Қаржылық есеп берудің



Кіріспе
2.1 Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы түсінік
Негізгі бөлім
2.2 Есептік цикл және оның мақсаттары
2.3 Қаржылық есеп беру және қағидалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушысы және дамутышысы француз монахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы «Шоттар және жазулар» деген трактат жазған. Ал бухгалтер термині ХV ғасырда Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есеп . ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт.бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады.
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын рөлі ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Казақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай.ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттері белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
1.В. К. Родостовец, Т. Ғ. Ғабдуллин, В. В. Родостовец, О. И. Шмидт “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” Алматы 2002 ж.
2.Сәтмырзаев А.А., Укашева Б.Е. “Аудиттің теориясы” Оқу құралы, Алматы, 1998ж.
3Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А. Құдайбергенов, А. Ә.Жантаева “Қаржылық есеп” Оқу құралы “Экономика” 2001 ж.
4.Ғаламтор желісі

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
2.1 Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы түсінік
Негізгі бөлім
2.2 Есептік цикл және оның мақсаттары
2.3 Қаржылық есеп беру және қағидалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
2.1 Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушысы және дамутышысы француз монахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар деген трактат жазған. Ал бухгалтер термині ХV ғасырда Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есеп . ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт.бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады.
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын рөлі ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Казақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай.ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттері белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай.ақ шаруашылық операцияларының барлығын да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.
Негізгі бөлім
2.2 Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады. Есептік циклдағы қадамдар және олардың мақсаттары:
операцияларды немесе фактілерді тіркеу үшін тағайындау, мақсаты-операциялар немесе фактілер туралы алғашқы фактілер түрінде ақпараттар жасау;
бухгалтерлік жазбаларды сәйкес журналдарда тіркеу, мақсаты- журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру;
журналдардан Бас кітапқа көшіру , мақсаты-журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру шоттардағы ақпараттарды сақтау тәсілі;
корректировка жасалған бақылау балансын дайындау, мақсаты-журналдағы жазбалардың дұрыстығы үшін материалдарды дебеті мен кредитінің теңдігін тексеру үшін ыңғайлы тізім жасау;
Бас кітапқа журналдың жазбаларын тіркеу, мақсаты- аударымдардың мерзімі өткен қарыздары, яғни алғашқы құжаттарда көрсетілетін бағалау және басқа да фактілерді тіркеу;
корректировка жасалған тексеру балансын дайындау, мақсаты- дебет және кредиттердің теңдігін тексеру және қаржылық есеп берушіліктерді дайындау;
қаржылық есептерді дайындау, мақсаты- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті балансты және бөлінбеген табыстың есептерін қолдана отырып шешімдер қабылдайтын сыртқы пайдаланушыларға жалпылынған қаржылық ақпараттар беру;
бас журналда шоттардың жабылуынтіркеу;, мақсаты- уақытша шоттарды жабу және таза табыс сомасын бөлінбеген табысқа апарады;
шоттарды жапқаннан кейін баланс дайындау, мақсаты- шоттарды жапқан соң дебеттердің және кредиттердің теңдігін тексеру;
бас кітапта тұрақты шоттардың қалдықтарын тіркеу.

2.3 Қаржылық есеп беудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдай туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив - бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер - бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қазызды төлеу немесе одан бас тарту,ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқысы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу керек. Ұйымның болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе ұйым келісім шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны өтеу жолымен өтеледі, немесе басқа бір активті бенген кезде жойылуы мүмкін.Сондай - ақ міндеттемеден кредиторлың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.
Меншік капиталы - бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс.Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс - бұл есептік кезеңдегі активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы ұйымның табысы болып саналмайды, ал ұйым иелеріне меншік капиталын таратып беру - шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады.
Табыстар - бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай - ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түскен табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыннан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.
кез - келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
баптың құны бар,ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар: бастапқы құны, ағымдағы құны, сату құны, дисконтталған құны, баланстық құны. Ұйым қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады. Қаржылық есеп беруді жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен ауналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жылдың басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасы мен және бөлім топтамаларымен , әрбір баптарымен сәйкестендірілуі тиіс.Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай - ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады. Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.
Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады. Есеп процесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай бухгалтерлік есеп
Шағын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп беруі
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
Қаржылық есеп берудiң экономикалық мазмұны
Қаржылық есеп берудің элементтері
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНА СИПАТТАМА
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы
Пәндер