«Әлеуметтану» дәрістер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   

«Әлеуметтану»

№:
Тақырыптар: Тақырыптар
Сағат саны: Сағат саны
№: 1.
Тақырыптар: Тақырып 1. Арнайы әлеуметтанулық теориялар.
Сағат саны: 2
№: 2.
Тақырыптар: Тақырып 2 . Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. .
Сағат саны: 2
№: 3.
Тақырыптар: Тақырып 3. Әлеуметтік өмірдің элементтері.
Сағат саны: 1
№: 4.
Тақырыптар: Тақырып 4. Қолданбалы әлеуметтану.
Сағат саны: 1
№:
Тақырыптар: Барылығы:
Сағат саны: 6

Тақырыптар:

Тақырып 1. Арнайы әлеуметтанулық теориялар

1. Білім беру әлеуметтануы.

2. Саяси әлеуметтану.

Білім әлеуметтік құбылыс және үдеріс ретінде, әлеуметтік жүйе және әлеуметтік институт ретінде. Социологиялық талдауды қолдану нәтижесінде білімнің екі жақтары анықталады - әлеуметтік және жеке. Олар білімді әлеуметтік институт ретінде қарастырылғанда біріктіріледі. Институционалды тәсіл арқылы білімді әлеуметтік және жеке деңгейлерде қарастыруға мүмкіндік береді. әлемдік білім беру жүйесі философиялық және мәдени дәстүрлері бойынша, мақсат пен міндет, өзінің сапалық жағдайымен айырықшыланатын әртүрлі ұлттық білім беру жүйелерді қамтиды Әлемдік білім беру жүйесінің дамуының үш негізгі тенденцияларын бөліп көрсетіледі. Бірінші тенденция - көптеген елдер элиталық білім беруден көпшілікке бағытталған жоғары сапалы білім беру жүйесіне көшу. Екінші тенденция білім беру саласында мемлекетаралық қатынастардың дамуы. Үшінші тенденция әлемдік білім беру жүйесіне гуманитарлы ғылымдарды оқу үдерісіне қосу, яғни адамға бағытталған ғылыми және оқу курстарының қосылуы, мысалы саясаттану, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, экономика, эргономика. Тағы бір маңызды тенденциялардың бірі - ол инновациялардың енуі елдердегі қалыптасқан ұлттық дәстүрлерге және ұлттық ұқсастыққа қарсы келмеуі.

Саяси әлеуметтану.

Саяси әлеуметтану қоғам және мемлекет арасындағы байланысты және қарым-қатынасты қарастырады. Ол қоғамның әсерінен саясаттың қалыптасуын және саясаттың қоғамға деген әсерін талдайды. Саясат - үдеріс, яғни әртүрлі қызығушылықтары бар адамдар топтарына бағытталған қабылданған және орындалатын шешімдер. Саси іс-әрекет билікті қамтиды, сондай-ақ үстемдік ретінде . Үстемдіктің негізгі институты- мемлекет. Биліктің классикалық анықтамасын Макс Вебер берген. Билік - қандай да болмасын мүмкіндік, қалыптасқан әлеуметтік ортада өз еркіндігін жүргізу. Жоғарыда келтірілген үшеуі - билік, үстемдік, мемлекет саяси әлеуметтанудың негізгі ұғымдары.

Партиялар - ол әртүрлі пікірлердің және қызығушылықтардың интеграциясын жүзеге асыратын институттар, ірі масштабты жобаларды ұсынады және саяси шиеленістердің өткізілуіне және шешілуіне қатысады.

Саяси әлеуметтендіру - индивидтердің саяси мінез-құлықты және саяси сананы анықтайтын тұлғалық сипатты, білімді, қабілеттерді және құндылықтарды игеру үдерісі. Саяси әлеуметтендіру агенттері ретінде әлеуметтендірудің агенттері алынады.

Саяси мәдениет - саяси мінез-құлықты басқаратын саяси құбылыстарға реттілікті және мазмұн беретін қондырғылардың, наным-сенімдердің, сезімдердің жиынтығы. Ол саяси идеалдарды және нормаларды қамтиды.

Экономикалық әлеуметтану.

Экономикалық әлеуметтану - социологиялық білімнің бөлігі. Экономика институті - қоршаған ортаға әлеуметтік жүйенің бейімделу функциясын атқарады. Экономика адамдардың өндіріс, тұтыну және бөлу салаларындағы тәртіптерін реттейді.

Отбасы әлеуметтануы.

Отбасы - әлеуметтік жүйе ретінде ыәлеуметтік институттың және кіші әлеуметтік топтың сипаттарын қамтиды.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлар, ата-аналар, балалар және т. б. туыстар қарым-қатынастарын реттейтің әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерін сипаттайды.

Отбасы әлеуметтік топ ретінде неке немесе қандық туыстық нәтиижесінде қалыптасқан қауымдастық, мүшелері бір бірімен тұрмыс, жұбайлардың өзара жәрдем, балалардың тәрбиесі және денсаулығына деген моральдық жауапкершілікке ие адамдар жиынтығы ретінде алуға болады. Отбасының әртүрлі классификациялары бар.

Отбасының негізгі қызметтеріне: 1. Жыныстық қатынастарды ретттеу. 2. Репродуктивті функция. 3. әлеуметтендіру қызметі. 4 . Эмоционалды қанағаттандыру функциясы. 5. Статустық қызмет. 6. Қорғау функциясы. 7. Экономикалық қызмет.

Мәдениет әлеуметтануы.

«Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы (лат. cultura) - жерді өңдеу болған. Көбінесе мәдениетті адам қолымен жасалғанның барлығын дегенді білдіреді. Мәдениет - ол көпқірлі бірлік, адамдармен қоғам мүшелері ретінде қабылданған білімдер, наным-сенімдер, моральдық көзқарастар, заңдар дәстүрлер және т. б. дағдылар мен әдет-ғұрыптар.

Көбінесе басым және азшылық топтың мәдениет түрлері бөліп көрсетіледі. Субмәдениет - жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Контрмәдениет - жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі.

Әр қауымдастықтың өзінің мүшелерінің мінез-құлықтарын басқаратын жәнебақылайтын модельдер, нормалар және құндылықтар бар. Сонымен мәдениетті рухани және материалды, элитарлы және бұқаралық, - деп бөледі.

Құндылық - тәжірибеден қабылданған жалпы және тұрақты түсініктер; ол - таңдау тенденциясы және мақсат пен іс-әрекеттің нәтижесін критерийін орнату. Құндылықтардың маңызы бірдей емес, олар маңыздылық деңгейіне байланысты бірреттілікте орнастырылады ол- құндылықтар жүйесі ретінде анықталады. Құндылықтар жүйесі әртүрлі модельдер және мінез-құлық арасында таңдауды бағыттайды және реттейді.

Өлшем (норма) - әлеуметтік топпен қабылданған және осы топ санкциялар арқылы бақылайтын мінез-құлық ережесі. Ауытқушылық - нормалардан бас тарттылған тәртіп. Аномия (лат. ) - нормалардың болмауы.

«Мәдени шиеленіс» индивидттердің негізгі құндылықтары сәйкес келмейтін және өз құндылықтарын қорғау үшін басқа құндылықтармен шиеленіске түсетін жағдайларды біріктіретін ұғым.

Бұқаралық қатынас әлеуметтануы

Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланысытырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі. .

Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.

БКҚ үш түрі бөліп көрсетіледі: қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлатпайтын БКҚ, қоғамның позитивті және негативті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ; қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ. БКҚ негізгі функциялары -

Арнайы әдебиет: [2, 5, 6, 16, 21, 23, 24, 39, 40, 42, 47, 55, 57, 58, 59, 67, 81]

Оқу құралдар: [2, 3, 13]

Тақырып 2. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны.

1. Әлеуметтік гуманитарлы ғылымдар құрлымындағы әлеуметтанудың орны.

2. Әлеуметтанудың классикалық кезеңі.

Әлеуметтану - қоғам туралы ғылым. әлеуметтанудың объектісі - қоғам. Әртүрлі социологиялық концепцияларда пәні ретінде «топртық қарым-қатынастар», «тұлғааралық қарым-қатынастар», «оның нәтижесі», «әлеуметтік тұлғааралық қатынастар», «әлеуметтік институттар», «әлеуметтік ұйымдар және олардың адамдардың мінез-құлығына қатынастары», «әлеуметтік іс-әрекеттің жүйесі», «адамдар қоғамы және адамдардың мінез-құлықтары», «әлеуметтік реттіліктің және ретсіздіктің табиғаты», «әлеуметтік топтар», «тұлғааралық қатынастардың түрлері», «адамдардың мінез-құлығы әлеуметтік контексте», «дамдар қоғамының негізгі құрлымдары», «әлеуметтік үдерістер», «әлеуметтік - мәдени құбылыстар», «әлеуметтік өмірді ғылыми зерттеу» және т. б. ретінде алынады. Әлеуметтануды адамдардың қоғамдық өмірге қатысуы негіздерін зерттеу ретінде анықтауға болады. Арнайы ғылыми түрде «әлеуметтану» термині әлеуметік қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік қатынастардың құрлымы талдау, - деген мағынаны білдіреді. Әлеуметтану - әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасу, даму, өзгеру және олардың өзіндік ұйымдастырылу, әлеуметтік жүйелер, әлеуметтік құрлымдар және институттар туралы ғылым.

Әлеуметтану философиямен, психологиямен, саясаттанумен, терихпен, экономикамен, заң ғылымдарымен және көптеген басқа ғылымдармен тығыс байланысты.

Макросоциологиялық теориялар: функционалды теория (О. Конт, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм, ), құрлымдық функционализм (Т. Парсонс, Р. Мертон) және шиеленіс теориясы (Л. Козер, Р. Дарендорф) . Микросоциологиялық теориялар: символикалық интеракционизм (Дж. Г. Мид, Г. Блумер), айырбас теориясы (Хоманс, Блау), этнометодология (Р. Гарфинкель), драматургиялық әлеуметтану (И. Гофман), Р. Мертонның «орта деңгей» теориясы.

Әлеуметтану тарихындағы негізгі бағыттар.

2. Әлеуметтанудың классикалық кезеңі.

О. Конттың социологиялық концепциясы («Курс позитивной философии» еңбегі) . Конттың «ғылымдар пирамидасы». О. Конттын позитивизмі. Әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика.

Г. Спенсердің социологиялық теориясы ( «Социальная статика» және т. б. еңбектері) . Г. Спенсердің қоғамға деген көзқарасы. Г. Спенсер бойынша қоғамның түрлері (әскери және өндірістік) . Эволюция теориясы.

19 аяғындағы - 20 ғғ. басындағы әлеуметтану.

Э. Дюркгейм («О разделении общественного труда», «Метод социологии», «Самоубийство» еңбектері) . Э. Дюркгейм әлеуметтанудың пәні туралы. Социологизм әлеуметтанудың әдәсі ретінде. Э. Дюркгеймнің ұжымдық сана теориясы. Әлеуметтік ынтымақтастық теориясы. Ынтымақтастықтың түрлері (механикалық және органикалық) . Дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өту туралы. Әлеуметтік аномия теориясы. Өз өзіне қол жұмсау және оның түрлері (эгоисттік, альтруисттік, аномиялық) .

М. Вебер («Протестантская этика и дух капитализма» және т. б. еңбектері) . М. Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы. Рационалдылық теориясы және әлеуметтік іс-әрекеттің түрлері(мақсаттырационалды, құндылықты-рационалды, аффективті және дәстүрлі) . Идеалды (таза) түр социологиялық талдаудың әдісі ретінде. Биліктің түрлері (легалды, дәстүрлі, харизматикалық) . М. Вебердің дін әлеуметтануы.

К. Маркс («Капитал» еңбегң) . Базис және надстройка. Қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері (алғашқы қауым құрлысы, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік) .

Қазіргі социологиялық теориялар.

Құрлымдық функционализм. Т. Парсонстың жүйет теориясы («Система современных обществ» еңбегі) . Парсонс бойынша қоғамның жүйешіктері (социеталды бірлестік, мәдениет, саясат және экономика) және олардың қызметтері.

Р. Мертонның функционализмның негізгі постулаттарының сыны.

Символикалық интеракционизм. Дж. Г. Мид ( «Интернализированные другие и самость» еңбегі) және оның символикалық айырбас теориясы. Г. Блумер ( «Символический интеракционизм: Перспективы и метод» еңбегі) . И. Гофманның драматургиялық әлеуметтануы ( «Представление себя другим в повседневной жизни» еңбегі) .

Феноменологиялық әлеуметтану. Гуссерль. А. Щюц («Структуры жизненного мира») . П. Бергер және Т. Лукман («Социальное конструирование реальности») .

Структурализм. К. Леви-Стросс («Структурная антропология», «Первобытное мышление» және т. б. ), М. Фуко («Слова и вещи» және т. б. ), Р. Бард.

Қазірігі социологиялық теориялары. П. Бурдье. Э. Гидденс. Ю. Хабермас.

Арнайы әдебиет: [3, 4, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 17, 22, 35, 36, 37, 43, 44, 53, 54, 62, 63, 64, 76, 77]

Оқу құралдары: [2, 3, 10, 11]

Тақырып 3 . Әлеуметтік өмірдің элементтері.

1. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

1. Әлеуметану қоғам туралы ғылым ретінде. О. Конттың («Курс позитивной философии»), М. Вебердің (М. Вебер «Избранные произведения») және Э. Дюркгеймнің (Э. Дюркгейм «Метод социологии») әлеуметтанудың пәнін талдау. Әлеуметтанудың пәнін талдауының екі негізгі перспективаларын қалыптасыуна әсерін тигізген классикалық теорияның өкілдерінің көзқарастарымен таныстыру.

Қоғам Қоғам

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Индивид Индивид

Модель 1: М. Вебер Модель 2: Э. Дюркгейм

Питер Бергердің «классикалық» концепциялардың синтезі (П. Бергер «Приглашение в социологию») . Қоғам және индивидтің ара-қатынасының диалектикалық моделі.

Индивид Индивид

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Қоғам Қоғам

Модель 3: П. Бергер

Э. Шилз («Общество и общества: макросоциологический подход») және оның әлеуметтанудың пәнін түсінуі. Э. Шилздің қоғамның сегіз белгісі.

Т. Парсонс («Понятие общества: компоненты и их взаимоотношения») және оның «әлеуметтік жүйенің айырықша түр ретінде» әлеуметтану пәнін түсінуі.

Қоғамның типологиялары. Ашық және жабық қоғамдар (К. Поппер «Открытое общество и его враги») . Әскери және өндірістік қоғамдар (Г. Спенсер «Западно-европейская социологическая мысль» Т. 1) . Алғашқы қауым құрлысы, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік қоғамдар (К. Маркс «Избранное») . Индустрияға дейінгі (архаикалық және дәстүрлі), индустриалды және постиндустриалды қоғамдар (Д. Белл «Культурные противоречия капитализма») .

Қоғамның элементтері. Индивид және әлеуметтік институттар. (П. Бергер «Приглашение в социологию», Морис «Лодка на аллеях парка») .

Мәдениет және қоғам. Қандай да болмасын қоғамның өмірсүру үшін қажетті шарт ретінде мәдениеттің социологиялық түсінігі. Бір қоғамның басқа қоғамнан айыратын және интеграцияға әсер ететін айырықша жүйесі - мәдениет: нормалардың, құндылықтардың, және мазмұндардың жиынтығы ретінде Мәдениеттің түрлері (бұқаралық, элитарлық, халықтық) . Басым мәдениет. Субмәдениет және контрмәдениет.

Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер.

«Әлеуметтік институт» ұғымы. Институционалды теориялар. Г. Спенсердің институттар концепциясы. Э. Дюркгеймнің «ұжымдық сана» теориясы («О разделении общественного труда») . М. Вебердің дін институтын талдау («Протестантская этика и дух капитализма») . Г. Зиммелдің формальды теориясы. Т. Парсонстің әлеуметтік жүйе теориясы («Система координат действия и общая теория систем действия: культура, личность и место социальных систем», «Понятие общества: компоненты и их взаимоотношения», «Система современных обществ») . П. Бергержәне Т. Лукманнің институттар теориясы («Социальное конструирование реальности») .

Әлеуметтік институтардың қызметтері. Жалпы және аранйы қызметтер. Мақсат бағдар, бейімделу, инетграция және латентті функциялар. Бақылау және тарихтылық факторлары. Әлеуметтік институттардың түрлеру.

Әлеуметтік институттардың құрлымы. Білім. Нормалар (өлшемдер) . Рөлдер. Институттардың құрлымындағы білім. Фондық және арнайы білім. Институттардың нормативтік құрлымы. Нормативтік экспектациялар. Санкциялар жүйесі. Санкциялардың негізгі түрлері. Институттардың рөлдық репрезентациясы. Рөлдердің қалыптасу үдерісі.

Институционализация. Хабитуализация институттардың қалыптасуына дейінгі үдеріс ретінде. Типизация. Типизацияның түрлері. Экстернализация. Объективация. Интернализация. Седиментация және дәстүр.

Әлеуметтік институттардың легитимациясы. «Легитимация» ұғымы. Легитимация институционалды тәжрибенің «ақтау» үдерісі ретінде. Легитимацияның деңгейлері: теириялыққа дейінгі деңгей, теореялық деңгей, «айқын» теориялар деңгейі, символикалық универсум.

Әлеуметтік институттардың эволюциясы. Жүйелердің эволюция теориясы. Г. Спенсердің эволюция теориясы. Т. Парсонстың эволюция теориясы («Функциональная теория изменения», «Понятие общества: компоненты и их взаимоотношения») . Дифференциация, бейімделудің қабілетінің жоғарлауы, қосылу, құндылықты үлгілердің генерализациясы.

Әлеуметтік құрлым және әлеуметтік стратификация.

Әлеуметтік стратификацияның жалпы теориясы. «Страта» ұғымы. Теңсіздік. Теңсіздіктің түрлері. Әлеуметтік стратификацияның концепциялары: К. Маркс, М. Вебер, функционалды теория, П. Сорокин, Л. Уорнер, П. Бурдье және т. б.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның критерийлері. Билік, бедел, табыс, білім.

Әлеуметтік стратификацияның тарихи түрлері. Құлдық, касталар. сословиелер, таптар.

Тап теориясы. К. Маркстің тап теориясы. К. Маркс бойынша таптардың бөліну критерийлері. К. Маркс бойынша таптардың түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. М. Вебердің тап теориясы. М. Вебер бойынша таптардың бөліну критерийлері. М. Вебер бойынша таптардың түрлері және олардың жалпы сипаттамасы. Уорнердің тап теориясы.

Топ теориясы. «Әлеувметтік топ» ұғымы. Біріншілік және екіншілік топтар. Ч. Кулидің «алғашқы топ» теориясы («Первичные группы» еңбегі) . Ірі және кіші топтар. Шынайы және номиналды топтар. Референттік топ.

Әлеуметтік статус. Әлеуметтік статус - статустардың легитимді шкаласына қатысты индивидтің позициясы. Өмірлік мүмкіндіктер. Статустық топ. Статустың түрлері: аскриптивті (туабіткен) және қолжеткізген. Жеке және әлеуметтік статустар. Статустық шиеленіс.

Әлеуметтік рөл. «әлеуметтік рөл» түсінігі. Рөлдық экспектациялар. Рөлдық жинақ. Рөлдық шиеленіс.

Әлеуметтік мобильділік. Әлеуметтік мобильділіктің жалпы теориясы. . Мобильділіктің түрлері. Жеке және топтық мобильділік. Тік (өрлеу және құлдырау) және көлденең мобильділік. Ұрпақаралық және ішкі ұрпақ мобильділік. Құрлымдық мобильділік. Географиялық мобильділік.

Әлеуметтендіру.

Әлеуметтендірудың теориялары. «Әлеуметтендірудың» түсінігі. Әлеуметтендірудің теориялары: Ч. Кули, Дж. Мид, З. Фрейд, Э. Фромм, И. Гофман, Э. Эриксон. Әлеуметтендірудегі алғашқы топтардың рөлі. «Маңызды басқалар». «Жалпылама басқа». П. Бурдьенің габитус теориясы.

Индивидттің құрлымы. З. Фрейд бойынша индивидттің құрлымы: Ид, Эго, Супер-эго. Ч. Кулидің «айналық-Мен» теориясы. «Самость». Дж. Мид бойынша индивидтің құрлымы: “I”, “Me”, “Self”.

Әлеуметтендірудың кезеңдері. Әлеуметтендірудің біріншілік және екіншілік кезеңдері. Балалық шақ, жастық шақ, ересек шақ және кәрілік шақ. Э. Эриксон бойынша әлеуметтендірудың кезеңдері («Идентичность: юность и кризис») .

Идентичность теориясы. «Идентичность» түсінігі. Идентичность және әлеуметтендіру. Идентичностің компоненттері: жалпы адами, топтық, мен - идентичность. Идентичносттің дағдарысы.

Девиация және әлеуметтік бақылау.

Әлеуметтік аномия. Э. Дюркгеймнің аномия концепциясы. Аномизацияның табиғаты. Аномияның қызметі. Р. Мертон әлеуметтік аномия теориясы туралы.

Девиантты мінез-құлық. Р. Мертонның девиация концепциясы. Девиантты мінез-құлықтың себептері. Р. Мертонның жеке бейімделудің түрлері: конформизм, инновация, ритуализм., ретритизм, көтеріліс (мятеж) .

Девиацияның түрлері. Делинквенттілік. Позитивті девиация. Ауытқушылықтың негізгі түрлері.

Әлеуметтік бақылау . Санкциялар. Әлеуметтік санкциялардың түрлері. Әлеуметтік бақылаудың тиімділігі.

Арнайы әдебиет: [7, 9, 17, 20, 28, 29, 36, 37, 42, 43, 44, 58, 62, 63, 64, 83]

Оқу құралдар: [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13]

Тақырып 4. Қолданбалы әлеуметтану.

1. Социологиялық зерттеудің әдістері және техникасы.

Әлеуметтанулық сұрақ-жауап - алғашқы ақпаратты жинаудың кең тараған әдістерінің бірі. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі арқылы зерттеуші респонденттен (жауап беретін адам) тікелей ақпарат алады, сондай-ақ оның жауаптары жалпы халық немесе оның бөлігі бойынша сәйкестендіріледі және қорытындылар шығарылады.

Қолданбалы зерттеудің бағдарламасының құрлымы. Қолданбалы зерттеудің бағдарламасы келесі кезеңдерден тұрады:зерттеудің проблемасын тұжырымдау, зерттеу объектісі және пәнін анықтау, зерттеудің мақсат міндеттерін тұжырымдау, негізгі түсініктердің интерпретациясы және операционализациясы, гипотезаларды анықтау сонымен қатар іріктелген жиынтықтың санын есептеу .

Проблема - бұл әлеуметтік, өмірлік қайшылықтар, осы қай-шылықтарды шешуге нақтылы бағытталған әрекеттерді қажнт ететін мәселелер. Ғылыми проблема - бұл “білместік туралы білім” жағдайы.

Зерттеудің мақсаты соңғы нәтижеге бағыттайды, ал зерттейдің міндетттері қойылған сұрақтарға жауап береді. Зерттеудің міндеттері мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі.

Негізгі түсініктердің интерпретациясы деген зерттеуге қатысты түсініктерді «бөледі».

Келесі кезеңі - операционализация. Зерттеуде көрсетілген түсініктерге анықтама береді.

Гипотеза - ғылыми болжам, яғни қандай да бір фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді түсіндіреді, оларды дәлелдеу немесе теріс шығару керек.

Зерттеудің инструментариі деген социологиялық зерттеуді өткізу құралы.

Іріктелген жиынтық (іріктеу) - жалпы жиынтықтың микромоделі, яғни берілген процедураларарқылы алынған жалпы жиытықтың элементтері.

Әр зерттеудің өзінің объектісі болады, ал объект ол зерттелетін проблеманың иелері. Зерттеу объектісі жалпы жияынтықты құрайды, оның көлемі кең және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, іріктелген жиынтықты құру керек.

Іріктеудің репрезентативтілігі деген ол жалпы жиынтықтың барлық параметрлері бойынша іріктелген жиынтықтың сәйкес келуі. Іріктеудің жалпы жиынтыққа сәйкестендірілуі іріктеу қатесі деп аталады. Іріктеу қатесінің шектеулері зерттеудің мақсатына байланысты. Іріктеу қатесінің көлемі зерттеудің сенімділігі анықталады. Жоғары сенімділік - іріктеу қатесі 3% дейін, қалыпты - 3 - тен 10% дейін (көбінесе 5%), жақындатылған - 10 - нан 20% дейін және бағыттаушылық - 20-дан 40% дейін. Сынау зерттеулерде іріктеудің қатесі жақындатылған немесе бағыттаушы болса, аналитикалық және бейнелеу зерттеулерде кем дегенде қалыпты болуы тиіс (5%) .

Қолданбалы социологиялық зерттеулерде кездейсоқ, квоталық әдіс, сериялық іріктеу әдісі, «снежный ком» әдісі қолданылады .

Сұрақ-жауаптың түрлері. Анкеталық сұрақ-жауап әдісінде реттілік, сұрақтардың мазмұны және түрі, жауаптарды беру жолдары және оларды тіркеу тәс ілдері бекітілген. Интервью - интервьюердің немесе аудиотехника арқылы жазылған зерттеушінің респондентпен әңгіме. Ең кең тараған интервьюдің түрі ол формальданған (стандартталған) интервью, онда қойылатын сұрақтар бір реттілікте сұрақ парағында көрсетілген.

Фокус- топ топтық динамика эффектісін қолдануына негізделген. Бұл әдістің ерекшелігі - топтық дискуссия маманның (модератордың) жетекшілігімен өткізіледі базируется на использовании эффекта групповой динамики. Бұл әдістің негізгі қасиеті ол аз уақыт ішінде респендент тобынан толық ақпаратты алу.

Құжаттарға талдау жасау зерттеушіге әлеуметтік өмірдің маңызды жақтарын көруге мүмкіндік береді, адамдардың, топтардың қарым - қатынас динамикасын бақылауға және әлеуметтік құрлымның ерекшелігін бейнелеуге және бір тарихи кезеңдегі қоғамға сәйкес келетін нормалармен құндылықтарды қондыруға көмектеседі. Контент-талдау (англ. contents - мазмұн) ментальды, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді берілген мәтіндердің мазмұндарын формальды зерттеуін қажет ететін ғылыми әдіс.

Контент-талдау сыртқы белгісі бойынша құрлымы және мазмұны бойынша инвариантты, бірақ жалпы ұйымдастырылмаған және жүйеленбеген мәтіндік массивті зерттеу үшін қолданылады. Зерттеушіні қызықтыратын белгіге бір немесе бірнеше факторлардың әсерін тікелей бақылайтын жақдай эксперимент, - деп аталады. это опытное исследование воздействия отдельного фактора (или нескольких факторов) на интересующую исследователя переменную. Зертханалық эксперимент теориялық гипотезаны тексеруге бағытталған. Далалық эксперимент - бағалы зерттеулерді тәжірибеге енуіне бағыттайды. Бақылау - зерттеушінің болып жатқан оқиғадларды тікелей тіркеу.

Ақпаратты өңдеу әдістемесі және оның қорытындыларын талдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы шағын әлеуметтік топ және әлеуметтік институт ретінде
Экономикалық әлеуметтану
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні
Діннің әлеуметтік құрылымы
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Әлеуметтану зерттеулері
Огюст Конт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz