Қорғаулы топырақтарда дақыл айналымдарды құрасттыру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қорғаулы топырақтарда дақыл айналымдарды құрасттыру

Орындаған: Мондыбай А.

ПА-207П

Тексерген:

Алматы 2016 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қорғаулы топырақтар туралы негізгі түсінік

2. 2 Қиярды қорғалған топырақта өсіру

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде мемлекет саясатының бір бағыты - өңірлерде ауыл шаруашылығының салаларын, әсіресе көкөніс шаруашылығы саласын дамыту. Ішкі базарды жеміс-көкөніспен толтырудағы негізгі мәселенің бірі - көкөністер мен жеміс-жидектердің маусымдық жеткізіліміне байланысты. Ал қолданыстағы жылыжайлардың жетіспеушілігі мен олардың технологиялық мешеулігі жағдайды одан әрі қиындатады. Қазақстанның әр түрлі аудандарындағы қорғалған топырақ аймақтарының жетіспеушілігі 4-тен 35 га дейін құрайды, Қазақстанның жылыжай рыногының әуелеті көкөністерді пайдаланудың ағымдағы көлемінен әлдеқайда жоғары. Қазір отандық өндіруші жаңа піскен көкөніс өнімдеріне деген сұраныстың 30% ғана қанағаттандыруда. Қалғаны - импорт. Нәтижесінде елде жыл сайын жаңа піскен көкөністердің жетіспеушілігі байқалады, демек маусым аралығында олардың бағасы өседі. Туындаған жағдайдан шығудың бір жолы - жылыжай өндірісі, ол тұрғындарды жыл бойы дәрумендік өніммен қамтамасыз етуге қабілетті. Тек ғылыми-техникалық прогресті енгізу мен қарқындату (интенсивтендіру) саланы өндірістік-экономикалық жоғары көрсеткіштерге жеткізеді. Жылыжай өндірісі дамуының әлемдік тенденциясы - ол жер-жерде қарқынды технологияларға көшу және өсімдіктерді жабық топырақта өсіру, оның бірі кіші көлемді технология, яғни, тамшылап суару жүйесін пайдалана отырып, өсімдіктерді топырақсыз субстратта өндіру. Қазіргі уақытта жабық топырақта көкөніс шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері Республикамызда толық пайдаланылмай отыр. Жылыжай көкөніс шаруашылығына қарқынды технологияларды енгізу мен олардың тиімділік бағасы толық зерттелмеген. Жабық топырақтың көкөніс шаруашылығының тиімділігіне, өндірістің қарқындауына, яғни, нарықтық экономика жағдайларындағы жоғары рентабельді (пайдалылығы) жұмыс атқаруына әсер ететін кешенді себепшарттарын анықтау талабы тұр.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Аграрлық экономиканың өзекті мәселелерінің бірі көкөніс өнімдерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа, осы өнімдерге деген шексіз қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыруға жеткілікті мөлшердегі өнімдердің тапшылығы арасындағы қайшылықтарды жою және өндірістің ең тиімді тәсілін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Қазақстанның басым аумағында көкөніс өнімдерін өндіру табиғи-климаттық шарттарына байланысты маусымдық сипатты. Ерте пісетін көкөніс, әсіресе республиканың солтүстік өңірлерінде аз өсіріледі. Ерте пісетін өнімге деген қажеттілік 35-40% қанағаттандырылады.

Ашық жерде өсірілетін өнімдерді жаппай жинау маусымның ортасынан бастап қазан айының екінші жартысына дейін жалғасады. Қараша айы мен мамыр айының аралығында көкөністердің тапшылығы сезіліп, белгілі бір бөлігі импорттық өнімдермен алмастырылады.

Қазіргі уақытта көкөністерді ашық және жабық жерде өсіру өндірісінің қуаттылығы мен өнімділігін тұрақты түрде арттыру үрдісі байқалады. Жабық жерде өсірілетін өнімнің өндіріс көлемін арттыру аталған өнімге деген маусым арасындағы сұраныстың артуымен тікелей байланысты. 2010 -2012 жылдары ашық жерде өсірілген қызанақ мен қияр өндірісі тиісінше 9, 7% және 21, 4% артылған. Жабық жерде өсірілген қызанақ мен қияр өндірісі айтарлықтай артып, тиісінше 302, 9% және 170, 1% құраған.

Қолданыстағы қызанақ пен қиярды ашық жерде өсіру көлемі (шілде мен қыркүйек айлары) Қазақстан тұрғындарының қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, жабық жерде өсірілетін қызанақ мен қияр көлемі 2012 жылы 58, 9 мың тоннаны құраған (2008 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 3, 6 мың тоннаны құраған) .

Алайда, көкөністердің, атап айтқанда, қияр мен қызанақтың айтарлықтай көлемі жазғы маусымда Оңтүстік Қазақстан облысынан, ал маусым арасында және де жыл бойы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркменстан сияқты көршілес елдерден тасымалданады.

Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінде елде 56 гектар ғана жабық топырақ алқабы бар, бұл көлемге өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да кіреді. Салыстыру үшін, Польшада жылыжай шаруашылықтары алқабы 6000 га астамды, Голландияда - 10 000, Түркияда - 41 000, ал Қытайда - шамамен 1, 5 млн. га құрайды. Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіру барынша пайдалы сала. Сауда желілері де қоғамдық тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы жақсы өнім алуға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының басымдығы осымен шектелмейді. Негізінен, жылыжай шаруашылығы қазіргі уақытта елдің оңтүстік өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды. Алайда тасудың ұзақтығы салдарынан тауар бұзылады, сондықтан қосымша шығыс туындайды, ол өнімнің өзіндік құнын ұлғайтады.

Топырақ -өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В. В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік) . Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдылығына байланысты: 1) рН 6, 7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері) ; 2) рН 6, 7-7, 0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер) ; 3) рН 7, 0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай) .

2. 1. Қорғаулы топырақтар туралы негізгі түсінік

Қорғаулы топырақтар деп - арнай қондырғылары бар, маусымнан тыс, яғни жыл бойы көкөніс өсіруге арналған микроклиматы бар жер үлескілері мен құрылымдарды айтады. Қорғаулы топырақ құрылымдарын культивациялық құрылымдар деп те атайды. Қорғаулы топырақтарға жататындар: жылыжай, булыжай, жылытылған топырақ құрылымдары, оларды кейде қарапайым қорғаулы топырақтар деп те атайды, саңырауқұлақжай - саңырауқұлақтар мен қозықұйрықтарды өндіруге арналған культивациялық құрылымның ерекше бір түрі.

Қорғаулы топырақтар халық шаруашылығының бірқатар салаларында пайдаланылады. Олардың қолданылатын салары: Жеміс (субътропикалық, цитрус), жидек, жүзім өсіруде; Әртүрлі дақылдардың көшеттерін өсіруде; Бағалы жеміс және орман ағаштарының отырғызу материалдарын жеделдетіп өндіруде; Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда; Жануарларға үстеме қорек ретінде ерте пісетін дәруменді балдырлар өсіруде; Сәндік өсімдіктерді өсіруде және т. б. Көкөністерді қорғалған топырақтарда өсіру халықты жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. Негізінен қорғаулы топырақтарда көкөніс өсіру солтүстік облыстарда аса маңызды. Себебі, онда ашық танапта көкөніс өсірудің табиғи кезеңі оңтүстікке қарағанда қысқарақ.

Қорғаулы топырақтардың маңызы:

1. Көкөністер көшеттерін ашық және қорғалған топыраққтарға арнап дайындау;

2. Ашық танапта көкөніс өсіруге болмайтын кезеңде көкөніс өндіру үшін жергілікті жағдайда пісіп үлгермейтін дақылдар өндіру үшін.

Қорғаулы топырақтардың міндеттері: Жыл бойы және маусымнан тыс (ашық танаптағы көкөніс өндірудегі уақытты есептемегенде) жоғары сапалы көкөніс өндіру; Көкөніс дақылдарының түрлерін көбейту; Культивациялық құрылымдар үшін көшеттер өсіру; Ашық танапқа арнап көшеттерр дайындау; Жылу сүйгіш дақылдардың жылыжайлық сорттары мен будандарының тұқымын дайындау; Екіжылдық аналық көкөніс дақылдарын ашық танапқа отырғызар алдында өсіріп алу; Ашық танапқа өсірген көкөністерді ары қарай өсіру, пісіріп-жетілдіру; Көкөніс дақылдарын солтүстік аймақтарға қарай көбірек тарату және олардың түрлерін көбейту.

Қорғаулы топырақтардың ерекшеліктері:1. Жыл мезгілі мен ауа-райы жағдайына қарамастан көкөністерді өсіріп-өндіру техникалық базасының болуына (арнаулы орын, жылыту және қорғаныс қондырғыларығ сумен қамтамасыз ету, жасанды қоректендіру, желдету, жарықтандыру қондырғылары, ауаның келуін реттейтін қондырғылар және т. б. ) байланысты; 2. Қажетті микроклиматты жасайтын қондырғылары мен құрылымдар құнының жоғарылығы; 3. Ашық танаптағы көкөністермен салыстырғанда аз ғана жер бөліктеріне орналастыруға болатындығы; 4. Культивациялық орындардағы аудандарды өте тиімді пайдалану: бір орыннан немесе бір жерден жылына 3-5 рет өнім алуға болатындығы, өсімдіктерді жол жиектері мен стеллаждарға бірнеше қатар етіп орналастыруға болатындығы; 5. Өнімділігінің жоғарылығында, егер ашық танапта қиярдың өнімдіділігі 90тн/га болса жоғары көрсеткіш болып есептелінеді. Ал жылыжайда 250-300 тн/га орташа деп бағаланады. Яғни ір шаршы метрден 40-50 кг, гектарына 400-500 тн өнім алуға болады; 6. Қол еңбегін жоғары деңгейдегі механизациямен ұштастырып қолдануға және өндірістік процестерді электрификациялау, жекелеген жағдайларда жұмыс түрлерін толық автоматтандыруға болатындығы; 7. Әрбір өсімдікке жеке күтім жасауға болатын жерді тиімді пайдалануға бағытталған дақылдардың өндірудің күрделі технологиясын (өсімдікті қалыптастыру, гүлдерді қосымша тозаңдандыру, үстеме қоректендіру, жиі суару және т. б. ) пайдалану; 8. Қорғалған топырақ жағдайларына бейімделген арнайы сорттарды қолдану; 9. Өнім өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы. Ол жасанды микроклимат жасау және күрделі агротехникалық шараларды орындауға кететін материалдық шығындармен анықталады; 10. Еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі және қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі, ол күрделі қондырғыларды пайдалану мен микроклимат жасау, ды білу, сондай-ақ өсімдіктердің агротехникалық талаптарын қатаң орындау болып табылады; 11. Өсімдіктердің тамыры мен қоректену ортасы бірнеше компоненттерден тұрады: оларды субстрат немесе грунт деп атайды. Гидропоникалық әдіспен өсімдіктерді өсіру кезінде топырақ қоспасы орнына инертті материалдар пайдаланылады, яғни олар субстраттарды қоректік ерітінділермен үнемі ылғалдандырып тұрады.

Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай, жылытылған жер болып бөлінеді. Солштүстік Қазақстанда 60-жылдардың ортасына, дейін өсіру құрылыстарының құрылымында негізінен булыжай басым болды, оның басты міндеті көшет өсіру болатын. Бірақ булыжай көшетінің өзіндік құны жоғары.

Қорғаулы жердің болашағы бар құрылысы- қысқы және көктемгіжылыжайлар. Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкөніс өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып, жас көкөністі жыл бойы өсіруге болады.

Жылыжай (орыс. теплица , ағылш. greenhouse ) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.

Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т. б. ) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді

Булыжайдың негізгі міндеті- ашық жер үшін қажет көшет және ерте пісетін көкөніс өсіру. Булыжайлар конструкциясы бойынша бірқұламалы және екіқұламалы, тереңдетілген және жер беткі болып бөлінеді. Қолдану мерзіміне қарай бужайлар ерте, орташа және кеш мерзімді болып бөлінеді. Булыжайлар жылыту тәсілі бойынша күн сәулесімен қызатын, биологиялық және техникалық болып бөлінеді. Қазақстанда қолданылатын бужайдың негізгі типі болып әйнектелген немесе пленкаланған жақтау бар және қамыс төсеніштермен жабылатын, бір құламалы тереңдетілген бужай саналады. Екіқұламалы құрастырмалы-тасымалданатын пленкалы УРП-20 бужайлары да қолданылады, оларды кез келген жылумен қыздырылатын тереңдетілген және жер беткі бужайларға орнатуға болады. Бірқұламалы тереңдетілген бужайлардың негізгі элементтері болып: мөлдір жабын (әйнек немесе пленка), ор, қорап (бекіткіш), жылытатын жабдық (биоотын немесе изоляциялық материалы бар қыздыратын жабдық) есептеледі. Булыжайлық жақтау ағаштан жасалады, оның мөлшері 160 х 106 см. Бужайдың қорабы ағаш, кірпіш немесе темірбетоннан жасалады. Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында қолданылатын ерте мерзімдегі биожылытқышы бар бужайлардағы ордың тереңдігі 70-75 см, оңтүстікте - 60-65 см, орташа мерзімдегілер - 55-60 және 50 см, кеш мерзімдегілерде - 30-40 см болады. Техникалық жылитын бужайлардың оры биологиялық жылитындарға қарағанда таяздау келеді, олардың түбі мен қабырғаларына жылу жібермейтін материалдар төселген (шлак және т. б. ) . Жылыту элементтері құммен жабылған, оның үстіне тамыржүйесі орналасатын 20-25 см қалыңдықта топырақ тасталады. Булыжайларды электрмен жылыту үшін ПОСХВ (810-61 типтік жоба) оқшауланған қыздыратын кабель, қыздыратын сымдары бар асфальтбетонды блоктар (810-75 типті жоба), ішінен оқшауланбаған болат сымдар өткізілген, асбестоцемент құбырлардан тұратын қыздырғыш элементтер қолданылады.

2. 2 Қиярды қорғалған топырақта өсіру

Қияр - ежелгі көкөністік өсімдіктік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулыт жерде орташа есеппен 16-20кг/м², ал 50-60кг/м² мүмкін өнімділік.

Қазақстанда қиярды шамамен 15 мың гектар жерде өсіреді. Негізгі егістік - Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Үй маңында барлық қияр егістігінің 77, 8% орналасқан.

Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін -9-12 тәуліктік көк түйнегін - жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.

Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0, 5-1, 4% ақуыз, 1, 5-3, 7% қанттар, 10-15% С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96, 8% су болады.

Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды. Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см, ал жан жағына 50 см тереңдейді. Сабағы төселеп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік осе алады. Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміәс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т. б. жатады.

Қияр - қысқа күннің өсімдігі . Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары - Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т. б. - 11-12 сағат күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары - Клинский, Многоплодный - 9-10 сағ қысқа күнде жемісті жақсы салады.

Қияр жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13ºС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10ºС төмен болса, олар шіриді (көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі. ) Жылылық төмен болса, қиярдың өсуі тоқтайды, Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температурада жеміс салуына қолайсыз: 35ºС гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40ºС өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.

Сұрыптары. Қазақстанның солтүстігінде қиярдың негізінен ерте және орташа мерзімде пісетін сұрыптары өсіріледі.

Ашық жерге арналған сұрыптар. Вязниковский 37. Владимир облысының халықтық ежелгі сұрпы . Желі сабағының ұзындығы орташа, 70-100 см, бұтақтануы орташа. Жемістері - 9-12 см, салмағы - 90-129 г, сәл кітірлі, шырынды, хош иісті, жиі жас күйінде және тұздауға қолданылады. т. б.

Қиярды булыжайларда өсіру

Булыжайларда қиярды көшетпен өсіргенде өнімді мамыр айының басында жинауға болады. Булыжайларда өсіру үшін өнімді, саңырауқұлақ ауруларына төзімді Неросимый 40 сұрпын пайдалануға болады.

Булыжайға қиярдың көшеттерін екі кезеңде: орташа булыжайларға бірінші дақыл ретінде сәуір айының басында, жылыжайда өсірілген 30-35 тәуліктік көшеттер, екншісін-жапырақты көкөністерді жинағаннан және ерте пісетін қызанақ көшеттерін іріктеп алғаннан кейін отырғызуға болады. Қиярды бірінші дақыл ретінде өсіргенде булыжайлардаыстық қимен толтырып, ортасына ені25-30 см және тереңдігі 15см ұя жасап оған шымды топырақты немесе топырақ пен қарашірінді қоспасын (2:1) төгеді және 1 кәсекке30 г аммиак селитрасын, 15 г суперфосфат және 15 г хлорлы калий қосылады. Булыжайдың қалған алаңындағы көңге ескі жылыжай топырағын 8-10 см қалыңдықпен төгеді. Ерте пісетін орамжапырақ пен қызанақтың көшеттерін іріктеп алғаннан кейін топырағын үстіңгі бөренеге қарай жылжытып тағы да тереңдігі 20-25 см ұя жасап, оған жаңа грунт төгеді, ең дұрысы, минералды тыңайтқыш қосылған шымды топырақта көлденең атыздар жасап әр кәсеккеұзын желілі сұрыптың 8-10 өсімдігін отырғызады. Көшеттердің құмыраларынбулыжайдың ортасына қарай, сабағын жарнағының ортасына дейін топырақпен жаба, көлбеу отырғызады (мұндай сабақтан қосалқы тамырлар пайда болады), жылы сумен суарадыжәне булыжайдың кәсектерін бойралармен 1-2 қабат етіп жабады.

Үстіңгі бөрене бойымен жиілетткіш дақылдарды себеді немесе отырғызады: солтүстік бөрене тұсына пиязды жапыраққа, оңтүстіктегі бөрене бойына- шалғам, сүтшөп.

Булыжайдағы температураны шуақ күндері 20-25 0 С, бұлтты күндері- 20-25 0 С, жеміс салғанша түнде - 16-18 0 С, жемістенгенде -18-20 0 С маңайында ұстйды. Булыжайдағы, әсіресе, алғашқы күндері, желге қарама- қарсы жағындағы кәсектерді 4-5 м ашып, саңылауларына бойраларды көлеңкелеп, орташа желдетеді, 18-20 0 С дейін жылытылған сумен 3-4 тәлік аралатып суарады. Гүлдеудің басында суаруды тоқтатады: топырақтың дегділенуі аналық гүлдердің пайда болуын күшейтеді және олардың ұрықтануын жақсартады. Жеміс салған кезде суару жиі және мол сумен атқарылуы қажет.

Әлсіз өсімдіктерге «булану» жасайды: шуақты күні алдын ала дегдіткеннен кейін жақсылап суарады және кәсектерін тығыздап жабады. Орта есеппен 1, 5 сағаттан кейін температура 35 0 С жеткенде және өсімдік сәл ғане сола бастағанда булыжайды ептеп желдетеді. « Булану»жапырақтың және жаңа желілердің өсуін күшейтеді.

Әрбір 8-10 тәулікте өсімдікті: гүлдеуге дейін органикалық тыңайтқыштарымен (қатты ашытылған және сұйытылған қи садырасы немесе құс саңғырығы), ал жеміс салған кезеңінде- минералды тыңайтышпен (10 л суға 20 г аммиак селитрасы, 50 г суперфосфат және 20 г хлорлы калий) үстеп қоректіндіреді. Бір кәсекке- бір шелек ерітінді. Үстеп қоректендіргеннен кейін өсімдіктің үстіндегі ерітіндіні шаю үшін оны таза сумен суарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайлары
Қорғаулы жерде дақылдарды өсіру
Қиярдың өсіру технологиясы. Пайдасы және ауру түрлері
Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі
Топырақтың ылғал тартқыштық қасиеті
Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
ТМД елдеріндегі жылыжайда көкөніс дақылдарын өндіру
Темекі өсіру технологиясы
Өсімдік ауруларының биотикалық себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz