Өсiмдiк шаруашылығы туралы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану факультеті

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Түркістан - 2009

«Биология»

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ.

ІІ. Астық тұқымдастары.

1. Бидай

2. Қарабидай

3. Күріш

4. Екпе күріш

5. Жүгері

6. Тары

7. Сұлы

8. Құмай

ІІІ. Көкөністік өсімдіктер.

1. Орамжапырақ (капуста)

2. Қызанақ (помидор)

3. Баклажан

ІV. Майлы өсімдіктер.

1. Күнбағыс

2. Үпілмәлік

3. Қыша

4. Шырғанақ

5. Рапс

6. Мақсыр

7. Өгейшөп

V. Талшықты өсімдіктер.

1. Мақта

2. Зығыр

3. Соя

4. Бұйдакендір

VІ. Алкалоидты өсімдіктер.

1. Темекі

2. Есірткі

3. Кофе

VІІ. Қантты өсімдіктер.

1. Қант қызылшасы

2. Қант қамысы

3. Асханалық қызылша

VІІІ. Ақуызға немесе белокқа бай өсімдіктер.

1. Ас бұршақ

2. Жасымық

3. Ноқат

4. Майбұршақ

ІХ. Крахмалға бай өсімдіктер.

1. Картоп

2. Қарақұмық (гречиха)

І. КІРІСПЕ.

Ботаника өсімдiктер туралы ғылым. Ботаникалық бiлiм адамның практикалық тiршiлiгiне байланысты пайда болып тез дамып қалыптасқан. Өсiмдiктер байлығын пайдаланудың алғаш кезеңiнде адамдар олардың жемiстерiн, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшiн өсiмдiктердi танып, олардың жеуге келетiндерiнен, жеуге келмейтiндерiн, дәрілік өсiмдiктердi улы өсiмдiктерден ажырата бiлген. Сонымен бiрге пайдалы өсiмдiктердiң өсетiн жерлерiн анықтап, оларды жинаудың мерзiмiн белгiлеп және сақтау меңгеру қажет болған.

Ботаника ғылым ретiнде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашкы салған көрнектi, ертедегi грек философы Аристотелъ(бiздiң эрамызға дейiн 384-322 жж. ) мен оның оқушысы және жақын досы Теофраст болған (бiздiң эрамызға дейiн 371-286 жж. ) . Олар өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi мен қасиеттерi, егудiң тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөнiндегi мәліметтерді жинақтап кiтап етiп жарыққа шығарды. Теофрастқа пайдалы өсiмдiктердiң б00-дей түрі белгiлi болған, олардың қатарына европаның өсiмдiктерiнен басқа шығыс елдерiнен алып келген өсiмдiктерде кiрген.

Қазiргi уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы мiндеттерiне жекелеген өсiмдiктердi және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсiмдiктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Осы өсiмдiктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсiмдiктер жабынын түзедi.

Өсiмдiк шаруашылығының бүгiнгi бейнесi.

Мәдени өсiмдiктердi адамзат азық-түлiк пен мал азығындық киiм кешек пен тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмек және ауыл-селолар мен қалаларды безендендiру, қоршаған ортаны қорғап, оны көркейту үшiн өсiредi. Дәрі және басқада барлық мәдени өсiмдiктерге тән қасиет олардың жылу сүйгiштiгi мен аяусыз мезгiлде өсiп, өнiм беруi. Бүгiнгi таңда жер бетiндегi барлық егiстiк мөлшерi 1 млрд гектарға жеттi. Мұнда 1500 мәдени өсiмдiктер түрлерi өсiрiледi. Ең көп өсiрiлетiн өсiмдiктер қатарына бидай, күрiш, жүгерi, арпа, тары, сұлы, қара бидай секiлдi дәнді дақылдар жатады. Олар егiстiктiң 70%-iн, қамтиды, яғни 700 млн гектарға жуық жерге өсiрiледi. Әр гектардан алынатын дәнді дақылдардың орташа өнiмдiлiгi 19, 5 центнерге жеттi. Ал, жалпы жиналатын өнiм мөлшерi 1477, 3 млн тоннаны кұрайды.

Дәнді дақылдардан соң көп өсiрiлетiн өсiмдiктер картоп, қант қызылшасы мен борыққамыс. Майлы өсiмдiктердiң iшiндегi ең көп өсiрiлетiндерге қытайбұршақ пен зығыр жатса, талшықты өсiмдiктерден мақта, зығыр, кенеп өсiрiледi. Жер бетiндегi адам санының көбеюi тек жаңа жерлердi игерумен шектелiп қоймай, ауыл шаруашылығы дақыларының жаңа, түсiмi мол, сапасы жоғары, ортаның әртүрлi қолайсыз жағдайларына аса төзiмдi сорттарын шығаруды талап еттi. Бұл кезең жасыл революция кезеңi деп аталды.

Бүгiнгi өсiмдiктану ғылымының жетiстiктерi, кезеңiнде осы салаға көп еңбек сiңiрген К. А. Тимирязевтiң, Н. И. Вавиловтың есiмдерiмен тiкелей байланысты. Егер, К. А. Тимирязев биология мен жер өңдеу ғылымының классигi болса, ал Н. И. Вавилов болса мәдени өсiмдiктердiң биологиялық ерекшелiктерiн, таралу заңдылығын, пайда болып қалыптасуын зерттейдi.

Мәдени көкөністер.

Әрбiр адам өзiнiң денсаулығымен дене, тән және жан сұлулығын сақтап, жоғары дәрежеде ұстауы үшiн көкөнiске ерекше көңiл аударуы қажет. Әсiресе, жас жеткiншек, жаңа дүниеге келген нәрестелердiң күнделiктi азығы құрамында мiндеттi түрде көкөнiстер болуы шарт. Себебi оларда дене құрылысына, iшкi ағзаға, ойлау мен жұмыс iстеу қабілетіне жақсы ықпал тигiзетiн витаминдер мен биологиялық белсендi қосылыстар және минералды заттар мол болады. Кысқаша айтқанда олар бойды да, ойды да өсiретiн, тiршiлiкке өте қажет затттарға бай.

Адамзат көкөнiстi шикiлей сол күйiнде пiсiрiп немесе сүрлеп, яғни консервiлеп пайдаланады. Ең көп тараған және адам өмiрi үшiн өте қажет көкөнiстiң түрлерiне шығу және таралу тарихтарына көз жүгiртiп көрейiк. Аса көп тараған көкөнiстер қатарына қырыққабат, пияз, сарымсақ, сәбіз, қызанақ, қызыл қызылша, шомыр тағы басқа толып жатқан өсiмдiктердi жатқызуға болады.

Ботаника және фитоинтродукция институты.

Қазақстандағы табиғи өсiмдiктер дүниесiн зерттейтiн ғылыми мекеме 1946 жылы Алматы қаласында құрылған. Институттың құрамында споралы өсiмдiктер, жоғары сатыдағы өсiмдiктер, өсiмдiктер қоры, өсiмдiктер морфологиясы және гермоплазма, жемiстi өсiмдiктер генофондын сақтау. Республиканың жеке аймақтарының геоботаникалық карталары құрастырылып өсімдік қорлары анықталды. Негiзгi ғылыми бағыттары: жергiлiктi және сырттан әкелiнген өсiмдiктердi өсiру, жерсiндiру, олардың биологиясын, экологиясын мен физиологиясын, өсiп-өнуiн, селекциясын зертеу; ботаникалық iлiмдi дамыту, оның жетiстiктерiн жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупi төнген өсiмдiктердi қолдан өсiрiп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшелiктерiн зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың жолдарын қарастыру.

ІІ. Астық тұқымдастары.

Бүкіл ғаламшарға кең таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер.

Астық тұқымдастардың 500 дей туысы, 10 000 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 418 түрі өседі. Ол үш тұқымдас тармағына жіктеледі. Олар: бетеге тәрізділер, тары тәрізділер, бамбук тәрізділер. Астық тұқымдастар жер шарының барлық аймақтарында шалғындықтарда, далалық жерлерде өседі. Барлық астық тұқымдастар - шөптесін көп жылдық өсімдіктер. Осы тұқымдастың басқа өсімдіктерге қарағанда өздеріне тән бірқатар белгілері бар. Біріншіден, астық тұқымдастардың тамыр жүйесі шашакты болып келеді. Екіншіден, сабағы ұзын қырлы, іші қуыс немесе өзекке толы түтікше сабағы буын және буынаралығынан тұрады. Буындары ұлпаға толы болады. Мұндай сабақты сабансабақ деп атайды.

Үшіншіден, жапырактары жапырақ қынабы және жапырақ алақаны болып екі бөлімнен құралады. Қынап - жапырақтың түтікше тәрізді кеңейген түп жағы. Ол сабақты орай орналасқандықтан, өсіп келе жатқан жас сабақты қолайсыз әсерлерден қорғайды.

Астық тұқымдастардың гүлшоғыры екі түрлі: масақ (Бидай, қарабидай және арпа) және шашақ басты (сұлы, тары, күріш, сорго) болады. Астық тұқымдастардың масағы масақты сабақтан құралады. Онда масақшалар орналасады. Әрбір масақша екі масақша қабыршағынан түзіледі. Бұлардың мөлшері мен пішіні әр түрлі болады. Осындай масақшалардан күрделі гүл шоғырлары: жай масақ, күрделі масақ, сыпыртқы бас болып түрленеді. Ал гүлдер бір гүлден бірнеше гүлден саналады. Көптеген астық тұқымдастардың әрбір гүлінде екі гүл қабыршағы, 2 гүл үлпегі, 3 аталығы және түк баскан қондырмалы екі ауызды бір аналығы болады. Жемістері бір тұқымды - дәнек, жеміс қабы (қауызы) тұқымға жабысып, тұтасып біткен. Эндосперм ұрықты қоршамай, тұқым жарнаққа жанасып тұрады. Астық тұқымдастардан бидай, қарабидай, жүгері, арпа, күріш, сұлы секілді дәнді дақылдар бағалы болып есептеледі. Олар біржылдық азықтық өсімдіктер.

Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж 2 А 3 Ж (3) (Гж - гүлжарғақ) . Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ.

Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарғақ, арпабастардың малазықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыстан қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар ( бамбук, алып сүрекқамыс ) құрылыс материалы ретінде жұмсалады. Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер (1-сурет) .

:
:
:

1-сурет. Астық тұқымдастар: 1 - егістік қылтанақсыз күріш; 2 - егістік қылтанақты күріш; 3 - кәдімгі тары; 4 - африкалық тары; 5 - қытайлық тары; 6 - чумиза; 7 - могар; 8 - тарақ бидайық; 9 - шалғындық атқонақ; 10 - масақ жапырақты бамбук; 11 - қант қамыс

1. Бидай - ерте заманнан келе жатқан мәдени өсімдіктердің бірі. Археологиялық құжаттарға қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 5-6 мың жылдарда Ашхабад Ереван, Еуропаның оңтүстік бөлігінен қазбадан бидай дәні табылған. Бидай 10 мың жылдан астам уақыттан бері өсіріліп келеді.

Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық, оның құрамында адам ағзасы үшін қажетті ақуыздар мен көмірсулар, 70-80 % В дәрумені, РР және Е дәрумендері, минералды тұздар және басқа қажетті заттар болады. 100 г бидай нанында 9 г ақуыз 60, 5 г майы 1 г қанты 46 г крахмал бар. Бидай дәнінен әр түрлі ұн, жарма, кеспе, крахмал, спирт, т. б. дайындайды. Сабағы мал төсенішіне пайдаланылады.

Бидай сабағы - сабансабақ . Сабағы тік қуыс цилиндр пішінді болып келеді, беті теріс қалыпты өскен сабақ буындар мен буын аралықтардан тұрады. Бидай сабағының әдетте жер бетінде 5 - 6 буыны болады: буынаралығы сабақтың төменгі жағында төмен болады. Бидайдың өзіне тән ерекшелігі - онда бірнеше өсу нүктелерінің болуы. Олар әрбір буын аралығының түбіндегі буын үстінде орналасады. Жоғары буын аралығы төменгі буын аралығынан ұзын келеді. Жапырағы - жапырақ алақанынан және сағақты қамтитын қынаптан тұрады. Нағыз жапырақтар сабақта екі қатар болып орналасады.

Гүлшоғыры - күрделі масақ, әр масағында 4-5 тен гүлдері болады. Бидай гүлінің құрылысы астық тұқымдастар гүлі типтес, оның екі гүл қабыршағы, екі гүл үлпегі, 3 аталығы екі ауызды аналығы болады. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Гүл ашылмаса да өздігінен тозаңданады. Жемісі - дәнек. Жер шарында бидайдың 22 түрі ( мәдени және жабайы), мыңнан аса іріктемелері бар. Мұның ең көп тарағаны - жұмсақ бидай мен қатты бидай.

Қазақстанның барлық жерінде күздік және жаздық бидай өсіріледі. Жаздық бидайды көбінесе Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Қостанай, т, б. Солтүстік облыстар өсіреді.

Жастық бидайдың тұқымы 12-14 градус жылыда қаулап өседі. Оны ерте көктемде себеді. Астық бір жазда пісіп, түсім береді. Жаздық бидай түптену және сабақтану кезеңінде суды көп тілейді, әрі топырақ талғайды. Қара, қызыл қоңыр, құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі. Күздік бидайды күзде себеді. Ол сепкеннен кейін біраз уақыт өткен соң кешікпей көктеп шығады. Көбінде 2-3 жапырақ пайда болған кезде бидай түптене бастайды, содан соң қар астында қалдырылады. Көктемде қайтадан өсе бастайды да, жанама өркендер шығып, тамырларының саны артады, сөйтіп өсімдіктің сабақтары тез өсіп, жаздың соңында мол түсім береді.

Бидайдың даму кезеңдері. Бидайдан мол түсім алу үшін өсімдік тіршілігінің барлық жақтарына бір мезгілде ықпал ететін агротехникалық шаралардың тұтас жиынтығын қолдану қажет. Жерді терең айдау, ауыспалы егісті мезгілінде дұрыс жасау. Сондай - ақ топырақты жақсы өңдеп, сапалы іріктеме тұқымды себу, тұқымды, себу, тұқымдыдер кезінде себу және тұқым себудің мөлшерін дұрыстап алу, қар тоқтату, егісті көктемде тырмалау, қатар аралықтарын қопсыту, органикалық, тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу, арамшөптерді жою, т. б. шараларды қолдану мол түсім алудың кепілі болып саналады.

Бидай ұнынан нан тағамының жүздеген түрі пісіріледі. Адам нанды Қанша жеседе, одан еш уақытта шықпайды, нан - дастарханның берекесі, тіршілік көзі.

Қазақстанда бидайдың 6 түрі өсіріледі. Олар: еділдік бидай, польшалық бидай, көжелік бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай және көбең бидай. Бұлардың ішінде жұмсақ және қатты бидай - Қазақстанда өсірілетін бидайлардың негізгілері.

2. Қарабидай - сабағы ұзын және берік, сондықтан шаруашылыққа әр түрлі салада және қағаз жасау үшін шикізат есебінде де пайдаланылады. Қарабидайдың масағы күрделі, әрбір масақшасында жақсы жетілген 2 және нашар жетілген 1 гүлі болады. Қарабидай жел арқылы тозаңданады. Астық тұқымдастардың түптену түрлеріне байланысты тамырсабақты, селдір бұталы және тығыз шоқ бұталы болып үш топқа бөлінеді. Тамырсабақтылардың жер астындағы бөлігінің ұзындығы бірнеше метрге жетіп, 4-20 м тереңдікте жатады. Ондай өсімдіктерге бидайық, қияқ, айрауық қоңырбас, түлкі құйрық, селеу, қамыс туысының бірсыпыра түрлері жатады (қамыс құрағы - тропиктік өсімдік) . Қарабасшалғын, тарғақ шоп, шалғындық бетеге, арпабас көп жылдық еркекшөп, т. б. өсімдіктер - түптену буыны топырақ бетіне таяу (5 см тереңдікте) жататын селдір тармақты астық тұқымдастар. Ал тығыз шоқ тармақты астық тұқымдас өсімдіктерге ақшұнақ бетеге, шалғындық селдірек, қойбетеге, боз, көде . т. б. жатады.

Сондай -ақ тропиктік елдерде өсетін қамыс құрғы мен бамбук та астық тұқымдас өсімдіктер. Олардан қант және спирт алынады, химия өндірісінде құрылыс материяларын дайындайды, оның дәрілік маңызы бар.

3. Күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік. Сабағы түптеніп өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 10 - 40 см көп масақты сыпыртқыгул. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсағақта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы алтыау . Дәнегі - жұқа қабықшалы. Гүл формуласы : Гс2А3+3 Ж(3) .

Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90-165 күнге созылады. Тұқымы +10-12градуста өне бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш суда өседі. Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін егістігіне су жіберіп, күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі. Суды дәнеге қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады. Күріш топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, кенеулі заттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды.

4. Екпе күріш - азықтық дақыл. Дәнегінде 9-12 % нәруыз, 65-70% көмірсу және 4-6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш қайнатпасы - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштен алынатын өнімдер де ( ұн, крахмал) мол. Күріштің дәнегінен сабын мен шырақтар дайындау үшін май алынады. Ал сабынсабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі - малға азық. Күріштің жармасы өте, ағзаға сіңімді дәнінен ұн, крахмал, спирт, фитин. В дәрумені алынады. Оның сабағынан қағаз, қатырмақағаз, қалпақ жіп жасалады, себет, бойра тоқиды. Қазба қалдықтардан алынған таңбалар күріш отанының Оңтүстік - Шығыс Азия екенін дәлелдеді .

Күрішті Оңтүстік-батыс Азияның тропиктік елдері алғаш мәдени дақылға айналдырды. Үндістанда, Қытайда, Үндіқытайда 4-5мың жыл бұрын күріш егілгендігі туралы деректер бар . Ғаламшарымызда күріш 140, 8 млн гектар аумаққа егіледі. Дүние жүзілік диқаншылықта әр гектардан 24ц күріш түсімі алынатыны мәлім. Қазақстан бұл межеден асып түсті. Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады. Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды. Қазір де елімізде күріш өсіруге мемлекетіміз ерекше назар аударуда.

5. Жүгері - өте ертеден егіліп келе жатқан дәнді дақылдардың бірі. Археологиялық қазбаладың кейбір мәліметтеріне қарағанда, жүгері собығы Чилиде және Перуде (Оңтүстік Америка) тұрған адамдардың саздан (қыштан жасалған ертедегі құралдарының қалдфықтарымен бірге табылған. Ал саздан жасалған құралдар мыңдаған жылдар бұрын табылғаны белгілі. Жүгеріні Еуропағы бірінші рет Х. Колумб әкелді, ал 1520 жылы ол Испанияға, 1560 жылы Жерорта теңізі жағалауларына Түркия мен Англияда таралды. Біртіндеп жүгері Молдавияда, содан соң Ресейде, бертін келе Қазақстанда өсіріле бастады.

Жүгері бір жылдық астық тұқымдас өсімдік. Сыртқы құрылысы жөнінен барлық астық тұқымдастардан өзгеше болып келеді. Бұл - дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық және аналық гүлшоғыры бір өсімдікте, оның әр түрлі бөліктерінде орналасады. Аталық гүлшоғыры сыпыртқы ггүлге жинақталады, ол масақшалардан құралады. Жүгерінің аталығы сабағының ұшында, ал аналық гүлшоғыры собық жапырақ қолтығында орналасады. Собықтың сыртында жапырақ текті бірнеше қабат орамы болады. Аналық гүлдің әр бір түйінінен жоғары жағында түкті екі айырылған аналық аузы бар шашақ өседі. Гүлдеу кезеңінде бұлар жібек шашаққа ұқсап, собықтың орамынан сыртқа шығады және тозаңды қабылдап алады. Сөйтіп, жүгері - айқас тозаңданады. Оның жемісі - дәнек. Жүгерінің сабағы - тік, жуан, іші бітеу, мықты буыны мен буын аралығы мығым болады. Буынаралығының ішін жұмсақ өзекше толтырады. Сабағының биіктігі іріктемесіне, топырақтың құнарлығына және ауа - райының жағдайына қарай 0, 5 метрден 4 - 5 метрге дейін жетеді.

Тропиктік елдерге сабағы 8 метрлік жүгерілер өседі. Жүгеріде негізгі сабақтан басқа, қосымша сабақ, яғни өгей бұтақтар болады, олар көбінесе дән бермейді.

Жүгерінің тамыр жүйесі жақсы жетілген. Басқа астық тұқымдастар сияқты, мұның да тамыры шашақты, яғни негізгі тамыры болмайды. Бидайдан, арпадан және тарыдан айырмашылығы, жүгерінің тамыры топыраққа 100 - 250 сантиметрге дейін бойлап, жан - жағына 100 - 170 сантиметрге дейін жайылып кетеді . Осының арқасында жүгеріөніп - өсу кезеңінде топырақтың ең терең қабаттарына ылғал мен қоректік заттарды жақсы пайдаланады.

Ал сабақтың төменгі Фжағынан ірі қосалқы тамырлар өсіп шығады. Мұндай тамырлары бар өсіп шығады. Мұндай тамырлары бар өсімдік желге төзімді келеді, бұл жүгеріге өте қажет. Жүгері жылылықты жақсы көреді, оның тұқымы 8 - 10 градус жылылықта көктейді де, 12 - 14 градуста қаулап өседі. Жүгеріні себу алдында топырақтың үстіңгі бетін қопсытып өңдеп, бір - бірінен қашықтатып қатарлап себеді. Жүгерінің өсу кезеңдерінде азотты, фосфорды, тағы басқа тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп отырса, түсімі арта түседі.

Жүгері - малға арналған ең жақсы азықтың бірі. Жүгерінің сабағынан сүрлем дайындайды. В және Е дәрумендері мен техникалық май алынады, сабағынан жасанды жібек, целлюлоза алуға қажетті шикізат дайындайды. Сондай - ақ, одан ленолеум, желім, тығын жасалады. Медицинада жүгерінің жібек шашағының тұнбасын бауыр, бүйрек ауруын емдеуге пайдаланады. Жасыл массасында 16 процентке дейін қант болады. Бұл дақылдан 150 - ге жуық әр түрлі заттар алынады. Сондықтан да егіншілер жүгеріне былай дәріптейді:Жүгерінің Днепр - 56, Қазақстан - 587, Алматы - 236 ірікбемелері бар.

6. Тары -сабағы тік, жапырақтары тілгі тәрізді, ені, 1, 5 - 4 см түкті, гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына жиналған, гүлі қос жынысты, дара жынысты даболатын өсімдік. Тары өздігінен тозаңданады. Жемісі ұсақ, ұзындығы 2-3 мм, түсі іріктемесіне байланысты сары, қызғылт сары, қызыл, сұр, қара, т. б. Тары осыдан 1000 жыл бұрын Қытайда өсірілген. Еуропаға көшпелі халықтар арқылы Азиядан әкелінді.

Тары - сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Ол Қазақстанда, Орал, Жамбыл, Қызылорда және т, б, облыстарда көптеп өсіріледі.

7. Сұлы - негізінен малазықтық өсімдік ретінде пайдаланылады. Сұлының гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, ал тарының гүлшоғыры - масақ тәрізді сыпыртқыгүл. Шығанақ Берсиев әйгілі тары өсірүші болған. Ол тарының әр гектарынан 165-175 центнерге дейін түсім жинады.

8. Құмай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік. Сабағының биіктігі - 100 - 300 см. Сабағы өзегі толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай (сорго) - азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны -Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптап, өсірген. Құмай жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

ІІІ. Көкөністік өсімдіктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
Сақтандыру шарты жайлы
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Ауылшаруашылық өнімдерін сақтандыру
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Нарық талабына сай өсімдік шаруашылығының мамандануы
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz