Ежелгі Рим театрының тарихы мен ықпалы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Рим театры

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ежелгі Рим театрыГрек театрмәдениеті дәстүрлі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай, Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Алғаш театр өнерінің пайда болуы - өнім жинап алу мейрамдары кезіндегі ойын-сауықтарға байланысты. Одан кейінгі театр элементтеріән, музыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахна - сатирлерде өрбіді. Б. з. д. 300 жылдар шамасында ұлттық келді. Ателланада маска киген тұрақты 4 кейіпкер болған: Макк, Буккон, Папп және Доссен. Осы кейіпкерлерді ойнайтын әуесқой актерлердіңпьесасы, мәтіні болған емес, сондықтан кең жол ашылды. Ателлананы бертін келе кәсіби шебер актерлер ойнайтын болды.

Б. з. д. III ғасырдың аяғында халық сауығының бір түрі -мимкең етек алды. Римтеатрытарихының жаңа кезеңі тұңғыш драма қойған грекЛивий Андроникесімімен байланысты. Б. з. д. 240 жылы бірінші Пуникалық соғыстың жеңіспен аяқталуына байланысты драмалық қойылым көрсету ұйғарылды. Спектакльб. з. д. 272 жылы әскери тұтқын ретінде Римге келген грек Ливий Андроникке қоюға берілді. Ливий Андрониктің нашар жазылған 14 трагедиясы мен 3 комедиясы бар. Бірақ тарихта олРимдраматургиясының негізін қалаушы әрітеатррепертуарын бірінші құрушы болып қалды. Осы кезеңдетрагедия(претекста) менкомедияның(паллиата) жаңа түрлері пайда болды. Рим трагедияларында хордың рөлі грек трагедияларына қарағанда төмендеді. Грек трагедиясы секілді Рим трагедиясы да өлеңмен жазылды. Театр сауықтары мен спектакльдер жыл сайын мемлекеттік мейрамдар кезінде, сондай-ақ жеңіс шерулері мен қаза жораларында, жоғары қызметке сайлау кездерінде көрсетіліп отырды. Рим мейрамдарында сахналық қойылымдармен біргециркойындары, гладиаторларсоғыстары, қол күресі, т. б. көрсетілетін. Алғашында ойын-сауықтар ғибадатханалар жанында қойылды. Римде тұрақты театр ғимараты б. з. д. I ғасырға дейін болған жоқ.

Қойылымдар үшін далада ағаштан сахна тұрғызылатын. Трагедиядағы көрініс сарай алдында өтсе, комедияға -екі үйдің қасбеті салынған қала көшесі бейнеленген. Көрермендер сахна алдындағы орындықтарда отыратын. Барлық кейін бұзылатын. Комедиямен трагедияларда ателланада сияқты әуесқойлар емес, актер-мамандар ойын көрсете басталды. Оларды актерлер (актер латынның actor-"орындаушы" сөзінен шықкан) немесе гистриондар деп атаған. Актерлер труппа иесі - антрепренер басқарған труппаларда біріғіп жұмыс істеді. Антрепренер билік ұстаған адамдармен келісіп театр қойылымын ұйымдастырған, кеіде өзі басты рөлдерді ойнаған. Труппада әйелдер болмады, олардың рөлін ерлер орындады. Тұңғыш театр ғимаратын б. з. д. 55-52-жылдары сәулетші ұлыГней Помпейтастан тұрғызды. Оған 17580 қөрермен сыятын. Шамамен б. з. д. I ғасырда масканың пайда болуы актерлік өнерлік дамуына кең жол ашты. Өмірге трагедия актеріЭзоппен комедия актеріРосцийкелді. Эзоп пен Росцийга дейінгі трагедия мен комедияның маман актерлері б. з. д. Ill-II ғасырларда маскасыз ойнаған. Масканы бұл жанрларда тек б. з. д. 130 жылдан бастап қол-дана бастады. Сондықтанда гректерге карағанда римляндықтар актерлердің мимикасына да назар аударатын. Ал масканы тек ақсүйектерге жататын әуесқой актерлер киген.

Империя дәуірінде театр өнері мен сауықтары көңіл көтеру, қызықтау құралына айналды. Ойын-сауыққа атты әскер, тұтқындар, кей сәттерде жыртқыш аңдар да қатыстырылды. Б. з. I-II ғасырларда трагедияларды қоюда, ең алдымен, актердің әншілік қабілеті ескеріліп отырды. Көрермендер, әсіресе драманың жеке биі -пантомиманыжәне мим өнерін жоғары бағалады. Цирк ойындары, гладиаторлар сайысы, аңшының кауіпті аңмен айкасын көрсету өріс алды. "Нан мен ойын-сауыкты" талап еткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды.

[өңдеу] Колизей

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Рим тарихы мен өнері: этрустардың ықпалы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің тарихы мен ерекшеліктері
Ежелгі Рим өнері: тарихы мен көркем мұрасы
Ежелгі герман тайпалары мен Рим империясының тарихы
Ежелгі Рим мәдениеті және республика дәуіріндегі әдебиеттің ықпалы (б.з.д. IV-I ғғ.)
Ежелгі Рим құқығы: тарихы, жүйесі және негізгі институттары
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті: Гомер дәуірінен Рим империясына дейін
Латын тілінің тарихы және Рим мәдениетіне грек мәдениетінің ықпалы (әдебиет, театр, сәулет)
Ежелгі Грекия, Рим және Франк мемлекеті: мемлекеттік институттар мен құқықтың даму тарихы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті: антикалық өркениеттің қалыптасуы мен әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz