Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι.ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері

ΙΙ.ТАРАУ. «АЛТЫН ЖІП» АҚ.НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫМЕТІ МЕН БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ АНАЛИЗ
2.1 Касіпорынның технико.экономикалық мінездемесі
2.2 «Алтын жіп» АҚ .ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайына талдау жасау

ΙΙΙ.ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.
Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.
Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:
-«банкроттық» ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық мазмұнын ашу;
-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;
-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;
-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;
Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.
Зерттеу пәні банкроттықтың алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.
Зерттеу жұмысының әдістемесі мен әдістеріне негізінен отандық және шетелдік ғалымдардың осы мәселе бойынша еңбектері мен ғылыми мақалалары, сонымен бірге ғылыми семинарлар мен конференциялар материалдары, баспа жариялымдары, т.б. жатады.
Зерттеу әдістемесі жүйелілік, салыстырмалық, болжау, талдау, т.б. әдістерге негізделген.
Жұмыстың зерттелу барысындағы ақпараттық негізі Қазақстанның заңшығарушылық актілері мен нормативтік құжаттары, банкроттық кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру сұрақтары бойынша мәліметтер, сонымен қатар әсіресе орыс ғалымдарының кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау мен банкроттыққа жол бермеу шаралары бойынша ғылыми еңбектері мен оқу құралдары.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу барысында жаңа қорытынды деп танылған ұсыныстар көрініс тапты, атап айтсақ:
-отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастарын талдау мен жүйелеу негізінде «банкроттықң ұғымының нарықтық экономиканың объективті экономикалық феномені ретінде мәні анықталды;
-кәсіпорынның «банкроттық» алдындағың жағдайының пайда болуын негіздейтін факторлары мен белгілері сипатталды;
-кәсіпорындағы банкроттыққа дейінгі кезеңнің тұрақтылығын сақтау мен банкроттыққа қарсы басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстардың жүзеге асуы;
Сонымен бірге жұмыстың жазылу барысында зерттеу тақырыбы бойынша негізгі көрсеткіштер кестелер, сызбалар, суреттер мен графиктермен сипатталған, сонымен қатар соңғы деректерге сәйкес статистикалық мәліметтермен толықтырылған
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың Заңы;
2. Дүйсенбаев Ш., Төлегенов Ә.Т., Жумагалиева А.Т., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауң, Алматы 2001 ж.
3. Ковалев А.П. «Финансовый анализ и диагностика банкротстваң Учебное пособие, М.-1994г.
4. Антикризисное управление, Под ред. Э.М. Короткова, 2003, 95 б.
5. Казахстан:1992-2002ж.ж.Информационно-статистический сборник, Алматы, 2002 ж.
6. Ковалев А.П. «Анализ финансов по состоянию предприятия». М. 1995, 54б.
7. «Қаржы-қаражат» №3, 2003.
8. Бердалиев К.Б.,Тұрсынбаева А.А. «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі» Алматы-2002ж.;
9. Под ред. Жатканбаева Е.Б.Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001ж.;
10.Бердалиев К.Б. « Қазақстан экономикасын басқару» А-2001
11.«Антикризисное управление и банкротство» Мухамбетов Т.Ж., Алматы 2002.
12.Евразийское сообщество, №2, 2003,. «Антикризисное управление».
13.Под ред. Грязновой А. «Антикризисный менеджмент», М. 1999.
14.«Қаржы-қаражат»,№2 2002.
15.. Под ред. Жатканбаева Е.Б.Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001ж.;
16. Под ред. Смаилова А.А. Казакстан 1991-2001 г.г. Информационно-аналитический сборник, Алматы-2001ж.;
17. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиции. Анализ отчетности, М. 1995 г. №1-2, С. 13.
18.Государственная программа развития и поддержки малого предпринимательства в РК на 2001-2002г.г.,Астана, Казахстанская Правда ,2001г. 11 май;
19.Егемен Қазақстан газеті, 27.12.2002ж.;
20.Егемен Қазақстан газеті, 05.04. 2003ж.;

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
2. Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу
себептері

ΙΙ-ТАРАУ. Алтын жіп АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық
мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі
2.2 Алтын жіп АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық
жағдайына талдау жасау

ΙΙΙ-ТАРАУ.КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ
1. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің
экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер
орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның
банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму,
жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық,
кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында
банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою
үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде
құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және
қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап
айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті,
өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған
байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың
көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының
ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.
Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру
мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы
басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің
бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың
сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы
нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты
төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар
сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.
Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің
балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының
тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі
көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және
қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға
бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық
құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Сондықтан бұл жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы,
төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын
анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып
табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай
міндеттері:
-банкроттық ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтық
мазмұнын ашу;
-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен
белгілерін анықтау;
-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;
-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;
Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға
болады.
Зерттеу пәні банкроттықтың алдын алу шаралары бойынша теориялық және
практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің
жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.
Зерттеу жұмысының әдістемесі мен әдістеріне негізінен отандық және
шетелдік ғалымдардың осы мәселе бойынша еңбектері мен ғылыми мақалалары,
сонымен бірге ғылыми семинарлар мен конференциялар материалдары, баспа
жариялымдары, т.б. жатады.
Зерттеу әдістемесі жүйелілік, салыстырмалық, болжау, талдау, т.б.
әдістерге негізделген.
Жұмыстың зерттелу барысындағы ақпараттық негізі Қазақстанның
заңшығарушылық актілері мен нормативтік құжаттары, банкроттық кәсіпорынның
қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру сұрақтары бойынша мәліметтер, сонымен
қатар әсіресе орыс ғалымдарының кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау мен
банкроттыққа жол бермеу шаралары бойынша ғылыми еңбектері мен оқу
құралдары.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу барысында жаңа қорытынды деп
танылған ұсыныстар көрініс тапты, атап айтсақ:
-отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастарын талдау мен жүйелеу
негізінде банкроттықң ұғымының нарықтық экономиканың объективті
экономикалық феномені ретінде мәні анықталды;
-кәсіпорынның банкроттық алдындағың жағдайының пайда болуын
негіздейтін факторлары мен белгілері сипатталды;
-кәсіпорындағы банкроттыққа дейінгі кезеңнің тұрақтылығын сақтау
мен банкроттыққа қарсы басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстардың жүзеге
асуы;
Сонымен бірге жұмыстың жазылу барысында зерттеу тақырыбы бойынша
негізгі көрсеткіштер кестелер, сызбалар, суреттер мен графиктермен
сипатталған, сонымен қатар соңғы деректерге сәйкес статистикалық
мәліметтермен толықтырылған.

Ι-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі оның қаржы-
экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық
кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс
таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен
немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралың 07.04.1995 жылғы № 2173
Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын
қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен
бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау
жатады.Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы,
ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың,
мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі
немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты
ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен
міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың
алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында
орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің
жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз
байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық –
кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің
құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық
(итальян сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның
немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге
дәрменсіз болуы .
Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша –
борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс
құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.
Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық – шаруашылық
субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша
төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.
Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша – нарықтық экономиканың қалыпты
құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес
нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.
Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің
балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының
тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі
көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және
қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жақсартуға
бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды
сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық –
ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы
міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға
дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның
төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың
негізі соттың дәрменсіз деп тануы.
Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер төлемқабілетсіз және дәрменсіз
түсініктеріне нақты жауап берген: төлемқабілетсіз – деп борышкердің өтеу
мерзімі бойынша қаржы міндеттемелрі мен басқа да қарсы сипатындағы
талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз – деп кәсіпорынды банкрот деп тану
мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын
қанағаттандыра алмауы.
Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру
мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы
басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің
бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың
сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы
нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Экономика-құқықтық тұрғыда банкроттықты қарастыруда оны таза
экономикалық, немесе таза құқықтық деп бөлуге болмайды.
Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық
субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен
бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни
бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші
– фирмалар теориясына негізделеді.
Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын
экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттықы ретінде қарастырады,
ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға
душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы.
Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан
туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық
аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс
ретіндегі банкроттық.
Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы
соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын
төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып
табылады.
Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің
қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен
сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда
заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай
жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс
(жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).
Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында
кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.
Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р.
мен Брю бойынша жеке қызығушылық: әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді
іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын
максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады.
Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.
Кәсіпкерліктің соңғы нәтежиесі-өндірілген өнім мен қызмет болып
табылады. Жалпы кәсіпорынның табысты дамуын қарастыруға болады,ол 4
сатыдан тұрады :
1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.
Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер
өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-
пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі
бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет
әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау
іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
2) Бизнес-жоспарды құру.
Бизнес-жоспарды құру -күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық
сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг
жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып
табылады.
3) Қажетті ресурстарды табу.
Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы
деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен
байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
4) Құрылған кәсіпорынды басқару.
Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің
басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың
шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім
қабылдаудан тұрады.
Ал жалпы жаңа кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін
және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау
процесиері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын енгізу
мәселелері шешіледі,
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның ұйымдастырушылық
құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын,
басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.
ған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің
ықтималдығы. Шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және
шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы жатады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да
бар және олар келесідей:
1) Мақсатты анықтау.Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды болады.
Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен.Ал
Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап
етеді Біріншісі-қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу.
Екіншісі-сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.
2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету
құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару
сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.
3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда
шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-
ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа
мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда
ғылыми тәсіл қолданылады.
4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қаіп-қатер де, адамдарды
жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.
5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз
болады,яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым
өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы
тиіс.
6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар,
сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы,
кәсіпорындардың шамалары.
7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері- ол қызмет еркіндігі,
субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қстар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде
тәуелсіздік.
8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс
бағдарламасын қарастыруда көрінеді,мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік
түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.
Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:
1) қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
2) өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен
тәжірибесі болу;
3) өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды
ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,
4) экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік
мәдениетті, тәжірибелі болу,
5) өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге
бару,
6) талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар
болуы.

Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты
жіктелінеді:
біріншіден, көлемі бойынша:-шағын,орта,ірі;
екіншіден, меншік түріне қарай:-жеке, мемлекеттік және аралас;
үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық,
халықаралық;
төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс,
көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік, коммерциялық,
қаржылық, кеңестік;
алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;
толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
біріккен кәсіпорындар формалары;,
акционерлік қоғамдар.
Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш
негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік,
корпорациялар.
1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім
қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жкек жауапкершілікті алатын, өндірісті
ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға
таяу жекеше шеруашылықтар болған.
Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық
бақылауы.
Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары
үшін жеке жауапкершілік.
2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе бірнеше кәсіпкерлер кәсіпорын үшін
бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түрі болып
саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам
серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.
Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей иелік
етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.
Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет
көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске
байланыссыз болады.
3)Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады.
Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның
қаржылық қызметі шектелген.
Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды іске қатыстыру
мүмкіншілігі, корпорацияның иелері ешқандай материалдыжауапкершілікке
тартылмайды.
Кемшіліктері: акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару
ісіне қатыса алмайды,салық жалпы табысқа салынуымен қатар әрбір акция
иелерінің дивидендіне де салынады.

1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу
себептері

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің
балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының
тиімсіз болуынан туындайды.
Жалпы абсолютті төлемқабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жоқ және
капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлемқабілетті
кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі міндеттемелердің
мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды
болады.Сондықтан кәсіпорынның төлемқабілетсіздігінің негізгі себептеріне, 1-
ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден,
міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады .
Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады,
егер:
-тауарбастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы
жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне деген
сұраныс азаяды;
-жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының (невозврат) өсуі, яғни
кәсіпорын сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып
алушыларды еріксіз таңдағанда орын алады;
-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т.б. шектеулер орнату арқылы
рынокты шектеу;
Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:
-кәсіпорынның тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы;-
кәсіпорынның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс
істемейтін қорлармен жүктеуі; -кәсіпорын құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп
айырысулармен жүзеге асырылуы; -кәсіпорынның зиян шегуі;
Жоғарыдағы аталған төлемқабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны
мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы
есептесу қыиндықтарына душар болған барлық кәсіпорындарға тән.
Сонымен бірге, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан
жағдай қиындайды.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан
артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы
айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы,
яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне
ұшырайды.
Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті
себептері бар.
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
-экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының,
қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
-инфляцияның аса жоғары деңгейі;
-фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
-бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған
сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі
және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;
2. Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:
-банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;
-жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық
зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
-өндіріс көлемінің төмендеуі;
-ұқсас бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің
бағаларының жақындауы;
-ақталмаған жоғары шығындар;
-өнімнің төменгі рентабельдігі;
-өндіріс циклының өте көлемді болуы;
-үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
-ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы
жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік танытпауы, инвестициялық, бағалық,
қаржылық саясаттың тиімділік таңдай алмауы;
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік
қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған
елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі мезанизмі
қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
-банкроттықты құқықтық реттеу;
-кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім
қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық
қамтамасыз етілуі;
-келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында
төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
-банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
-кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын
қамтамасыз ету;
Реселік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни кәсіпорын
дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық және
сапалық.
1) Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол банкроттықты
болжауға мүмкіндік беретін – z-есебің, оның негізінде қаржылық
көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:
“Z есебі” = айналым капиталыактивтер * 1,2 + бөлінбеген
пайдаактивтер *1,4 + өндірістік пайдаактивтер * 3,3 + акцияның нарықтық
құныактивтер * 0,6 + сату көлеміактивтер * 1; (1)
Банкроттықтың ықтималдығы:
“Z есебі” = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;
“Z есебі” = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;
“Z есебі” = 2,8 – 2,9 – мүмкін,
“Z есебі” = 3,0 және одан жоғары болса – ықтималдығы аз.
Z1,81 – банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;
Z3,0 – банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;
2) Банкроттықты болжайтын сапалық факторларға:
-қаржы есебінің нашарлығы және шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;
-өнеркәсіптің құлдырауы;
-компания басшылығының тәжірибемсіздігі;
-ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;
-кәсіпорынды қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-жеткіліксіз сападағы бухгалтерлік және қаржы есебі жүйесі;
-тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті
бейімдеуге қабілетсіздігі;
Кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы
дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық
шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының
негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен
қолданылады.
Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған.
Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген,
оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын
банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін
зерттеген.
Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп
келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың
банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық
коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның
жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:

Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5 (2)

Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттарактивтер;
К2 = бөлінбеген табысактивтер;
К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табысактивтер;
К4 = акцияның нарықтық құныактивтер;
К5 = өткізуден түскен табысактивтер;

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э.
Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін
есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.
Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің
банкроттыққа ұшырап (z 2,675 болғанда) және (z2,675 болғанда)
басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік
береді.
Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол
модельдің дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға
мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды.
-активтердің рентабельбілігі;
-пайданың динамикасы;
-несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;
-ағымдағы өтімділік коэффициенті;
-автономия коэффициенті;
-жиынтық активтер;
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттық
жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол
сыртқы пайдаланушыларда жоқ).
Сонымен бірге банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға халықаралық, ұлттық, рыногтық, ал ішкі факторларға
фирманың бәсекелестік ортасы, қызмет принципі, ресурстар мен оларды
пайдалану, маркетингтік стратегиялар мен саясаты және қаржы менеджменті
жатады. Сыртқы факторлар:
1.Халықаралық факторлар.
1.1.Жалпыэкономикалық: -экономикалық даму циклдылығы;
-дүниежүзілік қаржы жүйесінің жағдайы;-транұлттық банктердің қаржы
саясаты;
1.2.Халықаралық саясаттың тұрақтылығы:-халықаралық келісім-шарт жасасу;
-еркін экономикалық аймақтар құру;-тарифтік келісімдер;
-халықаралық маркетингі.
1.3.Халықаралық бәсеке:-бірлескен кәсіпорындар құру;-лицензиялық сауда;-
фирмлық бәсекенің нарықтығы үлесін арттыру;
2.Ұлттық факторлар.
2.1.Саяси:-қаржы жүйесінің жағдайы;-меншікке деген қатынас;-мемлекеттік
жер саясатының принциптері;-мемлекеттің кәсіпкерлікке қарым-қатынасы;-
салық саясаты;-монополизмді шектеу;-бәсекені қолдау;-тұтынушылар мен
кәсіпкерлерді құқын қорғау шаралары;
2.2.Экономико-демографиялық факторлар:-халықтың табысының деңгейі;-сатып
алушылардың қабілеттілік денгейі;-несие алу мүмкіндігі;-кәсіпкерлік
белсенділігі;
3.Рыногтық факторлар.
3.1.Психологиялық:-тұтынушылардың таңдауы, талғамы, әдеттері мен
дәстүрлері, тұтынушы нормасы;
3.2.Ғылыми-технологиялық:-технологи ялық жаңалықтар;-өнімнің бәсекелік
қабілеттілігі; (денгенмен банкроттықтың ең күшті сыртқы факторы
технологиялық өзгерулер-ірі ғылыми-технологиялық қозғалыстар болып
саналады). Ішкі факторлар:
1.Фирманың бәсекелік ортасы:-саланың қызметінің мақсаты;-дәстүрлер,
репутация және имидж;-персоналдың біліктілік құрамы;-нарықтағы үлесі және
циклдық кезеңдері.
2.Қызметтің принциптері:-меншік формасы;-басқарудың ұйымдастырушылық
формасы;-инновациялық қызмет;-өндірісті басқару жүйесін ұйымдастыру;-
өндірістің диверсификациясы.
3.Ресурстар мен оларды пайдалану:-өндірісітің әдістері мен құрылымын
жетілдіру;-өндірістік циклдың ұзақтылығы;-өндірістік қорладың денгейі;-
қаражаттар айналымы.
4.Маркетингтік стратегиялар мен саясаты:-нарықты сегменттеу;-тауар
саясаты;-баға саясаты;-өткізу, сату саясаты;-стратегиялық мақсаттар мен
сатуды болжау.
5.Қаржы менеджменті:-баланстың құрылымы;-төлемқабілеттілік;-өтімді лік;-
капиталдың құны.
Сонымен қатар келесі сызбада ұйымдағы банкроттықтың субьективті және
обьективті себептері көрсетілген.

Сызба-1 Ұйымдағы дағдарыстың субьективті және обьективті себептері.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан
артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы
айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы,
яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне
ұшырайды 5,9б.
Кәсіпорынның дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы келесі факторларға
байланысты:
1. Акция қаражаттырының қозғалысының жалпы міндеттемелерге қатынасын
көрсететін көрсеткіштің айтарлықтай шамасы;
2. Төмен рентабельдік
3. Тұрақсыз табыс
4. Акционерлік қоғамдық акциясының бағасы бірден төмендеуі;
5. Дивиденд төлемдерінің азаюы;
6. Тұрақты шығындардың жалпы шығындарға қатынасының жоғарғы көрсеткіші;
7. Акцияның нарықтық құны мен оның баланстық құны арасындағы айырмшылықтың
орны алуы;
8. Айналымнан тыс активтердің қажетті деңгейін қолдауда қабілетсіздік
таныту
9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;
Ал сапалық факторларына:
1.Қаржы есебі жүйесінің нашарлығы және шығындарды бақылауға қабілетсіздігі;
2. Басшылық тәжірибесіздігі
3. Міндеттемелерін уақытылы өтей алмау;
4. Заңсыз іс-әрекеттердің орын алуы;
5. Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту;
6. Қосымша қаржылану көздерін алуға кәсіпорынның қабілетсіздігі;
7. Басшылықтың сыртқы ортадағы өзгерістерге тез бейімделе алмауы;
8. Бухгалтерлік және қаржы есебінің жеткіліксіз сапалы жүйесі;
9. Қарыз келісім-шарттарын жиі қарау;
10. Жалға беру мен жалға алу келісім-шарттарын жиі құрастыру;

Америка Құрама Штатында кәсіпкерлікті тұрақты түрде мемлекеттік
қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық
базаға негізделген. Солардың бірі “шағын бизнес туралы заң”. Америка Құрама
Штатының когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады.
Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау.Әрбір штатта
әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын
бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге
көмектеседі.
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының негізгі
бағыттарының бірі-ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта
жүзеге асырылады:
1)бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;
2)қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған және ол
шағын кәсіпкерлікке қаржылық,кеңестік,материалдық көмектеседі,
кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.Шағын Бизнес Әкімшілігі
шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
1) халықаралық саудада көмек;
2) ғылыми-техникалық зерттеулер;
3) әйел-кәсіпкерлерге көмектер;
4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;
5) ұлттық кәскерлікті дамыту және т.б.

ΙΙ-ТАРАУ. Алтын жіп АҚ-ның шаруашылық қызыметі мен банкроттық
мүмкіндігіне анализ
2.1 касіпорынның технико-экономикалық мінездемесі

Алтын жіп АҚ трикатажды өндіріске орта нөмірлі мақта қағазды тоқыманы
өндіретін маманданған кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорын 1942 жылы Мәскеу аймағындағы Реутовский және
Краснополянский тоқыма мақта фабрикаларының құрал – жабдықтарының негізінде
құрылды. Алғашында кәсіпорын шет елдік Говард-Булло мен Платт
фирмалардың 1895-1905 жылдары шыққан, қуаттылығы 12 мың тоқыма құрайтын,
тоқыманың шығарылымы 222 тоннадан аспайтын, құрал – жабдықтарымен
жабдықталған еді.
Алтын жіп АҚ – дағы жұмыстар үнемі жаңа құрал – жабдықтардың,
механизацияның және өнімнің автаматизациясы арқылы жүргізіледі.
Технико-экономикалық көрсеткіштердің динамикалық өзгерістері 1- кестеде
көрсетілген.

1- кесте. Алтын жіп АҚ 2004-2005 жылдарға арналған технико-экономикалық
көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер Өлшем 2004 ж 2005 ж Ауытқу
бірлігі
1 Өткізілген өнімнен мың. тг 18022,6 25564,5 141,8
түсетін табыс
2 Өткізілген өнімнің мың. тг 20685,5 23449,6 113,4
өзіндік құны
3 Жалпы табыс мың. тг (-2662,9) 2114,8 -
4 Кезең шығындары мың. тг 12197,3 11368,9 111,5
5 Таза табыс мың. тг (-10036,2) (-5687,0) -
6 Негізгі құралдардың мың. тг 50141,7 37045,4 73,9
орташа жылдық құны
7 Еңбек ақы қоры мың. тг 61555,3 76090,3 123,6
8 Жұмысшылардың орташа адам 353 321 90,9
саны
9 Бір жұмысшының орташа тг 14531 19753,4 125,7
айлық еңбек ақысы
10 Өткізілген өнімнің 1 тгтг 1,14 0,92 80,0
шығыны
11 Бір жұмысшының еңбек мың. тг 51,05 79,64 144,3
өнімділігі
12 Жұмыскерлер саны адам 60 59 1

1-ші кестеде көрсетілгендей 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда
өнімді өткізуден тускен табыс 7541,9 мың теңгеге өскен,ол 41,8% құрайды.
Өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 2764,1 мың теңгеге немесе 13,4% - ға өскен,
ол 23449,6 теңге. Сонымен қатар жалпы табыстың өскен, ол 4777,7 мың теңгеге
өскен, яғни 2114,8 мың теңге, сонымен қатар кезең шығындары да 11368,9 мың
теңгеге , яғни 11,5% - ға өсті. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
37045,4 мың теңгеге төмендеген. Анализ көрсеткендей жұмысшылар саны 32
адамға және жұмыскерлер саны 1 адамға азайған.
2004 жылы жұмысшылардың жалпы саны 353 адам, ал 2005 жылы -321
адам, немесе 9,1%-ға төмендеді.
Сонымен қатар 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1 жұмысшының
еңбек өнімділігі 132,92 немесе 44,3%- ға өсті. Еңбек ақы қоры 1454 мың
теңгеге жоғарылады, яғни 23,6% -ға өсті. Орташа айлық еңбек ақы 2004 жылмен
салыстырғанда 11535,0 теңгеге өсті, яғни ол 123,6%.
Жұмыстың қортындысы мен өндіріске кеткен шығындарды 1 теңгеге
кеткен шығындардан көре аламыз. Бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1,14 теңге, ал
2005 жылы 0,92 болды, яғни -0,22 теңгеге немесе 20%- ға төмендеген.
Негізгі капиталдың қолданылу деңгейі, бір жағынан технологиялық саясаттың
прогрессивтілігімен, ал екінші жағынан өнімнің шығарылу технологиясымен
анықталады. Мұндай жағдайда басшылыққа, ең алдымен негізгі қорлардың қалай
қолданылып жүргенін анықтау қажет.
Бұл көрсеткіштерді жүзеге асыру үшін негізгі капиталды қолдануға
біртұтас жүйе құрылған.
Бұл көрсеткіштердің ең маңыздысы қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы.
Қор қайтарымы өнімді өткізіден түскен табысты негізгі қорлардың орташа
жылдық құнына қатынасымен анықталады.
2-кесте 2004-2005 жылға негізгі капиталдың қолданылу көрсеткіштері

Өсу
№ Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2004 ж 2005 ж қарқыны %
1 Қор қайтарымдылық
Тенге 0,35 0,69 191,7
2 Қор сйымдылық Тенге 2,78 1,44 52,2
3 Қормен қарулану Тыс.тенгеадам 835,7 627,9 75,1
4 Тозу коэффициенті
% 60,5 60,5 100
5 Жарамдылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Кәсіпорынның тәуекелділігін болжау
Банкроттықтың негізгі рәсімдері
Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту
Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау
Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілеттіліктерін бағалау
Қаржылық ағымдардың талдауы
Пәндер