Компьютерлік ойын



1 Компьютерлік іойын дегеніміз не
2 Балаңыздың компьютерге тәуелді екенін қалай байқайсыз?
3 Не істеу керек?
Компьютерлік ойын дегеніміз – нақты өмірден гөрі қиялдағы өмірге қарай бой ұру деген сөз. Ол әлемде батыр да, залым да болуға жол ашық, өркениетті қалалар мен бай тұрмысты әп-сәтте өз қолыңмен тұрғыза аласың. Арманыңызды жүзеге асыруға болады. Көңіліңдегіні ақтарып, әлеуметтік желілер арқылы сыр бөлісесің. Қысқасы, адамдарға ортақ нақты өмірде қол жеткізу қиындыққа түсетін мәселелерді экранның алдында отырып-ақ жүзеге асыра бересің.
Шын мәнінде, мұның бәрі бала нақты өмірде ата-ана тарапынан ықыластың, назардың аздығынан орын алып жататын мәселелер. Оның жеке проблемасы, идеялары мен армандары, опық жегені мен көңілінің асып-тасығаны ата-анасын толғандырамайтын болса, бала кіммен сырласып, кіммен ой бөлісуі керек? Мұғалім тек үйіп-төгіп берілген мектеп тапсырмасын қалай орындағанына ғана көз жүгіртіп шығып, былайғы кезде тапсырманы орындай алмағаны үшін сөгіп- ұрсатын болса, онымен сөйлесіп, әңгімеге тартуға уақыт таппайтын болса. Бала да ересек біздің әрқайсымыз секілді адам. Бізге көмектің, қолдау мен кеңестің ауадай қажет екендігі секілді, оларға да бұлар ауадай керек.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Компьютерлік ойын дегеніміз – нақты өмірден гөрі қиялдағы өмірге қарай бой
ұру деген сөз. Ол әлемде батыр да, залым да болуға жол ашық, өркениетті
қалалар мен бай тұрмысты әп-сәтте өз қолыңмен тұрғыза аласың. Арманыңызды
жүзеге асыруға болады. Көңіліңдегіні ақтарып, әлеуметтік желілер арқылы сыр
бөлісесің. Қысқасы, адамдарға ортақ нақты өмірде қол жеткізу қиындыққа
түсетін мәселелерді экранның алдында отырып-ақ жүзеге асыра бересің.

Шын мәнінде, мұның бәрі бала нақты өмірде ата-ана тарапынан ықыластың,
назардың аздығынан орын алып жататын мәселелер. Оның жеке проблемасы,
идеялары мен армандары, опық жегені мен көңілінің асып-тасығаны ата-анасын
толғандырамайтын болса, бала кіммен сырласып, кіммен ой бөлісуі керек?
Мұғалім тек үйіп-төгіп берілген мектеп тапсырмасын қалай орындағанына ғана
көз жүгіртіп шығып, былайғы кезде тапсырманы орындай алмағаны үшін сөгіп-
ұрсатын болса, онымен сөйлесіп, әңгімеге тартуға уақыт таппайтын болса.
Бала да ересек біздің әрқайсымыз секілді адам. Бізге көмектің, қолдау мен
кеңестің ауадай қажет екендігі секілді, оларға да бұлар ауадай керек.

Гүлзат Сәрсембина, психолог-теолог ғалым: — Жұмыстан үйіңізге келген
кезде өзіңізді қалыпты жағдайдан тыс ұстап, балаларыңызбен ақылдасып
көріңізші. Олардан ертеңгі болатын мерекелік шараға қандай галстук таққанды
немесе көйлек кигенді дұрыс деп есептейтіні жөнінде ақыл-кеңес сұрап
көріңіз. Балалар осы мәселеге қатысты сарапшылардан да асып түсетіндей
кеңес бере алады. Ұлыңыздан бастықпен қандай қарым-қатынас құруға болатыны
жөнінде ақылдасыңыз. Сөз таластырмай, берген кеңесін жай ғана қабылдауға
тырысыңыз. Балалармен проблемаларыңыз бен қуаныштарыңызды бөлісуді бірінші
болып ата-ананың өзі бастағаны дұрыс болады. Сонда ғана балалар да өзі
туралы бәрін түк қоймай айтып, сенім артады. Оларға тек ұрсып, сынау
дағдысынан арылу керек. Егер балаңыздың қылығымен келіспейтін болсаңыз,
алдымен оның сол мәселе туралы көзқарасын мұқият тыңдап алған жөн. Содан
кейін ғана барып, өз ойыңызды айтыңыз. Бұл жерде мен айттым, бітті деген
нәрсе жүрмейді. Онымен үлкен адаммен әңгімелескендей сөйлесіңіз. Отбасы
тарихынан, кітаптан, саясаткерлер өмірінен тағы да басқа толып жатқан
мысалдарды келтіре отырып, өз көзқарасыңыздың дұрыстығын дәлелдеп шығыңыз.
Әрине, баланың намысын таптамайтындай етіп. Өз балаларыңызбен сөйлесуді
үзбеңіз. Отбасылық құпия дөңгелек үстел ұйымдастырып тұрыңыз, оның басында
отбасының барлық мүшелері жиналып, болған дүрдараздық немесе
түсінбеушілікті талқылаңыздар. Компьютерлік ойындардың балаларға ықпалы
жайында көп айтылуда. Әсіресе, кері ықпалы туралы. Компьютер алдында
байланып отыруға дағдыланып кеткен бала бойында агрессивтік мінез пайда
болуы мүмкін деген пікірлердің шындыққа жақын екенін өмірдің өзі
дәлелдеуде. Ол баланы өз әлеміне алып кетіп, нақты өмірдің бар екендігін
ұмыттырады. Өз құрдастарымен араласудың орнына өз әлемінде өзімен-өзі
болғанды жаны қалап тұрады. Мұның бәрі компьютердің жағымсыз әсері жайында.
Ал енді оның балаға берер жағымды жағы бар ма?

Бұл сауалға психолог Олег Попов мырза баспасөз беттерінде былай деп
жауап береді: Барлық компьютерлік ойындар жедел шешім қабылдауды талап
етеді және баланың бойындағы осындай қасиетті дамытады. Сонымен қатар
логикалық ойлау, назар аудару, өз ісін жоспарлай білу қасиеттерін
дамытады.

Әрине, маман бұл жерде компьютерге біржола тәуелді болып кетпей, оны
ақылмен пайдалана білгенде болатын мәселе жайында айтып отыр. Ал буыны мен
санасы қата қоймаған, айналасындағы жақындарынан қолдау мен түсіністік,
жылылық пен назар аудару болмаған балалардың осының бәрін компьютерден
тауып, оған тәуелді болып шыға келетіні жайында еместігі түсінікті. Не
нәрсені де шектен тыс шығып кетпей, мөлшерімен пайдаланатын болсақ, бала
мен компьютерлік ойындар туралы проблема көтерілмес еді. Сонымен, әке-шеше
бала алдындағы өзінің ата-аналық парызын өтей алып жүрген-жүрмегенінің
айнасын: баланың компьютерлік ойындарға тәуелді-тәуелсіздігі көрсететін
деңгейге жеткен секілдіміз.

Балаңыздың компьютерге тәуелді екенін қалай байқайсыз?

- ойыннан ажыратылған кезде бала немен айналысарын білмей, өзін қоярға
жер таппайды;

-бала компьютер алдынан тұрғысы келмейді, өзіне ұнаған бір-екі ойынмен
тынбайды;

-сабақ оқуға уақыты жетпейді, құрдастарымен далада ойнағысы келмейді.

Осындай көріністерді байқайтын болса, ата-ана үшін дабыл қағатын кезең
туды деп есептеу керек дейді мамандар. Бұл жағдайлар компьютерлік ойындарға
тәуелділіктің белгілері деп аталады екен. Егер бала компьютермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Информатика курсында оқушыларды оқытуда компьютерлік ойындарды пайдалану
Компьютерлік ойындардың түрлері
ОЙЫН СФЕРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Компьютерлік ойындардың бала психикасына кері әсері
Компьютерлік ойындардың мінез - құлыққа агрессивті әсер ету проблемалары
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ақпараттық технологиялар
Scratch тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру
Пәндер