Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Түркістан гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты
«Экономика» факультеті
«Менджмент және маркетинг» кафедрасы
«Муниципалды менеджмент» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы : Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Қабылдаған:
Орындаған:
Тобы:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен теориялық негіздері
1. 1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны . . . 4
1. 2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптері . . . 8
- Жергілікті өзін-өзі басқарудағы шетелдік тәжрибені пайдалану . . . 11
IІ. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзін басқарудың даму ерекшеліктері
- Қ. Р-да жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың даму ерекшеліктері . . . 15
- Қазақстанда жергілікті өзін- өзі басқарудың экономикалық және қаржылық жүйесінің даму бағыттары . . . 19
ІІІ Қ. Р-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бағыттары
3. 1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық құрылымы мен экономикасын құру бағыттарын жетілдіру жолдары . . . 25
Қорытынды . . . 32
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Кіріспе
Кіріспеге тоқталар болсақ жергілікті өзін-өзі басқару - бұл "мемлекеттің ішіндегі мемлекет" емес. Бірақ, сонымен бірге жергілікті өзін -өзі басқаруды азаматтық қоғамның қайсі бір институтына жатқызуға болатынын не болмайтының уақыт көрсете жатар, әрине жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған тұрғын халықтың еріктілік ұйымының жәй нысаны емес. Бұл әрине, халық биліктік іске асыратын нысан. Қауымдастық билік пен мемлекеттік билік - бұл тек халықтық биліктің нысаңдары ғана.
Жерігілікті өзін-өзі басқарудың ; жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде айрықша обьектісі болады. Бұл мәселердің тізбектері Заң жобасыңда көрсетілген.
1993 жылгы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Рсспубликасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы заңынан бастан жергілікті үкімет органдарынның жүйесін реформалау процесі басталды. Оны қайта құру, өз кезеңінде қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларындағы өзгерістердің маңызды факторы.
Қазақстан Республикасының тұңгыш Конституциясында билікті бөлу концепциясы бірінші рет баянды етіліп, одан жергілікті өзін-озі басқарудың қалыптасуы мен одан әрі дамуының құқықтық негіздерінің жаңа концепциясы қисынды түрде туындады.
2ОО0жылғы 12-қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заң жобасы дүниеге келді. Бұл заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттеу, оның органдарының құзыретін, ұйымдастыру және қызмет тәртібін белгілеу баян етілген. Әрине, ол 1995 жылгы 30 тамыздағы ҚР Констнтуциясының өзекті мәселслерінен туындап, оның қажеттігін экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сипаттағы алуан түрлі себептср талап етіп отыр.
Қазақстан Рсепубликасының жаңа Конституциясының 3-бабына сәйкес халық билікті: і) тікелей (яғни республикалық, референдум, еркін сайлау) ; 2) мемлекеттік үкімет органдары; 3) жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы да жүзеге асырады. Сондықтан, жергілікті өзін-озі басқару - бұл халықтық биліктің тағы да бір нысаны ретінде көрінеді. Демек, жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аумақтық құрылымдар халқының қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін іске асырудың нысаны. Ең алдымен айтатынымыз жергілікгі өзін-өзі басқарудың ерекше субъектісі - халық, азаматтар болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қауымдастықтар және өздерінің басқа да органдары арқылы жүзеге асырады. Олар ауылдың (селоның), кенттің, ауылдық (селолық) округі, аудандық маңызы бар қаланың аумағы шегінде, ал облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада көшелер, орамдар, шағын аудандар
шегінде ұйымдастырулары мүмкін. Одардың міңдетті түрде, мүлкі, жергілікті бюджеті, сайланбалы органдары болуы тиісті
І Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мәні мен теориялық негіздері
1. 1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен мазмұны
Дүниежүзінің көптеген елдерінде (кейбір кішігірім елдерден басқасы) тек орталықтан басқару мүмкін еместігі байқалды. Оларда жергілікті өзін-өзі басқару орталық өкіметтік билікке қарама-қарсы күш ретінде қолданылды, сондықтан ол қоғамның демократиялық саяси жүйесінің бірі ретінде қарастырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтының ұзақ тарихы бар. Ең алдымен бұл Көне Римде пайда болған. Қалалық басқаруды ол кезде муниципалды деп атаған (латын тіліндегі типі - тяжести (ауыр) жоне саріо (қабылдаймын) деген сөзден шыққан.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі алғаш рет XIX -ғасырда Бельгия мен Францияда жасалынған болатын. Ол қауымдастықтың қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты сұрамайды, ол тек заң шығару, атқарушы және сот билігі тармақтарымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды төртінші билік ретіңде таныған (муниципалдық, коммуналдық, қауымдық) . Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда болуы-тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ мүдделерін сезінулерінің нәтижесі.
Ресейде қалалық өзін-өзі басқару Новгородта, Псковта пайда болып, кейініректе зсмство мекемелеріне ұласады. Бірақта көп ұзамай земствоның өзін-өзі басқару органдары советтермен қатар қызмет істсген кезінде қажеті болмай 1918 жылдың ортасында қалалық өзін-өзі басқару органдарымен бірге жойылады.
Міне, сондықтан жергілікті өзін-өзі басқаруды қайтадан жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмақ.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары дербестік ретінде Қазақстан Республикасында 90 жылдардың басынан бастап, алдымсн одақтық (1990), артынан еліміздің (1993) жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы Заңдары қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады.
І990 жылғы 9-сәуірдсгі КСРО-ның "КСРО-дан жергілікті шаруашылық және өзін-өзі басқарудың жалпы бастамасы туралы" қабылданған заң жергілікті өкімет органдарының дамуының негізгі бағыттарын, олардың қалыптастыру принциптері мен қызметін анықтайды.
1993 жылгы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Рсспубликасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы заңынан бастан жергілікті үкімет органдарынның жүйесін реформалау процесі басталды. Оны қайта құру, өз кезеңінде қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларындағы өзгерістердің маңызды факторы.
Қазақстан Республикасының тұңгыш Конституциясында билікті бөлу концепциясы бірінші рет баянды етіліп, одан жергілікті өзін-озі басқарудың қалыптасуы мен одан әрі дамуының құқықтық негіздерінің жаңа концепциясы қисынды түрде туындады.
2ОО0жылғы 12-қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заң жобасы дүниеге келді. Бұл заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттеу, оның органдарының құзыретін, ұйымдастыру және қызмет тәртібін белгілеу баян етілген. Әрине, ол 1995 жылгы 30 тамыздағы ҚР Констнтуциясының өзекті мәселслерінен туындап, оның қажеттігін экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сипаттағы алуан түрлі себептср талап етіп отыр.
Қазақстан Рсепубликасының жаңа Конституциясының 3-бабына сәйкес халық билікті: і) тікелей (яғни республикалық, референдум, еркін сайлау) ; 2) мемлекеттік үкімет органдары; 3) жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы да жүзеге асырады. Сондықтан, жергілікті өзін-озі басқару - бұл халықтық биліктің тағы да бір нысаны ретінде көрінеді. Демек, жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аумақтық құрылымдар халқының қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін іске асырудың нысаны.
Бұл анықтамадан оның негізгі мынадай белгілерін айыруымызға болады:
І. Ең алдымен айтатынымыз жергілікгі өзін-өзі басқарудың ерекше субъектісі - халық, азаматтар болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қауымдастықтар және өздерінің басқа да органдары арқылы жүзеге асырады. Олар ауылдың (селоның), кенттің, ауылдық (селолық) округі, аудандық маңызы бар қаланың аумағы шегінде, ал облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада көшелер, орамдар, шағын аудандар
шегінде ұйымдастырулары мүмкін. Одардың міңдетті түрде, мүлкі, жергілікті бюджеті, сайланбалы органдары болуы тиісті.
Қауымдастық құрыдымдардың халқы жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей сайлау {рефереңдум) жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардан жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы және басқа да органдары арқылы жүзеге асыруы мүмкін.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару қоғам мен мемлекетті басқарудың демократиялық механизміңде ерекше орын алады.
Бұл мәселенің өзегі - жергілікті өзін-өзі басқару, олардың органдары мемлекеттік басқару механизімінің құрамдас бөлігі болып есептелмейді. Бірақ біздің елімізде бұлар мемекеттік үкімет органдарымен өте тығыз байланыста тұрады, өйткені олардың бірыңғай ортақ қайнар көздері халық билігі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметін атқаруда мемлекеттің ролі орасан зор. Айталық жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдық, қаржылық, т. б. жағдайлар жасайды. Және де жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруда халыққа жәрдем береді. Бұлардың оргаңдардың дербестігіне өзінің заңда көзделген өкілетті шегіңде мемлекет кепілдік беруі тиісті. Қайткен күнде де, мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару оргаңдарының қызметіне араластауы қажет.
Жергілікті өзін-өзі басқару - бұл "мемлекеттің ішіндегі мемлекет" емес. Бірақ, сонымен бірге жергілікті өзін -өзі басқаруды азаматтық қоғамның қайсі бір институтына жатқызуға болатынын не болмайтының уақыт көрсете жатар, әрине жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған тұрғын халықтың еріктілік ұйымының жәй нысаны емес. Бұл әрине, халық биліктік іске асыратын нысан. Қауымдастық билік пен мемлекеттік билік - бұл тек халықтық биліктің нысаңдары ғана.
Жерігілікті өзін-өзі басқарудың ; жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде айрықша обьектісі болады. Бұл мәселердің тізбектері Заң жобасыңда көрсетілген. Оңда мынадай мәселелер қамтылған:
- жергілікті қауымдастық аумағының шекарасы мен құрамы;
- жергілікті қауымдастықтың қарауына жататын мәселелер;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тізбесі мен атауы, соңдай-ақ олардың айрықша құзыреті;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылу тәртібі мен құзыреті;
5) жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің мерзімі;
б) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін қайтарып алудың, мерзімінен бұрын тоқтатудың, жергілікті қауымдастық халқының оларға сенбестік білдіріуінің өзге де жауаптылық түрлеріне тартудың қабылданған шешімдерінің негіздемесі. мен тертібі;
7) жергілікті. өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық, қаржылық негіздсрі туралы мәліметтерді, жергілікті қауымдастықтың меншігін иемденудің, пайдаланудың, билік етудің жалпы тәртібі;
8) жергілікті қауымдастықтың кірістері мен-шығыстарының сметасын әзірлеумен орындау тәртібі;
9) заңдарға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру туралы басқа да мәселелелер.
, Жарғыны азаматтардың бастамашы тобы әзірлейді және жергілікті қауымдастықтың халқы тікелей дауыс беру арқылы көпшілік дауыспсн қабылдайды. Және ол әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс, ал оның үлгі жартысын үкімет бекітеді. Мұндай шешімдерді орындау жергілікті қауымдастықтың аумағында орналасқан барлық мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар, олардың ұйымдастырушылық құқықтық нысандарына қарамастан, сонымсн қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен азаматтар үшін міндетті болып табылады.
4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәнін сипаттарын өзекті белгісінің бірі- оның дербестігі,
. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік берітеді (Конституцияның -89-бабы, 4-тармақ) . Жергілікті өзін-өзі басқаруды халықтың өз билігін жүзеге асыратын нысанының дербестігі ретіңде мемлекет таныды. Ол мынадан - мемлекет, қоғам басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдасты-рушылық . бөлектігінен көрінеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың және оның кепілдіктерінің маңызды көрінісі -бұл мемлекет танитын өзінің функциясын іске асырудағы қаржы-экономикалық ресурстарға құқықты. Жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың еркін шешуі демократиялық институттардың қызмет істейтінін аңғартады;
Жергілікті өзін-өзі басқару белгілі бір конституциялық принциптерге негізделінеді, яғни оның ұйымдастырылуына негізгі идеялар, бастапқы ережелер қаланады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (89-бап}
мынадай жергілікті өзін-өзі басқарудың. негізгі принциптері бекітілгені
І. Жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі еркін шешуі.
2, Жергілікті өзін -өзі әр алуан басқару орындарын ұйымдастыру мен қызмет тәртібін азаматтардың өздері белгілеуі.
З. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне мемлекет тарапынан берілетін кепілдіктер.
Еркіндік принципі дегеніміз -жергілікті өзін-өзі басқару бостандығы, яғни жергілікті маңызы бар мәселелерді өз өкілеттілік көлемінде шешуі. Ол үшін мынадай жағдайларды орындаулары қажет ұйымдастырушылық, экономикалық, психологиялық. Бұл байланыстардың мәнісі мынада:
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымына, оның лауазымды адамдарының тағайындалуына мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының ықпалының жоқтығы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға мемлекет органдары мен лауазымды адамдары қатысады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметкер ретінде есептелінбеуі;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін тек оны қабылдаған органдармен лауазымды адамдар ғана жоя алады, немесе олар соттың шешімімен жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай актілердің қолданылуы прокурордың наразылығы бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру оның ұйымдастырушылық нысандарының әр алуандығымен ерекшеленеді. (бұл азаматтардың тікелей және өкілді демократия арқылы іске асыруы) .
Мұның өзі көптеген себептерге байланысты. Біріншіден, оның ұйымдастырылуына Қазақстан Республикасының біртұтас мемлекет ретінде дербестігі мен тәуелсіздігі өз ықпалық тигізуі мүмкін. Екіншіден, Қазақстан Республикасы - көпұлтты мемлекет, оның ішіңде көптеген региондары өзіндік ерекшелігімен, тарихи және басқа да жергілікті дәстүрмен айрықшаланады. Осының барлығы да жергілікті өзін -өзі басқаруды іске асырған кезде, әрине, әсер етпей қалмайтындығы сөзсіз. . Үшіншіден, тұрғылықты халықтың өздері де жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де нысандарын қалап алулары мүмкін.
Жергілікті өзін-өзі басқару кұзыретінің материалдық-қаржы ресурстарына сәйкестігі. Жергілікті өзік-өзі басқару функциясын іс жүзіне асыруға қажетті материалдық-қаржы құралдарымен қамтамасыз етілуге тиісті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, өзге де заңдары олардың экономикалық және қаржылық дербестігіне де кепілдік береді, соның ішінде, коммунальдық мүліктің меншікке берілуін қамтамасыз етілуі;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі болып мыналар табылады: I) жергілікті қоғамдастықтың мүлкі; 2) заңдармен тиым салынбаған өзге де мүлік.
Жергілікті қауымдастықтың қаржылары мынадай кіріс көздерінен тұруы мүмкін:
1) жергілікті бюджеттен белінетін қаражаттан;
- жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті қауымдастықтың кірістерінен;
- жергілікті қауымдастықтың халқының өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістерден;
- заңды және жеке түлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан; .
5) заңдармен тиым салынбаған өзге де кездерден қалыптасады.
Жергілікті қауымдастықтың қірістері мен шығастарының (бюджет) сметасы, соңдай-ақ оның орындалуы туралы жылдық есеп тиісті жергілікті қауымдастықтың Кеңесімен бекітіледі.6. Жергілікті өзін-өзі басқарудың органдары.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жататындар :
1) жергілікті қауымдастық кеңесі-тұрғылықты 1000 және одан
да көп адамнан тұратын тиісті елді мекеннің халқы сайлайтын,
оның мүшелерінен құрылған, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді
органы. Кеңес мүшелерінің саны он адамнан аса қоймайды.Түрғындары 1000 адамнан кем елді мекендерде кеңестің функциядарын тұрақты елді мекен азаматтарының жиыны жүзеге асырады.
- жергілікті қауымдастықтың жәмияты-жерглікті өзін-өзі басқарудың жетекші басқаратын атқарушы органы болып табылады.
- жетекші-жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органының басшысы. Оны тиісті елді мекеннің халқы сайлайды. Егер оның өкілеттілігі тоқтатылатын болса, онда Жәмияттың да өкілеттілігі тоқтатылады. Оған әрбір 18 жасқа толған және тиісті жергілікті қауымдастықтың аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады.
1. 3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптері
ЖӨӨБ-дың формалары мен типтерінің көптігіне карамастан ЖӨӨБ жүйесін қамтамасыз ететін бірнеше негізгі принциптерді бөліп көрсетуге болады.
Демократизм принципі - аймақтық масштабтағы мәслелерді шешуде халықтың кең катысуы. Бұл принциптің қызметі муниципалитеттің ағымдық ісіне қоғамды тарту механизміне негізделеді, терриотория аймағындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілеттіктері мен жауапкершілік шегін бекітумен жүргізіледі.
Субсидиярлы принципі - басқарудың түрлі деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді бөлу мен қайта бөлу процедурасы. Осы принциптің қолдану аясында билікті атқару өкілсттігі мен осы органдардың халық арасындағы жауапкершілік реттілігінің тұрақты болуын анықтайды. Төменгі деңгейде атқаруға мүмкін болмаған жағдайды ғана өкілеттігі жоғары деңгейдегі органға беру, осы принципке сәйкес келеді.
Бұл принципке басқару деңгейлері арасындағы басқару қызметін тиімді бөлу, тиімділіктің басты критериясы болып халық арасында қажеттіліктерді максималды қанағаттандыру болып табылатын қажеттілігі ескеріледі, содай-ақ билік субъектілерінің арасындағы жауапкершілікті қатаң бөлу міндетіне негізделеді. Билік құрылымдары арасындағы билікті бөлудің басты бейнесі ол, халыық пен билік арасындагғы аралықты қысқарту да осы принципке сәйкес келеді.
Комплементарлы принцип - тік басқаруды бөлу арқылы билік функцияларын теңдей бөліну жағдайын құру. Осы принципке сәйкес басқару құрылымындағы билік өкілеттіктерінің бөліну, жоғарыдан, сонымен бірге төменнен де жүргізіледі. Бұл қоғамды бұзуға әрекеттенетін жасырын орталық басқарудың туу мүмкіндігін шектейді.
Депортаментализаций принципі - ЖӨӨБ органдарының функционалды және терриоториолды функциясын есепке алады.
Орталықсыздандыру принципі - жекелеген аймақтарға басқару функциясын осы аймақтың өзіне беріледі.
Орталықсыздандыру механизмі мемлекеттік және муниципалдық органдар пәнін енгізудің мөлдір бастамасының қалануып қажет етеді. Орталықсыздандыру мемлекеттік өкіліттіктігінің қажетті ресурстарып орындау үшін жергілікті жерге бөлінген кепілдіктерді делегирлеуді ұйғарады.
Орталықсыздандыру механизмі құру реттілігі келесі пунктерді қамтиды.
- Әрбір муниципалды бірлестіктерде мемлекет өкілеттігінің құрылуы;
- Олардың орындалуына бағытталған материалдық және қаржылық құралдарының көлемін анықтау;
- Заңға сәйкес мемлекеттің іске асырылып жатқап өкілеттігінберуді құжаттау;
- Өкілеттікті беру механизмінің тиімділігі мен сапасын анықтау.
ЖӨӨБ белгіленген ұлттық заң шеңберіндегі мемлекеттік міндеттср аясындағы қоғамдық мүдделердің бөлінуін басқару тәртібі, тек өз терриотория мүдделері аясында жүргізетін жеке билік органдарын сайлау арқылы жүргізуді ұйғарады.
ЖӨӨБ-дың басты принциптері арасынан мыналарды айрықша көрсетуге болады.
- Жергілікті билік органдарының сайланбалылығы;
- Коммуналдық меншіктің болуы;
- Жергілікті билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімі негізі;
- Өзіндік кіріс ағымы себінен территориялық кажеттіліктерді қанағаттандыру;
- Әлеуметтік сферада ЖӨӨБ-дың жетік мамандануы:
- Муниципалды қызметкерлердің лауазымды қызметке конкурстық жүйе арқалы орналасуы;
- Берілген терриоториядағы тұрғылықты халыққа есеп беру:
- Шешім қабылдау еркіндігі;
- Құқықпен қорғалуы.
Осығанан байланысты ЖӨӨБ жергілікті маңызмы мәселелерді шешудегі халықтық билік формасы ретінде көрінеді. ЖӨӨБ-дың мәні-бұл азаматтардың жалпы алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін өз ынталарымен ерікті бірігуі.
ЖӨӨБ-дың келесі - идеялық, доктриналық, қамтамасыз етушілік негізін қалаушы принцинтсрі;
- жергілікті мемлекеттік басқару мен ЖӨӨБ органдарының өзара әрекеттестігі;
- мемлскеттің институционалдык параметрлеріндс ӨӨБ-дың дамуының көрінуі;
- ӨӨБ-да азаматтардың кең көлемде қатысу еркіндігі және құқығы;
- бекітілген заң шеңберінде өздерінің жеке инициативасын жүзеге асыру үшін толық еркіндікте болуы.
1. Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқару мен ӨӨБ органдарының өзара әрекеттестік принципі ерекше қызығушылық тудыруда. Бұл келесі факторларға негізделеді.
ҚР Конституциясы (89-бап) халықтың жергілікті ммаңызды мәселелерін өздері шешуін қамтамасыз ететін ЖӨОБ-ды мойындайды ҚР Конституциясында мемлекеттің бірден-бір қайнар көзіі халық деп белгіленгсн (1т. 3-бап) . Конституциялық ережені ойша сараптау мемлекеттік билік жүйесіндегі мемлекеттік билік институттарының халық билігімен бірге болатынын түсінуге негіз береді.
Қазақстан Үкіметі мен орталық атқару органдары басқаруың барлық деңгейіндегі процестерінде басқару мүмкіндігі шектеулі екендігін мойындайды және аймақтық саясат концепцпясына (ҚР-ның Министрлер Кабинетімен келісілген, 1996ж) сәйкес жергілікті органдарға істің бір бөлігін беруге дайын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz