Қарақұмық дақылы
IКІРІСПЕ
IIНЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қарақұмық дақылына сипаттама
2.2 Қарақұмықты өсіру технологиясы
2.3 Қоймада астықты орналастыру жоспарын жасау
III ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қарақұмық – бағалы және маңызды азық-түлік дақылы. Басқа жармалық дақылдардың ішінде азық-түліктік құндылығы бойынша ол бірінші орынды иеленеді. Азық-түліктік мақсатқа ол негізінен жарма түрінде, шамалы мөлшерде ұн түрінде қолданылады. Қарақұмық жармасы жеңіл қорытылатын ақсылдарға, майларға, минералды заттар мен дәрумендерге бай. Ол жоғары калориялығымен, жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді және диетикалық қасиеттері бар.
Қарақұмық ақуыздары (белоктар) қоректік қасиеттері бойынша дәндібұршақ дақылдарының ақуыздарына жақын. Олар айырбасқа жатпайтын амин қышқылдарының көптігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қарақұмықта тарыға қарағанда лизин он еседей көп. Қарақұмық жемісінде емдік қасиеттерімен сипатталатын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Қарақұмық жармасындағы ақуыздарға жоғары ерігіштік тән. Олардың арасында суда еритіндері (альбуминдер) 58 %, ал тұзда еритіндері (глобулиндер) – 28 %. Салыстыру үшін – бұл қасиеттер тары жармасында тиісінше 5,2 және 5,8 %.
Қарақұмық жемісінің құрамына кіретін майлар тотықтануға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді және соның нәтижесінде тіпті салыстырмалы түрде астығы мен жармасы ұзақ уақыт сақталғанда қаңсымайды.
Қарақұмық жармасындағы органикалық қышқылдар (алма, қымыздық, лимон) және көп дәрумендер құрамы (В1, В2 ,В6, Е, РР ж.б.) ас қорытуды жақсартады, әрі адам ағзасында артық мөлшерде тұздардың жинақталуына кедергі жасайды.
Жеңіл сіңірілетін ақуыздардың айтарлықтай көп мөлшерде болуы және амин қышқылдарының, дәрумендердің, органикалық қышқылдар мен әртүрлі микроэлементтердің қарақұмық жармасы мен ұнынан дайындалатын қоректік азық-түліктің оңтайлы құрамы адам ағзасының физикалық жүктемеге, сонымен қатар радиоактивті және рентген сәулелеріне жоғары шыдамдылық пен төзімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Олар ішек-асқазан ауруларымен, қант диабеті, нефрит, мигрень, жүйке ауруына шалдыққан, жүрек-тамыр ауруларының түрлерінен зардап шегетін балаларға, ересек және ауру адамдарға өте пайдалы, әрі қажетті.
Қарақұмық жармасынан – ботқа (каша), пудингілер, запеканкалар, котлеттер, құймақ, пирогқа салынатын турамалар (фарштар) дайындалады. Қарақұмық ұны құймақ, варениктер, балалардың қоректік қоспаларын, дайындауда қолданылады. Майбұршақпен (қытайбұршақпен) араластырып әртүрлі кондитер өнімдерін, оның ішінде шоколад дайындау өндірісінде пайдаланылады.

1 Ә.І.Ізтаев, О.Н. Нәлеев, М.Ж.Кизатова, С.Т.Жиенбаева, А.Ж.Рустемова. Б.Ә.Ізтаев " Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау" Алматы 2011
2. www.google.kz
3. Ж.С. Жүргенов « Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы » Алматы-2009ж

Мазмұны
IКІРІСПЕ
IIНЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қарақұмық дақылына сипаттама
2.2 Қарақұмықты өсіру технологиясы
2.3 Қоймада астықты орналастыру жоспарын жасау
III ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қарақұмық - бағалы және маңызды азық-түлік дақылы. Басқа жармалық дақылдардың ішінде азық-түліктік құндылығы бойынша ол бірінші орынды иеленеді. Азық-түліктік мақсатқа ол негізінен жарма түрінде, шамалы мөлшерде ұн түрінде қолданылады. Қарақұмық жармасы жеңіл қорытылатын ақсылдарға, майларға, минералды заттар мен дәрумендерге бай. Ол жоғары калориялығымен, жақсы дәмдік сапасымен ерекшеленеді және диетикалық қасиеттері бар.
Қарақұмық ақуыздары (белоктар) қоректік қасиеттері бойынша дәндібұршақ дақылдарының ақуыздарына жақын. Олар айырбасқа жатпайтын амин қышқылдарының көптігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қарақұмықта тарыға қарағанда лизин он еседей көп. Қарақұмық жемісінде емдік қасиеттерімен сипатталатын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Қарақұмық жармасындағы ақуыздарға жоғары ерігіштік тән. Олардың арасында суда еритіндері (альбуминдер) 58 %, ал тұзда еритіндері (глобулиндер) - 28 %. Салыстыру үшін - бұл қасиеттер тары жармасында тиісінше 5,2 және 5,8 %.
Қарақұмық жемісінің құрамына кіретін майлар тотықтануға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді және соның нәтижесінде тіпті салыстырмалы түрде астығы мен жармасы ұзақ уақыт сақталғанда қаңсымайды.
Қарақұмық жармасындағы органикалық қышқылдар (алма, қымыздық, лимон) және көп дәрумендер құрамы (В1, В2 ,В6, Е, РР ж.б.) ас қорытуды жақсартады, әрі адам ағзасында артық мөлшерде тұздардың жинақталуына кедергі жасайды.
Жеңіл сіңірілетін ақуыздардың айтарлықтай көп мөлшерде болуы және амин қышқылдарының, дәрумендердің, органикалық қышқылдар мен әртүрлі микроэлементтердің қарақұмық жармасы мен ұнынан дайындалатын қоректік азық-түліктің оңтайлы құрамы адам ағзасының физикалық жүктемеге, сонымен қатар радиоактивті және рентген сәулелеріне жоғары шыдамдылық пен төзімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Олар ішек-асқазан ауруларымен, қант диабеті, нефрит, мигрень, жүйке ауруына шалдыққан, жүрек-тамыр ауруларының түрлерінен зардап шегетін балаларға, ересек және ауру адамдарға өте пайдалы, әрі қажетті.
Қарақұмық жармасынан - ботқа (каша), пудингілер, запеканкалар, котлеттер, құймақ, пирогқа салынатын турамалар (фарштар) дайындалады. Қарақұмық ұны құймақ, варениктер, балалардың қоректік қоспаларын, дайындауда қолданылады. Майбұршақпен (қытайбұршақпен) араластырып әртүрлі кондитер өнімдерін, оның ішінде шоколад дайындау өндірісінде пайдаланылады.
Қарақұмықтың бал әкелетін дақыл ретіндегі рөлі де зор. Ғылыми деректерге қарағанда қарақұмықтың әрбір гектар егістігі орта есеппен 40-60 кг, ал қолайлы жылдары 100 кг дейін бал жинауға мүмкіндік береді, ал оның емдік қасиеттері жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл дақылдың егістігі бал араларының жақсы азықтық қоры болып табылады.
Қарақұмықтың шырынды өнімділігіне ауа-райы жағдайлары, сорттық ерекшеліктері, өсірудің агротехникалық шаралары (себу мерзімі, тыңайтқыштар, пестицидтерді қолдану ж.б.) әсер ететіні анықталған.
Қарақұмықтың мал шаруашылығы үшін де белгілі бір маңызы бар.
Әдетте, мал азығына астыққа тазалағанда, іріктегенде және өндірістік өңдеуден өткенде алынатын қоспалар (семген, ұсақ, уатылған дәндер, мал азықтық ұн, кебек) пайдаланылады. Олармен үй құстарын, шошқаларды, азықтандырады. Мұндай жағдайда құстардың жұмырткалағыштығы артады, ал ет семіз, әрі ашық түсті болады. Шошқалардың қосымша салмағы артады және майының сапасы жақсарады. Шошқа мен ірі қара мал төлдері үшін қарақұмық мекені жақсы мал азығы.
Қарақұмық сабаны қоректілігі мен сіңімділігі жөнінен астық және бұршақ тұқымдас дақылдар сабандарының аралығынан орын алады. Жеміс салу кезеңінің басында жиналған қарақұмық массасы жасыл және құрғақ күйінде мал азықтық құндылығы бойынша шалғындық шөптерге таяу, ал оның сүрлемі ақуыздың мөлшері мен қоректілігі жағынан күнбағыс пен жүгері сүрлемінен қалыспайды.
Бір есте ұстайтын жайт, ашық алаңдарда ұсталатын (бағылатын) ақ түсті малдарды мол мөлшерде және ұзақ уақыт қарақұмық сабаны, мекені пішенімен, немесе жасыл балаусасымен азықтандырғанда оларда қарақұмық бөртпесі ауруы пайда болады. Ол ауру ылғалды қабықшалар мен терінің пигменттелмеген бөліктерінің қызаруы және қабынуынан байқалады. Аурудың ұзақ дамуынан мал терісіндегі жүн қабатының түсіп қалуы байқалады, теріде ісіктер түзіледі және коньюктивит, стоматит, ларингит пайда болады, тіпті, бастағы мидың қабыну үрдісі жүреді. Бұл ауру түрі қарақұмық өсімдіктерінде кездесетін ерекше зат - фагопириннің - болуына байланысты. Жануарлар ағзасына енген фагопирин тері мен ылғалды қабықшалардың күн сәулесі әсеріне сезімталдығын арттырады.
Ашық (ақ) түсті жануарларды қорада және әлсіз жарықта ұстағанда оларда қарақұмық бөртпесі-нің белгілері байқалмаған. Қарақұмықтан дайындалған мал азығын орташа мөлшерде, жас, көгермеген түрде және басқа мал азығымен араластырып азықтандырса бұл аурудан сақтандыруға болатыны дәлелденген. Қарақұмық сабаны мен мекенін малға буға қыздырып, немесе, басқа дақылдардың сабаны және мекенін орналастырып түйіршіктер мен брикеттерге өңдеп берген дұрыс. Қоңыр түсті малдар қарақұмық бөртпесімен залалданбайды.
Қарақұмық сабанынан жоғары сортты поташ (К2СО3) өндіріледі.
Қарақұмықтың жеміс қабығы (лузгасы) негізінен клетчатка мен пентозандардан құрылған. Оның құрамында қорытылатын қоректік заттар жақтың қасы және мал азықтық мақсаттарға тікелей пайдаланылмайды. Алайда лузганың құрамында айтарлықтай мөлшерде полисахаридтар болады, ал бұл микробиологиялық өнеркәсіпте мал азықтық ашытқылар өндіру мүмкіндігінің барлығын көрсетеді.
Қарақұмықтың агротехникалық маңызы да зор. Өткен ғасырда Ресейдің көптеген облыстарында үлкен алқаптарда қарақұмықты күздік дақылдарға жасыл тыңайтқыш ретінде өсірілгені белгілі.
Қолайлы жағдайларда қарақұмық әрбір гектар егістікте 200 ц дейін жасыл масса қалыптастырады. Оны жасыл тыңайтқышқа пайдаланғанда топыраққа 6 ц аммоний сульфатына, 2,5 ц суперфосфатқа және 3,6 ц хлорлы калийге парапар мөлшерде азот, фосфор және калий жинақталады, ал оларды әсер етуші затқа есептегенде: азот - 120 кг, фосфор - 50 және калий - 134 кгга жеткен.
Қарақұмықты астыққа жинағаннан кейін топырақтың жыртынды қабатында 20-дан 40 цга дейін калий, фосфор, кальцийге бай аңыз және тамыр қалдықтары қалады. Есептеулер көрсеткендей, қарақұмықтың аңыз қалдықтары (паясы) калийдің мөлшері бойынша асбұршақ паясынан екі есе және бидайдан төрт есе асып түседі.
Кезінде Д.Н. Прянишников дәлелдегендей, қарақұмықтың тамыр жүйесі басқа дақылдар пайдалана алмайтын қиын еритін фосфор қышқылының қосылыстарын өзінің бойына жақсы сіңіру қабілетімен ерекшеленеді.
Қарақұмық егістігінің басқа жаздық дәнді дақылдарға қарағанда арамшөптермен шамалы дәрежеде ластанатыны белгілі. Өйткені қарақұмық өсімдіктері бастапқы өсіп-даму кезеңдерінде вегетативтік массасын айтарлықтай қарқынды қалыптастырады да, топырақты жақсы көлеңкелей отырып, көптеген арамшөптер түрлерінің егін көгін ойдағыдай басады. Жүргізілген тәжірибелер мен көптеген шаруашылықтардың іссанасы (практикасы) көрсеткендей, қарақұмықтан кейін танап арамшөптермен аз деңгейде ластанғанымен қоймай, аурулармен де шамалы залалданады. Оның үстіне ондай танаптарда зиянкестер де аз шоғырланады.
Қарақұмықтан кейін топырақ борпас қалады, ал мұның өзі ауылшаруашылық құралдарымен айтарлықтай жеңіл өңделеді.
Жоғарыда көрсеткендей, қарақұмық топырақ құнарлығын жақсартуға септеседі және басқа дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады. Кешірек себілуіне және тез піскіштігіне байланысты қарақұмықты опат болған күздіктер мен ерте жаздық дақылдар егістігіне сақтандыру дақылы ретінде жиі пайдаланады.
Қарақұмыққа тән көптеген құндылықтар кезкелген дақылда бола бермейді.
Даму тарихы, таралуы және өнімі. Қарақұмық шамамен 2,5 мың жыл бұрын Азия материгінің шығыс бөлігінде ылғалды аудандарында мәдени өсімдік ретінде қалыптасқан. Оның морфологиясындағы ерекшеліктер мен өсу жағдайларына талаптары осымен түсіндіріледі.
Мәдени қарақұмық жабайы татар қарақұмығынан (Fagopyrum tataricum L.) шыққан деп есептеледі. Бірінші жүзжылдықта ол Ресейге енген, ал кеңінен өсіріле бастаған кезеңі 15-ғасырдан бастау алады. Осы уақытта ол Европа елдерінде де тарады. Дүние жүзінде жыл сайын қарақұмық 3,5 млн га егістікте өсіріледі, оның көбі Ресейде, АҚШ, Қытай, Үнді ж.б. елдерде. Қазақстанда ол өткен ғасырдың 60-жылдарында (тың игеру жылдары) кең тарады. Соңғы 10 жыл (1997-2006 жж) ол жыл сайын орта есеппен 70,3 мың га алқапта өсіріліп, орташа астық өнімі 5,0 цга шамасында болды; негізгі егістігі Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған (бүкіл егістіктің 80% дейін) және орташа астық өнімі тиісінше - 3,5 және 6,7 цга құрады. Бұл дақылдың әлеуетті өнім мүмкіндігі айтарлықтай жоғары: мәселен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті АҚ-ның өсімдік шаруашылығы кафедрасының кезекті бір танаптық тәжірибелерінде (Қарағанды облысының күңгірт қара-қоңыр топырақтарында) жекелеген варианттарда астық өнімі 19-22 цга дейін жетті. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында сортсынау телімдерінде оның астық өнімі 13,5-19,0 цга және одан да жоғары. Қазақстанның озық шаруашылықтарының іссанасы көрсеткендей, қарақұмықтың өсру технологиясын дұрыс жүргізгенде тіпті үлкен егістік алқаптардың өзінде әр гектардың орташа өнімділігін 12-14 ц және одан жоғары көрсеткіштерге жеткізуге болатындығы байқалды.
Қазіргі кезеңдегі қарақұмықтың астық өнімінің төмен деңгейде болып тұрған себебі - негізінен оның өсіру технологиясын жасағанда ауыл енбеккерлері дақылдың морфологиялық, биологиялық және сорттық ерекшеліктерін ылғи ескере бермейді.
Ботаникалық сипаттамасы. Қарақұмық қарақұмықтар тұқымдасына (Polygonaceae), Fagopyrum туыстығына жатады және ол бірнеше түрлерді біріктіреді: Қазақстан аумағында мәдени қарақұмық (F. esculentum) өсіріледі, ал жабайы түрлерінен арамшөп өсімдігі ретінде татар қарақұмығы (F. tataricum) кездеседі; жартылай бұталы түрі (F. suffruticosum) - көпжылдық өсімдік, Ресейдің Сахалин аймағына тән.
Мәдени қарақұмық екі түр тармағына бөлінеді: кәдімгі қарақұмық (subsp.Vulgare S.) барлық жерлерде өсіріледі және көпжапырақты қарақұмық (subsp.multifolium S.) негізінен Ресей Федерациясының Қиыр Шығысында өсірілетін өсімдік.
Кәдімгі қарақұмық бірнеше түршелерге ажыратылған, олардың ішінде кең тарағандары екеу: var. alata Bat. - жемістері қанатты (қырлары бүгілген) және var. aptera Bat. - қанатсыз.
Қарақұмықтың өсіп-жетілу кезеңі қысқа (70-85 тәулік), бастапқы өсуі шапшаң, гүлденуі мен пісуі созылыңқы, ал бұл аймақ жағдайындағы бозқырауды ескеруді талап етеді.
Аталған дақылдың барлық өсіп-даму кезеңдері (егін көгінен басқалары) бір-бірімен ұштасып жүреді және егін жинағанға дейін созылады. Сондықтан кезеңдердің басталуы мен жаппай жүруі белгіленеді.
Өсіп-даму кезеңдері. 1. Тұқымның өнуі мен егін көгінің пайда болуы. Қарақұмық тұқымының өнуі ұрықтық тамыршаның түзілуімен басталады да, ұзара өсіп топыраққа бойлай сіңіріледі. Бір мезгілде тұқым жарнағының қалтасы (подсемедольное колено) ұзарады, оның пішіні доға тәріздес және өзінің төбесімен топырақ бетіне шығады, ал соңынан тұқым жарнақтары (7-8 тәуліктен соң) шығады. Осы кезеңді көктеу немесе егін көгі деп атайды (Сурет 14).
2. Бұтақтану және шанақтану (бүрлену). Көктегеннен 4-5 тәулік өткенде бірінші нағыз жапырақ пайда болады, ал тағы 3-5 тәуліктен кейін екіншісі түзіледі. Екінші нағыз жапырақ пайда болғаннан кейін өсімдіктер бұтақтана бастайды, осы кезде бірінші және екінші жапырақтардың қолтық өркендері өсе бастайды. Бұтақтанумен қатар егін көгінен 10-15 тәуліктен соң шанақтану немесе бүрлену (жарылмаған гүл бүрлерінің жетілген кезі) кезеңі басталады.
Сурет 14. Қарақұмық тұқымының өнуі
Сурет 14. Қарақұмық тұқымының өнуі
3. Гүлдену кезеңі көктеуден 25-30 тәулік өткенде басталады да 20-40 тәулікке созыла-ды. Гүлдену бір өсімдік шегінде, тіпті бір гүлшоғырында бір мез-гілде жүрмейді және ұзақ кезеңге созылады. Қарақұмықтың ұзаққа созылатын гүлденуі мен метеорологиялық жағдайларға үлкен тәуелділігі жағымсыз
қасиет болып есептеледі. Ол барынша мол жеміс қалыптастыру үшін қолайлы жағдайларды күтетіндей дақыл.
4. Жеміссалу және пісу кезеңдері 35-40 тәулікке созылады (бір өсімдік деңгейінде, тіпті бір гүл шоғыры шегінде), сондықтан өсімдікте піскен дәндер де, жартылай піскендері де, сүттене піскен күйінде, сонымен бірге гүлдер де болады. Қарақұмық өсімдігінде байланған жемістер бүкіл гүлдер санының 20-30 пайызынан аспайды, ал олардың тек жарытысына жуығы қалыпты дамиды. Сондықтан қарақұмық өсімдігінің дәнділігі 10-15 %-ды ғана құрайды.
Қарақұмық өсімдігінің әлсіз дәнділігі генеративтік мүшелерінің тозаңдануына дейін, одан кейін көпшілігінің опат болуымен түсіндіріледі. Бұл дақылда вегетативтік мүшелерінің өсуі бір мезгілде репродуктивті мүшелерінің дамуымен қатар жүреді және егін жинау қарсаңында да аяқталмайды.
Морфологиялық ерекшеліктері. Мәдени қарақұмық - бір жылдық шөптесін өсімдік, сабағы борпас және бұтақты, биіктігі 30-дан 150 см-ге дейін, қолайлы жағдайларда сабақта 10-12 бұтақтар қалыптасады. Жапырақтары (Сурет 15) үшбұрышты - жүрек немесе жүрек - жебе пішінді болып келеді де төменгілері ірі, ал жоғары бөлігіндегілері біршама ұсақ (кішілеу). Тамыр жүйесі алғашқы (ұрықтық) кіндік тамыр мен одан тараған ұзын бүйір тарамдарынан және жеткілікті ылғалды жылдары сабақтан төменгі бөлігінен түзілетін екіншілік қосалқы тамырлардан құралған. Тамырлары топырақтың 70-90 см тереңдігіне дейін бойлауға қабілетті, алайда олардың негізгі массасы жоғары құнарлы қабатта (25-30 см) орналасады.
Сурет 15. Қарақұмық өсімдігі
Сурет 15. Қарақұмық өсімдігі
Дегенмен, қарақұмықтық тамырлары сұлыдан екі есе қысқа, ал гүлдену кезеңінде оның үлесіне бүкіл өсімдік массасының 15 % ғана тиеді. Қарақұмық астығының өнімі оның тамыр жүйесінің дамуына тікелей тәуелді. Өсіру технологиясын жасағанда міндетті түрде тамыр жүйесін дамытуға бағытталған агротехникалық шараларды қарастырған дұрыс.
Қарақұмықтықтың гүлдері қос-жынысты, ақ, қызғылт немесе қызыл түсті және айтарлықтай күшті хош иісті, ал мұның өзі насекомдарды өзіне тартуға әсер етеді. Олар шоқгүл гүл шоғырына жинақталған, жоғарғы бөлігінде қалқан немесе жартылай шатыр қалпында болады. Бір өсімдіктерде ұзын аналықтар мен қысқа аталықтар (Сурет 16), ал екіншілерінде ұзын аталықтар мен қысқа аналықтар қалыптасады (диморфизм құбылысы). Аталықтар мен аналықтардың пісіп-жетілуі әркелкі. Бір өсімдікте 500 және одан да көп гүлдер қалыптасады.
Жемісі - үшқырлы жаңғақ (Сурет 17), 1000 санның массасы 18-32 Қарақұмық өсімдіктерінің 10-15 % гүлдері ғана жеміс салатындығы дәлелденген. Бұл құбылыс бірнеше себептермен түсіндіріледі:
жер үсті массасына қарағанда тамыр жүйесінің нашар дамуы;
бір гүлдің жапырақ беті алаңымен төмен деңгейде қамтамасыз етілуі (жаздық бидайға қарағанда 1,5-3,0 есе төмен);
тозаңдану кезеңіндегі гүлдердің қоршаған орта факторларына (ауаның температурасы мен ылғалдылығына) жоғары сезімталдығы.
Сурет 16. Қарақұмық гүлінің құрылысы: 1 - қысқабағанды; 2 - ұзынбағанды;

Сурет 17. Қарақұмық дәнінің пішіні: 1 - қанатты; 2 - аралық пішін; 3 - қанатсыз.

Ұзын бағаналы аталықтардың ұзын аналықтарға және қысқа бағаналы аталықтардың қысқа аналықтарға құйылуынан жеміссалу үдерісі жақсы жүреді (легитивті тозаңдану), ал әркелкі генеративті түзілімдерден шамалы ғана жеміс қалыптасады да, өнім төмен болады (иллегитивті тозаңдануда).
Биологиялық ерекшеліктері. Жылуға қажетсінуі. Қарақұмық жылусүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Оның тұқымдары 7-8оС топырақ температурасында өне бастайды, алайда өскіндердің дамуы 15-30оС аралығында жақсы жүреді. Оның егін көгі бозқырауға (үсікке) сезімтал және минус 2-3оС ауа температурасында жарақаттанады, ал - 4оС-да өсімдіктер мүлде опат болады.
Гүлдену - жеміссалу кезеңінде қарақұмық жоғары температураға өте сезімтал, өз кезегінде ол жемістердің түзілуіне теріс әсерін тигізеді, әсіресе ылғал жетімсіздігі байқалғанда. Бұл кезеңдегі ауаның оңтайлы температурасы 19-25оС аралығында және салыстырмалы ылғалдылығы 50 %-дан кем болмағаны жөн. Температураның 30оС жоғары және салыстырмалы ылғалдылығы 30 %-дан төмен жағдайда тозаңдану үрдісі нашарлайды да түйіндердің (завязь) жаппай опат болуына ұрындырады. Жеміссалуға биологиялық минимумнан (12-14оС) төмен температурада да теріс әсерін тигізеді.
Қарақұмық - ылғалсүйгіш дақыл. Бір өлшем құрғақ зат қалыптастыру үшін тарыға қарағанда 3 есе, арпа мен бидайға қарағанда 2 есе артық ылғал шығындайды. Оңтайлы температурада оның жаппай егін көгі топырақтың 20-30 % ылғалдылығында пайда болады. Қарақұмықтың ылғалға ең жоғарғы (максималды) қажетсінуі (50-60 %) гүлдену - жеміссалу кезеңінің алғашқы екі-үш аптасына сәйкес келеді.
Қарақұмықтың ылғалға жоғары талабы оның бірқатар анатомиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне - буландыру беті ауданының үлкендігі, жапырақтарының жоғарғы және төменгі жақтарындағы көптеген устьице саңылауларының болуы, сабағының балауыз тотынсыздығы, әлсіз дамыған тамыр жүйесі, сонымен қатар температураға айтарлықтай жоғары қажетсінуі - ылғал мен жарыққа талаптарын арттыра түседі.
Қарақұмықтың транспирациялық коэффициенті жоғары және 500-600 бірлікке тең. Оның өнімді қалыптастыруында гүлдену-пісу кезеңдері шешуші рөл атқарады.
Қарақұмық жеміс салу кезеңінде жарыққа талабын күшейте түседі. Бұл ерекшелікті азот тыңайтқышы мен тұқымның себу мөлшерін белгілегенде ескеру қажет. Қарақұмық өсімдіктері мол ылғалдану және қоректену жағдайларына тап болғанда, тұқымның артық мөлшері себілгенде олардың өзін-өзі көлеңкелеуі байқалады және астық өнімі күрт төмендейді.
Қарақұмықтың тамыр жүйесі әлсіз дамуымен сипатталады, алайда физиологиялық белсенділігі өте жоғары. Тамыр жүйесінің массасы бойынша (бір өлшем алаңдағы) ол бидайдан 2,4 есе арпадан 1,6 есе төмен, ал жұту қабілеті, керісінше, бидайдан 2,7 есе және арпадан 5,5 есе асып түседі. Қарақұмық аэрациясы, ылғалсиымдылығы мен құнарлығы жақсы топырақтарда тамаша дамиды. Мұндай қасиеттер жақсы мәденилендірілген жеңіл және орташа саздақ топырақтарға тән.
Қарастырылып отырған дақыл артық қышқылдықты көтере алады, дегенмен мол астық өнімін әлсіз қышқыл және бейтараптылыққа жақын топырақтарда қалыптастырады.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген қарақұмық сорттары:
Сумчанка. Украина дәндібұршақ және жармалық дақылдар ғылыми зерттеу институтының Сумы мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы стансасында шығарылған. Алята түршесіне жатады, ортадан ерте пісетін сорт,жапырылуға және шашылуға төзімді сорт. Сорттық технологиялық, жармалық сапа көрсеткіштері жоғары, дәндерінің қабықтылығы 19-20%, 1000 санының массасы 27,3-31,4 г. Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Богатырь. Ресей федерациясының П.И. Лисицын атындағы Орлов ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Түршесі алята, орташа мерзімде пісетін бейімді сорт, жапырылуға және шашылуға төзімділігі орташа, технологиялық және жармалық сапалары жоғары, жармасының шығымы 65-75%. 1000 дәнінің массасы 22-24г, қабықтылығы 20-24%. Ақмола, Алматы, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Шортандинская крупнозерная. Қазақстанның АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-де шығарылған. Түршесі алята, сорт жоғары өнімділігімен, орташа мерзімде пісетіндігімен және әлсіз шашылуымен ерекшеленеді. Басқа сорттармен салыстырғанда дәндерінің ірілігімен және ядросының 70% шығымдылығымен сипатталады. Технологиялық және жармалық сапасы жоғары. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Шортандинская 2. ҚР АШМ-нің Казагроинновация АҚ-ның А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС-де шығарылған. Сорт өсімдіктерінің биік өсуімен (80-100 см-ге дейін) ерекшеленеді, орташа мерзімде піседі, себуден шаруашылықты пісу аралығы86-91 тәулікті қамтиды. Жармасының шығымы 66-67% және жоғары дәмділік құндылығымен сипатталады. Солтүстік Қазақстан аймағында сыналған сорттардың ішінде барынша өнімдісі (әлеуетті өнімділігі 44 цга дейін). Ақмола, Павлодар облыстарында өсіріледі.
Крупинка. Украинаның Сумы мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Сорт жоғары өнімді, орташа мерзімде піседі. Шығыс Қазақстанда өсіріледі.
Қарақұмықтың өсіру технологиясы оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Бұлар - өсімдіктердің жер үсті бөліктерінің пропорционалды емес деңгейде дамуы, гүлдену және пісу ерекшеліктері, көктемгі және күзгі бозқырауларға сезімталдығы, ылғалсүйгіштігі, құрғақшылықты күшейтетін желдің әсері және тозаңдатқыш - насекомдарды қажетсінуі.
Қарақұмықтан мол өнім алу үшін күрес оны орналастыратын танапты (алғы дақылда) таңдаудан басталады. Оған жақсы жарықталатын алаңдар дұрыс, мұнда өсіп- жетілу (вегетация) кезеңінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары микроклимат жасалады және тозаңдатқыш - насекомдар көп шоғырланған. Сондықтан дақылды орман жолақтары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz