Қаптаушы заттар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қаптаушы заттар

Қаптаушы заттар шырышты қабаттарды жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды. Қаптаушы заттарға крахмалдың шырышы, зығыр дәнінің шырышы және т. б. жатады. Оларды көбінесе асқазан-ішек жолдарының қабыну үрдістерінде, сонымен қатар тітіркендіргіш қасиеті бар заттармен бірге қолданады. Ұаптаушы заттар резорбтивті әсер көрсетпейді.

Адсорбциялаушы заттар.

Адсорбциялаушы (сорып алушы) заттар суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті заттар. Теріге немесе шырышты қабаттарға қолданғанда олар химиялық қосылыстарды өзінің бетіне адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар, адсорбциялаушы заттар тері бетін немесе шырышты қабаттарды жұқа қабатпен жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын механикалық түрде қорғайды. Мысалы, тальк (4SiO2-3МgO-Н2О) тері бетіне қолданылғанда бездердің бөлінділерін адсорбциялайды, теріні құрғатады және оны механикалық түрде қорғайды. Адсорбциялаушы заттарды (мысалы, активтелген көмірді) химиялық қосылыстармен уланғанда қолдану өте маңызды. Активтелген көмір ішке тағайындалғанда уытты заттарды адсорбциялайды, олардың сіңуін баяулатады немесе тоқтатады және мүмкін болатын жедел улануды басады. Сонымен қатар адсорбенттер диареяда (уытты заттарды адсорбциялайды), метеоризмде (күкіртсутекті сіңіреді) қолданылады.

Преператтар

Атауы
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары
Шығарылу қалпы
Атауы: 1
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: 2
Шығарылу қалпы: 3
Атауы: Анестезиялаушы заттар
Атауы: Дикаин - Dicainum
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Конъюнктива қуысына 2-3 тамшы 0, 25-0, 2% ерітінді; оториноларингологияда 2-3мл 0, 5-1% ерітінді
Шығарылу қалпы: Ұнтақ; дикаинмен көзге арналған жабынды
Атауы: Анестезин-Anаesthesinum
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Ішке 0, 3 г, ректалды 0, 05-0, 1 г, шырыш қабатына 5-20% майлы ерітіндісі; 5-10% теріге жақпа және сеппе
Шығарылу қалпы: Ұнтақ; 0, 3г таблетка; 0, 5% жағылма
Атауы: Новокаин- Novocainum
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Инфильтрациялық анестезияға арналған 0, 25-0, 5% ерітінді; өткізгіштік анестезияға арналған 1-2% ерітіндісі; перидуралды анестезия үшін 2% ерітінді жұлын арқылы анестезия үшін 5% ерітінді; терминалды анестезия үшін 10-20% ерітінді; 30-40мл ішке 0, 25-0, 5% ерітінді; беткей анестезия үшін 2-5% ерітінді.
Шығарылу қалпы: Ұнтақ; 1; 2; 5; 10 және 20мл 0, 25% және 0, 5% ерітінді мен 1; 2; 5; 10мл 1% 1% және 10% жағылма; ректалды суппозиторийлер 0, 1г
Атауы: Tримекаин-
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Инфильтрациялық анестезия үшін 0, 125-0, 25-0, 5% ерітінді; өткізгіштік анестезия үшін 1-2% ерітінді; перидуралды анестезия үшін 1-1, 5-2% ерітінді; жұлындық анестезия үшін 0, 5-2% ерітінді; беткей анестезия үшін 2-5% ерітінді;
Шығарылу қалпы: Ұнтақ; 10мл ампулада 0, 25% ерітінді; 2, 5 және 10мл 0, 5% және 1% ерітінді; 1; 2; 5 және 10 мл 2% ерітінді; 1 және 2 мл 5% еретінді
Атауы: Лидокаин-
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Инфильтрациялық анестезия үшін 0, 25-0, 5% ерітінді; өткізгіштік анестезия үшін 0, 5-2% ерітінді; терминалды анестезия үшін 1-5% ерітінді;
Шығарылу қалпы: 10 және 20мл 1%, 2 және 10мл 2%, 2мл ампулада 10% ерітінді; 5мл 2% және 4% ерітінді флаконда
Атауы: Таиин-
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Ауыз қуысын, мұрын қуысын, аңқаны, көмейді шайқауға арналған 1-2% ерітінді (сулы, глицеринді) ; зақымданған беткейге жағу үшін 3-10% ерітінді және жағылма
Шығарылу қалпы: Ұнтақ; флаконда 25мл 4% спиртті ерітіндісі
Атауы: Емен қабығының қайнатпасы-
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Шайқау үшін 1:10 қайнатпасы; сыртқа арналған 1:5 қайнатпа (күйікті емдеуге арналған)
Шығарылу қалпы: 1:10 және 1:5 қайнатпалар
Атауы: Қорғасын ацетаты
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Сыртқа арналған 0, 25-0, 5% ерітінді;
Шығарылу қалпы: Ұнтақ
Атауы: Висмут негізінің нитраты
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: 0, 25-0, 5г ішке; сыртқа 5-10% жағылма және сеппе
Шығарылу қалпы: Ұнтақ; 0, 25 және 0, 5г таблеткалар; 10% жағылма
Атауы: Ашудас-
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Сыртқа 0, 5-1% ерітінді;
Шығарылу қалпы: Ұнтақ
Атауы: Қаптаушы заттар
Атауы: Крахмал шырышы-
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Ішке және ректальды
Шығарылу қалпы: Ұнтақ
Атауы: Абсорбциялаушы заттар
Атауы: Активтелген көмір-
Ересектерге арналған орташа емдік доза; енгізу жолдары: Ішке 1-2 г метеоризм кезінде; 20-30 г уланулар кезінде (суда қоспа түрінде)
Шығарылу қалпы: Ұнтақ; 0, 25 және 0, 5г таблетка(15-30 мл)

Тітіркендіргіш заттар

Бұл топтың преператтары тері мен шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына ынталандырғыш әсер көрсетеді.

Қыша қағазы (горчичник) майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның тітіркендіргіш әсері қышаның эфирлік майына (аллилизотиоцианат) байланысты. Қышаның құрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын жылы (40ºС жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синигрин ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін қышаның эфирлік майын түзеді. Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар неврологияларда, миалтияларда қолданылады.

Эфир майларына кәдімгі қарағайдың шырынын айыру жолымен алынатын тазартылған терпентин майы жатады. Негізгі әсер етуші заты болып α-пинен (терпендер тобынан-жартылай немесе толығымен гидрирленген ароматты көмірсулар туындыларынан тұратын көптеген эфирлік мвйлар) саналады, оның айтарлықтай липофилдігі бар, сондықтан эпидермис арқылы сіңіп, сезімтал жүйке ұштарына тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Құрамында тазартылған терпентин майы бар преператтар көбінесе жергілікті невралгияларды, миалгияларда, буынның ауруларында ысқылап жағу үшін қолданылады.

Аталған тітіркендіргіш заттар екі мақсатпен қолданылады. Біріншіден, ауру сезімін басу үшін зақымдалған мүшенің немесе тіннің аймағына әсері-алаңдатушы әсер деп аталады. Екіншіден, патологиялық үрдістер орын алған ішкі мүшелердің (тіндердің) трофикасын жақсарту үшін.

Алаңдатушы әсер ОЖЖ-де тітіркендірудің екі ағынының өзара әсерлесуі мүмкіндігімен түсіндіріледі-патологиялық өзгерген ішкі мүшелер мен тітіркендіргіш заттардың әсер ететін жерлеріндегі тері беті. Бұл жағдайда висцералды мүшелерден афферентті импульсияға берілу әлсірейді. Бірақ мұндай көзқарас аса болжамалы, висцералды және соматикалық импульстердің өзара өзара әсерлесуі физиологиялық дәлелденген. Бұл туралы клиникалық мәліметтер де көрсетеді. Сонымен, ішкі мүшелердің ауруында терінің белгілі бір жерлерінде (Захарьин-Гед аймағы) сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Мысалы, стенокардияда науқастар жауырынның тұсында немесе сол жақ қолында ауру сезімін байқайды. Тітіркендіргіш заттардың әсерінен ОЖЖ-де ауыру сезімдерін басатын қасиеті бар заттар энкефалиндердің бөлінуі жоққа шығарылмаған.

Одан басқа, тітіркендіргіш заттар ішкі мүшелерге оң трофикалық әсер көрсетеді. Бұл бірқатар механизмдерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен, трофикалық кәдімгі тері-висцералды рефлекстремен және постганглионарлы симпатикалық талшықтармен антидромды түрде (аксон-рефлекс түрінде) іске асады деп болжайды. Екінші вариантта қоздырғыштар ОЖЖ-нен тыс тері рецепторынан ішкі мүшелерге барады. Ауыру сезімдерін басатын тітіркендіргіш заттардың алаңдатушы әсері трофикада жағымды рөл атқарады. Теріні тітіркендіргенде биологиялық белсенді заттардың т(гистамин және т. б. ) бөлінуінің белгілі бір маңызы бар екендігі де ескеріледі.

Тітіркендіргіш заттарды қойған жерлерде тері қызарып, біраз ісінулер пайда болады. Бірақ бұл жер жергілікті әсерлердің ешқандай емдік маңызы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаптаушы, қармаушы, тітіркендіруші және сіңіруші заттар.
Антисептиалық және дезинфекциялаушы заттар
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Саздардың созымталдығы
Қақпақ бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Шкив бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Электролиз процесінің сипаттамасы
Табиғи және жасанды тау жыныстары,түрлері, қасиеттері
Дофаминергиялық заттар жіктелуі
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда халықтық қолданбалы өнердің мүмкіндіктерін пайдаланудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz