ҚР Президентінің «Білім және денсаулық сақтау» жайлы жолдауы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. ҚР Президентінің «Білім және денсаулық сақтау» жайлы жолдауы
2. 2005.2007 жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама
3. Қазақстанда қызмет атқаратын көптеген халықаралық ұйымдар
4. «Қазақстан.2030" Стратегиясына» 11 жыл толуына орай

Пайдаланылған әдебиеттер
Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау және білім салаларындағы кадрларды қызметке алуда қатаң талаптар қойылатын болады.
Бұл мәселеге қатысты «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің X отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді,
Оның айтуынша, қазір осы өңірде кадр мәселесіне қатысты жемқорлық әрекеттерінің орын алып отырғаны рас. «Осыған орай біз кадр резервінің арнайы ережесін жасап, бекіттік. Біз бұл ережені өзіміз бекіте салмай оны қоғамның талқылауына ұсындық және аталмыш шараға қатысты мәселелердің барлығы жергілікті ақпарат құралдарында жарияланды. Халық та бұған қызығушылық танытты. Осындай кезеңдерден кейін ғана біз тиісті ережені бекітіп отырмыз. Енді оны талапқа сай іске асыра алсақ, кадр мәселесіне қатысты көптеген проблемалар шешілер еді», деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, облыста әсіресе денсаулық сақтау салаларындағы жағдайға қатаң бақылау орнатылмақ. Өйткені ол халықтың ең көп қарым-қатынас жасайтын салалары. Осыған орай халық өздерінің билікке деген көзқарастарын да көбіне осы салалар арқылы қалыптастырады. «Олар елде атқарылып жатқан көлемді шаралар туралы білмеуі мүмкін. Алайда осы екі салада атқарылып жатқан жұмыстарды жақсы біледі және соған қарай биліктің жұмысын бағалайды. Сондықтан біз осы екі салаға қойылатын талаптарды күшейтеміз.
Болашақта еліміздің денсаулық саласына бөлінетін 800 млрд. теңгенің қаржысы сапалы медициналық қызметке жұмсалуы шарт «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының 4-ші басымдығы – «Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты» тақырыбында өткен сессиялық отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Дерновой осылай айтты.
Болашақта еліміздің денсаулық саласына бөлінетін 800 млрд. теңгенің қаржысы сапалы медициналық қызметке жұмсалуы шарт.
Қазанның 12-сі күні Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының 4-ші басымдығы – «Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты» тақырыбында өткен сессиялық отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой осылай айтты.
1. www.ego.kz
2. www.google.kz

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. ҚР Президентінің Білім және денсаулық сақтау жайлы жолдауы
2. 2005-2007 жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға
арналған мемлекеттік бағдарлама
3. Қазақстанда қызмет атқаратын көптеген халықаралық ұйымдар
4. Қазақстан-2030" Стратегиясына 11 жыл толуына орай

Пайдаланылған әдебиеттер

ҚР Президентінің Білім және денсаулық сақтау жайлы жолдауы
Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау және білім салаларындағы
кадрларды қызметке алуда қатаң талаптар қойылатын болады.
Бұл мәселеге қатысты Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының
Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің X отырысында
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді,
Оның айтуынша, қазір осы өңірде кадр мәселесіне қатысты жемқорлық
әрекеттерінің орын алып отырғаны рас. Осыған орай біз кадр резервінің
арнайы ережесін жасап, бекіттік. Біз бұл ережені өзіміз бекіте салмай оны
қоғамның талқылауына ұсындық және аталмыш шараға қатысты мәселелердің
барлығы жергілікті ақпарат құралдарында жарияланды. Халық та бұған
қызығушылық танытты. Осындай кезеңдерден кейін ғана біз тиісті ережені
бекітіп отырмыз. Енді оны талапқа сай іске асыра алсақ, кадр мәселесіне
қатысты көптеген проблемалар шешілер еді, деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, облыста әсіресе денсаулық сақтау салаларындағы
жағдайға қатаң бақылау орнатылмақ. Өйткені ол халықтың ең көп қарым-қатынас
жасайтын салалары. Осыған орай халық өздерінің билікке деген көзқарастарын
да көбіне осы салалар арқылы қалыптастырады. Олар елде атқарылып жатқан
көлемді шаралар туралы білмеуі мүмкін. Алайда осы екі салада атқарылып
жатқан жұмыстарды жақсы біледі және соған қарай биліктің жұмысын бағалайды.
Сондықтан біз осы екі салаға қойылатын талаптарды күшейтеміз.
Болашақта еліміздің денсаулық саласына бөлінетін 800 млрд. теңгенің
қаржысы сапалы медициналық қызметке жұмсалуы шарт Қазақстан - 2030 даму
стратегиясының 4-ші басымдығы – Денсаулық, білім және Қазақстан
азаматтарының әл-ауқаты тақырыбында өткен сессиялық отырыста ҚР Денсаулық
сақтау министрі А.Дерновой осылай айтты.
Болашақта еліміздің денсаулық саласына бөлінетін 800 млрд. теңгенің
қаржысы сапалы медициналық қызметке жұмсалуы шарт.
Қазанның 12-сі күні Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан - 2030
даму стратегиясының 4-ші басымдығы – Денсаулық, білім және Қазақстан
азаматтарының әл-ауқаты тақырыбында өткен сессиялық отырыста ҚР Денсаулық
сақтау министрі Анатолий Дерновой осылай айтты.
Министрдің айтуынша, еліміздің даму стратегиясы қабыданған 1997
жылдан бері халықтың өмір сүруі 64-тен 66,2 жылға ұзарды. Саудада жүрген
дәрі-дәрмек құралдарының сапасын жақсарту жолында тиісті жұмыстар
атқарылып, бүгінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге ерекше
басымдық беріліп келеді. Бас кезінде ана мен бала денсаулығын қорғауға 630
млн. теңге бөлінсе, биыл осы салаға 4 млрд. теңге шығарылып отыр.
2005-2007 жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған
мемлекеттік бағдарлама
2005-2007 жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытуға
арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 166 млрд. теңге
бөлінген болатын. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш ішкі жалпы өнімінің 4
пайызына, яғни 800 млрд. теңгені құрамақ. Біз болсақ, осы қаражатты сапалы
медициналық қызмет түрлеріне жұмсауға тиіспіз, - деді А.Дерновой.
“Қазақстан-2030” Стратегиясындағы басты басымдықтардың бірі –
саламатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын іске асыру мақсатында
құрылған Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының
(СӨСҚПҰО) құрылғанына 10 жыл толып отыр
Бүгінде Қазақстан халқы тәуелсіз еліміздің әрі қарай нық қадам басып,
өркендеуінде үлкен рөл атқаратын “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді
Стратегиясын қабылдаудың 10 жылдығын атап өтуде. Нақ осы құжатта Елбасы
Н.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі басымдықтарын
белгілеп берді. Соның ішінде “Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының
сәттілігі” басымдығында бес басты негізгі бағыттар – аурулардың алдын алу
және саламатты өмір салтын ынталандыру; нашақорлық және есірткі бизнесімен
күрес; темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту; ана мен бала денсаулығын
қорғау; тамақтануды жақ­сарту, қоршаған орта және экология тазалығы атап
көрсетілді. Міне, осы басым­дықтарды іске асыру мақсатында Үкіметтің арнайы
қаулысымен 1997 жылғы 3 желтоқсанда Саламатты өмір салтын қалыптастыру
проблемаларының ұлттық орталығы (СӨСҚПҰО) құрылды. Оның негізгі міндеті –
аурудың алдын алу, санитарлық-гигиеналық білім деңгейін көтеру және
азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, саламатты өмір
салты қағидаларын бекіту арқылы денсаулығын нығайту болып табылды.
Осылайша, жаңа орталыққа осындай зор міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, ел
Президенті алғаш рет саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұлттық
саясатты әзірлеу міндетін алға тартты. Ол үшін барлық мүдделі құрылымдарды,
әртүрлі министрліктер мен ведомстволарды, халықаралық, үкіметтік емес
ұйымдарды жоғары дәрежеде қамту, олардың күш-жігерін осы бағытта үйлестіру
керек еді.
Үшінші міндет – саламатты өмір салтын халықтың әртүрлі топтары
арасында насихаттау мәселелері бойынша ақпараттан­дыру, білім және
коммуникацияның жаңа технологияларын әзірлеу болды.
Төртіншісі, саламатты өмір салты бойынша ұлттық және аймақтық
бағдарламалар мо­ниторингі және ғылыми жағынан қолдау. Тағы бір міндет –
денсаулық сақтау жүйесін аурудың алдын алу бағытына және халықтың
денсаулығын нығайтуға қайта бағдарлау. Сөйтіп, Қазақстанда алғаш рет
денсаулық сақтау жүйесі профилак­тикалық бағытқа қайта бағдарланды,
құрылған Ұлттық орталық және жаңа саламатты өмір салтын қалыптастыру
қызметі денсаулық сақтау саласымен қатар ведомствоаралық деңгейде де
профилактикалық жұмысқа толығымен жауап беретін болды.
Бір айта кетерлігі, саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің
жұмысы тек ұлттық ауқымдағы ғана емес, сондай-ақ әлемде өткізілетін іс-
шараларды да қамтиды.
Қазақстанда қызмет атқаратын көптеген
халықаралық ұйымдар
Сондай-ақ, Қазақстанда қызмет атқаратын көптеген халықаралық
ұйымдардың, мысалы, БҰҰ Балалар қорының, БҰҰ Тұрғын халық қорының,
Дүниежүзілік банктің, ЮСАИД және т.б. аурулардың алдын алу және саламатты
өмір салтын қалыптастырудың әртүрлі бағыттарында өз басымдықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы
Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы
Халыққа ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы денсаулық тақырыптары
Валеологиялық білім беру
ҚР аймағын дамыту стратегиясының негізгі бағыттары мен олардың ресурстық қамтылуы
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Пәндер