Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1Қазақстан. әлеуметтік мемлекет: Конституциялық. құқықтық негіздері
1.1 Әлеуметтік мемлекет түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясындағы бекітілген
әлеуметтік мемлекеттің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 Әлеуметтік мемлекетті орынқтырудың Қазақстандағы ұйымдастырушылық және құқықтық тәжірибесі
2.1 Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес
әлеуметтік мемлекетті құрудың ұйымдастырушылық кезеңдері ... ... ... ... ... .33
2.2 Мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік мемлекетті
орнықтырудағы құқықтық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.3 Мемлекеттің әлеуметтік дамуын нығайтудағы сот билігінің ролі ... ... ... .63

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыру үстінде. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі әлеуметтік реформалар болып табылады. Себебі, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады және мемлекеттің әлеуметтік мәселесі әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысына түсіп отырады. Сондықтан да мемлекеттің саясатында Қазақстандағы әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мен оны дамыту маңызды орынға ие болады.
Қазақстанның стратегиялық негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік құқықтық мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан өзін-өзі әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы» жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1].
Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси-құқықтық жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай, түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның түсінуіне қиындық тудырады. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және қолданбалық жағынан көкейкесті, әрі маңызды мәселелердің бірі.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың жалпы теориялық және конституциялық құқықтық негіздері қамтылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың ұйымдастырушылық кезеңдері, мемлекеттік билік органдарының (заң шығару, атқару және сот билігі) әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы құқықтық механизмдеріне теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеліп, талдауға ұмтылыс жасалды. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде маңызын ашуға, әлеуметтік құқықтық проблемалардың деңгейін айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға назар аударылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік мемлекет проблемасы ғасырлар бойы экономика мен саясаттану, заң және әлеуметтану саласындағы ғалымдардың еңбектерінде үнемі көтеріліп келеді. Жалпы алғанда заң ғылымы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды, оның бір-бірімен ара-қатынасын айқындайтын ерекше ғылым саласы ретінде біртіндеп қалыптасты. Оның билік пен меншік түрлерінің өзгеріске ұшырауын, қоғамдық қатынастарды саралап жіктеп, олардың саясаттағы орны мен рөлін адам өмірінде айқындап отыруы, зерттеушілердің назарынан тыс қалмады. Джон Локк моральдік-саяси доктринасында саясат туралы ғылымда мемлекеттің пайда болуы парасатты сананың арқасында деп көрсетеді[2].
«Қоғам мүшелерін қорғау және олардың амандықта екендігін білдіретін ең сенімді белгі бұл – олардың саны мен өсуі» деген Жан Жак Руссо [3].
Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-ғылыми негізі Шарль Луи Монтескьенің «Заңдар рухы туралы» еңбегінен бастау алады[4].
Әлеуметтік мемлекет ұғымына ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның теориялық әдіснамалық негізін тереңдетуге А.М.Куликов, В.Ф.Макаров, А.В. Лабыгина, О.В. Байдалова, Ф.Э. Бурджалов, Д. Белл, Дж. Гэлбрейт, Е.А. Гонтмахер, В.И. Жуков, С. И. Калашников, Дж. Кейнс, В.Н. Лексин, А. Фон Хайек сынды еуропалық және ресейлік ғалымдардың да үлес қосқандығы белгілі.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың мемлекеттік саясаттағы орны мен ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.
Кеңес Одағында әлеуметтік мемлекет құру тәжірибесінің, яғни социализмнің неліктен сәтсіздікке ұшырағандығы туралы ой қорытуға мүмкіндік береді. Мұндай еңбектердің қатарына С.Б.Баишевтің, Ф.М. Бородкиннің, Ю.Е. Волков, С.С. Шаталиннің және т.б. ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады.
Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың ғылыми-зерттеушілік еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне - табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне талдаулар жасалуда. Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А.Ж. Абдрахманованың, Н.А. Аитовтың, М.М. Ахметованың, Р.Б. Әбсаттаровтың, Р.С. Жарқынбаеваның, А. Каримовтың, Н.И. Мұстафаевтың, А.Ж. Мұқажанованың, Н.З. Нығматулиннің, Қ.Ж. Нұғманованың, М.Б. Тәтімовтің, И.Н. Тасмағамбетовтің және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Дегенмен жоғарыда аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекеттің теориялық-әдіснамалық негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа құқықтық талдау жасау арнайы мақсат етіп қойылмаған. Бұл ғалымдар мен зерттеушілер аталмыш мәселенің тек жекелеген аспектілерін ғана қозғаған. Бұл еңбектер біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуына, оған кешенді құқықтық талдау жасауға мүмкіндіктер береді.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекеттілігіне құқықтық талдау жасап, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы мемлекеттік билік (заң шығарушы, атқарушы және сот) органдарының қоғамда алатын рөлін анықтау да қажеттілік болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- әлеуметтік мемлекеттің теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;
- әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы мемлекеттік билік органдарының алатын орнына талдау жүргізу;
- әлеуметтік мемлекет құрудың ҚР Президент жолдауларына сәйкес ұйымдастырушылық кезеңдеріне талдау жасау;
- әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың құқықтық негіздерін сараптау;
- қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мәселелердің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен негізгі бағыттарын айқындау;
- мемлекеттің әлеуметтік мәнін жетілдіруінің басым бағыттары бойынша тиімді және практикалық мәні бар ұсыныстарды беру.
Тақырыптың дерек көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз болған теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Дипломдық жұмыста негізінен әлеуметтік саланы реттейтін біршама нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2009 жылы 18 қыркүйекте қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» кодексі, 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған ҚР Білім туралы заңы, 2001 жылы 23 қаңтарда қабылданған ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңы, 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, мысалы, 2009 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдар кезеңіне арналған Қазақстан Республиканың Құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына (мәселен, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы), Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы сияқты нормативтік актілеріне сүйенеді. Сонымен қатар зерттеуде Қазақстан-2030 Стратегиялық даму бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің еңбектері мен халыққа жолдаған Жолдаулары, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам мақаласы, 2012 жылдың 14 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жетекшілік қызмет атқарды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, бес тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы: Білім, 1997.- 176 б.
2. Джон Локк. Басқару туралы екі трактат. – Алматы: Ратитет, 2004.-184 б.
3. Жан Жак Руссо. Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық принциптері. - Алматы: Үш Қиян, 2004.- 79 б.
4. http://kk.wikipedia.org/wiki
5. 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы.
6. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007
7. Барнер Р. Словарь социальной работы/Пер. с анг. – М., 1994.
8. Удальцова М. Транзитное общество и его проблемы // Проблемы социальных взаимодействий в транзитном обществе. Сборник научных трудов.- НГАЭиУ.- Новосибирск, 1999.- 193 с. С.9.
9. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 14.12.2012
10. Әлеуметтік құқықтық саясат. Монография / К.А.Баймуратова – Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2014. - 105 бет.
11. Назарбаев Н. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. Электронды ресурс. http://www.enbek.gov.kz/node/257872
12. Жұматай И. Қазақстан Республикасында кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты // САЯСАТ-POLICY. 2007. № 12.
13.Қазақстан Республикасы Конституциясы. Түсініктеме. Ред.басқарған Ғ.Сапарғалиев.-Ауд. С.Бақтыгерейұлы. –Алматы: «Жеті жарғы», 1999. 11 бет.
14. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы: Дәуір, 1992.- 56 б.- 20-21 б
15. Мұхамеджанов М.Ә. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелері. // Ақиқат.- 2002.- №4.- 39-40 б.
16.Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. 111 бет
17.Қазақстан Республикасының Конституциясы –Алматы, «Жеті жарғы», 2002.
18.Егемен Қазақстан, 2007 жыл, 23 мамыр.
19.Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы-Алматы: Жеті жарғы, 1998. 114 бет.
20. Н.Ә.Назарбаев. 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген Қазақстан халқына Жолдауы.// Егемен Қазақстан №33-35(25881) 30 қаңтар 2010 жыл.
21. Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысы.
22. Қазақстан-2030 Стратегиясы. 1997ж
23.Айтаханов Қ. Бюджет қабылданды. Іске сәт! Егемен Қазақстан. 14 желтоқсан 2012. - [Электронды ресурс] -http://www.egemen.kz/2012/12/14/351953/
24. 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы. 3 желтоқсан 2013 жыл.
25. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам « Егемен Қазақстан», 2012 ж. 10 шілде.
26.Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» туралы жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
27. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы.1998 жыл 20 маусым.
28. http://el.kz/blogs/entry Риддер қаласындағы доклады.
29. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Президентінің халыққа арнаған жолдауы. 2005 жыл.
30. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан -2030. Егемен Қазақстан, 11 қазан, 1997 жыл.
31. Н. Ә. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.
32. Н. Ә. Назарбаев. Реформаларды тереңдету және жалпыхалықтық бірлік арқылы жаңарған Қазақстанға. – Егемен Қазақстан, 9 шілде, 1994.
33. Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030, 13- бет.
34. Қазақстан: Экономика и жизнь, 1996, №4, стр 41.
35. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2005.
36. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары. Қазақстан Президентінің Жолдауы.2003ж.
37. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана, 2007 жылғы 28 ақпан. Егемен Қазақстан. 01.03.2007ж. 5 бет.
38.http://www.akorda.kz/kz/speeches/addresses_of_the_president_of_kazakhstan/poslanie_prezidenta_respubliki_kazahstan_na_nazarbaev.
39. http://www.kaz.stat.kz/Pages/default.aspx.
40. http://www.enbek.gov.kz/kk/ Басты бет. 07.02.2012.
41. Н.Назарбаев. Болашақтың есігін ашып беретін бес кілт бар. Егеменді Қазақстан. №2. 5 қаңтар 1999ж.
42. «Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №4176 Жарлығы. 1998 жылғы 22 желтоқсан.
43.Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. -150 бет.
44.Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. 130-бет.
45.http://www.khabar.kz/kaz/sport/Elimizde_kantardin_1-inen_bastap_zejnetaki_molsheri_9_pajizga_artti.html. 04.01.2013
46.http://kt.kz/?lang=kaz&uin=1133435997&chapter=1153566353 12.12.2012
Астана. желтоқсан. Kazakhstan Today
47.http://www.kt.kz/newsite/?lang=kaz&uin=1133436298&chapter=1153553087
02.04.2012. Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today
48. Рахымбек С. Ел дамуының белгісі – «электронды үкімет». Егемен Қазақстан.17 сәуір 2007.
49. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы № 1132 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереже
50. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2007 жылға арналған экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары мен экономикалық көрсеткіштердің болжамы туралы мәлімдемесі туралы» 2007 жылғы 24 қаңтардағы №49 қаулысы.
51.Түркістан. №54-55. 14 маусым, 2008 жыл.
52. 2011-2015 жылдарға даму бағдарламасының 2014 жылғы орындалуы туралы мәлімет. http://turakimat.gov.kz/
53. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2013 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ. http://www.ontustik.gov.kz/gw/za_meses_kzz
54. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті, 2004.
55. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Оқулық.–Алматы: Жеті жарғы, 2003.
56. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.- Алматы:Жеті жарғы, 2006.
57. Сартаев С.С., Күнқожаева Г.Н. Қазақстан Республикасында билікті бөлу және оларды жүзеге асыру принциптерінің қалыптасуы /Оқу құралы. -Алматы: Жеті Жарғы, 2002.-64 б.
58. Қаржаубаев Е.К. ҚР Сот билігінің мемлекеттік биліктің тәуелсіз бір тармағы ретінде тану //ҚазМУ хабаршысы. -2008. -№1(45). -91-94 бб.
59. Қазақстан республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред. басқарған Ғ.Сапарғалиев. – Ауд. С.Бақтыгерейұлы. –Алматы: «Жеті жарғы.1999 -347 б.
60. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. -Алматы: Юрист, 2007.
61.Түркістан қаласындағы сотта өткен өндірістік іс-тәжірибеде және диплом алды практикада жинақтаған практиканттың материалдары. Сәуір 2015 жыл.
62. http://uko.sud.kz/kaz/analitika/sot-zhumysynyn-korytyndysy
63. Шалбаев Е.Ж. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы және жастарды жұмыспен қамту// «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл: қалыптасудан-гүлденуге» Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. –Астана. -2012, 67-70 бб.
64.http://www.edu.gov.kz/fileadmin/user_upload/deyatelnost/nac_sistema_ocenki/VOUD/Instrukcija_po_VOUD_kaz.doc

Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100- Құқықтану

Түркістан 2015
Ф-ОБ-001033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факултеті
Құқықтану кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Құқықтану
кафедрасының
меңгерушісі,
з.ғ.к(PhD).,

қауымдастырылған профессор

______________
__________2015ж №___Хаттама

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
5В030100- мамандығы – Құқықтану

Орындаған студент

Ғылыми жетекшісі

Түркістан 2015
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1Қазақстан- әлеуметтік мемлекет: Конституциялық- құқықтық негіздері
1.1 Әлеуметтік мемлекет түсінігі,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясындағы бекітілген
әлеуметтік мемлекеттің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .15

2 Әлеуметтік мемлекетті орынқтырудың Қазақстандағы ұйымдастырушылық және
құқықтық тәжірибесі
2.1 Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес
әлеуметтік мемлекетті құрудың ұйымдастырушылық
кезеңдері ... ... ... ... ... .33
2.2 Мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік мемлекетті
орнықтырудағы құқықтық
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
2.3 Мемлекеттің әлеуметтік дамуын нығайтудағы сот билігінің
ролі ... ... ... .63

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

Кіріспе
 
     Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өркениетті даму жолына түскен
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда қоғамның барлық саласында аса маңызды
реформаларды жүзеге асыру үстінде. Бұл реформалардың ішіндегі ең күрделісі
әлеуметтік реформалар болып табылады. Себебі, әлеуметтік мәселе адамдардың
өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн
тәртібінде тұрады және мемлекеттің әлеуметтік мәселесі әрқашан халықтың
назарында болып, оның талқысына түсіп отырады. Сондықтан да мемлекеттің
саясатында Қазақстандағы әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мен оны дамыту
маңызды орынға ие болады.  
     Қазақстанның стратегиялық негізгі бағыттарының  бірі - әлеуметтік
құқықтық мемлекет құру. Қазақстан Республикасы  Конституциясының 1-бабында
Қазақстан өзін-өзі әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы
жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты -
Қазақстан-2030 бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру
мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1].
Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік
өзінің саяси-құқықтық жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір
қарағанда,  әлеуметтік мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің
күрделілігі байқалмай, түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез
келген қарапайым адамның түсінуіне қиындық тудырады. Себебі, ұсынылған идея
қоғамдық санада, халықтың күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде
тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік
мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән
ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік
мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп қарастыру, оның мәні мен мазмұнын
ашып көрсету теориялық және қолданбалық жағынан көкейкесті, әрі маңызды
мәселелердің бірі.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста  қазіргі кезеңдегі
Қазақстандағы әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың жалпы теориялық және
конституциялық құқықтық негіздері қамтылды. Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес әлеуметтік мемлекетті
қалыптастырудың ұйымдастырушылық кезеңдері, мемлекеттік билік органдарының
(заң шығару, атқару және сот билігі) әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы
құқықтық механизмдеріне теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеліп,
талдауға ұмтылыс жасалды. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік
мемлекет ретінде маңызын ашуға, әлеуметтік құқықтық проблемалардың деңгейін
айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға назар
аударылды.
      Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік мемлекет проблемасы ғасырлар
бойы экономика мен саясаттану, заң және әлеуметтану саласындағы ғалымдардың
еңбектерінде үнемі көтеріліп келеді. Жалпы алғанда заң ғылымы мемлекеттік-
құқықтық құбылыстарды, оның бір-бірімен ара-қатынасын айқындайтын ерекше
ғылым саласы ретінде біртіндеп қалыптасты. Оның билік пен меншік түрлерінің
өзгеріске ұшырауын, қоғамдық қатынастарды саралап жіктеп, олардың
саясаттағы орны мен рөлін адам өмірінде айқындап отыруы, зерттеушілердің
назарынан тыс қалмады. Джон Локк моральдік-саяси доктринасында саясат
туралы ғылымда мемлекеттің пайда болуы парасатты сананың арқасында деп
көрсетеді[2]. 
Қоғам мүшелерін қорғау және олардың  амандықта  екендігін білдіретін
ең сенімді белгі бұл – олардың саны мен өсуі деген Жан Жак Руссо [3].
     Әлеуметтік мемлекеттің тарихи-ғылыми негізі Шарль Луи Монтескьенің
Заңдар рухы туралы еңбегінен бастау алады[4]. 
     Әлеуметтік мемлекет ұғымына ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның
теориялық әдіснамалық негізін тереңдетуге А.М.Куликов, В.Ф.Макаров, А.В.
Лабыгина, О.В. Байдалова, Ф.Э. Бурджалов, Д. Белл,  Дж. Гэлбрейт, Е.А.
Гонтмахер, В.И. Жуков, С. И. Калашников, Дж. Кейнс, В.Н. Лексин, А. Фон
Хайек сынды еуропалық және ресейлік ғалымдардың да үлес қосқандығы белгілі.
     Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет
құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен
жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл
сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл
сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың  мемлекеттік саясаттағы орны мен
ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.
     Кеңес Одағында  әлеуметтік мемлекет құру тәжірибесінің, яғни
социализмнің неліктен сәтсіздікке ұшырағандығы туралы ой қорытуға мүмкіндік
береді. Мұндай еңбектердің қатарына С.Б.Баишевтің, Ф.М. Бородкиннің,  Ю.Е.
Волков, С.С. Шаталиннің және т.б. ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады.   
     Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың ғылыми-зерттеушілік
еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне - табиғатына, мәніне,
құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне талдаулар жасалуда.
Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А.Ж. Абдрахманованың, Н.А. Аитовтың,
М.М. Ахметованың, Р.Б. Әбсаттаровтың, Р.С. Жарқынбаеваның, А. Каримовтың,
Н.И. Мұстафаевтың, А.Ж. Мұқажанованың, Н.З. Нығматулиннің, Қ.Ж.
Нұғманованың, М.Б. Тәтімовтің, И.Н. Тасмағамбетовтің және т.б. авторлардың
еңбектерін жатқызуға болады.  Дегенмен жоғарыда аталған жұмыстарда
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекеттің теориялық-әдіснамалық
негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа құқықтық талдау жасау арнайы
мақсат етіп қойылмаған. Бұл ғалымдар мен зерттеушілер аталмыш мәселенің тек
жекелеген аспектілерін ғана қозғаған. Бұл еңбектер біздің зерттеп отырған
мәселеміздің  түрлі  қырынан ашылуына, оған кешенді құқықтық талдау жасауға
мүмкіндіктер береді.
          Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан
Республикасының әлеуметтік мемлекеттілігіне құқықтық талдау жасап, оның
мәні мен мазмұнын ашып көрсету дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Сонымен қатар әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы мемлекеттік билік (заң
шығарушы, атқарушы және сот) органдарының қоғамда алатын рөлін анықтау да
қажеттілік болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу
көзделіп отыр:
- әлеуметтік мемлекеттің теориялық әдіснамалық негізін зерттеу;
- әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы мемлекеттік билік органдарының алатын
орнына талдау жүргізу;
- әлеуметтік мемлекет құрудың ҚР Президент жолдауларына сәйкес
ұйымдастырушылық кезеңдеріне талдау жасау;
- әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың құқықтық негіздерін сараптау;
- қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мәселелердің
деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен негізгі бағыттарын
айқындау;
- мемлекеттің әлеуметтік мәнін жетілдіруінің басым бағыттары бойынша тиімді
және практикалық мәні бар ұсыныстарды беру.
         Тақырыптың  дерек көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз
болған теориялық және нақтылы фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер.
Дипломдық жұмыста негізінен  әлеуметтік саланы реттейтін біршама
нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.
     Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2009 жылы 18 қыркүйекте
қабылданған Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы кодексі,
2007 жылы 27 шілдеде қабылданған ҚР Білім туралы заңы, 2001 жылы 23
қаңтарда қабылданған ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңы, Қазақстан
Республикасының 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасында
мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңы, 1999 жылғы 5 сәуірдегі
Қазақстан Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңы,
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді
мекендерінің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және
ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы және Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтарына, мысалы, 2009 жылдың 24 тамызында
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдар
кезеңіне арналған Қазақстан Республиканың Құқықтық саясат тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына (мәселен, Ауылдық елді
мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы), Қазақстан
Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы сияқты нормативтік
актілеріне сүйенеді. Сонымен қатар зерттеуде Қазақстан-2030 Стратегиялық
даму бағдарламалары мен Қазақстан Республикасының Президентінің еңбектері
мен халыққа жолдаған Жолдаулары, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам мақаласы, 2012 жылдың 14 желтоқсанында қабылданған Қазақстан-2050
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауы жетекшілік
қызмет атқарды.
      Зерттеу жұмысының құрылымы.  Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден,
екі тараудан, бес тараушадан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1Қазақстан- әлеуметтік мемлекет: Конституциялық- құқықтық негіздері

1. Әлеуметтік мемлекет түсінігі, түрлері.

Қазақстанның Конституциясында әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі
принциптері бекітілген. Бұл орайда негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік
құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік саясатты іске асырудың
ықпалды тетіктерін одан әрі қалыптастыру болып табылады[5].
Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат
тұжырымдамасында айтылғандай мемлекеттің кешенді, көпсалалы сипаттағы
әлеуметтік-құқықтық саясаты әлеуметтік маңызы бар проблемалардың кең
ауқымын шешуге бағытталады.
Саясатты мемлекетті басқару өнері дейтін болсақ, мемлекетті
әлеуметтік сипатта қалыптастыру үшін алдымен мемлекеттің осы саладағы
байыпты саясаты орнығуы қажет деп санаймыз. Сондықтан әлеуметтік мемлекетті
орнықтыру, алдымен мемлекеттің алға қойған әлеуметтік саясатының мазмұнына
тікелей байланысты. Ендеше, әлеуметтік мемлекетті талдамас бұрын,
әлеуметтік саясат ұғымына тоқталып өтсек.
Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis -
общеатенный; связанный с жизнью людей) - халықтың, оның негізгі жіктерінің,
топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы
мемлекеттік саясат бөлігі. Оның қамтитындары: табысты реттеу, жұмыспен
қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау
аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т.б. Әлеуметтік саясат адамға, оның
халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға
бағдарланған.
Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы
ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске
асырылуы саяси құрылысқа, экономикалық даму деңгейіне, меншік
қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің
ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді
бөлуге негізделеді [6].
Әлеуметтік саясат ұғымын Р.Барнер Әлеуметтік саясат – индивидтер,
топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға
араласатын, реттейтін  және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі
мен принципі, деп түсіндіреді [7].
Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен бері өмір
сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән әлеуметтік
саясат жүргізілген. Қазіргі кезде әлеуметтік саясат мәселелері халық үшін
де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға айналып отыр.
Тәуелсіз Қазақстан жүзеге асырып отырған түбегейлі экономикалық реформалар
бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған сәйкес келетін мемлекеттік
әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді. Өйткені, елдің
экономикасын сауықтыруға бағытталған экономикалық реформаның күшті
әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал олай болмаған
жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды [8,9].
Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және
азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі.
Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда
тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және
әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге
қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты. Әлеуметтік қауіпсіздік
және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу – бұл әрбір қазақстандыққа
әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам
мұқият ойластырылған болуы тиіс. [ 9].
Құқық пен міндет заң ғылымының категориялары. Мемлекет әлеуметтік
саясатты жүзеге асыру үшін өзін әлеуметтіндіреді, бұл дегеніміз тұтынушы
тұлғаға әлеуметтік тұрғыда құқық береді, міндеттер жүктейді. Демек,
халықтың әл-ауқатының артуына, тұрмысына қажетті жағдай жасау үшін
әрекеттерді заңдастырады. Яғни, заң шегінде ғана азаматтарға өз әлеуметтік
мүддесін қанағаттандыру үшін құқықтық мүмкіндік береді, ал мемлекет
әлеуметтік саладағы өз іс-әрекетінің заңға сәйкес болуын қадағалайды.
Жалпы айтқанда, мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін заң
нормалары аясында ғана жүргізе алады. Біздің ойымызша, әлеуметтік құқықтық
саясат ұғымы осыған тіреледі. Бұл жалпы алғанда құқықтық мемлекеттің
қағидасы болып табылатын мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауаптылық
деген қағидаға негізделеді. Сондықтан әлеуметтік саясаттың мемлекет
орнықтырған құқықтық негізі болғанда ғана әлеуметтік құқықтық саясат деп
тани аламыз.
Теориялық тұрғыдан анықтама берер болсақ, әлеуметтік құқықтық саясат –
бұл халықтың, оның әр түрлі топтары мен санаттарының әлеуметтік мүдделерін
қамтамасыз етудегі құқықтық реттеу және қорғау механизімдерінен тұратын,
олардың тұрмыс жағдайына құқықтық тұрғыдан ықпал ететін, сол арқылы
мемлекеттің әлеуметтік дамуын құқықтық негіздейтін мемлекеттік құқықтық
саясат [ 10, 13бет].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Бүгінде әлеуметтік
дамудың жаһандық тренді ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА өтуге барып
тіреледі. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек
табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру – Қазақстандағы әлеуметтік
жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі- деп атап көрсеткен
болатын[11].
Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем
мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап,
тұрақты әлеуметтік құқықтық саясатты қалыптастыру стратегиялық маңызы бар
мәселе болып отыр. Мемлекет әлеуметтік құқықтық саясаттың басым бағыттарын
анықтау арқылы ең алдымен халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін анықтап,
саясатты сол арнаға бағыттайды.
Әлеуметтік мемлекет ұғымын ашуды жөн көреміз.
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік мемлекеттердің мынадай белгілері бар:
1) Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай келуі;
2) Мемлекеттік билік органдарындағы қызметкерлердің адамгершілік, ізгілік
қасиеттерінің жоғары болуы;
3) Экономикалық мүмкіндіктерді қажеттілікке сай тиімді пайдалану;
4) Табиғи байлықтан түскен қаржыны халыққа теңдей үлестіру;
5) Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
6) Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануы мен оларды
жүзеге асыратын механизмдердің болуы[12, 71бет].
Әлем елдері тарихында өзін әлеуметтік мемлекет ретінде ең алғаш 1949
жылы ГФР,   1958 жылы Франция,  1978 жылы Испания,  1990 жылы КСРО, 1995
жылы Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан, Қазақстан жариялады.  Мемлекеттің
әлеуметтік саясаты әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік қызметтерді
көрсетуге арналған қызметі қамтылған  мемлекеттің бағдарламасы арқылы
жүзеге асады. Классикалық үлгіде әлеуметтік қамсыздандыруға әлеуметтік
сақтандыру мен қоғам мүшелерінің әлжуаз топтарына қолдау, көмек көрсетуге
деген әлеуметтік жауапкершілігі арқылы көрініс тауып жүр. Әлеуметтік
қызметтер жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру, кәсіби даярлау, еңбекпен
қамтамасыз ету және т.б. мемлекет қамтамасыз ететін қызмет түрлері жатады.
Әлемдік тәжірибеде бұдан да басқа  халықты әлеуметтік қорғаудың
қалыптасқан  үлгілері көп.
Әлеуметтік мемлекет ұғымы алғаш рет екінші дүниежүзілік соғыс кезінде
Ұлыбританияда пайда болды және соғыстан кейін Еуропада көптеген мемлекеттер
үшін үлгіге айналған Беверидж жоспарында тұжырымдалды. Әлеуметтік
мемлекеттің үш үлгісі ерекшеленеді.
1. Позитивті мемлекет. Онда әлеуметтік қамсыздандыру дарашылдыққа және
корпоративтік мүдделерді қорғауға негізделген. Мұндай мемлекетте әлеуметтік
саясат бақылау құралы болып қана қалады.
2. Жұмыспен толық қамту саясаты жүргізілетін, кепілді ең төменгі тұрмыс
деңгейі және табысқа тең үміт қамтамасыз етілетін жеке әлеуметтік мемлекет.
3. Бәріне бірдей қызмет етуші әлеуметтік саясат жүзеге асырылатын,
баршаның игілігіне арналған мемлекет. Мұндай мемлекетте теңдік,
корпоративтік және ынтымақтастық қамтамасыз етілген сияқты болады. Баршаның
игілігіне арналған мемлекетте жалақыларда әркелкіліктің азаюы, жұмыспен
толық қамтылуға кепілдік берілуі, еңбекшілердің саясаттағы өктемдік жағдайы
қамтамасыз етілуі тиіс[13].
Әлеуметтік мемлекет ұғымы – еңбекке қабілеттілерді жұмысқа
орналастыру жөнінде, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандырылу жүйелерін
құру жөнінде, тұрмысы төмендерді қолдау және тағы басқа да әлеуметтік
құқықтық саясатты жүзеге асыруға қабілетті, дамыған экономикасы бар
демократиялық үлгідегі мемлекетті білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан
Республикасы – әлеуметтік мемлекетті қалыптасыруда. Яғни, мемлекет өзінің
бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың
өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат
мемлекеттің ішкі саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы,
әлеуметтік саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік
кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда,
бүгінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық рөлі өзгергенін есте
сақтау керек. Халықтың мемлекет көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн
көре алмайтын топтарына басымдық беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі
экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-
өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері – адамның
даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы,
ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері,
медициналық қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке
қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.   
      Жалпы, әлеуметтік саясаттың мәні әлеуметтік мемлекет ұғымымен астасып
жатқаны аян. Бұл екі ұғымды бір-бірінен дербес қарастыруға болмайды. Ал,
әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі -  әлеуметтік саясатқа
келіп тіреледі. Әлеуметтік мемлекет құру барысында саяси билік азаматтардың
әлеуметтік құқықтарын талап ете алатын мәдениетке  дағдыландыру шараларын
жүргізуге міндетті. Ал, мемлекеттің әлеуметтік саясаты құқықтық әлеуметтік
мемлекеттің қалыптасуының шарты болуы қажет. Әлеуметтік мемлекет деген
ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық келісім
мемлекетінен және мемлекеттегі биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі
мемлекеттен нысаналы әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы мемлекетке өтуін
көрсетеді.
      Бұл ретте қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік саясаттағы
концептуалды өзгерістер тетігі, ең алдымен экономикалық дамудың
көрсеткіштерімен өлшенетінін де атап өткен абзал. Дегенмен, бұл жерде
экономикалық дамудың мемлекеттің әлеуметтік саясатын айқындаудағы ролін
абсолюттендіруге болмайды деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік саясат
мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне ғана тәуелді емес, ол көп жағдайда
елдің саяси дамуына, саяси күштердің арасалмағы мен өзара қарым-қатынасына
да байланысты айқындалады. Олай дейтін себебіміз, әлеуметтік саясат қоғам
мүшелерінің саяси белсенділігімен және саяси күштердің өз мүдделері үшін
күресінің деңгейімен де айқындалып отырады. Сонымен бірге, мемлекеттің
әлеуметтік саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыруда экономикалық ахуалмен
бірге, психологиялық  факторлардың да маңызды роль атқаратынын мемлекеттің
даму стратегиясын тұжырымдаған Президент Н.Ә. Назарбаев ерекше атап
көрсетеді: Әлеуметтік стратегияны іске асыру мерзімі экономикалық даму
стратегиясын жүзеге асыру мерзімімен сай келмейді, өйткені әлеуметтік
стратегия қоғамның әлеуметтік құрамындағы құрылымдық өзгерістермен ғана
емес, сондай ақ, қоғамдық сана-сезімді қазыналық тұрғыдан қайта
бағдарлаумен де байланысты, ал ол экономикалық және әлеуметтік жағынан
неғұрлым белсенді жаңа ұрпақ келмейінше мүмкін емес[14].
         Әлеуметтік мемлекеттің қайнар көзі - әлеуметтік құқықтық саясаттан
басталады. Мәселен, дамыған Еуропа елдерінде әлеуметтік мемлекеттің екі
түрі кеңінен қолданылады. Біріншісі бисмарктық әлеуметтік құқықтық саясат
үлгісі (неміс канцлері Бисмарктың есіміне байланысты аталған, өйткені ол
осы  үлгінің негізін салған болатын), екіншісі беверидждік үлгі.
      Бисмарктық әлеуметтік мемлекет түрі бойынша әлеуметтік көмек пен
белсенді еңбек қызметі арасында тығыз байланыс орнатылады. Жеке адам өзінің
белсенді еңбек қызметі барысында келісім - шарт негізінде әлеуметтік қорға
мөлшерлі аудармаларын жасап отырады. Кейін бұл аудармалардан сақтандырушы
қорлар құрылып, одан әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп отырады. Мұндай
қорларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді. Ал, еңбек белсенділігі
төмен отбасылар үшін ұлттық ынтымақтастық ұстанымы бойынша мемлекеттік
органдар арқылы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      Беверидждік әлеуметтік мемлекет түрі бойынша кез келген қоғам
мүшесі әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігінің деңгейіне қарамастан
денсаулық сақтау, зейнеткерлік т.б. белгілер бойынша мемлекеттен минималды
әлеуметтік көмек алуға құқылы. Бұл үлгіні ұстанатын елдердегі (Ұлыбритания,
Швеция т.б.) зейнетақы жүйесінде зейнетақы алатын жасқа жеткен әрбір
азаматқа белгіленген зейнетақы төленеді, ал денсаулық сақтау саласы бойынша
әрбір азамат медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі. Бұл
үлгіде де ұлттық ынтымақтастық ұстанымы негізінде ұлттық байлықты әділетті
бөлудің тұжырымдамасы қолданылады. Ал Қазақстанның өзіндік әлеуметтік
саясатының үлгісі мен тұжырымдамасы қалыптасу үстінде екенін ескерсек, онда
бұл екі үлгінің басты жетістіктері мен тиімді тетіктері нысанаға алынып
отырғандығына көз жеткізуге болады.
      Әлеуметтік мемлекетті нәтижелі орнықтыру көрсеткіштері халықтың өмір
сүру деңгейін сипаттайды, яғни халықтың өмір сүру деңгейінен әлеуметтік
мемлекеттің қандай деңгейде орныққандығын  байқауға болады. Халықтың
қажеттіліктеріне көңіл аудармау, еңбек, тұрмыс, демалыс, денсаулық сақтау
сияқты әлеуметтік аспектілеріне деген көзқарастың бәсеңдеуі, яғни халықтың
әлеуметтік құқықтарын шектеу құқықтың әділеттілік қағидасына қарама-қайшы
келіп, соңында өндірістің төмендеуіне және қоғамда жаппай тәртіпсіздіктің
мысалы, 2011 жылғы 16 желтоқсанындағы Жаңаөзен қаласында болған оқиғалардың
пайда болуына негіз болуы мүмкін.
      Әрбір мемлекет әлеуметтік мемлекетті орнықтыру барысында құқықтық
әділеттілік принциптеріне бағынуы қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік билік
азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін саясатты жүзеге
асыруы және барлық әлеуметтік топтардың өмірлік қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс. Осындай әлеуметтік мемлекет қалыптасқанда ғана өз
азаматтарының жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге, халықтың әлсіз
топтарына әлеуметтік қолдау көрсетуге, қоғам өмірінде әлеуметтік ақиқаттың
орнауына  бағытталған саясат жүргізе алады.
      Әлеуметтік мемлекет – мемлекет пен өзге де саяси-әлеуметтік
институттардың қоғамның әлеуметтік өмірін прогрессивті дамытуға,
азаматтардың өмір сүру деңгейін, сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оларға қажетті әлеуметтік қолдау
көрсетуге, осы бағытта тиісті қаржылық институттар мен басқа да қоғамдық
потенциалды қолдануға бағытталған құқықтық іс-әрекеті. Сондай-ақ,
әлеуметтік мемлекеттің ең басты қызметтерінің бірі, біздің ойымызша, ол
стратегиялық қызмет. Өйткені, әлеуметтік мемлекеттің оңтайлы ұйымдастырылуы
қоғам дамуының тұрақтылығы мен прогрессивті дамуының кепілі болып табылады.
Қазақстан жағдайында, әлеуметтік мемлекеттің басты стратегиялық
бағыттарының бірі қоғамда орта тапты қалыптастыру және орта таптың
әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру арқылы мемлекеттік саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ету болмақ. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының
қазіргі әлеуметтік мемлекет орнықтырудағы өте маңызды мәселесі – орта
таптың экономикалық белсенділігін ғана емес, олардың әлеуметтік-саяси
белсенділігін де арттыруға ерекше көңіл бөлу.
      Кең мағынасында әлеуметтік мемлекет – мемлекеттік және мемлекеттік
емес органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруге қажетті жағдай
жасауға, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамдық
ортада қолайлы әлеуметтік атмосфера туғызуға бағытталған теориялық
ұстанымдар мен тәжірибелік шаралардың жиынтығы. Ал, тар мағынасындағы
әлеуметтік мемлекет – мемлекет пен басқа да саяси және әлеуметтік
институттардың қоғамның әлеуметтік саласының дамуына, адамдардың өмір сүру
салты мен сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерінің белгілі
бір бөлігін қамтамасыз етуге, азаматтарға тиісті әлеуметтік қолдау, көмек
көрсетуге және ол үшін қаржылық немесе өзге де қоғамдық әлеуетті қолдануға
бағытталған іс-әрекеті.
     Мемлекеттік билік органдары әлеуметтік мемлекетті қалыптаструда жеке
адам өзі өмір сүріп отырған қоғам мүдделеріне, онда орын алатын кейбір
проблемаларына немқұрайды қарай алмайтындай етіп жасауы қажет. Қазақстан
жағдайында әлеуметтік саясат мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде өзара
тығыз байланыста жүзеге асырылуы және әрбір билік органы мемлекет алдындағы
әлеуметтік-құқықтық жауапкершілігін терең сезінуі шарт. Сонымен,
мемлекеттік заң шығарушы билік әлеуметтік мемлекеттің басым бағыттары мен
құқықтық негізін айқындап, тиімді әрі орнықты жұмыс істейтін заңдар
қабылдайды. Сонымен бірге, экономикалық даму деңгейіне орай мемлекеттік
әлеуметтік кепілдік базасын жасап, оны экономикалық даму деңгейінің
ерекшеліктеріне байланысты нормативтік құжаттар қабылдау арқылы
жәрдемақылардың көлемін, тегін немесе жеңілдікпен берілетін әлеуметтік
көмек түрлерін белгілейді. Әсіресе, мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде
оның әлеуметтік бағдарлануына ерекше қадағалау жасайды. Өйткені, әлеуметтік
мемлекеттің қаржылық бастауларын да негіздейтін осы заң шығарушы билік
болып табылады. Ал, атқарушы билік мемлекеттің әлеуметтік бағыты бойынша
қабылданған заңдардың шеңберінде негізгі іс-шараларды жүзеге асырады,
әлеуметтік саланың экономикалық тетіктерін реттеп отырады және әлеуметтік
төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен тиімді жолдарын анықтайды. Сондай-
ақ, мемлекеттік атқарушы биліктің аса жауапты қызметі ол институционалдық
құрылымдардың жұмыс бағытын тиімді әрі оңтайлы ұйымдастыру болып табылады.
      Келесі деңгейде жергілікті әкімшілік билік органдары мемлекеттік
әлеуметтік мемлекеттің нақты іс-шараларын жергілікті жерлердің
ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Сонымен бірге, аймақтың
экономикалық мүмкіндіктері жоғары болған жағдайда халыққа берілетін
әлеуметтік көмек түрлерін көбейтуге атсалысады.
      Жұмыс беруші ұйымдар мен өндіріс орындарынан мемлекеттік әлеуметтік
салаға қатысты қабылданған заңдардың қатаң орындалуы, еңбек нарығының
талаптарын орындау, еңбек ақысының деңгейінің төмен болмауы, сақтандыру
шараларын жүзеге асыру талап етіледі.
      Кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, үкіметтік емес
ұйымдар халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғайды,
яғни олар идеологиялық қызмет атқарады. Үкімет пен жұмыс берушілер
арасындағы диалогқа арқау болады. Бұл жерде үлкен саяси іс-шаралар алдында
саяси партиялардың саяси-әлеуметтік ролі артатынын ерекше атап кеткен жөн.
Мәселен, Президент немесе парламент сайлаулары қарсаңында саяси
партиялардың бағдарламаларында әлеуметтік саясатқа қатысты ұстаным алдыңғы
қатарға шығып, электоратты өз жағына тартудың саяси технологиялары іске
қосылады. 
      Әлеуметтік мемлекет жоғарыда айтқанымыздай өз азаматтарының өмір
сүруін лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының
қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға,
өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара ықпалды күшейтуге
ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – әлеуметтік жағдайы төмен топтардың
пайдасына, ұлттық табысты қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен
қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл
қоғамның құқықтық мәдениетін тағы да басқаларын дамыту саясатын жүзеге
асыру барысында қол жеткізіліп, орындалады. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет
қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, рухани теңсіздіктерді бәсеңдетуге және
оны оңтайландыруға бар күш-жігерін жұмсайды.   
      Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта мемлекеттік даму тәжірибесін
жинақтаған Қазақстан Республикасының 1995 жылы жаңа Конституциясы 
қабылданғаннан кейін әлеуметтік мемлекет нарықтық үлгіге сәйкестендірілген,
әлеуметтенуді күшейтуге бағытталған заңдық актілерді дайындау үрдісі
басталды. Дәл осы уақытта Үкімет республика халқының әлеуметтік
қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік механизмін құруды көздейтін
елдің әлеуметтік құрылымын жасауды қолға алды. Бұл концептуалды құжатта
әлеуметтік мемлекеттің мынадай басымдықтары анықталды:
      - жаңа Конституцияда бекітілгендей Президенттік басқару жүйесі
кепілдік беретін елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және нығайту;
      - әлеуметтік саланы нарықтық қатынастың белсенді субъектісіне
айналдыру;
      - аталған құрылымды жүзеге асыруда экономикалық механизмдерді
пайдалану және саяси құралдарды анықтау;
      - психологиялық, рухани салада құқықтық қамтамасыз етуді қадағалау.
      Әлеуметтік реформалардың бағытталған тұжырымдамасы әлеуметтік
мемлекеттің нақты басымдықтарын айқындап береді. Бұл басымдықтардың алға
қойған міндеті:
      - тұрғындардың радикалды әлеуметтік өзгерістерге бейімділігін
арттыру, халықтың экономикалық белсенді бөлігін ынталандыру;
      - халықтың экономикалық белсенділігін арттыру;
      - нарықтық механизмдер мен құралдардың рөлін күшейту, халықтың
сақталған ақша қоры мен шетелдік қорлардың инвестициясын әлеуметтік саланы
қаржылай қамтамасыз етуге тарту;
      - білім беру, медициналық, әлеуметтік қамтамасыз етуде мемлекеттік
стандарттар негізінде әртүрлі деңгейдегі бюджетті қалыптастыру;
      - қоршаған ортаның бұдан арғы құлдырауын, кері кетуін тоқтату.
      Қазақстанның әлеуметтік саладағы реформаларының таяу жылдардағы басты
мақсаттары мыналар болып табылады: демографиялық өсімді  ынталандыру және
өлім-жетім деңгейін төмендету мен салауатты өмір салтын насихаттау есебінен
күтілетін өмір жасын ұзарту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, медициналық
қамтамасыз етуді жақсарту және тұрмыста әрі өндірісте жарақаттануды азайту,
сондай-ақ көші-қон процестерінің реттелуіне қол жеткізу жолымен
демографиялық жағдайды жақсарту; әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсарту
және нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу; халықтың тұрмысы төмен топтары
үшін экономикалық өсуді ынталандыру жолымен экономикалық мүмкіндіктерді
кеңейту – еңбекке қабілетті халықтың неғұрлым жоғары әлеуметтік тұтыну
деңгейін қамтамасыз етіп, табыс табуына мүмкіндік беретін экономикалық
жағдай туғызу; экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтуды ынталандыру;
халықтың экономикалық және әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының тиімді
жүйесін құру; халықтың тұрмыс деңгейін, жұмыспен қамтуды арттыру және
кедейлік деңгейін төмендету; медициналық қамтамасыз етудің, жалпы кәсіптік
және жоғары білім берудің жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету;
ұсынылатын әлеуметтік игіліктер мен қызметтердің жоғары сапасы мен оларды
халықтың кеңінен таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; Қазақстан
Республикасының азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін
қаржыландырудың жаңа көздерін айқындау және қазіргілерін неғұрлым тиімді
пайдалану [15]. 
      Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік мемлекетінің стратегиялық
мақсаты бүгінде мемлекет пен адам арасындағы өзара жауапкершілік арқылы
тұрақты әлеуметтік дамуға өту негізінде анықталады. Республикамыздың
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен нарықтық экономиканың дамуы
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің жаңа формаларының пайда
болуына әсерін тигізді. Бүгінгі таңда бізде негізінен әлеуметтік әріптестік
үлгісі құрылып отыр. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
республикалық бірлестіктер, кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында Бас
Келісімге қол қою тәжірибесі жұмыс жасап келеді. 2000 жылы алғаш
қабылданған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы
Заңда әлеуметтік салада болып жатқан объективті саяси-әлеуметтік үрдістер
айқын көрінеді. Нақтырақ тоқталар болсақ, онда құқықтық негіздер, міндеттер
мен қорытындылар реті, жалпыға ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жету
үшін, келісімдерді өзгерту және бұзу секілді бағыттар анықталады.
      Сонымен қорытындылай келе айтарымыз, Қазақстан Республикасында
әлеуметтік мемлекеттің өзіндік үлгісі біртіндеп қалыптасып келе жатқандығы
жөнінде тұжырым жасаймыз.  Әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстан өз бетінше
әлеуметтік даму жолына негізделген, керісінше Қазақстандық даму моделі
көптеген елдерге үлгі болып отыр. Сондықтан толық ешбір елге ұқсамайды деп
айтуға негіз бар. Мәселен Еуразиялық Одақ, Еуразиялық Кедендік Одақ басқа
да әлеуметтік құқықтық деңгейді қамтитын Қазақстанның қатысуындағы
халықаралық ұйымдар жаңа бағытта еліміздің бастамасымен қалыптасқан
болатын. Болашақтың энергиясы атауымен ЭКСПО-2017 әлемдік көрмені
Қазақстанға алып келу жаңа дамудың бір ғана көрінісі. Бұл тек экономикалық
даму ғана емес, бұл әлеуметтік дамудың жаңа жолын ашып береді. Сондықтан
Қазақстанда жаңа әлеуметтік дамудың өзіндік Президенттік моделі қалыптасты
деп қорытындылай аламыз.

1.2 Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген
әлеуметтік мемлекеттің құқықтық негіздері

Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар
референдум арқылы немесе парламентте қабылданатын негізгі заңы. Конституция
жеке адам, қоғам мен мемлекет үшін өмірлік маңызды және ең жоғары
әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін
жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғышарты болады. Конституциялық
нормалар адамның материалдық және рухани қажеттігін қанағаттандыру үшін
экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.
Конституцияның өзіндік ерекшеліктерін былай сипаттауға болады:
1) Конституция тікелей қолданылатын құжат. Барлық мемлекеттік органдар мен
азаматтар Конституциялық нормаларды қоғамдық қатынастарды реттеуде
пайдаланады.
2) Конституцияның ең жоғарғы күші бар, мемлекетте қабылданатын барлық
нормативтік құқықтық кесімдер соған сай қабылданады және қайшы болған
жағдайда Конституция іс жүзіне асырылуы тиіс.
3) Конституция мемлекеттегі конституциялық құрылым, адам құқықтары мен
бостандықтары, биліктің тармақ жүйелері сияқты ең негізгі қоғамдық
қатынастарды реттейді[16].
Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы
сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мәнін
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Азаматтардың конституциялық әлеуметтік
құқықтары мен бостандықтарына Конституциямыздың Адам және азамат деген
бөлімінде кепілдік берілген, олар: еңбек ету бостандығына, қызмет пен
кәсіп түрін еркін таңдау құқығы, тынығу құқығы, әлеуметтік қорғануға
құқық, тұрғын үй – жайға құқық, денсаулық сақтау, білім алу құқығы,
әлеуметтік қамсыздандырылуға құқық.
Конституциямыздың 1 бабының 2 тармағында белгіленгендей республика
қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық
референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешу болып табылады[17].

Біз өз конституциямызды 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдум
арқылы қабылданды. Сонымен қатар, Ата заңымызға 1998 жылы және 2007 жылы
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2007 жылы 18-мамырда жасалған
конституциялық реформадағы қабылданған өзгерістер мен толықтырулардың
жекелеген сипатына қарамастан, түбегейлі жаңа Конституцияның дүниеге
келгенін толық сеніммен айтуға болады. Оған сәйкес, жалпыға бірдей
мойындалған демократиялық қағидаттар Қазақстан халқы үшін ең жоғары
құндылықтар деп бекітілді.
ҚР Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев дәуірлік сипатқа
сай жасалған батыл қадамды былайша тоғытады. Конституцияға өзгерістер
енгізудің бастамашысы Президент өзі болғанын атап айтқан жөн. Елбасы өз
еркімен, ешқандай да бір сыртқы немесе ішкі ықпалдың қысымынсыз, билік
өкілеттігін Парламент пайдасына бөлісу туралы түбірлі шешім қабылдады. Бұл
шешімге ол елдің болашағы үшін бел буғаны ақиқат. Өйткені, аталған реформа
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне бағытталғанын толық сеніммен
айтуға болады.
Елбасы мәлімдегендей, Конституциялық реформа Қазақстанның эволюциялық
дамуының кезекті белесті кезеңіне бастайды. Аяғынан тік тұрып, жаһандық
және өңірлік дағдарыстар салдарынан сеніммен еңсеріп, халықтың өмір сүру
деңгейін айтарлықтай көтерген Қазақстан орнықты демократия жолына түсті.
Бұл жолдан ол таймақ емес. Оның кепілі-еліміздің Конституциясы.
Қазақстан Конституциясына 2007 жылы енгізілген өзгерістерді АҚШ дұрыс
бағыттағы қадам деп бағалады. Бұл туралы Вашингтонда өткен брифингте
Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға
берген АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Шон МакКормак мәлімдеген
болатын [18].
Жүзеге асқан өзгерістердің ауқымы қоғамның барлық деңгейінде терең
талдауды және ұғынуды қажет етеді.
Қазақстан Конституциясында әлеуметтік мемлекетті орнықтырудың құқықтық
кепілдіктері төмендегідей баптармен анықталған. Алдымен Конституциямыздың
кіріспесіне тоқталсақ, ...өзімізді еркіндік, теңдік және татулық
мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,... осы
Конституцияны қабылдаймыз деген жолдардан құрылып жатқан азаматтық
қоғамның бостандық, теңдік және келісім мұраттарына адалдығын түсінуге
болады. Осы конституциялық идея ұлтына, әлеуметтік жағдайларына қарамастан,
адам мен азаматтың кең ауқымды құқықтары мен бостандықтарын нығайтатын
конституциялық нормаларға айналады. Конституцияның кіріспесінде
қарастырылған тағы бір маңызды ой: Конституция тек мемлекеттің ғана емес,
қоғамның да ата заңы болып табылады. Осы идея меншікке, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық бірлестіктерге, отбасына және тағы
басқаларға қатысы бар көптеген конституциялық нормаларда орнықтырылған және
ашып көрсетілген.
Мемлекет пен азаматы үшін оның теңдік пен келісім идеясына адалдығы
айрықша маңызды болып табылады. Бұл арада әңгіме тек барлық азаматтардың
ғана емес, сондай-ақ барлық әлеуметтік және ұлттық топтардың да заң
тұрғысынан теңдігі турасында болып отыр. Адамдардың әртүрлі топтарының
арасындағы олардың өмірлік қызмет процесінде келісімге келу, текетірестік
пен егесуге жол бермеу азаматтық қоғам қызметінің басты принципі болып
табылады. Әлеуметтік егесулер мен қарама қайшылықтар діңкелетпейтіндей,
бостандықтар мен теңдік мұраттары іске асырылатындай бейбітшілік сүйгіш
азаматтық қоғамды қалыптастыру жолымен ғана әлемдік қоғамдастықта өзіміздің
лайықты орнымызды табуға ұмтыла аламыз.
Ал Конституцияның 1 бабының 1 тармағында Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары делінсе, осы баптың 2 тармағы Республика қызметінің
түбегейлі принциптерінің бірі ретінде қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;... деп
көрсетіледі.
Конституцияның Адам және азамат деген бөлімінде азаматтардың
әлеуметтік құқықтарына конституциялық кепілдік берілген. Атап айтсақ, 24-
бабының 1-тармағы Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін
еркін таңдауына құқығы бар, 2-тармағында жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғалуына құқығы және 4-тармағында әркімнің тынығу құқығы, 27 баптың 1-
тармағында Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында
болады, 28-баптың 1-тармағында Қазақстан республикасының азаматы жасына
келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және
өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне,
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі, 29-бабында Қазақстан
азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар және 30-баптың 2-тармағы
азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін
жоғары білім алуға құқығы бар екендігі көрсетілген.
Қазақстан әлемдік реформа бағытымен дами отырып адам құқығын ең жоғары
құндылық ретінде жариялады және бұл салада халықаралық стандарттарға
сүйенеді. Бұл стандарттар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында
(1948); Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық
пакт (1966); Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт
(1966); Құқықтар мен бостандықтарды қорғау жөніндегі Европалық Конвенция
(1950); және басқаларда бекітілген. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға
қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем
стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.
Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы
сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мәнін
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарына Конституциямыздың Адам және азамат деген бөлімінде
кепілдік берілген. Жалпы, азаматтардың Конституциядағы негізгі құқықтары,
бостандықтары және міндеттерін ғалым Ғ.Сапарғалиев бірнеше топтарға
бөледі.[19].
а) өзіндік құқықтар. Бұл әр адамға тумысынан тән, одан ешкім айыра алмайтын
табиғи құқықтар. Мәселен, өмір сүру құқығы немесе басқа да азаматтардың
жеке басының игілігіне қажет құқықтар жатады.
ә) саяси құқықтар - тек Қазақстан азаматтығы бар адамдарға беріледі. Оларға
жататындар: тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға
қатысуға, сайлауға және сайлануға т.б.
б) әлеуметтік-экономикалық құқықтар: еңбек бостандығына құқық, денсаулық
сақтау, тынығу, кәсіпкерлік еркіндігі, әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы,
білім алу т.с.с.
в) азаматтардың негізгі міндеттері. Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңдарын сақтау, заңда белгіленген салықтарды,
алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу т.б.
Сонымен азаматтардың Конституциядағы кепілдік етілген әлеуметтік
құқықтарына тоқталар болсақ, атап айтқанда, еңбек ету бостандығына,
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы, тынығу құқығы, әлеуметтік
қорғануға құқық, тұрғын үй – жайға құқық, денсаулық сақтау, білім алу
құқығы, әлеуметтік қамсыздандырылуға құқық.
Еңбек ету бостандығы - азаматтардың әлеуметтік негізгі құқықтарына
жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға
заңды мүмкіндігі бар екіндігін білдіреді.
ҚР Конституциясының 24-бабында бекітілгендей Әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.
Еңбек ету бостандығы алғаш рет Қазақстан Республикасының
Констиуциясында еңбек ету құқығымен бірге жарияланды. Бұрын көзделген еңбек
ету құқығы бір мезгілде әрі еңбек етуге міндеттілік құқығы болып та
табылады, еңбек етуден жалтарған адам жауаптылыққа тартылады. Сондықтан ол
заң тілімен айтқанда құқық болуы мүмкін емес еді, бола да алған жоқ,
өйткені әрекет әрі мүмкінділік тұрғысынан, әрі міндеттілік тұрғысынан
бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындарда, сондай-ақ кооперативтер мен ұжымдық
шаруашылықтарда жұмысшылармен және қызметкерлермен еңбек шартына отыру
арқылы, әдеттегідей, еңбек ету құқығын іске асыруда шектеушілікке жол
беріледі.
Конституция еңбек саласында еңбек ету құқығына да түбегейлі өзгеріс
енгізді. 24-бапта бекітілген еңбек ету бостандығы құқығы әр адамның өзінің
еңбек ету қабілетін өзі анықтауын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау әр
адамның өзінің еңбек ету бостандығы құқығын әртүрлі нысанда: еңбек шарты
немесе келісім-шарты бойынша жалдау, меншіктің кез келген нысанын
ұйымдастыру, мемлекеттік немесе әскери қызметті өтеу, заңды тұлға құрмай-ақ
немесе шаруашылық серіктестіктің мүшесі, немесе өндірістік кооператив
немесе шаруа шаруашылығының мүшесі ретінде, сондай-ақ азаматтық-құқықтық
шарт шеңберінде кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану нысанын мейлінше еріктілік
жағдайында таңдаудан тұрады. Еңбек шартын болсын, азаматтық-құқықтық шартты
жасасқанда болсын белгілі бір шарттармен келісімге келуде азамат өз
таңдауын өзін қанағаттандыратындай дәрежеде еркін білдіреді, шарттың
жағдайын өзгертуді немесе толықтыруы мүмкін. Шаруашылық серіктестікке
құрылтайшылыққа кіру кезінде азамат құрылтай шартын жасасуға қатысады және
онда өз ұсыныстарын еркін айтады.
Сонымен, еңбек ету бостандығы құқығы біріншіден, кәсіпкерлікпен
айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, әрбір еңбек етуге қабілетті адамның
өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынға, мекемелер мен ұйымдарға
жұмысқа орналасуға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден, бұл
құқық адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.
Конституция, заңдар адамның жұмысқа өзінің орналасуына құқық береді.
Жұмысқа орналасу үшін еңбек шарты жасалады. Еңбек шартының мынадай
белгілері бар:
- Ол еңбек белгілі бір ұжымның құрамына кіреді немесе нақты бір адамға
жұмыс істеу үшін жалданады;
- Ол еңбек тәртібіне, еңбек режиміне бағынады;
- Ол еңбекақыны шартта көзделгендей сан мен сапа бойынша алады; және
еңбекақы заңмен белгіленген мөлшер деңгейінен төмен болмауы тиіс;
- Ұжым әкімшілігі, жеке жалдаушы жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.
Жалдаушы адам еңбек шартына қатысушылардың бірі болып табылады. Ол
еңбек шартына өз атынан қол қояды, өзіне қабылдаған еңбек ету (қызмет ету)
міндетін өзінің жеке еңбегімен орындайды. Жұмысқа жалдану үшін, адам жұмыс
істеуге қабілетті болуы керек, яғни жұмысты қабілетіне қарай өзі саналы
түрде таңдауы және жүктелген міндетке жауап беруі тиіс.
Демек, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары еңбек ету
бостандығын жариялай отырып, еңбек шартының еркіндігіне де кепілдік береді.
Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда,
нарықтық қатынас жағдайында, жеке кәсіпорын пайда болған кезде мемлекет
онда жұмыс істегісі келетіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді.
Жеке кәсіпорын (кәсіпкерлер) жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару
мәселелерін заң негізінде өз қалауларымен шешеді. Мемлекет, бұрынғы Кеңес
өкіметі кезіндегідей, олардың саны қысқарып жатқандықтан оларды өз
кәсіпорындары мен мекемлелерінде орналастыруға мүмкіндіктері жоқ. Соның
нәтижесінде жұмыссыздық пайда болады. Мемлекет оларға немқұрайлы қарай
алмайды. Сондықтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын
арнаулы органдар құрылды. Жұмысынан айырылған немесе жұмысты алғаш
іздеушілер, сондай-ақ ұзақ үзілестен кейін жұмысқа орналасқысы келетіндер
жұмыссыз деп танылып, тіркеле алады. Тіркелгеннен кейін сегіз күннен соң
адам жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мезгілі заңда
қарастырылған. Жұмысқа орналастыру органдары жұмыссыздар үшін жұмыс
іздестіруі тиіс.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлеуметтік мемлекетті
орнықтырудың еңбек саласындағы басты бағыттарының бірі болып табылады.
Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына еңбекті қорғау жөніндегі тұтас
шаралар кешені кіреді. Еңбекті қорғауда қайғылы жағдайлардан және
өндірісте жарақат алудан алдын-ала сақтандыруға, қауіпті және залалды
өндірістік факторларды мейлінше азайтуға бағытталған басты принциптер
меншік нысандарына қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың
бәріне бірдей белгіленген және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде
көзделген. Осы Кодекстің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 5-ші
бөліміне сәйкес еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен
жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық
ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу – алдын-алу шараларын
білдіреді.
Конституцияның 1 бабы 1 тармағына сәйкес: Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамың өмірі, құқықтары мен
бостандықтары- деп бекітілген. Осында оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік бағдарламалар түсінігі
Бейбітшілік пен келісім елі
Пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарының сақталуы
Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
Қазақстанды әлеуметтік құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудағы конснститутциялық негіздеулер
Ресейдегі бизнес Паблик рилейшнз мәнін жетік түсінбей, оның рынокты табысты игерудегі маңызын ескере алмай отыр дейді мамандар
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
ҒЫЛЫМ МЕН ДІН
Салт-дәстүрлерді орнықтырудағы мұғалімдердің қызметі
Пәндер