Рапс шөптесін өсімдік


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Рапс тарихы

2. 2 Шаруашылықтың маңызы және таралуы

2. 3 Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері

2. 4 Өсіру агротехникасы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Рапс ] - майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Дақыл ретінде б. з. б. 4-мыңжылдықтан бастап белгілі. Р. күздік және жаздық болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Тұқымы 1 - 3ӘС-та өне бастайды, жас өркені -3 - 5ӘС-қа үсімейді. Ылғалды ең көп қажет ететін кезеңі гүлдену, дәнінің толысып, пісу сәті. Күздік Р-қа қарағанда жаздық Р. климат жағдайларына төзімдірек. Вегетац. кезең күздік Р-та 270 - 300 күн, жаздық Р-та 80 - 100 күнге созылады. Айқас тозаңданады. Барлық майлы дақылдардың ішінде күздік Р. айрықша топырақ талғайды, ол қоректік заттары мол, қышқылдау ортасы бар топырақтарда жақсы өнім береді. Ал жаздық Р. ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім бере алады. Күздік Р-тың алғы дақылдары ретінде күнбағыс, жүгері, ерте пісетін картоп, көк азық үшін себілетін күздік қара бидай дақылдарын атауға болады. Р-тың дәнінде 43%-дан (жаздық) 50%-ға (күздік) дейін май болады. Майын тағам ретінде және тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері, т. б. өндірістерде пайдаланады. Р-тың 100 кг көк балаусасында 15, 7 кг мал азықтық өлшем бар және ол витаминдерге (А, С) бай, жақсы қорытылады. Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген Р. малға күз және көктем айларында жақсы жайылым. 1 га-дан 10 - 30 ц өнім алуға болады. Тұқымын қатар аралығын 15 см етіп, кең қатарлы әдіспен, 8 - 12 кг/га мөлшерде, 2 - 4 см тереңдікте себеді. Жаздық Р. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал күздік Р. Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Қарағанды және Қостанай облыстарында жаздық Р-ты дән алу үшін де, мал азықтық дақыл ретінде де егеді.

Рапс

Шаруашылық маңызы және таралуы . Рапс адамзатқа ерте заманнан белгілі болған дақыл. Декандольдың болжамы бойынша бұл дақыл біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Рапстың отаны Голландия және Англия болып есептеледі. Сол жерден 16 ғасырдан бастап ол Европаға кең тараған.

20 ғасырдың орта кезінен бастап рапстың кейбір түршелері мал азығы ретінде Англияда, Америкада, Жаңа Зелландияда пайдаланыла бастады. Сол кезден бастап мал азықтық рапс біздің Одаққа әкелініп жерсіндірілді. Қазіргі кезде ол мал азығына Россияда, Белоруссияда, Прибалтикада, Солтүстік Кавказда кеңінен өсіріледі (62-сурет) .

Рапс және де майлы дақылдардың ішіндегі өте кең тарағаны. Дүние жүзінде ол көлемі жағынан үшінші орында (майбұршақтан және арахистен кейін) .

Қазіргі кезде рапс майлы дақыл ретінде Азияда, оның ішінде Индияда, Канадада кеңінен өсіріледі. Жыл сайын оны дүние жүзінде 10-12 млн. га жерге өсіреді.

Рапс жақсы сүрлемдік дақылдардың қатарына жатады. Оны көк балауса ретінде малға беруге және жайылым ретінде қара малға, шошқаларға пайдаланады.

Рапсты суыққа төзімділігіне байланысты солтүстік облыстарда кеңінен өсіруге болады. Рапс аңыздық егіске және шабыннан кейінгі егіске өсіруге тиімді дақыл. Оның күздік түрі жаздық түрінен өнімдірек. Ең жоғарғы өнім рапсты көктемде сепкенде алынады.

Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу өсімдік институтының (ВИР) тәжірибе шаруашылығында рапстың әр гектарынан 600-800 ц көк балауса алынған. Ал қайталама егістегі өнімі 400-610 ц/га көк балауса болған. Оның Дубленский сортынан екі рет орғанда әр гектардан 700-970 ц дейін көк балауса алынған. Белоруссияда оның өнімі 400-600 ц/га аралығында болды.

Рапсты топырақ эрозиясымен (жел және су эрозиясы) күресу үшін де пайдаланады. Оның осы маңызды ерекшеліктері Краснодар аймағында жан-жақты зерттеліп анықталды (Р. Кузнецова, 1977) .

Рапс жақсы алшынкөк береді. Оны вегетация кезінде 2-3 рет оруға болады. Оның көк балаусасы белокка бай. Рапстың көк балаусасының химиялық құрамы: су -87, 9%, протеин-2, 61, май-0, 51, клетчатка-2, 40, азотсыз экстрактивті зат- 4, 83 және күл-1, 74%, каротин мөлшері-5, 1 мг/кг. Сүрлемінде бұл көрсеткіштер 87, 3; 2, 4; 1, 3; 0, 7; 2, 7; 5, 0% және 1, 9 мг/кг шамасында.

Сүрлемдегі протеин мен белоктың қорытылу коэффиценті 72 және 60-қа тең.

Рапстың 100 кг сүрлемінде 10, 2 азықтық өлшем және 1, 7 кг қорытылатын протеин бар.

1 азықтық өлшемде 170 г қорытылатын протеин болады. Рапстың 1 кг көк балаусасында 4, 46 г калий, 2. 58 кальций, 0, 96 күкірт, 0, 75 фосфор, 0, 75 хлор, 0, 28 магний және 0, 23 г натрий кездеседі. Рапстың көк балаусасын басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салған тиімді. Оның таза сүрлеміне қарағанда қоспа сүрлемін мал сүйсініп жейді.

62 сурет. Рапс

Рапсты мал азығына бірінші ору шілде айында жүргізіледі. Оның тұқымының өнімі әр гектардан 8-12 ц аралығында. Жаздық рапстың өнімі төмендеу 4, 0-7, 0 ц/га шамасында.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Рапс айқышгүлділер немесе қырыққабат тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

Тамыры-кіндік тамырлы, жоғарғы жағы жуан, жан-жағына тамыршалары жақсы жайылған. Сабағы тік өседі, жақсы бұтақтанған, жапырақтануы орташа. Гүлдеген кезіндегі биіктігі 100-110 см.

Жапырағы ірі, ұзынша қауырсын тәріздес, сағағы қысқа, түсі ақшыл-жасыл.

Гүлшоғыры-ұзынша, сирек келген шашақгүл. Гүлінің желегі ақшыл-сары түсті. Тұқымы-бұршаққын, түзу, не болмаса ептеп бүгілген, ұзындығы- 3-10 см. Дәні домалақ, қара сұр немесе қара қоңыр, ұсақ. 1000 дәнінің массасы 4-5 г.

Рапс тұқымымен өсірілетін дақыл. Тұқымы 5-6 жылға дейін өнгіштігін сақтайды. Тұқым өнгіштігі жоғары.

Танапта өсіп-өнуі топырақ +2-4 0 жылығанда басталады. Жақсы өнгіштігі +8 0 байқалады.

Көктемде сепкенде өскіні 8-10 күннен кейін, жазда сепкенде-4-5 күннен кейін байқалады.

Рапс суыққа, аязға төзімді, ерте пісетін және суды көп қажет ететін, құнарлы топырақта жақсы өнім беретін өсімдік. Шаруашылықта күздік және жаздық түрлері өсіріледі.

Оның қысқа төзімділігі нашар. Сондықтан оның екі түрін де ерте көктемде сепкен дұрыс.

Рапс шілде айында гүлдеп, тұқымы тамызда піседі. Рапстың өскіні және дамыған өсімдігі зиянкестермен зақымданады (жер бүргесі, рапстың егеушыбыны, рапстың гүлжемісі) . Сондықтан танапқа дер кезінде зиянкестерге қарсы химикаттарды (тиофос, полихлорпинен т. б. ) бүркіп шашу керек.

Рапстың аурулармен (фузариоз, тамыр бактериозы т. б. ) залалдануын азайту немесе болдырмау үшін оны жақсылап үстеп қоректендіріп қатараралығын қопсытып, арамшөптерді жойып және де ауыспалы егісте орналастыру қажет.

Өсіру агротехникасы. Рапс отамалы немесе ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіріледі. Рапс үшін жақсы алғы дақылдар-отамалы дақылдар, картоп және де күздік астық дақылдары. Рапсты жазда сепкенде оны мал азығына жинайтын күздік қара бидайдан, сиыр жоңышқа мен сұлының қоспасынан кейін аңыздық дақыл ретінде себеді.

Топырақ дайындау жүйесі отамалы дақылдар сепкендегідей. Ең маңыздысы себер алдында топырақты өңдеу жұмыстары (қопсыту, тырмалау, тегістеу, тығыздау) .

Күзде зябь жыртқанда танапқа әр гектарына 30-40 т органикалық тыңайтқышы 3, 0-4, 0 ц суперфосфат және 2, 0 ц калий тұзы сіңіріледі.

Күздік рапсты мал азығына ерте көктемде себеді. Жаздық рапсты сүрлемге мамыр айының басында, ал күздік сүрлем алу үшін-шілде айының ортасында себеді.

Рапсты себу әдісі кеңқатарлап (45-50 см) . Жаздық рапсты қатарлап себуге де болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау
Кейбір майлы дақылдардың дәндеріндегі майдың мөлшері
Күнбағыстың морфологиялық сипаттамасы және оны өсіру жолдары
Трутовик саңырауқұлақтары Семей аумағының ағаш түрлерінің экологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде
Рапс зиянкестері түр құрамы
Күріш ауыспалы егістері
Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі
Өсiмдiк шаруашылығы туралы
Дәнді дақылдарды стандарттау
Көкнәр майын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz