Темекі өсіру



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. Темекі өсіру
2.1 Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.
2.3. Темекіні танапта өсіру технологиясы.
2.4 Өсіру технологиясы және өнімді жинау.
III Қорытынды бөлім
IV Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
Құрамында өте улы есірткілік қоздырғыш зат – алкалоид никотин – бар дақылдарға темекі мен қаратемекі жатады. Темекі Оңтүстік және Орталық Америка тұрғындарына Европалықтар бұл құрылықты ашқанға дейін белгілі болған. Мәдени дақыл ретінде темекі 1560 жылы Францияда өсіріле бастады, 1605-1610 жылдар аралығында ол дүниежүзінің барлық елдеріне тарады.
Россияда 1-Петрдің жарлығымен 1716 жылы себіле бастады, ал 1768 жылы Петербургта алғашқы темекі өңдеу фабрикасы ашылды.
Қазақстанда темекі Алматы облысында XIX ғасырда жеке шаруашылықтарда өсіріле бастаған және олар «Верный темекілері» деген атпен ішкі және халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып Неаполь, Париж, Барселона көрмелерінде алтын медальдарға ие болған.
Бәсекеге жол бермес үшін Қырым мен Закавказье плантаторлары Верный темекілері тек Орта Азияда ғана сатылуға рұқсат етілетін патша жарлығын шығартқызған. Өндірістік деңгейде Қазақстанда темекі 1920-1930 жылдары ғана дами бастады.
Қазіргі кезде темекі дүниежүзінің 115 елдерінде 4 млн. га жерде себіледі. Темекіні ең көп егістігі (2,96 млн. га) Қытайда және әлемде өндірілетін шикізаттың 40%-ын осы ел өндіреді, АҚШ – 0,7 млн т., Индия – 0,54, Бразилия – 0,40, ТМД елдері – 0,30, Түркия – 0,26 млн. тоннаға дейін.
Қазақстанда темекі Алматы, Жамбыл облыстарында 10,0 мың га жерге себіледі, орташа өнімділігі гектарынан 2,0 т, жылына 18-20 мың тонна темекі жапырағы жиналады Жекелеген шаруашылықтарда темекі жапырағының өнімі гектарына 5,0 тоннадан асып түседі.
1. Нұрғасенов Т.Н., Қойшыбаев Қ. Егіс дақылдарының селекциясы. Алматы, 1994.
2. Нұрғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Х., Сулейменова С.Е. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері. Астана, «Фалиат», 2003.
3.Калинин Ф.Л., Сарнацкая В.В., Полищук BE. Методы культуры
тканей в физиологии и биохимии растений. М.: Киев: Наукова думка,
1980. -488 с.
4. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур. М.
Агропромиздат. 1987.-368 с.
5. И.В.Мичурин. Сочинения. Т.І.М.Сельхозгиз, 1948.
6. Бадина, А.Н.Яблоков, С.М.Синицина. Семеноводство полевых кулыур. Л.Долос, 1983.
7. Международные правила анализа семян. М.,Колос, 1985.
8.Ә.І.Ізтаев, О.Н. Нәлеев, М.Ж.Кизатова, С.Т.Жиенбаева, А.Ж.Рустемова. Б.Ә.Ізтаев " Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау" Алматы-2011ж
9. www.google.kz
10. Ж.С. Жүргенов « Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы » Алматы-2009ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. Темекі өсіру 
2.1 Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. 
2.3. Темекіні танапта өсіру технологиясы. 
2.4 Өсіру технологиясы және өнімді жинау.
III Қорытынды бөлім
IV Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құрамында өте улы есірткілік қоздырғыш зат – алкалоид никотин –
бар дақылдарға темекі мен қаратемекі жатады. Темекі Оңтүстік және Орталық
Америка тұрғындарына Европалықтар бұл құрылықты ашқанға дейін белгілі
болған. Мәдени дақыл ретінде темекі 1560 жылы Францияда өсіріле бастады,
1605-1610 жылдар аралығында ол дүниежүзінің барлық елдеріне тарады.

Россияда 1-Петрдің жарлығымен 1716 жылы себіле бастады, ал 1768
жылы Петербургта алғашқы темекі өңдеу фабрикасы ашылды.

Қазақстанда темекі Алматы облысында XIX ғасырда жеке
шаруашылықтарда өсіріле бастаған және олар Верный темекілері деген атпен
ішкі және халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып Неаполь, Париж, Барселона
көрмелерінде алтын медальдарға ие болған.

Бәсекеге жол бермес үшін Қырым мен Закавказье плантаторлары Верный
темекілері тек Орта Азияда ғана сатылуға рұқсат етілетін патша жарлығын
шығартқызған. Өндірістік деңгейде Қазақстанда темекі 1920-1930 жылдары ғана
дами бастады.

Қазіргі кезде темекі дүниежүзінің 115 елдерінде 4 млн. га жерде
себіледі. Темекіні ең көп егістігі (2,96 млн. га) Қытайда және әлемде
өндірілетін шикізаттың 40%-ын осы ел өндіреді, АҚШ – 0,7 млн т., Индия –
0,54, Бразилия – 0,40, ТМД елдері – 0,30, Түркия – 0,26 млн. тоннаға дейін.

Қазақстанда темекі Алматы, Жамбыл облыстарында 10,0 мың га жерге
себіледі, орташа өнімділігі гектарынан 2,0 т, жылына 18-20 мың тонна темекі
жапырағы жиналады Жекелеген шаруашылықтарда темекі жапырағының өнімі
гектарына 5,0 тоннадан асып түседі.

Темекі өсіру – техникалық өсімдіктер шаруашылығының бір саласы.
Темекі құнды техникалық дақыл. Алғаш рет Оңтүстік Америкада пайда болған.
Еуропада 16 ғасырда алғаш  гүл  және дәрілік  өсімдік  ретінде
өсірілген. Қазақстанның оңтүстігінд е,әсіресе Алматы облысының Еңбекшіқ азақ, 
Талғар аудандарында, сондай-ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей
өңірлерінде өсіріледі. Осыған орай темекі өсірудің жергілікті жер
жағдайларына, табиғатына бейімделген әр түрлі егіс әдістері, сұрыпталған
сорттары бар. Темекі тұқымы температура С, топырағының ылғалдылығы60 – 80%
болғанда жақсы өседі. Тұрақты егістікке отырғызылатын көшеттің тамыр жүйесі
өте жақсы жетілген, нақты 5 – 6 жапырағы болуы қажет. Темекі өсіп-жетілу
кезеңінде(С болғанда және 70 – 80% ылғалдылықта өнеді. Оны өсіру көшетті
жерге отырғызғанға дейінгі және жерге отырғызғаннан кейінгі екі кезеңнен
тұрады. Сабақтары мен жапырақтары тұрақты егістікке отырғызғаннан кейін
температура 24 – 28(10 – 12 азот және фосфор С-қа жеткенде көшетті отырғыза
бастайды, көшет арасы 60 см-ден кем болмау керек. Жерге отырғызғаннан 30 –
40 күннен кейін гүл шанағы пайда болып, осы аралықта өсімдік жылдам өседі.
Өсімдік тамырланғаннан кейінгі өсу мерзімінде 2 – 3 рет қопсыту жұмысы
жүргізіледі. Өсімдікті баптау кезеңіндегі негізгі міндеттің бірі
–(тыңайтқыштарын көп қажет етеді, сонымен қатар суару, арамшөптерден
тазарту, т.б. шаралар жүргізіледі. Көшетті көшетханаларда немесе
жылыжайларда өсіреді. Топырақтың 10 см-дегі жылылығы 10 – 12 гүлшоғын жұлып
тастау, өсіп шығатын бүйір бұтақтарын кесіп отыру. Өсу мерзімі ішінде 6 – 8
рет суғарылады. Темекіге жақсы алғы дақыл дәнді-бұршақ және аралас егілген
бір жылдық бұршақ пен астық дақылдары болып табылады. Күздік ең негізгі
өңдеу – топырақты 25 – 30 см тереңдікте жырту. Өңдеу алдында
топыраққа фосфор және калий тыңайтқ ыштарын енгізеді. Көктемде тырмалап,
көшетті отырғызғанға дейін арамшөптерді құрту үшін және ылғал сақтау үшін
10 – 12 см тереңдікте 1 – 2 рет қопсытады. Арамшөптер шығуына қарай және
топырақ бетінде қабық пайда болғанда егісті 8 – 10 см тереңдікте қопсытумен
қатар, тырмалайды. Көшеттерді отырғызудан 1 – 2 күн бұрын телімдерді 6 – 7
см тереңдікте қопсытып, тырмалайды. Темекі егісінің 1 га-на 30 – 60 кг N,
60 – 100 кг P2O5, 50 – 100 кг K2O шашылады. Бұл тыңайтқыштардың 70 – 80%-ын
күзде, қалғанын көшет отырғызу алдында үстеме қорек ретінде береді. Темекі
жапырағының пісуі – төменгі белдеудегі жапырақтан басталады, піскен жапырақ
үзіп алынады, біраз уақыттан соң орта белдеудегі жапырақтар пісіп жетіледі,
оны алғаннан кейін жоғарғы белдеудегі жапырақтары алынады. Өсу мерзімінде
жапырақтарды 5 – 7 рет үзеді. Жиналған жапырақтарды кептіреді және оларды
ферменттеуден өткізеді. Темекі өсіруде тұқым жинауға зор мән беріледі.
Тұқым телімдеріндегі өсімдіктерді айрықша күтеді және олардан екі рет қана
жапырақ жинайды. Темекіден ең жоғарғы өнім (35 – 40 цга) Алматы облысының
бұрынғы Алматы ұжымшарында жиналған.
Темекі. Маңызы, өсірілетін аймағы. Бағалы техникалық дақылдардың
бірі — темекі. Ол негізінен шылым дайындауға және медицинада пайдаланылады.
Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09-3,76% никотин, 17,1-18,9% күл,
4,9-17,6% көмірсутегі, 2,2-3,7% азот, 0,1-1,37% эфир майы және 4-7% шайыр
бар. Темекі негізінен Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында өсіріледі.
Сонымен қатар Филипп-Морис Казахстан темекі компаниясының Қазақстанға
келуіне байланысты, темекіні өсіру аудандары кеңейтілді. Атап айтсақ,
Алматы облысының Талғар, Жамбыл аудандарында жаңадан, Оңтүстік Қазақстан
облысының Сарыағаш ауданында өсіріле бастады. Темекі шикізатының орташа
өнімділігі — 20,4 цга. Аталған аймақтарда 2006 жылы темекінің Дюбек-44-07,
Дюбек-13, Талгарский-25, Талгарский-28 сорттары аудандастырылды. Сыртқы
ортаға қойылатын талаптар. Темекі -жылу сүйгіш бір жылдың техникалық дақыл.
Оның тұқымының көктеп шығуы үшін 27-28 °С, ал көшеттің өсіп-дамуына 18-22
°С жылу керек. Танапқа көшіріліп отырғызылғаннан кейін темекі көшетінің
сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура 24-28 °С шамасында. Егер
температура 35 °С-тан асып кетсе, онда өсімдік өсуін тоқтатады. Темекіге -1-
3°С суық қауіпті. Суды көп пайдаланатын кезеңі — жапырақтары толық шыққан
мезгіл. Осы кезеңде судың кем, не артық болуы өте зиянды. Темекінің
транспирациялық коэффициенті — 500-600. Темекі қоректік заттарды көп
мөлшерде қажет етеді. Ол бір гектар жерде 15 центнер жапырақ қүрау үшін
топырақтан 90 кг азот, 24 кг фосфор және 58 кг калийді сіңіріп алады.

Құрылымды, техникалық дақыл түріне жатады, жеңіл топырақтарда
жақсы өседі. Республикада сұр топырақты жерлерде өсіріледі. Алғы дақыл.
Темекі — көшет арқылы өсірілетін дақыл. Сондықтан сапалы көшет өсіру —
темекі шаруашылығындағы жауапты жұмыстың бірі. Қазіргі кезде
шаруашылықтарда көшетті жылыжайларда өсіреді. Темекінің жақсы алғы даңылы —
дәнді дақылдар, жоңышқа құйқасы, дәнді бұршақты дақылдар. Осыған орай
Алматы облысында қолданылатын ауыспалы егіс нобайы төмендегідей:

1.Дәнді дақылдар жоңышқа.
2.Жоңышқа.
3. Жоңышқа.
4. Дәнді масақты даңылдар.
5. Темекі.
6. Темекі.
7. Сүрлемдік жүгері.
8. Темекі.

Халық шаруашылығындағы маңызы. Темекіні папирос, сигарет, сигар
және түтік шылымының шикізаты-жапырақтары – үшін себеді. Темекінің жасыл
жапырақтарынан азық-түліктік ақуыз өндіріледі. 1 т гүлшоғырынан парфюмерлік
және химия өндірісінде қолданылатын 2 кг эфир майлары өндіріледі.

Ферментациядан өткен темекі жапырақтарында 0,8-3% никотин, 4-15%
көмірсулар, 0,3-0,5% - эфир майы, 7-12% ақуыз, 4-7% - смола және 12-17% күл
болады. Смола мен эфир майы темекіге өзіне тән иіс береді. Темекінің сапасы
көмірсу мен ақуыздың арақатынасымен анықталады: ақуыз аз болған сайын оның
сапасы жоғары болады. Темекінің жоғары сорттарында көмірсулар 11-13 %,
ақуыз – 7%.

Темекінің никотині хром қышқылымен тотыққанда, кейбір фармацепттік
препараттарды синтездеуге қолданылатын никотин қышқылына айналады. Демек,
ол емдік заттар алу үшін медицина өнеркәсібінде де қолданылады.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық
ерекшеліктері. Темекі (Nicotiana tabacum L.) – Алқа тұқымдасына
(Solanaceae) жатады, 100-ден аса ботаникалық түрлері бар, бұтасының пішіні
цилиндр, эллипс, сопақша, конус немесе кері конус тәрізді болып келетін,
бір жылдық дақыл. Темекінің мәдени екі түрі белгілі: нағыз темекі (Nicotina
tabacum L.) және қара (көк) темекі (Nicotina rustica L.). Олардың жабайы
түрлері белгісіз (Сурет 48).

Сурет 1. Темекі. 1, 2-гүлдену және көктеу кезеңіндегі өсімдіктер; 3-өсімдік
сабағының басында орналасқан гүл шоғырлары мен жапырақтар; 4-жемісі; 5-
тұқым (сол жақта үлкейтілген).

Өсімдік кіндік тамырлы. Тамыры топыраққа 1,5-2 м тереңдікке
бойлайды. Сабағы – түзу, жұмыр, жоғары жағы тармақталған, биіктігі 1-2 м.

Жапырақтары – ірі, сағақты немесе сағақсыз, шеті бүтін, сопақ,
жұмыртқа тәрізді немесе эллипс пішінді, үшкір, тегіс немесе бұдыр бетті.
Бір өсімдікте 25-50 және одан да көп жапырақтар болады. Жапырақтары мен
сабағының желімді қысқа түктері бар.

Гүл шоғыры – қалқан тәрізді сыпыртқы гүл. Гүлдері – қос-жынысты,
сағақты, гүлсерігі бар. Тостағаншасы – қоңырау тәрізді. Күлтесі –
тостағаншадан ұзын, сырты қалың түкті. Күлте түтігі ақ, бүгілген жері
алқызыл немесе қызыл. Аналық ауыз екі қалақты. Аталығы – бесеу.

Темекі өздігінен тозаңданатын өсімдік болғанымен, айқас тозаңдануы
да мүмкін.

Жемісі – екі ұялы, көп дәнді, сопақ, қоңыр түсті, піскенде жарылып
кететін қауашақ.

Тұқымы – сопақ, қара-қоңыр, ұсақ, 1000 дәннің массасы 0,05-0,12 г.

Темекі жылу, ылғал, жарық сүйгіш және қоректік заттарды көп қажет ететін
өсімдік.

Оның тұқымы 10-12°С жылылықта өне бастайды. Өсіп-жетілуіне оңтайлы
температура 25-30°С. 35°С жоғары температурада өсуі тоқтап қалады. Жас
өсімдіктер – 2-3°С бозқырауда (үсікте) опат болуы мүмкін. Бірақ ол күздегі
қысқа мерзімді төмен температураның әсеріне төзімді.

Темекі-жарықсүйгіш өсімдік, ұзақ күндік жағдайда жақсы өсіп
жетіледі, бірақ оның ген қорында қысқа күндік формалары да кездеседі. Жарық
жеткілікті болмаса, оның өсіп-жетілуі тежеледі, сапасы нашарлайды.
Көлеңкелеп өсіру тәсілі сигаралық темекі өсіргенде қолданылады, өйткені
көлеңкелі жағдайда өскен темекі жапырағының тақтасы жұқа және көлемі үлкен
болып қалыптасады.

Темекінің өсуіне топырақтың далалық төменгі ылғал сусыйымдылығы
(ТЫС) 65-70% болғаны дұрыс. Ылғалдың ең көп қажеттілігі көшет отырғызу мен
оның шанақтануы аралығында. Осы кезеңдерде ылғал жетіспесе, есімдік
жапырақтарының көлемі кішірейіп, мерзімінен бұрын пісіп, өнімі төмен түсіп
кетеді және оның сапасы нашарлайды. Ылғал шамадан артық болса, әсіресе ауыр
сазды топырақтарда темекі егісіндегі өсімдіктер тұншығады.Темекінің
транспирациялық коэффициенті – 500-600.

Ол қоректік заттарды да көп пайдаланады. Гектарына 15 ц жапырақ
өнімін түзу үшін шамамен 90 кг азот, 25 – Р2О5, 70 кг К2О және 100 кг-нан
аса СаО пайдаланады.

Темекіге механикалық құрамы жеңіл, құрылымды, қара-шіріндісі онша
көп емес топырақ оңтайлы деп есептеледі. Мол қарашірінділі топырақта
темекінің сапасы нашарлап кетеді. Темекіні ауыр сазды, тұзды және
батпақтанған жерлерге өсіруге болмайды. Натрийдің, әсіресе қальцийдің хлор
қосылыстары темекінің жану қасиетін төмендетеді.

Темекі өсірудің екі кезеңі ажыратылады: бірінші – жылыжайда
тұқымнан көшет өсіру, екінші – көшетті танапта өсіру. Көшет өсіру 35-45
күнге созылып 5-6 нағыз жапырақ пайда болғанда аяқталады. Екінші кезең –
көшетті танапқа отырғызғаннан жоғары қабат жапырақтарының техникалық
пісуіне дейін – 80-120 күнге жалғасады.

Темекі онтогенезі 10 кезеңге бөлінеді: тұқымның тыныштық кезеңі,
өнуі, көктеуі, тамырлануы, көшеттің қалыптасуы, көшеттің танапта жерсінуі,
өсімдік қалыптасуы, гүлдену, тұқымның түзілуі және пісуі, жапырақтардың
түзілуі және пісуі.

Тұқымның тыныштық кезеңі. Темекі тұқымы 12-150С температурада,
ауаның ылғалдылығы 60-70%, құрғақ қоймада сақтағанда өзінің тіршілік
қабілетін 4-6 жыл сақтайды.

Тұқымның өнуі үшін қажетті мөлшерде ылғал (ең төмен ылғал
сыйымдылығынан 80%-дан кем емес) және жылылық (25-280С) қажет, мұндай
жағдайда тұқым бір тәулік ішінде бөрітеді, ал 2-3 күннен кейін көктей
бастайды.

Көктеу.Бұл кезең жер бетіне тұқым жарнақтары көктеп шыққаннан
алғашқы нағыз жапырақ пайда болғанша жалғасады. Өсімдік көгі тұқым
бөрткеннен 4-6 күннен кейін, ал алғашқы нағыз жапырақ одан 6-8 күннен соң
пайда болады. Тамырдың ұзындығы 0,8-1,2 см-ге жетіп бұтақтана бастайды.

Көшет көгінің тамырлануыбірінші нағыз жапырақ пайда болғаннан,
екінші нағыз жапырақ пайда болғанға дейін жалғасады. Бұл кезең 5 күнге
дейін созылады, өсімдік сабағы өспей тек тамыры қарқынды дамып 7-8 см-ге
жетеді.

Көшеттің қалыптасуыүшінші нағыз жапырақ пайда болғаннан 5-6 нағыз
жапырақ пайда болғанға дейін жүреді. Бұл кезде өсімдіктер бір-біріне
көлеңке түсіре бастағанның салдарынан жапырақтар тікірейіп жерден көтеріле
бастайды, сондықтан темекішілер оны құлақтану кезеңі деп атйды. 20-25 күн
ішінде көшет сабағының биіктігі 7-8 см-ге жеткенде, тамыры 15 см-ге дейін
бойлап өседі, 5-6 жақсы дамыған жапырақ пайда болады. Мұндай көшет танапқа
отырғызуға дайын болып есептеледі.

Көшеттің танапта жерсінуі10-15 күнге созылады, тамыры 20-25 см
тереңдікке бойлайды.

Өсімдіктердің қалыптасуы.40-50 күн ішінде темекі өсімдіктері
қарқынды өсіп, жаңа жапырақтар пайда бола бастайды. Синтезделген қоректік
заттар өсімдіктің жер беті мүшелерінің өсуіне жұмсалады.

Гүлденуорталық шанақ пайда болғаннан 8-10 күннен кейін басталады,
әр 1-3 күнде жаңа гүлдер пайда болады. Бір өсімдік 25-35 күн гүлдейді.

Тұқымның түзілуі және пісуі.Көптұқымды жеке қауашақ 18-22 күн
түзіледі. Жоғары сапалы тұқым түзілуі үшін 25-280 Стемпература қажет.

Жапырақтардың түзілуі және пісуі. Кезекті жапырақтар әрбір 1-2
күнде пайда болады және 20-25 күн ішінде өз көлемінің өсу шегіне жетеді.
Жапырақ өзінің тіршілік қабылетін 25-30 күн сақтайды да сола бастайды.
Жапырақтардың тіршілік қабылеті тоқтағаннан кейін оларда пластикалық
заттардың синтезінен гөрі жиналған қоректік заттар қорының жоғарғы
қабаттардағы жапырақтарға ағуы басым болады, оның салдарынан жапырақтардағы
құрғақ зат мөлшері азаяды. Сондықтан, жапырақ жинауды синтез бен ағу
үрдістері тепе-тең болған кезде жүргізу керек. Бұл кезеңді жапырақтың
техникалық пісу кезеңі деп атайды.

Сорттары.Өндірісте темекінің 9 сортотипке жататын 40-тан астам
сорттары пайдаланылады. Кең тарағандары: Дюбек, Американ, Самсун,
Трапезонд, Остролист (Ұшқыржапырақ), Соболчтік, Вирджиния, Берлей және
Сигарлық ж.б. Алғашқы сегізі папирос пен сигарет өндіруге пайдаланылады
олар өсіру жағдайына және кептіру әдісіне қарай қ а ң қ а л ы қ және х о ш
и і с т і болып екі топқа бөлінеді.

Қаңқалық шикізат темекі өнімдері өндірісінде негізгі материал
ретінде пайдаланылады. Түтінінің иісі бейтарап және темекінің дәмі мен
күшіне әсер етеді.

Хош иісті шикізат қаңқалық шикізатқа қосылып оның өзіне тән дәмін,
иісін қалыптастырады.

Дюбек, Американ, және Самсун сортотиптерінен хош иісті шикізат,
Трапезонд, Остролист, Соболчский, Вирджиня және Берлей сортотиптерінен
қаңқалық шикізат өндіріледі.

Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген темекі сорттары: Дюбек 44-07,
Дюбек 13, Талгарский 25 және Талгарский 28.

Өсіру технологиясы және өнімді жинау.Темекі дақылының тұқымы өте
ұсақ және егістікте қалыпты өніп көктемейтіндіктен оны көшеттік әдіспен
өсіреді.

К ө ш е т ө с і р у. Шаруашылықтарда көшет өсіру үшін
көшетжайлар құрылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 1 га ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекі өсіру технологиясы
Темекіні өсіру технологиясы
Темекі дақылы
Өсімдіктердің биотехнологиясы. Өсімдік жасушаларын мәдени өсіру
Молдовия
Қантты дақылдар
Темекі өсімдігін модель есебінде IN VITRO және IN VIVO микроэлементтерді жағдайында өсіргенде қолдану технологиясы және оның экологиялық маңызы
Биотехнологияның мақсаты мен міндеттері
Нарық талабына сай өсімдік шаруашылығының мамандануы
Биотехнологиялық объект ретінде өсімдік жасушаларын өсіру
Пәндер