Мао Цзедун Қытайдың мемлекеттік және саяси қайраткері


Жоспар
І Тарау. Мао Цзедун Қытайдың мемлекеттік және саяси қайраткері.
І. 1 Мао Цзедунның өмірі мен қоғамдық істері.
І. 2 Мао Цзедунның ішкі-сыртқы саясаты.
І. 3. Азамат соғысының аяқталуы және Қытай коммунистік партиясының
(ҚКП) құрылуы.
ІІ Тарау. «Мәдени революция» жылдарындағы ҚХР-сы.
ІІ. 1. Мәдени революцияның алғы шарттарымен барысы.
ІІ. 2. Мәдени революция жылдарындағы ҚХР-ның әлеуметтік экономикалық
жағдайы.
ІІ. 3. «Мәдени революцияның» нәтижесі мен салдары.
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер және сілтемелер тізімі . . .
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі:
1941-1949жылдары азамат соғысында Қытай Коммунистік партиясы жеңіске жетеді. Гаминьдан мен Чан Кайши үкіметінің жеңілуінің бірнеше себептері болды. Жапондарға қарсы соғыс жылдарында Чан Кайшидің партиясы мен үкіметі өз беделін түсіріп алады, гаминьданның реформашылдық саясаты сарқылды. Қытай шенеуніктері үшін сыбайлас жемқорлық билікутің жоғарғы жағын азғырады, сөйтіп олар Жапон басқыншыларына қарсылық ұйымдастыруға дәрменсіз болып шықты. Компартия керісінше соғыс жылдарында өз күштерін қалпына келтіріп, азат етілген территорияларын кеңейтті. КСРО-ның көмегімен соғысқа қабілеті бар армия құра алды. Соғыс аяқталғаннан кейін қалың бұқараға түсінікті әрі қарапайым ұран көтере білді. Жапонияның Манчжуриядағы Квантун армиясын талқанду, бұл миллиондық топты қарусыздндыру және ол қаруалардың Қытай коммунистеріне берілуі армияны қарумен қамтамасыз етті. АҚШ-тың осы кезде гоминьданға көрсеткен көмегі мардымсыз болды.
1949 жылы қазанда ҚХР-сы құрылғаннан кейін социалистік құрылыс басталды. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруар ұжымдастырылды. Аралас экономик құрылды. Ішінара мемлекет құрамына алу арқылы мемлекеттік сектор пайда болды. Ол жеке кәсіпкерлікпен қатар өмір сүріп отырды.
1958жылы шешуші бетбұрыс - «Үлкен секіріс» басталды. ҚКП-ның басты бағыты дамытуды шапшаңдтып, қысқа мерзім ішінде коммунистік қоғам орнату болды. Индустрияландыру жедел қарқынмен жүргізіліп, барлық өнеркәсіп иелерінен сатып алынып, қоғамдастырылды. Теңдей бөлісу принципі енгізілді.
Осы кезеңде Кеңес-Қытай қатынастары қатты шиеленісті. ҚКПОК төрағасы Мао Цзедун дүние жүзілік революцияның келуін тездету мүмкін деп есептеп, компартияларды батыл қимыл жасауға итермеледі. Бұл араңдатушылық бағыт көтеріліс бастаған Индонезия компартиясының толық жойылып кетуіне себеп болды. «Үлкен секіріс» саясаты сәтсіздікпен аяқталды. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірістері қысқарып кетті. Елге аштық қаупі туды. Мао Цзедун партия ішінде оппазицияға тап болды.
1966-1976 жылдар аралығында Қытай тарихында қарама - қайшылыққа толы он жылға созылған «мәдени революция» деген басталып, оның барысында «Ұлы жолбасшыға» шексіз берілген жастар тарапынан хунвэбиндер және цзаофондар отрядттары құрылып, Маоның «өзгеше ойлау» саясаты басталды. Бұл саясаттың салдарынан Мао мен оның жақтастары партия кадрларын қуғынға ұшыратып, көпшілігін жойып жіберді.
«Мәдени революция» тарихын Қытай тарихшылары үш кезеңге бөледі:
- І-ші кезең - 1966ж мамырынан - 1969ж сәуір айына дейін созылды.
- ІІ-ші кезең - 1969ж мамырдан, - 1973 ж тамызына дейінгі аралық
- ІІІ-ші кезең - 1973 ж қыркүйегінен - 1976 ж қазан айы аралығында жүзеге асты.
Хунвэбиндер мен цзаофондар тарапынан «Мао Цзедун біздің тірегіміз. Мао идеясы біз үшін бұйрық Маоны қасық қанымыз қалғанша қорғаймыз және «мәдени революцияны» соңына дейін жеткіземіз деген ұрандар көтерілді.
«Мәдени революцияның» соңғы жылдарында Қытай халқының жағдайы төмендеп, қоғам бөлшектеніп кетті. Үлкен көөлемдегі репрессия, сенімсіздік, моралдық террорлар көбейді. Елдің экономикасы төмендеп нәтижесінде ҚХР-да жүздеген тіпті миллиондаған мамандар жетіспеді. Білім беру орындарынң жабылуы садрынан білімсіз адамдардың қатарының көбеюіне алып келді.
Мао Цзедун мен оның жақтастрнының жүргізген саясаты «Маоизм» идеясының тарауы ҚХР-сын үлкен дағдарысқа акеліп тіреді. «мәдени революция» жыдарындағы Қытаймен Мо Цзедунның жүргізген саястын зерттеуді дипломдық жұмыстың тақырыбы еттік.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
Диплом жұмысында негізінен Қытайдың мемлекеттік әрі саяси қайраткері Мао Цзедун билік еткен жылдар мен оның жүргізген саясаты, соның ішінде он жылға созылған «мәдени революция» кезеңі Қытай тарихының сахынасында алатын орнын жан-жақты көрсетуді мақсаты етіп қойылды. Осы мақсатқа сәйкес міндеттер анықталды.
- Мао Цзедун Қытайдың саяси қайреткері.
- Мао Цзедунның қоғамдық істері мен ұстанған саясаты.
- Қытай Халық Республикасының құрылуы.
- «Мәдени революция» жылдарындағы Қытай Халық Республикасы
- «Мәдени революцияның» дүниеге келуі
- «Мәдени революцияның» Қытайдың ішкі саясатына әсері.
- Револцияның Қытай тарихындағы орны.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері:
Жұмыстың хронологиялық шеңбері ҚХР-ның құрылуы яғни 1949жылдан бастап -«мәдени революция» төңкерісі аяқталғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Біздің қарастыратын мәселеміз Мао Цзедунның ҚХР-ның құрылуына дейінгі атқарған қоғамдық-саяси істері мен жеке өмірінен мәліметтер келтіріледі.
Мао Цзедун 1940жылы ҚХР-ны орынбасары болып, 1893-1976жылдары оның төрағасы қызметтерін атарады. 1949жылы ҚХР-сы құрылғаннан кейін 1954-1959жылдары оның төрағасы болып сайланады.
1958-1960 жылдары Қытайда «үлкен секіріс» саясатын жүргізеді. Ал, 1966-1976жылдары аралығында Қытай тарихында қарама-қайшылыққа толы он жылға созылған «мәдени революция» науқаны жүргізіледі. Революцияның алғашқы кезеңі 1966-1969 жылы, екінші кезеңі 1969-1973жылдары, үшінші кезеңі 1966-1969жылдары аралығында жүзеге асырылады.
Осы он жыл ішінде Қытай халқының миллиондаған бөлігі сауатсыздыққа ұшыраса, миллиондаған адамдар репрессия құрбаны болды.
Дипломдық жұмыстың деректемесі:
Шығыстағы алып мемлекеттің қоғамдық бет бейнесін ашып, ондағы саяси жағдайлармен қатар «мәдени революция» жылдары мен Мао Цзедунның ішкі-сыртқы саясатын алғашқылардың бірі болып, М. Ф. Юрьев «История стран Азии и северной Африки» после второй войне. 1945-1950гг М-1994г. кітабында зерттей бастады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі:
Мао Цзедунның «мәдени революциясы» Қытай тарихында өшпейтін әрі естен кетпейтін қарама-қайшылыққа толы уақыт кезеңі болды. Мао Цзедунның айтқан сөздері жазылған кішкене кітапшаны сол уақытта әрбір Қытай азаматының қолынан көруге болатын еді.
1. М. Ф. Юрьев «История стрн Азии и северной Африки» после второй войне. 1945-1950гг М-1994г. Кітабында Маоның жасаған «үлкен секіріс», «мәдени революция» оқиғасының түп-төркінін түсіну және түсіндіру жолындағы талпыныс еді. 1958жылғы шешуші бетбұрыс «Үлкен секіріс» елде индустрияны жедел дамуы мақсатында жасалынып, партия сьездерінде «15 жылда Англияны қуып жетіп -өнеркәсіпте қажетті тауар мөлшерінен асып түсу» - деген сияқты сөздер айтылып, Бұл бойынша ауылды жерлерде халық коммуналары құрылып, өнеркәсіп өнімдерінің дамуы жеделдетілгенмен жүргізілген іс - шаралар сәтсіз аяқталғанын, халыққа тигізген зардабын ашып көрсетеді. Сонымен қатар «мәдени революцияның» қытай халқына әсері, сол жылдары миллиондаған адамдардың сауатсыз деңгейде қалуы, қоғамның бөлшнктенуі, үлкен көлемдегі репрессия, моральдық террорлар баяндалды.
2. «Зарубежный восток и современность» ІІ - том под. ред Б. Т. Пофуров М-1974г. Сталиннің жеке басына табынушылық сияқты, Мао бүкіл Қытайға өзінің қатаң режимін орнатып, саясатына қарсы шыққан партия мүшелерін, интеллегенцияларды қуғындап, көпшілігін жойып жіберді. Шығыс еліне Маоизм идеясының таралуы мен халықтың кейбір бөлігі ғана қолдап, ел ішіндегі бөлшектену мен олардың арасындағы қақтығыстар жайында сөз етеді.
3. w. w. w. google. ru - Бұл интернет жүйесінде Мао Цзедун өмірі мен саясатқа араласқан күннен бастап, өмірінің соңына дейін атқарған қызметі бейнеленген.
4. «Тарихи талқыға толы Шыңжаң» Н. Алдабек «Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» Алматы - 2003ж бұл кітапта Кеңес Одағымен ҚХР-ың өзара достық келісім шарттары жайында талқыланып Мао Цзедун мен Сталиннің 1945жылы тамыз айындағы достық шарты бойынша жасырын келісім-шарттары жазылған.
5. Новая и новейшая стран Азии и Африки Ю. Н. Розалиев, Москва 1987г вясшая школа кітабында «мәдени революция» жылдарындағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен «мәдени революция» Қытай таихына әсері бейнеленген.
Мао Цзедунның саясатын жан-жақты аша отырып, қоғамға тигізген пайдасын зерттеу жұмыстың негізгі міндеті болды.
Дипломдық жұмыстың зерттелу обьектісі.
Жалпы Қытай Халық республикасы тарихында Мао Цзедунның билік басына келуі, оның Қытай тарихзында алатын өзіндік орнын саралап, саяси істерін, сол кезде Қытай халқының жағдайын, елдің экономикасын Маоның жүгізген ішкі-сыртқы саясатын зерттеу жұмыстың басты обьектісі болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан
І. Мао Цзедун Қытайдың мемлекеттік және саяси қайраткері
ІІ. «Мәдени революция» жылдарындағы ҚХР-сы
әр тарау ІІІ тараушадан және қорытындыдан, сілтемеден, пайдаланылған әдебиеттер, қорытындыдан, иллюстрация тізімінен тұрады.
І. Тарау. Мао Цзедун Қытайдың мемлкеттік және саяси қайраткері
І. 1. Мао Цзедунның өмірі мен қоғамдық істері
«Мәдени ревоюцияны» жасаушы XX ғасырдың қатыгез тираны Мао Цзедун және классиканың үш азаматы: Маркс, Энгельс, Ленин саяси ойдың көрнекті қайраткерлері болып саналады.
Мейірімсіз, мақсаттылық, табандылығымен ерекшеленген және Қытайдың Коммунистік партиясы (ҚКП) мен Қытай Халық Республикасының (ҚХР) негізін қалаушы, Мао Цзедун (1893ж 26-желтоқсан-1976ж 9 қыркүйек) Қытайдың мемлекеттік және саяси қайраткері XX ғасырдың басты коммунистік теоретигі болып есептеледі.
Мао Цзедун-1893жылы 26-шы желтоқсанда Хунань провинциясында дәулетті шаруа әкесі Мао Женшень (1870ж-1920ж) және анасы Вэнь Цимэй (1867ж-1919ж) отбасында дүниеге келеді. Мао Цзедунның: Мао Цзэмин (1895ж-1943ж) және Мао Цзэтан (1905ж -1935ж) атты екі інісі және Мао Цзехун есімді қарындасы болады. Мао жергілікті мектепте классикалық қытай білімін алады.
1911жылы болған Синхай революциясының кесірінен оқуын жалғастыра алмайды. Бұл күрес Сунь Ятсеннің бастауымен Манчьжур династиясына Цинді тақтан түсіруге бағытталған болатын. Жас кезінен қанды күрес пен әскери тәртіптің қандай болатынын көріп өскен Мао көп ұзамай өзі де әскер қатарына алынады. Жарты жыл әскер қатарында әскери қызмет етіп, отрядттың міндеттерін орындайды.
1912-1913жж ата-анасының айтуымен оқуын ақылы мектепте жалғастырады. Ол оқуда өз ерекшелігімен көзге түсіп, оқуын табысты аяқтайды. 1917ж Маоның «Жаңа жеткіншек» атты мақаласы газетте жарық көреді.
1912-1913жж аралығында Мао педогогикалық училищені оқыған қаласы, әкімшілік орталық болған Чаншанда тұрады.
1918-1919жж Пекинге келіп, Пекин университетінің кітапханасында жұмыс істейді. Мао осы жерде жүріп, батыс философиясымен және революциянерлерімен танысып, Ресей жаңалықтарына қызығушылық білдіреді.
1918жылы сәуірде Мао жақтастарымен бірге Чаншанда «Жаңа халық» қоғамын кұрады. Мақсаты: Қытайды жаңа жолмен және жаңа әдістер мен қайта құру. 1919 жылы саяси қызметте жақсы атқа ие болып, осы жылы бірінші рет марксизммен танысып, осы бағытты жақтаушылардың біріне айналады. 1921жылы бұл жағдаймен толық танысады. Мао мәдени оқу қоғамының революциялық идеяға таралуын ұйымдастырады. Чаншада досы Цай Хэсенеммен бірге отырып, коммунистік топ құрып, өзінің ұстазы Яну Чанцзидың қызы Ян Кайхайға үйленеді. Олардың Аньин (1922-1950жж), Аньцин (1923ж туылған), Аньлун (1927-1931 жж) есімді үш ұлдары болады.
1921жылы ол Хунань провинциясының негізгі өкілі болып тағайындалады. Осы жылдың шілде айында ҚКП-ның мүшесі болып қабылданып, Шанхайда өткен ҚКП ұйымдастырған сьезде Мао ҚКП мүшелерімен бірге 1923 жылы Гоминьдон халық партиясына қосылады.
Жылдың соңына қарай Мао денсаулығының нашарлауына байланысты Хунанға қайтуына тура келеді. Бұл жерде ол жумысшы және шаруа одағы қурып, олардың жазықсыз түтқындалуына тізгін жасауға қызмет етті.
1925 жылы күзінде Мао Кантонға оралады. Кейінірек Мао Чан Кайшидің назарын өзіне аударып, Чан Кайши Маоны үгіт - насихат бөліміне Гоминдонның қолбасшысы болып тағайындалады. Кәп уақыт өтпей Чанмен арада саяси келіспеушіліктер туындап, Мао өз мойнына алған міндеттемелерден бас тартады.
Ол ҚКП-ның сол қанатының ұсынуымен шаруалар қозғалысының бастауыш қолбасшы жұмысын атқарады. 1927 жылы Чан Кайши ҚКП-ын таратып, ҚКП-ның мүшелеріне өзінің «Солтүстік жаулап алу жорығында» көп қысым көрсетеді.
Mao ҚКП-нан құпия түрде кетіп, тамызда революциялық әскер құрады. 8-9-шы қыркүйекте «күзгі егін» кезінде көтерілісті бастайды, бірақ көтеріліс сәтсіз аяқталып Мао ҚКП-нан қуылады. Гоминьдон үкіметіне жауап ретінде Мао ҚКП-нан қуылған Чжу Дэмен бірлесіп, тауға шегініп, 1928 жылы «Линия на массы» армиясын құрады. Біріккен Мао және Чжу Цзингон тауында Хунань және Цзиянсин шекерасында өзіндік кеңес республикасын қүрып, 1934 жылы 15 млн халқы бар елді-мекен бұларға қосылады. Осылайша Гоминдон және Чан Кайшиге ашық наразылығын білдіреді. Мао және Чжу кеңестерге қарсы қала шаруаларын қолдайды.
1924-1934 жылдары партизандық әдістерді қолдана отырып, кеңестере қарсы шықты. Бұл кезде Мао жеке жанұялық өміріне байланысты бақытсыздыққа үшырайды. Гоминдон тыңшылары әйелі Ян Кайхайды қолға түсіріп, 1930жылы дарға асты, арада біраз уақыт өткен соң кіші ұлы Аньлун өмірден өтеді, ал екінші ұлы Аньин Корей соғысында қаза табады. Мао бұл бақытсыздықтан кейін қайта күш жинап, қайта шабуылға шығады. Мао кеңестерге қарсы 5 рет жасаған шабуылынан кейін 1934жылы 86000 әйел мен ер азаматы бар Цзинганды тастап кетуге мәжбүр болады. 1935жылы Мао өзінің жақтаушаларымен 4 адамнан тұратын жаңа партияның штаб пәтерін құрады. Осы уақытта екінші Корей -Қытай соғысы басталып кеткен болатын. Бұл оқиға ҚКП- мен Гоминдонның бірігуін талап етті. 1936 жылы Мао Чан Кайшимен татуласты. Мао «100 полктың шабуылы» атты, операция қабылдап, 1940 жылы 20 тамыз бен 30 шы қазан аралығында болған II- ші опреация ҚКП-ның Кореяға өзінің бағытын нығайтуға барлық назарын аударды.
1940жылы наурызда ҚКПОК-нің орынбасары болып
тағайындалды. Соғыс кезінде Мао шаруаларды ғана ұйымдастырды. 1945жылы орталық партия комитетінің орынбасарына жүктелген міндеттемелеріндегі бағдаламаларды жүзеге асырады. Мао соғыс кезінде коммунизмнің негізгі Қытай варианттының дамуын жасады. Ол партияның негізгі 3 жұмыс стилін бөліп көрсетті: теория мен практиканың бірігуі, халықпен тығыз байанысы ҚКПОК-нің әскери қозғалысын 4 мүшесімен бастап, 1945жылғы соғысқа аттанғанда 12 адам қатарда болды.
Соғыс аяқталғаннан кейін ҚКП- мен Гоминдон арасындағы уақытша бітімде аяқталды. Елде азамат соғысы басталды.
1941-1949жылғы азамат соғысында ҚКП-сы жеңіске жетеді.
Гоминдон мен Чан Кайшидің жеңілуінің бірнеше себептері болды.
Жапондарға қарсы соғыс жылдарында Чан Кайшидің партиясымен үкіметі өз беделін түсіріп алады, Гоминдонның реформашылдық саясаты сарқылады. Қытай шенеуніктері үшін үйреншікті сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы жағын азғырады. Сөйтіп жапон басқыншыларына қарсылық ұйымдастыруға дәрменсіз болып шығады. Компартия керісінше соғыс жылдарында өз күштерін қалпына келтіреді, азат етілген территорияларды кеңейтті. КСРО-ның көмегімен соғысқа қабілеті бар армия құра алды. Соғыс аяқталғаннан кейн компартия қалың бұқараға түсінікті және қарапайым ұран көтере білді. Манчьуриядағы Квантун амиясын талқандау, бұл миллиондық топты қарусыздандыру және ол қарулары Қытай коммунистеріне берілуі армияны қарумен қамтамасз етті. Азамматтық соғыс жылдарында сенімді тыл жасалынды. АҚШ-тың осы кезде Готминьдонға көрсеткен көмегі мардымсыз болды. 1946-1949 жылдары Мао әскері Чан Кайшидің әскерін жеңіп, оларды Тайванға қашуға мәжбүр етті.1949жылы Mao және оны жақтаушы коммунистер құрлықта Қытай Халық Республкасын (ҚХР) жариялады. Біріккен штаттар Чан Кайшиді қолдап, Маоны Сталиндік Кеңес Одағымен дипломатиялық қатынас орнатуды тапсырды. 1949жылы Мао КСРО-ға келіп, премьер министр Чжоу Эньлайнмен бірге Сталинмен келіс-сөздер жүргізіп, 1950жылы ақпанда Қытай - Кеңес достық қарым-қатынас пен одақта өзара көмектесуге қол қойылды.
1949ж-1954ж аралығында Мао партияны өзінің жауларынан тазартты. Ол ірі жер иеленушілерге қарсы мұрагерлік иеленуге өз бағдарламысын жариялады. 1950жылы қарашадан - 1953жылы шілдеге дейін ҚХР-сы Маоның бұйрығымен Солтүстік және Оңтүстік Корея соғысына араласты. Яғни коммунистік Қытай және біріккен штаттар күрес алаңында қақтығысты. Бұл уақытта Мао комунистердің ортасыда үлкен беделге ие болған еді.
1953жылы Сталиннің қаза болуынан кейін маркстік істі жалғастырушы қызметін атқарушы болды. Мао Қытай ауылдарында революциялық қарқынды өзгерістердің бәсеңдегенін партия қолбасшылары өздерін алғашқы қожалық кластардың өкілі сияқты сезініктерін ашық айтты.
1957жылы Мао жемқорлыққа қарсы «100 гүл жайқалсын» қозғалысының ықпалды күші болып, лозунгтерінде «жүз гүл жайқалсын, әр түрлі ккөзқарастағы мың мектеп бәсекелессін» деген сөздер жазылды. Ол жұмысшыларға партияны және олардың саяси басқару мен әдістерді батыл сынауға дем берді. Алдын ала ойлағандай Мао бүл кезде «жүз раушан» қозғалысында бастаған болатын.
1949жылы қазанда Қытай Халық республикасы құрылғаннан кейін социалистік құрылыс басталды. Кеңестік шеңберде дамушы ҚХР-ның халық шаруашлығын дамыту ҚКП-ның 8-ші сьезінен кейін 1958-1962жылдар аралығында ІІ-ші бес жылдық жоспар іске асу керек болды. 1958жылы Мао Цзедун және оның жақтастары әлеуметтік және саяси салаларға бірқатар өзгерістер енгізді. Аграрлық реформа жүргізіліп, шаруалар ұжымдастырылды. Аралас экономика құрылды, ішінара мемлекет қарамағына any арқылы мемлекеттік сектор пайда болды. Ол жеке кәсіпкерлікпен қатар өмір сүріп отырды.
1958жылы тамызда Бэйдайхэде ҚКПОК-нің саясибюро жиналысында «Үлкен секіріс» ұйымдастырылуын және ауылды жерлерде жаппай халық коммуналарының қурылуы мен өнеркәсіп өнімдерінің дамуын жеделдетіп, ақысыз еңбек ету белгіленді. Барлық күшті жиып, алға жылжу қысқа мерзім ішінде социализм орнату керек деген басты бағытты таңдады. Осы жиналыстан кейін ауыл коммуналары өздеріне өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сауда мен әскери жұмыстарды қосып алуға тиісті болды. Шешім бойынша: «Коммунизімнің біздің елімізде жүзеге асуы алыс емес, біз белсенді түрде халық коммуналарын пайдалана отырып, ол арқылы коммунизмге жетудің нақты жолын табуымыз керек» - делінді.
Бэйдейхеде өткен жиналыстан соң коммуналар қатары тез өсті. 720 мың ауыл шаруашылығы коорперативтерінің орнына 26 мың халық коммуннасы құрылды, бір коммунна орташа есеппен 20 мың адамды қамтыды. Коммунналарды еңбек және өнімнің негізгі қоспалары ғана емес сонымен қатар тәжірибе түрінде шаруаларың жеке меншігіндегі бақшалық жерлері де коммуналардың қолына өтті. Коммуналарды басқару жергілікті әкімшілік органдардың құзырында болды. Жоғарғы жақтағылардың ауыл комунналарына талабы күшейе бастады, коммуналар тек ауыл шаруашылығы өнімдерін ған емес турлі-түсті металдар, ауыр өнеркәсіп шикізаттарында беруге тиіс болды. Коммуналар берілген жоспарды іске асыру үшін барлық күш жігерлерін жумсады. Лозунгтерге «Үш жыл ауыр күрес болса, он жыл бақытты өмір сүреміз» - деп жазылды. Бірнеше жыл ішінде Қытай басшылары коммунизмге жетеміз деп уәде етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz