Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі



І КІРІСПЕ..

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.ТАРАУ. ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1 Дидактика туралы түсінік және Қазақстанда дидактика мен жеке
пән әдістемесінің негізін салушылар.
1.2 Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны ... ... ..
1.3 Қазіргі заманғы дидактиканы оқытудың принциптерi мен ережелері.

ІІ.ТАРАУ. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ДИДАКТИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ... ..
2.1 Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
2.2 Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы.
ІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... .

ІІІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр. Didaktikos - тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы [1, 52 б].
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық дидактикада ойдың терең қазынасы болып табылады.
XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған [2, 25 б, 3,92 б, 4,128 б].
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 482 б.
2. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б.
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
4. http://magistr.kz/referat/show/6675/54/1
5. Дидактикалық ойындар А.В.Фаркоф Айрис-Пресс 2007. – 288 б.
6. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
7. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы: Оқу құралы: Алматы: “Нұр-пресс”, 2007. – 413 бет.
8. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет.
9. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.
10. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12.
11. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері./23-лекция/ - Алматы.1991.
12. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы,-2000.
13. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4, -1999.
14. Основы дидактики. Под ред. Б.Т.Есипова. – М.,-1967.
15. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововедений в системе образования: научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы: Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.
16. Бабаев С., Оңалбек Ж. Жалпы педагогика. Оқулық. Алматы, Заң әдебиеті, 2005.
17. «Қазақстан мектебі» журналы. №6, 2005 жыл.
18. Ы.Алтынсарин тағылымы Арқалық 2008 ж(5-6бет)
19. Ы.Алтынсарин тағылымы Алматы «Жазушы » 1969 ж(46-47 бет)
20. Ы.Алтынсарин Таза бұлақ Алматы 1976ж (134-136бет))
21. Ә.Ламашев Ы.Алтынсарин оның орыс достар және ізбасарлары Алматы «Жазушы» 1988 ж (46-48 бет)
22. «Ы.Алтынсарин Таза бұлақ Алматы «Жазушы» 1988ж(17-18)
23. Г.Б.Бижанова «Ыбырай танымы: кеше және бүгін» Арқалық 2010ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Педагогика пәнінен

Курстық жұмыс
Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі

- 2017ж

ЖОспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Негізгі бөлім
І-Тарау. Дидактика туралы жалпы түсінік және оның теориялық-
әдістемелік негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Дидактика туралы түсінік және Қазақстанда дидактика мен жеке
пән әдістемесінің негізін салушылар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны ... ... ..
1.3 Қазіргі заманғы дидактиканы оқытудың принциптерi мен
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ-Тарау. Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі ... ..
2.1 Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.2 Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.3 Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың
тәрбиелік идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
8
19
25
25
27
35
43
45

Кіріспе

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр. Didaktikos - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы [1, 52 б].
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзия деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық дидактикада ойдың терең қазынасы болып табылады.
XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні - оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған [2, 25 б, 3,92 б, 4,128 б].
Курстық жұмыстың өзектілігі: Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым - Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы, Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық, т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. Ұлы ұстаз өз еңбектерінде мұғалім өз шәкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарын құрметтеу, тәрбиелі болуы туралы құнды пікірлер айтқан. Ыбырай Алтынсариннің ағартушы-педагог ретіндегі негізгі ұстанымы - ізгілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушының өзара түсінікті қатынаста болуы принциптері. ХХІ ғасырдағы дидактиканың стратегиялық дамуында Ыбырай Алтынсариннің идеялары құнды орын алады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесін зерделеу, бағасын беру болып табылады.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- дидактика және жеке әдістемелерге тоқталу. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушыларға шолу жасау;
- оқыту процесінің қозғаушы күштері, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін сипаттау;
- қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұнын қарастыру;
- Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясына тоқталу болмақ.
Зерттеу объектісі: Ы.Алтынсариннің дидактикалық еңбектері.
Зерттеу пәні: дидактика
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде
Жұмыстың теориялық мәні. Дидактиканың оқыту үрдісіндегі маңыздылығымен танысу, білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясын меңгеру, педагогиканы үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы, Ы.Алтынсарин еңбектеріндегі дидактикалық әдістемені қазіргі дидактикалық жүйемен ұштастыра пайдалану болмақ.
Курс жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

І-ТАРУ. Дидактика туралы жалпы түсінік және оның теориялық-әдістемелік негізі

1.1 Дидактика туралы түсінік және Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру.
Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 - 1670). Оның 1632 жылы шыққан Ұлы Дидактика кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. Көп емес, өмірге керекті білімдерді беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау; оқушыларды сыныпқа бөлу; әр сыныпқа бөлме беру; күніне 4 сабақ өткізу; әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; қоңыраудың соғылуы; тәртіп; бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек; сабақты күзде бастау. Мұғалім оқушыларға жаңабілімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Я.А.Коменский Мұғалім - сабақты жаратушы, оның жүрегі, - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.Я.А.Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) Гертруда өз балаларын қалай оқытады? (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негіздерін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді-деген. Осы тұжырымдарға сай
И.Г.Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді.Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.
Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) Эмиль немесе тәрбие туралы (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырады. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларынң педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілтін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты. Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді. Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруа шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С.Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды. Оның негізгі идеялары:
Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.
Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарға алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді. Олар есті, қисынды, қиялды, ойдың алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
Өз еркімен таңдау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
Озу идеясы. Сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.
Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін айтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
Сыныптағы ақыл - ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кеңінен қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дйындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстарын жүргізген.1879 жылы оқу құралы Қырғыз хрестоматиясы шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) қазақша оқу әдістемесінің негізін салушы. Оқу ана тілінде жүргізілсін-деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет Әліппе жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл Әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екендігін Қай әдіс жақсы? деген мақаласында айқын баяндайды.
Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ереше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы Қазақша оқыту жайынан деген мақаласында бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек,-дейді. Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931жж.). Тәрбиеге жетекші (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің ишараттарын көрсететін педагогика бөлімі дидактика деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген. Жүсіпбек Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдеп-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекшеге көңіл бөлді. Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.). Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
oo мұғалімнің қатты сөйлеуі;
oo суреттердің бояуының ашықтығы;
oo әсердің күштілігі;
oo затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін Мағжан Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу; аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру; білімдік процеске жаңа технологияларды енгізу; мектептегі компьютерлендіруді аяқтау; мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу; ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу; білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.

1.2 Қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұны

Дидактика - оқу (обучение), бiлiмдену (образование) теориясын нақтылаушы ғылым. Қазіргі заман оқу-бiлiмiнің мақсаты - әлеуметтiк құнды iс-әрекетке араласу үшiн тұлға мен қоғамға қажет адами сапа- қасиеттердi дамыту. Дидактиканың өзектi мәселелерi - кiмдi, неге, қалай, ненi, қашан, не үшiн оқыту керек. Оқыту (преподование) - оқу мақсатын (бiлiмдендiру мiн- деттерiн) iске асыру бойынша педагогтың (оқытушының) реттестiрiлген қызметi, ақпарат жеткiзу (информирование) тәрбиелеу, игерiлген бiлiмдi түсiнiп, қолдана бiлуге үйрету iс- терiн қамтамасыз ету. Сауат ашу, сауат көтеру (учение) - таным, жаттығу және жинақталған тәжiрибе негiзiнде оқушыда әрекет-қылық пен iс- әрекеттің жаңа формалары пайда болып, бұрын игерiлгендердi өзгерiске келтiретiн қосымша үдеріс. Оқу - көздеген мақсатты iске асыруға бағытталған мұғалiм мен оқушы арасындағы жүйелi iс-әрекеттiк байланыс, олардың бiрлiктi екi тарапты оқыту - оқып үйрену қызметi. Оқу - бұл оқушының мұғалім тарапынан арнайы ұйымдастырылған танымдық iс-әрекетi, осы әрекет негiзiнде ғылыми бiлiмдер, қажеттi қызмет тәсiлдерi, қоршаған дүниеге болған көңіл-күй, құндылықты және шығармашыл қатынастар қалыптасады. Оқу барысында бала дамиды.
Нақты жүйе ретiнде оқу келесi элементтердi қамтиды:
1) мақсат;
2) мазмұн;
3) әдістер;
4) ұйымдасу формалары;
5) нәтиже.
Бiлiмдену (образование) - оқу үдерiсiнде игерiлетiн бiлiм- дер, ептiлiктер, ойлау тәсiлдерiнің жүйесi. Бiлiм (знание) - пәннің теориялық тұрғыдан игерiлгенiн танытушы идеялар жиынтығы. Қоршаған дүниенің, жалпы болмыстың бала санасында түсiнiктер (понятия), сұлба, нақты бейнелер күйiнде өрнектелуi (отражение). Ептiлiк (умение) - игерiлген бiлiмдi тұрмыстық тәжiрибеде қолдана бiлу тәсiлдерi мен әрекеттерiнің көрсеткiшi. Дағды (навык) - орындалуы аса жоғары дәрежеде жетiле бекiген ептiлiк. Мақсат (цель) - оқуға, бiлiм игеруге байланысты: 1) жүйелi оқудың күнi iлгерi санада пайымдалған нәтижесi; 2) оқу соңында күтiлетiн болашақ. Мазмұн (содержание) - оқуға, бiлiм меңгеруге байланысты: оқу барысында шәкiрт тарапынан игерiлетiн ғылыми бiлiмдер, ептiлiктер мен дағдылар, ойлау және iс-әрекет тәсiлдерiнің тиянақты жүйесi. Ұйымдастыру (организация) - дидактикалық үдерiстер: белгiлi өлшем-шектерге орай ретке келтiру, оқуда көзделген мақсатты тиiмдi iске асыруға қажет формаға келтiру. Форма - оқу үдерiсiнің болмыс тәсiлi (способ существова- ния), оқудың iштей мәнi, логикасы мен мазмұнының сырттай көрiнiсi. Оқу формасы ең алдымен сыныптағы бала санымен, оқу уақыты, орыны және iске асу ретiмен байланысты. Әдiс (метод) - оқу мақсаты мен мiндеттерiнің орындалу (iске асу) жолы. Құрал-жабдық, шаралар (средство) - оқу үдерiсiнiң заттай қолдауы. Құрал-жабдықтар тобына кiретiндер: педагог дауысы, шеберлiгi, оқулықтар, сынып құралдары және т.б. Нәтиже (результат) - оқу үдерiсiнің салдары, соңғы өнiмi, көзделген мақсаттың орындалу дәрежесi. И.Гербарт жүйесi - тәрбиенің ең жоғары мақсаты - адам- гершiлiктi, мораль тұрғысынан берiк мiнездi тұлға қалыптастыру. Мектеп мiндетi - баланың интеллектуал дамуына қамқорлық жасау, ал тәрбиелеу - отбасы мiндетi. Оқу мен тәртiп, бiлiм мен сезiм, ерiк орайласа байланысып, тәрбиелік оқудың негiзiн қалайды. Тәрбие оқумен бiрге ерiк пен мiнез, ақыл негiзiнде қаланады. Мұғалiм басты тұлға. Дж. Дьюи жүйесi - оқу бала қызығуына, өмiрлiк қажеттерiне негiзделуi тиiс. Оқушының ойлау қабiлетi оқу, бiлiм қиыншылықтары мен кедергiлерiн жеңуге орай қалыптасады. Оқу проблемді болуы шарт, баланың өзiндiк белсендiлiгi мен жеке танымдық әрекетiнің арқасында жүргізілуі қажет. Мұғалiм жәрдемшi.
Қазіргі заманғы дидактикалық жүйе - 1) шынайы заңдылықтарға негiзделедi; 2) оқу педагогикалық басшылық, оқушы ұмтылысы мен дербестiгi және белсендiлiгi бiрлiгiнде жүргізілуі мiндеттi. Оқу жоспары жалпы бiлiм негiздерiн қамтып, ал нақты оқу жағдайға, бала қызығуы мен нақты әрекеттiк белсендiлiк дамытуға, шығармашылық ұмтылысқа байланысты қалыптастырылады. Мұғалiм мен оқушы бiлiм игеру үдерiсiнде бiрдей жауапты, оқу педагогикалық қызметтестiк (сотрудничество) принципiмен орындалады. Оқу кезеңдерi - 1) оқу сеп-түрткілерiн (мотивация) ояту; 2) тiрек бiлiм; 3) ептiлiк, дағдыларды жаңғырту; 4) жаңа материал игеруді ұйымдастыру; 5) игерiлгендi жетiлдiру; 6) оқу нәтижесiн анықтап бару. Оқу мазмұнын қалыптастыру негiздерi - гуманитиа- ризациялау, ғылыми бiрiгiмге келтiру (интеграция), ғылыми жiкке түсiру (дифференциация), тұлғаның жан-жақты дамуын бағыттау, азамат қалыптастыру, ғылыми және тәжірибелік маңызға ие болу, жас мүмкіндiктерiне сәйкестендiру, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану. Оқу жоспары - мектептің оқу-тәрбие үдерісiне бағыт бе- рушi құжат. Мемлекеттiк компонент (инвариантная часть) - барша мектептердi игерiлуi мiндеттi пәндер. Аймақтық, мектептiк компонент (вариативная часть) - аймақ, мектеп ұсынысымен енгiзiлетiн пәндер. Оқу бағдарламасы (учебная программа) - оқылатын пән мазмұнын реттестiрушi құжат. Оқулық (учебник) - оқу бағдарламасы негiзiнде түзiлген кi- тап. Оқу құралы (учебное пособие) - бағдарламаға толық сәйкестiгi жоқ, автордың өзiндiк көзқарасы негiзiнде түзiлген оқу кiтабы.
"Оқу-тәрбие мақсаты - баланы тәрбиешiнің дәл өзiндей қылып шығару емес, келешек заманға лайық қып шығару" Мағжан Жұмабаев Оқу үдерiсiнiң мәнi Бiртұтас педагогикалық үдерiстi құраушы екi басты бiрлiктің бiреуi - оқу үдерісi. Бұл үдеріс өте күрделi, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму үдерістерінен кейiн тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу үдерісi әртектi және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Үдеріс анықтамаларының көптiгi де осыдан болар. Ежелгi және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында "оқу", "оқу үдерісi" ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметiн (преподавание) бiлдiрген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы ендi осы үдерiстi құрайтын екi бiрлiктi - оқыту қызметi мен оқып үйренудi қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалiмдердің қызметiн, ал оқып үйрену (учение) ұсынылған бiлiмдердi игеруге бағышталған оқушылар iс-әрекетiн танытады. Кейiнгi жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық iс-әрекет тәсiлдерiн қалыптастырушы мұғалiмнің басқару iс-әрекетiн де, мұғалiмдер мен оқушылардың бiрлiктi iс-әрекетiн де аңдататын болды. Мұғалiм мен оқушының бiрлiктi iс-әрекетi болған оқу үдерiсiнің мәнi оқыту мен оқып үйренудің бiрлiгiн аңдатады.

Сурет 1. Оқудың белгілері

Оқу және бiлiмдену мәселелерi педагогиканың дидактика деп аталатын бөлiмiнде зерттеледi. "Дидактика" терминi грек тiлiнен енген, аудармасы "үйретушi" дегендi бiлдiредi. Алғашқы рет бұл сөз немiс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнерi мәнiн аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы "баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнерi" деп түсiндiрген. ХIХ ғасырдың ба- сында немiс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретiн- де таныған. Қазақ арысы Жүсiпбек Аймауытов пікірінше - "Дидактика мұғалiмге жалпы жол-жоба көрсетiп, жетекшiлiк етедi... сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды". Дидактиканың негiзгi мiндеттерi В.Ратке заманынан бер- мен қарай бiрде өзгерместен келе жатыр. Олар: ненi үйрету және қалай үйрету мәселеciн шешу; қазiргi заман педагогика- сы бұларға қоса - қашан, қай жерде, кiмдi және не үшiн оқыту қажет деген мәселелердi қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың негiзгi категорияларын танытушы келесi ұғымдар белгiленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, бiлiмдену, бiлiм, ептiлiк, дағды, соны- мен бiрге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістерi, құралдары, жабдықтары, нәтижесi (өнiмi).

Сурет 2. Дидактиканың негізгі категориялары

Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиiс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келiп шығады: дидактика - бұл оқу және бiлiмдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістерi, құралдары, жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелерi жөнiндегi ғылым. Оқыту - оқудың мақсаттарын (бiлiмдену мiндеттерiн) iске асыруға бағытталған, ақпарат беру, тәрбиелеу, бiлiмдi түсiндiру және тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етушi педагогтың реттестiрiлген iс-әрекетi. Оқып үйрену - таным, дағдылану және игерiлген тәжiрибе негiзiнде жаңа мiнез-құлық және iс-әрекет формаларын пайда етiп, бұрын қалыптасқанды өзгерiске келтiретiн оқушының өзіндік іс-әрекет үдерісі. Оқу - белгiленген мақсатқа жетудi көздеген мұғалiм мен оқушы арасындағы өзара ықпалды реттестiрiлген iс-әрекет. Бұл ұстаз бен шәкiрттің бiрлiктi қызметiнің екi тарапы. Оқу - бұл ғылыми бiлiмдер, қажеттi iс-әрекет тәсiлдерi, эмоционалды-құндылықты және қоршаған болмысқа шығармашылық қатынас қалыптастыруға бағытталған мұғалiм басшылығында оқушылардың арнайы ұйымдастырылған iс-әрекетi. Оқу барысында бала дамиды.
Жүйе ретiнде қабылданған оқудың негiзгi құрылым элементтерi:
1) мақсат;
2) мазмұн;
3) әдістер;
4) ұйымдастыру формалары;
5) нәтиже. Осы және басқа да кейбiр түсiнiктердің мәнiне тоқталайық.
Бiлiмдену - оқу барысында игерiлген бiлiм, ептiлiк, дағдылар мен ойлау тәсiлдерiнің жүйесi. Бiлiм - пәннің теориялық игерiлуiн бiлдiретiн идея- лар жиынтығы немесе қоршаған дүниенің бала санасында түсiнiктер, сұлбалар, нақты бейнелер кейпiнде өрнектелуi. Ептiлiктер - игерiлген бiлiмдердi тәжірибеде қолдану тәсiлдерiн (жолдарын, әрекет түрлерін) иелеу. Дағдылар - аса жоғары дәрежеде жетiлiп, автоматтық күйге түскен ептiлiктер. Мақсат (оқу, бiлiмдену) - оқу барысында қол жететiн мұрат, барша күш-қуат бағытталған болашақ. Мазмұн (оқу, бiлiмдену) - оқу үдерiсiнде шәкiрт игеруi қажет ғылыми бiлiмдер, ептiлiктер мен дағдылар, iс-әрекет және ойлау тәсiлдерiнің бiртұтас жүйесi. Ұйымдастыру - дидактикалық үдерiстi белгiлi заңдылықтарға орай ретке келтiру, көзделген мақсатты тиiмдi iске асыру үшiн бұл үдерiстi қажеттi формаға түсiру. Форма - оқу үдерiсiнiң жасау жолы, оның iшкi мәнi, логи- касы және мазмұнының сыртқы қоршамы. Оқу формасы ең алдымен сыныптағы оқушылардың санымен, оқу уақыты және оқу орнымен, оның iске асырылу тәртiбiмен, т.б. байланысты. Әдiс - оқу мақсаттары мен мiндеттерiнің орындалу (iске асуы) жолы. Құрал-жабдықтар - оқу үдерiсiнiң заттық, материалдық қолдауы. Оқу үдерiсiнде құрал ретiнде педагогтың дауысы (сөзі), оның шеберлiгi, оқулықтар, сынып жабдықтары және т.б. танылады. Нәтиже (оқу өнiмi) - оқу барысында, оқу үдерісi салдарынан, көзделген мақсаттың iске асу дәрежесiнен туындайтын соңғы өнiм.
Дидактика өз пәнi аймағында iске қосылатын заңды- лықтарды зерттейдi, оқу үдерiсiнің барысы мен нәтижесiне негiз болар тәуелдiлiктердi талдайды, жоспарланған мақсаттар мен мiндеттердің орындалуын қамтамасыз етушi әдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгiлей- дi. Осының арқасында ол екi басты функцияны атқарады: 1) теориялық (нақтама және болжастыру); 2) тәжірибелік (қалыпты iс-әрекет, құралдар дайындау). Дидактика барша пәндер бойынша және оқу iс-әрекетiнің барлық деңгейiне орайластырылған оқу жүйесiн бiрiктiредi. Зерттелушi болмысты қамту шеңберiне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлiнедi. Жалпы дидактиканың зерттейтiн пәнi: оқыту мен оқып үйренудi оларды туындатқан жағдаяттарымен әрi оларды орындау шарттары және соның арқасында жетiлетiн нәтижелерiмен бiрге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесi деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерiнің желiсiн, мазмұнын оқыту формалары мен әдістерiн қарастырады. Әр оқу пәнi өз әдістемесiне ие. Бастауыш мектеп дидактикасы да жекеленген, өзіне тән ерекшелiктерге ие, себебi ол оқудың жалпы мәселелерiмен шұғылдана отырып, кiшi мектеп жасындағы оқушылардың ерекшелiктерiн ашады. Сонымен дидактикалық үдеріс мәнi оқыту мен оқып үйрену бiрлiгiнен құралады. Оқуға тән сипаттар: 1) екi тараптылық; 2) мұғалiм мен оқушының бiрлiктi әрекетi; 3) басқарым мұғалiм тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) бiртұтастық және бiрлiк; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестiк; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесiне жетекшiлiк. Оқу және бiлiмдену мәселелерi - дидактика пәнi. Ол келесi сұрақтарға жауап бередi: неге, қалай, қашан, қай жерде және не үшiн оқыту керек? Дидактиканың басты ұғымдары: оқыту, оқып үйрену, оқу, мазмұн, әдістер, формалар, жүйелер, технология және т.б. Дидактикалық жүйелер Балаларды оқытуымыз әртүрлі. Ежелгi заманнан берi педагогтар осы оқуды ең тиiмдi жолмен iске асырудың жолдарын тыным таппастан iздестiруде. Оқуды жылдам әрi сапалы жүргізуге, мұғалiмдер мен оқушылардың күш-қуатын үнемдi де орынды жұмсауға мүмкіндiк беретiн формаларды бел гiлеп, тиiмдi әдістер мен технологияны пайдалану мәселелерi шешiлуде. Студенттi оқытып жатқанда, оған ЖОО оқытушысы балалармен жұмыс iстеудің сыналған және тексерiлген тәсiлдерiн хабарлайды. Мұғалiм болып алғаннан соң, ол сыныпта осы заман ғылымдарымен барынша құралданып, жұмыс iстей бастайды. Дидактикалық үдерiстің мың бұралған соқпақтарында адасып кетпес үшiн, негiзгi тұжырымдарды өте жақсы бiлу әр мұғалiмнің мiндетi. Бұл сапалы оқудың кепiлi. Өкiнiшке орай, көп мұғалiмдер өз бетiнше iзденiс бастап, өзінен бұрынғы ашылған жаңалықтар жөнiнде түк хабары болмастан, қандай әдіс-шаралардан бас тарту қажет екенiн бiлместен, балалармен эксперимент жүргізе бастайды. Есіңiзде болсын, дидактикаға байланысты мәселелердің баршасы сынақтан өтпесе де, бiразы тексерiлген. Осыдан, тек бұрынғы ғылыми және тәжірибе жетiстiктерiн тiрек ете отырып, алға қарай iлгерiлеуге болады. Бұл тұрғыдан көп сынақтар өткен. Талай оқу бағыт-бағдарлары тексерiлiп, сын бағаларын алды. Дидактиканың тиiмдi жүйесiн iздестiру жолында мұғалiмдердің "баспаған тауы, араламаған сайы" қалмады. Осыдан өткен алыс, жақын дәуiрлерде педагог-мұғалiмдердің аға буыны жинақтаған қандай да оқу, тәрбиелiк құны бар ой-пiкiрлерi мен тәжірибелік ұсыныстары педагогика қорына өтiп, дидактиканы байыта түстi. Бiлiм, ептiлiктер игерудің бiрден-бiр ақылға сай таңдалған, ең жылдам да тиiмдi жолы - осы қордағы оқудың классикалық теориясы негiзiнде, оны ғылыми iргетас етiп пайдалана бiлуден ғана қалануы мүмкін. Аса белгiлi болған дидактикалық жүйелерге назар аударайық.
Дидактикалық жүйе - бұл белгiлi бағамдарға негiзделе бөлектенген тұтастық құрылым. Жүйе екiншi дәрежелi тетiктерiмен ажыралмай, түбегейлi ерекшелiктерiмен дербестенедi. Олар - оқудың мақсаты, ұйымдастыру принциптерi, мазмұны, формасы және әдістерi бiрлiгiмен жасалған iшкi құрылым тұтастығымен сипатталады.
Осы сипат белгiлерiнің бiрлiгi негiзiнде өзара принциптерiмен ажыралатын үш дидактикалық жүйенi атауға болады:
1) И.Гербарт жүйесi (дидактикасы);
2) Д.Дьюи жүйесi;
3) осы заманғы оқу жүйесi.
Ұзақ уақыт мектеп оқуын басынан өткiзген әр студенттің жадында оқудың сынып-сабақтық формасы сақталған шығар. Бұл оқу формасы ежелгi дүниеде қаланып, ұлы Ян Амос Коменский тарапынан жүйелестiрiлдi. Немiс философы және педагогы И.Гербарт Я.А.Коменскийдің дәстүрлi сынып-сабақтық жүйесiн сындарлы түсiнiм тезiне сала отырып, оның кем- шiлiктерiн көрсеттi, сонымен бiрге этика мен психологияның соңғы жетiстiктерiн арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе түзiп, ұсынды. Гербарттың пiкiрiнше, тәрбиенің ең жоғары мақсаты - адамгершiлiктi, моральды, күштi мiнезге ие болған тұлға қалыптастыру. Оның ойынша, тәрбие келесi этикалық идеяларға сүйенуі тиiс: - тұлға ұмтылыстарының бағытын, аймағын және күшiн анықтаушы кемел жетiстiгi; - өз еркiн басқалардың еркiне икемдесуi мен бағынуын қамтамасыз ететiн тiлектестiк; - адамдар арасындағы дау-дамайдың өрiстеуiне шек қоятын құқықтар; - басқалар тарапынан болған көңіл қабарту және өкпенi қайтаруды мiндетiне алатын әдiлдiк; - адамның ерiк сезiмiн оның ниеттерi мен наным-сенiм- дерiне икемдестiруге мүмкіндiк беретiн iшкi рухани еркiндiгi. Өз заманындағы психологиядан Гербарт екi негiзгi тұжырымды пайдаланды: - нәсiлдiктен немесе қабылдаудан болатын психикалық бейiмдiлiк - жоқ нәрсе; - психикалық өмiрдің бәрi елестер негiзiнде құралады. Бiрақ, шынында, бұлай еместiгiн бiз қазiргi күнде ғылым де- ректерiне сүйене, бiлiп отырмыз. Дегенмен, Гербарт ұсынған дидактика мұғалiмдердің қолдауына ие болып, көп заманнан берi бастауыш мектептерде де қолданылуда. Бұл жүйенің негiзгi ерекшелiктерi келесiдей: мектептің бас- ты мiндетi - оқушылардың ақыл-ес дамуын қамқорлыққа алу, ал тәрбие - отбасының мiндеттi жұмысы. Моральдық тұрғыдан күштi мiнез иелерiн қалыптастыруға дұрыс педагогикалық жетекшiлiк, тәртiп және онымен байланысты оқу себепшi болады. Жетекшiлiк жасаған адамның мiндетi балалардың тұрақты iспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене және ақыл- ес дамуына бақылау қою, тәртiпке үйрету. Гербарт өзiнің дидактикалық жүйесiнде тиым салу, шектеулер қою, сонымен бiрге "ақырын да жеңiл" қолданылатын тән жазаларын пайда- лануды ұсынады. Оқудың тәртiппен тығыз байланысқа келуi- нен, бiлiмнің оқушы сезiмi және ерiгiмен бiрiгуiнен - тәрбиелiк оқудың мәнi құралады. Бұл түсiнiктi ендiре отырып, Гербарт тәрбиенi оқудан бөлектеуге болмайтынына, ерiк және мiнездің ақыл-санамен бiрге дамитынына баса назар аударды. Гербарттың дидактикаға ендiрген басты жаңалығы - оқу сатыларын ажырату болды. Оның дидактикасындағы сұлба келесiдей: түсiнiктiлiк - байланыс - жүйе - әдіс. Оқу үдерісi ұғымдардан түсiнiктерге өту және түсiнiктерден теориялық сипаттағы ептiлiктерге жету жолымен жүргізіледi. Бұл сұлбада, байқағанымыздай, тәжірибеге орын қалмаған. Бұл формальды деңгейлер оқу мазмұнынан ажыралып, бар- ша сабақтарда және барлық пәндерге арналған оқу үдерiсiнің желiсiн айқындайды. Гербарттың iзбасарлары мен шәкiрттерi (В.Рейн, Т.Циллер, Ф.Дерпфельд) оның теориясын дамыта, жаңалап, бiртараптылық және формалистiк сипатынан тазалауға ұмтылыс жасады. Гербарт сатыларына басқа атама берiп, олардың мазмұнын нақтылай түсiп, санын беске жеткiз- ген Рейн. Оның сұлбасы: жаңа материал дайындау, оны ба- яндау, өткендегiлермен байланыстыру, қорытындылау мен қолдану. Ендi мұғалiмдер формальды сатыларды дәлме-дәл ұстанудан құтылып, оларға әдістемелiк илеумен кертартпалықты жеңудің жолдары ашылды. Оқушылардың дербес және сындарлы ойлау мүмкіндiктерi көтерiлдi. ХIХ ғасырдың ортасында кең таралған Гербарт теориясы кейiн бiрте-бiрте маңызын жоя бастады. Осы күнгi бағалармен өлшестiретiн болсақ, Гербарт жүйесi мектептің дамуына керi ықпал жасады. Осы теорияның негiзiнде оқудың мақсаты дайын бiлiмдердi ұсынып, жаттату деген пiкiрлер тарай бас- тады; оқу үдерiсiндегi белсендiлiк тек мұғалiмнен ғана күтiлдi, оқушыларға "тыныш, назар салып, мұғалiмнің айтқанын орын- дау" мiндеттерi таңылды, яғни балалар енжар тыңдаушыға айналды. Дегенмен, Гербарт дидактикасынсыз, одан келер ықпал болмағанда, гербарттық тәрбие тәжiрибесiн сынға са- лып, қайта қарастырмағанда, бүгiнгi теория мен тәжірибе мек- теп өмiрiне еш уақытта да енбеген болар едi. Зерделi назар аударсақ, бүгiнгi мектептің өзiнде Гербарт қалаған әмiршiл дидактиканың элементтерiн көптеп кездестiруге болады. Осы- лайша, өз сыныбына қатаң тәртiп енгiзудi ниеттеген мұғалiм алдымен ойланғаны жөн - бұлай iстесем бола ма? Гербарт тәжiрибесiнде бұл тәсiл қолданылған, бiрақ оқудағы шектен тыс қаталдықтан ғұламаның кейiнгi шәкiрттерi бас тартты. Бұл өнеге - құптарлық.
ХIХ ғасырда жасаған американдық философ, психолог және педагог Джон Дьюи дидактикасы қоғам мен мектептің өрелі дамуына қайшы келген гербартшылардың әмiршiл-әкiмшiл пе- дагогикасына қарсы тұру мақсатында дүниеге келдi. Гербарт дидактикасына келесiдей қарсы айыптар тағылды: - қатаң тәртiп пен жазалауларға негiзделген үстiрт тәрбие; - өмiрмен байланыспаған оқудың "кiтабилылығы"; - оқушыларға тек "дайын" бiлiмдердi ұсыну, жаттауға бағытталған "енжар" әдістердi қолдану; - оқушылардың қызығулары мен қажеттерiн жетiмсiз ескеру; - оқу мазмұнының қоғамдық қажеттермен байланыспауы; - оқушы қабiлеттерiн дамытуға аз көңіл бөлiнуi. 1895 жылы Чикаго мектептерiнің бiрiнде эксперименттерiн бастап, Дьюи өз зерттеуiнде оқушылардың белсендiлiгi да- муына басты назар аударып, оқушылардың қызығуларына, олардың өмiрлiк қажеттерiне байланысты болған оқудың (құрғақ сөзді, кiтаби, тек жаттауға негiзделген оқудан гөрi) анағұрлым жоғары нәтижелер беретiнiне көзiн жеткiздi. Дьюидің оқу теориясына енгiзген негiзгi үлесi - "толық ойлау әрекеттерi (актi)" жөнiндегi жаңалық пiкiрi. Осыған байланысты адам өз өмiрiне аса күрделi кедергi болған қиыншылықтарды кездестiрген кез- де ойлау әрекетiне кiрiседi. Әрбiр "толық ойлау актi" келесi кезеңдерден құралады: - қиыншылықты түйсiну (сезу); - оны нақ байқап (көрiп), мәнiн анықтау; - одан құтылудың жолдарын iздестiру (болжам белгiлеу); - болжастырылған шешiмнен қорытындыға келу (гипоте- заны қисынды тексерiске салу); - болжамды қабылдау немесе одан бас тартуға мүмкіндiк беретiн келесi бақылаулар мен эксперименттерге өту. Шешiмдерiн ойластырып, жеңу қажет "қиыншылықтар" кейiн "мәселе" атауын алды. Дьюидің пiкiрiнше, дұрыс құрылған оқу әр уақытта мәселелi (проблемді) болуы тиiс. Оқушылар ал- дына қойылатын мұндай мәселелердің өзi Гербарт ұсынған оқу-тәрбиелiк құндылығы кем, енжар оқу тапсырмаларына қарағанда анағұрлым өзгеше. Оқушыларға берiлетiн тапсырмалар олардың қызығуларына, өмiр талаптарына сәйкес болуы шарт. Мұғалiм оқушылардың қызықсыну қабiлеттерiнің дамуына мұқият назар сала отырып, олардың алдына түсiнiмi және шешiлуi жағынан қиналтпайтын мәселелер қойып баруы қажет. Оқушылар, өз кезегiнде, осы мәселелердi шешуден өздерiне жаңалық әрi пайдалы болған бiлiмдердi игеретiнiне сенiмдi болуы тиiс. Сабақтар "толық ойлау акттерi" негiзiнде құрылып, одан оқушылардың келесi ептiлiктердi игеруi күтiледi: - нақты қиыншылықты сезу; - оны (мәселенi) анықтау; - кезiккен қиыншылықты жеңудің болжамын (гипотезасын) түзу; - толық мәселенi немесе оның бiр бөлiгiн шешудің жолын табу; - болжамды бақылау немесе эксперименттер жәрдемiмен тексеру; "Дәстүрлi" гербарттық жүйемен салыстырғанда, Дьюи өте батыл жаңалықтар, күтiлмеген шешiмдер ұсынды. "Кiтаби оқу" орнына негiзiнде оқушылардың өзiндiк таным әрекеттерi болған белсендi оқу мектеп тәжiрибесiне ендi. Әмiршiл мұғалiм орнын оқушылар белсендiлiгiн не мазмұн, не оқу әдістерiне матамайтын, ал қиыншылықтарды жеңiуге көмектесетiн, қажет болса, жәрдем беретiн жебеушi мұғалiм иеледi. Жалпыға бiрдей мызғымас оқу бағдарламалары мұғалiм тарапынан тек жалпылай мазмұны ғана анықталған бағыттау бағдарламаларымен ауыстырылды. Ауызша және жазбаша сөздің орнына оқушылардың өзiндiк дербес зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға бағышталған теориялық және тәжірибелік дәрiстер келдi. Көптеген кемшiлiктерi бола тұрса да, Д. Дьюи оқу жүйесiмен қаруланған американ мектебi өз тарихында үлкен жетiстiктердi қолға кiргiздi. Бiрқанша жаңаластырылған әрi соны элемент- термен толықтырылған бұл жүйе бүгiнгi американ мектебiнде де өз беделiн жоғары ұстап тұр. Дьюи дидактикасының көп тұрғыдан жаңалықты әрi пайда- лы болуына қарамастан, оның қазiргi заман талаптарына сай келмейтiн кемшiлiк - олқылықтары еленiп, көзге түсуде. Дьюи де Гербарт сияқты оқу сатыларын барша пәндер және оқу жұмыстарының барша деңгейлерiмен бiрдей байланыстырады, осыдан бұл деңгейлер формальдық сипат алады. Ал тәжiрибе болса, мұндай әмбебап модельдердi қолдамайды, оқудың, Дьюи бойынша - "бүтiндей мәселелi" немесе, Гербарт бойын- ша - "бүтiндей сөзге негiзделген" болуы мүмкін емес. Дьюи дидактикасының және бiр кемшiлiк тарапы - оқушылар бiлiмдi бекiту, нақты ептiлiктердi дамыту үдерісiне қатыспайды. Ал тұрақты, оқушылардың бәрiне бiрдей ортақ бағдарламалардың орнына келген үзiктi, байланыссыз пәндiк "жобалар" оқудың сабақтастығын да, жүйелiлiгiн де қамтамасыз ете алмайды. Дьюидің жаңашыл дидактикасы дәстүрлi Гербарт дидактикасының әлсiз тараптарын нығайту мәселелерiмен айналысты. Нәтижеде, бiр мәселенің өзiн әрқилы, кейде бiр- бiрiне тiкелей қарсы жолдармен шешудің тәсiлдерi табылды, ол бұл оқудың жеке мезеттерiнде өте жақсы нәтижелер бер- ген едi. Бiрақ шектен шыққан бiржақтылық шындыққа жанаса бермейдi, осыдан екi жүйенің де тез ауыспалы өмiр ағымының талаптарына бiрдей сай келе бермейтiнi байқалды.
Кейiнгi кезеңдерде жүргізілген зерттеулер ежелгiден, дәстүрлi және жаңашыл дидактикалық жүйелерден ең құнды болған тарап- тарын сақтап қалып, күнделiктi маңызды болған мәселелердi шешудің жаңа жолдарын табуға бағытталды. Жаңа бағыттар арасында белгiлi американдық психолог және педагог Дж. Бруннер ұсынған "жаңалықтар ашумен оқыту" тұжырымдамасы назар аударарлық. Бұл теорияға орай оқушылар барлық танымдық күштерiн iске қосуды талап ететiн және өнiмдi ойлау қабiлетiнің дамуына ұтымды ықпал жасаушы өз белсендiлiгiмен ашқан жаңалықтары негiзiнде дүниенi танып, бiлiмдер игеруi қажет. Оқушылар бұған дейiн бiлмеген қорытындыларды жасап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысым жасамай оқыту
Оқытудың жеке, нақты заңдылықтары
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
К. Д. Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы
К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Қ.жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының мәні мен маңызы.
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Пәндер