Жеміс дақылдарының маңызы



I. КІРІСПЕ
Жеміс дақылдарының маңызы
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1 Жеміс дақылының карантинді зиянкестері.
2.2 Жеміс дақылының карантинді аурулары
2.3 Кешенді қорғау шаралары
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ...
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Жемiс дақылының маңызы, оның пайдалылығы, әсiресе, азық-түлiктiк, емдiк, диеталық қасиеттерi адамға өте ерте заманнан белгiлi болған. Жасаң немесе қайта өңделген жемiстер азық-түлiк және халық емшiлiгiнде сан ғасырлар бойы пайдаланылып келедi.
Олар аса маңызды емдiк қасиеттерi бар азық-түлiк қана емес, сонымен бiрге, тамақ өнеркәсiбiнде таптырмайтын шикiзат, қоршаған ортаны қорғауда санитарлық-гигиеналық шаралардың бiрi де болып саналады. Оны өсiрумен тек шаруашылықтар ғана емес, жекелеген азаматтар да шұғылданады. Түрлi бақтар, саяжайлар қала мен ауылды желден, шаңнан қорғайды, олардың жапырақтары көмiр-қышқыл газын бойына сiңiрсе, елдi мекендерге көлеңке түсiрiп, жердi құрғатпайды, сөйтiп ауа-райын бұрынғыдан да жақсарта түседi. Жемiс бақтары елдi мекендерге сән берiп, адамдардың эстетикалық сезiмiне әсер етедi. Сондай-ақ бақ егiп, оны күтiп-баптау адамдарды шынықтырып, сауықтырады, әрi табиғатпен байланысын жақындатады. Оның маңыздылығы кейiнгi уақытта мүлде күшейiп отыр. Қазiргi кезде азаматтық энергиялық, транспорттық, агрономиялық, гидротехникалық алып құрылыстардың өрiс алуы, адам баласының өсу қарқыны, олардың қоршаған ортаға әсерi, табиғаттың өзi әкелген зиянды құбылыстар орнын толтыру есебiнен әлденеше есе артып кеттi. Сондай-ақ, XX ғасырдың екiншi жартысында, қоршаған ортаның зиянды қоқыстармен, канцерогендi және радиоактивтi заттармен ластануы адамзат денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Сондықтан қоғамдық өндiрiс процестерiнiң барысында жер, ауа, су т.б. қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдiгiн сақтауда және адамдардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыруда жемiс-жидек дақылдарының мiндетi зор. Тiптi, бiздiң арғы тегiмiз – алғашқы адамдар күнделiктi тiршiлiгiнде өсiмдiк жемiсiн жинап күн көрген. Жемiс және жидек құрамында қоректiк заттардан басқа витаминдердiң (А, В2, В6, С, РР т.б.), жеке биологиялық белсендiлiгi жоғары заттардың болуы, олардың пектиндермен үйлесуi адам организмiне зиянды бөлшектерiнiң енуiнен сақтап немесе бөлiнуiн тездетедi.
1. А.Ағыбаев, Р.Карбозова, Б.Дүйсенбеков, Н.Ақышбаев «Өсімдік қорғау» 2011ж. 165-177б-183-185б
2. Х. Торыбаев, Н.Ашықбаев, «Өсімдік карантині», Алматы, 2007 ж. 59-60 б.
3. http://www.dissercat.com/content/diagnostika-bakteriozov-tomata-i-mery-zashchity#ixzz3GbCk6mBF
4. Интернет желісі

Жоспар:
I. КІРІСПЕ
Жеміс дақылдарының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..,,,, ... ... . ... ... ... ..4
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1 Жеміс дақылының карантинді зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-
2.2 Жеміс дақылының карантинді аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Кешенді қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...

КІРІСПЕ
Жемiс дақылының маңызы, оның пайдалылығы, әсiресе, азық-түлiктiк, емдiк, диеталық қасиеттерi адамға өте ерте заманнан белгiлi болған. Жасаң немесе қайта өңделген жемiстер азық-түлiк және халық емшiлiгiнде сан ғасырлар бойы пайдаланылып келедi.
Олар аса маңызды емдiк қасиеттерi бар азық-түлiк қана емес, сонымен бiрге, тамақ өнеркәсiбiнде таптырмайтын шикiзат, қоршаған ортаны қорғауда санитарлық-гигиеналық шаралардың бiрi де болып саналады. Оны өсiрумен тек шаруашылықтар ғана емес, жекелеген азаматтар да шұғылданады. Түрлi бақтар, саяжайлар қала мен ауылды желден, шаңнан қорғайды, олардың жапырақтары көмiр-қышқыл газын бойына сiңiрсе, елдi мекендерге көлеңке түсiрiп, жердi құрғатпайды, сөйтiп ауа-райын бұрынғыдан да жақсарта түседi. Жемiс бақтары елдi мекендерге сән берiп, адамдардың эстетикалық сезiмiне әсер етедi. Сондай-ақ бақ егiп, оны күтiп-баптау адамдарды шынықтырып, сауықтырады, әрi табиғатпен байланысын жақындатады. Оның маңыздылығы кейiнгi уақытта мүлде күшейiп отыр. Қазiргi кезде азаматтық энергиялық, транспорттық, агрономиялық, гидротехникалық алып құрылыстардың өрiс алуы, адам баласының өсу қарқыны, олардың қоршаған ортаға әсерi, табиғаттың өзi әкелген зиянды құбылыстар орнын толтыру есебiнен әлденеше есе артып кеттi. Сондай-ақ, XX ғасырдың екiншi жартысында, қоршаған ортаның зиянды қоқыстармен, канцерогендi және радиоактивтi заттармен ластануы адамзат денсаулығына керi әсерiн тигiзуде. Сондықтан қоғамдық өндiрiс процестерiнiң барысында жер, ауа, су т.б. қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдiгiн сақтауда және адамдардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыруда жемiс-жидек дақылдарының мiндетi зор. Тiптi, бiздiң арғы тегiмiз - алғашқы адамдар күнделiктi тiршiлiгiнде өсiмдiк жемiсiн жинап күн көрген. Жемiс және жидек құрамында қоректiк заттардан басқа витаминдердiң (А, В2, В6, С, РР т.б.), жеке биологиялық белсендiлiгi жоғары заттардың болуы, олардың пектиндермен үйлесуi адам организмiне зиянды бөлшектерiнiң енуiнен сақтап немесе бөлiнуiн тездетедi.
Жемiс және жидек құрамындағы қанттардың басым көпшiлiгi моноқанттардан (глюкоза мен фруктозадан) тұрады. Жемiс қанты адам организмiнде энергиялық процестердi тездетуге қатысса, яғни атеросклерозға шалдықтырмай, қан қысымының көтерiлуiн (гипертония) тежейдi. Яғни, адамдар үшiн жемiстi көп мөлшерде пайдалану тиiмдi. Жемiстер құрамында әр түрлi макро және микроэлементтер (темiр, фосфор, магний, калий, йод, марганец, селен т.б.) де бар.

2.1 Жеміс дақылының карантинді зиянкестері

Калифорниялық қалқаншалы сымыр - Quadraspidiotus perniciosus gomstock.
Зиянкес теңқанаттылар (Homoptera) отряды, сымырлар отряд тармағының (Соссіpеа) қалқаншалылар (Diaspididae) тұқымдасына жатады.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр Батые Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде, Африка және АҚШ-та сонымен қатар Ресейде де кең таралған.
Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға жатады. Сымырдың аналығының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті, денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты және көзі редуцияланған, бір орында қозғалмай тіршілік етеді, шаншып-сорғыш ауыз мүшесі жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылттау қоңыр, диаметрі 1,5-2 мм (1- сурет ).

1-сурет. Калифорниялық қалқаншалы сымыр

Аталығы бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі қызғылт-сары, кеудесінде көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз мүшесі редуцияланған, бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9 мм, қалқаншасының ұзындығы 1 мм жетеді, қалқаншасы ұзыншақ, түсі аналығына ұқсас.
Дернәсілдерінің денесі сопақша, түсі сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы бар, көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы болады.
Денесінің ұзындығы 0,26-0,3 мм, ені 0,14-0,19мм.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр бір жастағы дернәсіл күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда 2 жастағы дернәсілдері және аталықтары да қыстап шығады. Қыстаушы дернәсілдің қалқаншасы тығыз қара түсті болады.
Көктемде жеміс ағаштарында "шырын жүру" кезеңі басталысымен дернәсілдер қысқы ұйқыдан оянады да, 10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек бунақденеге айналады. Ұрықтанған аналық сымырлар 50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 60-80 дернәсіл туады.
Дернәсілдер ("кезбелер") алғашында тез қимылдап, ағаштың өң бойына түгел таралады, Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және олардың арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес қоректенген жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын-салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән кызғылт дақтар пайда болады Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Мекендеген жерлерінің ерекшелігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 ұрпақ береді.

Американдық ақ көбелек - Hyphantria cunea drury
Зиянкес қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрады Arctiidae тұқымдасына жатады. Көбелектің қанаттарының өрісі 20-36 мм, денесінің ұзындығы 9-15 мм. Қанаттары әппақ немесе ақкүңгірт қоңыр дақтары болады 2- сурет).
Аталықтарының мұртшалары екі қатарлы тарақты, аналықтарынікі - екі қатарлы ара тісті болады.
Бір жастағы жұлдызқұрттары ашық-сары түсті, олардың ұзындығы 1-1,5 мм, ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 30-40 мм. Стадиясының денесін тығыз түк басқан және арқа жағында eкі қатар қылшықты сүйелдері және бүйір бөлігінде 3- қатар ашық-сары сүйелдері бар.
Қуыршағы ұзыншақ жұмыртқа пішінді, ұзындығы 10-15 мм. Құрсағының сегменттерінің жіктері осы түрге тән ірі нүкте тәрізді шұңқырлармен шектелген. Кремастері екі айырылған және 15-ке жуық шоқ өсінділері басады.

2-сурет - Американдық ақ көбелек

Жұмыртқасы шар тәрізді табаны тегіс, көлемі 0,5-0,6 мм.
Қуыршақ күйінде піллә ішінде ағаш қабығының астындағы сызаттарда, құрғақ жапырақтарда, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарында, қаша сызаттарында, ғимараттардың саңлауларында қыстайды. Қуыршақтардың көпшілігі топырақ ішінде 3-5 см терендікте, кейбіреулері 15 см терендікте кездеседі. Жазғы ұрпақ жұлдызқұрттарының кейбіреулері бөрік бастағы жапырақтарда қуыршақтанады.
Қуыршақтардың кейбір бөлігі (10-15%) диапаузаға кетеді, яғни олардан бір жылдан кейін көбелек шығады.
Американдық ақ көбелектің жұлдызқұрттарының зақымдауы нәтижесінде ағаш жапырақтарынан жалаңаштанады, оның әсерінен ағаш әлсірейді және бірнеше peт қайтара зақымдаудың нәтижесінде кейбір өсімдіктер өледі. Зиянкестің жұлдызқұрттары көп қоректі, 230 ағаш пен бұта, шөптесін өсімдіктерді зақымдайды.
Американдық ақкөбелек ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты жылына 1-2 ұрпақ береді.
Америкаңдық ақ көбелек Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде Ресей мен Украинада, Азияда (Қытай, Өзбекстан) таралған.
Қазақстанда американдық ақ көбелек сыртқы карантиндік нысанға жатады.

2.2. Жеміс дақылының карантинді аурулары
Алхорының американдық салалы өрнегі
Ауру қоздырғышы - American plum line pattern virus, вирустардың (viruses) Ilarvirus ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс ағаштарының бактериялды күйік ауруларының фенологиялық даму кезеңдеін айқындау
Жеміс шаруашылығының маңызы
Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Жеміс ағаштарын күтіп баптау
Көкөніс дақылдары
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Цитрус дақылдары
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Алма сорттары
Пәндер