Зайырлылық



1 Зайырлылық
2 Лаицизмнің терминдік мағынасы
Зайырлылық негізінен араб тілінде «захири» (зайырлы) яғни ашық, сыртқы деген мағыналарда қолданылады. Діннің сыртқы мәні, яғни, шариғат ұстанымын қамтитын термин ретінде қабылданған. Оған қарама қарсы мәндегі «батини» сөзі де арабтың ішкі мән, сыр деген мағынадағы ішкі танымға негізделген сопылық тауил ұстанымын білдіреді. Ал енді осы қазақ мұсылмандық түсінігіндегі захири ұғымын «зайырлылық» ретінде батыстан келген, яғни республикалық жүйедегі мемлекеттік басқарудың басты ұстанымы «лаицизмнің» баламасы ретінде қолданып келеміз.
Лаицизм құбылысы пайда болғалы көптеген қарама қайшы мәндегі мағыналарда қолданылып әрдайым пікірталастарға жол ашып келеді. Шындығында адамзат қоғамы үздіксіз дамып, өзгеріп отыратын динамикалық үдерістерден тұратындықтан қоғамның да құрылымдық тұрғыдан дамуы мен өзгерісі заңды. Қоғамды ұстап тұратын құндылықтар жүйесі негізінен дінге барып тірелгендіктен, діннің қоғаммен қатысты қыры да өзгеріп отырады, ал діннің ішкі мәні яғни сенімі мен доктриналық қыры өзгермек емес. Сондықтан да уақыт ішінде құқық та дінмен бірге болып, кейде өзара бөлектеніп, қоғамның уақыттың шарттарына қарай құбылып, діни бұйрықтар мен құқықтық нормалар ретінде бөлек әрі бірге өмір сүріп келеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Зайырлылық негізінен араб тілінде захири (зайырлы) яғни ашық, сыртқы
деген мағыналарда қолданылады. Діннің сыртқы мәні, яғни, шариғат ұстанымын
қамтитын термин ретінде қабылданған. Оған қарама қарсы мәндегі батини
сөзі де арабтың ішкі мән, сыр деген мағынадағы ішкі танымға негізделген
сопылық тауил ұстанымын білдіреді. Ал енді осы қазақ мұсылмандық
түсінігіндегі захири ұғымын зайырлылық ретінде батыстан келген, яғни
республикалық жүйедегі мемлекеттік басқарудың басты ұстанымы лаицизмнің
баламасы ретінде қолданып келеміз.
Лаицизм құбылысы пайда болғалы көптеген қарама қайшы мәндегі мағыналарда
қолданылып әрдайым пікірталастарға жол ашып келеді. Шындығында адамзат
қоғамы үздіксіз дамып, өзгеріп отыратын динамикалық үдерістерден
тұратындықтан қоғамның да құрылымдық тұрғыдан дамуы мен өзгерісі заңды.
Қоғамды ұстап тұратын құндылықтар жүйесі негізінен дінге барып
тірелгендіктен, діннің қоғаммен қатысты қыры да өзгеріп отырады, ал діннің
ішкі мәні яғни сенімі мен доктриналық қыры өзгермек емес. Сондықтан да
уақыт ішінде құқық та дінмен бірге болып, кейде өзара бөлектеніп, қоғамның
уақыттың шарттарына қарай құбылып, діни бұйрықтар мен құқықтық нормалар
ретінде бөлек әрі бірге өмір сүріп келеді.
Негізінен лаицизм ұстанымы мемлекет пен діннің қарым қатынасын реттейтін
ұстаным. Адамзат тарихында мемлекет өзінің қуатын діннен алып, дінді қорғау
мақсатында өте қатаң шаралар қолданған, сонымен қатар мемлекет дінді өз
бақылауында қысып ұстап, ең сорақысы дінсіз қоғам орнатқан кезеңдер де
болған.
Рас лаицизм ұстанымы батыс өркениеті негізінде пайда болды. Шіркеу барған
сайын салтанат құрып мемлекетті Алланың атынан билеп төстеп, орта
ғасырларда қоғамның барлық саласын қамтығаны сонша, католик шіркеуінсіз
ойлаудың өзі күнә болды. Бүгін теократияның ең жоғарғы шыңы ретінде тарихта
қалды. Тарихи үдерісте мемлекеттің билікті өз қолына алуы өте ұзақ әрі қиын
қыстау жолдардан өтті. Батыста лаицизм ұстанымының пайда болуымен бірге дін
мен мемлекет аясының ажыратылуы идеясы алғаш ренессеанс пен реформалар
қозғалыстары кезеңінде басталды. Мартин Лютердің протестанттық әрекеті
папаның беделін түсіріп, ұлттық сананы оятып, лаицизмге жол ашты.
XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Америка мен Францияда етек алған
революциялар нәтижесінде мемлекет құрылымы, мемлекет пен дін байланысының
жаңа жүйеге ауысуына ықпал етті. Басқа қырынан алып қарағанда сол ғасырдың
ойлау жүйесіне негізделген ұлттық ерік пен сана қоғамдағы діннің рөлі мен
ықпалын шектеп, азаматтық қоғам орнатуға бет алды. Яғни мемлекеттің билігі
зайырлы болып жаңа мемлекет түсінігі қалыптасты. Мемлекетке енді құрушы
халықтың тек қана осы дүниедегі қажеттіліктерімен ғана айналысатын мекеме
ретінде анықтама берілді. Шіркеу де құдайлық биліктің үстемдігін емес енді
өзінің болашағын қалай құру керек екендігі туралы жаңа ережелер қабылдауға
мәжбүр болды.
Сонымен бүгінгі зайырлылық сөзі термин ретінде лаицизмнің орнына қолданылып
келеді. Ал лаицизм сөзі "laique" латын (laicus) түбірінен енген француз
сөзінен алынған. Талдап қарасаңыз сөздік мағынасы діни емес адам, зат, ой,
мекеме, жүйе, ұстаным мағыналарына келеді. Католиктерде дін адамы емес,
аскет, папа емес христиандарға зайырлы яғни, лаицист дейді. Осы сөзден алып
бүгінгі лаицизмнің анықтамасы беріліп келеді. Сондықтан осы анықтама
негізінде зайырлы құқық дегенде негізі дінге сүйенбеген құқық, ал зайырлы
мемлекет дегенде діни сенім ақидаларға неізделмеген мемлекетті ұғынамыз.
Бұрыннан Батыста шіркеу адамдарына клерикалдар ал олардан басқа
христиандарға да зайырлы яғни, лаицист денілгендігі белгілі. Яғни, Батыста
христиан әлемінде адамдардың өзі осылай екі жікке каста сияқты бөлініп
келген. Ал ислам әлемінде мұндай дін адамы немесе дін адамы емес деген жік
болмаған. Кез келген мұсылман имам болуға, керек кезде жаназа шығаруға
құқылы әрі міндетті болған.
 
Лаицизмнің терминдік мағынасын талдап қарасақ жалпыға бірдей қабылданған
ортақ мағына шығару қиын. Соған қарамастан лаицизмге түрлі анықтамалар
берілген. Лаицизмнің мазмұнында дін және дүние, қоғамдық жұмыстардың өзара
ажыратылуы, бір біріне араласпауы, адамдардың  діні немесе атеист болуына
қарап бағаланбауы, төмендетілмеуі, еркін құлшылықтарын орындауы немесе
орындауға мәжбүр болмауын қарастырған. Сонымен лаицизмді хақ және құқық
еркінің діни емес ұстанымдарға негізделген саяси ұйым формасы деп
қарастыруға болады. Саяси биліктің қуатын діннен алмауы, конституциясын
дінге негіздемеуі, белгілі бір дінді қолдамауы, барлық дін өкілдеріне тең
құқық беруі, дін және мемлекет істерінің ажыратылуы сияқты функцияларды
қамтыған. Бірақ осы анықтамаларды сол қалпында орындап отырған бір де бір
батыс мемлекеттері жоқ. Кейбір саяси партиялары діннен қуат алып билік
басына келсе, белгілі бір дінді негізгі дін ретінде танып отыр. Білім беру
жүйелерінде де дін негізгі бағдарлама ретінде бағаланып отыр. Ал енді
Қазақстан да зайырлылық ұстанымын өзінің мемлекетінің мазмұнын құрайтын
мәдениеттің тарихы мен құндылықтарына жауап беретін, сол арқылы
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңын жетілдіргісі келсе, барлық европа
ұйымдары өре түрегеледі. Олар керек десеңіз ішімізден қарсы жақтастар тауып
қоғамдық тыныштықты бұзғысы келеді. Өз ішімізден Ахмади өкілдерін тауып
алып, мәжілістерде оларға сөз беріп, заңдағы ханафи мазхабына деген
құрметтің өзін сынап отыр. Демек лаицизм ұстанымы да бүгін әлемде саяси
ойынға айналып кетті деген сөз.
Лаицизм негізінен ақылдың барша адамзатты тұтастыққа, бірлікке шақырушы
қуатына маңызды орын береді. Сондықтан лаицизм рационалды ұстаным.
Зайырлылық тек қана құлшылық пен сенім бостандығы немесе мемлекет пен
діннің өзара ажыратылуы ғана емес. Зайырлылықтың негізгі мақсаты жеке
тұлғаны діндердің және иделогиялардың қысымынан құтқару екендігін білуіміз
керек. Бұл тұрғыдан келгенде Қазақстандағы діни экстремистік бағыттар,
салафилер мен христиан миссионерлерге өз азаматтарын беріп қою,
бақылаусыз қалдыру мемлекеттің қаіпсіздігіне қаншалықты зиян екендігін
біреу білсе, біреу білмейді. Қазіргі қоғамдағы салафилердің барлық іс
әрекеттері қоғам қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп отыр. Ал миссионерлік
ошақтары жік шығарғалы қашан. Зайырлылық мемлекеттің демократиялық,
рационалды ұстанымдарға негізделуін білдіреді. Зайырлылық әсіресе
Батыстағыдай католик әлеміндегідей дін мен мемлекеттің емес, дін  мен
шіркеудің өзара ажырауын білдіреді. Ал исламда жоғарыда айтқандай дін
адамы немесе дін адамы емес деген бөлектену немесе  статус, каста
болмаған. Олай болса, республикалық жүйедегі мемлекеттердегі зайырлылық
ұстанымын әсіресе, ислам өркениеті мен мәдениетіне етене жақын немесе сол
мәдениет негізінде құрылған мемлекеттер өзіндік комментарии жасау арқылы
билік пен қоғам арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге ұмтылуы керек
деп ойлаймын. Себебі исламда мешіт Батыстағыдай шіркеу сияқты бола алмайды.
Өйткені шіркеу католиктерде рухани билік ретінде діннің ресми өкілі. Ал
Батыстағы зайырлылық осы өкілдіктен тіршіліктің барлық кеңістігін,
саясатты, құқықты, моральды, экономиканы шіркеудің және Інжілдің көзқарасы
мен қысымынан құтқару үшін таңдалып алынған. Ал исламда мешіттің шіркеу
сияқты Алланың атынан билік жүргізетін миссиясы жоқ. Сондықтан Батыс пен
Шығыс немесе христиандық пен ислам арасындағы басты ерекшеліктерді негізге
ала отырып зайырлылық ұстанымын өзіміздің мемлекеттіліктің баяндылығы мен
қауіпсіздігі үшін өзіндік тексте қайта тұжырымдауға құқылымыз деген
ойдамын.
Лаицизм теократиялық мемлекет жүйесіне қарсы, ешқашан дінге қарсы емес.
Зайырлылық білім мен ғылымға, еркін ойға сүйенген ұстаным. Сондықтан дінге
қарсы болу немесе дінге соғыс ашу деген мағынаға келмейді. Лаицизм тек қана
мемлекет тіршілігіне тән әрекет, іс шара ұстанымы. Жеке тұлғаның жеке
ісіне, сеніміне, от басымен қайшылыққа түспейді де діндарлығына да
араласпайды. Лаицизмді дінсіздік деп ұғыну оны дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Зайырлылық түсінігі
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы: мазмұны, белгілері, болашағы
Жанжалдың конструктивтік және деструктивтік функциялары
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Ресейдегі мемлекеттік-шіркеулік қатынастардың даму және құрылу үдерісін талдау
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Діннің мемлекет пен ұлт қалыптастырудағы рөлі
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Пәндер