Ислам құқығы (фикх әдістемесі)


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

Ислам құқығы

(фикх әдістемесі)

Проф. Др. Исмайыл Чалышкан

Доц. Ахмет Йылдырым

Қазақ-Түрік Университеті Дінтану Бөлімі

Түркістан - 2011

ББК

УДК

Пікір жазғандар:

Кенжетай Досай профессор, философия ғылымдарының докторы

Асалыоғлы Адем философия ғылымдарының докторы

Кітап ең басты екі бөлімнен құралады. Алғашқы бөлімде Ислам құқығының тарихы қолға алынған. Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) -ның кезеңінен бастап Ислам құқығының дамыған кезеңіне дейінгі уақыт қамтылған. Одан кейін Фикх усулінің (методикасының) тақырыптарына тоқталынған. Бұл жерде Ислам құқығының асли (негізгі) және фәр-и (тармақ) әдебиеттері, шариғи үкім мен бөлшектері, ижтиһад, мужтәһид сөздерінің мағыналары мен жорамалы, Ислам құқығының басты қағидалары мен (Мақасиду-ш шариа) қатар Ислам құқығының күнделікті жағдайы мен проблемаларына тоқталдық. Осылайша Ислам құқығына қатысты жалпы көріністі беруге күш жұмсадық. Дінтанушы-теолог мамандар, оқытушылар мен студенттер және сондай-ақ рухани азық іздеп жүрген қалың көпшілік үшін бұл оқу құралы. Пайдалы болады деген үміттеміз.

Мазмұны

АЛҒЫ СӨЗ5

I. БӨЛІМ: ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ6

Бірінші тақырып: Ислам құқығы саласының негізгі ұғымдары6

А. Ислам құқығы ғылымына кіріспе6

А. Ұғымдар6

1. Құқық7

1. Фикх7

а. Фикхтың анықтамасы және мағына өрісі8

ә. Мақсаты10

б. Фикхтың маңызы және оған деген мұқтаждық10

в. Фикх ғылымының басқа білімдермен байланысы12

г. Фикх ғылымының негізгі ерекшеліктері13

1. Усул (методика) 15

Екінші бөлім: Ислам құқық методикасы (Фикх усулі) 17

Ә. Фикх усулінің анықтамасы17

Б. Фикх усулінің тақырыбы мен мақсаты19

В. Фикх усулінің пайда болуы, жинақталуы және дамуы20

Г. Фикх методикасындағы әдістер22

Мутәкәллимнің (кәләм ғалымдары) методы23

Үшінші Бөлім: Хз. Пайғамбардың кезеңіндегі Ислам құқығы26

А. Ислам құқығының пайда болуы26

А. Хз. Пайғамбар кезеңіндегі Ислам құқығы26

1. Мекке кезеңі27

2. Мәдина кезеңі27

3. Үкім мен қағидалардың пайда болу түрі28

Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) кезеңіндегі Фикхтың ерекшеліктері29

Хз. Пайғамбар кезеңіндегі Фикх методикасы31

Төртінші бөлім: Сахаба және табиғун кезеңіндегі35

ислам құқығы35

Сахаба кезеңінде Ислам құқығы35

(Фикхтың даму шағы) 35

1. Әділетті халифалар дәуірі35

2. Умеяттар дәуірі36

Сахабаның Фикх методы37

Ижтиһад және пәтуә беру тұрғысынан сахабаның орны37

Сахаба кезеңінде Фикхқа қатысты пікірталастар38

(ихтиләфтар) және себептері38

Фақиһ сахабалар40

Фықһи тұрғыдан сол кезеңнің ерекшеліктері40

Табиғун кезеңіндегі Фикх41

1. Табиғун фақиһтер42

2. Табиғун кезеңінде Фикхтың дамуына ықпал еткен ғалымдар42

3. Табиғун кезеңіндегі ижтиһад ерекшеліктері мен себептері43

Бесінші бөлім: Фикх мәзһәбтары47

Мәзһәб ұғымы мен мәзһәбтардың пайда болуы47

1. Мужтәһид имамдар кезеңі47

2. Мәзһәб ұғымы47

3. Мәзһәбтардың пайда болуы48

Мәзһәбтардың пікірталас себептері49

Ислам құқық мәзһәбтары (мектептері) және методтары50

1. Ханафи мәзһәбы51

а. Ханафи мәзһәбының имамы: Әбу Ханифа51

(80-150/699-767) 51

Әбу Ханифаның ижтиһад методикасы53

ә. Әбу Ханифаның шәкірттері53

б. Ханафи мәзһәбының Фикх кітаптары55

2. Малики мәзһәбы56

Имам Маликтің ижтиһад методикасы56

3. Шафиъи мәзһәбы58

а. Имам Шафиъидың ижтиһад методикасы58

ә. Еңбектері59

4. Ханбали мәзһәбы59

Ахмад б. Ханбалдың ижтиһад методикасы60

Ислам құқығында тақлид (еліктеушілік) және тоқырау кезеңі61

Заңдастыру кезеңі (жаңа кезең) және ерекшеліктері62

Алтыншы бөлім: Атақты Фикхшылар мен негізгі еңбектері64

а. Ханафи мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері64

ә. Мәлики мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері66

б. Шафиъи мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері69

в. Ханбали мәзһәбының атақты Фикхшылары мен еңбектері71

г. Басқа да атақты фақиһтер мен еңбектері71

II. БӨЛІМ: ФИКХ УСУЛУ (методикасы) 73

Жетінші бөлім: Ислам құқығының негізгі деректері73

Ислам құқығы деректерінің бөлінуі73

Негізгі деректер74

1. Кітап (Құран) 74

а. Кітаптың үкімдерге дәлел болуы76

ә. Құранның үкімдерді түсіндіру тәсілі76

б. Құран Кәрімдегі үкімдер78

2. Сүннет79

а. Хз. Пайғамбарымыздың іс-әрекеттері79

ә. Сүннеттің түрлері және дәлел болуы80

Сегізінші бөлім: Ислам құқығының тармақты деректері84

Ижма84

Ижманың шарттары86

Ижманың дәрежелері87

Қияс87

Сахабаның сөз және пәтуалары89

Истислах90

Истихсан92

Истисхаб93

Сәдду-з зәраиъ94

Әдет-ғұрып (урф уә әдәт) 94

Бұрынғы шариғаттар96

Тоғызыншы бөлім: Шариғат үкімдері: Міндеттелген үкімдер97

Шариғи үкімдер және бөлімдері97

Міндеттелген үкімдер97

1. Парыз97

2. Мәндуб99

1. Харам100

1. Мәкруһ101

2. Мубәх101

3. Рұқсат пен азимәт102

Уадъи үкімдер104

1. Себеп104

2. Шарт105

3. Маниь105

4. Сыххат, фәсад және бутлан106

Оныншы бөлім: Үкім шығару жолдары108

Насстардан үкім шығарудың маңыздылығы108

Үкімдердің сырлары (Хикмәту-т тәшриғ) 109

Ижтиһад және мужтәһид110

Насстардан үкім шығару қағидалары112

Он бірінші бөлім: Сөздер - І115

А. Ауқымдары (қамтуы) жағынан сөздер115

Бұйрық сиғасының мағыналары:118

1. Аам121

2. Тахсис124

3. Муштәрәк125

4. Муәууәл126

Он екінші бөлім: Сөздер - ІІ129

А. Мағынасы белгілі және белгісіз болған сөздер129

1. Мағынасы белгілі болған сөздер129

а) Заһир129

ә) Насс130

б) Муфәссәр130

в) Мухкәм131

Мағынасы ашық болмаған сөздер131

а) Хафи131

ә) Мушкил133

б) Мужмәл133

в) Мутәшабиһ134

Ә. Қолданылатын мағынасына қарай бөлінетін сөздер134

1. Хақиқат134

2. Мәжәз135

Мәжәздың үкімі:136

3. Сарих137

4. Киная137

Б. Түсіндіру (жеткізу) жағынан сөздер138

1. Сөздің мағынаны білдіруі138

а) Насстың сөйлемшесі (әд-далалл бил-ибара) 139

ә) Насстың ишараты(далл бил-ишара) 139

б) Насстың дәләләті(далл бид-дәләлә) 140

в) Насстың қажетті шарттары(әд-дәлл бил-иктиза) 140

Мәфһумул-мухалиф141

Он үшінші бөлім:144

Мақасидуш-шәриа және жалпы ережелер144

Шариғат қоюшының үкім шығарған кездегі144

талабы мен мақсаты144

Ә. Мүдде (маслахат) 145

Маслахаттың түрлері146

1. Қажетті (зарури) маслахаттар147

2. Хажият148

3. Тахсиният149

д) Жалпы (кулли) қағидалар150

Он төртінші бөлім:155

Амалдық үкімдер (ғибадаттар) 155

А. Амалдық үкімдердің бөлімдері155

Ә) Тазалық157

1. Дәрет157

2. Ғұсыл158

3. Таяммум159

Б) Намаз160

Он бесіншінші бөлім:165

Амалдық үкімдер (ғибадаттар) 165

А. Ораза165

Ә. Зекет169

Б. Қажылық173

  1. АЛҒЫ СӨЗ

Ислам құқығы, негізгі Ислами ғылымдар арасында маңызды орны бар білім саласы. Бұл білім саласы өз арасында тарихы, усулі (тәсілі, методикасы, әдісі) және үкімдерімен өте кең ауқымды қамтиды. Негізінде түрлі мәзһәбтар тұрғысынан Ислам құқығының, мұсылмандардың ғылым тарихында орасан зор әдебиетке және жүйелі қорын ортаға салу ерекшелігі бар.

Пайда болған күннен бастап осы күнге дейін бұл топты танытқан көптеген еңбектер жазылған. Біз де Қазақстандағы Дінтану Исламтану бөліміндегі мұқтаждыққа үлес қосу мақсатында осы кітапты жазуды ұйғардық. Оқулық кітабы ретіндегі бұл еңбекте Ислам құқығына қатысты әрбір тақырып талқылауға алынды. Тақырыптар жоғарғы оқу орнының шәкірттерінің білуі тиіс және Ислам құқығын тануға жеткілікті дәрежеде түсіндірілген. Бұл кітап бұл үлкен топқа жалпы көзқарасты ортаға қояды. Кең ауқымды мағлұматтар егжей-тегжейлі зерттеулерге қалдырылды. Осы себепті әр тақырыптың аяқ жағында кең көлемді мағлұматтарды қамтыған кітаптарға ишарат жасалған. Сол себепті еңбектің мейлінше толық қолданылуы үшін кітаптың төменгі жағындағы сілтемеде емес, әр тақырыптың соңында әрі жалпы әдебиеттерде көрсетілген.

Кітап ең басты екі бөлімнен құралады. Алғашқы бөлімде Ислам құқығының тарихы қолға алынған. Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) -ның кезеңінен бастап Ислам құқығының дамыған кезеңіне дейінгі уақыт қамтылған. Одан кейін Фикх усулінің (методикасының) тақырыптарына тоқталынған. Бұл жерде Ислам құқығының асли (негізгі) және фәр-и (тармақ) әдебиеттері, шариғи үкім мен бөлшектері, ижтиһад, мужтәһид сөздерінің мағыналары мен жорамалы, Ислам құқығының басты қағидалары мен (Мақасиду-ш шариа) қатар Ислам құқығының күнделікті жағдайы мен проблемаларына тоқталдық. Осылайша Ислам құқығына қатысты жалпы көріністі беруге күш жұмсадық. Дінтанушы-теолог мамандар, оқытушылар мен студенттер және сондай-ақ рухани азық іздеп жүрген қалың көпшілік үшін бұл оқу құралы. Пайдалы болады деген үміттеміз.

Проф. Док. Исмайыл Чалышкан

  1. Доц. Док. Ахмет ЙылдырымТүркістан - 2010I. БӨЛІМ: ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫБірінші тақырып: Ислам құқығы саласының негізгі ұғымдары

Тақырып: Ислам құқығы ғылымына кіріспе және Ислам құқығының негізгі ұғымдары

Мақсат: Ислам құқығы жайында жалпы мағлұмат және көп қолданылатын ұғымдардың үйренілуі

  1. А. Ислам құқығы ғылымына кіріспе

Ислам құқығы (Фикх) діни әрі әлеуметтік жағы бар білім саласы. Дін, Тәңірлік (самауи) діндердің жалғасы ретінде ортақ нәрселері болғаны сияқты, жалпы қоғамдық ғылымдар және ұйымдар оның ықпалынан сатылап кемелденеді. Бұл қағида бойынша Ислам құқығы да бірден кемеліне жетіп туған жоқ, керісінше уақыт өте келе дамыды. Пайда болу, даму кезеңінде Сирияда Рим, Иракта Иран және Ясрибте Исрайыл құқығы өз үстемдігін жүргізіп тұрған болатын. Бұдан басқа надандық дәуірінде арабтардың жүзеге асыратын өздеріне тән құқықтары бар еді. Бұл мәселеде Исламның рухы мен негіздеріне қайшы келмейтін салт-дәстүр Фикх пен Фикхшылар тарапынан алынғандығы үшін аз да болса Фикхтың дамуында көрші жүйелердің ықпалы болғаны сияқты, Фикхтың да басқа құқықтарға әсері болғандығы жөнінде пікірлер бар.

  1. А. Ұғымдар

Терминдер (истилахтар) білім салаларының айрылмас бір бөлшегі. Қандай да бір білім саласының адамдары өздерін сол сөздер арқылы қысқа жолмен түсіндіреді. Сол себепті терминдердің маңызы зор. Әрбір білім саласында болғаны секілді, Ислами ғылымдардың да өзіне тән терминдері бар. Ислам құқығын мұнсыз елестету мүмкін емес. Айрықша бұл білім саласының басқа ғылымдармен байланысын есепке алсақ мәселенің мұнан да кең ауқымға қол жеткізгендігін көреміз. Сол себепті Ислам құқығының негізгі ұғымдарын үйрену, Ислам құқық ғылымының одан әрі жақсы түсінілуіне жәрдемші болады.

  1. 1. Құқық

Құқық (Хуқуқ) арабша хақ сөзінің көпше түрі. Түрлі мағыналары бар:

Хақ сөзінің бір мағынасы қағида дегенді білдіреді. Хақ болған сөз, іс немесе әрекет, дұрыс, сай, орны келгенде қонымды сөз дегенге келеді. Бір іс немесе әрекетке берілген сипаттар айтылып жатқанда зейінімізде таразы бар, мұның бір ұшында іс, қылық, әрекет, болса екінші бір ұшында бұларды таразылап, баға беретін өлшем, қағида міне осы хақ. Осы мағынада қағида құқықтан сөз қозғалады.

Бұл жағдайда хақ көзқарасында қағида және осы қағидаға бейне беретін, оның рухани және логикалық негізін құрайтын бір сезім, бір мақсат бар. Осы мағынада мінсіз құқық пен табиғи құқықтан сөз қозғалады. Қағида және мінсіз құқық обьективті құқық болып табылады.

Хақтың тағы бір мағынасы өкілдік және билік. Дүние-мүлік ақысы, алушының ақысы, әкелік, өкілеттілік, мұрагерлік ақысы сияқты түсіндірілген хақ осы мағынада. Бұл мағынадағы хақтар субьективті хақ және өкілдік хақ деп аталады.

Бір жағынан құқық қоғамдық ғылымдар қатарына кіретін ғылым екендігін көрсетеді. Құқық факультеті, кітабы, оқытушысы дегенімізде осы мағынаны меңзейді.

Ғылыми әдебиеттерде термин ретінде құқық, қоғамның жалпы пайдасын немесе тұлғалардың және қоғамның ортақ жақсылығын сақтау мақсатымен өкілеттілер тарапынан қойылған және мемлекет санкциялар орнатқан қоғамдық қағидалар жиынтығы.

  1. 1. Фикх

Фикх сөзі сөздікте түсіну, меңгеру, ұғыну мағыналарына келеді. Фикх сөзі білім, түсіну сияқты басқа ұғымдарға қарағанда өзгеше мағынаға келеді. Осы мағынаға келетін сөздерден Фикх сөзінің ерекшелігі бұл жердегі түсіну бет жағын ғана емес, терең ұғыну және айтушының мақсатын да қамтиды. Ислам Құқығында көп қолданылатын фақиһ, мутафаққиһ секілді сөздер осы түбірден тарайды.

Фикх сөзі Құран Кәрімде жиырма жерде түрлі қалыппен кездеседі. Жалпы «бір нәрсені жақсы және толық түсіну, ұғыну, бір нәрсенің ақиқатын білу және ой жүгірту» сияқты мағыналарда қолданылады. Хадистерде кездесетін Фикх сөзі және туындысы, мутлақ (міндетті түрде, үзілді-кесілді) ретінде қолданылғанда сөздік мағынасы «жақсы, тура және тереңдей мағлұмат және ұғыну» дегенге келетіндігін көреміз. Фикх сөзі «Өзінен әлдеқайда зерек адамға Фикхты түсіндірген өте көп адам бар» мағынасындағы хадистегі (Әбу Дәуіт, ілім, 10; Тирмизи, ілім, 7) түсінуге қатысты мағлұматпен қатар Құран мен сүннет мағлұматы мағынасын да қамтиды. Алайда көп тараған раи (көзқарас) және пәтуамен қатар Фикхтың «Кітап пен Сүннеттен шығарылған мағына және үкім» орнына ғылым, риуаят және хадисте «тікелей Кітап пен Сүннет» (аят пен хадис мағлұматы) баламасында қолданылғандығы белгілі болады. (Әбу Дәуіт, Фараиз, 1)

Мұнымен қатар Хз. Пайғамбармен сахаба дәуірінде Фикх бойынша қаза және раи сөздерінің көп қолданылғандығы, діни мәселелерде оны меңгерген кісілерге сауаттылық пен жаттау арасындағы жақын байланысына қатысты қурра деп аталғандығы, ғылыми жинақталу мен әдістеменің дамуымен қатар Фикхтың бір ғылыми саласы болғандықтан қурра сөзінің орнын фақиһ және ғалым сөздерінің алмастырғандығын айта аламыз.

Шектеулі мағынада Ислам құқығы ғылымының аты болған Фикх, ауқымды мағынада ғибадаттармен қатар барлық шариғи-амали (іске асыру) үкімдерді қамтиды.

Негізгі әдебиеттерден қажыр-қайратымен қол жеткізген діни мәліметтердің барлығына (адамның ақысы мен міндеттерінің мәліметіне) Фикх атының берілуі және осы мағынада Фикхтың термин халіне келуіне байланысты мәліметтерге қажеттілік туындайды.

  1. а. Фикхтың анықтамасы және мағына өрісі

Фикхтың терминдік мағынасы адамның күнделікті өмірінде пайдалы және зиянды нәрселерді білуі. Фикх сөзі Исламның алғашқы кезеңінен қазіргі таңға дейін бірнеше рет мағына ауыстырды, осыған байланысты Фикх жайында түрлі анықтамалар берілген.

Хз. Пайғамбар және сахаба кезеңінде Фикх, жинақталған бөлек бір ғылымның аты емес. Мәселен, итиқад (наным-сенім), амал (құлшылық) және ахлақ мәселелерінде кітап пен сүннеттен білетініміз, осылардан қол жеткізген мәліметтер Фикх деп аталды. Ілім (ғилм) сөзі де сол кезеңде осы мағынада қолданылатын.

Осы орайда Әбу Ханифа Фикхты «Адамның пайдасы мен зиянына болатын нәрселерді білуі» الفقه معرفة النفس ما لها وما عليها деп анықтама беруі мен сөздің мағынасы өрісі бір. Алайда итиқад, ахлақ секілді білімдердің алаңы дамып оқшауланғанда Фикх сөзі итиқад пен ахлақ мәліметтерінен тыс амал мен муамаламен (қарым-қатынас) қатысты мәліметтерге, қағидаларға байланыстырылып және анықтамаға уақыт өте келе «амал бағытынан» من جهة العمل сөзі қосылған.

Имам Шафиғи да Фикхты: «Діннің амали үкімдерін, нақты дәлел мен қайнарынан алып қол жеткізген мәлімет» деп анықтама береді.

Бұл анықтамаларда Фикхтың ішіне «ибадат, муамалат, уқубатқа (жаза, үкім) » қатысты мәселелер де қамтылады. Бұл мағынаның ауқымы кеңдігі соңғы ғасырға дейін жалғасын тапты, жазылған кітаптар барлық осы тақырыптарды қамтыды.

Ендігі бір жағы Фикх, «Жан-жақты дәлелдерден шығарылған шариғи-амали үкімдерді білу» немесе «Жан-жақты дәлелдерден шығарылған шариғи үкімдер жиынтығы» деп те анықтама берілген. Бұл мағынамен Фикх; уәжіб, мәндуб, харам, мәкруһ, мубәх болып танылған үкімнің барлық түрлерін, жеке тұлғаға және жанұяға байланыстырылған үкімдерді, өсиет, уақыф (қор) және мирасқа қатысты үкімдерді қамтиды. Фақиһ болса усул (метод, әдіс-тәсіл) қағидаларын жуз-и (жеке) мәселелерде жүзеге асырған мәселен «Намаз оқыңдар» (2 Бақара 43) дәлелінен намаздың парыз болу үкімін, «Ер мен әйелден ұрлық жасағандардың қолын кесіңдер» (5 Маида 28) дәлелінен ұрлықтың харам екендігі үкімін шығарған адам.

Соңғы кезеңде біршама қажеттіліктің артуы мен аз да болса батыстың әсерінен Фикхтың кейбір салалары өз алдына дербес есімдерге бөлінді. Жанұя құқығы: Мунәкәхәт, Муфарақат; жанұя және жеке тұлға құқығы; әл-Ахуалу-ш Шахсия; зат пен қарыздар: әл-Уқуд, әл-Илтизамат; қылмыстық құқық: әл-Жинаят әт-Тәшриьу-л Жинааи; ата заң: әд-Дустур, Низаамул хукм т. с. с. аттармен аталатын болды.

Ежелден Фикх ішінде қаралған әл-әдәб, ахлақ кітаптарына, ғибадат болса басымы осы тақырыпта жазылған кітаптарға (мәселен ғылымхал) ауысты.

  1. ә. Мақсаты

Фикх ғылымы; адамның өз пайдасына немесе зиянына болған нәрселерді біліп, дүние мен ақырет бақытына жетуін мақсат етеді.

Адамға жаратушысының, өзінің және басқа адамдардың алдындағы құқығы мен міндеттерін үйретеді.

Әділетті, бейбіт және тұрақты қоғамның пайда болуына ықпал етеді.

Адамдар арасындағы байланыстарды жаратылыста теңдік пен сенімде туыстық негізіне сүйенеді.

  1. б. Фикхтың маңызы және оған деген мұқтаждық

Бастауы уахи мен ижтиһадқа (аят пен хадистен үкім шығару) негізделген Фикх, жүйеге келтірген байланыстардың алуандығы мен өрісі, үндеген адамдардың ауқымы тұрғысынан жалғыз, теңдесі басқа ешбір ұлтта немесе басқа пайғамбарлардың алып келген діндерінде жоқ. Фикхтың қамтыған мәселелері мен жүйеге қойған байланыстарына назар аударар болсақ өте ауқымды әрі теңдессіз екенін көре аламыз.

Фикх ғылымының аясында адамдар Аллаһқа деген құлшылық міндеттерін мән-мағынасын түсіне отырып орындайды. Бұған мысал, намаздың парыздарын, уәжібтерін, намазды бұзатын жағдайларды Фикх ғылымы аясында үйренеді. Бұл тұрғыдан Фикх Аллаһ пен құл арасындағы жеке қарым-қатынасты ретке келтірумен бастайды. Намазды, оразаны, зекетті, қажылықты, көзге көрінетін де көрінбейтін де (дәреті болмаудан, жүніптік секілді) кірлерден тазалануды, сүннетті, қырынып тазалану, киім киюді де үйретеді. Мүндай жүйені бұрын-соңды көрмеген, естіп білмеген мүшріктер мұны жатсынып араларынан бірі былай дейді: «Адамдарыңыз (Хз. Пайғамбар) сіздерге барлық нәрсені, тіпті дәретханаға қалай шығатындарыңызды да үйретеді. Мұндай қарсылыққа душар болған Салман (р. а. ) былай жауап береді:

«Ия, Ол ешкімнің оң қолымен арт жағын тазалауына, үлкен және кіші дәретте құбылаға қарауына, құрғақ тезек және сүйекті қолдануына тыйым салды», «ешкім үш тастан азымен арт жағын тазаламасын», - деген еді. (Муслим, Таһарат, 57, 58) . Фикх айт және жұма сияқты күндерінде әдемі киінуді, хош иіс су қолдануды, жеуге болатын және болмайтын нәрселерді, ішіп-жеу әдебін үйреткен.

Фикх ғылымы, неге құқылы екендігімізді және бұлардың қорғалуына қатысты принциптер қояды.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың пайдалы жағының ілгерілеуіне ықпал етеді. Ғибадатты, құқықты, ахлақты, экономиканы және қоғамдық қатынастарды қамтитын Фикх, алуан түрлі ұлттардан құралған Ислам үмметінің бір-біріне байланыстыратын, біріктіретін, үмметтің ерекшеліктерін қалыптастыратын ұйым. Ендігі бір мағынасы үмметтің өмірі. Фикхсыз үммет өмірін жалғастыра алмайды.

Фикх ғылымы, өмірімізді жеңілдетін құралдарды үйренуімізді қамтамасыз етеді. Қоғамның ахлақ және жүйесін жақсарту үшін алдын алу шараларын жасап, ретке келтірген. Құқықтық және экономикалық істерде туралықты, келісім-шарттар мен уәделердің орындалуын бұйырған, зина (некесіз қатынас), ішкілік, ғайбат, сөз тасу, жала жабу, жалған жерде куәлік ету, заңға қайшы әрекет т. с. сияқтыларға тыйым салған, бұларды тыйымдар арқылы алдын алу шараларын қойған. Фикх әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін зекет, кәффарат, пітір, құрбан түрінде, байлардың дүние-мүліктерінде кедейлер үшін құқық қойған. Мұсылмандардың бір жерге жиналып, мәселелерінің шешімін табуы, мағлұмат, мәдениет, тәжірибе алмасу, араларындағы бауырмалдық байланыстарды арттыру үшін қажылық, айт, жұма секілді міндетті бас қосуларды жүйеге қойған. Жанұялық өмірді тәртіпке келтіріп, отбасы болып есептелетін, есептелмейтін некелесулерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, мақсатқа сай жанұяны сақтау шараларын алған, қолайсыз жанұя байланыстарын ажыратуды жайыз санап, жанұя тұлғаларының құқық және міндеттерін ретке келтірген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имам Ағзам хақ діннің бастаушысы
Арабша - қазақша құқық терминдері
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Имам ағзам хақ діннің бастаушысы. Әл Фиқһул Әкбар
Ислам шығуының идеялық бастауы
Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы
Мұсылман құқығының мәтіндері
Мұсылман құқығының қалыптасуы
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Ислам құқығына кіріспе: теория және практика мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz