Әйтеке Байбекұлы (Әйтеке би)


Әйтеке би
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж. ) - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасыныңтөртқара руынаншыққан. [1] Әмір-Темірдіңбас кеңесшісіОраз қажыныңбесінші ұрпағы. Бүкілпарсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атағанСейітқұл әулиеніңүшінші үрпағы. Әбілқайыр ханғадейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан батырдыңжақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. [2]
Мазмұны
[жасыру]
1 Өмірбаяны1. 1 Балалық шағы1. 2 Ел басқарушы би1. 3 Кіші жүз биі2 Жеті жарғы3 Ұрпақтары4 Ел аузынан5 Әйтеке би жайлы ел аңыздары5. 1 Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ) 5. 2 Әйтеке би жайлы ел аңызы5. 3 Қосымша ақпарат5. 4 Әйтеке би жайлы ел аңызы6 Тағы қараңыз7 Дереккөздер[өңдеу] Өмірбаяны
[өңдеу] Балалық шағы
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі менҚосуақ бидіңықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасыАқша ханныңтөрбиесінде болады. Ол , кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбектілдерін меңгеріп шыққан.
[өңдеу] Ел басқарушы би
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасындаКіші жүзхалқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылыСалқам Жәңгірдіңұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. КейінТәуке ханқұқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбект. б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнанАбылайғадейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елініңүш жүзініңбірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғарбасқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді. [3]
[өңдеу] Кіші жүз биі
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашындаОрдабасыда, сонан сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
[өңдеу] Жеті жарғы
"Жеті жарғыда" Әйтеке үсынған баптардың ішінде - "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. 1685 жылыӘлі сұлтанмен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батырыҚазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоландыілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтекеқыз құнынақосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді. [4]
[өңдеу] Ұрпақтары
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталаркөп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған. Әйтеке қайтыс болғаннан кейінНұрата тауымаңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігіСырбойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастарыҚызылорда, Ақтөбеоблыстарында, ауданында тұрады. Ақтөбе біріктіріліп, қазірӘйтеке ауданыаталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген. [5] [6]
ОлТашкенттен75 шақырым маңында жерленген. [7]
[өңдеу] Ел аузынан
Әйтеке би Байбекұлы-Кіші жүзденшыққан қазақтың атақты шешен биі. Қазақ шежіресіндеЖанарыстың бір , Жеті рутарайды. Әлімнен (кейдеҚаракесек) Түмен, Шөмекей, Төртқара, одан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз (Меккегеүш рет барыпҚажыатанған, Әмір-Темірпатшаның бас кеңесшісі болған баба) . Сол Ораздан - Акпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі 40 жылдай билеген атақғыЖалаңтөс баһадүреді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейіткүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-өнген. Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған үрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.
Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсытілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 29 рудай құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, алты ата Әлімнің 4 ата Кетенің, 12 атасының, 7 ата - Жетірудың Төбе биі болып сайланады". [8] содан бұл дүниеден өткенше ел билігімде жүреді. [9]
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:
[өңдеу] Әйтеке би жайлы ел аңыздары
[өңдеу] Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ағалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.
Жолаушының жасы үлкені:
- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?
- Сейітқұл аулы.
- Өзің кімнің баласысың?
- Бөйкектің баласымын
- Атың кім?
- Қосуа бидің «уды қайсы?
- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.
- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:
- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.
Сонда әлген баланың әкесі:
- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүр бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.
[өңдеу] Әйтеке би жайлы ел аңызы
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
- Аға болып алдымен туасың,
Барымталап жылқымды қуасың
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
- Ашу деген ағын су,
Туысқан сон сөз қуыспау керек.
Алдын ашсаң арқырар.
Сөз қуған бөлеге жолымды,
Ақыл деген дария,
Жол қуған олжаға жолығады.
Алдын тоссаң тоқырар.
Төле сен, жылқысын қайыр!
Кісі бірге туыспау керек,
Қазыбек, сен жесірін қайыр! - десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.
ӘЙТЕКЕ БИ
Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т. б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бос қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыстартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
"Жеті жарғыда" Әйтеке ұсынған баптардың ішінде - "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.
Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бұл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған.
Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы аталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.
Ол Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.
Тест «Әйтеке би»
Басқы бет»Билер, шешендер» Әйтеке би
ӘЙТЕКЕ БИ ӘЛЕМІ
МӘДЕНИЕТ- 02 сәуір 2009 - 6, 649 рет оқылды
Астана қаласындағы жоғарғы сот ғымаратының алдында үш данагөй қария қаз-қатар отыр. Олар Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке би. Түр-тұрпаттарына қарағанда біраз жас жасағаны байқалады. Жүз-өңдері де келіскен. Бірінің басында сәлдеге ұқсыс бас киім, екіншісінікі айыр қалпақ, үшіншісінікі дөңгелене біткен сусар бөрік. Бұл ұлы үш бидің үнемі кеңес құрып, осылай оңаша отырғандары тарихта таңбаланған. Сонда бұл соңғы рет қашан болды десеңіз, «Қазақ ұлттық энциклопециясы» және «Елтұтқа» кітабы 1700 жылды көрсетеді. Яғни кітаптар Әйтеке биді 1644 жылы дүниеге келіп, 1700 жылы 56 жасында дүниеден өткен деп көрсетіледі. Демек, мұндай үш ұлы бидің бас қосып сұхбат құруы дәл сол 1700 жылдан кейін мүмкін болмайды. Бір тамашасы сол «Ұлттық энциклопидия» мен «Елтұтқа» кітаптары Төле биді 1663-1756, Қаз дауысты Қазыбекті 1665-1765 жылдар арасында өмір сүрген деп төрелік береді. Бұған қарағанда Әйтеке бимен 1700 жылы өлер шағнда сұхбат құрысқанда, Төкең небәрі 37, ал Қазыбек-35 жаста болады. Сонда бұлардың егде тартқан адам сияқты мүсіндері Астана қаласында, Жоғарғы соттың ғимаратының алдында неге тұр? Егер олар сұхбат құрмай, мүсіндері былайша қойылған болса, Алматыдағы Ғылым Академиясының алдында қазақ ғылымының аталары, көшбасшылары боп саналатын Әбу Насыр әл-Фараби бабамызды сәлделі, ал Шоқан Уәлихановты орыс офицерінің киімімен неге сұхбат құрғызып қаз-қатар орнатпаймыз?!Бұл біздің келеңсіздікті Әйтеке би өмірін, оның сіңірген қызметін көрсетудегі іс-әрекеттердің соншалықты сынағы санаға сия қоймайтынын байқату үшін жазып отырмыз. Мысалы балалық шақтағы әсер ғұмыр бойы қаз-қалпында сақталады. «Менің елім Қазақстан» деп аталатын балаларға арналған энциклопедиядағы жазуға сенсек, «Кіші жүздің биі Әйтеке би Бәйбекұлы 1682-1766 жылдар арасында өмір сүріпті (қараңыз 107-бет) . Ал «Жалын» баспасынан 1993 жылы 300 мың данамен басылып шыққан Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы жазды дейтін «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабы былай дейді: «Астанасын Асыға орнатқан (Ясса-Түркістан қаласы) Тәуке өзіне ақылшы етіп Арыстың Ақ тұқымы Төлені, Арыстың Жан тұқымы Қазыбекті, Арыстың Бек тұқымы Айтықты алған. Айтық (Әйтеке би) алғашқы екеуінен кіші болған. Ол Төледен төрт, Қазыбектен екі жас кіші болатын, бірақ ол аз жасап 56 жасында дүниеден өтті» (қараңыз 210-бет) . Бұған қарағанда Әйтеке би 1667 жылы дүниеге келгені көрініп тұр. Бұл қазіргі таңда халыққа кеңінен танымал кітап, Әйтеке бидің қашан өлгенін де көрсете кетеді: «Әбілқайрдың өлімі және осылай болуы біреудің қолынан өлері хақ еді. Ұлу жылы (1748 жылы) Барақтың оны өлтіргенінен қазақ елі құлақдар болғанда, оған ешкімнің де жаны ашыды деп айту қиын еді. Соның бір мысалы тұрғысында Айтықпен (Әйтеке би) кездесуімді айтсам болады. Кіші жүз Құндақұл қарияның асына тышқан жылы Айтық аға да келген екен. Сонда онымен ақтық рет кездестім. Ол демікпе ауруына (астма) шалдыққан екен». В. А. Моисеев «Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв» деген кітабында (Алматы, «Ғылым» баспасы 194-бет) «Нұралы сұлтан әкесі Әбілқайырды өлтерген Барақты құрамында Ұлы жүз Төле би, Кіші жүз Әйтеке би, Шөмекеден Жалған би, Шектілерден Сырлыбай мен Баба би, Ысықтан Көбек мырза кірген билер сотына тартты, сот Барақты ақтады» - деп жазады. В. А. Моисеев бұл деректерді Ш. Уәлихановтың 1985 жылы шыққан 5 томдығының 4-томынан, 88-ші беттегі деректен алдым деп көрсетеді. Шоқан Уәлиханов болса онда былай деген: «Мәселен Орта жүздің аса күшті билеушілерінің бірі Барақ сұлтан 1758 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіріп, өзін тергеу үшін барлық қазақ билерінің ішінен төртеуін таңдап алып, сот құрады. Олардың қатарында Үлкен Ортадан Төле би, Кіші Ортадан Әйтеке би кірді» - деп көрсетеді. Әтине, бұнағы 1758 жыл жаңсақ ұғым. Негізінде ол он жылға тұтас қателескен болуы мүмкін. Себебі әлгі оқиға 1758 жылы емес, 1748 жылы болған. Содан екі жыл өткенде Әбілқайырды өлтірген Барақ сұлтан Түркістанның түбінде, қасиетті қазан құйылатын Қарнақта бір қожаның үйінде улатып өлген. Қолдағы бар деректерде Барақ сұлтан былай дейді: «Төрт биге, атап айтқанда, Кіші Орданың Алшын Төртқарасының Қаратоқасына, Қаракесегінің Қожанабы мен Мәмбет аталығына, Орта жүздің бағаналы - Найманның Өтебейына өз атынан сәлем жолдап, егер солай Әбілқайырды өлтіргенің теріс болса, басымның еркін соларға беремін» - дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz