ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Бағила Сейтжаппарова

ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және

криминология кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. М. С. Молдалиев

«___» 2014ж. Хаттама №

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Орындаған Б. Сейтжаппарова

Ғылыми жетекшісі

з. ғ. к., аға оқытушы Е. П. Мергенбаев

Түркістан 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 Қылмысқа қатысушылық институтының пайда болу тарихы және оның қылмыстық құқықта алатын орны

1. 1 Қылмысқа қатысушылық институтының пайда болу тарихы және қылмысқа қатысушылық ұғымының Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша дамуы . . . 8

1. 2 Қылмысқа қатысушылықтың обьективтік белгілері . . . 10

1. 3 Қылмысқа қатысушылықтың субьективтік белгілері . . . 11

2 Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау және жауаптылық белгілеу мәселелері

2. 1 Қатысушылардың жауаптылығының негізі және жағдайлары . . . 15

2. 2 Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралаудың жалпы мәселелері . . . 19

2. 3 Аяқталмаған қылмысқа қатысушылықты саралау және жауаптылық қолданудың ерекшеліктері . . . 23

2. 4 Шектен шыққан қатысушылықты саралау және жауаптылық тағайындау . . . 25

2. 5 Қылмыс қатысудан өз еркімен бас тарту әрекеттерін саралау және жауаптылық көлемі . . . 34

3 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының негізі мен оны жекешелеудің критерийлері

3. 1 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының негізі мен оны жекешелеудің критерийлері . . . 43

3. 2 Қылмысқа қатысушыларға жазаны жекеше тағайындау . . . 44

Қорытынды . . . 54

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымшалар . . . 64

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қарастыра келіп: "Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама - қайшы іс - әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын" - деп атап өткен болатын[1] . Осы орайдан келгенде, қазіргі кезеңде республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізі жағынан нығаюына, қылмыс пен заң бұзушылыққа қарсы күресті күшейтуге, қоғамымыздың әр азаматының құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударылуда. Бұл - қазақстандық құқық ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі.

Еліміздің озық ойлы ғалымдары мен саясаткерлері заңды құбылыс ретінде бағалады. Өйткені қоғамның даму бағытын социалистік дамудан нарықтық қатынас қоғамына ұмтылуы, сонымен бірге осы кезеңде тәуелсіздік алуы ол елде алғашқы уақыттарды басқару жүйесінің өзгеруіне, экономикалық - саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды. Осы орайда профессор Ү. С. Жекебаев Основные принципы уголовного права Республики Казахстан деп аталатын еңбегінде «әлеуметтік-құқықтық реформа заң шығарушының өз елінің заң шығарушылық дәстүрімен ұлттық ерекшеліктерін ғана ескеріп қоймай, сонымен бірге салыстырмалы-құқықтық тәсілге сүйенгенде тиімділігі артады. Біздің пікірімізше мұнсыз өтпелі экономикалық елдерде түпкілікті құқықтық реформа жүргізу мүмкін емес» деді[2] .

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Адамның қылмыстық ниетін іске асыру тәсілдерінің бірі екі немесе одан көп адамдардың бірлескен түрде қылмысты әрекеттерді жасауы болып табылады. Сондықтан қылмыстық құқықтағы бұл тақырыпта бір адаммен жасалған қылмысты іс-әрекетке қарағанда қатысушылардың бір нешеу болуына байланысты құқықтық тұрғыда шешімін табуға жататын мәселелер туындайды. Мұндай мәселелердің қатарына екі немесе одан көп адамдардың әрекеттерінде қылмысқа қатысушылықтың бар-жоқтығы, қылмысқа қатысушылық орын алды деп бағалау үшін қатысушылықты сипаттайтын обьективтік және субьективтік белгілер, қылмысқа қатысушылықтың нысандарының түсінігі мен оның маңызын ашатын белгілер, сонымен қатар бір неше адамдардың қылмысты әрекеттері аяғына дейін жетпегенде немесе кейбір қатысушылар келісім мазмұны шегінен шыққанда әрекетке құқықтық баға беру, соның негізінде жауаптылық түрімен көлемін анықтау жатады.

Қасақана түрде қылмысты әрекеттермен айналысқысы келген адамдардың қоғамымызда әлі де жеткілікті болуына байланысты және мұндай тәсілмен жасалған қылмыстардың орындалуы оңай және ашылуы қиын болып табылатындықтан топ болып қылмысты орындау жалпы қылмыстылықтың ішінде елеулі үлес салмаққа ие болып келеді.

Зерттеудің практикалық маңызы. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының статистикалық мәліметтері бойынша Қазақстан аумағында соңғы жеті (2007-2013) жылда жалпы қылмыстар саны төмендегідей: 126433 (2007 ж. ), 125950 (2008 ж. ), 119690 (2009 ж. ), 129323 (2010ж. ), 205131 (2011ж. ), 284897 (2012ж. ), 356952 (2013ж. ) [3] .

Бұл мәліметтерден қатысушылықпен жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстылықтың ішіндегі үлесі 10-13 пайыз арасында тұрақты түрде кездесіп отыратынын байқауға болады. Мұның өзі құқық қорғау органдарына тіркелген қылмыстар бойынша келтірілген мәлімет болып табылады, ал тіркелмеген қылмыстардың көлемін қоссақ, онда қатысушылықпен жасалған қылмыстардың саны әлдеқайда жоғары екендігін шамалауға болады.

Қылмыстық құқықтық реформа көріністерінен қатысушылықпен жасалатын қылмыстар мәселесі де қалыс қалған жоқ. Мұның дәлелі ретінде қазіргі заң шығару қызметінің бір неше адамдардың қоғамға қауіпті түрде және бірлескен сипаттағы кез-келген әрекетін әлеуметтік-құқықтық талдаудан өткізіп, қауіптілігі жоғары болғанда қылмысты деп жариялауын кездестіруге болады. 1998 жылға дейінгі қолданылған қылмыстық заңмен одан кейін қолданылып келе жатырған заң мазмұнын салыстырғанда анық байқалады, сондай-ақ бірлескен түрдегі әрекеттердің орын алу мүмкіндігі практика материалдарымен негізделіп, әлі де заңға қосымша түрде енгізілуде. Мысалы террористік әрекеттердің халық аралық сипат алуына байланысты және оның ұйымдасқан түрдегіә әрекеттеріне қатал жауаптылық қарастыратын 233-1, 233-2, 233-3 баптардың дүниеге келуін айтуға болады. Бұл айтылғандар тақырыптың практикалық тұрғыдан өзектілігін білдіреді. Ал теориялық тұрғыдан өзектілігі ретінде қылмысқа қатысушылықтың әр жақты мәселелері қылмыстық құқық ғылымында бір келкі шешімін таппай, көбінесе даулылыққа соқтырып келеді. Қылмысқа қатысушылықтың жауаптылығына қатысты мәселенің даулы болуы, бір жағынан заңдылық ретінде бағалауға болады. Өйткені әдеттегідей бір адаммен емес, бір неше адамдардың бірігуі арқылы жасалатын қылмыстардың жауаптылық мәселесін шешкенде әр түрлі бағыттарда қарастыруға болатын пайымдауларды жасауға болады. Сонымен қатар екі немесе одан көп адамдардың қылмысты әпкекеттері бір қылмысты ғана жасаумен шектелмей, ол кейде бір неше қылмыстарды жасаумен де көрінуі мүмкін. Әрине, осы тәріздес жағдайларда қылмысқа қатысқан әр адамның жауаптылығын белгілеуде шешімін табу қиындыққа соқтыратын жағдайлар көптеп кездеседі. Осыдан болар қылмысқа қатысушылықтың мәселелері қылмыстық құқық ғылымының аса көрнекті ғалымдарының зерттеу обьектісі болған және осы зерттеушілердің қылмысқа қатысушылыққа қатысты даулы пікірлер көптеп кездеседі.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Қылмысқа қатысушылық тақырыбына кешенді зерттеулерді А. Н. Трайнин, М. Д. Шаргородский, А. А. Пионтковский, М. И. Ковалев, Ф. Г. Бурчак, П. И. Гришаев, Г. А. Кригер, М. А. Шнейдер, П. Ф. Тельнов, Р. Р. Галиакбаров, А. М. Царегородцев, В. С. Прохоров, Н. Г. Иванов, А. И. Гуров, А. Ф. Зелинский, У. С. Жекебаев, Ғ. Ы. Баймурзин, Р. Н. Судакова, Б. М. Нұрғалиев, С. М. Әпенов, Н. Г. Угрехелидзе, Р. Д. Сабиров, Л. Д. Гаухман, арнайы монографиялық еңбектер түрінде жүргізген. Б. А. Куринов, Ю. М. Ткачевский, Ю. А. Красиков, И. М. Карпец, В. А. Владимиров, Д. О. Хан-Магомедов, А. Ф. Зелинский, Н. А. Беляевтардың оқулық құралдарында, Р. Д. Сабиров, А. Н. Телеченко, Н. В. Володько, У. Лыхмус, П. К. Франгополов, А. Ф. Ананьин, И. А. Ребане, В. Н. Черновтың, журналдық мақалаларында қылмысқа қатысушылықтың әр жақты мәселелері қарастырылды.

Осы аталған және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және практикалық маңызы зор екендігі күмәнсіз. Бұларда берілген шешімдер мен бағыттар, қоғам үшін қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысқа қатысушылыққа қылмыстық-құқықтық тұрғыдан күресті дұрыс, әрі ұтымды ұйымдастыруға бағытталған. Бұл зерттеушілердің еңбектерін талдай келе қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, оның қоғамға қауіптілік дәрежесі, қатысу нысандары мен түрлері, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының жалпы және арнайы мәселелері, саралау қатысты ережелер де даулы екендігін кездестіруге болады. Біз зерттеуімізде қылмысқа қатысушылықтың негізгі, әрі даулы мәселелерінің бірі ретінде танылатын жауаптылық қолдану және оны жекеше қолдануға қатысты мәселелерін қарастыруға және практика қызметі үшін сапалы, әрі тиімді шешімдер жасауға тырыстық.

Дипломдық жұмысты зерттеудің мақсаты қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау және оларға жауаптылық белгілеуге байланысты қылмыстық құқықтық ережелерді жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін көтеру үшін осы тақырыпқа байланысты пайда болған даулы мәселелерді зерттей отырып, ұтымды әрі дұрыс бағыттағы шешім көрсету болып табылады. Жұмыстың барысына қойылған мақсаттар осы жұмыстың міндеттерін де білдіреді және зерттеудің мақсаттары мен міндеттері төмендегідей мәселелерге шешім табумен анықталады.

1. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын белгілеуге әсер ететін қылмыстық құқық теориясында орын алған мәселелерге шешім жасау.

2. Қылмысқа қатысушылар жауаптылығының жалпы мәселері ретінде қылмысқа қатысушылықтың нысандарымен байланыстыра отырып, 28 және 235 баптарды қолданудың негіздерін анықтау.

3. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын жеке даралау ұғымының қылмыстық құқықта жалпы тәртіпте белгіленген осы қағидамен ара қатынасын анықтап, қатысушылардың жауаптылығын жеке даралаудың негіздерін көрсету.

4. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын жекешелеудің қатысушылық нысандары бойынша ерекшеліктерін көрсетіп, бұл жағдайда да жекешелеудің негізі ретінде қолданылуға жататын белгіні анықтау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Кіріспеден, үш бөлім және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Қылмысқа қатысушылық институтының пайда болу тарихы және оның қылмыстық құқықта алатын орны

  1. Қылмысқа қатысушылық институтының пайда болу тарихы және қылмысқа қатысушылық ұғымының Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша дамуы

Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқықтық институт ретінде өте ерте замандардан бастау алады және үнемі заң шығарушылар тарапынан жетілдірілуде. Бұл мәселенің ерте замандардағы құқықта-ақ қарастырылу себебін қылмысқа қатысушылықтың қоғам дамуымен тәуелсіз немесе әлеуметтік-құқықтық тұрғыда арнайы бағалаусыз-ақ қылмыстық сипатта болуына байланысты деп түсінген дұрыс. Өйткені ерте замандарда-ақ қылмысты әрекеттер болып саналған кісі өлтіру, адамды жарақаттау, ұрлық сияқты әрекеттердің қоғамға қауіптілігі күмән тудырмаған және осындай қылмыстарға қатысу да қылмысты әрекеттің жеке нысанын білдірген. Бірақ ол кездердегі қылмысқа қатысушылыққа қатысты мәселелердің шешілу деңгейін қазіргі деңгеймен салыстыруға болмайды, ол кездерде қоғамдық болмысты танудың әлі жеткілікті болмауына байланысты құқықтық реттелуге жататын кейбір елеулі мәселелер шешімін таппаған және мұндай мәселелер құқық мазмұнында қарастырылғанның өзінде де сапалы түрде шешілмеген. Мысалы Ерте уақыттардағы Ману, Хамурапи, Рим заңдарында қылмысқа қатысу мен қылмысқа жанасу бір-бірінен ажыратылмай, қылмысқа жанасушылықты құрайтын алдын ала келісім бермей қылмысты хабарламау немесе жасыру, қылмыстың жасалуына жол беру іс-әрекеттері қылмысқа қатысушылық ретінде қарастырылған. Ең алғаш рет қылмысқа қатысумен жанасқан құбылыс ретінде қылмысқа қатысушылық туралы Хамурапи Заңдарында айтылған[4] .

Қылмыстық құқықта «қылмысқа қатысу» ұғымы қылмыстық әрекеттің ерекше нысаны ретінде қарастырылады. Өйткені қылмысты бұл нысанда істеудің жеке дара қылмыс жасаумен салыстырғанда қауіптілік дәрежесі, келтіретін залалы анағұрлым зор, сондай-ақ қылмысқа қатысушылықтың негізгі мәселесі әдеттегідей қылмысты бір адам жасаумен және бір адамға жауаптылық белгілеумен салыстырғанда өзгеше қарастыруды қажет ететіндігіне немесе жеке адамның әрекеттеріне талдау жасағанға қарағанда бір неше адамның жасаған бір қылмыс уақиғасындағы қатысу сипаты мен дәрежесіне қарай өзгешелік орын алатындығына байланысты болып табылады.

Топ адамдардың жасаған қылмыстарын арнайы зерттеумен айналысқан ғалым М. А. Әлжаппаровтің алдын ала келісіммен жасалған топ адамдардың қылмыстары белгілерінің көлемі туралы « топ адамдар жасаған қылмыс деп саралау үшін мыналарды анықтау керек: а) орындаушылардың көп болуы, б) әр қайсысының қылмыстың обьективтік жақтың құрамы белгілеріндегі әрекеттерді орындауға толық немесе ішін ара қатысуы, в) қылмысты бірлесіп жасауы, г) бірлесіп қылмыс жасаудағы әр қатысушының қасақаналығы, д) бірлесіп қылмыс жасау жөніндегі түсіністікті құрайтын, топ мүшесінің әрекеттерінің келісімділігі, е) топ болып қылмыс жасаудағы алдын ала келісім» [5] .

Негізінде бұл зерттеушілердің топ адамдар түсінігін ашуға арналған белгілердің көлемі мен олардың түсінігінде аса айырмашылық жоқ десе де болады. Негізгісі топ адамдар жасаған қылмыстарды сипаттайтын немесе оның түсінігін ашатын белгі «обьективтік жақ белгілерін орындауға толық немесе ішін ара қатысуы екендігін байқауға болады. Ал өзге белгілері бойынша толығымен қылмысқа қатысушылықтың түсінігіне немесе оның жекелеген нысандарының белгілерімен дәлме-дәл келеді. Біздің ойымызша топ адамдар қылмыстылығы қылмысқа қатысушылықтың бір көрінісі немесе оның жеке бір нысаны болып табылады, мұның дәлелі ретінде ҚК 31 бабының 1 және 2 бөліктерінде топ адамдардың қылмысты әрекеттері қылмысқа қатысудың жекелеген нысандары ретінде бейнеленуімен де дәлелдеуге болады.

Қылмысқа қатысушылықта абайсыздықтағы кінәні осылай шектей отырып, оны тек қасақаналықпен орын алатын қылмыс жасау тәсілі ретінде мойындаймыз. Бірақ қолданыстағы қылмыстық заңның 27 бабындағы қасақаналық белгісінің екі рет көрсетілуі қаншалықты дұрыс деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап іздеу үшін қасақаналық ұғымының мағынасын, ондағы әр түрлі психикалық қатынастар түрлерін анықтау қажет. ҚК 20 бабының 2 бөлігі бойынша «Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған деп танылады». Сондай-ақ, осы баптың 3 бөлігінде «Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады» деп анықталған[6] . Демек, қасақаналықтың қай түрінде болса да кінәлі өз іс-әрекеттерінің қоғамға қауіпті екендігін сезеді, одан белгілі бір зардаптар туындайтынын көре біледі және тікелей қасақаналықта осындай зардаптардың болуын тілесе, ал жанама қасақаналықта осы зардапқа саналы түрде жол береді немесе мән-мағынасыз қарайды. Осы айтылған заң ережелерін және кінә түрлеріндегі адамның өз әрекеттеріне және оның нәтижесіне деген психикалық қатынастарының қандай болатынын анықтауға немесе түсінуге болады. Яғни, қасақаналық белгілері бойынша жасалатын әрекетке деген қасақаналықты ғана емес, әрекеттің салдарынан туындайтын зардапқа деген де психикалық қатынасты құрайды деп түсінуіміз керекҚылмысқа қатысудың нысандарының негізгі мағынасы да бір неше адамдардың қасақана бірлескен қылмысты әрекеттері барлық кездерде бірдей бола бермей, оларда кейде обьективтік және субьективтік белгілеріне қарай айырмашылықтары болатынын, соған сәйкес іс-әрекетті саралауда, жауаптылық белгілеуде ерекшеліктер болатынын білдіреді. Яғни екі немесе одан көп адамдар бірлесіп қасақана қылмыстарды жасағанда олар барлық кездерде роль бөліп қатыспай, кейде бірге орындау түрінде, ал кейде тұрақты түрде қылмысты әрекеттермен айналысуы мүмкін. Сондықтан топ адамдардың жасаған қылмыстары барлық обьективтік, субьективтік белгілері бойынша қылмысқа қатысушылыққа сәйкес келеді және қатысушылық тәсілінде қылмысты ниеттерін қанағаттандырудың жеке нысанын білдіреді деп түсінеміз.

1. 2 Қылмысқа қатысушылықтың обьективтік белгілері

Қылмыстық құқық теориясында қабылданған объективтілікпен субъективтілік бөліну әдісіне сәйкес қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік объективтік және субъективтік белгілері бар. /Қосымша 2/

Қылмысқа қатысушылықтың обьективтік белгілері ретінде жасалған қылмысқа кем дегенде екі адамның қатысуы, іс-әрекеттердің бірлескен түрде орындалуы немесе бұл іс-әрекеттердің бір-бірімен себепті байланыста болуы алынады.

Қылмысқа қатысушылардың арасында бірлестіктің болуы белгісін зерттеу әдебиеттерінде әр көлемде қарастырады. Мысалы Г. А. Кригер, П. И. Гришаев «қылмысқа қатысушылардың бірлестік белгісі төрт элементтен құралады: 1) қылмыстың бір неше адамдардың бірлескен түрде күш біріктіруінің нәтижесінде жасалуы;

2) қылмыстың нәтижесінің барлығына ортақ болуы;

әр қатысушының әрекеті басқа қатысушының нақты жағдайларда қылмыстың жасалуы үшін қажетті әрекеттерді жасауының шартты болуы;

қылмыстың нәтижесі немесе қылмыстың орын алу фактісінің әр қатысушының әрекетімен себепті байланыста болуы» дей отырып, бірлестік белгісінің құрамын анықтайды.

Сондықтан «қылмысқа қатысушылықтың түсінігі үшін қылмысқа қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс болуы керекпе, керек болса ол байланыс қандай болуы керек, қалай сипатталады» деген А. Н. Трайниннің сұрағына мынандай шешім беруге болады. Қылмысқа қатысушылықтың қай нысанында болмасын, қылмыс бірлескен түрде орындалды деп тану үшін бірінші кезекте қатысушылардың арасындағы байланыстың бар жоқтығын анықтау керек және ол байланыс бағыты бойынша тікелей, яғни қылмысты орындауға бағытталған және сипаты бойынша қажетті, яғни әлеуметтік-құқықтық жағынан алғанда қоғамға қауіптілігі анық іс-әрекеттер болуы шартты. Қатысушылардың араларында байланыс осындай бағытта және мағынада болғанда ол байланыс жай байланыс емес, қылмыстық құқықта әдетте талап етілетін себепті байланысты білдіреді және мұндай байланыс туындаған елеулі зардаппен де себепті байланыста болады. Мұндай себепті байланыс осындай сипатта әрекетпен зардаптың арасында орын алатындықтан, оны әрекетпен зардаптың арасындағы немесе себеппен салдар арасындағы обьективтік қажеттілік ретінде бағалауға болады. Сондықтан С. М. Әпенов «қылмысқа қатысушыларда қылмыстың зардабы мен осы қылмысты жасаған адаммен себепті байланыс болу керек» деген бағытын дұрыс көреміз және біздің талдауымыздың нәтижесі де осындай шешімге әкеледі[7] .

Қылмысқа қатысушылықтағы себепті байланыстың бір адаммен жасалған қылмыстармен салыстырғанда кейбір ерекшеліктерін байқауға болады. Мұндай ерекшеліктерді анықтауда жай және күрделі қылмысқа қатысуды бөліп қарау қажет.

Қылмысқа қатысушылықтың обьективтік белгілерінің түрлері және олардың сипаттамасы осылармен шектеледі деуге болмайды, қылмысқа қатысу нысандарына қарай басқа да обьективтік белгілер өмір сүреді. Ол белгілер қылмысқа қатысу нысандарын бір-бірінен ажыратушы немесе нақты бір нысанның түсінігін ашатын белгілер болып табылады, ал жоғарыда айтылғандар жалпы қылмысқа қатысушылықтың немесе барлық қылмысқа қатысу нысандарына ортақ обьективтік белгілері болып табылады.

Қылмысқа қатысушылықтың обьективтік белгілері оның субьективтік белгілерімен тығыз байланысты. Өйткені, қылмысқа қатысушылықтың субьективтік белгілері қылмысқа қатысушылардың ішкі ойын немесе психикалық бағытын білдіреді.

1. 3 Қылмысқа қатысушылықтың субьективтік белгілері

Қылмысқа қатысушылықтың субьективтік белгілері ретінде, әдетте қылмыстық құқықта айтылатындай, кінәлі адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттерді жасауы кезінде орын алған ішкі сезімдерінің немесе адамның ми жүйесі қызметіндегі қылмысты әрекетке және оның нәтижесіне қатысты белгілердің жиынтығы, сонымен қатар қатысушы адамдардың қылмысты әрекеттерінің келісімділігін білдіретін өз ара түсіністік алынады деуге болады.

Субъективтік жағынан қылмысқа қатысу қылмыстық заңда көрсетілген белгілермен анықталады. Олардың қатарына қылмысқа қатысушылардың қылмысты ой-ниеттерінің бірлескен түрде жүргізілуі, қасақана әрекеттер жасай отырып қасақана қылмыстарға қатысуы, сонымен қатар алдын ала келісімнің болуы (бұл белгі барлық қылмысқа қатысушылықтарда болуы міндетті емес) жатады.

Қылмысқа қатысушылықтағы субьективтік белгілердің бірі ретінде қолданылатын қасақаналықтың интеллектуалдық белгілерін былай анықтауға болады:

а) жасалатын іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білуі;

ә) басқа қатысушылардың да әрекеттерінің қоғамға қауіпті екендігін білуі;

б) бірлескен әрекеттен туындайтын зардаптың болуын білу мүмкіндігі.

Еріктілік кезеңді қылмыстың жасалуын, оның нәтижесін тілеу немесе саналы түрде жол беру құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері
Қатысып қылмыс жасау түсінігі, нысаны, түрлері және тарихи даму аспектілері
Автомобильді не өзге де көлік құралдарын заңсыз айдап әкету үшін қылмыстық жауаптылық
Қылмысқа қатысушылық нысаның түсінігі
Қылмысқа қатысу түсінігі
Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz