Мақта өнімдерін өндіру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:Мақтаға жалпы сипаттама; Өсіру технологиясы; Мақта өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы;
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады.
Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта - сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Кавказ елдерінде өсіріледі.
Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы - қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.

Мақта (Cossypіum), қоза-құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б. з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика, Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1-1, 5 м. 1-2 негізгі бұтақтан 10-15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90-130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3-5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20-40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта - жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10-12C-та өне бастайды, 25-30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.

C:\Users\Admin\Desktop\800px-CottonPlant.JPG

1-сурет. Мақта өсімдігі.

Мақта өнімдері:

1 т шитті Мақтадан 330-360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100-110 кг тағамдық, техникалық май, 30-40 кг қысқа талшық, 550-580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20-25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400-420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т. б. құнды өнімдер алынады. Мақта - тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар - бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т. б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т. б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қолданылады.

Негізгі зиянкестері:

  • өрмекші кенесі;
  • мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары;
  • шегіртке;
  • арам шөптер;

Артықшылықтары:

  • Жұмсақтық;
  • жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі;
  • жеңіл түске боялуы;
  • табиғи материал;
  • денсаулыққа зиян келтiрмеген;
  • Жетісай қаласында «Сапа­ИнвестПлюс»атты мақтаның са­ба­ғынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда;

Кемшiлiктері:

  • оңай илейдi;
  • отырғызуға тенденцияны алады;
  • жарықта сарғаяды;
  • суды бойына сіңіріп алады;

Мақта өсіру - тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 пайызы (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 - 26 пйызы май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады. 1 тонна шитті мақтадан 290 - 400 кг мақта талшығы (бұдан 3000 м мата тоқылады), 600-700 кг тұқым алынады. 1 тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және басқа да құнды өнімдер алынады. Мақта осы кездегі Орта Азия республикалары, Үндістан, Иран, Қытай, Мексика, Перу территорияларында біздің ғасырға дейін өсірілген. Закавказье мен Балқанда мақта біздің заманымыздың 10 - 11 ғасырында егіле бастаған.
Шитті мақта өндіруден СССР дүние жүзінде екінші орын, ал әр гектардан алынатын өнім жөнінде 1 - орын алады. Біздің елімізде Өзбек ССР-і, Түрікмен ССР-і, Тәжік ССР-і, Азербайжан ССР-і, Армиян ССР-нде, Қазақстанның оңтүстігінде, Шымкент облысының Бөген, Келес, Киров, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Түркістан аудандарында өсіріледі. Бұл аудандарда 29 колхоз, 24 совхоз мақта өсіруге маманданған.
Қазақстанда 1919 жылы мақта егісінің көлемі 15 мың гектар болды, әр гектардан 6, 6 ц өнім алынып, мемлекетке 9, 9 мың тонна ғана шитті мақта өткізілсе, 1973 жылы егіс көлемі 114, 3 мың гектарға жетті, әр гектардан 27, 3 ц өнім алынып, 313 мың тонна мақта өткізілді.

Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі - мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе.

Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде.

Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 -шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған.

Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта тұқымының элиталық тұқымын шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми тәжірибелік станциялар ашылды. Соның ішінде Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында алғашқы отандық жаңа және келешектік жоғары өнімді: ПА - 3031, ПА - 3044, МА - 3047, М - 4003, М - 4005, М - 4007 және М - 4011 мақта сорттары шығарылды. Бұл жаңа сорттар аудандастырылған. Оңтүстік Қазақстанның күлгін түсті топырақтарының жағдайларына бейімделген және де олардың жаңа сорттық баптау технологиялары жетілдірілген. Мақта шаруашылығын дамыту мақсатында көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оларды атап өтетін болсақ: Үмбетаев И. Ү., Көпешов Ш., Болғанбаев Е., Серғазиев А., Майлыбаев М., Батькаев Ж. Я., Мұстафаев А. Б., Биғараев О., Сыдықов Д. А.

Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның даму келешегін және республиканың экономикасының дамуындағы орнына талдау жасау.

Жұмыстың міндеті:

- Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының даму тарихын қарастыру.

- Мақта шаруашылығының республика шаруашылығындағы маңызы.

- Қазақстанда мақта өндірудің өзекті мәселелері.

Мақта өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы

Шитті мақтаның облыс экономикасында, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығынан алынатын табыстың 1/3 осы дақылдан түседі. Ауылда жұмыс істейтіндердің де 1/3 шитті мақта өсірумен айналысады.

Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірушілері ауа райының қолайсыздығына қарамастан біршама жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Масақты дақылдар мен мақсарыдан басқа барлық дақыл түрлерінің өнімі 1999 жылға қарағанда артық болды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық өңдірілген өнім 2000 жылы 49, 1 млрд. теңгені, ал егіншіліктің өнімі 31, 5 млрд. теңгені құрады. Оның 46, 6 пайызы немесе 14, 7 млрд. теңгесі мақта өнімінің еншісіне тиеді.

Мақтаарал ауданында барлық өндірілген 15, 1 млрд. теңге өнімнің 9, 9 млрд. теңгесі немесе 65 пайызы мақтадан түсті. Шардарада бұл көрсеткіш барлығы 3, 7 млрд. теңге, оның ішінде мақта 2, 1 млрд. теңгені кұрайды. Бұл ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің 57 пайызы, Түркістанда - табыстың 34, Ордабасыда - 28, Арыс, Отырарда - 12, Сарыағаш аудандарында - 7 пайызы мақтадан алынды.

2000 жылдың ауа райы мақташылар үшін онша қолайлы болмады. Көктем айының құрғақ болуына байланысты мақта егісін сумен қамтамасыз етуде көптеген қиыншылықтар кездесті. Дегенмен, мақташылар бұл қиындықты жеңе отырып үлкен табысқа қол жеткізді. Облыс бойынша 153, 3 мың гектарға егілген мақтаның түсімділігі 18, 7 центнерге, өнімі 287, 1 мың тоннаға жеткізілді. Сөйтіп 1999 жылдан 38 мың тоннаға артық өнім алынды. Тапқан табыстары да жаман болған жоқ. Бұл - ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформаның алғашқы нәтижелері. Әр гектар жер өз иесін тауып, жерге жанашырлық көзқарастар қалыптаса бастады деп айтуымызға болады.

Мақтаарал өңірінің диқандары 2000 жылы әр гектардан 20, 2 центнерден, барлығы 192, 8 мың тонна, яғни 1999 жылдан 8, 8 мың тоннаға көп шитті мақта дайындады.

Шардара ауданында мақта дақылының егіс көлемі 1999 жылға қарағанда 6, 2 мың гектарға артық егіліп, 20, 7 мың гектарға орналастырылды. Гектар түсімділігі 20, 2 центнер немесе 4, 6 центнер арттырылды.

Жалпы, облыста гектар берекелілігін арттыруға деген құлшыныс бар. Осы дақылмен айналысатын аудандардың барлығында дерлік 2000 жылы 1999 жылға карағандаа бұл жөнінде ілгерілеушілік сезілді. Тек объективті, субъективті себептермен Түркістан қаласының шаруашылықтарында былтыр, алдыңғы жылмен салыстырғанда әр гектардың өнімділігі 2, 4 центнерге кеміп кетті. Дегенмен, өткен жылдың жағдайында көптеген тауар өндірушілер агротехникалық шараларды дұрыс сақтау нәтижесінде мақтадан жоғары өнімге қол жеткізе алды. Мәселен, Шардара ауданы Қазақстан ауыл округінің "Сеңгірбай" шаруа қожалығында 72 гектар мақталықтың гектар түсімділігі 58 центнерден, Мақтаарал ауданының "Иіржар" ауыл округіне қарасты "Захид" шаруа қожалығында 50 гектардан 43 центнерден, Казыбек би округіндегі "Жұлдыз" шаруа қожалығында 40 га мақталықтан 40 центнерден, "Арай" ауыл округіндегі "Ақ нұр" өндірістік кооперативінің мүшелері 160 гектардың әр гектарынан 38 центнерден өнім алды. Ордабасы ауданы "Төрткүл" ауыл әкімшілігіне қарасты "Арыстанды" өңдірістік кооперативі 120 гектардан 32 центнерден, Түркістандағы Ескі Иқан ауыл әкімшілігіндегі Камалов атындағы шаруа қожалығы 60 гектардан 26 центнерден, Сарыағаш ауданындағы Қошқар ата ауыл әкімшілігіндегі "Балауса" шаруа қожалығы 40 гектардан 37 центнерден, Арыс қаласындағы Жиделі ауыл әкімшілігіндегі "Өмірзақ и К" шаруашылығы гектарынан 35 центнерден өнім жинады.

Мақта шаруашылығындағы табыс аз емес. Сонымен қатар пайдаланылмай келе жаткан резервтер де баршылық. Мәселен, мақта өсіру технологиясын бұзып, "шитті сеуіп қойсаң болды, өнімді құдайдың өзі береді" дейтін шаруашылықтар да аз емес.

2000 жылдың қорытындысына қарағанда, кейбір аудандағы ауыл әкімшіліктерінде жұмысқа деген талаптың төмендеп кеткені және жоғарыда айтқанымыз айқын байкалады. Айтайық, Мақтаарал ауданындағы 20 ауыл әкімшілігінде әр түрлі жағдай қалыптасқан. 10 ауыл әкімшілігінде гектар түсімі 20 центнердің үстінде болса, қалған 10 ауыл әкімшілігінде бұл көрсеткіш оған жетпейді. Егер де барлық аудан әкімшіліктері әр гектардан 25 центнерден өнім алғанда, былтыр 220-230 мың тонна шитті мақта жинаған болар еді.

Шардарадағы Қоссейіт ауыл әкімшілігі бойынша гектар түсімі 24, 2 центнерден келсе, Казақстанда 23, 4-тен, Достықта 20, 7-ден өнім алынды. Оның есесіне Жаушыкұм - 15, 2, Шардара - 15, Сүткент - 13, 8 центнерді місе тұтты.

Түркістан каласы бойынша ең жоғары түсім көрсеткіші Ескі Иқан ауыл әкімшілігінде - 15, 5. Бұл - аудандағы ең биік көрсеткіш болып табылады. Қарашық - 12, 9, Жүйнек - 13, 1 центнерден алды. Гектар түсімі 10 центнерге жетпеген ауыл әкімшіліктері де бар. Мәселен, Үшқайық - 8, 3, Сауран - 8, 7, Бабайқорған - 5, 4 центнерден берді. Ал, 1004 гектар жерге 4 есе кем қоза еккен Жаңа Иқанда әр гектардан небәрі 4-ақ центнерден шитті мақта алынды.

Ордабасыдағы мақтамен айналысатын 9 әкімшіліктің екеуі ғана (Қараспан мен Қажымұқан) 16 центнердің үстінде өнім алды. Сарыағаш ауданы бойынша әр гектар 18, 1 центнерден өнім берсе, Біртілек - 18, 6, Тегісшіл - 18, 9, Қапланбек - 20, Қызылжар - 22 центнерден алды. Аудан озаттарының көшін "Ұшқын" ауыл әкімшілігі (27, 5) бастап отыр. "Жібек жолында" 20 гектарға мақта егіліп, оның айналымы 12-ақ центнерді құрады.

Облыста шитті мақта өнімділігі гектар түсімділігінен емес, егіс көлемін арттыру есебінен, экстенсивті тәсілді қолданудың негізінде алынып отыр. Мәселен, облыста 1997 жылы 104 мың гектардың түсімі гектарынан 19, 0 центнерді құраса, 2000 жылы онан 49 мың гектарға көп егілген алқаптың бергені - гектарына 18, 7 ц болды.

Мақта өсірудің ғылымда дәлелденген, тәжірибеде сыналған өзіндік ерекше агротехникалық тәсілдері бар. Өкінішке орай, бізде мақта өсірудің агротехникалық шаралары қатаң сақталмайды. Баяғы диқан бабаларымыз "Жер айдасаң күз айда, күз айдамасаң жүз айда" деп бекер айтпаған. Ал сүдігер айдау жұмысы көптеген аудан шаруашылықтарында мүлде орындалмайды.

Жалпы, біз мақтаны еккенде одан табыс табамыз деп егеміз. Негізінде оны өндірудің тиімділігі - гектар түсімділігіне тікелей байланысты екендігі әрбір диқанға, маманға өз-өзінен түсінікті. Мәселен, гектарынан 15 центнерден шитті мақта алсақ, тиімділік бар-жоғы 3 пайызды құрайды, ал 20 центнерден алынса, 29 пайыз.

Мақта өсірудегі негізгі мәселелердің бірі элиталық тұқым шаруашылығын дамыту болып табылады. Бұрынғы жылдары облыста элита тұқымын өндіретін 7 тұқым шаруашылығымен айналысатын 18-20 шаруашылық болатын. Жоғары репродукциялы тұқымдар арнайы элита тұкым өндіретін шаруашылықтарда өңдіріліп, олар тұқым шаруашылықтарында көбейтіліп, басқа шаруашылықтарға 2-4-репродукциясы тұқымдар таратылатын. Тұқым дайындалатын танаптар бекітіліп, зауыттарда бөлек сақталынып, өңделінетін.

Қазіргі таңда бұл жұмыстар толық жүргізілмейді. Зауыттарда дайындалған тұқымның сапасы төмен, кей ұжымдар тапқан тұқымын ғана себеді. Өткен жылы облыс бойынша егіске жұмсалған 5, 0 мың тоннадан артық тұкымның 3, 5 мыңы немесе 70 пайызы 2-класқа жатқызылған. "Мырзакент", "Ақ алтын", "Иассы" акционерлік қоғамдары арқылы тек 2-кластық тұқым таратылған. Оның үстіне тұқымның сапасын қадағалайтын "Казагроэкспертиза" мемлекеттік-қазыналық кәсіпорнының облыстық бөлімшесі мақта тұқымының сапасын тексеру, қадағалау және шара көру жұмыстарын өз дәрежесінде ұйымдастыра алмай келеді.

2001 жылы облыста мақта тұқымын жақсарту мақсатында элита тұқым өндіретін 6 шаруашылық ашылды. Оның 3-і Мақтааралда, ал Шардара, Түркістан мен Сарыағаш аудандарында бір-бірден.

Өндірілген тұқымды көбейтіп, тарату үшін облыс бойынша мамандандырылған 11 тұқым шаруашылығы айналыспақшы. Осы ұжымдардың дұрыс жұмыс істеп кетуін ұйымдастыру аудан басшылары және аймақтық басқарманың, оңың тұқым инспекторлары мен ауыл шаруашылығы департаментінің міндеттері. Міне, осындай кемшіліктерге қоса гектар түсімінің төмен болуы себептерінің бірі - ауыспалы егістің сақталмауы.

Ауыспалы егістікті тиянақты игеру мол өнім алуға әсерін тигізетін басқа да проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда:

Өсімдік зиянкестері мен ауруларының резервациясын жоюға көмектеседі. Ал ол өз кезегінде қымбат бағалы улы химикаттарға жұмсалатын қаржы шығынын үнемдеуге, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Топырақ құнарлылығын арттыруға, жердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға және мал шаруашылығына қажетті жемшөп қорын жасауға ықпал етеді.

Бұрынғы жылдары ауыспалы егісті толық сақтаған облыс мақташылары жыл сайын мол өнім алатын. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 116, 5 мың гектарға егілген мақталықтың түсімі 24, 9 центнерден келген болса, 2000 жылы 153, 3 мың гектарға егілген мақталықтың түсімділігі 18, 7 центнерден келді немесе 6, 1 центнерге азайды. Өйткені ауыспалы егістің қажеттілігін диқандар біле тұра, бұл мәселеге соңғы кезде тіпті көңіл бөлмей келеді. Өткен жылы облыс бойынша мақта 153, 3 мың гектарға, оның ішінде Мақтааралда 96, 7 мың гектарға, яғни егістіктің 80 пайызына орналастырылды. Жоңышқаның егіс көлемі аталмыш ауданда 8, 8, мың гектардан немесе егістіктің 7 пайызынан аспады. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында 2000 жылы 12, 5 мың гектар мақталықтың түсімі 15 центнерден, 28, 0 мың гектардан 18 центнерден, 42, 5 мың гектардан 20 центнерден төмен болды.

Осындай жағдай басқа да өңірлерде орын алып отыр. Сарыағаш ауданында жоңышқалық суармалы егістіктің бар-жоғы 10 пайызын құрайды. Шардарада - 12, Түркістанда - 13, 5, Ордабасыда 17 пайызға тең келеді;

2001 жылы да аудандарда ауыспалы егіс енгізу қолға алынбады. Алдын-ала берген есеп жобалары бойынша Мақтаарал ауданында 2001 жылы мақта 92, 0 мың гектарға, ал жоңышка 9, 4 мың гектарға немесе егістіктің тиісінше 75 және 8 пайызына орналастыру көзделген. Шардарада жоңышқаны - 13 пайызға, Түркістанда - 17 пайызға егу межеленген.

Мақта шаруашылығын дамытудың облыстық бағдарламасында ауыспалы егістікті игеру үшін үстіміздегі жылы облыс бойынша мақта 133 мың гектарға орналастырылып, оның әр гектарынан 23 центнерден түсім алу межеленген. Оның ішінде Мақтаарал ауданында 84 мың га мақталықтың гектар түсімділігін 25 центнерге жеткізу көзделген. Сондықтан аудан және ауыл әкімдері 2001 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының орналастыруын қайта қарап, ауыспалы егістікті игеруді ұйымдастырулары қажет.

Шитті мақта өсіруде келесі бір аландататыны - ағын су мәселесі. Ол өткен жылы тапшы болды. Сарыағаш, Шардара аудандарынан басқа барлық өңірдің диқандары қиыншылық көрді. Су мөлшерінің көлемі жылдан-жылға азайып барады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасымен Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа суару жобасын жасап отыр. Соған сәйкес, 2001 жылы Мақтаарал ауданындағы "Достық" каналы арқылы берілетін 720 млн. текше метр су ресми түрде 600 млн. текше метр ғана берілмекші. Сол себептен суарудың үнемді тәсілдерін қолданып, су жүйелерін тазалау, оларды мезгілінде жөндеуден өткізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

2000 жылы облыстық бюджеттен су жүйелерін жөндеп, тазартуға 20 млн. қаржы бөлінді. Оған Сарыағаш, Отырар, Төлеби аудандарында тиісті жұмыстар атқарылды. 2001 жылғы облыс бюджетінде осы мақсатқа 63 млн. теңге қаралған.

Одан басқа Мақтаарал ауданында суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмысына дүние жүзілік және Азия даму банкілері өз көмектерін көрсетуде. Азия даму банкінің несиесі бойынша жалпы құны 55, 12 млн. АҚШ долларына 32, 5 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру іс-шараларының жобасы жасалынуда. Ал дүние жүзілік даму банкінің қаражаты бойынша 9, 6 мың гектарда бұл жұмыстар жүріп жатыр. Мемлекетаралық "Зах", "Ханым", "Үлкен Келес" және "Ашынау" каналдарында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджет есебінен осы іске 2000 жылы 100 млн. теңге бөлініп, каналдарды жөндеу жұмыстары басталды. Ендігі міндет - барлық су шаруашылықтары және су пайдаланушылар бірлесе отырып су жүйелерін жөндеу, тазалау жұмыстарын мезгілінде, көңілдегідей ұйымдастыра білу.

Кейінгі жылдары облыс мақташыларына "Қазақстан мақтасы" компаниясы, "Нимекс" корпорациясы, "Интекс" фирмасы тағы да 9 мақта өндеу зауыттары арқылы фьючер негізінде қаржылай көмек көрсетуде.

2000 жылы мақта өндірісіне облыс бойынша 2. 343 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Бұл - ауыл шаруашылығы саласына берілген инвестицияның 79 пайызы. Алайда, соңғы кезде тауар өндірушілер мен мақта өндейтін зауыттар, компаниялар арасында келіспеушіліктер жиі орын алып отыр. Көп жағдайда мақта зауыттары, компаниялар өз үстемдігін пайдалана отырып шаруашылықтарға қажетті қаржылай және заттай несиелерді жоғары өсіммен береді деп мақта өндірушілер ренжиді. Ал, өз кезегінде "біздің тікелей көмегімізбен өсірілеген мақтаны шаруалар бес-алты теңге артығына қызығып, басқа фирмаларға сатып жібереді" деп зауыт өкілдері отыр. Соңдықтан қазіргі заман талабына сай, өзара тиімді қарым-қатынастың өркениетті әдісіне көшетін кез келді. Әріптесті сазға отырғызу, алдап кету еш жақсылық әпермейтіні аян.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Ауыл шаруашылық комплексіндегі инфрақұрылым
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері
Оңтүстік қазақ жері
Дүние жүзінің жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайын, даму қарқынын, экономикаға қосар үлесін анықтау, жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру
Қазақстан Республикасының экономикасының кластерлердің көтеруі
Оңтүстік Қазақстан аймағы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Өсімдік майын өндіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz