Қызанақ дақылы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қызанақ дақылының шығу тарихы

2. Қызанақтың морфологиялық - анатомиялық құрылысы

3. Қызанақ дақылының аудандастырылған сорттары

4. Қызанақ дақылының агротехникасы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе

Қызанақтың маңызы. Көкөніс дақылдарының арасында көп таралғандардың бірі. Қызанақ құнарлылығымен, өте дәмділігімен және жұғымдылығымен халықтың тағамға көбірек пайдаланатын көкөнісі. Әбден піскен қызанақтың құрамындағы С витамині лимон, апельсиндегідей, ал алмадан 4 есе көп болады. Ол дәрумендерге байлығымен ерекше бағалы, ал пісіп жетілмеген көк мәуелерінде витаминдер мүлде жоқ. С витамині 140-940 мг дейін, каротин- 120 мг дейін болады. Қызанақ мәуесінде калий мен биязы талшықтар көп болғандықтан адамдардың барлығына, әсіресе зат алмасудың бұзылуына байланысты жүрек-тамыр жүйесінің ауруларына шалдыққандарға ем-дәрі ретінде ұсынады. Құрамында қымыздық қышқылы аз болғандықтан аяқ қол буындарында сары су, тұз жиналған ауруларға пайдаланылады. Витаминдердің көптігіне қарай қызанақты жеңіл тағам ретінде пайдаланады. 1 стақан шырыны А және С витаминдеріне тәуліктік қажеттіліктің жартысын қамтамасыз етеді. Жас қызанақ шырынында ішектегі ашу, шірудің өрістеуін басатын күшті фитонцидтер сақталады және асқазан сөлінің секрециясына әсерін тигізеді, жүрек қызметін жақсартады. Қызанақтан әр түрлі 100-ден астам дәмдеуіш қоспалар жасалынады. Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.

Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады. Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді. Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс. Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Қызанақ 'иммунитетті' де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.

II. Негізгі бөлім

1. Қызанақ дақылының шығу тарихы

Қызанақ дақылының тарихы. Бұл дақыл Еуропаға XVI ғасырда ғана әкелінген. Ең бірінші шыққан отаны - Оңтүстік және Орталық Американың ыстық аймақтары. Ал Мексикада қызанақты ерте заманнан тағамға пайдалана бастаған, онда бұл дақыл біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда белгілі болған. Ертедегі ацтектер оған «томатль» - «томат» деген ат қойған. Бұл үлкен жидек деген мағына береді. Ертедегі төземдіктер мен үнділер Мексикадан Перуге дейін Америка анықталмай тұрып өсіре бастаған. Қызанақ дақылын Еуропаға бірінші болып испандар, португалдар, италиялықтар әкеліпті, ал италиялықтар жемістерінің сарылығынан оған «помидоро» - «алтын алма» деп ат қойған. Кейінірек француздар жемістерінің қызыл жүрекке ұқсастығынан «поми д амур» - «махаббат алмасы» деп атаған. Еуропада оны ұзақ мезгіл экзотикалық -таңғажайып ретінде (гүлдерінің әдемілігі мен жемісінің қанық қызыл түсінен) бағалаған немесе дәрі ретінде пайдаланған. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал.

Ғылым Академиясының сөздігіндегі мәлімдемесінде К. Кондратович «Алма», «помо аморис » - арапша - алкакенги, соланум ликоперсикум деп атаған. Швед табиғат зерттеушісі Карл Линней помидорды латындардың атауында «солянум ликоперсикум» - «қасқыр персигі» депті, осы аты бүгінгі күнге дейін сақталған, осыған байланысты «улы» деген ұғым да болған. Сондықтан 1840мжылға дейін американдықтар «улы» деп келген, шындығына келгенде піспеген қызанақ жемісінде улы алколоидтың барлығы анықталған.

2. Қызанақтың морфологиялық - анатомиялық құрылысы

Қызанақ, томат, помидор (лат. Solanum lycopersicum) - алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер . Оңтүстік Америкадан таралған. Сабағының биіктігі 30 - 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі - екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салмағы 25 - 500 г, кейде 800 - 900 г - ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4, 5 - 8, 1% құрғақ зат, 3, 5 - 8, 5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 - 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады.

Қызанақ тіршілігі. Қызанақ - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Біздің елдегі құбылмалы ауа райына қарай бір жаздық дақыл. Өсіп - өну дәуірінде әрбір жапырақтарының қойынында жанама жас сабақ бұталары қалыптасады, бұлар өсіп - жетіліп, ылғалды топыраққа иіліп жабысады да, жаңадан тамырланып көп сабақты жанама бұталарымен ұзарып өсе береді. Одан әрі өркен жаюы үшін тіреуіштерді немесе шпалерді қажет етеді. Орташа, кеш пісетін сорттары ұзақ мезгіл өсіп жетіледі. Егер салқындық болмаған жағдайларда жапырақтары мен сабақтарында қолға жұққыш жабысқақ шырын бөлетін түктері болады және бұлар ылғалды артық буландырудан қорғайды.

Тұқымдары көктеп шыққаннан соң немесе көшеттері отырғызылып өскеннен кейін сабағында 6 - 11 жапырақтары пайда болады да, гүлдей бастайды. Сабақ бұтақшаларының өсуі ұшар басында шоқ гүлдерінің құрылуымен тоқталатын нағыз бұталы түрлері бар. Бұталы түрлерінің сабақтары айтарлықтай берік болғанымен, жемістері үлкейіп салмақтанғанда майысып, топыраққа дейін жеткізеді. Сабақтары көп бұтақтанып, жанама бүйірлік өскіндері қалыптасады. Ерте пісетін сорттары 6-8 жапырақтан, ал кеш пісетіндері 9-11 жапырақтан кейін гүлдейді, осы гүлшоғырларынан кейін ортаңғы сабақ өсуін тоқтатып, негізгі өсу жанама бұтақтарға ауысады. Ерте пісетін сорттарының жанама сабақтарының ұзындығы - 60-80 см кеш пісетіндерінің 150-200 см дейін жетеді. Ерте пісетіндерінің жанама сабақтарында 1-2 жапырақтан кейін гүлшоғырлары мен жемістері қалыптасады, ал кеш пісетіндерінде 3-4 жапырақтан кейін гүлшоғырланады және жемістенеді.

Гүлдері қос жынысты, сары түсті, ұсақ шашақ гүлшоғына шоқшабас шоғырланған. Қызанақ - өздігінен тозаңданатын дақыл, бірақ ыстық, құрғақ ауа райында жел мен араның көмегімен тозаңданады. Гүлдерінің шоғырлары 3 түрге бөлінеді: әдеттегідей - гүлдері мен болашақ жемістері кезектесіп бір сабаққа орналасады. Егер гүлдері мен жемістері бір бұтақ сабағында бірнеше рет бұтақтанып орналасса - күрделі түрі. Сабағында 1 түрі мен 3 түрінің орналасулары қайталанатын болса - оны аралық жемістерінің орналасуы дейді. Гүлдену түрлері әрбір сорттың өзіне тән ерекшеліктеріне және өсіріп - өндіру жағдайларына бағынышты. Гүл шоғырлары құрылымы жағынан -жинаңқы және шашыраңқы болып келеді. Бұндай болуы гүлдер сабағының ұзындығына, орналасуының жиілігіне және гүлдер сабағының ұзынды - қысқалығына қарай белгіленеді. Гүлдері жемістерінің саны жағынан аз және көп, одан да көп жемісті болып ажыратылады. Гүлденгеннен кейін жемістерінің даму кезеңі 2 мерзімге созылады. Өсіп-өнуі ауа райының жағдайларына қарай кішкене жемістері - 27-32 тәулік бойы өсіп толыса береді, бұл кезеңдерде 12-15 тәулікте піседі. Осы жағдайда жасыл - көк түстерінен -ақшыл, боз, қоңырқай, сары болып қызара бастайды, бұл -пісу түстері. Ол әрбір сорттың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Піскен жемістері әртүрлі пішінді - домалақ, дөңгелек, жалпақ, алмұрт, өрік тәрізді болып келеді. Жемістерінің орташа салмағы 80 грамға дейін, кішкене, 150 грамға дейінгілері орташа, 150 грамнан асқандары үлкен болады. Жемістеріндегі ұялардың саны - жеміс жапырақтарының қосындысына да тең болады, ал тұқымдық ұялар -3-тен 20-ға дейін және одан да көп болуы мүмкін. Ұялары аз сорттардың жемістерінде тұқымдар көп, ал көп ұялы сорттардың жемістерінде тұқымдар аз болады. Жемістерінің дәмділігі, тәттілігі жағынан аз тұқымдылары артық. Жемістерінің қабықшалары неғұрлым жұқа болса, соғұрлым сондай тәтті, әрі дәмді болады. Жұқа қабықшалы жемістер тасымалдауға және сақтауға төзімсіз. Қалың қабықты, тығыз жемістер онша дәмді емес, тәттілігі жағынан жұқа қабықтыларға қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ, қалың қабықтылар тасымалдауға, сақтауға төзімді келеді. Қызанақ көп сабақтанып, жанама бұтақтанып өсіп -өнетін дақыл. Сондықтанда жемісті де өте көп береді. Тез дамитын тамыр жүйелері өте өсімтал, тұқымдары егілгеннен кейін бірінші болып тамырлары пайда болады. Содан кейін ғана тұқымдардың жарнағылық жапырақшалары көктеп шығады, ал осы орында өсетін болса тамыр жүйелері жағына 80-100 см дейін жайылады. Осыған байланысты тұқымдары егіліп өсірілетін қызанақ көшеттерімен өсірілгендерге қарағанда құрғақшылыққа, ылғалдың жетіспеушілігіне төзімді болады. Көшеттермен отырғызылатын болса, тамыр жүйелері 80-90 см топырақ қабатына, 60-70 см жан-жағына ене алады. Сондқтан көшеттерімен отырғызлған егістікке ең кем дегенде жұмасына бір рет 25-30 см тереңдікке жеткенше су жіберу қажет. Осы әр түптен 2 кг-нан 10 кг дейін сапалы өнімдерін алуға болады.

3. Қызанақ дақылының аудандастырылған сорттары

Қызанақ сұрыптары өсу даму кезеңдерінің ұзақтығы бойынша тез пісетіндер (өскін пайда болғанан жемісін бірінші рет жинағанша 110-115 тәулік), орташа мерзімде пісетіндер (115-120 тәулік) және кеш пісетіндер (125-130 тәулік) болып бөлінеді. Қазақстанның солтүстігінде аязсыз кезеңнің қысқалығына байланысты тек тез пісетін және жекелеген жағдайларда орташа мерзімде пісетін сұрыптар өсіріледі.

Өте ерте пісетіндері : Сибирский скороспелый, Волгоградский скороспелый 323, Превосходный 176, Доходный, Восток 36, Ранний 83, Талалихин 186, Белый налив 241.

Ерте пісетіндері : Перемога 165, Тамбовский урожайный 340, Прогрессивный, Пламя, Бизон 639, Солнечный.

Орташа пісетіндері : Лучезарный, Меруерт, Нарттай, Новинка Приднестровья, Новичок, Викторина, Колхозный 34, Глория, Факел, Ракета.

Кеш пісетіндері : Волгоградский 5/95, Советский 679, Крупно -красный, Бычье сердце, Чудо рынка, Микадо - желтый, Крупноплодный.

Превосходный 176. Беларусь ғылыми зерттеу институтының картоп және көкөніс, жеміс шаруашылығында шығарылған. Ерте піседі. 80-110 тәулік. Бұта түбі әдеттегідей, биіктігі мен жапырақтануы - орташа. Гүлденуі қарапайым, 4-6 жеміс береді. Жемістері домалақ, бет пішіні тегіс, түсі қызыл. Жақсы пісіп жетіледі. Петропавл, Семей, Шымкент облыстарында жерсіндірілген.

Превосходный 176.

Волгоградский скороспелый 323. ВИР -дің Волгоградтағы тәжірибе станциясында шығарылған сорт. 80-120 тәулікте піседі. Детерминантты бұталы, онша үлкен емес. Тасымалдауға төзімділігі жоғары. Балаусасын өңдеуге пайдалануға болады. Ақтөбе облысында аудандастырылған.

Восток -36. Өзбектің ғылыми зерттеу институтының көкөніс - бақша және картоп шаруашылығында шығарылған сорт. Орташа мерзімде піседі. 90-107 тәулік. Детерминантты бұталы, ықшам. Әртүрлі тағам өңдейтіндерге ұсынылады. Қызылорда, Шымкент облыстарында жерсіндірілген.

Пламя. Қазақтың ғылыми -зерттеу институтының көкөніс - картоп шаруашылығында шығарылған сорт, орташа піседі. Жемістері піскеннен кейін 22-25 күнге дейін сапалы күйінде сақталады. Жемістері алхоры тәрізді, сырты тегіс, үлкендігі орташа, ашық-қызыл. Тасымалдауға, ыстыққа, ауруларға өте төзімді. Павлодар облысына ұсынылған.

Пламя

Викторина. Молдаваның ғылыми -зерттеу институтының көкөніс және суармалы егістік шаруашылығында шығарылған сорт. Бұтасыз, орташа түптенген. Сорт жоғары өнімді, тасуға төзімді, пайдалануы әмбебап. Алматы облысында аудандастырылған.

Белый налив 241. Солтүстік - батыс ауыл шаруашылық ғылыми - зерттеу институты шығарған. Ертк піседі. Түбі сидам, аздап бұтақты, жапырағы қоңыр көк түсті. Біздің облыстардың барлығында аудандастырылған.

Белый налив 241.

Меруерт. Қазақтың ғылыми - зерттеу институтының көкөніс - картоп шаруашылығында шығарылған сорт. Орташа мерзімде піседі. Жемістері алхоры тәрізді, сырты тегіс, сақтауға, тасымалдауға төзімді, жарылмайды, сапасы жоғары. Алматы, Жамбыл облысына ұсынылған.

Ранний 83 . Молдаваның ғылыми - зерттеу институтының көкөніс және суармалы егістік шаруашылығынан шығарылған сорт. Ерте піседі. Бұтасы детерминантты, орташа бұтақтанған, гүл шоғыры әдеттегідей, жемістері жалпақ домалақ. Алматы, Талдықорған, Орал, Шымкент облыстарында аудандастырылған.

Глория. Молдаваның ғылыми - зерттеу институтының көкөніс және суармалы егістік шаруашылығында шығарылған. Бұта түбі жартылай детерминантты, орташа жапырақтанады. Гүл шоғыры әдеттегідей -4-5 жемісті. Жемістері домалақ және сопақша домалақ, сырты тегіс, қызыл. Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарында аудандастырылған.

4. Қызанақ дақылының агротехникасы

Қызанақты өсіру үшін топырақты дайындау. Қызанақтың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, өсіп - өну кезеңінде, әсіресе тіршілік барысында топырақтағы жылу, ылғал, қоректік элементтер және ауа-газ режимдеріне жоғары талап қояды. Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен құнарлылығына көңіл бөле отырып топырақты өңдеу, дайындау жұмыстарын мұқият жүргізу - сапалы, мол өнім алудың негізгі шарты.

1. Қызанақтың тұқымдары ұсақ, кішкентай болады. Алғаш көктей бастағанда өте нәзік, сондықтан топырақ бетін тегіс, кесексіз құнарлы, ылғалды болуы қажет, әйтпесе тұқымдардың көбі топырақ бетіне көктеп шыға алмай қалады.

2. Қызанақтың тамыр жүйелері топырақтың борпылдақ, құнарлы, ылғалды жағдайларында жақсы қалыптасады.

3. Қызанақ тұқымдарына бастапқы көктеп шыққаннан төрт-бес жапырақтарға дейін арамшөптер көп зиян тигізеді. Сондықтан, топырақты өңдеудің дұрыс жүйелері мен арамшөптерге қарсы шаралардың барлығын қолдану қажет. Нашар өңделген топырақта тұқым егу, көшет отырғызу жұмыстарының сапасы төмен және қатар аралықтарында өңдеу оңды жүргізілмесе көп қиындықтарға соқтырады.

4. Қызанақтың жоғары сапалы тұрақты өнім алу үшін дақыл тамыр жүйесінің тез дамуына жағдай жасау барысында өңдеу қабаттарын кезекті өңдеулерде тереңдету қажет.

5. Қызанақтың ерте пісетін сорттарынан ерте өнім алу үшін топырақты дұрыс өңдеу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкөніс дақылдарының ішінде қызанақ дақылы өте бағалы
Қызанақ жылу сүйгіш өсімдік
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Маринаттауға арналған қызанақтың сорттарына қысқаша сипаттама
Мақта дақылы жайлы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызанақты аурулардан қорғау шараларының жүйесі
Қызанақ дақылы жайлы
Аққауданды қырыққабат
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz