Қазақстандағы Ислам


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы Ислам

Пайда болу тарихы. Ислам - әлемдік үш діннің соңғысы болып есептеледі. Милади жыл санауы бойынша 610 жылы Аллаһтың елшісі және пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с. ) Аллаһ тағала қасиетті Құран кітабын түсірген Араб жарты аралында (Джазирату-л-араб), Хиджаз аймағындағы жақын шығыс жерінің бозғылт тартқан құмды жерінде бастау алған. 610 жылы Мұхаммед ибн Абдоллаһ пайғамбарға Құран Кәрімнің алғашқы бес аяты түсті. Қазіргі кезеңде жер шарындағы барлық тұрғындардың 1 миллиард 300 миллионнан астамы Ислам дінін ұстанады, олар әр түрлі ұлттың өкілдерінен тұрады.

Діни ілімнің негізгі принцитері. «Ислам» - араб сөзінен алынған «салам» - тікелей аударғанда «бейбітшілік» деген мағынаны білдіреді. Осыған қосымша «бағыну» деген мағынасы да бар. Оның негізгі қайнар көзі - Құран Кәрім мен Сүннет болып табылады.

Құран Кәрім сүре деп аталатын 114 тараудан тұрады. Сүрелер ең қысқа үзінділер мен мақамдарға (аяттарға) бөлінеді. Сүрелер түсірілген мекеніне қарай меккелік (610-622) және мәдиналық (622-632) болып екіге бөлінеді.

«Сүннет» сөзі - араб тілінен аударғанда «дәстүр, үлгі, сара жол» ұғымын береді, демек Мұхаммедтің (с. а. с. ) өмір жолы барлық мұсылман қауымына үлгі. Сүннет - Құран Кәрімді басшылыққа ала отырып, Мұхаммед (с. а. с. ) пайғамбардан ғана үлгі-өнеге алып өмір сүруді мақсат етеді.

Исламның тірегі басты үш негізден құралады - «Исламның бес шарты», Иманның алты шарты (сенім) және қайырымды істер. Исламның бес шарты мыналар болып табылады:

1) Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі екенін мойындау;

2) Күнде бес уақыт намаз оқу;

3) Рамазан айында ораза тұту;

4) Зекет беру;

5) Меккеге қажылық жасау.

Иманның шарттары келесі алты негізден құралады:

1) Аллаһқа сену;

2) Періштелерге сену;

3) Аллаһ тарапынан жіберілген кітаптарға сену;

4) Ақырзаман болатынына сену;

5) Пайғамбарларға сену;

6) Тағдырға (пешенеге жазылғанға) сену.

Аллаһ тағала Мұхаммед пайғамбарға қасиетті Құранды түсірді және оны адамдарға жеткізуді парыз етті. Адамзат баласы осы Құран Кәрімді басшылыққа алуы және бейбітшілік пен татулық ішінде өмір сүруі тиіс. Адамдар бір-біріне қандайда болсын қиянат жасамаулары қажет, әділ болулары, әдептілікті сақтаулары және шынайы жүректерімен сенулері шарт.

Мұхаммед пайғамбардың бұрынғы пайғамбарлардан ерекшелігі, ол жекелеген қауымдар мен ұлттарға емес барлық адамзатқа біртұтас болып жіберілді.

Қазақстанда таралуы. Ислам діні - Қазақстанның аумағына алғаш VII ғасырдың Самарқанд, Бұхара, Шаш, Хорезм, Отырар қалаларында ресми дін ретінде қалыптаса бастады.

Исламның Қазақстандағы орнығу жолы әрі ұзақ, әрі күрделі болып, Исламға дейін несториан үлгісіндегі христиан дінін ұстаған қарлұқтарды Ислам дініне көшірумен басталды. Ал, 893 жылы Тараздағы несториан шіркеуі қиратылып, оның орнына мешіт салынды. Қараханидтер тұсында (X-XI ғғ. ) Ислам мемлекеттік дін ретінде қабылданып, терең тамыр тарта бастады.

Орта ғасырлардағы Ислам қалалар мен қамалдардың дамуы мен нығаюына қолайлы жағдай жасады және жаңаларының салынуына мүмкіндіктер берді, ғылыми-ағарту мекемелері, мешіттер мен медреселер көптеп салынды.

Осылайша, орта ғасырлардан бастап күні бүгінге дейін Ислам өркениеті Орта Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетінің, рухани өмірлеренің өсіп-өркендеуіне, дамуына орасан ықпалын тигізді. Біздің бірқатар ғалым-жерлестеріміз өздерінің фәлсәфә, тарих, әдебиет, астрономия, логика, музыка, мәдениет, тіл білімдері, медицина салалары бойынша араб, парсы, және түркі тілдеріндегі еңбектерімен бүкіл ғаламға даңқтары шықты. Ал енді бір бөлігі Құран Кәрімге түсініктеме жазу, шариғат мәселелері бойынша кітаптар жазу, мазхабтар туралы, фыкых тақырыбындағы зерттеулерімен үлкен құрметке ие болды.

19-шы ғасырда қазақ зиялыларының өкілдері мен оқыған азаматтары діни істерді заман талабына сай жүргізетін ұйым құруға тырысты. Осылайша 1906 жылдың көктемінде Верный қаласында Жетісу өлкесі мұсылмандарының бірінші құрылтайы өткізіліп, оған 100-ге жуық делегат қатысты. Жетісу Құрылтайы Түркістан мұсылмандарының мұқтаждығын шешумен айналысатын алғашқы ресми сипаттағы ұйым болуымен тарихта қалып отыр. Осының нәтижесінде көптеген мешіт пен медреселер өз жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал, 1921 жылы республикада басқа да ресми мерекелер қатарында Ораза айт (Ауыз ашу) және Құрбан айт (Құрбандық шалу) мерекелері тойланатындығы жайлы маңызды қаулы шықты. Орталық Азия мен Кавказдық көптеген елдерде жұма күндері демалыс болып қабылданды.

Алайда, бұдан кейін мыңдаған жылдар бойы адам баласына жақсылық пен жоғары дәрежедегі адамгершілікті, кең пейілділік пен адалдықты дәріптеп келе жатқан Ислам діні Кеңестік үкімет тарапынан аз уақыт ішінде кертартпа дін болып жарияланып, дін қызметкерлері қудалауға ұшырады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Волга жағалауына таяп келе жатқан немістерден сескенген Сталин 1937-38 жылдары өзі қорлық көрсеткен мұсылмандарға ерекше көңіл бөле бастайды. 1943 жылы Ташкентте Орталық Азия мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы өтеді. Осы құрылтайда Орталық Азия мен Қазақстан елдері діни басқармасы құрылады. Бас мүфти болып Ищан Бабахан Абдулмажид тағайындалады.

Қазақстанда, Орта Азияның кеңестік бөлігіндегі басқа республикалардағы секілді қазияттар құрылды, ал алғашқы қазы болып Әбдіғаппар Шамсутдинов (1856-1957) тағайындалады. Осылайша республикамызда алғашқы діни бірлестік пайда болды - Қазақстан мұсылмандарының қазияты.

Қазіргі заманғы Қазақстандағы исламның дамуы. Исламның біздің республикамыздағы жетекші ағымы - ханафиттік мазхабтағы суннизм бағыты болып табылады.

Тарихи факторлардың әсері қазақстандағы діни ахуалдың ерекшеліктерін анықтап берді. Біріншіден, тұрғындардың басым көпшілігін құрайтын түркі халықтарының салт-дәстүрлері исламның рухани құндылықтарымен тығыз байланысты болуы исламтанудың табиғи болуын қалыптастырады және жыл өткен сайын қарқын алып отырды. Екіншіден, кеңестік дәуірде халықтардың кешенді діни білім алуы жойылды және бос кеңестік ислам туралы ұғымды беделді және қызықты етіп жеткізе білген кез-келген исламдық ағымдармен толықтыру мүмкіндігін береді. Осы факторды әртүрлі радикалдық ағымдар мен олармен байланысы бар ислам мемлекеттері өз мүдделеріне пайдалануда. Үшіншіден, көптеген протестанттық ұйымдар өздерінің әрекеттерінде түпкілікті халықтарға сенім артып отыр. Осылайша, Қазақстандағы исламның таралуының басты мәселесі исламдық ағымдардың арасындығы және протестанттардың, әсіресе жаңа шіркеулер тарапынан негізгі бәсекелестік тудыруда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Орталық Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан еліміздің діни ахуалына айтарлықтай әсер ете алмады. Қазақстанның аумағында діни кітаптар жарық көрмеді, мешіттер салынбады. Ташкенттен шығатын мөлшерлі ғана діни кітаптар, оқулықтар Қазақстандағы мұсылмандардың сұранысын қанағаттандыра алмады.

Соңғы жүз жылдықтың сексенінші жылдарының екінші жартысында Кеңес империясының барлық жерінде болған жариялылық пен демократиялану үрдісі дін саласына жанаспай өте алмады. Дәл осы үрдіс сол кездегі Республика Министрлігі Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың қолдауымен республикада жеке діни басқарма құру ойын жүзеге асыруға ықпалын тигізді. Н. Ә. Назарбаевтың табандылығы мен іскерлігінің арқасында Қазақстан мұсылмандарының жеке Діни басқарма құруларына Мәскеу тарапынан рұқсат берілді. 1990 жылы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылық етуімен ислам дінін ұстанушы және таратушы ерікті діндар адамдардан құралған республикалық мұсылмандардың құрылтайы өтті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жарлығына сәйкес, діни уағыз және басқа да ағартушылық қызметтері республиканың барлық жерлерінде жүргізілуі тиіс.

Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап кез-келген ұлттық мәселелер сияқты ислам дініне кейбіреулердің салған тыйымдарынан ада болдық. Әрине, ислам діні елімізге берік орнаса, ел тәуелсіздігі де соғұрлым мықты болары сөзсіз. Өз бойына үлкен өркениет пен мәдениетті, кең көлемдегі интеллектуалдық күшті жинаған ислам шынымен де адамдардың рухани жетілуіне ғажайып мүмкіндіктер туғызып, ой тазалығы мен кішіпейілділікті, ар ұят пен қайырымдылықты, адамгершілік пен адалдықты, пәктікті дәріптеуде алдыңғы қатарда.

Дін қызметкерлерінің білімі мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатымен Діни басқарма жанынан құрылған аттестациялық комиссия 2007 жылдан бастап республика имамдарын аттестациядан өткізуді бастады.

«Ислам және өркениет» газеті - ҚМБД-ның діни -танымдық басылымы. Айына бір рет шығады. 2001 жылы қаңтардан бсатап жүйелі шыға бастады. Алғашқы жылы 5 мың данамен сегіз бет болып таралды. Ал 2007 жылы 36 мыңнан, 2008 жылы 40 мыңнан асты. 2003 жылдан бастап діни басқарма демеушілерінің күшімен «Иман» журналын шығарып келеді. Ол 4000 данамен тарауда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат, пәтуа және діни істер бөлімі 2000-2008 жылдары арасында әртүрлі діни мәселелерге байланысты шешім шығару, жалпы исламдық мейрамдарға қатысты, олардың мерзімі мен өткізілу тәртібін айқындау, халыққа исламның түрлі қағидаларын тұрмыс-тіршілікке түсіндіру, мемлекетіміздегі әртүрлі ағымдарды зерттеп, оларға байланысты пәтуа шығару істері жөніндегі әртүрлі мәселелерге қатысты 200-ден астам пәтуа дайындады. Пәтуалар республика аумағындағы барлық мешіттерге жіберіліп, ислам дінін ұстанушылардың күнделікті тұрмыстарында тәжірибелік көмек ретінде кеңінен қолданылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ислам фобиясының көріністері
Қазақстандағы діндер
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы діни жағдай
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
XVIII ғасырдың ортасынан –XIX ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстандағы ресей империясының миссионерлік саясаты
БАҚ - тағы діни жариялымдарға ислами талдау жасау
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz