басқару жүйесі құрылды. Аталған қайта құрылулар -
конституциялық нормалардың бір жолғы әрекеті емес, олар тұрақты
жүргізілетін және жетілдірілетін болады. [3.40]

1.2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы
Қазақстан Республикасының Конституциясы- басқа ұлттық құқықтық қайнар
көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық
құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және
реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы. Конституцияның нысаны – бұл
конституциялық нормалардың жазылуы мен тұжырымдау тәсілі. Конституцияның
нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден
тұратындығымен анықталады.
Біртұтас және жалғыз конституциялық акт болып есептелінетін, мысалы,
Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасының конституцияларын айтсақ
та жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш нормативтік
актілерден тұрады: 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік құрылыс
негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік органдардың
бірыңғай жүйесі реттелінген; 1810 жылғы мұрагерлік таққа отыру актісі және
1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт.[5.24]
Егер Конституцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық
мәні бар негізгі мәселелерді қамтыса, онда оны кодификацияландырылған
(сұрыпталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы
мәселелер бірнеше актілерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше,
кодификацияланған деп есептейміз.
Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың
түрлеріне сай келуі тиісті. Оның ірге тасы преамбуладан (кіріспеден),
негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша
ережелерден қалануы қажет Әдетте, преамбулаға конституцияның мақсаты
жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен
бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады.
Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық
құрылыстың негізі, мемлекеттік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет
рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік
органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің бөліну
қағидаларына сәйкестендіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен парламент
жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі
және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.
Қорытынды ережелерде әр түрлі нормалар сөз етіледі. Мұнда, әдетте,
конституцияның күшіне ену тәртібі тағайындалады. Конституцияны өзгерту
тәртібі мен мемлекеттің рәміздері туралы нормалар негізгі бөлікке енбеген
жағдайда ғана қорытынды ережелерде тұжырымдалуы мүмкін.
Қазақстан өмірінде еліміздің Ата Заңы бес рет қабылданған болатын.
Ең біріншісі –Қырғыз автономды Кеңестік Социалистік Республикасының 1926
жылғы 18 ақпанындағы Конституциясы. Көпшілік зиялы қауым осы актіні елемей
келеді. Оның да өзіндік сыры бар. Өйткені, сол кезде біздің еліміз РКФСР-
дің қарамағында болатын. 1926 жылғы Конституция ҚАКСР Орталық Атқару
Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкілроссиялық Орталық Атқару
Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы
жобасы онда қаралмады. Сондықтан ол республика аймағында іс жүзінде
қолданылмапты. Сөйтіп ол жоба түрінде жабулы қалды. Соған қарамастан біз
бұл туралы мәліметті естен шығармауыз қажет, өйткені, оның бөлімдері мен
тарауларындағы тұжырымдар біздің тарихымыз, ғылымыз үшін өте орасан зор
мәні бар екендігін сезінуіміз қажет деп санаймыз.
Екінші конституционализм кезеңі – бұл 1937 жылғы 26 наурыздағы ҚКС
Республикасының Конституциясы. Ол төтенше Бүкілқазақ съезінің қаулысымен
алғысөзсіз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11-тараудан(қоғамдық құрылыс,
мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары; мемлекеттік басқару органдары;
мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары; бюджет; сот және прокуратура;
азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері; сайлау жүйелері; елтаңба,
ту, астана; конституцияны өзгерту тәртібі) және 124 баптан тұрады. Осы
мәліметтерге көңіл аударар болсақ, азаматтардың негізгі құқықтары мен
міндеттері тек 9-тарауда ғана берілген. Оның 108-бабының 2-бөлігіндегі
Қоғамдық социалистік меншікке қол сұғушы адамдар халық жауы болып
табылады деген сөздер жаныңды түршіктіреді. Қанша адам тек қоғамдық
меншікке қол сұққаны үшін, оның көлемі мен мөлшеріне, сапасы мен құнына
қарамастан атылды десеңші!
Үшінші – 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясының
қабылданып бекітілуі. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Бұл
негізгі заңның өзекті мәселелері –жалпыхалықтық мемлекетті, мемлекет
құрылысының принциптерін, қоғамның саяси жүйелерінің бөліктерін немесе
буындарының мызғымастығын уағыздау, ең бастысы- қоғамдық саяси ұйым ретінде
Коммунистік партияның үстемдігін заңдандыру. Барлық Қазақстан
Конституцияларына, социалистік типтік ретінде, тән ерекшелік қасиеттерінің
болуы. Ең алдымен олардың таптық мәндігі оқшауланып тұрады. 1978 жылғы Ата
Заңда Коммунистік партияның барлық қоғамдық өмірдегі басымдылығын, оның
бағыт беруші басшылық ролін нығыздауды, экономикалық жүйенің негізі ретінде
– мемлекеттік (жалпыхалықтық) және колхоздық –кооперативтік меншігін
бекітті, шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізуді айқындады. [4.19]
Қазақ Кеңестік Конституциясында мемлекеттік өкімет органдарының
негізін қалаушы –Кеңестердің жоғарылығы заңдыланған болатын. Мысалы, халық
детутатарының Кеңестері –КСРО Жоғарғы Кеңесі, облыстық кеңестері, аудандық,
қалалық, қалалардағы аудндық, поселкелік, ауылдық кеңестері – мемлекет
өкімет органдарының біртұтас жүйесін құрайды, - делінген Қазақ КСР
Конституциясында. Шын мәнінде, бұлар өмірмен ұласпаған, өйткені жоғарыда
сөз етілген Коммунистік партия мемлекет өміріндегі барлық мәселелерді
шешуді өз басшылығына алып, нұсқау беріп отырғандығы бәрімізге белгілі.
Демек, Кеңестердің үстемдігі формальды түрде қағаз жүзінде нығыздалынып
өмірге келді. Соның нәтижесінде Кеңестер партия органдарымен алмастырылып,
бүкіл билік соңғылардың қолдарына тиген. Еліміздің сол кездегі Ата заңында
азаматтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке өзіндік құқықтары да
шетте қалмаған. Бірақ та, оларды іс жүзінде орындау, мемлекет тарапынан
кепілдіктер беру мәселелері де аяқталмай қалып отырған.
1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан республикасының Жоғарғы Кеңесінің
тоғызыншы сессиясының 12 отырысында дүниеге жаңа Конституция келді. Оның
басты желісі – дүниежүзілік қоғамдастықта жалпы адамгершілік принциптерді
дамыту негізінде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтік және біртұтас мемлекет ретінде дүние жүзіне аян ету.
Алғашқы рет жаңа Ата заңның ең жоғарғы заңдық күші бар және оның нормалары
тікелей қолданылады, -делінген. Сонымен қатар жаңа Ата заңда мемлекеттік
тіл-қазақ тілі, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі, - деп бекітілген. Ол 4
бөліктен, 4 бөлімдерден және 20 тараудан, 126 баптардан құралған. Мұнда
азаматтардың құқықтық жағдайлары жөніндегі мәліметтер оқшауланып, бірінші
бөлімде берілсе, ал мемлекеттер оның аппараттары үшінші бөлімде қамтылған.
Демек, адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең
қымбат қазынасы деген қағидаттан туындаған шығар.
Бұл еліміздің Ата Заңы көп ұзаққа бармады. Оны жаңартуға тура келді.
Қазақстан Конституциясының жеті жылдығына орай өткізілген салтанатты
жиналыстағы баяндамасында (2002,29 тамыз) Елбасы Н.Назарбаев: ...сайып
келгенде, 1993 жылғы жағдайда қабылданған конституция қоғамның әлеуметтік-
экономикалық және саяси реформалар жүргізуге қарсы тобы мен Қазақ КСР-ін
демократиялық өркениетті қоғамға айналдыру қажеттігін және одан басқа
жолдың жоқтығын түсінетін тобы арасында ымыраға баруды көздегені де жасырын
емес.[1.12]
Бұған кеңестік сот жүйесінің дағдарысы қосылып, мұның бәрі айналып
келгенде, мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық
реформаларды дамыта беру жолында кедергі болып көлденең тұрды.
Өтпелі кезеңнің алғашқы лектегі заңдары (1990-1994 жылдар) маңызды
болды десек те, олар да мемлекеттің қаржылық қауқарымен дәйектелмеген, сол
себепті де жүзеге асырылуы екіталай көптеген ұраншыл низамдардың орын
алғаны да белгілі жайт... Міне, осындай жағдайда жаңа конституцияның
қажетті айдан анық еді, - деп тұжырымдаған болатын.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда
республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата
заң қабылданған күн демалыс- мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының
Конституциясы күні деп жарияланды. Ата заңды қабылдау әдісінің орасан зор
маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылыр көпшіліктің қатысуымен
мақұлдады.[8.9]
Қазақстан республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден
(преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады.
Кіріспеде, әдетте Ата заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи
жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта
басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республиксы
Конституциясының кіріспесі Ата заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын
былай түсіндірген: Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік,теңдік
және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына
отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі
және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізгі ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз.[3] Ата заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан
алғанда аса маңызды, өйткені осыдан келіп, мемлекетіміздің төмендегідей
негізгі мақсаты туындайды:[12.30]
1. өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтарын, оған мемлекеттік кепілдіктерді айқындап, бекіту;
2. өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті,
ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастықтың әдістерін нақтыландырып бекіту;
3. байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау;
4. республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру;
5. Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын
бекіту. Мұның ұшқыны ретінде, республика қызметінің түбегейлі принциптері
де айқындалады.Олар:[9.24]
• Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық;
• Бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
• Қазақстандық патриотизм;
• Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялы әдістермен,
оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру
арқылы шешу;
6. егемендіктің және мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көздерін
иемденуші Қазақстан республикасының халқы деп тану;
7. әлеуметтік саясаттың басты бағыты адамның қадірлі өмір сүріп, еркін
дамуына қолайлы жағдайларды тудыру;
8. мемлекеттік меншік және жеке меншікті тану және олардың бірдей
қоғалуын қамтамасыз ету;
9. мемлекеттік билікті Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөлу, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауы принципіне сәйкес жүзеге
асыру;
10. жергілікті өзін-өзі басқаруды тану және оны іске асруға қажетті
кепілдіктерді қамтамасыз ету;
11. идеологиялық және саяси әралуандылықты тану; қоғамдық және
мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси
партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейтіндігін нақыштау, сөйтіп,
ешбір идеологияның мемлекеттік не міндетті деп танымауы;
12. республка бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан
басымдылығы болуын және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң
шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылатындығын
тану.
Ата заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен
міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар
жөнінде, мемлекеттік буындар жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент,
Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Соттар және сот төрелігі,
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар
енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-8
бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды және өтпелі ережелер баяндалған ақырғы 9-
бөлімде Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы,
конституциялық заңдар мен өзге заңдарды қабылдау рәсімі және басқалар жайлы
сөз болады. Сөйтіп, ҚР Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген
тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Ата заң құрылымына жасалатын талдау
оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрінісін береді. Жалпы
ережелер деп аталатын 1-бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық
сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол
Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну және олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін
пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауы қағидатына сәйкес жүзеге
асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын
Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап
берген. Олай дейтініміз –біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық
бөліністерге бөлінбей тек әкімшілік-аумақтық бөліністерге-облыстарға,
қалаларға, аудандарға, поселкелерге, ауылдарға т.б. – бөлінетіндігі және
олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. Адам және азамат деп
аталатын 2 бөлімде адам мәтебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке
бастың құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен
бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына
тікелей байланыстырылған. Жаңа Қазақстан Ата Заңының басты желісі-
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары
тұрғыдан қарау болып табылады. [14.19]
Президент деп аталатын 3 бөлім мемлекет басшысы ретінде
Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді. Басқа мемлекет органдарының
құрылуы мен қызметі 4-8 бөлімдерде көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз
қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті
деп айтуға болады.
Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталатын 9 бөлім жаңа Ата заңды
күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден
бастап жойылғанын нақтылайды. 1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін
қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін
көрсетеді. Сонымен бірге, Конституцияда аталған өзге де заңдарды қабылдау
тәртібі нақтыланған.
Сонымен ҚР Конституциясының даму тарихын академик Ғ.Сапарғалиевтің
пікірін қуаттай отырып, Қазақстан республикасында конституциялық заңдардың
қалыптасу кезеңдерін төмендегіше қорытамыз[18]:
• 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының мемлекеттік егемендігі туралы
Декларациясы конституциялық сипатағы маңызды актісі болып табылады.
Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикаларымен бірге КСРО-ға
ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас
құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды.
• Конституциялық заңдардың орнықтырылуының екінші кезеңі Қазақстан
Республикасы 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы Заңнан
басталады. Заң конституциялық деп аталмағанымен, Қазақ КСР
Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға
өзгерістер енгізгендіктен, ол іс жүзінде сондай заң болды. Бұл
заңның мәні мынада, мемлекеттік ұйымдардың идеологиялық негізі
Республика атауынан алынып тасталды. Бұл заңның тағы бір мәні –
бүкіл халықтың өзін-өзі саяси тануы: Республиканың көпұлтты
халқының өзін-өзі тану принципіне негізделген демокраиялық,
тәуелсіз, бейбітсүйгіш, құқықтық мемлекет құру талпынысына орай
Қазақ КСР-ы Қазақстан Республикасы деп аталды. Мұнда ұлттың өзін-
өзі тануы айтылмайды. Алайда, бұл идея 1991 жылдың 16
желтоқсанында, яғни, бар болғаны алты күннен кейін қабылданған
Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заңда ескерілген жоқ. Мемлекеттік
тәуелсіздік туралы заңда Жоғарғы Кеңестің Қазақстан халқының
еркін білдіре, қазақ ұлтының өзін-өзі тану құқығын сендіре
отырып.., Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялайтыны
айтылды.[8] Осы конситуциялық заңда тәуелсіздік бірінші рет
жарияланды, онда тәуелсіз мемлекетке тән элементтер: біртұтас
азаматтық, аумақтық дербестік, мемлекеттік органдардың дербес
жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес дербес экономикалық
жүйе, жеке Қарулы Күштің болуы орнықтырылды. Қазақстан әлемдік
қауымдастыққа дербес мемлекет ретінде енді.
• Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші
кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда жаңа Конституцияны
қабылдаудан басталады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық
құрылысын мүлдем жаңаша белгілеген тарихи құқықтық акт болды.
Әрине, Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған
кезден бастап шығарылған конституциялық заңдардың көптеген құқықтық
нормаларын, принциптері мен идеяларын қабылдады. Халықтық
егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, билік бөлісу принципі, қазақ
тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және
атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану, сот
органдарын- Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты,
прокуратураны тану осының қатарына жатады.
Конституция 1978 жылғы Конституцияның кейбір қағидаларын қабылдады,
айталық, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығарушы орган болып
қалды, бірақ енді бүкіл билікті иеленген орган ретінде танылған жоқ. Оның
өкілеттік тізбесі конституциялық тұрғыдан белгіленді. Бірақ СОКП үстемдігі,
біртұтас саяси партияның басшылығымен жұмыс істеу кезіндегі Жоғарғы
Кеңестен ерекшелігі 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес заң
тұрғысынан да, нақты істе де өзінің қызметін конституциялық құзыреті
щеңберінде дербес жүргізе алатын болды. Жергілікті Кеңестер уәкілетті
органдар ретінде сақталды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен
бостандықтары негізінде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында
жарияланған құқықтық қағидалар мен идеялар сақталды. Ол- барлық
азаматтардың тең құқылығы, саяси құқық, еңбек ету құқығы, білім алу құқығы,
денсаулықты сақтау құқығы және басқалары. Азаматтардың тәуелсіз мемлекет
кезеңіндегі негізгі жауапкершілігінің кеңестік кезеңдегі осындай
жауапкершілігінен ешқандай ерекшелігі жоқ.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына бірқатар жаңа
қағидалар енгізілді. Айталық, Қазақстан Республикасы өзін-өзі таныған
қазақ ұлтының мемлекеттілік нысаны ретінде жарияланды. Кіріспеде қазақ
мемлекеттілік формуласы қолданылды. Бұл тек қазақ ұлтының өзін-өзі саяси
танығандығын білдірді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік егемендік тек ұлттық
егемендіктің жүзеге асуы ретінде танылды. Сонымен бірге Конституция
Қазақстан халқы Республикадағы мемлекттік биліктің бірден-бір бастауы
болып табылатындығын орнықтырды. Тиісінше, Қазақстан Республикасының 1993
жылғы Конституциясы мемлекеттік егемендік негізіне ұлттық емес, халықтық
егемендікті қабылдады. Бұл қайшылықты диалектикалық қайшылық деуге бола
қоймас. Ол, біздің пікірімізше, 1993 жылғы Конституция қабылданар
қарсаңында ойдағыдай шешімін таппаған көзқарастардың екі саяси-құқықтық
жүйесінің әлі де жалғасып келе жатқан текетіресінің көрінісі.
Конституцияда зиялы және біртұтас мемлекет деген ұғым бірінші рет
қолданылды. Мемлекеттік зиялылық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен
бөлінуінен көрінеді. Конституция мемлекеттің қандай да болсын бір дінге
немесе атеизмге артықшылық бермейтіндігін жариялады.[20] Саяси партияларды
діни негізде құруға жол берілмеді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен
міндеттерді көздемеуі тиіс. Ақыр соңында, мемлекеттік органдардың және
лауазымды адамдардың қызметіне заңсыз араласуға жол берілмеді. Мемлекеттік
құрылым нысаны жағынан Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып
табылады, демек, оның аумағында саяси да, сондай-ақ мәдени автономиялар
құруға да мүмкіндік бермейді. Бұл тарихи тұрғыдан белгіленген және саяси-
құқықтық жағынан өзін ақтады.
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының
тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы олардың өзара қарым-
қатынас жасайтыны туралы қағиданы да жаңа қағида деп есептеуге
болады.[15.33] Мұның қатарына Конституция Президенттің тыйым салуға қатысты
институттарын, Президенттің тыйым салуын еңсеруді, Президенттің қызметтен
кетірілуін, Министрлер Кабинетінің тұтас және оның әр мүшесінің жеке-жеке
қызметтен кетірілуін, Жоғарғы Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің
Министрлер Кабинетінің мүшесін лауазымынан алуды жатқызды. Бұдан
көрінгендей, тежемелік және тепе-теңдік құралдарының жиынтығы билікті бөлу
принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей онша қомақты емес.
Конституция оның нормаларын тікелей қолдану туралы қағиданы
орнықтырды. 1993 жылғы Конституция Жоғарғы Кеңестің заң шығару өкілеттігін
беру институтын қарастырған жоқ. Алайда, Президентке тек жай заңдық күші
бар Жарлықтар шығарумен бірге, конституциялық заңдар шығару өкілеттігін
бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке уақытша
заң шығару өкілеттігін берді. Оны Конституциялық Сот өз қаулысында таныды.
Сондықтан Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен 1993 жылғы
Конституцияға заң шығару өкілеттігін беру туралы елеулі өзгеріс енгізуді
деуге болады.[6.43]

II-тарау. Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздері

2.1. Қазақстан халқы - мемлекеттік биліктің бастауы ретінде
Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану,
біріншіден, мемлекеттің, оның органдарының халықтың еркі бойынша
қалыптасатындығын білдіреді. Президентті, Парламентке депутаттарды нақ
халықтың өзі сайлайды, сөйтіп мемлекеттің жоғары заң шығарушы органы
Прламентті және жергілікті өкілді органдарды құрады және қалыптастырады.
Екіншіден, қалыптасушы, дамушы ұлттық құқықтың негізінде Қазақстан халқының
мемлекеттендірілген еркі жататындығын білдіреді. Республикалық референдумда
Конституцияны қабылдай отырып, халық тек мемлекеттік құрылым нысандарына,
басқару, мемлекеттік биліктің жоғары және жергілікті органдары нысандарына
қатысты еркін ғана білдіріп қоймайды. Халық сонымен бірге қоғамның
экономикалық құрылымдарына, олардың құрылу және қызмет ету принциптеріне
қатысты еріктерін де білдіреді. Конституцияда қоғамдық қатынастарды
құқықтық жағынан реттеудің басты қырлары айқындалған. Демек, Конституцияны
қабылдай отырып, Қазақстан қхалқы қалыптасушы ұлттық құқықтың негізін
қалады. Мемлекеттік билікті тікелей халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Конституциялық құқықтық интернационализациялау
Қазақстан Республика Конституциясының қағидалары
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Пәндер