Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Аннотация4

Нормативтік сілтемелер. 5

Анықтамалар6

Кіріспе. 8

ІІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ ҮРДІСІНДЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Дене тәрбиесі пәні мен денсаулықты арттырудағы білімгер…. . 10

1. 2 Дене тәрбиесі пәнінің білімгерлер денсаулығын арттырудағы маңыздылығын жоспарлау . . . 18

1. 3 Дене тәрбиесі үдерісінде білімгердің сапа қасиетін қалыптастыру . . . 24

ІІ Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің әдістемесі

2. 1. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесін

ұйымдастыру формалары мен түрлері . . . 32

2. 2. Қазіргі балабақшада дене тәрбиесіне тәрбиелеу жұмысының

әдістемесі . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 75

Аннотация

«Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» тақырыбында жазылған диплом жұмысында мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Дене тәрбиесінің бала денсаулығына, дамуына тигізер әсері жайлы қарастырылған. Балабақшада баланың күн тәртібін ұйымдастыру, дене мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтына жаттықтыру мәселелері кең ауқымда қамтылған. Теориялық бөлімдегі қарастырылған мәселелерді тәжірибе жүзінде әдістемелік жинақтармен дәлелденген. Диплом жұмысында әр жас кезеңінде дене оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібі қарастырылған.

Аннотация

В данной дипломной работе под темой «Психологические и педагогические условия организации физического воспитания в дошкольной организации» рассматриваются такие вопросы как организация физического культуры у детей. А так же психологические, физиологические особенности детей. О влиянии физической культуры на здоровье ребенка и на его развитие. В дипломной работе так же учтены распорядка дня ребенка в садике, правильная организация урока, обучения здоровому образу жизни. В первой теоритической главе рассмотрены материалы по психологических и педагогических условиях физической культуры . И все теоритические данные доказына во второй практической главе. В работе распределили уроки физической культуры в разных возрастах дошкольников.

Özet

"Okul öncesi beden eğitimi organizasyonu, psikolojik ve pedagojik Koşullar" psikolojik, fizyolojik özellikler okul öncesi çağındaki çocukların derecesine yazılı sağlanmaktadır. Yanı sıra çocukların psikolojik, fizyolojik özellikleri gibi. Tezde sağlıklı yaşam tarzı öğrenme, bahçe, ders uygun örgüt dikkate çocuğun günlük rutin almak gibi iyi çalışır. Teorik verilen metodik uygulama bu bölümde gündeme getirilen konuları kanıtladı. Kağıt farklı yaş okul öncesi çocukların fiziksel eğitim dersleri dağıttı.

Abstract

In this thesis work on the topic "Psychological and pedagogical conditions of the organization of physical education in preschool organization" addresses issues such as the organization of physical culture among children. As well as psychological, physiological characteristics of children. On the effect of physical training on the health of the child and its development. In the thesis work as well take into account the daily routine of the child in the garden, the proper organization of the lesson, learning healthy lifestyle. In the first chapter theoretically material on psychological and pedagogical conditions of physical culture. And theoretically dokazyna data in the second practical chapter. The paper distributed lessons of physical training at different ages preschool children.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  1. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 11 қараша 2014 жылғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауы.
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, // Жайық ұстазы №1-7. 01. 2004. -3б
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандарты. Алматы. 2000. -18б.
  4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуды 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Алматы. 2005. -13б.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ, ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» Егемен Қазақстан, 2012, 29 қаңтар.
  6. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан 2050» МӘҢГІЛІК ЕЛ! Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Егемен Қазақстан. №11 (28235) 18 қаңтар 2014ж.
  7. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті. Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана: Елорда, 2006, 48 бет.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Спорттың инновациясы - адамның денсаулығын нығайту, түрлі жарыстарда жоғары көрсеткіштерге жетуі үшін қолданылатын жаттығулар жасау, меңгеру, қолдану және таратуға өзгеріс енгізу арқылы құрал, әдіс ойлап табу арқылы нәтижеге қол жеткізу.

Дене тәрбиесі - дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс.

Дене тәрбиесі жүйесі - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі басшылық ететін ұйымдар мен мекемелер.

Дене тәрбиесінің құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық факторлар.

Шынығу дегеніміз - ағзаның қоршаған орта факторларына әсіресе метерологиялық факторларға қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын ем-шаралар (процедуралар) жүйесін айтамыз.

Ауа қабылдау - жалаңаш денемен ауада болу. Бірден суық ауадан бастауға болмайды, алғашқы сеанстар, құрғақ желсіз далада, ағаш көлеңкесінде болғаны дұрыс.

Ысқылай сүртіну - ең алдымен сумен басты, мойынды, қолды, арқаны ысқылап сүртіп, орамалмен құрғатып, денені қыздырғанша ысқылау керек.
Бұдан кейін өкшеге, тізеге, жамбасқа ауысады.

Душ - екпінді су процедурасы.

Мақсаткерлік - тұлғаның өз әрекеті мен мінез-құлқын қоғам үшін маңызды мақсаттарға бағындыру қабілеті.

Қайсарлық - адамның еріктік қасиеті, оның арқасында адам негізделген шешімдер қабылдауға және артық ауытқуларсыз оларды орындауға қабілетті болады.

Ұстамдылық пен сабырлылық - адамның мақсатқа қол жеткізуге кедергі болатын физикалық және психикалық белсенділікті тоқтата білу қабілеті.

Батылдық пен ержүректік адамның күресу және қауіптерді жеңуге деген даярлығынан көрініс табады.

Тәртіптілік - өз әрекеттері мен қылықтарының заңдар мен адамгершілік ережелеріне нақты және бұлтартпастан бағынуды қамтамасыз ететін жеке тұлға етудің қоспасы.

Қысқартылған сөздер

ҰОІӘ - ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

ДТ - дене тәрбиесі

ДМ - дене мәдениеті

ДД - дене даярлығы

БТБ - балабқашадағы тәрбие бағдарламасы

СӨС - салауатты өмір салты

ДЖ - дене жаттығулары

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Денсаулықты нығайту, оның алдын алу адам баласының басты бағытына айналу керек. Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен республиканың саяси және идеологиялық өмірдің жаңаруы барлық халықтың дене тәрбиесінің мазмұны, формасы, әдістері мен құралдарына ерекше талаптар қояды.

ХХІ ғасырдың екінші он жылдығы білім мен ғылым және бәсекелестік, жаңа технологиялар мен инновациялардың қарқынды дамуына жол ашты. Осындай бағытта салауатты өмір салтын әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ыңғайластыру қажет.

Дегенмен тоқтала кететін бір жайт салауатты өмір салты 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоспарлар Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекованың 2011 жылғы есебінде баяндалған болатын. Онда профилакториялық және медицинаның қол жетімді, жедел, темір жол және әуе арқылы инновациялық емдеу жүргізу шаралары жүзеге асып жатқаны айтылған. Алдыңғы 2011 жыл Қаңтар айындағы «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ» жолдауы жүзеге асты. Бұл жолдау өз қызметін жүзеге асырды. «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ, ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» атты 27 Қаңтар 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуі» атты жетінші бағытындағы білім мен денсаулық сақтау мәселесінде салауатты өмір салтының әлеуметтік жаңа механизмін құруға негізделген [1] . Қазіргі таңда дене тәрбиесі пәнінің білімгерлердің денсаулығын арттырудағы маңыздылығы осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене тәрбиесі пәнін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді. Дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене тәрбиесі пәні жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене тәрбиесіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға ықпал жасады.

Дене тәрбиесі пәні, спорт саласында көптеген ғылыми жұмыстар (Т. Ш. Қуанышев, К. И. Адамбеков, Т. А. Ақпаев, Н. А. Құрышева, Е. Ю. Шуберт және т. б. ) болды. Ал дене тәрбиесінің ілімі, педагогикалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетін, дене мүмкіндіктерін дамыту мәселесін М. Сапарбаев, Е. Уаңбаев, Ж. Оңалбек, С. Тайжанов, Б. А. Тойлыбаев, Т. Ж. Бекбатчаев, Б. Төтенаев, Э. Ж. Тлеуов т. б. зерттеген [2] .

Дене тәрбиесі пәні әлеуметтік-педагогикалық жүйеге кіргендіктен білімгердің денсаулығын арттырудағы ықпалды құралы болып табылады, ал спорттың кәсіби - қолданбалы түрлерімен шұғылдану нәтижесінде еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.

Зерттеу деңгейі: Білімгерлердің денсаулығын арттырудағы дене тәрбиесі пәнінің маңыздылығы теориясы және практикалық іс-шаралары. Білімгерлердің денсаулығын арттырудағы дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің маңыздылығы теориясы және практикалық қалыптастырудың тиімділігі артады, егерде:дене тәрбиесі пәніне қалыптастырудың теориялық негізі қолданылса; дене тәрбиесі пәнінде әдістемелік сабақтастық сақталатын болса.

Зерттеу мақсаты: Дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үрдісінде дене қасиеттерін тәрбиелеу шарттарын теориялық және практикалық негіздеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Білімгерлердің денсаулығын арттырудағы дене тәрбиесі пәнінің маңыздылығын ғылыми-педагогикалық негіздерін саралау;

2 Білімгерлердің денсаулығын арттырудағы дене тәрбиесі пәнінің маңыздылығы әдістемесін пайдалану;

3. Білімгерлердің денсаулығын арттырудағы дене тәрбиесі пәнінің маңыздылығын педагогикалық іс-шараларының негіздерін қалыптастыру;

4. Зерттеудің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, дене тәрбиесі пәнінің білімгердің денсаулығын арттырудағы ғылыми-практикасында нақтылау.

Зерттеу нысаны: Дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үрдісінде дене қасиеттерін тәрбиелеу теориясы және практикалық үдерісі.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ ҮРДІСІНДЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Дене тәрбиесі пәні мен денсаулықты арттырудағы білімгер

Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында жасалатын біршама жұмыстар туралы қысқаша зерттеулер жүргізілді [3] .

Дене тәрбиесіне қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі ұғымыдары назарынан да тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, балалардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.

Дене тәрбиесі дамуының да өзіндік тарихи кезеңдері бар.

Бірінші кезең - қозғалыс дағдыларының ағзаға әсері жөніндегі эмперизмдік білім кезеңі. Адам баласы оны күнделікті қозғалыс-қимылында алды. Мұндай білімнің жиналуы «қозғалыс жаттығуларының» тиімділігі мен ағзаға оң әсері танылып, кейінгі кезеңдерде дене тәрбиесінің пайда болуына әсер етті.

Екінші кезең - дене тәрбиесін дамыту жөніндегі идеялар мен оның әдістемесінің пайда болуы Орта ғасырларда Греция, Рим мемелекеттерінде бастау алды. Бұл кезеңде дене жаттығуларының сауықтыру және ішкі ағза қызметіне әсері зерттелді, оның тиімділігі төзімділік пен белсенділікті, күшті, ерік-жігерді, батылдықты, қайрат пен қозғалыс дағдыларын жетілдірудегі маңызы ескерілді. Сондықтан әскери ойындар, жаттығу, сайыс, түрлі қимыл-қозғалыс әдістерін жүйелеу және оны тиімді пайдалану жөніндегі алғашқы әдістемелер пайда болды.

Үшінші кезең - Қайта өрлеу кезеңінен басталып, дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің білімдік, практикалық қорларының жинақталуы ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде дами түсті.

Себебі адам ағзасын зерттеу, сырқатының пайда болу жағдайы мен емдеу жолдарын табу мақсатындағы дәрігерлік тәжірибе философтар мен дәрігерлердің, ағартушылардың дене тәрбиесіне, дене мүмкіндіктеріне, ағза ерекшеліктеріне назар аудартты. Сөйтіп, адам ағзасы және оның функционалдық қызметі жөніндегі зерттеулер жүргізіліп, алғашқы тұжырымдардың, дене тәрбиесінің теориялық өзегінің пайда болуына әсерін тигізді.

Қайта өрлеу дәуірінде дене тәрбиесі тұтастай тәрбие ісінің қажетті бір буыны деп есептеліп, алғашқы ғылыми негізделген теорияларды пайда етті. XVIII ғасырда дене шынықтыруда пайдаланылатын дене жаттығуларының биомеханикалық сипаттары зерттеле бастаса, ал кейінгі ХІХ ғасырда дене тәрбиесінің ерекшеліктерін сипаттайтын еңбектер пайда болды.

Төртінші кезең - Қазан төңкерісіне дейінгі дене тәрбиесінің оқу пәні ретіндегі орны, теориясы мен әдістемесінің қалыптасу кезеңі болды. Бұл кезең дене тәрбиесінің өзекті мәселелерінің жүйеге келтіріліп, арнайы зерттеулер мен тәжірибелердің жүргізілуімен сипатталды. Бұл саладағы ең көрнекті тұлға П. Ф. Лесгафт болды, оның дене тәрбиесі жөніндегі ілімі мен жасаған әдістемелік ұсыныстары қазіргі дене тәрбиесі теориясының қалыптасуында зор маңызы бар.

Бесінші кезең - Кеңестік дәуірдегі дене тәрбиесі ғылымының даму кезеңі, дене тәрбиесінің кешенді түрде ұйымдастырылып, дене тәрбиесі ғылымының басқа ғылымдармен сабақтастықта, ғылым саласының ықпалды бірлігіне негізделген кешенді сипатта, ғылыми негізге, заңдылықтарға сүйене отырып қалыптасу жүзеге асты.

Алтыншы кезең - қазіргі кезеңде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағдар жасауда, дене тәрбиесіндегі озат әлемдік тәжірибелерді, онымен шектес ғылыми пәндер ауқымындағы зерттеулердің нәтижелерін тиімді пайдаланып, шетелдік озат тәжірибелерді, сондай-ақ дәстүрлі әдістерді жаңа жағдайда, жаңа педагогикалық технологиялармен сабақтастыра отырып пайдалану арқылы ХХІ ғасыр заманындағы дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің негізін жасаумен сипатталады. Дене тәрбиесі ғылымының дамуы психологтар мен физиологтардың тәжірибесінде адам ағзасының мүмкіндіктері туралы ой-пікірлері мен тұжырымдарына, іс-тәжірибелерінің қалыптасуына жаңалықтар енгізеді [4] .

Бүгiнгi таңдағы қоғам өмiрiнiң экологиялық-экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының түрлi себептерiнен, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептер мен басқа да жоғары бiлiм беретiн оқу орындарында дене тәрбиесi мен спорт жүйелерiнiң нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткiншектердiң денсаулықтары төмендеп жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсiресе, болашақ жастардың дене тәрбиесi жүйесiн жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бiрнеше шаралар жузеге асырылып, заңдар қабылдануда.

Бұл бағдарламалар мен заңдардың негiзгi мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтiк тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдiк ғылым мен прогресс деңгейiнде бiлiм мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениеттi қоғамның ерiктi, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкiл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершiлiк, имандылық, iзгiлiк мiнез-құлқы қалыптасқан iскер, денi сау, ой еңбегi мен дене еңбегiне бiрдей қабiлеттi азамат тәрбиелеу. Сол себептi дене тәрбиесiнiң білімгер тәрбиесiндегi әлеуметтiк ықпалы зор.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі технология және инновация ұғымдарының дамуына алып келді. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық деп атайды. «Инновация» сөзі педагогикаға енген ұғым. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс» деген ұғым береді. Инновация ұғымы қазірде білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация (латын сөзі in-в, novis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

«Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, баспа беттерін зерттеу келе, Ресейде, шет елдерде, социалистік елдерде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинақтадық.

«Ғылымның қайнар көзі» - Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ. Басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.

Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғылымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, инновация ұғымының әр елдегі, әртүрлі уақытта берілген анықтамалары: «Инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э. М. Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».

Майлс пікірі бойынша инновация арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешілуін күзетеміз деген.

Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың комплексті өзгеруін біріктіретін үлкен өзгеріс», - деп түсінеді екен.

Найхоф инновацияны үрдіс деп есептейді де «инновация қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс», - дейді. Марклунды өзінің соңғы еңбектерінде инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықтарды айқындаған. Инновация және өзгеріс ұғымдарын көбіне синонимдік қатынаста қарастырады, егер бұл өзгеріс бүкіл мектеп жүйесінде жайылса, оны инновация деуге болады. Бірақ кез келген өзгерісті инновация деп тағы айта алмаймыз. Инновация болу үшін алдын-ала қойылған мақсаттардың онды нәтижесін, жемісін көру қажет.

Инновация ұғымының негізін салуға көп үлес қосқан неміс ғалымдары В. Замбарт, Метчемек және австриялық экономист И. Шумбеертді жатқызуға болады. Бірақта, олар бұл ұғымды саяси экономикалық, технологиялық үрдістерге байланысты қолданған. Кейіннен «инновация» ұғымы «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу» мағынасында педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.

1957-1964 ж. он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді. 1) Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда, т. с. с.

2) Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қортындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс», - дейді.

3) Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады. 90-шы жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова Б. И. Золвязинский, Лазареваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болады. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. М. М. Потоленик, А. С. Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене әдістемесінің теориясы мен әдістемесі, пәні
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Балалардың шыңығуы мен денесінің жетілуін дамытуда спорттық жаттығуларды пайдаланудың рөлі
Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz