Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2

І -ТАРАУ. Германиядағы фашистік диктатура - монополистік капиталдың билігін іске асыру қаруы . . . 8

ІІ-ТАРАУ. Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты.

2. 1. Фашистік диктатура кезіндегі жұмысшылар мен орта топтардың жағдайы . . . 23

2. 2 Фашистік үкіметтің аграрлық саясаты . . . 32

Қорытынды . . . 41

Сілтемелер . . . 47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 50

КІРІСПЕ

Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарының басы мен қырықыншы жылдарының ортасында фашизм сияқты ұйымның пайда болуы адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл сауалдарға жауап табу мәселесі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

Фашизм - XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш - адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді.

Фашизм - диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады.

Фашизм - интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды.

Германиядағы фашизмнің «таптық формасы» белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасты. Ол қозғалыстар мен революция дәуіріне қарсы реакция және коммунистік партиялардың дамуына жауап ретінде пайда болды. Германия мен италиядағы фашизм әлемді революциялық жарылыстар тітіркендіріп түрған кезде, яғни Еуропа экономикалық, әлеуметтік жүйедегі билігінен әлсірей бастаған кезде туды. Фашизм қоғамның дағдарысы мен жоқшылық бұқараның ашу-ызасын тудырған жағдайда дамыды. Оның қозғаушы күші - қара ниетті, шовнистік көзқарастардағы топтар болып табылады. Батыста соғыстан кейінгі уақытта Гитлердің жеке басына деген қызығушылықтың өскенін айта кету керек. Батыстағы ірі капитал иелері жас ұрпақты тұңғиыққа итермелеп, Гитлерді «күшті жеке адам» ретінде көрсетеді. Сондыктан Гитлердің адамзат тарихына қанша зиян кетіргенін анықтау өте қажет. Бұл мәселеніі шешу үшін Гитлер құрған фашистік өкіметтің саясатын, оның агресиялық мэнін, халыққа қарсы әрекет жасағанын талдау қажет. Көптеген адамдар мен болашақ үрпақ Гитлер қылмыскер, немесе кісі өлтіргіш болды ма, ол итті, немесе Вагнердің музыкасын сүйді ме деген мәселеге бейжай қарайды. Бәрінен де маңыздысы ол қалай өкімет басына келді және оның істеген ісіне кім мүмкіндік берді? Міне, осыны аяғына дейін анықтап алу тарих ғылымындағы маңызды да күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының тақырыбы да осы мақсаттан туды.

Германиядағы фашистік диктатураның алғашқы тәжірибесін талдай келіп, ИККИ XIII пленумы (1933 жылғы қараша-желтоқсан) фашизмге түпкілікті ғылыми анықтама берді. Ал, коминтерннің VII конгрессі оны одан әрі тереңдетіп, фашизмге толық талдау жасады. Міне, осы құжаттар тарихнамадағы осы мәселеніің бұдан бұлайғы мазмұнын анықтады.

1934 жылы Р. Пальм Даттың «Фашизм және социалистік революция» деген еңбегі ағылшын тілінде басылып шықты. 1935 жылы оның толықтырылған орысша нүсқасы басылды /1/. Бұл халықаралық фашизмге теориялық талдау жасауға тырысқан бірінші ғылыми еңбек болды. Еңбектің құндылығы сол, онда фашизм еңбектің өне бойына империализмнің жалпы экономикалық және саяси мәселелерімен байланыстырылды. Алайда, ол мемлекеттік-монополистік капитализмге өту міндетті түрде фашизмге әкелді деп жалған пікір айтты.

Кейбір еңбектерде герман фашизмнің ерекшелігі бірінші кезекте қаралып, оны монополистік реттеу, әскери экономиканың қарыштап дамуы, әскери шараларды жүзеге асыру сияқты күрделі міндеттерді орындаудағы фашистік диктатураның ролі басым көрсетіледі. Осындай еңбектің бірі - 1960 жылы шыққан Г. Л. Розановтың монографиясы/2/. Ол фашистік диктатураның ішкі, сыртқы саясатын жан-жақты талқылады. Автор бірінші кезекте фашистік террордың мемлекеттік жүйесінің пайда болуын ашып көрсетті, фашизмді өкімет басына әкелеген герман монополистерімен өзара қарым-қатынасын қарастырды.

1967 жылы А. А. Галкиннің өте маңызды зерттеуі пайда болды/3/. Ол капиталистік қоғамдағы фашизмнің әлеуметтік-экономикалық және саяси орынын ашып көрсетті, фашизмнің әр түрлі әлеуметтік топтарға көзқарасын, қатынасын талдады. А. А. Галкин орта топтардың фашизмнің әлеуметтік сүйеніші болғанын көрсетті, фашистердің ұзақ уақыт бойы оларды өздеріне пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерін анықтады.

Алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бастап герман фашизмі тарихының алғашқы сатылары белсенді түрде зерттеле бастады. Гитлер партиясының алғашқы кездегі тарихын, оның пайда болуының алғышарттарын зерттегендердің бірі - Д. С. Давидович/4/.

Герман фашизмі қалыптасуның алғашқы дәуірін зерттеуге А. С. Бланктің бірнеше еңбегі арналған/5/. Ол фашизмнің пайда болуының қозғаушы күштерін, нацистік партияның қалыптасуын, шамамен жиырмасыншы жылдардың ортасына дейінгі уақытты қамтып көрсетеді. Автор нацизмнің рухани тірегіне, идеологисының қалыптасуы мен әдістеріне, таралуына, оның белгілі бір әлеуметтік топтарға әсеріне көп көңіл бөлді.

Фашизмнің пайда болуы туралы мәселеге және оның тарихнамасына көп көңіл бөлген автор - Л. Ю. Рахшмир/6/. Ол фашизмнің пайда болуын жеңілдеткен әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қатар «рухани күш» берген факторларды атайды. Фашизмнің бүқаралык базасын сақтап қалудағы үгіт-насихат жұмыстарының әдістері мен диктатураны күшейтуге бағытталған шараларын, фашистік тәртіптің құлауының саяси мәселелерін қарастырған Г. Н. Горошкова болды/7/.

Герман фашизмінің тарихындағы үлкен мәселеніің бірі - аграрлық саясат пен шаруалардың жағдайы. Бұл мәселемен негізінен монографиялары жетпісінші жылдардың соңында жарияланған А. Аникеев айналысты. Бұл еңбектерде бүрынғы Герман Демократиялық Республикасының мемлекеттік архивінің, Дрезденнің жер туралы архивінен материалдар кіреді. Ол фашистік үкіметтің аграрлық саясатының нәтижесінде әр түрлі шаруа топтарының жағдайы қандай болғанына талдау жасайды/8/.

1978 жылы СССР Ғылымдар академиясы жалпы тарих институтының ғалымдары дайындаған «История фашизма в Западной Европе» деген еңбек шықты/9/. Онда бүкіл Батыс Еуропа елдеріндегі фашистік қозғалысқа талдау жасалған. Жинаққа Г. С. Филатов, Л. И. Пищберг, Г. Н. Горошкова, В. Д. Ежов, И. И. Жигалов, Б. Р. Лопухов, С. П. Пожарская, И. К. Шириня еңбектері кірді.

Фашистік тоталитарлық мемлекеттердің құрылуы және дамуы, оның саяси жүйесі туралы мәселе Ж. Желеевтің еңбегінде зерттелген/10/. Гитлердің жеке басы, психикалық ауруы шетелдік зерттеуші Эрих Фроммның еңбегінде талданды/11/.

Диплом жұмысын дайындауға пайдаланылған деректер негізінен әртүрлі құжаттар мен материалдар жинақтарынан алынды/12/. Бұл жинақтарда фашистік диктатураның ішкі және сыртқы саясатын сипаттайтын СС, гестапо сияқты фашистік ұйымдар мен мекемелердің жазалау әрекеттерін көрсететін материалдар берілген. Алайда фашистік диктатураның 1933-1939 жылдарда шығарған заңдарының мазмұнын беретін документтердің орыс тіліне аударылғандары өте аз. Сондықтан төтенше заңдарды талдағанда негізінен зерттеушілік еңбектерге сүйенуге тура келді.

Гитлерлік алапат жүйе ұйымдастырған апаттан Қазақстан халқы да сырт қалған жоқ. 1939 жылғы халық санағы бойынша қазақстанның халқы 6, 2 млн. адам еді. Соғысушы армия қатарына соғыс жылдары 1. 196. 164 қазақстандық сапқа түрды. Патша өкіметінің 1916 жылғы тәжірибесін қолдана отырып, сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарынан және зорлап көшіріліп әкелінгендерден еңбек армиясын және арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды. Оларға Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырып алынды. Республикаға майдан алқабынан әкелінген, 1, 5 млн. -дай адамды және зорлап көшіріліп әкелінген халықты есептегеннің өзінде республикадан армияға алу проценті жоғары болды: майданға және қорғаныс өнеркәсібіне оның әрбір төртінші тұрғыны жіберілді. Моблизациялау процентінің мұнша жоғары болуына негізінен экономиканың аграрлық сипаты, халықтың арасында шаруалардың үлес санының көптігі және индустрияның қорғаныс саласына жұмысшы күшін және Қазақ КСР-нің ауыл шаруашылығында механизаторларды брондау практикасының кеш енгізілуі себеп болоды. Қазақстандықтардың негізгі көпшілігі майдандағы армияға толықтыру ретінде, шамамен үштен бір бөлігі республикада жасақталған бөлімшелерде тіркелді. Бұлар 12 атқыштар дивизиясы, төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер түрлерінің елудей жеке полктері мен батальондары еді. Олардың ішінен үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық бөлімшелері болып құрылды. Моблизациялық жоспардан тыс, негізінен еріктілерден құралған Бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды, олар майдандағы армияның құрамына берілгенше киім-кешекпен және басқа тисті заттармен, көлікпен және құрал-сайманмен республика бюджетінің және халықтың еркімен берген қаржыларының есебінен қамтамасыз етілді.

Республика офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде түрған 27 әскери оқу орыны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.

Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жүмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындарының пайдасына қайта бөлінді.

Міне, сондықтан соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қорытындылар қазақтар үшін де ешқашан ұмтылмауға тиіс. Соғыстардың ішіндегі ең ауыр соғыс жылдары және ең ұлы жеңіс адамзаттың онан кейінгі дамуына да ықпалын тигізіп келді.

Адамзат баласының басына гитлерлік жүйе сияқты алапат қырғын жүйе қайта айналып келмеуі үшін де біз Бұл жүйенің тарихына, оны туғызған кезеңге көз жүгіртіп, тереңірек зерттеуіміз қажет. Сондықтан, біздің Бұл диплом жұмысымыздың тақырыбы осындай игі мақсаттан туған еді.

Тақырып мақсатына орай диплом жұмысы екі тарауға бөлінді, соңғы тарау өз кезегінде екі бөлімге бөлінеген. Жалпы жұмыста мемлекеттік-монополистік каптитализмнің фашистік жүйесінің қалыптасу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

І-ТАРАУ . ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИСТІК ДИКТАТУРА - МОНОПОЛИСТІК КАПИТАЛДЫҢ БИЛІГІН ІСКЕ АСЫРУ ҚАРУЫ.

Германия бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалды, сөйтіп жаңа жерлер басып алу мақсатын әскери жолмен шеше алмады. Тіпті жеңілу нәтижесінде соғысқа дейінгі билеген бірқатар территорияларынан да және саяси ықпалынан да айырылып қалды. Германия өкілдері «тонаушы» Версаль бітіміне қол қоюға мәжбүр болды.

Герман империализмінің ішкі жағдайы да нашарлады. Соғыста күйзелу, халықтың жағдайының нашарлауы, кайзерлік өкіметтің дағдарысы енді революциялық ахуалдың пісіп-жетілуіне әкелді. 1918 жылғы Қараша революциясы буржуазиялық-парламенттік жүйенің құрылуына және еңбекшілерге демократиялық бостандықтар беруге жеткізді.

Осындай жағдайда, ел Версаль келісімінің қамытын киіп, тап күресінің қызған кезінде, Германияда ұлтшыл, шовнистік, антикоммунистік бағыттағы қозғалыс пайда болды.

Басқа капиталистік елдерге қарағанда Германияның экономикасы әлдеқайда тұрақсыз болды, өйткені оның негізгі көздерінің бірі шетел, ең бастысы АҚШ пен Ұлыбритания капиталының тасқыны еді. АҚШ пен Англия империалистері табыстардан тыс өздері қосқан қаржыларынан түсірген пайдасына қосымша қосымша Германияның соғыс-өнеркәсіптік қуатын қалпына келтіруге көмектесті. Неміс монополиялары үшін реперация мәселесі мәселесінің қолайлы шешілуі осы жоспарға сай келді. 1924-1931 жылдары реперация есебіне 11 млрд. Марка төлеген Германия өз экономикасына 26 млрд. Марка мөлшерінде карыз және тікелей күрделі қаржы алды.

Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фашизм және оның саяси идеологиясы
Италияда фашизмнің пайда болуы
Испания Буржуазиялық - демократиялык, революция жылдарында
Германия революция қарсаңында
Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері
Германиядағы мен Италиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Нацистік Германия мен сталиндік Кеңес одағындағы тоталитарлық жүйелердің қалыптасу және даму тарихы
Саяси режим түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz