Өсімдіктер карантині



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Өсімдіктің карантинді аурулары
1.2 Өсімдіктің карантинді ауруларымен күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімнің карантиндік жай-күйін жүкті тиеп – жөнелтудің бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу кезінде, теңіз және өзен порттарында, әуежайларда, теміржол станцияларында, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде және өзге де объектілерде қайтадан белгілейді. Қайта тиеп әкету кезінде шекара-аралық пунктте және постыда, фитосанитариялық сертификаттың дұрыс рәсімделуін қадағалауда ғана жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын зерттеген мемлекеттік инспектор береді және өзінің жеке қолымен белгіленген үлгідегі мөрмен куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптарды орындау туралы мәліметтері болуы тиіс. Фитосанитариялық сертификатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификат немесе оны беруден бас тарту рәсімделеді.
Өсімдік карантині мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк залалсыздандырылады немесе жойылады, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып бекітіледі. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу.
1. Х. Торыбаев, Н. Ашықбаев «Өсімдік карантині» Алматы 2007
2. Р. Д. Карбозова, К.Н. Туленгутова «Фитопатология» Алматы, 2014
3. Интернет желісі

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Өсімдіктің карантинді аурулары
1.2 Өсімдіктің карантинді ауруларымен күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімнің карантиндік жай-күйін жүкті тиеп - жөнелтудің бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу кезінде, теңіз және өзен порттарында, әуежайларда, теміржол станцияларында, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде және өзге де объектілерде қайтадан белгілейді. Қайта тиеп әкету кезінде шекара-аралық пунктте және постыда, фитосанитариялық сертификаттың дұрыс рәсімделуін қадағалауда ғана жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын зерттеген мемлекеттік инспектор береді және өзінің жеке қолымен белгіленген үлгідегі мөрмен куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптарды орындау туралы мәліметтері болуы тиіс. Фитосанитариялық сертификатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификат немесе оны беруден бас тарту рәсімделеді.
Өсімдік карантині мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк залалсыздандырылады немесе жойылады, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып бекітіледі. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті Өсімдіктер карантині туралы заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

Негізгі бөлім
1.1 Өсімдіктің карантинді аурулары
Мақта антракнозы
Қоздырғышы - Colletotrichum gossypii Southw. және C. indicum Dastur. Ауру қоздырғышы жетілмеген саңырауқұлақтар дейтеромицеттер (Deuteromycetes) класы меланкониялылар (Melanconiales) қатарының меланкония (Melanconiceae) тұқымдасына жатады. C. gossypii саңырауқұлағы мақта өсімдігінің жер үстілік бөліктерін залалдайды және маусымдық өсу кезінде тоғышарлық тіршілік етуі мүмкін. Ауру өскінді залалдау нәтижесінде, оның жатып қалуы немесе өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады. Ауру тамыр мойында қызғылттау немесе күңгірт суланатын дақ түрінде сабақты айнала залалдап, бөліктенген күйде немесе жара түрінде байқалады. Ауру тұқым жарнақ жапырақтарында күңгірт - қоңыр түсті пішінсіз қызыл шеңберлі дақтар түрінде байқалады. Дақтар біртіндеп жапырақ бетін қаптап, оның шіруіне себепкер болады. Жетілген өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары бір себептерден әлсіреген жағдайда ғана залалданады. Сабақтарда қызғылт - қоңырлау ұзыншақ дақтар түзіледі. Жапырақтардағы дақтар күңгірт, дөңгелек пішінді болады. Антракноз ауру қоздырғышымен көбінесе қауашақтар қатты залалданады. Олардың жіктерінде ұсақ басылған күңгірт - қоңыр немесе қара қошқыл, қанқызыл дақтар түзіледі. Бұл дақтар біртіндеп қараяды, тек жиектерінде қызғылттау түс сақталады. Дақтар жайыла келе қауашақтың жартысын, кейде түгелдей қамтиды. Залалданған қауашақтың өсуі тежеледі, ашылмайды немесе аздап ашылады, ал жеміс ұстағышы залалданғанда қауашақтар түсіп қалады. Ылғалды ауа райы жағдайында антракнозбен залалданған өсімдік бөліктерінде қызғылт конидиялық өңез байқалуы мүмкін. Антракноз ауру қоздырғышымен залалданған тұқым, сау тұқымнан сыртқы белгілері бойынша ажыратылмайды. Қатты залалданған тұқым сұрғылт-жасыл түсін жоғалтып, сарғыштау немесе қоңырлау болып, әлжуазданып өнгіштігінен толықтай айырылады. Саңырауқұлақтың даму циклінде конидиялы және қалталы кезеңдері болады. Мақта антракнозы Еуропа, Азия, Африка, АҚШ және Австралияда таралған. Саңырауқұлақ залалданған өсімдік қалдықтарында және ауру тұқымда сақталады. Тұқым ішіндегі жұқпа тұқым және сақталатын орынның ылғалдылығына байланысты бір жылдан 13 жылға дейін қорланады. Өсімдіктің залалдануы көбінесе бунақденелілердің зақымдаулары немесе жарақаттары арқылы атқарылады, саңырауқұлақ конидияларының жұқпа жіпшесі зақымдалмаған ұлпа арқылы да енуі мүмкін. Ауру қоздырғыштың жіпшумағы эндогенді дамып, бетіне тек саңырауқұлақтың споралары шығады.

Сурет - 1. Мақтаның антракноз ауруы.

Мақтаның техастық тамыр шірігі
Ауру қоздырғышы Phymatotrichopsis omnivore Hennebert. Ауру қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтар дейтеромицеттер (Deuteromycetes) класы гифомицеттер ( Hyphomycetales) қатарының монилия (Moniliaceae) тұқымдасына жатады. Негізгі иесі мақта, бірақта саңырауқұлақ 200-ден артық түрді, көбінесе қосжарнақты өсімдіктерді залалдайды. Саңырауқұлақ топырақ ішінде дамиды. Көбінесе өсімдіктің тамыр жүйесі, кейде сабағы топырақ бетінен 2-3 см биіктікте залалданады. Аурудың негізгі белгісі - өсімдік кенеттен солады. Ауру өсімдіктің жоғарғы жағынан басталып, кейін ортаңғы және төменгі жапырақтары солады. Жапырақтар үгілгіш келеді, қоңырланады немесе қараяды. Тамырда жіпшелерге толы ойыстар пайда болады. Ауру ұлпалар сауларынан күңгірт сызықтарымен бөлінген. Залалданған қабық сүректен оңай ажыратылады. Мақтада солыған өсімдіктер ошағының ортасында шанақтану және қауашақ түзілу кезеңдерінде солу жиі байқалады. Техастық тамыр шірігі Мексика мен АҚШ-та жергілікті түрге жатады. Мақтаның техастық тамыр шірігі Қазақстанда тіркелмеген, сыртқы карантиндік нысанға жатады. Ауру қоздырғыш тұқыммен таралмайды. Аурудың ие - өсімдік тамырында сақталатын қастауыштары немесе жіпшелер арқауы аурудың алғашқы көздеріне жатады. Саңырауқұлақ топыраққа кіріп басқа тамырларды залалдайтын жіңішке жіпшелер және арқаулар арқылы таралады. Саңырауқұлақ арқаулары топырақ арасында тіршілік қабілетін бір жылдан артық сақтай алмайды. Қастауыштар тіршілік қабілетін 5 жылдан артық сақтай алады. Қыстағы салыстырмалы жоғары температура індеттің сақталуына қолайлы. Саңырауқұлақ сілтілі және нейтралды топыраққа қарағанда қышқылды топырақта нашар дамиды. Тамыр шірігі ауыр, ылғалды топырақтарда жақсы дамиды.

Бидайдың үнді қара күйесі
Ауру қоздырғышы Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. Ауру қоздырғыш базидиомицеттер класының устилагиналылар қатарының тиллеция тұқымдасына жатады. Кеселдің ерекшелігі - масақ түгел залалданбай, көбінесе масақшаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телиоспора массасына айналады. Ауру өте қатты залалданғанда масақшаның қабықшалары ажырап, қара күйелі жағымсыз шіріген балық иісті дәндер масақтан топыраққа түседі. Кеселдің залалдауы нәтижесінде масақтың ұзындығы қысқарып, дән сапасы азаяды. N. indica телиоспоралары сопақша немесе шар тәрізді, диаметрі 18-40 мкм, қабығы қара - қошқыл, қоңырлау, торлы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-25 ° С температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 мкм ұзынша, сәл иілген базидиоспоралар түзіледі. Кейде телиоспорадан ұзындығы 10-200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клеткалы споридиялар түзіледі. Өсімдікті гүлдеу кезеңінде базидиоспоралар және споридиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры - залалданған тұқым және топырақ. Бидайдың ергежейлі сорттары ауруға төзімсіз келеді. Үнді қара күйесімен залалданған тұқымның тауарлық сапасы мен өнгіштігі төмендеп, өнім 10-20% жойылады. Ауру Азияда, Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Сурет - 2. Бидайдың үнді қара күйесі.

Зығырдың пасмо ауруы
Ауру қоздырғышы Septoria linicola Speg және Septogloeum linicola Speg. Ауру қоздырғыштар дейтеромицеттер (Deuteromycetes) класы біріншісі сферопсидалылар (Sphaeropsidales) қатарының сферопсидия (Sphaeropsidaceae) тұқымдасына, екіншісі меланколиялылар (Melanconiales) қатарының меланкония (Melanconiaceae) тұқымдасына жатады. Өсімдіктің барлық вегетация кезеңдерінде жер үстілік бөліктері залалданады. Аурудың алғашқы белгілірі: тұқымжарнақтың жапырақтарында қоңыр дақтар мен пикнидалар байқалады. Жапырақтар бүрісіп жерге түседі. Ауру гүлдеу және қауақша түзу фазаларында анық байқалады. Нағыз жапырақтарда қоңыр дақтар байқалып, оның ортасы біртіндеп айқындалады: кейін 4-7 күннен соң дақтарда пикнидалар түзіледі. Онда тығыз шеңберленіп орналасады. Залалданған жапырақтар қурап, бүріседі, жерге түседі де, сабақ жалаңаштанады. Ауру дами келе сабаққа ауысады. Сабақта ұзыншақ, қоңырлау, біртіндеп дөңгелектене келе шұбарланатын дақтар байқалады. Дақтардың ортасында қара пикнидалар түзіледі. Ауру дами келе қоңыр-сұр түстеніп сабақты жаппай пикнидалар қаптайды. Ұқсас дақтар гүлшанақтарда, қауашақтарда, тұқымда байқалады. Ауру тұқым ақшыл уәжденген болады. Оның бетінде таралған пикнидалар немесе ақшыл дөңестер ұрыққа таяу жерде байқалады. Зығырдың пасмо ауруы Еуропада кең таралған. Бұл ауру Қазақстанда кездеспеген сыртқы карантиндік нысанға жатады. Ресейде аздап кездеседі (Новгород, Витеб, Смоленск облыстарында). Саңырауқұлақ Linum туысына жататын мәдени және жабайы өсімдіктерді залалдайды. Індет тұқым мен өсімдіктің залалданған мүшелерінде сақталып таралады. Тұқым ішіндегі саңырауқұлақ жіпшесі ұзақ уақыт сақталады. Вегетация кезеңінде пикнидалардан қызғылт жіпше тамшы түрінде шығып, олар жауын тамшылары және шықпен, бунақденелілермен, ал шырыш кепкен жағдайда олар желмен таралып сау өсімдіктерді залалдайды. Жетілген қауашақта дамыған саңырауқұлақ тұқымға енеді.

Сурет - 3. Зығырдың пасмо ауруы.

Картоптың алтын түсті нематодасы
Ауру қоздырғышы - Globodera rostochiensis Behrens нематодасы. Қоздырғыш нематода класы тиленхид отрядының тиленхида тұқымдасына жатады. Нематода өзінің даму кезеңінде жұмыртқа, дернәсіл, имаго стадияларынан өтеді. Әр цистада 50-ден 600-ге дейін дернәсілдері бар жұмыртқалар болады. Алтын түсті нематоданың цистасының пішіні шар тәрізді, кейде бас бөлімі созылыңқы алмұрт тәрізді болады. Денесінің артқы жағы дөңгеленген жыныстық конусты мүшесі болмайды.жетілген аналықтың денесінің артқы бөлігінде жыныс мүшесімен анусы болады. Олардың айналасында анальды-жыныстық немесе перинальды деп аталатын аймағы, циста түзуші нематодтардың қай түрге жататындығын анықтауға қолданылады. Анус ұсақ саңылаулы болып, одан көбінесе екі кутикула қатпары түзіледі. Ауру Азия, Америка, Мексика және Еуропада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері
Өсімдік карантині жайлы
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Өсімдік карантині
Карантиндік қызметін ұйымдастыру
Сыртқы және iшкi карантин
Филиалдың заңды мәртебесі
Пәндер