Жер қыртысының минералогиялық құрамы



Жоспар

І. Кіріспе
Минералогия ғылымы минералдар туралы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Жер қыртысының минералогиялық құрамы.
2. Минералдардың физикалық қасиеттері.
3. Менералдардың жүктелуі.

ІІІ. Қортынды
Минарал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, өзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі элементтен құралған. табиғи қосындылар. Ал кейбір минералдар кейде. жеке элементтер түрінде де кездеседі.
Минерал деген термин латын тілінде «минера»-- руда деген мағынада қолданылады. Жер қыртысында кездесетін минералдардың жалпы саны ~2500-ден астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Сондықтан оларды тау жыныстарын құрайтын минералдар деп атайды.
Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде жиі кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана сұйық (су, сынап) және газ күйінде (көмір қышқыл газы) болады.
Қатты заттар жоғарыда айтылғандай көпшілік жағдайда кристалдық минералдар түрінде болумен қатар, кейде аморфтық (грекше «аморфос»— пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы, опал) түрінде де кездеседі.
Кристалдық заттар (аморфтық заттармен салыстырғанда) өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын бөлшектер (иондар, атомдар) белгілі бір заңдылық бойынша және белгілі бір ретпен орналасып (IV. 1-сурет), өзіндік геометриялық жеке пішіндерге бірігеді (ішкі кристалло-химиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты).
Минералдық агрегаттар ішіндегі ен, көп тараған түрлері мыналар:
1.Түйіршікті агрегаттар—минералдардың ұсақ түйіршіктерінің бір-біріне қосылып, бірігіп өсуі. Олар ыстық су ерітінділерінен немесе балқыған ыстық магмадан минералдық көп түйіршіктердің бір мезгілде кристалданып, қалыптасуына байланысты құралады. Бірақ кристалдардың қатаюы кезінде олар бір-біріне кедергі келтіріп, жетілген кристалдық пішіндер құрай алмайды.
Кристалдық түйіршіктердің азды-көпті жетілген пішіндерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі агрегаттық пішіндер қалыптасады: а) изометриялық түйіршіктерден кұралған агрегаттар; б) жапырақ, пішінді немесе қабыршақтардан құралған агрегаттар; в) ине (немесе қылтанақ) тәрізді агрегаттар және т. б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Минарал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде
өтіп жатқан әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда
болатын, өзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен
ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі
элементтен құралған. табиғи қосындылар. Ал кейбір минералдар кейде. жеке
элементтер түрінде де кездеседі.
Минерал деген термин латын тілінде минера-- руда деген мағынада
қолданылады. Жер қыртысында кездесетін минералдардың жалпы саны ~2500-ден
астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді.
Сондықтан оларды тау жыныстарын құрайтын минералдар деп атайды.

Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде жиі
кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана сұйық (су, сынап) және газ күйінде
(көмір қышқыл газы) болады.
Қатты заттар жоғарыда айтылғандай көпшілік жағдайда кристалдық
минералдар түрінде болумен қатар, кейде аморфтық (грекше аморфос—
пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы, опал) түрінде де кездеседі.
Кристалдық заттар (аморфтық заттармен салыстырғанда) өзіндік
ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын бөлшектер (иондар, атомдар)
белгілі бір заңдылық бойынша және белгілі бір ретпен орналасып (IV. 1-
сурет), өзіндік геометриялық жеке пішіндерге бірігеді (ішкі кристалло-
химиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты).
Минералдық агрегаттар ішіндегі ен, көп тараған түрлері мыналар:
1.Түйіршікті агрегаттар—минералдардың ұсақ түйіршіктерінің бір-біріне
қосылып, бірігіп өсуі. Олар ыстық су ерітінділерінен немесе балқыған ыстық
магмадан минералдық көп түйіршіктердің бір мезгілде кристалданып,
қалыптасуына байланысты құралады. Бірақ кристалдардың қатаюы кезінде олар
бір-біріне кедергі келтіріп, жетілген кристалдық пішіндер құрай алмайды.
Кристалдық түйіршіктердің азды-көпті жетілген пішіндерінің
ерекшеліктеріне қарай әр түрлі агрегаттық пішіндер қалыптасады: а)
изометриялық түйіршіктерден кұралған агрегаттар; б) жапырақ, пішінді немесе
қабыршақтардан құралған агрегаттар; в) ине (немесе қылтанақ) тәрізді
агрегаттар және т. б.
2.Друзалар — азды-көпті жетілген кристалдардың ортақ табаиға бір
шетімен қадалып, қатар өсіп-жетілуімен сипатталады. Олар бос кеңістікте,
тау жыныстарының ашық жарықшақтары мен куыстарында және тау үңгірлерінде
құралады Мысалы, кварц минералы друзалар түрінде жиі кездеседі (тау
хрусталі).
3.Қосақтар — белгілі бір заңдылықпен бірігіп, қосақтала өскен, кемінде
екі кристалдан құралған агрегаттар. Мысалы, гипс минералының қосағы
Қарлығаш қүйрығы деген атпен белгілі. Полисинтетикалық қосақтар көп
кристалдардың қосақтар түрінде бірігіп өсуінен құралады.
4.Дөқгелек пішінді агрегаттар. Олардың қатарына секрецпялар,
конкрециялар және оолиттер жатады.
Секрециялар — тау жыныстарының дөңгелек пішінді қуыстарында минералдық
заттардан құралады.
Олар осы айтылған үлкенді-кішілі қуыстарды перифериялық шетінен
бастап ортасына қарай біртіндеп толтырады, былайша айтқанда концентрациялық
зоналар түрінде қалыптасады. Секрециялық пішіннің орталығы бос қуыс күйінде
қалуы да мүмкін. Секрецияның ұсақ түрлерін (10 мм-ге дейін) миндалиндер, ал
ірі түрлерін жеодалар деп атайды.
Конкрециялар — белгілі бір кристаллизациялық орталықтан оның шетіне
қарай тарала өсіп минералдық заттармен толып, дөңгелек пішінді болып
құралады. Олар көбінесе бір орталықтан шашырай таралған радиальды сәуле
тәрізді болып қалыптасады (мысалы, марказит, фосфорит).
Оолиттер — дөңгелек пішінді концентрациялық құрылысы айқын байқалатын
ұсақ (10 мм-ге дейін) дене. түрінде кездеседі. Олар-минералдық заттардың
сулы ортадан біртіндеп-бөлінуі кезінде құралады (мысалы, лимониттермен
пиролюзиттер).
5.Сауыстанған агрегаттар -~ үлкенді-кішілі үңгірлер мен қуыстарда
ыстық су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде
біртікдеп кристалдануы нәтижесінде құраладары. Олар әр түрлі пішінде
(бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай және т. б.) кездеседі.
6.Топырақ тектес және тығыз агрегаттир — экзогендік әрекеттерге
байланысты құралады. Оларды құрайтын минералдық заттар жай көзбен
көрінбейтін өте майда және өте тығыз түйіршіктерден тұрады ( мысалы,
халцедон).
Топырақ тектес агрегаттарды құрайтын минералдық түйіршіктердің
арасындағы байлаиыс өте әлсіз, сондықтан олар оңай ұнтақталады (мысалы,
қаолин).

Минералдардың физикалық қасиеттері.

Минералдардың ең басты физикалық қасиеттеріне тұрі мен түсін, сызылу
түсін (дағын), жылтырлығы мен мөлдірлігін, сынғыштығын, иленгіштігін,
серпімділігін, жымдастығын, кристалдың құрылыс ерекшеліктерін, сыртқы
пішінін және т. б. қасиеттерін жатқызуға болады.
1. Түсі. Минералдар химиялық құрамына, кұрылыс. ерекшеліктеріне және
қоспаларына қарай 2 әр түрлі бояуларға боялады.
Сызылу түсі (дағы). Кейбір минералдардың сызылу түсі (ұнтақталған
күйдегі түсі) оның кесек қалпындағы түсімен сәйкес келмейді. Сондықтан
минералдардың сызылу түсін де ажырата білу керек.
Жылтырлығы. Минералдардың жылтырлығы олардың жарық сәулесін жұту,
сындыру немесе шағылыстыру қабілеттеріне қарай анықталады. Олардың
шағылыстыру қабілеті неғұрлым күшті болатын болса, онда соғұрлым жылтырлығы
да жоғары болмақ. Жылтырлық қасиетіне қарай барлық минералдарды үш топқа,
яғни металдық, шала металдық және металдық жылтырлығы жоқ минералдарға
ажыратуға болады.
Металдық жылтырлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Минерал ұғымының тарихы
Заттардың кристаллдық және аморфты құрылымы
Топырақтың минералды коллоидтары
Тау жыныстары
Геология оқу - әдістемелік кешен
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Геология пәні, оның міндеттері және геологиялық ғылымдар саласы
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Жер бетінің бедері
Минералдардың физикалық қасиеттері
Пәндер