Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өсімдік аурулары
2. Өсімдік ауруын қоздырғыштары
2.1.Саңырауқұлақтар
2.2. Бактериялар
2.3. Вирустар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Сау өсімдікте генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән физиологиялық қызметтер, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы, дифференциясы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте және өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез және оның өнімінің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы және т.б. қалыпта жүреді.
Егер өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның белгілі бір қолайсыз жағдайы әсер етсе, онда оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсімдіктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гистологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте ауырудың сыртқы белгілері байқалады.
Өсімдік ауруы дегеніміз патогенді ағзалардың әсерінен немесе қоршаған ортаның өолайсыз жағдайынан, механикалық жарақаттанудан және т.б. себептерден туындайтын, жасушалар мен ұлпалар, өсу және жыныс мүшелерінде байқалатын анатомиялық және физиологиялық өзгерістер. Өсімдік ауруларының негізгі бір ерекшелігі – теңбілдену,шіру, солу, таттану, қарашірік түйіршіктері сияқты өзгере қоймайтын тұрақты белгілердің болуы.
Ең алғаш ауру өсімдікке сипаттама берген А.Франк (), Де Кандоль () болды. Өсімдікте өзіне тән белгілерінен басқа да құбылыстар түзілсе, онда ол ауру болғаны деген көзқарасты кейіннен көптеген ғалымдар ( А.С.Бондарцев, С.И.Ростовцев) дұрыс ұғым деп құптады.
1. Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова Фитопатология, Алматы: 2014ж
2. М.Қойшыбаев, А.Б.Жанарбекова. Жалпы фитопатология. Алматы.
3. Интернет желісі

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ауыл Шаруашылығы Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы

Орындаған: Бексадық Н.
ЗР-212қ
Қабылдаған: Жүнісова А.

Алматы-2017 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өсімдік аурулары
2. Өсімдік ауруын қоздырғыштары
2.1.Саңырауқұлақтар
2.2. Бактериялар
2.3. Вирустар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Сау өсімдікте генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән физиологиялық қызметтер, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы, дифференциясы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте және өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез және оның өнімінің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы және т.б. қалыпта жүреді.
Егер өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның белгілі бір қолайсыз жағдайы әсер етсе, онда оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсімдіктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гистологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте ауырудың сыртқы белгілері байқалады.
Өсімдік ауруы дегеніміз патогенді ағзалардың әсерінен немесе қоршаған ортаның өолайсыз жағдайынан, механикалық жарақаттанудан және т.б. себептерден туындайтын, жасушалар мен ұлпалар, өсу және жыныс мүшелерінде байқалатын анатомиялық және физиологиялық өзгерістер. Өсімдік ауруларының негізгі бір ерекшелігі - теңбілдену,шіру, солу, таттану, қарашірік түйіршіктері сияқты өзгере қоймайтын тұрақты белгілердің болуы.
Ең алғаш ауру өсімдікке сипаттама берген А.Франк (), Де Кандоль () болды. Өсімдікте өзіне тән белгілерінен басқа да құбылыстар түзілсе, онда ол ауру болғаны деген көзқарасты кейіннен көптеген ғалымдар ( А.С.Бондарцев, С.И.Ростовцев) дұрыс ұғым деп құптады.

1. Өсімдік аурулары
Ауру - өсімдік патогені сыртқы ортаның бір-бірімен байланысында туатын патологиялық үрдіс. Өсімдікте жүретін патологиялық үрдіс нәтижесі - аурудың сыртқы белгісі.
Патологиялық өзгерістердің басты түрлері жергілікті (шоғырланған)
және жалпы (диффузды) аурулар негізінде болатын сыртқы белгілер: шіріктер, дақтар, өңездер, ісіктер, солу және т.б.
Өсімдікте патологиялық үрдістің білінуі ауру өсімдіктердің пато-логиялық-морфологиялық және анатомиялық өзгерістері: түтік жүйелері өзгеруі және ткандердің ыдырауы, гипертрофия, гиперплазия, флоэманың жансыздануы, хлорофилл мен крахмалдың ыдырауы және т.б.
Өсімдіктегі патологиялық-физиологиялық өзгерістер, негізгі үрдістер - қоректену, фотосинтез, транспирация, клет - ка шырынындағы осмос қысымы, тыныс алу, көмірсулар мен белок айналымының бұзылуы.
Ауру өсімдіктегі патологиялық, биохимиялық өзгерістер. Өсу заттарының балансында және клетка шырынының қышқылдығында гидролитикалық, протеолитикалық және тотығу ферменттері қызметінің бұзылуы, витаминдер құрамының өзгеруі.
Өсімдік аурулары туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ, гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді.

Өсімдіктердің жұқпайтын аурулары

Қоршаған ортаның қолайсыз әсері (температура және ылғалдың аса жоғары немесе төмен болуы)
Макро микроэлементтердің жетіспеуі немесе артық болуы.
Өндіріс қалдықтары, өсімдік қорғау құралдары, топырақтың сортаңдануы.
Генетикалық, физиологиялық ауытқулар, зақымдар.
1-сурет . Өсімдіктердің жұқпайтын ауруларының негізгі себептері.

Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың механикалық немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.

2. Өсімдік ауруын қоздырғыштары
Барлық микроорганизмдер тобында өсімдіктерде ауру қоздырушылар болады. Фитопатогенді микробтардың ішінен бірінші орын алатын саңырауқұлақтар болып табылады, екінші орында-вирустар мен бактериялар, тек аз жағдайда ғана ауру қоздырушылар қатарына актиномицеттер жатады. Көптеген фитопатогенді микроорганизмдер белсенді түрде гидролитикалық ферменттер (пектиназа, целлюлоза, протеаза және т.б.) түзіп, өсімдік ұлпаларында мацерация мен клетка қабықшасын бұзылуына әкеп соқтырады да, нәтижесінде қоздырушы клетка ішіне енеді. Фитопатогенді микробтар клетка ішіне ене отырып, фотосинтез бен тыныс алу сияқты маңызды физиологиялық үрдістердің жүруіне кедергі жасайды. Ауру қоздырушылар түзетін токсиндер өсімдік клеткаларындағы ферменттердің белсенділігін тежеп, соңында оның тіршілігін жоюына әкеп соқтырады. Өсімдіктердің фитопатогенді микроорганизмдермен зақымдануының көзі болып топырақ, су және көптеген бунақденелілер саналады. Ең көп қауіп тудырушылар ауру өсімдіктер қалдығымен зақымданған тұқым материалы болып табылады. Фитопатогенді микробтар тудыратын өсімдік аурулары алынатын өнімнің азаюына және өнімнің сапасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан да олармен қарсы күресу үшін антибиотикалық заттар қолданады. Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күрес шараларын белгілейтін ғылымды фитопатология деп атайды. Өсімдіктердегі ауруларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деп екіге бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсу мен дамуына жалпы жағдайлар әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар қоздырады. Вируспен ауруғанда аурудың инкубацилық кезеңі түрліші: темекі теңбілі үшін ол 9-11 күнге, ал картопта аурудың белгілері тек күзде ғана біліне бастайды. Кейде бір вирустың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа жататын бір топ өсімдіктерді зақымдай алады. Өсімдік ауруларының жұқпалы болуы өсу мен дамуға кері әсерін тигізетін жағдайларға байланысты, ал паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, сонымен қатар вирустар өсімдік ауруларының жұқпалы емес түрін таратады. Өсімдік ауруларын тудыратын қоздырғыштармен күресуде саңырауқұлақтар мен антибиотиктердің маңызы өте зор. Мысалы: фитобактериомицин препараты. Бұл продукт стрептомицин қатарына жататын антибиотиктер тобына кіреді. Таза күйінде бұл ақшыл қоңыр түсті суда жақсы еритін аморфты порошок. Медицинада қолданылмайды. Өндіріс орындары бұны каолин немесе тальк қосылған дуст ( порошок) түрінде шығарады. Мысалы: 1 кг. тұқымды тазалау үшін 5 л-дей аренарин деп аталатын препараттан ерітінді дайындайды. 2,5 сағаттай тұқымдар ерітіндіде сақталады. Содан соң, жіңішке қабат түзіп, жайып, араластыра отырып, кептіреді. Тұқымды кепкеннен кейін де, аренарин препаратымен тазартқаннан кейін де бірден отырғызуға болады. Қызанақ тұқымдарын бұл препаратпен тазалау нәтижесі бактериальды рак, қара бактериальды дақтар секілді өсімдік ауруларымен, сонымен қатар саңырауқұлақ пен вирусты (мозайка, столбур, т.б.) қоздырғыштармен де күресуге көп әсерін тигізеді. Бұл препараттың пайдалысы сол көп жағдайда өсімдіктердің гүлденуін, жеміс беруін жеделдетеді.
Өсімдіктегі дәрілік шикізаттар өндіру барысында микроорганизмдермен ластануы мүмкін: су арқылы, стерильді емес дәріханалық ыдыс арқылы, өндірістік бөлмелердің ауасы және медициналық қызметкер қолы арқылы. Өсімдіктердің қалыпты микрофлорасы және өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары - фитопатогенді микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Фитопатогенді микроорганизмдер өсімдіктердің көпшілігін зақымдап, таралуға қабілетті.
2.1. Саңырауқұлақтар.
Қазіргі кезде табиғатта саңырауқұлақтардың жүз мыңға жуық түрлері белгілі. Олардың ішінде он мыңға жақын түрі ауру қоздырғыштары. 80 пайызға жуық өсімдік ауруларын саңырауқұлақтар қоздырады. Көптеген өсімдіктер саңырауқұлақтың бір түрімен залалдануы мүмкін, ал әрбір паразитті саңырауқұлақ өсімдіктің ір түрін залалдайды.
Табиғатта саңырауқұлақтар органикалық заттарды ыдыратып, заттардың табиғатта алмасуына қатысады. Кейбір саңырауқұлақтар дамуы кезінде адамға пайдалы антибиотиктер сияқты заттарды синтездейді, нан пісіруде, сыра өнеркәсібінде қолданылатын түрлері де бар. Сонымен қатар көптегн саіырауқұлақтар өсімдік ауруларын қоздырып, өнімнің сапасы мен шығымын төмендетіп, өоймадағы өнімді бұзып, халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Олардың ішінде аса кең таралуы мен зияндылығы бойынша бүкіл дүниежүзіне әйгілі бидай мен басқа да астық тұқымдастардың тат және қаракүйе, картоптың фитоптороз, жеміс көкөніс дақылдарының переноспороз және басқа да көптеген аурулары бар.
Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т.б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Тат қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.

2-сурет. Тат аурулары

2.2.Бактериялар.
Бактериялар қоздыратын ауруларды - бактериоз деп атайды. Бактериоз қоздырғыштарының арасында псевдомонадалар, микобактериялар, эрвиниилер, коринабактериялар,аргобактериялар және т.б. кездеседі. Бактериоздарға - шіріткіштердің түрлері, тіндер некроздары, өсімдіктердің солуы, ісік дамуы және т.б. жатады.
Бактериоздарды жалпы және жергілікті деп ажыратады.Жалпы бактериоздар өсімдіктің толық немесе оның жеке бөлімдерінің өлуін туғызады. Олар түптамырларында (тамырлық шірінді) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы
Тағамдық аурулардың жіктелуі
Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Ауру қоздырғыштардың физиологиялық рассалары және олардың төзімділікті арттырудағы селекцияны қолдану
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Фитопатогендік микроағзалар және олардың анатгонисттері
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша мақта екінші орында
Бунақденелердің және кеміргіштердің бактериялды аурулары
Пәндер