Мүк тәрізділердің практикалық маңызы



І. Кіріспе
Мүк тәрізділер бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Мүк тәрізділердің классификациясы.

2.2. Мүк тәрізділердің шығу тегі мен дамуы.

2.3. Мүктердің көбеюі.


ІІІ Қорытынды
Мүк тәрізділердің практикалық маңызы
Мүктер бөліміне өмір сүруге ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Аздаған мүк тәрізділер ылғалы жеткіліксіз облчстарда өмір сүреді. Мысал ретінде оған жасыл мүк туысының Tortula desertorum және басқада түрлерін, Riccia-ның көптеген түрлерін алуға болады.Бұлтмүктер жылды құрғақ мезгілінде тыныштық күйде болады да, ылғал түсісімен өсуін жалғастырады.
Мүк тәрізділердің қарапайым түрлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді, олардың вегативтік денесі таломнан немесе слоевищден тұрады. Жақсы жетілген мүк тәрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді. Барлық мүктер тәрізділердің тамырлары болмайды.
Өсімдіктің субстратқа бекінуін және топырақтан ылғалды қабылдау қызметін ризоидтары атқарады. Ризоид дегеніміз сыртқы клеткаларда болатын өсінділер.
Өткізгіш системасы шоқ түрінде болмайды, тек кейбір өкілдерінде (жапырақты сабақты мүктерді ішінде Polytrichaceae тұқымдасында) трахейдтер мен сүзгілі түтіктерге ұқсас өткізгіш элементтері пайда болады. Олар басқа жоғары сатыдағы өсімдіктердің орталық цилиндрінің құрылысына ұқсас жобада пайда болады.
Мүк тәрізділерді басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден ерекше бөліп тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму циклінде гаметофитінің (жыныстық ұрпақтың) басым болуы және спорофитінің (жыныссыз ұрпақтың) біршама нашар жетілуі. Сонымен бірге спорофитінің тіршілігі барлық уақытта гаметофитпен байланысты.
1. М.Қожабекова, Г.Қожабекова. Дәрілік өсімдіктер.Алматы, 1982ж.
2. Р.Әлімқұлова, М.Тәртенова. Қызықты ботаника. Алматы, 1979ж
3. Денсаулық журналы. №6,2005ж
4. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002ж
5. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Алматы, 2005ж
6. Ж.Қалекенұлы. Өсімдіктер физологиясы. Алматы, 2004ж
7. Жалпы биология журналы. Алматы, №2, 2006ж
8. А.Г. Еленевский, М.П.Соловьева, В.Н.Тихомиров. Ботаника систематика высших, или наземных, растений. Москва, 2001ж
9. Биология және қоршаған орта журналы. Алматы, №3, 2006ж
10. Биология және салауаттылық негізі. Алматы, №6, 2004ж

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
Мүк тәрізділер бөлімі.

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Мүк тәрізділердің классификациясы.

2.2. Мүк тәрізділердің шығу тегі мен дамуы.

2.3. Мүктердің көбеюі.

ІІІ Қорытынды
Мүк тәрізділердің практикалық маңызы.

Мүктер бөліміне өмір сүруге ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса
ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады.
Аздаған мүк тәрізділер ылғалы жеткіліксіз облчстарда өмір сүреді. Мысал
ретінде оған жасыл мүк туысының Tortula desertorum және басқада түрлерін,
Riccia-ның көптеген түрлерін алуға болады.Бұлтмүктер жылды құрғақ
мезгілінде тыныштық күйде болады да, ылғал түсісімен өсуін жалғастырады.
Мүк тәрізділердің қарапайым түрлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді,
олардың вегативтік денесі таломнан немесе слоевищден тұрады. Жақсы жетілген
мүк тәрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді. Барлық
мүктер тәрізділердің тамырлары болмайды.
Өсімдіктің субстратқа бекінуін және топырақтан ылғалды қабылдау
қызметін ризоидтары атқарады. Ризоид дегеніміз сыртқы клеткаларда болатын
өсінділер.
Өткізгіш системасы шоқ түрінде болмайды, тек кейбір өкілдерінде
(жапырақты сабақты мүктерді ішінде Polytrichaceae тұқымдасында) трахейдтер
мен сүзгілі түтіктерге ұқсас өткізгіш элементтері пайда болады. Олар басқа
жоғары сатыдағы өсімдіктердің орталық цилиндрінің құрылысына ұқсас жобада
пайда болады.
Мүк тәрізділерді басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден ерекше бөліп
тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму циклінде гаметофитінің
(жыныстық ұрпақтың) басым болуы және спорофитінің (жыныссыз ұрпақтың)
біршама нашар жетілуі. Сонымен бірге спорофитінің тіршілігі барлық уақытта
гаметофитпен байланысты.
Спорофит мүк тәрізділерде спорогон деп аталады. Ол ішінде спорасы,
төменгі жағында сағағы (тірсегі) бар қорапшадан тұрады. Сағақтың
(тірсектің) төменгі жағы емшек тәрізді жуандап келген, оны гаусторий деп
атайды.
Осы гаусторий арқылы спорогон гаметофиттің денесіне еніп, одан өзіне
қажетті қоректік заттарды алады.
Мүк тәрізділердің спораларынан протонема (алғашқы жіпше, өскінше)
дамиды. Ол балдырға ұқсас жіп немесе табақша (пластинка) пішінді денешік.
Протонеманың сырт қарағанда толық жетіліп қалыптасқан Протонема тікелей мүк
өсімдігіне айналады, не болмаса бүршіктер түзеді. Осы бүршіктерден
келешегінде нағыз мүк өсімдігі пайда болады.
Толық жетілген өсімдікте антеридийлері мен архегонийлері пайда болады
(көп жағдайда әртүрлі особьтарда).
Антеридийлерде екі талшығы бар сперматозойдтар жетіледі. Ұрықтанғаннан
кейін зиготадан спорогон жетіледі.
Bryophyta өте ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы. Мүк тәрізділердің
қазба түріндегі қалдықтары тас көмір дәуірінен белгілі. Алайда олар
күмәнсіз ұзақ эволюциялық жолдан өткен толық қалыптасқан өсімдіктер.
Сондықтан мүк тәрізділердің пайда болған уақытын әлде қайда кейінге- девон
немесе силур дәуірлеріне шегерген жөн.
Кейбір риниофиттердің (Horneophyton-ның) мүк тәрізділерге ұқсас
белгілерінің бар екендігі белгілі (спорангийлері сфангумның қорапшасының
құрылысына ұқсас). Бұл дегеніміз мүк тәрізділер мен бізге белгілі
риниофиттердің ертеректе туыстық жақындарының болғандығын және олардың арғы
тегінің бір екендігін көрсетеді. Ал риниофиттердің қалған жоғары сатыдағы
өсімдіктердің алғашқы бастамасы болып келетіндігі белгілі. Мүк тәрізділер
мен риниофиттер жер бетіндегі ең қарапайым түрлерінен пайда болған. Шамасы
ол өсімдіктердің гаметофиттері мен спорофиттері бірдей дамыған болса керек.
Одан әрі дамудың барысында Bryophyta-ның гаметофиті негізінен жақсы
жетіліп, ал қалған жоғары сатыдағы өсімдіктерде керісінше спорофиті
прогрессивтік бағытта дамып, гаметофиттері редукцияға ұшыраған. Сонымен
Bryophyta эволюцияның дараланған жеке бір бұтағы болып есептелінеді.

2.1. Мүк тәрізділердің классификациясы.

Bryophyta бөлімі 3 класқа бөлінеді: бауыр мүктері класы
(Hepaticopsida), Антоцероттар класы (Anthocerotopsida) және жапырақты
сабақты мүктер класы (Bryosida). Айта кеткен жөн бірқатар биологтар
антоцероттарды бауыр мүктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы
немесе қатары ретінде қарастырады.
Мүк тәрізділерді инвентаризациялау әлі күнге дейін аяқталмаған, әсіресе
биологтар тропикалық және оңтүстік жарты шар аймақтарын нашар зерттеген.
Дүние жүзі бойынша шамамен 22000-нан 27000-ға дейін мүк тәрізділердің
түрлері кездеседі. Олардың 8500 дейін бауыр мүктері (280 туыс), 14500-ге
дейін (кейбір авторлардың мәліметтері бойынша 18000-дейін) жапырақты-
сабақты мүктер деп қарастырады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің систематикасында мүк тәрізділер ерекше
дараланып тұрады. Мүк тәрізділермен қазіргі кезде кездесетін жоғарғы
сатыдағы өсімдіктердің басқа бөлімдермен өкілдерінің арасында формаларда
байқалмайды. Сондықтан да көп уақыттан бері мүк тәрізділер жоғары сатыдағы
өсімдіктердің басқа топтарына мүлдем байланыссыз, тікелей балдырлардан
пайда болған деген жорамалдар айтылып жүр және олар қазіргі кезде көп
қайталануда.
Қалай болғанда да мүк тәрізділер жер бетіндегі өсімдіктердің ертеде
пайда болған тобы. Бұл өсімдіктердің шығу тегін және жекелеген топтарының
арасындағы туыстық байланыстарын анықтауда ең маңызды мәліметті олардың
қазба түріндегі қалдықтарын зерттеу (палеоботан,иалық мәліметтер) береді.
Алйда мүк тәрізділердің құрылысының қарапайым болуы және олардың қазба
түрінде нашар сақталуына байланысты табылған полеоботаникалық материалдар
өте аз. Сол себепті бұл материалдар мүк тәрізділердің филогенезі жөнінде
дәлелді пікір айтуға жеткіліксіз.
Мүктер класының сфагнум мүктер қатарының өкілі сфагнум мүгі –
Sphagnidae немесе ақ мүк. Сфагнум мүгі сазды, батпақты жерлер мен

батпақтанған шалғындықтарда, ылғалды ормандарда өседі. Кепкенде түсі ағарып
кететіндіктен, ақ мүк деп те атайды.
Ақ мүктің сабағы ұзын, жан-жаққа тарамдалған, бірақ өте нәзік, әлсіз,
майда жапырақтары бар, тамыры да, ризоиды да болмайды. Жапырағы бір қабат
жасушалардан тұрады. Бір жасушалары жасыл түсті хлорофилі бар тірі болса,
екінші жасушалары түссіз - өлі болады. Өлі жасушаларының қабықшасындағы
тесіктері арқылы су кіріп, мүктің салмағы артады. Ақ мүктің осы қасиетін
батпақты жерлерді құрғатуға пайдаланады. Құрғақ күндері өлі жасушаларының
іші ауаға толы болатындықтан өсімдіктің түсі ақ болады.
Көбеюі жасыл мүкке ұқсас болып келеді. Айырмашылығы ақ мүк бір үйлі
өсімдік. Антеридий мен архегоний бір өсімдіктің сабағының ұшында дамып
жетіледі, ұрықтанған аналық зигота, зиготадан қысқа аяқты, пішіні дөңгелек
келген қорапша-спорогон дамиды. Қорапша ішіндегі спорангилерде споралар
дамып жетіледі. Споралардың палстинка тәрізді протонемалар өсіп, одан ақ
мүктің сабағы, жапырақтары өсіп шығады.

2.2 Мүк тәрізділердің шығу тегі мен дамуы

Сондықтанда мүк тәрізділердің шығу тегі мен эволюциясы туралы сөз
еткенде, негізінен олардың қазіргі кезде кездесетін өкілдерін салыстырмалы
түрде зерттеудің нәтижесінде жиналған материалдарды басшылыққа алған
жөн(морфологиялық, эмбринологиялық,цитологиялық, географиалық таралуы және
басқалар). Әрине бұл мәліметтерде тлас туғызбайды деп айту қиын.
Сондықтанда ботаниктердің арасында мүк тәрізділердің шығу тегі мен
эволюциясы туралы көзқарас бірдей емес. Қайта бұл жөнінде бірін-бірі көбіне
жоққа шығаратын, диаметриальді қарама-қайшы келетін көзқарастар толып
жатыр. Сондықтан да бұл мәселелердің түпкілікті шешілуі келешектің ісі. Мүк
тәрізділердің вегетативтік оргондарының қалдықтары таскөмір дәуірінің соңғы
кезеңдерінен белгілі екендігі ешбір талас туғызбайды. Сол кездерден бауыр
мүктерінің оның ішінде Marchantiaceae-ға ұқсас таломды және Polytrichaceae-
ға ұқсас жапырақты-сабақты формалары белгілі. Алайда соңғы кездері мүк
тәрізділерді споралары (папоротник тәрізділердің спораларымен бірге)
бұрынғы БОР-дың территориясында силур және девон қабаттарынан белгілі болып
отыр. Ал құрғақта кездесетін өсімдіктердің споралары Балтық бойында тіпті
камбрий және кембрийге дейінгі қабаттардан табылды.
1957 жылы перм қабаттарынан жасыл мүктердің 4 түрі және Protosphagnum
деген жаңа туыс сипатталып жазылды. Соңғысының өкілдері сфагнум мүгінің
жапырағында жүйкелерінің болмауымен ажыратылады. Палеозой эрасынан бауыр
мүктерінің 7 түрі және жапырақты –сабақты мүктердің 13 түрі, жасыл
мүктердің 1туысы және Sphagnum-ның 1 түрі белгілі.
Кайнезойда мүк тәрізділер өте көп кездеседі.Үшінші дәуірден баур
мүктерінің 34 түрі және жапырақты-сабақты мүктердің 105 түрі белгілі.
Олардың қазіргі кездерде кездесетін мүктерден айырмашылығы жоқ деп айтуға
болады.
Үшінші дәуірде алғашқы рет жапырақты-сабақты бауыр мүктері кездеседі.
Сонымен, қазіргі кездегі палеоботаникалық мәліметтер мынаны көрсетеді׃

1) мүк тәрізділер өте ертеде пайда болған және жеке дараланған
өсімдіктердің тобы. Қазба түріндегі мүк тәрізділердің ішінде
жоғары деңгейде дамып қалыптасқан өсімдіктердің бар екендігі
бізге белгілі. Ол дегеніміз мүк тәрізділердің ұзақ эволюциялық
даму сатысынан өткен өсімдіктер екендігін көрсетеді (ең аз
дегенде силури дәуірінен);
2) мүк тәрізділердің үш класы да Hepaticopsida, Anthocerotopsida,
Bryopsida-да өте ертеде дараланған, шамасы силурий дәуірінде
немесе одан да ертеректе;
3) бауыр мүктерінің ішінде талломды формалары жапырақты-
сабақтыларына қарағанда бұрынырақ пайда болған. Соңғылары тек
неогеннен бастап белгілі;
4) сфагнум мүктері өте ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы,
олардың палеозой эрасында пайда болғандығы күмән туғызбайды.

Алайда мүк тәрізділердің тікелей шыққан тегін палеоботаника бізге
аша қойған жоқ. Қазіргі кездердегі және қазба түріндегі Bryophyta-ның
құрылыстары жөніндегі қолда бар мәліметтердің барлығы, олардың жекелеген
қатарлар мен кластарының арасында тығыз байланыстың бар екендігін және мүк
тәрізділердің барлығының шыққан тегінің бір екендігін бұлтартпай
дәлелдейді.
Алайда бұл байланыстар мүк тәрізділердің тармақтарының барлығын бір
бағытта дамыған деп қарап, оларды системада бір түзудің бойына орналастыру
жеткіліксіз. Басқаша айтқанда сөз етіп отырған байланыстар мүк
тәрізділердің барлық тармақтарын, системада бір түзудің бойына
орналастырарлықтай, бір-бірімен соншалықты тығыз жақындастырмайды. Бөлім
секілді үлкен тармақтарда, даму әрине әр түрлі бағытта жүрген, параллель
дамығандары да болған. Сонымен бірге эволюциялық тұрғыдан алып қарағанда
әртүрлі бағытта дамыған мүк тәрізділердің бір-біріне ұқсас белгілері пайда
болған.
Барлық қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, мүк тәрізділердің шығу
тегі мен эволюциясын мына тұрғыда беруге болады.
Мүк тәрізділердің эволюциясының гаплойдты (гаметофиттік) тармағы
жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертеде пайда болған тобы. Ол басқа
диплоидты (спорофиттік) тармақ секілді балдырлардың ертедегі бір түрлерінен
пайда болған. Бұл балдырлардың паренхималық клеткалардан
тұратын,субстраттың бетінде төселіп жататын талломдары дорзовентральді
дихотомиялы бұтақтанған болып келеді. Олардың ұрпақ алмасуы айқын
байқалады, әдетте гаметофитпен спорофит бірдей дамиды (изоморфты ұрпақ
алмасу) Гаметофитінде көп клеткалы гаметангилері жетіледі. Олар қазіргі
кезде кездесетін ткейбір қоңыр балдырларда гаметангилеріне ұқсас болады, ал
спорофитінде спорангилері (шамасы, тетроспорангилері) қалыптасады. Осындай
балдырлар құрлықта өмір сүруге ауысқан. Олардың көп клеткалы гаметангийлері
архегоний мен антеридийге айналған.
Ұрықтану архегонийдің ішінде жүре бастаған және ол
балдырлардағыдай сулы ортада емес, құрлық ортада іске асу мүмкіндігіне ие
болған. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан пайда болған спорофит біртіндеп өз
бетінше өмір сүру мүмкіндігінен айрылып, гаметофиттің есебінен жартылай
паразиттік өмір сүруге ауысқан. Қысқасы спорофиттің өмірі гаметофитпен
тығыз және тұрақты байланыста болады. Бұл жағдай спорофиттің редукцияға
ұшырауына әкеліп соқтырады. Алғашқы кездерде спорофит үлкейіп өсіп,
архегонидің қабырғаларын жыртып шығып, сыртқа түсіп қалып отырған. Кейіндеу
спорофиттің біртіндеп редукцияға ұшырауының нәтижесінде жекелеген
спорангийлер бір-бірімен біртіндеп тұтас споралық денешік (масса), бірыңғай
спорангий түзеді. Споралардың жер бетінде дамуы оларды қорғауды қажет
етеді. Біртұтас болып, қалыптасқан спорангийлердің сыртқы клеткалары
жыныстық қабілетін жоғалтып қорғаныш қабатын түзеді – спорогонның
қабырғасын.
Спорофит одан әрі әбден жетілген. Спорофиттің төменгі жағынан
гаусториясы жетіледі, ол гаметофиттің ұлпасына еніп тұрады.
Жер беті жағдайында споралардың жақсы шашылуына бейімділік пайда болған
(қорапшаны спораларымен өсімдіктің үстіне көтеріп шығаратын тірсектің
жетілуі, пружиналардың пайда болуы, қақпақшалардың қалыптасуы т.б.)
Гаметофит алғашқы кезде пластина тәрізді, талломды, ауалы ортада жетіле
отырып, жыныстық процестерден басқа спорогонның дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге өзіде одан әрі жетіле түседі. Ол ассимиляция процесі көп
жүретін талломның үстінгі қабатын жетілдіреді . Біртіндеп мүк тәрізділердің
жапырақты сабақты формалары қалыптасқан және олардың ең құрылысы
күрделілері аса үлкен мөлшерге жеткен. Осы мүктердің батпақта емес,
құрғақтау жерлерде өсетіндерінің, сабақтарының анатомиялық құрылысы
стельдік құрылысты сабақтарға өте ұқсас болады. Алайда гаметофиттің негізгі
атқаратын қызметі жыныстық процесті қамтамасыз ету болып табылады. Ол
ылғалды ортада бір жерден екінші жерге жылжып отыратын, қозғалғыш
сперматозоидтардың көмегімен жүзеге асады. Осы жағдайлар гаметофиттердің
құрлыққа ауысуына бірден-бір мүмкіндік береді. Дегенмен мүк тәрізділердің
таралуы ылғалды ортамен шектелген болады. Ал қалған жоғары сатыдағы
өсімдіктердің тобының даму циклында спорофиті басым болып келеді, олар
құрғақта өмір сүруге жақсы бейімделген және қысқа уақыттың ішінде құрлықты
тұтас жауып кеткен.
Сонымен, мүк тәрізділердің дамуы талломды формалардан жапырақты сабақты
формаларға қарай жүрген.Жапырақты сабақты мүктерді, жоғары сатыдағы
өсімдіктердің дамуының, талломды фазасын өтпей-ақ, тікелей талломды
балдырлардан шыққан деп айту қиын.
Мүк тәрізділер қандай балдырлардан пайда болуы мүмкін? Жоғарыда
айтылғандай, ол шамасы қоңыр балдырлар болса керек. Олардың ішінде
морфологиялық құрылысы жағынан әлдеқашан күрделі жағдайға жеткен формалары
кездеседі. Бұларға қазіргі кездегі Dichtyota6 Laminaria және т.б. мысал
бола алады. Тек қоңыр балдырларда ғана көп клеткалы гаметангилер болады.
Алайда қоңыр балдырлардың түсінің қоңыр болуы және клетка құрылысының
басқаша болуы, олардан мүк тәрізділерді шығаруды қиындатады. Сондықтанда
кейбір ғалымдар мүк тәрізділерді жасыл балдырлардан шығарады. Шындығында,
тең талшықты жасыл балдырлардың пигменттерінің құрамы мүк тәрізділердің
пигменттерімен бірдей (хлорофилл, ксантофил, каротин), қор заты ретінде
оларда крахмал жиналады. Олардың екеуінде де клеткаларының құрылысы мен
клетка қабықшаларының құрамы да өте ұқсас. Ең соңында осылардың екеуінің де
сперматозоидтарының ультраструктурасының өте ұқсас екендігін аңғарамыз.
Жасыл балдырлардың ішінде (қазіргі кездерде кездесетін және жойылып кеткен
өкілдерінің ішінде) морфологиялық жағынан күрделі, тілімделген талломы
және қоңыр балдырларға тән көп клеткалы гаметангийі бар түрлері біздерге
белгісіз. Алайда К.И.Мейер 1930 жылдардың өзінде хетонема деген жасыл
балдырлардан көп камералы антеридийді сипаттап жазған. Олардың басқа хара
балдырларыныңда құрылысы ерекше болып келетін, көп клеткалы жыныс органдары
болады. Бұл балдырлардың вегативтік денесінің күрделі болып келуі, жасыл
балдырлардың жер бетіндегі өсімдіктерге тән құрылысқа ұмтылғандығын
көрсетеді. Мүк тәрізділерді жасыл балдырлардан шыққан деген көзқарасты
жақтаушылардың тұжырымдауынша, жасыл балдырлардың ішінде бұрын көп клеткалы
гаметангийі бар формалары болған. Бұл жағдай мүк тәрізділерді
Chaetophorales типтес жасыл балдырлардан шығаруға негіз болады. Олардың
талломдарының құрылысының гетеротрихозды екендігі байқалады. Олардың
вегативтік денесінің төменгі жағы субстраттың бетінде төселіп жатады, ал
одан жоғары қарай көбеюге қабілеті бар клеткалардан тұратын тік жіпшелер
кетеді.
Мүк тәрізділердің жорамал тегі, үстіңгі жағында көп клеткалы
гаметангилері бар, паренхималық пластинка түрінде қарастырылып бейнеленген
өсімдіктер болып келеді. Сонымен, олардың хетофоралықтардан айырмашылығы
сол, жерге төселіп өсетін бөлігі біршама жетілген болып келеді, ал тік
бөлігі редукцияға ұшырап, тек жыныс органдары түрінде берілген. Осындай
гетеротрихозды жасыл балдырлар, құрлыққа шығып, одан әрі жоғарыда
сипатталғандай жолмен дамуы мүмкін.
Алайда споралы (жеміссіз) өсімдіктердің жыныс органдары мен
спораларының құрылыстарының арасында үлкен ұқсастықтардың болуы бұл
жорамалға қайшы келеді. Антеридийлер, архегонийлер, спорангилер және
устьицелері секілді күрделі құрылымдардың өсімдіктер дүниесінің бір-біріне
тәуелсіз, екі түрлі эволюциялық линиясының пайда болған деп жорамалдау
қиын. Сондықтанда қазіргі кездерде ботаниктердің көбісі мүк тәрізділер мен
жоғары сатыдағы өсімдіктердің басқа бөлімдерінің шығу тегі бір деген
көзқарасты көбірек мойындауда.
Риниофиттердің ашылуына байланысты мүк тәрізділерді осы ертеде пайда
болған жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір тобынан пайда болуы мүмкін деген
пікір туа бастады. Р.Кидстон және У.Ланг олардың мүк тәрізділердің
редукцияға ұшырауына және гаметофиттерінің прогрессивтік бағытта дамуына
байланысты ойлы пікірлер айтады. Мүк тәрізділердің шығу тегі жөніндегі бұл
жорамалды мынадай бірқатар атақты ботаниктер қолдайды.
Оларға британия палеоботанигі Д.Скотт, Швед палеоботанигі Т.Халлер,
орыс ботанигі Б.М.Козо-Полянский жатады. Бұл жорамалдың пайдасына бірқатар
палеоботаникалық мәліметтерді келтіруге болады. Мысалы, риниофиттерге
жататын хорнеофитонның спорангилерінде сфагнум мен андрея мүктерінің
қораптарында болатын бағаналарға ұқсас бағанасы болған.
Одан басқа хорнеофиттерде өткізгіш системасының алғашқы бастамасын
байқауға болады, бұл жағдай жер асты органдарында - ризомоидтарында
болмайды. Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе, ол спорогонитес деген девон
дәуірінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасыл мүктің құрылысы
Кладофоралы балдырлар қатары
Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы
Жапырақ сабақты бауыр мүктердің жапырақтарының сабақ бойымен орналасуы екі жақтаулы, кезектемескен және супротивті
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Қырықбуынтәрізділер және қырықжапырақтәрізділер бөлімі
Бауыр Мүктер Класы
МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) – ВRҮОРНҮТА
Іле-Алатауы кейбір мүктерінен биологиялық белсенді заттарды алудың сызба-нұсқасын жасау және анализдеу
Саңырауқұлақтар бөлімі-mycophyta
Жапырақты сабақты мүктер
Пәндер