Ірі қара малдардың инфекциялық ринотрахеиті


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Індеттік ерекшеліктер

2. 2 Өтуі мен симптомдар

2. 3 Паталогиялық - анатомиялық өзгерістер

2. 4 Ірі қара малының инфекциялық ринотрахеит ауруының
алдын алу және жою бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру туралы ереже

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ірі қара малдардың инфекциялық ринотрахеиті /орыс. инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота, лат. Rhinotraheitis infectiosa bovum, ағыл. Ihfectious bovihe rhihotrakheites/ - қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарлы - өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер . Бұл ауру АҚШ-та белгілі болған. Бастапқыда ол екі дербес ауру ретінде қарастырылды: бірі - жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпалы пустулалы вульвовагенит, екіншісі - тыныс жолдарын қамтитын ринотрахеит. 1958 ж. J. Gillespic әріптестерімен екі аурудың да қоздырушысы бір ғана герпесвирус екенін дәлелдеді. 1960 ж. бұл вирустың ересек сиырдың іш тастауының, ал бұзауда менингоэнцефалиттің себепкері болатындығы анықталды. Қазақстанда індет Целиноград ауданы Рождественнка селосында алғаш рет 1977 жылы тіркелді КСРО аумағында ауруы алғаш рет бақылаған Ф. М. Пономаренко 1938 ж., оны атты инфекциялық катар тыныс алу жолдарының . Қоздырғыш инфекциялық ринотрахеитке бөлген-Н. Н. Крюков (1970),

Ф. Зудилина с. авт. (1971) және басқа да зерттеушілер ауырған бұзауларды бірқатар мал бордақылау шаруашылықтарының, Беларусь Республикасында - Н. А. Ковалев с. авт. (1988)

Ауру әлемнің көптеген елдерінде тіркелген, соның ішінде Беларусь Республикасында, әсіресе жағдайында мал шаруашылығын қарқындатуда.

Қоздырушысы . Bovid (alpha) herpesvirus герпесвирустар туыстығы мен тұқымдастығына жатады. Құрамында ДНҚ бар, бір ғана антигендік типтен тұрады, әртүрлі ағзаларға түскенде, соларға бейімделіп, жоғарғы тыныс жолдарын, жыныс мүшелерін, жүйкені, көздің кілегейлі қабығын зақымдайтын қасиетке ие болады. Бәрінен де тыныс алу және жыныс ағзаларының торшаларына басымырақ бейімделеді.

Індеттік ерекшеліктері . Табиғи жағдайда тек қана ірі қара ауырады. Қолдан ешкі мен шошқаға жұқтыруға болады. Сиырдың барлық тұқымдары бейім, бірақ етті тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересектеріне қарағанда жас малдың бұл ауруға сезімталдығы жоғары. Әсіресе жатырдағы төл ерекше сезімтал, вирустың әсерінен тез өледі де буаз мал іш тастайды. Ауру қоздырушысының бастауы-ауырған және ауырып жазылған мал. Сауыққан жануар 6-19 ай вирус бөліп шығарады. Вирус денеден танаудан аққан сорамен, көздің жасымен, жыныс мүшелерінен бөлінген сұйықтықпен, сүтпен, несеппен, нәжіспен, шәуетпен шығады. Вируспен ластанған ауа, су, жемшөп, төсеніш, сүт, шәует, күту саймандары, көлік жабдықтар қоздырушының берілу факторлары, ал ауру малмен жанасқан жәндіктер, құстар, адамдар оның механикалық тасымалдаушылары болады. Әдеттегі жағдайда вирус малға аэрогендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу арқылы жұғады.

Өтуі мен симптомдары . Жасырын кезеңі 2-4 күн. Клиникалық байқалуы коздырушы вирустың денеге ену жолына, жануардың физиологиялык жай-күйіне және жасына байланысты. Әдетте ауру жіті өтеді, бірден ыстығы көтеріліп 40-42° С жетеді, бейжай күйге түсіп, жемшөптен калады, тез арықтап, сауын сиырдың сүті кайтады. Аурудың бірнеше клиникалық түрі болады: тыныс мүшелері закымданады (ринотрахеит), жыныс жолдары қолдырап бөртеді, көзі зақымданады /коньюнктивит, кератоконьюнктивит/.

Жалпы алғанда осының бәрі аурудың негізгі респираторлық және генитальдік екі клиникалык түріне саяды. Жұқпалы ринотрахеиттің респираторлық түрі кезінде ауру басталған алғашқы күндері жануардың танауынан көп мөлшерде кілегейлі сора ағады, уақыт өте экссудатқа фибрин талшықтары, ал кейде қан араласады, әбден асқынған кезде фибринді іріңді жалқаққа айналады. Танаудьң, аңқаның кілегейлі қабықтары шектен тыс домбығып, ісінеді, көп жағдайда малдың каңсары канға кернеліп, қызарады, оны "қызыл танау" деп атайды. Жануардың тынысы тарылып, ентігеді, аузын ашып дем алады, аузынан сілекей шұбырып, жөтеледі. Қаңсары мен танаудың кілегейлі кабығында беті өліетті кабыршақпен көмкерілген ойылған колдырауықтар пайда болады. Жекелеген жануарларда коньюнктивит байқалады, буындары ісіп, ақсайды. Ауырған бұзаулардың іші өтеді.

Патологиялык-анатомиялық өзгерістер. Аурудың респираторлық түрінде кеңсірік қуысында, аңқада, кеңірдекте фибрин араласқан кілегейлі іріңді экссудат жиналады. Кілегейлі қабықтар ісініп, домбығады, өліеттенген, ойылған, қанталаған телімдері болады. Маңайындағы сөл түйіндері ьлғалданып, кызарады. Ауру асқынғанда қатарлы, іріңді қатарлы бронхопневмония байқалады. Жұқпалы ринотрахеиттің генитальдік түрінде жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтары домбығып, қолдырап, ойылады, асқынған кезде эндометрит кездеседі. Тастанды төл ісінген, бауырында өліеттенген ошақтар, бүйрек майында геморрагиялық экссудат болады. Гистологиялық зерттеу закымданған кілегейлі қабықтардың эпителийінде түзілген денешіктерді айқындайды.

http://www.kodges.ru/import/files/book_online/76047/i_092.jpg

Бұзау өкпесінің ИРТ кезінде өзгеруі

Балау . Клиникалық белгілері, індеттанулық деректер, патологиялық-анатомиялық өзгерістер арқьлы жұқпалы ринотрахеитке жорамалмен диагноз қойғанымен, оны растау үшін зертханалық тексерулер жүргізу қажет. Вирусологиялық зерттеуге ауру малдан танау қуысынан, көзден, қынаптан, үрпектен тампонмен сүртіп сұйық бөліндіні сіңіріп алады. Пышаққа ілінген немесе өлген малдан, өлгенінен кейін 2 сағаттан кешіктірмей кеңсіріктен, кеңірдектен, өкпеден, бауырдан, көкбауырдан, мидан, сөл түйіндерінен кесінді алады. Тастанды төлдің үлпершек ағзалары мен қағанақ қабықтарын алады. Вирус торша өсінділерінде бөлініп алынып, бейтараптау реакциясы мен иммунофлоуоресценция тәсілі арқылы айқындалады. Соңғы реакция арқылы вирустың антигенін патологиялық материалдан тікелей анықтауға болады. Қандағы антиденелерді анықтау үшін және ретроспективалық диагноз үшін бейтараптау реакциясы мен қосалқы гемагглютинация реакциясы қоданылды. Соңғы кезде бұл ауруды балау үшін иммуноферменттік әдістер сынала бастады. Ажыратып балау мақсатымен зертханалық зерттеулер парагрипке, вирустық диареяға, аденовирустық және респираторлық-синцитиялық инфекцияларға қатар жүргізіледі.

Емі. Емдік мақсатпен реконвалесценттердің қан сарысуы пайдаланьлады. Оны бұлшық етке 2 мл/кг дозада, бірақ 200 мл асырмай жібереді, екінші қайта 24-48 сағ. өткенде береді. Бактериялардан болатын асқьнудың алдын алу үшін, микробтардың төзімділігін тексеріп барып, антибиотиктер, сльфаниламидтер қолданады. Бұл дәрілерді топтық әдіспен аэрозоль арқылы, немесе бас-басына парентеральдік жолмен береді. Ауырған малдың жай-күйіне қарай қуаттандыратын және симптоматикалық препараттар қолданылады. Аурудың гентитальдік түрінде нитрофурандар мен сульфианиламидтер колданылады, антибиотиктер жақпамай және ертінді ретінде пайдаланылады. Барлық жағдайда да емнің нәтижесі малдың күтімі мен азықтың құнарлылығына байланысты.

http://zoovetgarant.com.ua/img/2012/02/10.png http://images.by.prom.st/9173837_w640_h640_paragripp3krs.jpg

http://altaynews.kz/kaz/uploads/posts/2016-06/1465532872_leukemia-cows1.jpg

Иммунитет. Аурып жазылған жануарда белсенді иммунитет қалыптасады. Аурудың респираторлық түрінен кейінгі иммунитет генитальдік түрімен ауырғандағыдан гөрі күштірек болады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет 1, 5-2 жыл сакталады. Жұқпалы ринотрахеитке қарсы тірі және өлтірілген вакциналар қолданылады. Өлтірілген гидроокись алюминийлі этанол вакцина арасына 1 ай аралатып 2 рет егіледі. Иммунитет мерзімі 6-7 ай. Тірі вакциналар иммунитетті тез және ұзақ мерзімге қалыптастырады. Интраназальдік әдіспен енгізгенде танаудың секретінде антиденелер түзіледі және қанда интерферон пайда болады. Мұндай әдіспен енгізілген вакцинаның әсері бұлшық етке жібергеннен гөрі жоғары болады. Тірі вакциналар бір валентті және екі валентті жұқпалы ринотрахеитке және парагрипке қарсы болады.

Дауалау және күресу шаралары. Сиырдың жұқпалы ринотрахеитінің алдын алудың негізінде басқа да вирустық ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық шаралар жатыр. Ең бастысы малды қалыпты күтіммен, жемшөппен қамтамасыз ету. Шаруашылықтың мал өсіру бағытына байланысты дауалық шаралар тиісті жүйемен жүргізіледі. Сүт өндірілетін кешенде шеттен әкелінген бұқаларды карантинде ұстап, жұқпалы ринотрахеитке тексеріп, еркін шағылыска жібермеу керек. Мал бордақылау кешендерінде "бос- бос емес" принципін қатаң сақтап, әлсіреген, күйі нашар жануарларды бөліп альп, оқшаулайды. Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылып, індеттің тарап кетуіне карсы шаралар қолданылады. Ауырған малдарды бөліп алып, оқшаулап, емдейді. Қораны оқтын-оқтын дезинфекциялап, қалыпты микроклиматты сақтайды. Сау малдарды мүмкіндігінше белсенді, не енжар әдіспен иммундейді. Шектеуді соңғы ауырған жануар жазылған соң 30 күннен кейін алады. Бұл шаруашылықтан малдануға мал алуға, бұқалардың шәуетін пайдалануға шектеу алынған сон 2 ай өткеннен кейін рұқсат етіледі Ветеринариялық- санитариялық таза аймақтарда жүргізілетін алдын алу шаралары Инфекциялыќ ринотрахеиттің алдын алу шараларыныњ негізгі шарттары ірі ќара малдарын өсіру жєне бордаќылауда ветеринариялық-санитариялық шараларды ќатаң сақтау болып табылады.

http://vfstandard.ru/img/p/8/9/89-tm_thickbox_default.jpg http://vetservis.ru/upload/shop_3/2/1/7/item_217/arm_14.jpg

Ветеринариялыќ-санитариялық талаптарға келесі шарттар кіруі тиіс:

1. шаруашылық субъектілерін инфекция ќоздырғыштарыныњ кіруінен саќтау;

2. организмнің резистенттілігін күшейтуге бағытталған шаралардың кешенін ұйымдастыру;

3. уақтылы диагноз қою, ауру малдарды анықтау және оқшаулау;

4. қоршаған ортадаѓы вирустарды залалсыздандыру;

5. шаруашылық субъектілерін инфекция қоздырғыштарының кіруінен қорғау үшін міндетті түрде жүргізу керек;

6. малдардың инфекциялық ауруларынан таза аумақтардың тек сау малдарынан табын топтастыру;

7. жаңадан келген малдарды 30 күн бойы карантинде ұстап ауруларға тексеру

Ірі қара малының инфекциялық ринотрахеит ауруының
алдын алу және жою бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру туралы
Ереже

Осы мүйізді ірі қараның инфекциялық ринотрахеит алдын алу және жою жөніндегі ветеринарлық іс-шараларының ережесі (одан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының (одан әрі - Заң) 26-бабынасәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

1. Инфекциялық ринотрахеит - қызбамен жоғарғы тыныс жолдарының катаральды-некроздық қабынуымен, көздің, жыныс органдарының, орталық нерв жүйесінің зақымдануымен, іш тастаумен сипатталатын жедел түрде өтетін контагиозды вирусты ауру.
Аурудың қоздырғышы - Herpesviridae тұқымдасына жататын дирибонуклейінді қышқылы (ДНҚ) құрамды Herpeіvirus bovіs 1. Табиғи жағдайда ірі қара малдар ғана ауырады.

2. Осы Ережеде мынадай түсініктемелер қолданылады:
1) контаминация - микробтармен ластану;
2) продуцент - арнайы өнім алу.

3. Диагноз клиникалық-эпизоотиялық, патологоанатомиялық мәліметтер және лабораториялық зерттеулер қорытындысы негізінде қойылады.

2. Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын алу шаралары

4. Инфекциялық ринотрахеиттің алдын алу шараларының негізгі шарттары ірі қара малдарын өсіру және бордақылауда ветеринариялық-санитариялық шараларды қатаң сақтау болып табылады.

5. Ветеринариялық-санитариялық талаптарға келесі шарттар кіруі тиіс:
1) шаруашылық субъектілерін инфекция қоздырғыштарының кіруінен сақтау;
2) организмнің резистенттілігін күшейтуге бағытталған шаралардың кешенін ұйымдастыру;
3) уақтылы диагноз қою, ауру малдарды анықтау және оқшаулау;
4) қоршаған ортадағы вирустарды залалсыздандыру.

6. Шаруашылық субъектілерін инфекция қоздырғыштарының кіруінен қорғау үшін міндетті түрде жүргізу керек:
1) малдардың инфекциялық ауруларынан таза аумақтардың тек сау малдарынан табын топтастыру;
2) жаңадан келген малдар 30 күн бойы карантиндеу;
3) бөлмелерде қалыпты микроклимат сақтау, күнделікті ауаны аэрозольды профилактикалық дезинфекциялауды жүргізу, қабырғаларды, аралықтарды, еденді және науаларды механикалық тазалап және дезинфекциялау.

3. Инфекциялық ринотрахеиттен таза емес эпизоотиялық ошақтарда және қолайсыз пункттерде жүргізілетін шаралар

7. Шаруашылық субъектілерінде ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруы шыққан кезде ветеринариялық маман әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына хабарлайды.

8. Әкімшілік аумақ бірлігіне тиісті бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы ірі қараның инфекциялық ринотрахеит ауруының шыққаны туралы хабарды алғаннан кейін диагноз қою, эпизоотиялық зерттеу, эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтау үшін ауру шыққан жерге тез арада жетуі қажет. Ауру малдардан патологиялық материалдарды алып, диагнозды анықтау үшін ветеринариялық лабораторияға жібереді.

9. Ақырғы диагноз қойылған жағдайда ауру шыққан шаруашылық субъектісін және елді мекенді осы аурудан таза емес деп жариялап, Заңның 27-бабының1 тармағына сәйкес шектеу қойылады.
Соңғы мал ауырғаннан соң 30 күннен кейін, Заңның 27-бабының 3 тармағына сәйкес, аурудан таза емес пункттен шектеу алынады.

10. Шектеудің шарттары бойынша шаруашылық субъектілерінде малдарды, жем-шөптерді тасымалдауға, оларды кіргізіп шығаруға, шаруашылық субъектілері аумағында малдарды қайта топтастыруға тиым салынады.

11. Ауру малдардан басқа барлық малдарды, жаңа эпизоотиялық ошақтарда тұрған малдарды жедел түрде инфекциялық ринотрахеитке қарсы құрғақ вирусвакцинамен, қолдану нұсқамасына сәйкес иммунизациялайды. Ауру малдарды оқшаулап, гипериммунды қан сарысуымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесцентті қан сарысумен емдейді. Секундарлы инфекциямен асқынған жағдайда ұзақ әсерлі антибиотиктермен, сульфаниламидті, нитрофуранды препараттар қолданылады.

12. Қауіпті аймақта тұрған жануарлар әлсіздендірілген вакцинамен егіледі.

13. Ауру және ауруға күдікті малдар тұрған жерлер, қолданылған құрал-саймандар, арнайы жұмыс киімдері, мал төсеніші және қиы залалсыздандырылады.

14. Өлген және лажсыз сойылған малдардан алынған терілер дезинфекциялық ерітінділерде: 1 литр суға 50 грамм алюминилі квасты, 200 грамм ас тұзымен 16-18 о С температурада 48 сағат залалсыздандырылады.

15. Лажсыз сойылған мал ұшаларында дегенеративті өзгерістер болмаған жағдайда кедергісіз жіберіледі. Танаудың, өңештің, жұтқыншақтың, өкпенің, асқазан-ішек органдарының кілегей қабығында некроздық өзгерістер болған жағдайда техникалық утильдеуге жіберіледі.

16. Ауру, ауруға күдікті малдардан алынған сүт 70 о С температурада 30 минут пастеризациядан кейін адамдарға тамаққа және малдарға азық ретінде қолдануға болады.

17. Ауру малдар тұрған бөлмелерге кірер жерде дезинфекциялық ерітінділермен шыланған дезинфекциялық маттар орнатылады.

4. Қолдан ұрықтандыру станцияларымен пункттерінде
инфекциялық ринотрахеитпен күресу шаралары

18. Жануарларды қолдан ұрықтандыру стансаларын бұқалармен толықтырғанда оларды ірі қараның ринотрахеитінен таза аймақтардан жинақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті
Ірі қара малдардың жұқпалы ринотрахеиті
Дәрілік заттар түрлері
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Індетке қарсы шаралар
Тыныс жолдарының аурулары
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz