Жоғары мектеп педагогикасы (дәрістер жинағы)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Құлахмет. Б. Ө

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ

(дәрістер жинағы)

Магистранттарға арналған

оқу-әдістемелік құралы

Түркістан - 2008

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігінің шешімімен баспаға ұсынылған

Пікір жазғандар:

Момынбаев Б. К - Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының академигі.

Керімов Л. К - Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің “Жалпы педагогика және этнопедагогика” кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Жауапты редактор: п. ғ. к., Әуелбеков Е. Б

Құрастырған: п. ғ. к., доцент Құлахмет Б. Ө

П-23 Жоғары мектеп педагогикасы

Жоғары оқу орындарындағы магистранттарға арналған.

Түркістан, 2008 - 182бет

Оқу-әдістемелік құралы білім беру жүйесіндегі соңғы кездері болып жатқан өзгерістерге байланысты жағары мектептерде жаңа білім беру стандартына сай жасалған оқу жоспарларына сәйкес дайындалған.

Магистрлер даярлауда негізгі пәндерінің бірі саналатын “Жоғары мектеп педагогикасы” курсы университеттің барлық мамандықтар бойынша магистратура тыңдаушыларына арналған.

ББК 74. 00

431003

Қ

00 (05) - 08

ISBN 9965-450-72-2 C Құлахмет Б. Ө

2008

Алғы сөз

Білім беру - аса күрделі әлеуметтік экономикалық тұтқа. Егемен елімізде болып, өзгеріп, жетіліп дамушы әлеуметтік экономикалық және саяси өзгерістер ғылым мен өндірістің барлық салаларында еңбек ететін маман даярлаудың сапасын жетілдіруді, тәрбие жұмыстарын сапаландыру, біртұтас педагогикалық үдерісті жетілдіріп, біліктілікке ие болушы кәсіп иелерінің деңгейін көтеруді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті: ”Ұлттық бәсекелістікке қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады”-деп нақты бағалау жасағандығы, білім берушілерге үлкен жауапкершілікті сездіреді (Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан. Астана 2004, 19 наурыз) .

Білім беру ісіндегі жаңа үдерістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

  • Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып

қалыптасуы;

  • Экономикалық нарықтың моделін ұсынып, меншіктің түрлі

пішімдерін дамыту;

  • Ұлттың білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

Кез-келген диалектикалық даму үдерісі секілді нарықтың экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан жоғары білім беруді дамыту, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай білім беріп бәсекелестікке лайықты мамандық алып, кәсіби икемділік пен дағдыны, сан-қырлы шығармашылықты қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.

Жоғары кәсіби білім беру құрылымы үш сатыдан тұрады:

- жоғары базалық білім (бакалавриат)

- жоғары арнаулы білім, жоғары ғылыми педагогикалық немесе мамандандырылған білім (магистратура) .

- жоғарғы ғылыми-педагогикалық немесе мамандандырылған білім-магистратурадан кейінгі білім-Ph Д-философия докторлары білікті ғалымдарды даярлау.

Жоғары білім беруді дамытуға қатысты жүргізілген жұмыстардың басты көрсеткіштеріне тоқталайық, олар:

  • Қазіргі кезеңде сауаттылық деңгейі бойынша Қазақстан әлемнің 177

елінің ішінде 54-ші орында;

  • Қазақстанда 4, 5 миллион адам білім алуда-оқуда;
  • Білім және ғылым жүйесі ел халқының 30 пайызын қамтиды;
  • Соңғы 10 жылда білім беруді қаржыландыру 7 есе өсті;
  • 2008 жылдың өзінде білім беру саласын қаржыландыру 10 миллиард

теңгеге ұлғайды;

  • ҚР Президентінің тапсыруы бойынша 1600 мектеп интерактивті

тақталармен қамтамасыз етілді;

  • Кәсіби- техникалық білім беруде 2007 жылы 21 кәсіптік оқу орны

құрылды, тағы 45 кәсіптік лицейдің салынуына 56 миллиард теңге

бөлінді;

  • Бүкіл әлемдік банкпен бірлесіп құны 60 миллион долларлық

технологияларды коммерциялизациялау жобасы басталды;

  • Ғылым туралы жаңа заң әзірленді;
  • Жоғары білім беру жүйесінің тарихында елеулі орын алатын оқиға-

философия докторлары даярланып, 2008 жылдың шілдесінде

философия докторлары дипломдарын алды.

”Білім беру саласының басты міндеті-2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту” деп атап көрсетті ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында (Егемен Қазақстан, 2008 жылы, 7 ақпан) .

Бәсекеге қабілеттіліктің негізі-сапалы білімде екендігін үнемі ескеріп, оны дамытуды көздейтін ҚР-ның Президенті Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауларында білім беруді дамытуға ерекше мән беріп, қажетті жағдайлар жасап білімнің даму бағыттарын нақты көрсетуде. Жоғары білім көрсеткіші санымен емес сапамен өлшейтін кезі келгендігін оның даму кезеңдері көрсетуде.

Біріншіден - әлемдік стандартқа сай ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары жасалып оқу- тәрбие үдерісі жүзеге асырылуда.

Екіншіден - әлемдік стандартқа сай бакалавр-магистр Рһ-Д докторантура жүйелі жүзеге асырылуға аяқ басып, қалыптасуда.

Үшіншіден - қазіргі кезеңде ЖОО өзара және шетелдік ЖОО серіктес болып, байланыстар артуда.

Алтернативті дегеніміз белгілі бір мәселені шешуде екі немесе бірнеше нұсқалардан ең ұтымды оңтайлы жол табу мүмкіндігін жасау.

’’Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс’’-деді Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында (Егемен Қазақстан, 2006 жылдың 2 наурыз) .

Тақырып 1

Педагогика және психология ғылымдарының тарихы .

1. 1 Ерте замандардан қазан төңкерісіне дейінгі мектеп ісі.

1. 2 Қазан төңкерісінен кейінгі мектеп ісі (1920-1990) .

1. 3 Республикадағы психология ғылымының қалыптасуы.

1. 4 Қазақстандағы педагогика ғылымының даму жолдары .

1. 1 Ерте замандардан қазан төңкерісіне дейінгі мектеп ісі.

Қазақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікір тарихының тамыры тереңде жатқаны сияқты осынау кең-байтақ өлкеде мектеп ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады.

Қазақстан жерінде, әсіресе оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде-ақ (VII-VIII ғ. ғ. ) көптеген мектептер мен медреселер діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан мәлім. Қазан төңкерісінің алдында Қазақстан территориясында ұлттық қанша мектеп пен медресе болғандығы жайында нақтылы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ еретедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Оларда бес мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір- түкпірінде болған. Бұларда молдалар (татар, башқұрт т. б. ) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында ғана оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған. Кейбір ауылдық жерде 7-9 жас балалар бірге оқи берген. Мектепте оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауға, әсіресе араб тіліндегі құранның тексін жатқа білуді мақсат еткен. Медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазылар, діндар, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Медреселер мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана болмай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Талай аты шулы ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған белгілі зиялылар медреселерді тамамдаған. Орта ғасырлық Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті Шығыс Аристотелі атанған Әл-Фараби білім алған. Беріректе Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, М. Жұмабаев, Семейдегі Ахмед Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыған. Бұл оқу орындарында Құдай жолын үйрететін пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, жағрапия пәлсапа, математика, астрономия, медицина т. б пәндер етілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған. Мұндағы оқу мерзімі әрбір шәкірттердің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты ұзарып, қысқарып отырған. Кейде мұндай оқу 15-20 жыл бойына созылған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми документ табыс етілген.

Дүниауи мектептердің қазақ жерінде пайда болуы XVIII ғ бірінші жартысынан, яғни көшпелілердің Ресей қаласына кіру процесімен тығыз байланысты. Патша өкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздың егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен Батыс пен Шығыстың рухани өміріндегі қарым-қатынасқа жол ашты. Соның бірі-дүниауи мектептердің ашыла

бастауы еді.

Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Өйткені патша өкіметінің отарлау саясатының басты мақсатының бірі халықты жаппай орыстандыру, шоқындыру еді. Бұған жетудің негізгі жолы-мектеп, халық ағарту ісі екені даусыз. Осы орайда Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптеріне көңіл аударған абзал. Онда былай делінген: Мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу яғни пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; қазақ елінің ағартушылық қозғалысын татарлардың ықпалынан, мұсылман дінінен алшақтату; бұратана халықтарды православие дініне көшіріп шоқындыру; халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, яғни қазақтардың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын жою, орыс алфавитін енгізу: мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына аралас орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру; шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Орынборда ашылған татар мектебі (1744), Омскідегі «Азия мектебі», Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын. Отаршылар жергілікті халық ішінен ру билеушілері мен басқару орындарының әкімдерін тағайындауда олардың орысша сауатты болуын талап етті. Мәселен, орысша білім алған Бөкей ордасының ханы Жәңгір өз ордасында мектеп ашу салтанатында «Орысша сауатты болмайынша, ордада қалаулы қызметкер, әсіресе ру басшысы немесе депутат болу мүмкін емес . . . меніңше, сіздер өздеріңіздің туысқандарыңыз бен сыбайластарыңызға орысша білімі болмаса, олардың ру басшылығына және басқа да орындарға тағайындалмайтындығын ұғындырарсыздар», -деген болатын. Ордада ашылған осындай мектепте екі орыс және татар кластары болды, онда 9 бен 22 жастың аралығындағы қазақтар оқыды. Мектептің негізгі мақсаты-қазақ балаларын Орынбордағы Неплюев кадет корпусына, гимназияға және басқа орыс оқу орындарына түсуге даярлау еді. Кейіннен Ордада орыс қоныс аударушыларының көбейе түсуіне байланысты осы оқу орны орыс-қазақ аралас мектебіне айналады. Патша өкіметі тарапынан ашылған мұндай мектептер қазақ даласының мәдени ерекшеліктеріне үйлесетін мектеп жүйесі бола алмады. Өйткені, отаршылдар орыс пен бұратана халықтардан алдыңғы қатарлы прогресшіл зиялылардың жақындасуын, осыған орай азияттардың терең білім алуын қаламады. Мәселен, кадет корпусына қабылданатын қазақ жастарының санын жылдан жылға азайтты. Мәселен, Орынбор кадет корпусындағы қазақтарға арналған 30 стипендияны қысқартып, осы оқу орнын гимназияға айналдырды, оған қазақ балаларын қабылдамайтын болды. Бірақ орыс жұртының прогресшіл өкілдері (Герцен, Белинский, Чернышевский, Добролюбов, Писарев т. б. ) бұратана халықтарға арналған мектеп ұйымдастыру мәселесіне әділеттілікпен қарап, ұлт мектептерінің өзіндік ерекшелігіне, тілі мен мәдениетіне, әдет-дәстүріне нұқсан келтірушіліктің бәріне қарсы шығып, әшкерелеген еді.

ХIХ ғ екінші жартысында қазақ даласының Ресей қол астына тұтастай бағынуы, әскери бекіністер мен сауда қалаларының орнауы, орталық Ресей мен Украинадан орыс шаруаларының көшіп келуі т. б. саяси-экономикалық қарым-қатынас орыс-қазақ мектептерінің көптеп ашылуына мүмкіндік туғызды. Осындай

мектептердің көбейе түсуіне қазақтың көрнекті ғұлама-ағартушысы Ы. Алтынсарин қарсы болды. Бұл жөнінде мектеп тарихын зерттеуші, профессор А. Ф. Эфиров былай деп жазды: «Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметін үстірт қараған адамға ол Ильминский жүйесін ғана қолданды деп қалуы мүмкін . . . Шындығында ол Ильминскийдің көптеген жақсы жақтарын пайдалана отырып, оның православие діншілдік көзқарасын қабылдамады . . . ол Ильминский жүйесінен өзгеше мектеп жүйесін жасады. Ыбырайдың көшпелі халық балаларына лайықтап ашқан мектеп-интернаттары түрі жағынан болсын, бағдарламасы жағынан болсын, Ильминский мектебіндегіден басқаша еді».

ХІХ ғ аяқ кезінде қазақ мектептері қандай болу керек деген мәселе күн тәртібінде қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды. Бірі-бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген миссионерлер, ал екіншісі-орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет дейтін қазақ ағартушылары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев)

Оқытудың жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Төте оқу мектебі жергілікті халықтың өз қаражатымен өмір сүрді. Ол ресми өкімет тарапынан қолдау көрмеді, керісінше отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Өкімет орындары мұндай мектептердің жұмысына тыйым салғаны жайлы архивтерде көптеген деректер сақталған. Патша өкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим мен жәдитті) бір-біріне қарсы айдап салу арқылы ұлттық сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді елге күпір, құдайға күпірлік жасады деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды.

ХІХ ғ ортасынан бастап Қырым, Еділ жағалауы, сондай-ақ Қазақстан, Орта Азия өлкелерінде жәдид пайда болған жаңа ағымның жетекшісі И. Гаспринский еді. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардың бірі белгілі миссионер Н. И. Ильминский болды. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына төмендегі мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағрапия, жаратылыстану, тарих, тағы басқа пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету; сауатсыз, фанатик-молдаларды тиісті білімі бар мұғалімдермен алмастыру; дыбыстық оқыту әдісін енгізу; мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндеттерін атқаруды жеңілдету; мұсылман мектептерін бақылауды үкімет инспекторына, не дін қызметкеріне жүктемей, жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету. Осы мектептердің материалдық жағына көмектесу, қаржыландыру, үйлерін салу, шәкірттерді оқу жабдықтарымен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселелері де назардан тыс қалмады. Мәселен, 1913 ж ішкі істер министрі Н. Маклаков өлкедегі ұлт-азаттық қозғалысы туралы хабарлай келіп, жаңа ағымның мұсылман халықтарын ынтымақтастыруы орыс мемлекетінің мүддесіне зиян келтіреді дегенді айтты.

Жәдид ағымының көш басшысы белгілі түрколог-лингвист А. Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша назар аударды, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды. Қазан төңкерісінің алдында бұлармен қатар тіл мен әдебиетке қатысты хрестоматиялық кітаптар, шәкірттер үшін үгіт-насихат, үлгі-өнеге мазмұнды әңгіме, мысал, өлең жинақтар шығарылды.

1. 2. Қазан төңкерісінен кейінгі мектеп ісі (1920-1990)

Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін дала өңірінде мектеп пен ағарту саласында елеулі өзгерістер туындай бастады. Халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғыстарының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Мәселен, елдегі мектеп саны 2011-ден 2410-ға жетті. Егер 1914 ж 105239 шәкірт оқыған болса, 1920 олардың саны 144002-ге жетті.

Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі жаңадан ашылып жатқан ауыл-село мектептерін мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты. Мұның біріншісі бұрынғы патшалы Ресей кезіндегі ескі мұғалім кадрларын мектепке тарту, екінші жол білімге құштар, сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі-арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау. Мәселен, тек 1919-20 жылдары ғана Қырғыз ревкомы қазақ мектептері үшін, Семей, Торғай, Ырғыз, Орал қалаларында 4 айлық қысқа мерзімді мұғалімдер курсын ашып, 1000-нан астам мұғалім кадрларын даярлады. 1920-21 оқу жылында республика мектептерінде 4824 мұғалім болды. Олардың саны 1914 жылмен салыстырғанда 35 процентке артты. Мұғалімдер күндіз балаларды оқытса, кешке үлкендерді оқытып сауатсыздықты жоюға белсене атсалысты.

1920 ж қазанда Қазақ АССР-ның Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А. Байтұрсынов тағайындалды. 1921 ж ақпанның 18-де Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды. Конференция тезисінде жаңа қоғамда бала тәрбиелеуде от басының рөлі кемиді, алдағы жерде жас буынды тек балалар үйі мен коммуна мектептерінде ғана тәрбиелеуіміз керек деген жаңсақ пікір, таптық қоғамның жойылуымен бірге мектептегі кластық оқыту жүйесі де жойылуға тиіс, өйткені, баланы еркін тәрбиелеу қажет, оқытудың кластық жүйесін лабораториялық-сабақтық жүйемен ауыстыру керек деген теріс көзқарас етек алды.

Конференцияда «Қазақ АССР Оқу-ағарту халық комиссариаты мен оның жергілікті органдарының міндеттері» оның құрылымы бекітілді. Мәселен, академиялық орталық мектептерге оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарын жасау ісімен айналысты. Сол кездегі оқу жүйесі мынадай болатын: бірінші, екінші бөлімдері жетіжылдық оқуды, ал үшінші бөлімі екіжылдық оқуды қамтыды. Жұмысшы факультеттері толық орта білім беретін оқу орны болып есептелді. Жетіжылдық мектептің түлектері арнаулы орта дәрежелі оқу орындарында білім алуға ерікті болды, енді біреулері екінші сатылы тоғыз жылдық мектептің 8-кластарына оқуға түсе алатын еді. Екінші сатылы тоғызжылдық мектептер мен техникумды, жұмысшы факультетін бітіргендер жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Кейінірек фабрика-зауыт училищелері ашылды.

Оған жетіжылдық мектепті бітіргендер алынып, оларда өндіріс орындарына маман жұмысшы кадрлары дайындалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылық мамандарын дайындауға арналған 3 жылдық шаруа жастар мектебі ашылып, оған бірінші басқыш жетіжылдық мектепті бітіргендер алынатын болды. 1920 ж мектептің жаңа түрі-коммуна мектептері ашылды. Оған он жасар балалар алынып, 4 жыл оқыды, кейіннен олар жетіжылдық және тоғызжылдық коммуна мектептеріне айналдырылды. Жалпы бастауыш білім беретін ауылдық қазақ мектептерінің білім өресі өскелең өмір талабына оншама сай келмеді. Мектептегі оқу ісі көбінесе ауыл шаруашылық жұмысына орайлас болғандықтан, балалар толық білім ала алмайтын еді. Осы жағдайларды ескере отырып, Оқу халық комиссариаты ауылдық қазақ мектептерінің құрылымына өзгерістер енгізді. Ендігі жерде ауыл мектептері екі жылдық болып, оны бітіргендер жанында интернаты бар болыстық екіжылдық бастауыш мектепке алынатын болды; болыстық немесе аудандық мектеп бесжылдық болып белгіленеді, оған екіжылдық ауылдық бастауыш мектепті бітіргендер алынды, екінші сатысы 3 жылдық мерзімде жетіжылдық мектептерінің бірінші сатысында бала 4 жыл оқып бастауыш білім алса, оның екінші сатысында 3 жыл орысша оқып орталау білім алатын еді.

1922-/23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде «Физика», «Грамматика», «Педагогика», «Алгебра», «Мектеп гигиенасы» бар. Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Т. Жолдыбаев қатысты.

1920-1930 ж республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. Мәселен, 1925 ж халық ағарту ісіне 6 млн 121000 сом қаржы жұмсалса, 1929-30 ж 27 млн 596000 сомға көбейтілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Студенттің өзіндік жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz