Аванс туралы түсінік


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Аванс туралы түсінік

2. 2. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу.

2. 3. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Қаржы (фр. finance, лат. finantia - аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) - мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді) . Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді. Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.

Мемлекеттік каржы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі; экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттерін, қорғаныс, мемлекеттік басқару, мемлекеттік борышты өтеу мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған мемлекеттік ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қаты- настары. Экономикалық мазмұнына қарай мемлекеттік каржы әр текті, онда: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. Ол мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлуге және қайта бөлуге байланысты ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік каржы атқарымының нысандары - мемлекеттік кіріс пен мемлекеггік шығыс.

II. Негізгі бөлім. 2. 1. Аванс туралы түсінік. Аванс(фр. avance - алда, алдын ала) - 1) болашақ еңбекақы есебінен алдын ала берілетін ақша не зат, өзара несие берудің бір түрі; 2) кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне іссапарда жүрген кезеңдегі шығындарына, шаруашылыққа қажетті зат.

Азаматтық құқық бойынша - борыштының кредиторға орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер немесе мүлікті беру үшін болашақ төлемдер есебінен беретін мүліктік ұсынылымы. Аванс, тәртіпке сәйкес, ақшалай түрінде ақша нысанында беріледі, бірақ оның орнына төленетін немесе төлем есебінен берілетін материалдық құндылықтар, азық-түліктер немесе басқа да заттар жүруі мүмкін. Кепілақы сияқты, аванс та шарттың жасалуының дәлелі болады.

Аванс несиелеу жағдайында өнім жеткізу кезінде міндетті, әдетте келісімшарттың 10-40%-ын құрайды және ақтық есеп айырысулар да ссептеледі; 100% аванс сирек қолданылады. Міндеттемелер орындалмаса аванс қайтарылуға тиіс Ірі келісімшарттар кезінде аванстың қайтарылуы банк кепілдемесі арқылы қамтамасыз етіледі. Аманат ақшадан бір айырмасы аванс міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдіс болып табылмайды.

Алғытөлем(аванс) (франц. avance - қарыз беру) - алдағы төлемдердің есебіне берілетін ақшалай сома немесе басқадай мүліктік құндылық. Aванс кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы немесе алдағы шығын мен төлем есебіне жатқызылып күні бұрын берілетін сома болуы не алдын ала төленетін төлем болуы не орындаушыға (мердігерге) орындалуға тиіс жұмыс (көрсетілуге тиіс қызмет) құнының бір бөлігі ретінде берілетін ақшалай қаражат болуы мүмкін. Әдетте, әкімшілік-басқару қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақысының немесе жұмысшылардың мерзімдік тарифтік мөлшерлемесінің салық пен шегерім ұсталмағандағы 40-50%-ы мөлшерінде есептеледі. Aванс қызметкерлерді қызмет бабындағы іссапарға жіберу кезінде оларға есеп беру шартымен беріледі, іссапарларға арналған аванс жіберілген жеріне бару және қайту жолақысын, тәуліктік ақыны (тұруға арналған шығыс) және іссапар мерзімінде тұрғын үй жалдау жөніндегі шығысты төлеуге тиесілі сомалар шегінде беріледі. Шаруашылық шығынына жұмсау үшін де аванс беріледі.

2. 2. Алынған аванстар бойынша есеп айырысу. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметкер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардаесептеледі.

Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

Д-т: «Ақшалар» шоты.

К-т: «Тауарлы-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.

Ал сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер құнынан алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде:

Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Сатп алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» немесе «Еншілем серіктестіктердің дебиторлық борышы» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Егер алынған аванс сомасының толық толық пайдаланылмағаннан қалған бөлігі тапсырыс берушілерге, сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаларға қайтарылғанда:

Д-т: «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» немесе «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарының тиістілері;

К-т: «Ақшалар» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.

Тауарларды жеткізуге не жүмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша сондай-ак ішінара дайындығына карай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстардың өтемакысы бойынша есеп айырысу үшін 3510 «Тауарлык-материалдық босалкыларымен жабдықтау үшін алынған аванстар» және 3510 «Орындалатын жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттары пайдаланылады.

Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды ішінара дайындау кезінде, алынған төлемақы сомасына 1040, 1010 шоттары 3510 шоты кредиттеледі, бірақ ол кезде төлемдердін мақсаттарына карай бухгалтерлік жазбалар жазылады.

Алынған аванстар және толық дайын бүйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлемақы сомасы 3510 шотының дебеті және сәйкесінше, 1210-шоты немесе 1210-1230 шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.

3510 шоты бойынша талдамалық есеп әрбір несие беруші бойынша тізімдемеде жургізіледі.

Операциялар мазмұны
Дебиттелеін шот
Кредиттелетін шот
Тип
№: 1
Операциялар мазмұны: 2
Дебиттелеін шот: 3
Кредиттелетін шот: 4
Тип: 5
№: 1
Операциялар мазмұны: Сатылатын тауарлы-материалдық қорлар немее көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала аванс ретінде алынған сомаларға
Дебиттелеін шот: 1050, 1040, 1010, 1020
Кредиттелетін шот: 3510
Тип: III
№: 2
Операциялар мазмұны: Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғаның қарыз сомасы алдын аа алынған аванстар сомасынан шегеріледі
Дебиттелеін шот: 3510
Кредиттелетін шот: 1210
Тип: IV
№: 3
Операциялар мазмұны: Сатып алушы немесе тапсырыс беруші тұлғалардын аванс ретінде алынған соманың пайдаланылмаған бөлігі қайтарылғанда
Дебиттелеін шот: 3510
Кредиттелетін шот: 1010, 1040, 1050
Тип: IV

Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі.

2. 3. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі

Алдағы кезең шығындарының есебі дегеніміз есеп беру кезеңінде шығарылған бірақ келесі есеп беру кезеңінің шығындарына жатқызылатын шығындар. Оларға:

- алдын-ала төленген сақтандыру сомалары,

- келесі кезеңге жазылған газет-журналдар және басқа да ақпарат құралдарының құны,

- жалдық төлемдер,

- маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары

- алдын-ала төленген телефон төлемдері,

- коммуналдық төлемдер және т. б.

Алдағы кезең шығындарының есебі 1620, 2920 шоттарында жүргізіледі.

Мысалы, 15. 11. 2012 жылы кәсіпорын 2013 жылға басылымға 96000 теңге төледі. 96000 теңге төленгенімен, ол ағымдағы 2012 жылдың шығындары ретінде танылмайды, өйткені қызмет 1. 01. 13- 31. 12. 13 аралығында көрсетіледі.

15. 11. 12 жыл

Дебет шот 1620 96000

Кредит шот 1030 96000

2013 жылы ай сайын қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей мөлшермен (1/12) келесідей жазбамен жойылып отырады:

Дебет шот 7210 «Әкімшілік шығындар»

Кредит шот 1620 «Алдағы кезең шығындары».

2013 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей үлеспен (1/12 бөлігі) алдағы кезең шығындарын 1620 «Алдағы кезең шығындары» шотының кредитінен 7210 «Әкімшілік шығындар» шотының дебетіне қажетсіздендіріп отырады.

Жылдың соңына дейін барлық алдағы кезең шығындары бірдей мөлшерде есепті кезеңнің шығындары ретінде танылады.

1620, 2920 «Алдағы кезең шығындары» шоттарының кредиттік айналымдары №10 журнал-ордерде тіркеледі.

Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі 1610 «Қысқа мерзімді берілген аванстар» және 2910 «Ұзақ мерзімді берілген аванстар» шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттарда тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізуге, тапсырыс берушілерден олардың ішінара дайын болуына қарай қабылданған өнімдер, жұмыс және қызмет бойынша төлем жасауға берілген аванстар бойынша көрсетіледі. Аванс берілген жағдайда 1610, 2910 шоттары дебеттеледі және 1030 және т. б. шоттары кредиттеледі. Пайдаланылмаған аванстарды қайтару 1010, 1030 шоттардың дебеті және берілген аванстар есебі бойынша шоттардың кредитімен бейнеленеді.

Алдын ала берілген аванстар есебінен жабдықтаушылар мен мердігерлер қарызының азаюы 3310, 4110 шоттарының дебетімен және берілген аванстар шоттарының кредитімен көрсетіледі.

III. Қорытынды

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда - мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т. б. ) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.
Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары Қазақстан Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық берешектер және олардың есебі
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Алынған вексельдер шоты
Бухгалтерлік есептің жүргізудің негізгі принциптері
Дебиторлық борыштар есебіне жалпы сипаттамасы
Бюджетпен есеп айырысу
Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының заңы
Мердігерлік шартының элементтері
«Қазақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау
Мердігерлік шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz