Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайлары


Жоспар
Кіріспе
2. 1 Қорғаулы топырақ туралы негізгі түсінік
2. 2 Қорғаулы топырақтың міндеті және ерекшеліктері
Негізгі бөлім
2. 2. 1 Дақыл айналымы
2. 2. 2
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қай заманда болсын, адам ағзасына өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына қоса емдік, шипалық қасиеттеріне де назар аударған. Қазіргі кезде топыраққа (жерге) айрықша көңіл аударылып, жерді экономикалық тиімді пайдалана отырып, «денсаулықтың қайнар көзі», және «тағамның музыкасы» атанған көкөніс дақылдарын көптеп өндіру басты мақсаттардың бірі.
Көкөніс шаруашылығы- ашық және қорғаулы топырақтарда көкөністерді өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығының бір саласы, сонымен қатар көкөніс дақылдарының биологиясы мен олардың өнімділігін арттыру мен сапасын жақсартуға бағытталған прогрессивті өсіру технологияларын, еңбек шығыны мен өнімнің өзіндік құнын төмендетуді зерттеумен айналысатын ғылым. Көкөнісші ғалымдар сонымен қатар жаңа көкөніс дақылдарының жақсартылған сорттары мен оларды көбейтудің жаңа әдістемелерін, басқа да сала өкілдерімен бірлесе отырып, көкөніс шаруашылығының экономикасына, ұйымдастыру жұмыстарына және механизациясына жаңалықтар енгізумен айналысады. Көкөніс шаруашылығы ауыл шаруашылығының саласы ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие; солардың ең бастылары: - Көкөністерді егістік жағдайында өсіру (ашық топырақтағы көкөніс шаруашылығы) және жасанды микроклимат жағдайында өсіру (қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы) ; - Көшетпен өсіру әдісі кеңінен қолданылады, өсімдіктер алдын ала оңтайлы қоректік алаңда (аз көлемдегі) өсіріліп, кейіннен көшеттерліп отырғызылады, сондай-ақ көктету, тежеу, өсіру және дозалау жұмыстары жүргізіледі; - Көкөністерді егу қалалар мен өндірістік орталықтар маңайындағы онша үлкен емес жерлерде шоғырланлырылады, сонымен қатар жерді тиімді пайдаланумен қатар, арасында қайталап және тығыздап егу жөнінен өндіріс егістік жұмыстарына қарағанда жоғары өнімді болып келеді. Адамзаттың тағамына пайдалану үшін өсірілетін екпе өсімдіктердің жалпы түрлері 200-дің шамасында. Осының ішінде 100 ден астамы көкөніс дақылдары. ТМД елдерінде көкөніс дакылдарының 70-тен астамы, ал Қазақстанда 50-ге жуығы өсіріледі. ҚР Тағамтану Академиясының мәліметтеріне сай, әр адам жылына орта есеппен 126 кг түрлі көкөніс дақылдарын пайдалану қажет екен. Қазақстандағы көкөніс дақылдарының жыл сайынғы егістік көлемі 110-115 мың га шамасында, оның - 20-22 мың га оңтүстік облыстардың еншісінде. Көкөністердің барлық түрлерінен алынатын жалпы түсім 2, 2-2, 5 млн. тоннаға дейін. Көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі - 17-20 т/га аралығында, бұл көрсеткіш олардың өсіру аймақтарына, түріне, сорттық ерекшеліктері мен агротехнологиясына байланысты 10-12-ден 30-35 т/га дейінгі аралықта ауытқиды.
2. 1 Қорғаулы топырақтар деп - арнай қондырғылары бар, маусымнан тыс, яғни жыл бойы көкөніс өсіруге арналған микроклиматы бар жер үлескілері мен құрылымдарды айтады. Қорғаулы топырақ құрылымдарын культивациялық құрылымдар деп те атайды. Қорғаулы топырақтарға жататындар: жылыжай, булыжай, жылытылған топырақ құрылымдары, оларды кейде қарапайым қорғаулы топырақтар деп те атайды, саңырауқұлақжай - саңырауқұлақтар мен қозықұйрықтарды өндіруге арналған культивациялық құрылымның ерекше бір түрі.
Қорғаулы топырақтар халық шаруашылығының бірқатар салаларында пайдаланылады. Олардың қолданылатын салары:
1. Жеміс (субътропикалық, цитрус), жидек, жүзім өсіруде; 2. Әртүрлі дақылдардың көшеттерін өсіруде; 3. Бағалы жеміс және орман ағаштарының отырғызу материалдарын жеделдетіп өндіруде; 4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда; 5. Жануарларға үстеме қорек ретінде ерте пісетін дәруменді балдырлар өсіруде; 6. Сәндік өсімдіктерді өсіруде және т. б. Көкөністерді қорғалған топырақтарда өсіру халықты жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. Негізінен қорғаулы топырақтарда көкөніс өсіру солтүстік облыстарда аса маңызды. Себебі, онда ашық танапта көкөніс өсірудің табиғи кезеңі оңтүстікке қарағанда қысқарақ.
Қорғаулы топырақтардың маңызы:
1. Көкөністер көшеттерін ашық және қорғалған топыраққтарға арнап дайындау; 2. Ашық танапта көкөніс өсіруге болмайтын кезеңде көкөніс өндіру үшін жергілікті жағдайда пісіп үлгермейтін дақылдар өндіру үшін
2. 2 Қорғаулы топырақтардың міндеттері:
1. Жыл бойы және маусымнан тыс (ашық танаптағы көкөніс өндірудегі уақытты есептемегенде) жоғары сапалы көкөніс өндіру; 2. Көкөніс дақылдарының түрлерін көбейту; 3. Культивациялық құрылымдар үшін көшеттер өсіру; 4. Ашық танапқа арнап көшеттерр дайындау; 5. Жылу сүйгіш дақылдардың жылыжайлық сорттары мен будандарының тұқымын дайындау; 6. Екіжылдық аналық көкөніс дақылдарын ашық танапқа отырғызар алдында өсіріп алу; 7. Ашық танапқа өсірген көкөністерді ары қарай өсіру, пісіріп-жетілдіру; 8. Көкөніс дақылдарын солтүстік аймақтарға қарай көбірек тарату және олардың түрлерін көбейту.
Қорғаулы топырақтардың ерекшеліктері:
1. Жыл мезгілі мен ауа-райы жағдайына қарамастан көкөністерді өсіріп-өндіру техникалық базасының болуына (арнаулы орын, жылыту және қорғаныс қондырғыларығ сумен қамтамасыз ету, жасанды қоректендіру, желдету, жарықтандыру қондырғылары, ауаның келуін реттейтін қондырғылар және т. б. ) байланысты; 2. Қажетті микроклиматты жасайтын қондырғылары мен құрылымдар құнының жоғарылығы; 3. Ашық танаптағы көкөністермен салыстырғанда аз ғана жер бөліктеріне орналастыруға болатындығы; 4. Культивациялық орындардағы аудандарды өте тиімді пайдалану: бір орыннан немесе бір жерден жылына 3-5 рет өнім алуға болатындығы, өсімдіктерді жол жиектері мен стеллаждарға бірнеше қатар етіп орналастыруға болатындығы; 5. Өнімділігінің жоғарылығында, егер ашық танапта қиярдың өнімдіділігі 90тн/га болса жоғары көрсеткіш болып есептелінеді. Ал жылыжайда 250-300 тн/га орташа деп бағаланады. Яғни ір шаршы метрден 40-50 кг, гектарына 400-500 тн өнім алуға болады; 6. Қол еңбегін жоғары деңгейдегі механизациямен ұштастырып қолдануға және өндірістік процестерді электрификациялау, жекелеген жағдайларда жұмыс түрлерін толық автоматтандыруға болатындығы; 7. Әрбір өсімдікке жеке күтім жасауға болатын жерді тиімді пайдалануға бағытталған дақылдардың өндірудің күрделі технологиясын (өсімдікті қалыптастыру, гүлдерді қосымша тозаңдандыру, үстеме қоректендіру, жиі суару және т. б. ) пайдалану; 8. Қорғалған топырақ жағдайларына бейімделген арнайы сорттарды қолдану; 9. Өнім өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы. Ол жасанды микроклимат жасау және күрделі агротехникалық шараларды орындауға кететін материалдық шығындармен анықталады; 10. Еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі және қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі, ол күрделі қондырғыларды пайдалану мен микроклимат жасау, ды білу, сондай-ақ өсімдіктердің агротехникалық талаптарын қатаң орындау болып табылады; 11. Өсімдіктердің тамыры мен қоректену ортасы бірнеше компоненттерден тұрады: оларды субстрат немесе грунт деп атайды. Гидропоникалық әдіспен өсімдіктерді өсіру кезінде топырақ қоспасы орнына инертті материалдар пайдаланылады, яғни олар субстраттарды қоректік ерітінділермен үнемі ылғалдандырып тұрады.
Негізгі бөлім
2. 2. 1 Дақыл айналымы-жыл бойы дақыл өсіру құрылыстарын пайдалану жоспары, онда көшеттер мен жаңа көкөністі өндірудің тапсырмаларын орындау үшін жүргізілнтін алдын алу және ұйымдастыру-шаруашылық шаралар жүйесі ескеріледі.
Дақыл айналымының бірнеше түрі бар:көкөністік-аумағы көкөніс өндіру және көшеттік-көкөністік-көшеттер өсіру үшін бір рет немесе бірнеше рет айналым қолданылады. Булыжай дақыл айналымын жиі кәсек айналымы дейді. Әдетте дақыл айналымы бірнеше дақылдан тұрады. Бір дақылмен жұмыс істеген мерзімді айналым дейді. Жыл бойы бірнеше айналым жасайды, яғни дақылдық құрылыстың аумағы бірнеше түрлі дақылды өсіруге пайдаланылады.
Айналымның жылдың қай мерзіміне келуіне байланысты өсу даму кезеңі ұзақ дақылдар (қияр, қызанақ, бұрыш, қауын, қарбыз) үшін қысқы-көктемгі, көктемгі-жазғы, жазғы-күзгі және өтпелі (күздің басында басталып, аяқталуы келесі көктемде немесе жазда) және өсіп дамуы кезеңдері қысқа дақылдар (ақсүттіген, аскөк, саумалдық) үшін қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі дақыл айналымын ажыратады. Қызанақ пен қиярды қыста-көктемде өсіріп, жинауды жаздың ортасында (шілде-тамыз) аяқтау үшін қысқа айналым және өсіру мерзімі 8-11 айға созылып, қазан- желтоқсанда аяқталатын ұзақ айналым қолданылады.
Айналым бойы жиналынған өнімділікті айналым аумағының өнімділігі дейді.
Дақыл айналымын дайындаған кезде ерекше көңіл сол айналым аумағынан молырақ өнім алуға; дақылдар жиынтығын дұрыс таңдап алуға; өнімнің жинау мерзімін анықтауға:ашық жерден түсетін осындай өнімді ескеріп өнімнің жинау мерзімін анықтауға бағытталады.
Дақыл айналымын ашық жерлер үшін көшеттерді орналастырудан бастайды да, одан кейін негізгі көкөніс дақылдарын орналастырады, сосын қосымша дақылдарды қажетіне қарай қорғаулы жерге кажет көшеттер санын анықтайды да, оларды орналастырады.
Жылыжайларда негізгі дақылдар-қызанақ пен қияр. Бұл екі дақылға, оларды өсіру мүмкіндігіне қарай дақыл айналымында негізгі алаңдарды бөледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz