Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдары


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Астана: Елорда, 2008.
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі. - Астана: 2010.
«Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы. - Алматы: 2006. -172 б.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
Отбасы - ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін басқалардың «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі, өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийлері, қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Отбасы тәрбиесі дегеніміз - әке-шеше мен баланың қоғамда қабылданған адамгершілік және құқықтық жүйедегі өзара қарым-қатынасы.
Қарым-қатынас дегеніміз - өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп, ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас тікелей «бетпе-бет» не болмаса белгілі бір құралдардың көмегімен (техникалық, электрондық), не іс әрекет арқылы, кәсіптік сферада, достық, жолдастық - диалог, әріптестік, монолог, отбасында туысқандық байланыстар негізінде т. б. болуы ықтимал.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата-ана үлгісі
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады.
Оқу бағдарламасы: ә рбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу
«Өзін-өзі тану» пәні - баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.
Қаталдық - әлі де болса отбасы тәрбиесінде кездесіп қалады. Ата-аналардан алынған жауаптардан бұл тәсілді, әсіресе, ұл бала тәрбиесінде қажет дейтіндер болды. Кейбір ата-аналар «бұл баланы тәртіпке шақырудың бір жолы» десе, кейбірлері «таяқ жемесе ол бала бола ма», ал, кейбірлері «бала деген біреуден қорықпаса, тәрбие қонбайды» деген.
Конфликт- Жалпы конфликт дегеніміз-адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. "Конфликт" ұғымы И. П. Павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын күй" деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.
Кәсіби құзыреттілік - маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби - педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік кәсіби сипаттама.
Дидактикалық жүйе - оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
БҰҰ - Бүкілодақтық ұлтаралық ұйым
ЖБП - жалпы білім беру пәндері
БП - базалық пәндер
КП - кәсіптендіру пәндері
ОӘК- оқу-әдістемелік кешен
КТУОБжОО - Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда
отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті[1, 21-23б. ] .
Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы тәрбиеші мен ата-ананың өзіндік орнын баса көрсетуде[2, 15б. ] .
Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі тәрбиеші мен ата-ананың тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыратыны белгілі. Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен, тәрбиеші мен ата-ананың тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де хақ. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екені айқындала түседі[3, 50-51б. ] .
Өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіндегі қоғамдық мекемелердің мәнін ескермеуге болмас, алайда, отбасының ондағы ерекше орнын өмір өзі дәлелдеп отыр. Белгілі психолог ғалым С. Л. Рубинштейн қоғамдық мекемеде отбасына тән балаға болған сезімталдық қарым-қатынас пен табиғи жылулықтың жетіспейтіндігін атап өткен[4, 230б. ] .
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Тәрбиеші мен ата-ананың тәрбиесінде қолданатын әдістерде өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. И. Г. Песталоцци отбасы, баланы өмірге іс-әрекет арқылы тәрбиелейтінін белгілесе, А. В. Петровский әр отбасының өзіне ғана тән тәрбиелеу жүйесінің болатынын зерделеген. Алайда, кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті, кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап, алдын-ала жоспарланатын - ясли, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп т. б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып, жұмыс жүргізіле бастады[5, 269б. ] .
Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын, ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю. П. Азарова, И. В. Гребенников, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев, т. б. белгілеген[6, 70б. ] .
А. В. Мудрик отбасы тәрбиесіне ықпал ететін басты факторларды: әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-гигиеналық, демографиялық тығыз байланыста қарастыру қажет екендігін атап көрсетеді.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде, Жүсіп Баласағұни, Сайф Сараи шығармаларында, хандық дәуірдегі ақын-жыраулар мұраларында, Ы. Алтынсарин еңбектерінде, Абай Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты Х. Арғынбаев, Г. А. Уманов, К. А. Оразбекова, Ж. Қоянбаев, З. Әбілова, С. Ғаббасов, И. Р. Халитова, А. А. Бейсенбаева, т. б. еңбектері бар[7, 101б. ] .
Т. А. Куликова [4. -12б] отбасы тәрбиесінде осы уақытқа дейін зерттелмеген бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өткен. Олар мыналар:
- одақ кезінде қоғамдық мекемелердегі тәрбие мәселелеріне ерекше мән беріліп, ұзақ уақыт отбасы тәрбиесінің маңызы ескерілмеген;
- отбасы тәрбиесін зерттеуді бір ғана педагогика ғылымының аясында жүзеге асыру сыңар жақтылыққа әкеліп соқтырады. Оны зерттеуді көптеген ғылым салаларының тоғыстыра, кешенді жүргізудің күрделілігінде;
- әрбір ата-анада жат адамдарға, зерттеушілерге көрсете бермейтін құпия тұстарының болуы;
- отбасы тәрбиесін зерттеу кәдімгі дәстүрлі зерттеу әдістерінен басқа тәсілдерді қолдануды талап етеді;
- отбасы иелері: ата-аналардың педагогикалық сауатының болмауы, не жеткіліксіздігі мен бала тәрбиесіне көзқарасының қалыптаспағаны.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік қауымның осындай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалар, әңгімелерден белгілі болды. Мұндай көзқарасты кезінде К. Д. Ушинский «педагогикадағы надандық» деп санаған. Жалпы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі, жан-жақты зерттеліп келгенімен, ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға даярлау, не болмаса педагогика, психология саласынан қарапайым болса да білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттеуге алынбаған.
Осы және басқа да пайымдауларымыз мынадай қайшылықтардың бетін ашты: көріп отырғанымыздай, отбасы тәрбиесінің ғылыми-теориялық, тарихи-педагогикалық тәжірибесінің молдығына қарамастан, олардың осы уақытқа дейін практикада қолданылмауы арасында; ата-ана мен тәрбиеші қарым-қатынасының арттырудың мүмкіндігі мен оның педагогикалық шарттарының айқындалмауы арасындағы қайшылықтар дипломдық жұмысымыздың зерттеу тақырыбын «Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдары» деп белгілеу қажеттігін көрсетті.
Зерттеу объектісі - тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою.
Зерттеу пәні - тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынас.
Зерттеу мақсаты - тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды ашып көрсету;
- тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды педагогикалық-психологиялық тұстарына сипаттама беру;
- тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жоюдың тәрбиелік ықпалын арттырудың жолдарын айқындау;
- тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдарын, әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні
1. «Отбасы», «Ата-ана», «қарым-қатынас», «конфликт» ұғымдарының мәні нақтыланып, мазмұндық сипаттама берілді;
2. Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдарынның мазмұны анықталып, адамгершілік тәрбиесіндегі мүмкіндігі айқындалды;
3. Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдарының құрылымдық моделі жасалып, педагогикалық шарттары негізделді;
4. Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою жолдарының әдістемесі жасалып, тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өтті.
Зерттеудің практикалық мәні: жоғары оқу орындарының студенттері мен тәрбиешілерге арнап: тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды болдырмау жолдарының диагностикалық деңгейінің әдістемесі;
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнаулы орта педагогикалық оқу орындарында, тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды болдырмау жолдарын білімін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: халықтың материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы, олардың берік бірлестігіндегі рөлін, ежелгі мәдени мұраға көзқарасын, қазақ этнопедагогикасын және оның жүйеленген компоненттерін зерттеуге бірыңғай көзқарасты білдіретін философиялық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этномәдениеттік, педагогикалық тұжырымдамалар; ұлттық мәдениеттің тәрбие жұмысындағы орны туралы ілімдер; жалпыадамзаттық құндылықтардың негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.
Зерттеу әдістері: ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат; «тәрбиеші мен ата-ананың кмкілжіңін болдырмау жолдары» тақырыбына сәйкес тәжірибелік-эксперименттік жұмыс; сауалнама және тест арқылы білім-білік тексеру; алынған нәтижелерді статистикалық зерделеу.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, зерттеу әдістері баяндалды.
«Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою ерекшеліктері және олардың тәлім-тәрбиеге ықпалы» деген бірінші бөлімде қазіргі заман отбасының ерекшеліктері мен ондағы бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың педагогикалық, психологиялық сипаты ашылды; тәрбиеші, ата-ананың бала тәрбиесіне байланысты міндеттері, мақсаты мен қызметі; тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды болдырмау жолдарын педагогикалық шарттары айқындалды.
«Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жою әдістемесі» деген екінші бөлімде ата-аналар мен жүргізілетін педагогикалық сауаттандыру жұмысының мазмұны, әдіс, тәсілдері теориялық тұрғыдан негізделінді; осыған орай, эксперименттің мақсаты, міндеттері, өткізу кезеңдері, әдістері мен тәсілдері нақтыланды; эксперимент объектілері белгіленіп, оны ұйымдастыру жоспары жасалынды; оның нәтижелері шығарылды;
Қорытындысында теориялық ой-тұжырымдар мен эксперимент нәтижелеріне сүйене отырып, қорытынды жасалып, зерттелуі қажет мәселелер белгіленді.
1 ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-АНАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ КОНФЛИКТІ ЖОЮ ерекшеліктері және олардың тәлім-тәрбиеге ықпалы
- Тәрбиеші мен ата-ананың арасындағы конфликті жағдайларды жоюдың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті анық көрсетілген [1, 6б. ], «Қазақстан-2030» [8, 57б. ] . бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Сондай-ақ халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г. Н. Волков, Я. И. Ханбиков, М. Сейфуллаева, А. Ш. Гашимов, Т. Г. Тимошина, С. Қ. Қалиев, М. Х. Балтабаев, Қ. Б. Жарықбаев, Ә. Табылдиев, С. А. Ұзақбаева, К. К. Қожахметова, Ж. Ж. Наурызбай, Қ. Қ. Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады [9, 26б. ] .
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Отбасы - ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін басқалардың «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі, өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийлері, қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді. Өзінің күнделікті өмір салты мен отбасы, балаларды еңбек, білім-ғылым, құқық және қоғамдық міндеттер жүйесіне ендіреді. Дүниеге келген жас баланың тұлға ретінде қалыптасуына балабақша, мектеп, студенттік өмір, еңбек ұжымы, баспа сөз, телекөрсету т. б. ықпалы қаншалықты күшті болса да, отбасының рөлін кеміте алмайды. Отбасы адам тұлғасының қалыптасуының іргетасын қалайтын, ықпалы пәрменді, ұрымтал орта. Ата-аналардың қоғамдық орны, өзара бір-бірімен туысқандары, әріптестерімен, көрші-қолаңмен болған мәмілелері бала үшін қарым-қатынас моделі, үлгісі ретінде қабылданады, «бала отбасының шынайы, кейде тіпті, басқалар байқай бермейтін сыр-сипатының суреті, бейнесі болып табылады» - дейді Беличева С. А [10. -19б] . Болашақ азамат бүгінгі бала, ертең отбасына, өзіне, қоғамға пайдалы қорғаушысы, толық адам бола ма жоқ, әлде, масыл болып өсе ме - бала кезінде отбасында алған тәрбиесі, көрген үлгі-өнегесіне байланысты екенін дәлелдеудің бұл жерде қажеті жоқ. Өйткені, ересек адамдар да күнделікті өмір құбылыстарына бала кезіндегі отбасында қалыптасып қалған ұғымдар, құндылықтар, түсініктер бейнесі арқылы қарайтыны белгілі.
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы - өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық үдерістерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.
Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым- қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
- Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі [11, 118-130б. ] .
«Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез-құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко: «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген [12, - 127б. ] .
Отбасы - барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым- қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс.
Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды», - дейді А. Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата- ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді [13. 301б. ] .
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
- Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
- Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
- Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу [14, 255-258б. ] .
Ал міндеттері:
- Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
- Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz