М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Педагогика» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
М. Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
- 2017ж
ЖОспар
І Кіріспе . . .
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының
қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негізі . . .
1. 1 М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы . . .
1. 2 М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы . . .
1. 3 М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарасының қазіргі кезеңде
қолданылуы . . .
ІІ-Тарау. М. Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы . . .
2. 1 М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы, оның қазақ
педагогикасының негізін қалауға қосқан тың еңбегі . . .
2. 2 М. Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие . . .
2. 3 М. Жұмабаевтың этнопедагогикалық ой-пікірлері және оның
шығармашылығындағы педогогика мәселелері . . .
ІІ Қорытынды . . .
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3
5
5
9
13
17
17
20
24
28
30
Кіріспе
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы - қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Сол кездегі дәстүр бойынша әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әулетті әкесі Бекен Мағжанды Кызылжардағы Бегішов медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрәжелі білім беретін бұл медресе бес жылдай оқып бітірген соң 1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын, жазушылармен достасады, араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғыстырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс һәм Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913-1917 ж. Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны медальмен үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-23 ж. «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-26 ж. Москвада көркем әдебиет институтта оқиды. 1927-29 ж. Бурабай, одан соң Петропавлда муғалімдік, о, ытушылық қызметтер атқарады. Ақындық өнермен Қызылжар медресесінде оқып жүргенде айналыса бастайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі, М. Жұмабаев туралы айтқанда ең алдымен біз оның ақындығына тоқталамыз. Әлі күнге толық зерттелмей, өз бағасын алып, қоғамымыздан ойып орнын ала алмай отырған ақын таланытының бір қыры-педагогика саласындағы еңбектері. «Педагогика» еңбегі 1922 жылы Қызылжар қаласынан басылып шығады. Ол Педагогика және психология деген екі бөлімнен тұрады.
М. Жұмабаев - әдіскер. Мысалы, «Ішкі сезімдердің біреуі-іш пысуяки зерігу» деген бөлімде былай дейді: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім үсті-үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөз айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін блаға тез білдіруде емес, басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім өзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың назарын өзіне қарата алады. Сабақ үстінде баланың ойнауы, тыныш отырмауы, бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола алмауынан», -деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек.
«Сұлулық сезімдері» деген бөлімде педагог адам тек қана сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болуы керек», -дейді. Осы орайда ән-музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екенін айтады.
«Тәрбиешінің міндеті - бала исскуствоның қай түріне ынтасы бар екенін тауып, сол сезімдерін өркендету», -дейді де, оған жетудің жолдарын көрсетеді. Мұғалім егерде сұлулықты сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан-тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді.
Ол өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері деген» бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтардың жақсысын үйреніп, сөйтіп көтеріл» дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты сүй « деп өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» дейді. Бұл сөзді Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.
«Педагогика» кітабының соңғы бөлімі «Баланың жалпы жаратылысына» арналады. Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытынды бөлімі іспетті. Бала тәрбиесінің оңай емес екендігі, оған екінің бірі бара бермейтіні, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтынын жазады. «тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстық тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек», - дейді азамат, ақын, педагог.
Курстық жұмыстың мақсаты - М. Жұмабаевтың қазақ педагогикасының негізін қалаушы тұлға ретінде оның педагогикаға қосқан ұшан теңіз үлесіне тоқталу болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдымызға мынадай міндеттер қоямыз:
- М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығына тоқталу;
- М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызын ашу;
- М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының қазіргі кезеңде қолданылуын мазмұндау;
- Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру;
- М. Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбиесіне тоқталу;
- Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
- М. Жұмабаев шығармашылығындағы педогогика мәселелерін қарастыру болмақ.
Зерттеу тақырыбының обьектісі - Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.
І-Тарау. М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негізі
1. 1 М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев
(1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы) .
Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.
Әкесі Бекен - көзі ашық, өжет, қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап, өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды. Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген. Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз, Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді. Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды. Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды. Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді. Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді.
Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл-кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады.
Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереді. Бұл кез оның қазақтың ардақты азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді.
Мағжанның өмірі мен шығармашылығын төмендегі сызба арқылы қысқаша суреттеуге болады.
Мағжан
Жұмабаев
D
1928 ж Брюсов атындағы Мәскеу көркем әдебиет институты
Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері
1893 ж. СҚ обл. Ақмола губерниясында туған
Араб, орыс, парсы, түркі тілдері
Уфа. Медресе Ғалия
Ауыл молдасы
1913-1916 Омбы мұғалімдер семинариясы
1938 жылы атылды
1922 Батыр Баян дастаны
Сызба 1. М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қысқаша маңызды сәттері
Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген - ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.
Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.
1912 ж. Қазан шаһарында Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлеңдер жиңағы жарық көрді.
Сызба 2. Мағжан шығармашылығының тақырыбы
Жұмабаев ел жайына, әлеуметтік мәселелерге ой жіберді («Шын сорлы») халқын өнер білімге шақырды (« Ләззат қайда», «Жазғы таң», «Сорлы қазақ», «Өнер!білім қайтсе табылар», «Балалық шақ») . Бірқатар өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнады («Жас келін», «Зарлы сұлу», «Сүйгеніме», «Алданған сұлу») .
Ағартушылық реализмі өрістей келіп сыншыл реализмге ауысты, бүкіл халықты тап, топқа жіктемей баршасын түгел әлемдік мәдени жетістіктерге қол артуға үндеу табиғи түрде бұл тілекке кім қарсы, қоғам дамуына қандай күш кедергі деген сауалға ұласты, басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді. Ақын халқымен бірге күйзелді, назаланды, ашу!ызаға булықты, сөйтіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы туды (« Жарыма», «Есімде . . . тек таң атсын», «Жаралы жан», «Мен жастарға сенемін») . Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын әсәресе оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ол символизм болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген қағидаға кәміл сенді («От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Жарлы жан», «Айға») . Мағжан символизміндегі ерекшелік - тарихи нақтылығында, ал мұның өзі реалистік нышандардың бірі екендігі мәлім.
Жұмабаев поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түрік тақырыбы. Мұнда реалистік һәм романтикалың сарындар астасып, бірге өріліп отырады. Түрік тақырыбы, сайып келгенде, ұлт-азаттық тақырыбы айдынына құяды, отаршылдыққа қарсы жанқиярлық күреске қайрап шындайды («Орал тауы», «Қазақ тілі», «Тез барам», «Түркістан», «Тұранның бір сауында», «Орал») .
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын терендетті, жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетті, адамның небір тылсым сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның әсіресе махаббат лирикасына тән («Сүй, жан, сәулем») . Мағжан әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты жырлаушылардың біріне жатады. («Айда атыңды, Сәпсемба», «Шойын жол») . Ол техникалық прогреске қарсы болған жоқ, ол оның ұлттық мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Ол табиғатты аялауға шақырды. Жұмабаев ақын қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Ол қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрады. Көп жылдар бойы Жұмабаевқа буржуазияшыл ұлтшыл деген айып тағылды. Оны қазақ даласындағы қас жауы етіп көтеруге тырысты. Шын мәнінде, ақын «кенестік ағысты» жатсынған жоқ. Оған «Қызыл жалау» өлеңі, «Тоқсанның тобы» атты өлеңдер куә.
Сызба 3. М. Жұмабаевтың шығармалары
Кеңес жылдары Жұмабаев екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқы 1922 ж. Қазанда, екіншісі - Ташкенте басылып шықты. Ақынның және бір пейіл қойып, ықыластана, беріле істеген қызметі - педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922-1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялады.
М. Жұмабаев аударма саласына үлкен мән берді. И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. В. Кольцов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, И. И. Дмитриев, А. А. Блок өлеңдерін, А. М. Горький, В. В. Иванов, Д. Н. Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Мағжанның қызметі
“Алаш” партиясын құруға қатысты
“Бостандық туы” редактор,
“Ақжол”газетінде қызмет атқарды
“Шолпан”, “Сана” журналдарында қызмет атқарды
Сызба 4. Мағжанның атқарған қызметтері
Мағжан "Шолпан", "Сана" журналдары, "Ақ жол" газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады.
Мағжан - қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де, шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.
Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап ақын қуғын-сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жаламен он жылға сотталады. Одан М. Горький мен оның әйелі Е. Пешкованың араласуымен 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін "Халық жауы" деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.
1. 2 М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы
Бүгінгі білім беру парадигмасы тұрғысынан қарастырсақ, М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының маңызы, өзектілігі соңда: оны біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялаумен тығыз байланыста қарастыруға болады. Сондықтан да М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларын мазмұндық негіз ете отырып және бірқатар ғалымдардың қазіргі біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау шарттарына (Б. Әлмұханбетов, К. Қожахметова, М. Көпжасарова, А. Жайтапова, Ж. Қараев, Ж. Кобдикова, К. Құдайбергенова, т. б. ) сүйене отырып және тындаушылардың біліктілігін арттыруға қолайлы дамытушы орта жасау мақсатында біліктілікті арттыру курсының құрылымына өзгеріс енгізу уақыт қажеттілігі деп түсінеміз. Қазіргі таңда білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерге сай өз біліктілігін жетілдіру, әсіресе, ұлттық педагогикалық ой-пікір аясында білім көтеру мүмкіңдігіне зәру болып отырған уақытта бұл - заман талабынан туындаған қажеттілік. Ендеше курстық жұмыс барысында мынадай міндеттерді шешуге баса назар аудару қажет.
- М. Жұмабаевтың педагогика саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі туралы түсінік беру;
- М. Жұмабаевтың педагогикалық ой-пікірлері қазақ тілі мен әдебиетін оқыту құралы ретінде қолдану-
- М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларын пәнді оқыту құралы ретінде пайдаланудың маңызын түсіндіру;
- М. Жұмабаевтың педагогикалық идеяларының пәнді оқытуда пайдалану жолдарын жасап, тәжірибеге енгізу.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыра отырып, нәтижесінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын М. Жұмабаевтың педагогикалық ой-пікірлеріне сәйкес жоспарлап, сабақ барысында мақсатты пайдалану біліктілігін көтеруге қол жеткізуге болады.
Біздің отандық педагог, әлеумет және саясаттану ғалымдарымыздың тарапынан білім берудің ұлттық моделін жасау қажеттігі туралы мәселе көптен бері айтылып келеді. Ал XX ғасыр басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М. Жұмабаевтың еңбектері екені бәрімізге белгілі. Яғни ұлттық білім беру моделін жасау ұлттық ғылымның негізін қалаушылардың еңбегінен тыс бола алмайды.
Міне, соның негізінде М. Жұмабаевтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің маңызы мен құндылығын тәжірибемен ұштастыру, олардың педагогикалык идеяларын сабақта пайдалану жолдарын жасау және оны педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру жұмысымен тығыз байланыста қарастыру мәселесі туындап отыр. Курс барысында М. Жұмабаевтың идеяларына негіздей отырып, пәнді оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жаңашыл идеяларды оқытуда пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін белсендіру ісіне де баса назар аударылды. 36 сағатқа жоспарланған курс барысында М. Жұмабаевтың педагогика және психология саласындағы еңбектерінің бүгінгі білім беру мақсаттарымен үндестігі мен олардың педагогикалық идеяларын оқыту әрекетіңде пайдалану жолдарына ерекше назар аударылды.
Бүгінгі тандағы білім беру парадигмасындағы өзгерістер оқыту үрдісінің басты субъектілерінің бірі - оқытушының тұлғалық қасиеттері мен кәсіби дайындығына баса назар аудару. Бұл орайда оқыту ісіндегі мұғалімнің кәсіби дайындығы туралы ағартушы ғалымдардың ой-пікірлері ден қоярлық. Қазақ халқының тәрбие ісі ғылыми тұрғыдан дами бастаған XX ғасырдың басыңда педагогиканы тұңғыш зерттеушілердің бірі М. Жұмабаев "Педагогика" еңбегіңде оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі - мұғалімге кеңінен тоқталған. Бұл пікірлердің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Мұны " . . . тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, хүкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді.
. . . баланы, заттарды, көріністерді тап-тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырга көшуді естен шығармауға керек.
. . . Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде " деген пікірлері осы ойды дәлелдей түседі.
Мұғалімнің кәсіби даярлығы мен біліктілік дәрежесінің оқушыны тұлғалық тұрғыдан қалыптастырудағы рөлі маңызды. Кәсіби қызметі тұлғаға бағдарланған мұғалімнің жұмысы төменгідей бағытта жүрүі керек:
- сабақта игерілуге тиісті материалдарды бергенде әр оқушының жеке субъективті тәжірибесіне сүйенеді, ол тәжірибені, білімді багалау, бекіту кезінде есепке алады;
- сабақтағы жұмыс түрін таңдауға оқушыга ерік береді, сол күнгі сабақ үстіндегі жағдайды ескеріп жедел қайта құра біледі;
- дидактикалық, үлестірмелі материалдарды оқушылардың жеке ерекшелігіне сай сұрыптап береді;
- сабаққа барлық оқушыларды қатыстыра отырып, диалог, әңгімелесу негізінде құрады.
Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетіне, әдіс-тәсіліне баға берген кезде оның сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару керек. Мұндай мұғалім тек түсіндіруші ғана емес, түсінуші (Неге олай оилайсың? Сен бұны қалай шығардың?), үйлестіруші, окушы пікірі мен дәлелдеріне құрметпен қарайтын адам болуы тиіс. Мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерінің бәрін есепке ала білуі керек, оған оқушының қалай жауап беретіндігін калайтындығы (орнында тұрып па, тақтаның алдыңда ма?), ауызша түсіңдіргенді қалай ма немесе бейнелеп бергісі келе ме, әлде суретін сала ма, т. б. бәрі кіреді.
Бұл тұрғыда М. Жұмабаевтың мына пікірі еріксіз еске түседі: "Тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сеніспеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Сонда ол ешбір ойын жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту сықылды ұнамсыз қулықтарға орын да болмайды". Кез келген мұғалімде мұндай біліктілік кәсіби шеберліктің жылдар бойы шыңдалуымен бірге қалыптасады.
Сонымен қатар курс барысында М. Жұмабаевтың педагогика және психология саласындағы еңбектеріңдегі сабақ ұғымын ашуға көңіл бөлінді. Себебі қазіргі таңдағы білім беру саласындағы мазмұндық-технологиялық өзгерістер қоғамдағы әлеуметтік мәні бар көптеген құнды нәрселерді қайта бағалауға себеп болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz