Мүгедектер әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде


Мүгедектер әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде
(Түркістан қаласы бойынша)
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім 1. Мүгедектерді қорғау мәселелерінің теориялық негіздері.
1. 1. Мүгедектер қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жұмыстың обьектісі .
1. 2. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
2 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
2. 1. Аймақтағы мүгедектердің денсаулығы мен материалдық жағдайы.
2. 2. Мүгедек балалардың әлеуметтік ахуалы.
ІІ. Қортынды.
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
ІV. Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан республикасында 2010ж ресми түрде жариялаған стат мәлімет бойынша Қазақстанда 16миллион 446 мың халық болса, оның 8миллион 516мыңы әйел адамдар, ал 7миллион 926мыңы ер адамдар екен. Соның ішінде еліміз бойынша 563 мыңға жуық мүгедек адам бар екен. Бұл кембағал жандардың 58 мыңы мүгедек балалар. Жалпы халық санының 3, 4 пайызын құрап отырған мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажы біздің қоғамның жазылмаған жарасы.
Мүгедектік - қоғамға тән әлеуметтік құбылыс. Одан ешқандай қоғам қашып құтыла алмайды. Қоғамдағы қызу өмірге араласу үшін мүгедек жандардың көпшілігі физикалық және психологиялық кедергілерге кездеседі. Біз мүгедектікті жеке адамның ауруы, кемістік мәселесі деп емес, қоғамның мәселесі деп қарастыруымыз керек. Сондықтан да осы мәселедегі саяси, заңды көзқарастарды өзгерту қажет.
Елімізде мүгедектер мәселесіне байланысты мүгедектерді әлеуметтңк қорғау, материалдық көмек көрсету, құқықтарын қорғау мәселесіне арнайы бағдарламалар жасалынып, заңдар қабылданған Қазақстан Республикасының конситуциясында Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы бар. Бұл заң 7 тарау, 40 баптан тұрады. Заңда мүгедектердің құқықтары және әлеуметтік қорғау, мүгедектіктің алдын-алу мәселесі және әлеуметтңк қорғау мен оңалтуға және мүгедектердiң қоғаммен етене араласуына бағытталған, заңдылық, iзгiлiк, адам құқықтарының сақталуы, әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiлу, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мүгедектердiң денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткiзуi мен тең құқылы болуы, жұмыспен және үй-жаймен қамтамасыз ету т. б. мәселелер заңды түрде бекітілген. Сонымен қатар мүгедектер топтарына қарай мемлекет тарапынан ай сайын жәрдемақы алып отырады.
Бұл жасалып жатқан жағдайлар көрші Ресеймен салыстырғанда біршама тиімдірек. Ресейде шамамен 8млн мүгедек бар екен. Осы көрсеткішке қарамастан Ресейде мүгедектерді жұмыспен қамту, әлеуметтік медециналық, материалдық көмек беру мәселесі әлі де болса жолға қойылмаған.
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ біздің елде жағдайлар біршама жақсырақ. Бірақ біз тек бір ресеймен ғана салыстырмай басқа елдермен салыстырыр болсақ біздің еліміздегі Заңның бары бар ғой. Мәселе соның орындалуында болып тұр. Бізде қалай? Міндетті түрде Президент немесе әкім айтуы керек. Заңда оның орындалу механизмі жоқ. Орындалмаған жағдайда қандай шара қолданылады, оны кім қадағалайды - мұның бәрі басы ашық күйінде қалған. Мысалы, заңда кәсіпорындағы жұмысшылар саны 33 адамнан асса, мүгедектігі бар бір адамды жұмысқа қабылдауы керек. Қазіргі кезде ірі кәсіпорындар көп емес қой. Ал мемлекеттік мекемелерде мүгедектігі бар адамдардың жұмыс істеп жүргенін көрдіңіз бе? Сондықтан да заңға 33 адамнан аспаған жағдайда да мүгедектігі бар бір адамды алуы керек деген өзгертулер енгізу керек. Жеке кәсіпкерлерді ынталандыру үшін жеңілдіктер жасаған дұрыс. Мысалы, Қытайда кәсіпкер мүгедек адам болса, салықтан мүлдем босатылады. Ал кәсіпорындағы адамдардың 45 пайызы мүгедектер болса, табыс салығынан босатады.
Елімізде жоғарыда айтылған мәселе және сол сияқты әлеуметтік өмірге ықпал ететін жағдайлар болып жатады. Ал осы заңның өзіміздің тұрған аймағымыз Түркістан қаласында орындалуы қандай дәрежеде, қабылданған бағдарламалардың орындалу деңгейін әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде қарап, әлеуметтік зерттеу жүргізетін боламыз. Түркістан қаласында 242900 халық болса, оның 9213 мүгедектер екен.
Мүгедектік- науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтарболып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектікмедицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады. Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиникаболжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді.
І-топқамүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;
ІІ-топқабасқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;
ІІІ-топқаеңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.
Мүгедектік- өзгеріп тұратынкатегория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдемкемтарболып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобынәлеуметтік-қорғаумекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру.
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі.
Мүгедектің мынадай құқықтары бар:
әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:
Мемлекеттікжәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері.
Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Жергілікті атқарушы органдар:
Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді
Сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге тұрғын үйді көп қабатына, ғимарат түріне және басқа да өмір сүруге қолайлылығына қарай таңдау құқы беріледі.
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:
- қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты бекітіледі, он бес жұмыс күндік қосымша ақы төленетін еңбек демалысы беріледі.
Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тйым салынбаса жіберіледі.
Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті ақпаратты мына порталдан қарай аласыз
2. 1. Аймақтағы мүгедектердің денсаулығы мен материалдық жағдайы
Қазіргі таңда Түркістан қаласында ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының және мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру барысында мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері, мүгедектердің дене, интелектуалдық, психикалық және әлеуметтік деңгейде қызметіне жәрдемдесу, қоғам өміріне жан -жақты қатыстыруға, олардың тіршілік әрекетіне шектеулер аз болатындай жағдай жасау шаралары іске асырылуда. (слайд 1 )
Бүгінгі таңда қаламызда, мүгедектің жалпы саны 1 қазанға 9213 адам. Бұл жалпы халықтың 4 пайызын құрайды және 2011 жылдың1 қарашасымен салыстырғанда 263 адамға көбейген. (слайд 2, 3 )
Мүгедектердің жалпы санындағы І-ІІ топтағы мүгедегінің үлесі 48 пайызды, ІІІ топ мүгедегінің үлесі 33 пайызды, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар 12, 9 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың осы есепті кезеңімен салыстырсақ қаладағы мүгедектер саны 186 адамға көбейген, соның ішінде І-ІІ топ мүгедегінің саны 67 адамға, ал ІІІ топ мүгедегінің саны -170 адамға, басқа санаттағы мүгедектер -56 адамға өскен. Толық сауыққандардың саны-125 адам
Түркістан қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оңалтуіс-шаралар жоспары түзіліп, бір шама жұмыстар атқарылуда. 2012 жылға тіркелген сұраныстарға сәйкес Облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген мүгедектерге қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуде. (слайд 4 )
Жүріп -тұруы қиын мүгедектерге арналғанқол арбаменқамтамасыз етілуге 105 өтініш тапсылылған, орындалғаны 91 адамға, оның ішінде облыс басқармасынан 42 дана, қала әкімдігінен 46 дана, демеушілер есебінен 3 дана берілді.
Түркістан қаласы бойынша саңырау мылқау ІІІ-топ 59 мугедектер есепке алынған, бугінгі танға 59 мугедекке 3ымдау тілі мамандары қызметікөрсетуде . Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес 2012 жылы есту аппаратымен қамтамасыз етілуге 36 өтініш тапсырылған, орындалғаны 31 адамға, және 25 сағат, 5 уялы телефон, 4 арнайы қонырау, 1 телефакс, жалпы 35дана затсурдотехникалық құрал жабдықтар таратылды.
Жеке оңалту бағдарламасы бойыншажеке көмекшіқызметін қажет ететін мүгедектер саны 327, көмекші қызметін көрсететін 321 маман тағайындалған. Барлығына медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының усынымы берілген, жеке көмекші мен ымдау тілі мамандары ережеге сай қызмет көрсетуде.
2012 жылы көзі көрмейтін мүгедектер арналған тифлотехникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуге 112 өтініш тапсырылды. Орындалғаны 86 адамға 118 данатифлотехникалық құрал-жабдықтар және 1 компьютерный тифлокомплекс таратылды.
-Жоспарланған 110протез-ортопедиялық бұйымдарға103 мүгедекке бағдарламасына сәйкес жолдама берілді.
-сауықтыру мекемелеріне-225 мүгедекке, «Оңтүстік Қазақстан облысы мүгедектердіоңалту орталығына»-37 мүгедекке, медициналық-әлеуметтік мекемеге- 24 мүгедекке жолдамалар берілген.
«Оңтүстік Қазақстан облысы арнаулы кәсіптік лицейі» медициналық-әлеуметтік мекемесіне 7 мүгедекке оқуға жолдама берілді.
11 ВИЧинфекциясын жұқтырған балалар отбасыларына оның ішінде 9 отбасына (біреуі тоқтатылған сәуір айынан бастап. Басқармаға қаржыны тоқтату үшін арнайы хат жолданған. ) облыстық бюджеттен, 2-і отбасына жергілікті бюджетттен. Отбасына ай сайын 35400 теңге төленуде.
2012 жылғагигиеналық құралдарға мұқтаж658 мүгедекке 10878, 0 мың теңге қаралып, «Товарная биржа» арқылы конкурс жеңімпазымен 10818, 0 мың тенгеге келісім шарт жасалынды:
- ересектер үшін 56000 мың дана (бір данасының бағасы-149, 286 тенге) ;
- балаларға арналған 38 123 дана (бір данасының бағасы-64, 475 тенге) . Кәзіргі таңда гигиеналық құралдармен толық қамтамысыз ету үшін қосымша қаржыландыруға сұраныс берілген.
Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін көтеруге қаржы қаралмаған.
Жергілікті бюджет және демеушілер қолдау бойынша:Түркістан қаласында 1994 жылы мүгедектер қоғамы құрылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғаммен тығыз байланыста жұмыстарды жүргізуде:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бекітілген іс жоспарына сәйкес қыркүйек-қазан айларында Халықаралық мугедектер куніне арналган мерекелік дастарханға 20 мугедектер қатысып оларға демеушілердің сыйлықтары таратылды.
Қаладағы мүгедектер құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сұру сапасын жақсарту жөнінде жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі балалар арасынада « Жауқазын» өнер фестивалі өткізілді, қыркүйек айында «Бала шақтан- болашаққа» тақырыпта байқаулар өткізілді. Демеушілерден мүгедек балларға сыйлықтар таратылды. Мүмкіндігі шектеулі өнерлі балалардың музыкалары дыбыс жазу студиясында тегін жазылып, көмек ретінде сценарийлері жазылып берілді. Қараша айында зағиптар күніне орай қоғам мүшелеріне арналған концерттік бағдарлама өткізілді.
Мүгедектердің тұрғын үймен қамтамасыз етілу барысы: 01. 11. 2012 жылғы тұрғын үй алу кезегінде 103 1-2 топтағы мүгедектер тіркелген. 2011 жылы демеушілер есебінен 6 мүгедек баспана алған. Мүгедектердің үйін жөндеуге қаржы бөлінбеген.
Мүгедектерге қала, ауылдық округтер көлемінде жергілікті бюджет есебінен 35 мүгедекке бір реттік әлеуметтік көмек, денсаулығын сауықтыру үшін «Сара+» орталығына 89 мүгедекке жолдамалар, демеушілер есебінен 20 мүгедегі бар отбасыларға азық-түлік, сыйлықтар ұйымдастырылған.
Мүгедектердікәсіптік оңалтубағытында да біркелкі жұмыстар атқарылудаТүркістан қаласы бойынша жұмысқа жарамды мүгедектердің саны 987адам. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру жағдайы бойынша 2005 жылғы 13 сәуірдегі «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес 2012 жылдың мамыр айының 25 жұлдызында қала әкімдігінің № 636 қаулысымен мүгедектерге арнайы 3 пайыздық (260 орын) квота белгілен.
Жыл басынан 3069 барлық жұмысқа орналастарғандардың ішнде 22 мүгедек адам үш проценттік мүгедектер үшін белгіленген квота арқылы жұмысқа орналастырылды. Оның сыртында 2 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа, 4 мүгедек уақытша жастар практикасына/1/ және әлеуметтік жұмысқа /3/ тартылды.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 3 әлеуметтік және қосымша жастар практикасы бағдарламасы негізінде 2 жұмыс орындары құрылған. Даярлау, қайта даярлау курстарына 1 мүгедек жіберілді.
Мүгедектердіңжеке оңалту бағдарламаларының медициналық бөлігібойынша профилактикалық тексеруден өткізу үшін арнайы палаталар ашылмаған. Бірақ Түркістан қалалық емханасында 17 әлеуметтік қызметкер 3120 мүгедектерге оның ішінде 1 топ мүгедек-476, 2-топ мүгедек 1329 3-топ- 1315мүгедекке алты айда бір профилактикалық тексеруден өткізуде және жағдай жасауда.
Жеке оңалту бағдарламаларының медициналық бөлігі бойынша мүгедектерді профилактикалық тексеруден өткізу:
Аймақтардың
атауы
Жеке оңалту бағдарламаларының медициналық бөлігі бойынша балалрды профилактикалық тексеруден өткізу:
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайды қамтамасыз етуі барасы:
Мүгедектердің мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына баруына жеңілдік беру мақсатында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Жекпе жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, волейбол мектебі, білім бөлімі, Береке спорт кешенімен меморандумға қол қойылған.
Дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты балар мен жас өспірімдер спорт мектебінің сопртзалына кіріп спортпен шұғылдану үшүн пандус қажет етпейді. Жаңадан салынған Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде «Сұнақстройсервис» ЖШС арқылы демеушілік есебінен пандус салынуда. Есіктер кеңейтілген қызмет корсету терезесі қол жетімді. Мүгедектерге арнайы жол төселген( балдақ пен жүру) мүгедектердің автокөліктеріне арналған автотұрақ жасалған.
Көмекші мектеп -интернатында спорт түрлерінен наурыз қазан айларында сынып аралық жарыстар өткізілді. Жарыста арқан тартудан, жүгіруден, көңілді эстафета, дойбы дан ойынға 80 бала қатысып, жеңімпаз жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.
Мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру бағытында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында і 3 маусым 2012 жылғы № 34 «Түркістан» жергілікті газетінде мүгедектердің құқықтары мен әлеуметтік қорғалуы туралы ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңынан үзінділер жарияланған, және «Тұран-Түркістан» телеарнасында мүгедектер туралы бейнероліктер, арнайы бағдарламалар жариялануда.
ОҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Б. Шірікбаевтың мәліметі бойынша Түркістан қаласында жұмыс орындарын мерзімде аттестациялау және еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін сақтауға өткерген өндіріс орындары:
Локомотив депосы, «Ақ берен» ЖШС, «Түркістан-насос» ЖШС, «Түркістан-мақта» ЖШС, «Нұрстрой ЛТД» ЖШС, «Комбинат Фараб» ЖШС, «Мелкомбинат» ЖШС, Орталық аурухана, Балалар ауруханасы, ХҚТУ-де соңғы екі жылда өткерілді. Кәзіргі таңда « Ныш -Ер» ЖШС мен «Ақ жол» ЖШС-де жұмыс орындарын атестациялау өткеріп жатыр.
Өндірістік нысандарда жұмыс істейтін 1-2 топтағы мүгедектер өте сирек кездеседі. Жұмыс істейтін мүгедектер негізінде әлеуметтік саларда. Олардың жұмыс уақытттары, демалыстары ҚР Заңдарына сай қамтылған.
Қала бойынша 114 инфрақұрылым обьектілерінде 73 пандус орнатылған. Жалпы қолданыстағы 287 көлік бар, оның 61-і автобус, 226-і шағын автобус, ал автобус аялдамаларында арналған еден реттегіштер жоқ, мүгедектерді мінгізіп-түсіру қондырғысымен жабдықталмаған.
Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына әлеуметтік сала қызметкерлерінен бір мүшесін қосуға ұсыныс хат жолданған.
Қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жаңадан салынып жатқан және салынатын құрылыс нысандарына мүгедектерге арналған кіру жолдары мен пандустар жасалынуда. Сонымен қатар, құрылысы аяқталған нысандар мемлекеттік қабылдау жөніндегі комиссиясының актісі негізінде пайдалануға берілуде.
Мүгедектердің негізгі тыныс -тіршілік салаларындағы обьектілерге қолжетімділігін қамтамасыз ету қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты мақсаты болып саналады. Мүгедектерді қоғамға етене араласуына мүмкіндік жасау, мүмкіндігінше ойлаған мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында қала көлемінде іс-шаралар жүзеге асырылуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz