Күріш



І. Кіріспе
• Дақылға жалпы сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
• Морфологиялық.биологиялық ерекшеліктері
• Өсіру технологиясы
III. Ғылыми ізденістер
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндірудің жылдан жылға ұлғаюының бірнеше себептері бар. Біріншіден, күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 кг-ы 3590 калорияға тең. Жарманың абсолютті құрғақ зат құрамында 88% крахмал, 6-8% ақуыз, 0,5% май, 0,5% қант бар. Адам ағзасына сіңімділігі (96%) мен қорытылымдылығы (98%) бойынша әсіресе диетикалық және балалар тағамы ретінде азық-түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.
Екіншіден, күріш жер шары халықтарының (Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам, т.б. ел халықтары) жартысынан астамының сүйіп жейтін тағамы.
Күріш сабаны – жоғары сортты қағаз, құрылыс, жеңіл аяқ киім, еденге төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар, балалардың ойыншықтары, арқан, қап сияқты тұрмыстық қажет материалдар өндіруде қолданылады.
Күріштің 1 кг сабанында 0,25 мал азықтық өлшем болғанымен, ол нашар қорытылады, сондықтан оған құрама жем қосып мал азығы ретінде пайдаланады.
Күріш Азияның оңтүстік-шығысынан тараған, сондықтан бұл дақыл егісінің көпшілігі (83,4 млн га) Азияда орналасқан. Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы (Балқаш, Қаратал ауд.) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Соңғы жылдары республикада күріш егісінің ауданы азайып кетті (1991ж.-135мың га; 2007ж.-75,7 мың га, 2009ж.-85,3 мың га).
Күтіп-баптау технологиясына байланысты күріштен мол өнім алуға болатынын өндірістік тәжірибе дәлелдеп отыр. Өндірістік жағдайда 1 га-дан 35-45 ц өнім алынған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев күріштің әр гектарынан 171 ц өнім алған.
1. Қ.К.Әріпов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев Өсімдік шаруашылығы 334-345 бет.
2. https://Google.kz
3. Ізденістер, нәтижелер, 2015ж. №4 / Ғылыми журнал/ Өмірзақов С.Ы., Байманов Ж.Н., Будикова К.М. «КҮРІШ ЕГІСІНДЕ СУДЫ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Жоспар
І. Кіріспе
* Дақылға жалпы сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
* Морфологиялық-биологиялық ерекшеліктері
* Өсіру технологиясы
III. Ғылыми ізденістер
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндірудің жылдан жылға ұлғаюының бірнеше себептері бар. Біріншіден, күріштің жармасы жоғары калориялы диетикалық азық, оның 1 кг-ы 3590 калорияға тең. Жарманың абсолютті құрғақ зат құрамында 88% крахмал, 6-8% ақуыз, 0,5% май, 0,5% қант бар. Адам ағзасына сіңімділігі (96%) мен қорытылымдылығы (98%) бойынша әсіресе диетикалық және балалар тағамы ретінде азық-түліктік дақылдардың ішінде өте жоғары бағаланады.
Екіншіден, күріш жер шары халықтарының (Қытай, Үндістан, Корея, Вьетнам, т.б. ел халықтары) жартысынан астамының сүйіп жейтін тағамы.
Күріш сабаны - жоғары сортты қағаз, құрылыс, жеңіл аяқ киім, еденге төселетін шағын кілемдер, әшекей бұйымдар, балалардың ойыншықтары, арқан, қап сияқты тұрмыстық қажет материалдар өндіруде қолданылады.
Күріштің 1 кг сабанында 0,25 мал азықтық өлшем болғанымен, ол нашар қорытылады, сондықтан оған құрама жем қосып мал азығы ретінде пайдаланады.
Күріш Азияның оңтүстік-шығысынан тараған, сондықтан бұл дақыл егісінің көпшілігі (83,4 млн га) Азияда орналасқан. Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы (Балқаш, Қаратал ауд.) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Соңғы жылдары республикада күріш егісінің ауданы азайып кетті (1991ж.-135мың га; 2007ж.-75,7 мың га, 2009ж.-85,3 мың га).
Күтіп-баптау технологиясына байланысты күріштен мол өнім алуға болатынын өндірістік тәжірибе дәлелдеп отыр. Өндірістік жағдайда 1 га-дан 35-45 ц өнім алынған. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев күріштің әр гектарынан 171 ц өнім алған.

Морфологиялық-биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық ерекшеліктері. Күріш Oryza тегіне, қоңырбастар (Poaceae) тұқымдасына жатады және 25 түрді біріктіреді, оның ішінде кең тарағаны - мәдени (егістік) күріш - Oryza Sativa L.. Ол екі түр тармаққа бөлінеді:
1. Кәдімгі күріш
2. Ұсақ күріш
Олардың бір-бірінен айырмашылығы - дәннің ұзындығында (1 - 5-7 мм, 2 - 4мм-ге жуық).
Кәдімгі күріш 2 тармаққа бөлінеді:
* Үнді (Indica) - дәні ұзын және жіңішке, ұзындығы мен енінің ара қатынасы 3:1 және одан да алшақ, гүл қауызы әлсіз түкті;
* Қытай-жапон (Sino-japonica) - дәні жуан және жалпақ, ұзындығы мен енінің ара қатынасы 1,4:1, гүл қауызы қалың түкті.
Кәдімгі күріш - біржылдық өсімдік. Тамыр жүйесі - шашақты, тереңге бойламайды, тамыр талшықтары әлсіз дамыған, бірақ көп - 300-ге дейін. Тамырда арнайы ауа өткізгіш тканьдар (аэренхима) барлығының арқасында күріш үнемі су жайылған жағдайда өсіп-жетілуге бейімделеген. Ондай тканьдар сабағанда және жапырағында да болады.
Сабағы- биіктігі 0,8-0,12 м қуыс, түйін аралықтардан (9-20) тұратын сабан. Сабақтар күшті түптенеді, 3-5 өнімді сабақ қалыптастырады.
Жапырақтары - сызықты-ланцетті, қырлы жүйкеленген, шеттері үшкірленіп біткен, ұзындығы 20-25 см, ені 1,5-2 см. Негізгі түсі жасыл, кейде қызыл, қызғылт, қоңыр-күлгін де болады. Жапырақ саны 10-13 дана.
Гүл шоғыры - сіпсебас (20-30 см) қырлы орталық білігі бар, одан бірінші дәрежелі 2-3 бұтақшалар шығады, олпрдан екінші дәрежелі бұтақшалар тарайды да ұштарында бір гүлді масақшалар орналасқан. Масақ ауыздары қалың, ланцетті, гүл қауыздары қатты, тығыз, қабырғалары мен қырлары болады, төменгілері қылтықты болуы мүмкін.
Масақшалары - бір гүлді. Гүл қауыздары сарғыш, қызыл, қоңыр, қоңыр-күлгін, қара болуы мүмкін.
1000 тұқымның массасы 27-38 г, қауыздылығы 14-32 %, шынылығы 65-98%.
Биологиялық ерекшеліктері. Күріш - жылу сүйгіш дақыл. Оның өнуіне қолайлы температура 11-12°С, ал 14-15°С жылулықта ол тез және тегіс көктеп шығады. Күріштің вегетациялық кезеңінде өсуі үшін қолайлы температура 25-30°С шамасында. Оның жаңа шыққан көгінде 0,5°С салқынның өзі қауіпті.
Барлық ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде суды көп пайдаланатын дақыл - күріш. Вегетация кезеңінде күріштің суды қажет етуі әр түрлі. Суды өте қажет ететін кезі түптенуден сіпсебас шығаруға дейінгі кезең. Ол кезеңдерде күріш атыздарындағы су қабаты 15 см-ден кем болмауы керек.
Күріш дәні сүттеніп піскен кезде атызға су жіберу тоқтатылады, ал қамырланып піскенде атыздағы су ағызылып, танап құрғатылады.
1 га күріш егісінде 15-18 мың м3 су жұмсалады. Қазақстанда күріш егістіктері сұр топырақты жерлерде орналастырылған.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген күріш сорттары: Авангард, Алтынай, Арал 202, Златый, Қарақалпақстан, Кубань-3, Краснодарский 424, Лазурный, Лиман, Мадина, Маржан, Опытное, Солнечное, Уш-Тобинский.

Өсіру технологиясы
Алғы дақыл. Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық орналастыруға болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер (мелиоративті танап) енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл себуге болады. Сүрі жерлерге екпе ретінде ас бұршақ, үрмебұршақ немесе беде себіледі.
Қазақстанда негізінен күріштің 7 танапты ауыспалы егісі игерілген. Ондағы дақылдар келесі тізбекте орналасады: 1, 2-ші танаптар жоңышқа, 3, 4-ші танаптар-күріш, 5-ші танап екпе немесе таза сүрі жер кейде сүрлемдік жүгері, 6-7-ші танап-күріш.
Топырақ өңдеу. Күріш өсіруді механикаландыру үшін инженерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі - атыз. Оның көлемі 2-3 гектар. Суды танапта ұстап тұру үшін танапты айнала топырақ үйіндісімен қоршайды. Танаптың негізгі бөгеттері биіктеу болып бірнеше жылға жасала-ды, көлденең бөгеттері аласалау, биіктігі 30-40 см, бұлар әр күз сайын жаңартылып отырады. Жал аралығындағы жерді атыз деп атайды.
Атыздың ені 20 м, ұзындығы 700-1500 м болғаны дұрыс. Су бас арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі.
Әр атыздың ұзын бойына, бас арыққа қарама қарсы тереңдігі ең кем дегенде 0,7 м арық қазылады. Ол негізінен егістік бетіндегі артық суды ағызып жіберуге арналады. Су бас арықтан атызға және одан қашыртқы арыққа ашып-жабатын қақпағы бар құбырлы тоспалар арқылы ағып барады.
Күріш танаптарының топырағын өңдеу көбінесе алғы дақылдарға байланысты. Көп жылдық шөптер ұлтанын өңдеуді, көктемде бірінші орымнан кейін немесе өсімдік биіктігі 8-10 см-ге жеткен кезде, күрішті себер алдында 7-8 см тереңдікке дискілі БДТ-2,8, БДТ-4,0 ауыр тырмаларымен бастаған қолайлы. Топырақ құнарлығын көп жыл бойы тиімді пайдалану мақсатында жерді таяз жыртудан, бірте-бірте тереңдетіп жыртуға көшу керек. Ол үшін екінші және үшінші жылдары күріш егісін жиып алысымен тиісінше 22-24 жэне 23-27 см тереңдіктерге аудара жыртады.
Мамыр айында топырақты 8-10 см тереңдікке дискілі БДТ-3, БДТ-7 қүралдарымен екінші рет өңдейді, содан кейін ПА-ЗА, Д-20Б құралдарымен танап тегістеледі.
Топырақтың ірі түйіршектерін үгіту жэне жерді тегістеу үшін себу алдында танапты ЗКК-бА, ЗКК-1,4 таптағышымен тығыздайды.
Күріш көп жылдық шөптердің екінші айналымына себілгенде топырақ өңдеу наурыз-сәуір айларында 3-4 см тереңдікке БЗТС-1,0 тырмасымен ылғал жабудан басталады.
Сәуір-мамыр айларында танап РЧ-3,б чизел қыршуышымен 16-18 см тереңдікйе қопсытылады, содан кейін Д-719, Д-20Б, ПА-4А құралдарымен танап тегістеледі.
Қайта игерілген тың мен тыңайған жерлерде (ең кемі 23 см), сонымен қатар қамыс басқан учаскелерде (25-27 см) сүдігер ерте жыртылады.
Топырақты тұқым себу алдында өңдеу жүмыстарына көктемде топырақтың физикалық пісуі жетсімен кіріседі. Топырағы тығыз және ылғалы көп жерлерде сүдігер көлденең және ұзын бойына 16-18 см терендікте өңделеді.
Көктемгі егістік жерді тырмалау, тығыздау жэне кесектерді майдалау жұмыстарын тоң кесектердің оңай ұнтақталатын кезінде жүргізеді. Ауыр саз топырақты егістегі тоң кесектерді арнайы майдалағышпен немесе ауыр таптауыштармен ұсақтайды.
Арамшөптер басып кеткен жерлерді түқым себерден 2-3 күн бұрын 16-18 см тереңдікке қайта жыртып, пайда болған тоң кесектерді соңынан Зигзаг тырмасы тіркелген ауыр дискілі БДТ-2,2 немесе БФД-2,5, БДГ-3,0, БДНТ-3,5 тырмаларымен ұнтақтайды.
Күріш егісінде минералдық тыңайтқыштарды пайдаланғанда, әсіресе оларды енгізудің мерзімдері мен тәсілдерін білудің үлкен маңызы бар. Егіске тыңайтқыш енгізудің мерзімдерін белгілегенде күріштің өсіп-жетілуінің ең жауапты кезеңі - оның түптенуі мен сабақтана (түтіктене) бастаған кезі екенін әрқашан ескерген жөн.
Тұқымды себуге дайындау. Себу алдында (себуге 7-10 күн қалғанда) тұқымды күнге қыздырады.
Күрішті суға шашып сепкенде тұқымды себу алдында 1,5-2 тәулік бойына таза суға немесе қоректік заттар (5-10 г аммоний сульфаты) ерітіндісіне салып бөрттіреді.
Әр түрлі ауруларға қарсы (фузариоз, бактериоз және т.б.) тұқымды дәрілейді.
Күрішті, топырақ, тұқым сіңірілетін тереңдігінде +12-14°С-қа қызған кезде немесе мамыр айының 1-20 жұлдызы аралығында себу ең қолайлы деп саналады.
Себу мөлшері топырақтың құнарлылығына, тұқымның сіңіру тереңдігіне, себу мерзіміне, сорттың биологиялык ерекшеліктеріне, танаптың арамшөптерден тазалығына, тұқым сапасына, алғы дақылға тікелей байланысты.
Көп жылдық шөптердің қыртысынан кейін себудің оңтайлы мөлшері - гектарына 7-8 млн өнгіш дән, көп жылдық шөптің айналымынан кейінгі танаптарға 7,0-8,5 млн, ал мелиорациялық танапқа 6,0-8,5 млн өнгіш дән себіледі.
Күрішті СЗТ-3,6, ЗРН-3,6 дән сепкіштерімен тар қатарлы немесе тоғыспалы әдіспен 1,0-1,5 см тереңдікке себеді.
Күріш вегетация кезеңінде суда тұрып өсетін дақыл, сондықтан суарудың бірнеше тәсілдері қолданылады:
Үзбей-тұрақты суару, тұқым себілген егістікке үздіксіз жіберілетін су деңгейі күріш піскенше бірқалыпты түрады. Бұл ең кең тараған тәсіл.
Тарта суару, су деңгейі күріш көктеп шығысымен 3-5 см-ге дейін, түптенгесін 10-15 см-ге көтеріледі де, қамырланып піскенше сол қалыпта ұсталады.
Үзбелі суару, түқым себілгеннен кейін атыздарды 6-10 күн бойы 10-12 см су қабатында ұстайды, содан кейін 5-6 күн су жіберілмейді, осылайша кезектеп суару әдісін дәннің сүттеніп пісуіне дейін қайталайды.
Қезеңді суару, күріш егістігін жаңбырлату әдісімен немесе қатараралықтағы су жолдарымен күрішті көктеу, түптену, сабақтану және дән салу кезеңдерінде ғана суарады.
Қүріш егістігін, суару негізінен егістіктің арамшөптермен (күрмек) ластануына және топырақтың сортаңдануына тікелей байланысты.
Көптеген шаруашылықтарда тұқым себіліп бітісімен 2-3 күн ішінде атызға 3-5 см деңгейінде су жіберіледі. Күріш түптенгеннен кейін су деңгейі 12-15 см-ге дейін көтеріледі.
Арамшөптерден таза, сортаңданбаған егістікте суды көп ұстамай, топырақты ылғалдандырған жөн. Күріштің, үшінші жапырағы пайда болысымен, атыздарға жіберілген су биіктігі жапырақтын 14 ұзындығынан аспауға тиіс. Түптенудің басында суаруды тоқтатып, үстеме қорек беріледі де су деңгейі 3-5 см-ге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш және күріш суы
Күріш дақылының биологиялық ерекшеліктері
Күрішті бағалы жармалық дақыл ретінде өндіру
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Суыққа төзімділік селекциясына молекулалық маркерлерді пайдалану
Күріш зиянкестері
Күріш дақылының ауруларын анықтау
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр
Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын бағалау
Пәндер