Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы туралы ақпарат


Жоспар
Кіріспе
2. 1 Жалпы мақсары өсімдігі туралы
2. 2 Мақсары қалдықсыз өнім
Негізгі бөлім
2. 2. 1 Өсіру технологиясы, себу, топырақ өңдеу жүйесі
2. 2. 2 Мақсарының ерекшеліктері, бояғыш зат алынуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: «Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы» тақырыбында жазылған курстық жұмысымда мақсары дақылы сорттарының шығу тегі, агротехникасы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өңдеу технологиясы қарастырылды.
Мақсаты мен міндеті: Мақсары дақылы тәлімі егіншілікте май өндіру мақсатында өсіретін ең қолайлы өсімдік. Егістік көлемінің жылдан - жылға көбейуі бұл дақылға деген сұраныстың артқандығын аңғартады. Мақсары дақылынан тұрақты мол өнім алу үшін уақтылы егудің маңызы ерекше. Оның негізгі себептері себілген тұқым өзіне қажетті ылғалды сіңіріп біркелкі өскін береді, ерте себілген мақсары зиянкестермен аз зақымдалады. Сондай ақ, дақылдың өсіп даму кезеңдері қалыпты жүріп, өнім құрылымының тұрақты қалыптасуына қолайлы жағыдай жасалынады. Мақсары дақылының өскіндері көктемгі суыққа төзімділігін ескере отырып, қалыптасқан ауа райына байланысты, ылғалы аз қамтамасыз егілген тәлімі аймаққа наурыз айының алғашқы кезінде себу жұмыстарын жүргізуге, ал ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген аймақта наурыз айының бірінші жартысында, ылғалмен толық қамтамасыз етіген тәлімі аймақта наурыз айының екінші жартысында егу тиімді болатынын ескереміз.
Егіс алқаптары күзде жыртылған жағдайда топырақты тырмалау жұмыстарын жүргізу топырақ дегдісімен сапалы, уақтылы орындалса, танаптың арамшөптермен ластану дәрежесіне қарай, қыстап шығатын немесе қос жарнақты арамшөптерге қарсы 10-12 см тереңдікте қопсыту тиімді агротехникалық тәсіл. Егер де егістік алқаптарға түрлі себептерге байланысты күзде негізгі өңдеу жұмыстары жүргізілмеген жағдайда, көктемде танапты аудара жырту тиімсіз, себебі жинақталған ылғалдың буланып кеуіп кетуі ықтимал сондай ақ, танап топырағы толық отырмайды, нәтижесінде егілген екпе дақыл көктері біргелкі шықанымен көктемгі жауын - шашын әсерінен топырақтың төменгі қабаты отырып өсімдіктің алғашқы нәзік тамыршалары үзіледі, бұл танаптағы мақсары дақылының өскіндері санының азайыуына әкеледі. Алайда мұндай келеңсіз жайыттарды болдырмау үшін көктемгі дала жұмыстарын негізгі өңдеусіз, яғни жеңіл өңдеу арқылы ( ЛДГ-10, БДТ-3 агрегаттарымен) одан кейін СЗ-3, 6 кәдімгі өндірісте ертеден қолданып жүрген астық дақылдарын себуге арналған дәнсепкіштің қатар аралығын 30 см, немесе СЗС -2, 1 дән сепкішімен тікелей егуді жүргізудің маңызы ерекше. Жаңа үнемді технология мен тікелей себу егістік танапта алғы дақылдың өсімдік қалдықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.
2. 1 Мақсары (лат. Carthamnus) - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын шөптесінөсімдік, майлыдақыл. Негізгіотаны-Эфиопиямен Ауғанстан. Сабағы тік, бұтақты келеді, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры - себет, бір өсімдікте 5-6-дан 30-50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20-50 г.
Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді. Өсу мерзімі 90-150 күн. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы), өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. 1 гектарға 6-10 кг тұқымды 5-6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45-60 см етіп себеді. Әр гектардан 8 ц-ге дейін өнім алынады. Тұқымынан 25-35%, дәнінен 46-60% май, гүлінен бояу алынады. Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы - құнарлы мал азығы. Мақсары - қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындаса, Түркияда түрлі сабындар шығарады. Қытайлықтар түрлі дертке шипа болатын дәрі-дәрмектер өндіруде. Ал біз қалдықтың өзін кәдеге жарата алмауымыздың салдарынанәзірге малға азықетудеміз. Республикамыздың табиғаты жайлы оңтүстік облыстары мақсарыөсірумен айналысады. Негізгі отаны Жерорта теңізінің жағалауы болып саналатын мақсарының елімізде де өсіріліп, өнім алына бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Жерсіндірілгені де жақында ғана. Одан алынатын негізгі өнім - асқатық май. Мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем емес. Бағасы да анау айтқандай қымбат деп айта алмайсыз. Мақта майынан әлдеқайда арзандау болып келеді. Мақсарының қызыл және сары түсті гүлдерінен полифенолды құрамында хлорген қышқылы, кофеин қышқылы, катехин, пирокатехиндер, 80 түрлі ұшқыш қүрамдас заттар анықталған. Оларға жататындар: (этилацетат), бензол, 1 -пентен - 3 - ол, 3-гексанол, 2-гексанол, (E) -2 - гексенал, 3 - метил-май қышқылы, 2 метил-май қышқылы, этилбензол, п-ксилол, о-ксилол, ацетальдегид, nonanal (nonanal), терпинен -4 - ол (terpinen-4-ол), вербенон, декан, бензотиазол (benzothia-zole) және т. б. Мақсарыныңосындай жер талғамайтын, өнімді мол беретін, қолданылатын салаларының көптігі, құрамының күрделілігі болашақта осы өсімдіктің біздің елімізүшін де маңызы зор.
Негізгі отаны Жерорта теңізінің жағалауы болып саналатын мақсарының елімізде де өсіріліп, өнім алына бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Жерсіндірілгені де жаңа ғана. Одан алынатын негізгі өнім - асқатық май. Мақсары майының сапасы күнбағыс пен мақта майынан кем емес. Бағасы да анау айтқандай қымбат деп айта алмайсыз. Мақта майынан әлдеқайда арзандау болып келеді.
2. 2 Мақсары - қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, мақсарының майынан қалған қалдықтан Иранда халуа дайындаса, Түркияда түрлі сабындар шығарады. Ал тастың өзін кәдеге жарататын қытайлықтар түрлі дертке шипа болатын дәрі-дәрмектер өндіруде. Ал біз қалдықтың өзін кәдеге жарата алмауымыздың салдарынан әзірге малға азық етудеміз. Соның өзіне шүкіршілік деуден басқа амал жоқ. Табиғаты жайлы оңтүстік облыстар үшін мақсары өсіру таңсық емес. Ал, аудан аумағындағы бірқатар өңірлерде көптеп өсірілуде. Тіпті құнарсыз деген жердің өзінде де мақсары өсіру қолға алынуда. Бұл майлы дақылдың түсімі биыл өткен жылғымен салыстырғанда 5, 1 центнер болып, 0, 2 центнерге артқан. Ең жоғары түсім гектарына 7 центнер екенін ескерсек, биылғы жиналып жатқан өнім аудан үшін ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады
Мақсары - күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, майлы дақыл болып табылады. Сабағы тік, бұтақты келіп, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Ал, жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры - себет, бір өсімдікте 5-6-дан 30-50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20-50 грамды құрайды. Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді болып келеді. Өсу мерзімі 90-150 күн аралығын құрайды. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы) және өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. Егер кезде 1 гектарға 6-10 кг тұқымды 5-6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45-60 см етіп себеді. Топырағы құнарлы, жауын-шашынның суына қанған мақсарыдан әр гектарына 7 ц-ге дейін өнім алуға болады. Оның тұқымынан 25-35%, дәнінен 46-60% май, ал гүлінен бояу алынады. Ал, одан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін де қолданылады. Күнжарасы - таптырмас құнарлы, мал азығы ретінде пайдаланылады. 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Одан бөлек ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары сүрлемге қосылады және тұқымы құстарға жақсы азық. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен мақсарыны кейде бидай, арпа егілген егістік алқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 - 15 м жерге егіп отырады. Облыста Бәйдібек ауданынан басқа Қазығұрт, Сайрам, Төле би аудандарында молынан өсіріледі.
2. 2. 1 Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Егістік дақылдардан жоғары және тұрақты өнім жинауды тек қана ғылыми негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Д. С. Васильев, Н. Г. Потеха пікірлерінше, жаздық және күздік астық дақылдары, дәндәі және сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы алғы дақыл болып табылады. Я. Н. Момот тәжірибе деректеріне сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің ыстығына және қуаңшылығына төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс таңдамайды деп есептейді; сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан кейін орналастыра беруге болады. Алайда, ауыспалы егісте астық дақылдарынан кейін өсіру тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір орында бірнеше жыл өсірілуі мүмкін. Ван Жау ұйғарымынша, мақсарыға жақсы алғы дақыл дақылдар- бұршақ, картоп, жүгері және бидай. Мақсарының өзі де астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады.
Тыңайтқыш. Мақсары танаптарына қолданылатын тыңайтқыштар жүйесі сүдігерге сіңірілетін негізгі тыңайтқыштардан, тұқыммен бірге берілетін және үстеп қоректендіруден тұрады. Мақсары танаптарына органо-минералды тыңайтқыштар беру өнімділікті және тұқымша сапасын жақсартады. Ван Жау Ж у ҚХР жағдайында мақсары танаптарына 30т\га көң шашуды ұсынған, көптеген зерттеушілер мақсары егісіне 40-60 кг, мөлшерінде азот, фосфор және калий тыңайтқыштармен беруді ұсынды. Кейбір ізденушілер пікірінше, минералды тыңайтқыштарды негізгі тыңайтқыш ретінде беруден гөрі, үстеп қоректендіру пайдалы деген тұжырымға келді.
Республиканың ылғалмен қамтамасыз етілген аудандарында мақсары танаптарына азот40-60 кг, фосфор-60 кг және 30 кг. Мөлшерінде калий тыңайтқышын беру өнімділікті және дән майлылығын кқтеруге әсерін тигізеді. Фосфордың жарты мөлшері мен калий толықтай сүдігер жыртар алдында азот пен фосфор тұқыммен бірге, қалған мөлшерді бірінші культивациямен бірге енгізеді.
Топырақ өңдеу жүйесі. Мақсары танаптарында жүргізілетін негізгі топырақ өңдеу жүйесіне аңызды сыдыра жырту және күздік сүдігер тарту жатады. Республиканың оңтүстігінде масақты астық дақылдарын жинап алғаннан кейін күзде танап 6-8 см терңдікке сыдыра жыртылып, сдан кейін 1-2 аптадан соң 20-22 см тереідәкке соқамен аударылып жыртылады. Ерте көктемде сүдіге тырмаланып, қажетінше 1-2 рет культивацияланады. Себер алдындағы культивацияға дейін арамшөптерге қарсы топырақ гербициді бүріккіш құралмен бүркіліп іле тырмамен жабылады. Көпжылдық және біржылдықтқосжарнақты арамшөптерге қарсы торфи (2, 0-2, 5л\га) трефлан (4-10л\га) астық тұқымдас арамшөптермен күресу үшін фюзилад супер (1-2кг\га) біржылдық және көпжылдық арамшөптерге қарсы қолданылады.
Тұқымды себуге дайындау. Мақсары тұқымы себу кондициясына жеткізіліп, тұқымға арналған үлгіқалып ( стандарт) талаптарына сай келуі керек. Тұқым құрамындағы негізгі дақыл үлесі 95-98 % кем емес және зертханалық өнгіштік 85-95% болуы керек. Себу алдында ауруларға қарсы тұқымды 200 ФФ, 34% 3-4КГ\Т; ТМТД 80% -2-3 улы химикаттарының біріме дәрілейді. (ПС-10 немесе басқа құрылымда) .
Себу мерзімі. Мақсары ерте себілетін дақылдар қатарына жатады. Топырақтың 10 см қабаты 6-80С жылынған кезде себеді, себу мерзімін кешіктіру өнімділікті төмендетеді және зиянкестермен зақымдану қаупін күшейтеді. Қазақстанның оңтүстік шығысының тау бөктері аймақтарында мақсарыны сәуір айының бірінші онкүндігінің аяғында, ал осы өңірдің шөлді-далалы аймағында наурыздың аяғы - сәуірдің басында себу ұсынылады (Т. Н. Нұрғасенов және т. б., 2003) . Қазақстанның оңтүстігінде наурыздың 2-ші онкүндігінде, ал солтүстігінде және батысында сәуірдің аяғы - мамырдың бірінші онкүндігінде сепкен дұрыс. Республиканың оңтүстік шығысының қары аз, көктемгі егістегі ылғалы жеткіліксіз шөлді-далалы аймағында мақсарыны қыс түсер алдында себу қарастырылады, яғни қараша айының бірінші онкүндігінде. Аталған жағдайдағы мақсары өнімділігі көктемгі мерзімде себілген дақылдан кем түспейді (С. С. Арыстанғұлов, 2009) .
2. 2. 2 Мақсары дақылы Азияда және Жерорта теңізінде таралған біржылдық өсімдік. Қытайдың ұлттық медицинасында жүрек және қантамырлары ауруларына пайдаланылған. Мақсары майынан тамақ дайындаса, холестерин төмендейді. Құрғақ далап құрамына да кіреді. Ежелгі Египеттеде 3, 5 мың жыл бұрын мумиялау кезінде байламдарды бояу ретінде пайдаланған. 1551 жылы арабтардың келуімен Европаға әкелінді. Қазір көптеген елдерде майлы дақыл ретінде өсіріледі.
Бояғыш сафлор - Carthamus tinctorius L. Отаны - Эфиопия және Афганистан. Европа, Индия, Қытай, Ақш, Өзбекстанда өсіріледі. Мақсары жылуды және ашық күнді жақсы көреді. Ол барлық жерде өсе береді. Жер қатты дымқыл болмаса болды. Тұқымымен көбейеді. Тұқымын сәуір- мамыр айында ашық топыраққа себеді. Мақсарыны өсіру ежелгі уақыттарда басталған деген дерек бар. Б. з. б. XVI ғасырда елді басқарған египет фараондарының табытттарынан кепкен мақсары гүлін тапқан. Мақсары атауы ежелгі санкрит тілінің сөздіктерінде кездеседі. Индияда бұл дақылдың барлық ботаникалық әртүрлілігі жинақталған. Мақсары Египет, Индиядан басқа елдерге де танымал: Эфиопия, Афганистан, Сауд Арабия, Сирия және Палестина, европа аймағында - Закавказье және Туркменистан, кейін арабтардың әкелуімен Европада пайда болды. Ежелгі Диоскорид, Плинийдің деректерінде кездеседі. Басында сафлорды бояғыш өсімдік ретінде өсірді, кейінірек майлы дақыл ретінде пайдаланылды. Анилинді бояғыш өсімдіктердің дамуымен көптеген бояғыш дақылдар, соның ішінде мақсары өзінің экономикалық маңызын жоғалтты. Дегенмен мақсары өзінің майлы өсімдік ретіндегі маңыздылығын сақтап қалды. XVIІІ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясында мақсарыны өсіру басталды. Негізі Астрахань губерниясының оңтүстік аудандарында, кейін Таврияда өсірді. Тұқымынан жақсы май алды. XІX ғасырда егістік дақылдар қатарына енгізу үшін мақсарыға тәжірибе жасап, Полотнянский тәжірибе станциясына, Одесса және Марьинский тәжірибе егістігіне егілді. Бұл тәжірибенің нәтижесі ойдағыдай болды. Олар құрғақ аймақтарда күнбағысты мақсарымен алмастыруға болатындығын дәлелдеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz