Тамыржемісті көкөністер
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
2.1 Тамыр жемісті дақылдар
2.2 Сәбіз дақылына жалпы сипаттама
2.3 Сәбіздің көшетсіз өсіру технологиясы
III. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын (құрылыстарын) салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді. Көкөніс және жеміс-жидек, жүзім өсімдіктерін өсіру еңбекті мол шығындаумен байланысты. Көкөніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті – халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өндіру.
Қазақстанның 2006-2010 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасында жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуықарастырылған. Жылыжай кешендерін салу, бақ шаруашылығы мен
жүзім шаруашылығының дамуы, жеміс-көкөніс шаруашылығында тамшылатып суаруды енгізу, сондай-ақ жоғары технологиялы және тиімдіегіншілік жүйесіне көшу ұйғарылған. Көкөністерді, жемістерді және жүзімдерді медициналық деңгейде пайдалануды қамтамасыздандыратындай деңгейде өндіру міндеті ұсынылуда. Халықтың әл-ауқатының жақсаруының арқасында құнарлылығы жоғары етті, майлы, қантты, консервіленген өнімдерді пайдалану артуда, бірақ бұл өнімдерде дәрумендер мен биологиялық белсенді заттар ағзаның талабына сай мөлшерде кездеспейді, сондықтан дәрумендердің, минералды және хош иісті заттардың, көмірсуларының және органикалық заттардың көзі саналатын көкөністер мен жеміс өсімдіктерінің маңызы арта түседі.
Тамыржемісті көкөністерде, қантты жүгеріде, жасыл асбұршақта, қарбызда, асқабақта, жемістерде, жидектерде және жүзімдерде көмірсулары мол болады. Жемістер мен көкөністерде С дәрумені мол мөлшерде кездеседі, оған әсіресе тәтті бұрыш, ақжелек және аскөк, батун пиязы, ақжелкек, брюссель, түсті және ақ қауданды орамжапырақ, қымыздық, шпинат, қызанақ, шалғам, қара қарақат, таңқурай, бүлдірген, қарлыға, алмалар бай келеді.

1. Н. Г. Щепетков, а.ш.ғ.д., профессор, М. А. Ысқақов, жеміс – көкөніс шаруашылығы Алматы, 2011ж.-428 б.
2. Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә. және т.б. Көкөніс
шаруашылығы. Астана, 1998 ж.-275б
3. Кусаинова Г.С., Кампитова Г.А., жəне а.ш.ғ.к. А.Ө.Өтешқалиев Көкөніс дақылдарының сортайырмашылық белгілері.-256 б
4. Аяпов К., Укибасов О., Есеналиева М. Жеміс көкөніс шаруашылығы практикумы.-268б
5. «Жаршы» ғылыми-сараптамалық журналы, №8-2012
6. «Жаршы» ғылыми-сараптамалық журналы, №4-2013
7. Өтешқалиев А.Ө. Көкөніс өсіру технологиясы. «Білім», 2008
8. Амиров Б.М., Амирова Ж.С. Рекомендации по технологии выращивания семян столовой моркови, «Кайнар», 2004.
9. Ысқақов М.Ә., Щепетков Н.Г. “Көкөніс шаруашылығы” курсы бойынша зертханалық-іссаналық сабақтарға арналған тапсырмалар жинағы, Астана, 2009.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
2.1 Тамыр жемісті дақылдар
2.2 Сәбіз дақылына жалпы сипаттама
2.3 Сәбіздің көшетсіз өсіру технологиясы
III. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын (құрылыстарын) салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді. Көкөніс және жеміс-жидек, жүзім өсімдіктерін өсіру еңбекті мол шығындаумен байланысты. Көкөніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті - халықтың азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді, жемістерді, жидектерді және жүзімді өндіру.
Қазақстанның 2006-2010 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасында жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуықарастырылған. Жылыжай кешендерін салу, бақ шаруашылығы мен
жүзім шаруашылығының дамуы, жеміс-көкөніс шаруашылығында тамшылатып суаруды енгізу, сондай-ақ жоғары технологиялы және тиімдіегіншілік жүйесіне көшу ұйғарылған. Көкөністерді, жемістерді және жүзімдерді медициналық деңгейде пайдалануды қамтамасыздандыратындай деңгейде өндіру міндеті ұсынылуда. Халықтың әл-ауқатының жақсаруының арқасында құнарлылығы жоғары етті, майлы, қантты, консервіленген өнімдерді пайдалану артуда, бірақ бұл өнімдерде дәрумендер мен биологиялық белсенді заттар ағзаның талабына сай мөлшерде кездеспейді, сондықтан дәрумендердің, минералды және хош иісті заттардың, көмірсуларының және органикалық заттардың көзі саналатын көкөністер мен жеміс өсімдіктерінің маңызы арта түседі.
Тамыржемісті көкөністерде, қантты жүгеріде, жасыл асбұршақта, қарбызда, асқабақта, жемістерде, жидектерде және жүзімдерде көмірсулары мол болады. Жемістер мен көкөністерде С дәрумені мол мөлшерде кездеседі, оған әсіресе тәтті бұрыш, ақжелек және аскөк, батун пиязы, ақжелкек, брюссель, түсті және ақ қауданды орамжапырақ, қымыздық, шпинат, қызанақ, шалғам, қара қарақат, таңқурай, бүлдірген, қарлыға, алмалар бай келеді.
Сәбізде, пияз жапырағында, шпинатта, аскөкте, қызанақта А дәруменінің мөлшері көбірек. Бұршақты көкөністер, қантты жүгері, савой және брюссель орамжапырақтары, қымыздық, шпинат, ақжелектің жапырақтары ақуызға бай. Жемістердің басым бөлігінде азотты заттардың мөлшері 1%-дан аспайды, жүзімде, бүлдіргенде, таңқурайда, қарақатта - 1,5 %-ға дейін.
Азық-түлік қауіпсіздігінің ғаламдық маңыздылығы барынша артып отырған қазіргі таңда Қазақстанның негізгі стратегиялық саясатында бұған ұлттық деңгейде аса зор мән беріліп отыр. Агробизнес 2020 бағдарламасында азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуді ішкі рынокта 80 пайызға арттыру көзделген. Азық-түлік қауіпсіздігінің бірден бір кепілі ауыл шаруашылығында дақылдар мен көкөністердің өнімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстанда асханалық сәбіз көкөністер арасынан жоғары орын алады және республикамыздың барлық аймағында кеңінен өсіріледі. Соңғы жылдары оған деген сұраныс артып, егістік көлемі 17-18 мың гектар алқапты құрап, одан 404,2 мың тонна өнім өндірілді.
Бүгінгі күні Қазақстанда сәбіздің 17 сорты мен буданы аудандастырылған. Бұл тізімнің дені шетелдік сорттар мен будандардан тұрады. Отандық көкөніс дақылдары селекциясына соңғы 10-15 жылда ғана басымдылық беріліп, дәстүрлі түрлерімен қатар, көкөністердің Қазақстанда болмаған жаңа түрлерінің сорттары зерттеліп, өндіріске енгізіле бастады. Нарық жағдайында азық-түлік өнімдерін көбейту үшін, алдымен көкөніс өндірушілерді өнімділігі мен сапасы жоғары тұқыммен қамтамасыз ету керек.
Сәбіз тамыржемісі адам ағзасына қажетті биологиялық белсенді заттар мен дәрумендерге, микро және макроэлементтерге бай болғандықтан, күнделікті ас мәзірінде де алатын орны ерекше болғандықтан және егіс көлемі едәуір болған себепті Қазақстанда асханалық сәбіздің тұқымына деген сұраныс өте жоғары. Бұл сұраныс бүгінгі күні негізінен шетелден келетін тұқыммен қамтылып отыр, ал отандық тұқымның үлесі мардымсыз. Бұл олқылықтардың негізгі себебі - елімізде әлі күнге дейін селекция және тұқым өндіру салаларының дұрыс жолға қойылмауы.
ІІ. Негізгі бөлім
0.1 Тамыр жемісті дақылдар
Ежелден асханалық тамыржемістерді адамдар тағамға пайдаланған. Олар - сәбіз, асханалық қызылша, шалғам, шалқан, шомыр, ақжелек, балдыркөк, ботташық. Барлық тамыржемістілер, шалғам мен шалқанның жаздық түрлерінен басқалары - екі жылдық өсімдіктер. Олар бірінші жылы жапырақ дегелегін және тамыр жемісін, ал екінші жылы гүлдегіш сабағын қалыптастырады: өсімдік гүлдейді және тұқым байлайды. Кейде өсімдік тіршілігінің бірінші жылы гүлдейді. Бұл гүлсымақ деп аталатын құбылыс қысқа қарай немесе тым ерте көктемде сепкенде, сондай-ақ көктем ұзақ уақыт салқын болғанда байқалады.
Гүлденген өсімдіктің тамыржемісінің сапасы күрт төмендейді. Сонымен бірге, танапқа отырғызылған тұқымдық гүлсабағын қалыптастырмайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай өсімдіктерді қиқар деп атайды. Осындай жағдайды тамыр жемісін қыста жоғары температурада сақтағанда, сонымен бірге оларды көктемде құрғақ топыраққа отырғызғанда және ауа райы тым жылы болғанда байқауға болады. Қиқарлықпен күресу үшін ерте жинамау және аналықты ерте күзде құрғатпау, дұрыс сақтамауды болдырмау (тұрақты жарықтануда және жоғары температурада), сондай-ақ отырғызуды кешеуілдетпеу керек.
Сурет 1 - Тамыржемістілер
Тамыржемістердің анатомиялық құрылысы бірдей емес. Тамыржемістерінің 3 түрлі құрылысын ажыратады: шалқан, сәбіз және қызылша түртектестер (типтестер).
Шалқан типтес. Жұқа, әлсіз дамыған қабығы және қоректік заттары жиналатын кең аумақты, жақсы дамыған паренхималы, ағашты бөлігі болады. Мұндай құрылыс пішіні орамжапырақтылар тұқымдасының барлық тамыржемістеріне тән.
Сәбіз типтес. Көлденең кесіндісінде өте жуан екі қабат көрінеді: сыртқысы қабықшамен жабылған қабық (флоэма) және ішкі өзек (діңгек) - сүрек (ксилема). Көмірсулары мен каротиннің негізгі бөлігі қабықтық бөлікте жиналады. Мұндай құрылыс пішіні балдыркөк тұқымдасының барлық тамыржемістеріне тән.
Қызылша типтес. Қоректік заттар жиналатын паренхима ксилема және флоэманың сақиналарымен алмасып отырады. Паренхима мен сүрек сақиналарының арасында екінші түзгіш ұлпа (камбий) қабаты орналасқан, ол бөлінгенде осы сақиналар жуандайды. Сүректік бөлігі, әсіресе қоректік алаңы көбірек болғанда және топырақта ылғал жетіспегенде, тезірек жуандайды. Бұл тамыржемістердің сапасын төмендететін ақ сақиналардың пайда болуына әкеледі. Өздерінің дамуы үшін тамыржемістілер салқын және ылғалды климатты қажет етеді: құрғақ топырақта олар қиқы-жиқыланады, ағаштанады. Ылғал мен жарыққа тамыржемістілер ең зор талабын алғашқы даму кезеңінде қояды.
Тамыржемістілердің бәрі де топырақтың арамшөптермен ластануына аса сезімтал келеді. Бұл олардың алғашқы кезеңдерде баяу өсуімен, жас өсімдіктерді тез дамитын арамшөптердің басып кетуімен түсіндіріледі. Тамыржемістілер топырақтың құнарлылығына да жоғары талап қояды. Қоректік заттарды топырақтан пайдалануы бойынша олар көкөніс дақылдарының ішінде үшінші орынды алады - картоп пен орамжапырақтан кейін.
2.2. Сәбіз дақылына жалпы сипаттама
Сәбіз - Daucuc carota L. ТМД-да сәбізді барлық жерлерде - егіншіліктің солтүстік шекарасынан оңтүстігіне дейін өсіреді. Егіс көлемі 100000 га жер. Өнімділігі - 300-500 цга. Қазақстанда сәбізді 13000 га жерде өсіреді. Негізгі егістіктер Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Егістіктің басым көлемі үй маңайында орналасқан. 2009 жылы ең жоғары өнімділік Солтүстік Қазақстан облысында (302,0 цга) жиналған. Қазақстанныңсолтүстігінде сәбізді 2 мың га асатын жерде өсіреді.Сәбізді дәруменнің қоймасы деп дұрыс атайды. Оның құрамындакаротин, В1, В2, С, РР және В9 дәрумендері, қанттар, минералды тұздар, азотты және адам ағзасына пайдалы басқа да заттар көп. Кобальттың тұздары ет пен сүтке қарағанда 10 есе көп. Оны зат алмасуы бұзылғанда және қан аз болғанда белгілейді.Сәбіз пісірген кезде каротиннің жартысына жуығын жоғалтады, бірақ сонда да емдік қасиетке ие. Жапырақтары күрделі қауырсынды. Гүлденгіш сабағы түкті, биіктігі 1,5 м дейін. Гүл шоғыры шатыр тәрізді. Тозаңдану желдің және бунақденелілер көмегімен жүреді. Тұқымы ұсақ (1000 тұқымның массасы 2-2,4 г), ұзынша сопақ пішінді, түкті, тығыз қабықты. Эфир майының көптігінен бөртуі үшін судың мол болғанын тілейді. Танапта өскіні 20-25 тәулікте пайда болады.
Сәбіз - суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымы 4-6°С-да өне бастайды. Ересек өсімдіктері төмен температураға өте төзімді, бірақ күзде тамыржемістері топырақтағы 2°С төмен үсікке шыдамайды. Сәбіз, әсіресе дамуының алғашқы кезеңінде, жарыққа жоғары талап қояды. Жарық жеткіліксіз болса өсімдік сорайып, өнімі мен сапасын төмендетеді. Бұл сәбізді жеміс беретін ағаштардың қатараралықтарында, қою (жиі) егістіктерде өсіргенде және сирету мен отау жұмыстарын кешіктергенде байқалады.
Сәбіздің тамыр жүйесі топыраққа терең бойлайды. Сондықтан, ылғалға орташа талап қояды, бірақ сонда да ылғалдың артықшылығы немесе жеткіліксіздігі оған зиян келтіреді, құрғақ топырақта тамыржемісі дөрекіленіп, қиқы-жиқыланады, ал артық ылғалдылық ауруға шалдықтырады. Ауа құрғақшылығына сәбіз басқа тамыржемістілерге қарағанда жақсырақ бейімделген. Бұған жапырағының тілімділігі, онымен бірге сабағының түктілігі ықпал жасайды.
Сурет 2 - Сәбіз дақылының көрінісі
Сәбізге қарашіріндісі мол және өңдеу қабаты терең, батпақтанбайтын, жеңіл саздақ және құмдақ топырақтар қажет. Қоректену элементтерінің ішінде ол, бәрінен де калийді қажет етеді, сонымен бірге азотты тыңайтқышты да. Сәбізді жас көңмен мол етіп қоректендіруге болмайды, себебі ұзын тамыржемістері қиқы-жиқы, тармақталған, ашық-сары түсті және дәмі ұнамсыз болады.
Сұрыптары. Витаминная 6. БОКШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде піседі, өскін пайда болғаннан техникалық пісуінің басталғанынша - 90-120 тәулік. Өнімділігі өте жоғары. Тамыржемістерінің массасы 101-159 г, ұшы тұқыл цилиндр тәрізді, қызғылт сары, үсті тегіс, топыраққа толығымен еніп өседі, өзегі кішкентай, диаметрінің - 20%-на жуық, түсі бойынша мәйегінен өзгешеленбейді. Дәмдік сапасы өте жоғары. Сақталғыштығы жақсы. Каротин мөлшері жоғары. Жалпы өнімі 423-646 цга, тауарлысы - 420-640 цга.
Сурет 3 - Витаминная 6 сорты
Нантская 4. БО көкөніс өсімдіктерінің селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі. Өскін пайда болғаннан техникалық пісуіне дейін 100-120 тәулік. Байламдық өнім 60 тәулікте алынуы мүмкін. Жақсы өнімді күзде сепкенде береді. Тамыржемісі цилиндрлі, ұшы тұқыл шошақты, оның ұзындығы 10-15 см, диаметрі 3-5 см, орташа массасы 102 г. Еті ашық сары, қызыл, нәзік, тәтті. Өзегі ашық сары, кішкентай, тамыр жемісінің 20-40 % алады. Гүл шоғырын қалыптастыра қоймайды, жарылуға бейімді, топырақтың біркелкі ылғалдануын қажет етеді. Сақталғыштығы қанағаттанарлық. Тамыр жемісінің өнімділігі - 310-360 цга.
Сурет 4 - Нантская 4 сорты
Шантанэ 2461. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған.
Орташа мерзімде пісетін сұрып. Өсінді кезеңі 115-125 тәулік. Байламдық өнімді өскін пайда болғаннан 60-70 тәуліктен соң береді. Негізінен күзгі-қысқы кезеңдерде пайдалануға өсіріледі. Азыққа және мал азығына пайдаланылады. Салыстырмалы түрде құрғақшылыққа төзімді, жарылуға шыдамды. Тамыржемістері шошақ тәрізді, басы ішіне кіріңкі, өзегі сарғылт, қызыл, тамырының диаметрінің 55%-ын қамтиды. Тауарлық тамыр жемісі - 87%-ға дейін. Сақталғыштығы жақсы. Өнімі - 394-429 цга.
Сурет 5 - Шантанэ 2461 сорты
Карлсон F1. Голландияда шығарылған. Өсінді кезеңі 134 тәулік. Тамыржемісінің ұзындығы орташа, түсі біркелкі, басы жасыл реңсіз. Жапырағы қуатты. Ауыр топырақта өсіруге ұсынылады.
Сурет 6 - Карлсон F1 сорты
2.3.Сәбіздің көшетсіз өсіру технологиясы
Сәбіз арамшөп басқан танаптарға шыдамайды, сондықтан оны топырағын арамшөптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін өсіру керек. Оған ең жақсы алғы дақылдар - ерте көкөністер және ерте картоп. Егер сәбізге суландырылатын жерден орын тимесе, онда оны ойпаңдау жердегі сүрі жерге, егіс қорғайтын орман алқаптарының маңына, шоқ ағаштардың төңірегіне, жүгеріден, күнбағыстан немесе басқа биік сабақты өсімдіктерден ықтырма егіп орналастыру керек. Сәбіз егістігі үшін топырақты өңдеу әдеттегідей 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 13 кг фосфор және 40 кг калий пайдаланады.Сүдігер көтергенде әр гектарына 1,5-3,0 ц суперфосфат және 0,5-1,0 ц хлорлы калий енгізеді. Ерте көктемде телімге тырма жіберіледі. Себер алдындағы культивациямен бірге гектарына 0,8-1,0 ц аммиак селитрасын енгізеді.
Сәбізге ізашарлары ретінде отамалы дақылдар: қырыққабат, көк жуа, пияз, қияр, қызанақ, және жалпы егіс өсімдіктері: бұршақты тұқымдас және органикалық тыңайтқыштар енгізілген күздік бидай болып келеді. Органикалық тыңайтқыштарды енгізген жылы, ақжелкен, қызылша, балдыркөк және картоптан кейін сәбізді отырғызу ұсынылмайды. Сәбізді өз орнына 3-4 жылдан кейін ғана қайта отырғызуға болады.
Топырақты дайындау. Сәбізді өсіру үшін ең жақсы топырақ -- құмды-балшықты, құрамында шаң бөлігінің жоғары көлемі бар балшықты-құмды және терең егінді қабаты бар топырақ. Ауыр топырақ пен ағатын топыраққа сәбізді отырғызуға жарамайды, бұл оның вегетациясының басында баяу өсуіне байланысты болады. Сәбіз өсірілетін топырақ үшін ең қолайлы қышқылдық рН 6,0 -- 6,5 болып келеді. Топырақ асты сулардың орналасуы 0,8 -- 2,5 м тереңдікте болу керек. Сәбізді өсіретін жылы ізбеспен тыңайтуды жүргізбеу керек, мұны алдыңғы жылы жасаған жөн болады.
Күздігүні жерді тереңдетіп жырту керек. Жерді жыртар алдында алғы егісті жинаған соң дереу 5 -- 8 см тереңдікпен дискілеуді жүргізу керек, одан кейін ылғалдылықты жоғалтпау және арамшөптің өсуіне жол бермеу үшін, егін тырмаланады. Арамшөптің шыққан көктеулері тырмалаумен немесе қопсыту арқылы жойылады.
Жазғытұрым топырақты бір агрегат арқылы тегістеп, тырмалап, қопсытып, кейбір ұрықтардың көктеулерін жойып, басқаларды өнуіне дейін ынталандырады. Топырақты кептіріп жібермеу үшін, аталған шараларды шектеумен жүргізу керек.
Тұқымды егу мөлшері өнімнің мақсатына байланысты болады. Ерте өнімді алу үшін, (Лагуна F1) егу мөлшері 2 -- 3 млн. ұрықга (1 қума м 50 ұрық), сақталатын және өңделмеген түрде сатуға жататын сәбіз үшін (Колтан F1) егу мөлшері 1,7 -- 2,0 млн. ұрықга, ал өңделетін сәбіз үшін (Колтан F1) -- 0,8 -- 1,3 млн. ұрықга болады. Ерте өнімді, сонымен бірге өңделетін өнімді алу үшін, сәбізді егін даласына шығудың алғашқы мүмкіндігі пайда болғанда (наурыз айында), сақтауға арналған өнімді алу үшін бірнеше апта өтісімен егеді. Сәбіз егінге тікелей егумен -- жалға немесе онсыз егеді. Жалсыз еккенде, қатарлап егу жүргізіледі. Трактор дөңгелектерінің және егіске күтім жасауға арналған машинаның жұмыс органдарының орналасуына байланысты, қатарлар аралығы 30 -- 45 см және қатардағы аралық 2,5 -- 3 см (өнімнің мақсатына қарай) болуы мүмкін. Өсірудің ең тиімді әдісі жалдарда өсіру және бір жалда екі қатарға егу болып табылады (бұл әдістегі қатар аралығы 65 -- 75 см, қатарлар арасындағы жолда 6 см). Егістің тереңдігі -- 1 -- 2 см. Тұқымды жалда біркелкі орналастыру үшін, еккен кезде дәл егетін тұқымсепкішті пайдалану керек, бұл көлемі бойынша бірдей өнімді алудың негізгі шарттарының бірі болып келеді. Қайыс немесе қасықты түрлі егу аппараттары бар тұқымсепкішті пайдалану ең жақсы нәтижеге жеткізеді.
Сәбізді өнгіштігі жоғары тұқымдармен себеді. Бұл тамыржемісінің әр гектарынан 50-ден 100 центнерге дейін қосымша өнім береді. Ұсақ тұқымдарын көзі 0,7 мм елеуіштен өткізіп немесе тұзды суға (1 л суға 40-60 г тұз) салып, бөліп алады. Ірі, жақсы толған тұқымдары ыдыстың түбіне шөгеді, ал ұсағы және жеңілдері қалқып бетіне шығады. Оларды аластап, толық тұқымдарды таза сумен жуып, кептіреді. Өскіннің пайда болуын тездету үшін тұқымды көктету, оларды ауыспалы температуралармен өңдеу, сондай-ақ басқа да тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Тұқымды себуге дейін 2-3 тәулік бұрын көктете бастайды. Ол үшін 3-4 сағат бойы бөлме температурасындағы суда ұстайды, сосын кенепке жұқалап төгеді, дымқыл кенеппен жауып, әлсін-әлсін араластырып тұрады. Тұқым мұртын жара бастасымен оларды сәл құрғатады да, іле себеді. Егер судың орнына тотыяйынның (0,5%-дық), марганец қышқылды калийдің (0,2 %-дық), бор қышқылының (0,1%-дық) ерітіндісін қолданса, мұның тиімділігі арта түседі. Тұқымды алдын ала көктету өскіннің 7-10 күн ертерек пайда болуын қамтамасыз етеді.Тұқымды ауыспалы температурамен өңдеуді себуге 15-20 күн қалғанда бастайды. Тұқымды жәшікке 10-15 см қалыңдықпен салады және су құяды (1 кг тұқымға 1 л су). Суды 2 мерзімде құяды. Су сіңгеннен кейін тұқымды дымқыл кенеппен жауып, бөлме температурасында 2-3 тәулік, тәулігіне ең кемі бір рет араластырып, ұстайды, сосын оны мұзға қойып, 10-15 тәулік бойы -1°С пен +1°С жылылық аралығында ұстайды. Тек тұқымды тым ұзақ уақыт тоңазыту сәбіздің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz