Мақсары



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Мақсары дақылы,морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары.
2.2. Өсіру технологиясы.Ауыспалы егістегі орны.
2.3. Топырақ өңдеу жүйесі.
2.4. Тұқымды себуге дайындау, себу, жинау.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Еліміздің өсімдік шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – халықты жеткілікті мөлшерде сапалы өсімдік майымен қамтамасыз ету, яғни майлы дақылдар өнімдерінің жалпы түсімін 790-850 мың тоннаға жеткізу және одан жылына 150-160 мың тонна өсімдік майын өндіру болып табылады. Мақсары Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймағында егіс көлемі жағынан жылдан-жылға дамып келе жатқан дақылдардың бірі.
Мақсары – көп еңбек сіңіруді қажет етпейді, тұзға, қуаңшылыққа шыдамды, жамылғы дақыл ретінде күріштік арнайы ауыспалы егістікке оңай енгізіледі. Мақсарыны өндіру технологиясын зерттеу күріштіктегі топырақтардың құнарлығын арттыру, суармалы егістік жердің өнімділігін және тиімді пайдалануын көтеруге бағытталған.
. Соңғы жылдары қалыптасқан нарықтық қатынасқа байланысты өсімдік майына деген сұраныс уақыт өткен сайын артып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда өсімдік майының өзімізде өндірілетін көлемі ішкі сұраныстың 13-17%, ал өнім жоғары болған жылдары 24% құрайды. Қазақ халқын медициналық нормаға сәйкес өсімдік майымен қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттерден үлкен көлемде өнімді сатып алуға тәуелді екенбіз. Сол себепті майлы дақылдарды өсіру және олардың егіс көлемін арттыру өзекті мәселеге айналмақшы.
Мақсары (мақсыр лат. Carthamnus) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, майлы дақыл. Негізгі отаны – Эфиопия мен Ауғанстан. Сабағы тік, бұтақты келеді, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры – себет, бір өсімдікте 5–6-дан 30–50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20–50 г. Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді. Өсу мерзімі 90–150 күн. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы), өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. 1 гектарға 6–10 кг тұқымды 5–6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45–60 см етіп себеді. Әр гектардан 8 ц-ге дейін өнім алынады. Мақсары тұқымынан 25–35%, дәнінен 46–60% май, гүлінен бояу алынады. Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы – құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары сүрлемге қосылады, тұқымы құстарға жақсы азық болып табылады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен Мақсарыны кейде егістік алқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 — 15 м жерге егіп отырады. Үндістанда, Түркияда, Иранда, Қытайда, Өзбекстанда өседі.
1.https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-1778
2. «Ауыспалы егістікті игеруде майлы дақылдарды дұрыс орналастырғанда және тыңайтқыш жүйелерін тиімді пайдаланғанда мақсары дақылынан жоғары өнім алуға қолайлы жағдай жасалынады.» магистрлік дипломдық жұмыс.
3. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл, 650бет
4. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл, 450бет

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Мақсары дақылы,морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары.
2.2. Өсіру технологиясы.Ауыспалы егістегі орны.
2.3. Топырақ өңдеу жүйесі.
2.4. Тұқымды себуге дайындау, себу, жинау.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе
Еліміздің өсімдік шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - халықты жеткілікті мөлшерде сапалы өсімдік майымен қамтамасыз ету, яғни майлы дақылдар өнімдерінің жалпы түсімін 790-850 мың тоннаға жеткізу және одан жылына 150-160 мың тонна өсімдік майын өндіру болып табылады. Мақсары Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймағында егіс көлемі жағынан жылдан-жылға дамып келе жатқан дақылдардың бірі.
Мақсары - көп еңбек сіңіруді қажет етпейді, тұзға, қуаңшылыққа шыдамды, жамылғы дақыл ретінде күріштік арнайы ауыспалы егістікке оңай енгізіледі. Мақсарыны өндіру технологиясын зерттеу күріштіктегі топырақтардың құнарлығын арттыру, суармалы егістік жердің өнімділігін және тиімді пайдалануын көтеруге бағытталған.
. Соңғы жылдары қалыптасқан нарықтық қатынасқа байланысты өсімдік майына деген сұраныс уақыт өткен сайын артып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда өсімдік майының өзімізде өндірілетін көлемі ішкі сұраныстың 13-17%, ал өнім жоғары болған жылдары 24% құрайды. Қазақ халқын медициналық нормаға сәйкес өсімдік майымен қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттерден үлкен көлемде өнімді сатып алуға тәуелді екенбіз. Сол себепті майлы дақылдарды өсіру және олардың егіс көлемін арттыру өзекті мәселеге айналмақшы.
Мақсары (мақсыр лат. Carthamnus) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік, майлы дақыл. Негізгі отаны - Эфиопия мен Ауғанстан. Сабағы тік, бұтақты келеді, түксіз, биіктігі 90 см-ге дейін өседі. Жапырақтары сопақша, шеттері тікенектеу болады. Гүл шоғыры - себет, бір өсімдікте 5 - 6-дан 30 - 50-ге дейін себет болады. Гүлдері сары немесе қызғылт-сары түтік тәрізді. Тұқымы пісіп-жетілген кезде жерге төгілмейді. 1000 ұрығының салмағы 20 - 50 г. Мақсары жылу сүйгіш, шөлге өте төзімді. Өсу мерзімі 90 - 150 күн. Айқас тозаңданады (жәндіктер және жер арқылы), өздігінен тозаңдануы да мүмкін. Топырақ талғамайды. 1 гектарға 6 - 10 кг тұқымды 5 - 6 см тереңдікте, жүйек аралығын 45 - 60 см етіп себеді. Әр гектардан 8 ц-ге дейін өнім алынады. Мақсары тұқымынан 25 - 35%, дәнінен 46 - 60% май, гүлінен бояу алынады. Мақсарыдан алынатын май сапасы жағынан күнбағыс майынан кем емес. Тамаққа және маргарин жасау үшін қолданылады. Күнжарасы - құнарлы мал азығы, 10 кг күнжарасында 55 мал азықтық өлшем бар. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш және отын ретінде де қолдануға болады. Мақсары сүрлемге қосылады, тұқымы құстарға жақсы азық болып табылады. Тұқымы пісіп жетілгенде комбайнмен жиналады. Қатты әрі көп тікенекті болып келетіндіктен Мақсарыны кейде егістік алқапқа мал түспес үшін айналдыра 10 -- 15 м жерге егіп отырады. Үндістанда, Түркияда, Иранда, Қытайда, Өзбекстанда өседі. Облыстың Қазығұрт, Бәйдібек, Сайрам, Төле би аудандарында өсіріледі.

II.Негізгі бөлім.2.1. Мақсары дақылы,морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, сорттары. П.М.Жуковскийдің (1964) жүйелеуі бойынша мақсарының 19 түрі белгілі, олардың ішіндегі егіске пайдаланып жүрген мәдени түрі (Cartamus tinctorius L.) - астра тұқымдасына (Asteraceae) жататын біржылдық қосжарнақты өсімдік. Ол 6 типті біріктіреді және республикада өсірілетін мақсары сорттары Түркістан типіне жатады. Дақылдың тамыр жүйесі жақсы дамыған (Сурет 36). Негізгі кіндік тамыр
жүйесінің ұзындығы 2-3 м дейін жетеді және жанама тамырлары негізгі тамырдан 60-90 см дейінгі қашықтықта орналасады. Мақсары тамырының тереңге бойлауы өсу жылдамдығы және топырақ қабатында бөліну сипаты ондағы ылғал мен қоректік заттардың орналасуына тікелей байланысты. Дақыл топырақтың төменгі қабатынан ылғал мен қоректік заттарды сіңіре алады, сондықтан құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді (Арыстанкулов С.С., 2008).
Мақсары сабағы тік өседі, цилиндр пішінді, сырты жылтыр, әрі түксіз, түсі солғын ақшылт-жасыл.сабағының биіктігі сортына және климат жағдайына байланысты 50-100 см аралығында ауытқиды. Сабағы төменнен жоғары қарай жіңішкере береді және төменгі бөлігінің диаметрі 3-12 см аралығында. Биіктігі сортына байланысты өзгереді.
Мақсары жапырақтары - отырмалы, сағақсыз, жалаңаш, етті, ланцетті пішінді және сабақта бір біріне қарама қарсы орналасады. Жапырағының шеттері тісті, түрлеріне қарай өткір тікенді немесе тікенсіз болады. Сабақтың ортасындағы жапырақтары ірі, ал жоғары жағындағылардың аумағы кішірейіп, гүл шоғыры орамына айналады. Толық жетілген жапырақтарының ұзындығы 9-25 см, ені 3-8 см. Бір өсімдікте 80-200 дана әртүрлі көлемді жапырақтар қалыптасады.
Мақсарының гүл шоғыры - диаметрі 1,5-3,5 см тостағанша. Гүлдері түтікті, бес бөлікті күлтешелерден тұрады, сары немесе қызғылт түсті, оның құрамында бояғыш зат картамин болады, жатыны бір ұялы және бағаналы. Дақыл көбінесе жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Жемісі ақ түсті тұқымша, жалаңаш, жылтыр, төрт қырлы. Бір өсімдікте 5-50 тостағанша, оның әрқайсысында 25-60 дана тұқымша болады. 1000 тұқымшаның массасы 25-52 г. Аралығында ауытқиды. Қауыздылығы тұқым массасының 40-60% құрайды, қабығы қатты, панцирлі. Піскен кезде тұқымы шашылмайды, өйткені орамының ішкі жапырақшалары тығыз қабысып тұрады.
Мақсары - жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, қысқа күннің өсімдігі және құрғақ континентальді климатқа жақсы бейімделген. Жылуға талабы ерекше, әсіресе гүлдену және тұқымының пісуі кезеңдерінде оны өте қажетсінеді. Құрғақшылыққа қарағанда осы кезеңдердегі жауынды күндерді қаламайды, өйткені жауынды күндері өсімдік нашар тозаңданады және шіру қаупі туындайды. Мақсары тұқымы +1-2°C өне бастайды, +4-5°C жеткенде толығымен өнеді. Егер топырақтың тұқым сіңіру қабатындағы температура +5 °C болса, онда өскін - 16 тәулікте, 9°C - 9 тәулікте, ал 15°C - 4 тәулікте пайда болады. Мақсарының өсіп жетілуі үшін қажетті 5°C жоғары температура жиынтығы - 2000-2900°C, ал 15°C жоғары - 1500-2400°C. Мақсары өніп- өсу барысында тұқым жарнағын жер бетіне шығарады. Өскіні пайда болғаннан кейін 60-70 тәуліктен кейін гүлдейді, гүлдену кезеңі 25-30 күнге созылады. Алдымен негізгі сабақтағы орталық тостағаншалар гүлдей бастайды, содан кейін бұтақтағы тостағаншалар гүлдейді. Гүлдену тұқымның пісуі кезең аралық ұзақтығы 30-40 күндер құрайды.
Мақсарының вегетациялық кезеңінің ұзақтығы себу мерзіміне және өсіру жағдайына байланысты кең ауқымда өзгереді. Дақылдың көктемгі егісінде вегетация кезеңі 110-115 күнге созылса, ал күзде себілген мақсары 200 күнде піседі. Қазақстанның оңтүстігінде дақылдың вегетация кезеңінің ұзақтығы 109-116 тәулікке тең ( Арыстанғұлов С.С., 2003).
Мақсары - жарық сүйгіш өсімдік. Жарықтың жақсы түсуі дақыл тамырының тереңге бойлауына, жапырағының мол болуына, ерте гүлденуіне септігін тигізеді және тозаңдануы жақсарады.
Мақсары қуаңшылыққа төзімділігі жоғары бола тұра, ылғалды да қажетсінеді. Дақыл тұқымы топырақтан өз массасынан 30-40%-дан ылғал сіңіргеннен кейін өне бастайды. Ылғалға барынша қажетсіну кезеңі шашақтану гүлдену, осы кезеңде ылғалдың молдығы өсімдік қуаттылығы мен өнімділігін арттырады, ал аз болуы бұтақтануды азайтады, жапырақ көлемін кішірейтеді және өнімділікті төмендетеді.
Топырақ типі мен қоректік заттарға талаптары. Көптеген ғалымдардың тұжырымы бойынша мақсары топырақ талғамайды, құнарлылығы төмен жерлерде де тәп тәуір өнім қалыптастырады.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарының (С.С. Арыстанқұлов, 2008) зертханалық тәжірибелерінде мақсары тұқымы ас тұзының әртүрлі концентрацияларында сыналған (NаCL - 0,25-1,0%) тұз мөлшерінің жоғарлауына қарамастан зертханалық өнгіштік 60-70% - дан төмендемеген. Тұзға төзімділік жергілікті жағдайға бейімделіп өскен тұқымдарда сырттан әкелінгенге қарағанда 10-15% жоғары болған.
Мақсарының жақсы өсіп дамуы үшін топырақ реакциясы рН 5-8 аралығында болғаны дұрыс.
Мақсарының топырақтан сіңіретін қоректік заттарының мөлшері дақылдың сортына, вегетация кезеңінің ұзақтығына, жапырағының ассимиляциялық белсенділігіне, топырақ және ауа - райы жағдайына, ылғал қабылдау мүмкіндігіне, топырақ құнарлығына және өсіру технологиясына байланысты өзгереді. Мақсары дақылы азот, фосфор және калий элементтерін өсіп дамуының барлық кезеңдерінде қажетсінеді, алайда өсімдіктің қоректік заттарды ең көп қажет етуі шашақтану- гүлдену кезең аралығына сәйкес келеді. Бұл мезгілде топырақтан азоттың барлық қажетті мөлшерінің 60%, фосфор қышқылының - 80% және калийдің - 90% шығындайды.
2.2. Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Егістік дақылдардан жоғары және тұрақты өнім жинауды тек қана ғылыми негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Д.С. Васильев, Н.Г. Потеха (1986) пікірлерінше, жаздық және күздік астық дақылдары, дәндік және сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы алғы дақыл болып табылады. Я.Н. Момот (1956) тәжірибе деректеріне сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің ыстығына және қуаңшылығына төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс таңдамайды деп есептейді, сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан кейін орналасыра беруге болады. Алайда, ауыспалы егісте астық дақылдарынан кейін өсіру тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір орында бірнеше жыл өсірілуі мүмкін. Ван Жау Му (1993) ұйғарымынша, мақсарыға жақсы алғы дақылдар - бұршақ, картоп, жүгері және бидай. Мақсарының өзі де астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады. Ауыспалы егістерде мақсары күріштен кейін орналасады.Сондықтан топырақты дайындаудың барлық агротехникалық әдістері алқаптың арам шөптерден толық тазалануы мен ылғалды сақтауға және мақсары дақылының тез өсіп шығуына бағытталуы тиіс.
Мақсарының алдында өсірілген күріш дақылының, атыз ішіндегі сабан қалдықтарын толығымен жиналып алынуы тиіс. Алдындағы астық жиналған соң тиісті тырмалармен сабан қалдықтары атыз ішінде тегіс жиналып жойылады.
Далалық тәжірибе жұмыстарын 2011 жылдың қазан айының 8-10 күні К-701, ПН-8-35 ауыл шаруашылық құралдармен 25-27 см тереңдікке сүдігер жыртудан бастадық.
Көктемде сүдігерді малалау үшін, тегіс жою үшін сәуір айының бірінші онкүндігінде Т-150 к + МВ -6 агрегаты қолданылды. . Одан кейін тырмалау және тығыздау жұмыстары МТЗ-82+3БЗ СС-1,0 және МТЗ - 82+ 3 КВГ-1,0 агрегаттары пайдаланылады.
Ауыспалы егістікті игеруде майлы дақылдарды дұрыс орналастырғанда және тыңайтқыш жүйелерін тиімді пайдаланғанда мақсары дақылынан жоғары өнім алуға қолайлы жағдай жасалынады.
2.3. Топырақ өңдеу жүйесі. Мақсары танаптарында жүргізілетін негізгі топырақ өңдеу жүйесіне аңызды сыдыра жырту және күздік сүдігер тарту жатады. Республиканың оңтүстінде масақты астық дақылдарын жинап алғаннан кейін күзде танап 6-8 см тереңдікке сыдыра жыртылып, содан кейін 1-2 аптадан соң 20-22 см тереңдікке соқамен аударылып жыртылады.
Қытай Халық Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы туралы ақпарат
Мақсарының халық шаруашылығындағы маңызы
Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері
Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы
Мақсары өсімдігінің химиялық құрамы
Оңүтстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы климаттық жағдайы және жер бедері
Мал азығын байыту мақсатында ашытқы биомассасы негізінде жаңа жемдік қоспа алу туралы
Күнбағыс зиянкестері
Майлар
Қазақстандық шығыс Арал өңірінің географиялық орны мен геоморфологиясы
Пәндер