Қауынның өсіру технологиясы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қызылорда облысы, Шиелі ауданының табиғи климат жағдайы
1.2 Қауынның өсіру технологиясы
1.3 Қауында кездесетін нематодалар, кеміргіштер және кенелер
1.4 Қауында кездесетін нематодалар, кеміргіштер және кенелермен күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қауын (Сucumis melol.) – бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік – Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған.
Қауынның жапырағы ірі салалы, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы бірнеше буынға бөлініп, жер бетіне төселіп өседі. Қауынның жемісі қарбыз немесе асқабақ жемісіне қарағанда үлкенді – кішілі, қабығының, тұқымының түсі әр қилы болып келеді. Қауынның жемісінің құрамында 4,5-18% қант, 0,6% ақуыз, С, РР дәрумендері болады.
Қауынның дәмі өте тәтті жемістерден кем емес. Оның құрамында көп мөлшерде жеңіл сіңімді қант, А, С дәрумендері болғандықтан, жүрек пен бауырдың жұмыстарын жақсартады, ағзаның жалпы тонусы көтеріледі. Қауындағы С дәруменінің мөлшері алмаға парапар. Темірдің мөлшері тауық етіндегіден 2 есе, балықтан 3 есе, ал сүттен 17 есе көп. Қауынды халықтық медицинада түрлі ауруларға ем ретінде қолданады. Қауын жұмсағын өңдеп тосап, пюре, компот, повидло және цукат дайындайды.
1. Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Ғ.А. «Энтомология». Алматы: Қайнар 1994 ж, 336 б.
2. «Защита растений от вредителей». Под ред В.В. Исаичева М., 2003,472 с.
3. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың), 2013-2023 жылдарға арналған тізімі. 2013 ж.
4. Интернет желісі.

5. Агибаев А. Ж. ,Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш « Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау»

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қызылорда облысы, Шиелі ауданының табиғи климат жағдайы
1.2 Қауынның өсіру технологиясы
1.3 Қауында кездесетін нематодалар, кеміргіштер және кенелер
1.4 Қауында кездесетін нематодалар, кеміргіштер және кенелермен күрес шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қауын (Сucumis melol.) - бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік - Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған.
Қауынның жапырағы ірі салалы, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы бірнеше буынға бөлініп, жер бетіне төселіп өседі. Қауынның жемісі қарбыз немесе асқабақ жемісіне қарағанда үлкенді - кішілі, қабығының, тұқымының түсі әр қилы болып келеді. Қауынның жемісінің құрамында 4,5-18% қант, 0,6% ақуыз, С, РР дәрумендері болады.
Қауынның дәмі өте тәтті жемістерден кем емес. Оның құрамында көп мөлшерде жеңіл сіңімді қант, А, С дәрумендері болғандықтан, жүрек пен бауырдың жұмыстарын жақсартады, ағзаның жалпы тонусы көтеріледі. Қауындағы С дәруменінің мөлшері алмаға парапар. Темірдің мөлшері тауық етіндегіден 2 есе, балықтан 3 есе, ал сүттен 17 есе көп. Қауынды халықтық медицинада түрлі ауруларға ем ретінде қолданады. Қауын жұмсағын өңдеп тосап, пюре, компот, повидло және цукат дайындайды.

Сурет - 1. Қауын

Қауын тұқымында 35 пайыз май болады. Сары түсті майының дәмі жақсы. Оны палау және бауырсақ пісіруге пайдаланады. Қауын майы кеуіп кететін болғандықтан, одан жоғары сортты бояу дайындайды. Стандартқа сай емес және піспеген қауын жемістері малға өңдеусіз - ақ немесе сүрленген түрде азық. Қауынды сабан мен топан қосып сүрлейді. Оның сүрлемі қоректілігі жағынан малазықтық тамыржемістердікінен кем емес. Сүрлем иісі өте тартымды болғандықтан, үй жануарлары сүйсініп жейді. Қауын жемісімен азықтандырылатын малдардың сүт өнімі жақсы және оның майлылығы да жоғары. Қауын дақылы еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі, ал оның сапасы өте тамаша, өнімді сорттары Сыр өңірінде кең тараған.

Негізгі бөлім

1.1 Қызылорда облысы, Шиелі ауданының табиғи климат жағдайы

Шиелі ауданы - Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 ж. құрылған. Жер аумағы 34,3 мың км². Тұрғыны 74,8 мың адам (2004). Аудандағы 40 елді мекен 1 кенттік және 15 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Шиелі кенті. Біздің Шиелі ауданы Қызылорда облысының оңтүстігінде орналасқан. Ауданымыз Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Қызылорда облысының климаты Еуразия материгінің ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады.
Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды.
Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39ºС. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48ºС құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура - 6-6,5ºС құрайды.
Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасының енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 42ºС градусқа дейін жетеді.
Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.
Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды.

1.2 Қауынның өсіру технологиясы

Қауын - біржылдық шөптәріздес өсімдік. Ол қиярға ағайындау, бірақ жылыға өте талапшыл. Қауын - бір үйлі өсімдік. Қауынның гүлдеуі сабағының пайда болғанын кейінгі сорттың және егудің шарттарына қарай 30-50 күнінде басталады. Қауынның ұрығы әртүрлі көлемде және түсте болып келеді, сабағы пайда болғаннан кейін 60-120 күнде өсе бастайды.
Қауын өсіруге арналған жерлерді асқабақтық өсімдіктерді өсіруге арналған жер секілді дайындайды. Жоғары көлемде өнім жинаудың міндетті шарттарының бірі - жерді терең жырту . Жерді тереңірек өңдеу өсімдіктің жақсы өсуі мен олардың жемісті мол салуына мүмкіндік береді.
Қауынды Қазақстанның оңтүстік аймағының қолайлы климаттық жағдайында өсіреді. Тұқым отырғызуды 8 - 10 см тереңдіктегі топырақ 15 - 17° С - ге дейін қызған кезде сәуір айының соңына қарай бастайды. Жекелеген кішігірім, желден жақсы қорғалған, күн түсетін учаскелерде және аулаларда тұқым отырғызуды 5 - 6 күн ерте бастауға болады.
Қауын өсіру үшін 2-3 жыл сақталған тұқымды пайдаланған дұрыс. Былтырғы егіннен қалған ұрықты 2 сағат бойы 40 - 50°С қыздырып барып отырғызады. Егінді кеш еккен кезде оны көктетіп барып отырғызған жөн. Ұрықты термикалық өңдеуден өткізеді. Ол үшін ұрықтарды ыстық суға (60-65°С) 3 - 4 минутқа салады, одан кейін 3 - 4 күн бойы 25°С температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында ұстайды.
Тұқым отырғызуды ұялық тәсілмен, бір ұяшыққа 5-6 ұрықтан сала отырып егеді. Қауын үшін 1,5 x 0,3 м болатындай етіп отырғызады. Егу нормасы тиісінше гектарына 4-5 және 3-4 кг. Тұқым жерді жарып шыққаннан кейін әр ұяда тек бір ғана мықты әрі жақсы дамыған өсімдікті қалдырады.
Нағыз егіндік жапырақтары шыққаннан кейін көшеттер көтеріледі. Қатараралық өңдеуді кетпенмен немесе көпсіткішпен іске асырады. Өсімдікті көпсіте отырып, оны көпсіген ылғал топырақпен жабады.
Кеберсіген топырақты 2-3 рет суғарады. Алғашқы суғаруды тұқымның өсуі алдында не тұқым шыға салысымен жүзеге асырады, екіншісін - сабақтары шыққан кезде, үшіншісін - жеміс пісуінің алдында. Суғару жыртылған жер жанында өсіп жатқан өсімдіктер бойынша жасалады, алайда судың көп мөлшерде болмауын қадағалау керек.
Қауынды ыстық күндері піскендерін іріктеп жинайды. Дақылдарды жинауды ауа-райы суымай тұрғанға дейін аяқтайды.
Қауындарды қолайлы жағдай жасай отырып, қоймаларда, қораларда, гараждарда сақтауға болады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде гектарынан 300-400 ц өнім алынады. Қызылорда облысының диқандары шығарған - әңгелек, ерте пісетін - ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін - колхозшы, кеш пісетін - қара күләбі, торлама т.б. түрлері бар.

Қауынның өсіру технологиясы қарбызға ұқсас. Қауынды өсіруге жақсы жылынатын, жарық және ылғалмен қамтамасыз етілген танап таңдалады. Ыза суларының орналасу деңгейі 1,5-2,0 м төмен болуы керек. Жоғары және сапалы өнім алу үшін барлық агротехникалық шаралар қолайлы мерзімінде жүргізілуі және егісті арамшөптерден таза күйінде ұстау қажет.
Қауын қоңыр түсті құмдауыт және жеңіл саздақты, саздақты қара топырақты жерлерде жақсы өтеді. Тығыз, әлсіз аэрацияланатын топырақтар өсімдіктің физиологиялық солуына әкеліп соғады. Қауын тұзға қарбызға қарағанда төзімді дақыл, тұздардың одан жоғары мазмұны өсімдік өсуіне, дамуына және жемісінің химиялық құрамына кері әсерін тигізеді. Күшті тұзданған топырақтар алдымен шаюды қажет етеді.
Егер қауынды бір орында бірнеше жыл қайталап өсірсе, онда ол үшінші жылдан бастап, аурулардың көптеп таралуынан өнімділігін күрт төмендетеді. Қауынның тұқымын топырақтың 10 см тереңдігі 12-15° С жылынған кезде себеді. Себілу тереңдігі топырақ типіне, оның ылғалдылығына және себу мерзіміне байланысты 4-6 см жүргізіледі.
Қауын тұқымын себуге әзірлеу қарбыз тұқымына ұқсас. Әрбір шұңқырға 5-7 данадан тұқым себеді де уақытында сиретеді. Қауынды міндетті түрде суару қажет, әсіресе өсімдіктің аталық және аналық гүлдері пайда болғанда, сонымен бірге қауынның қарқынды қалыптасуы мен жемісінің өсу кезеңдерінде. Суарудың ең жақсы тәсілі - аз ағынмен жүйектеп. Қауын жемісінің пісуін сортына тән қабығында баяу және суреттің пайда болуымен анықтайды. Қауын жемісін мезгілінде жинамау жемісінің жарылуына әкеліп соғады. Сондықтан қауынды үнемі жемісінің пісуіне байланысты жинап отырады. Орнында пайдалану үшін жемісі толық піскенде жинайды, алысқа тасымалдайтын қауынды - толық піспей, ал қыстық сорттарды - көктей, техникалық піскенде жинайды.

1.3 Қауында кездесетін нематодалар, кеміргіштер және кенелер
Галла (беріш ) түзуші нематодалар - Meloidogyne Goel.
Беріш түзуші түрлі терілі нематодалар гетеродерид (Hetzeroderidae) тұқымдасына жатады. Фитогельминттердің ішінде төрт беріш нематодалары : явандық, арахис немесе құмды, оңтүстік және солтүстік ауыл шаруашылық дақылдарға аса зиян келтіреді. Олардың дене құрылысы, өмір сүруі және өсімдіктерді залалдауы ұқсас болып, соңғы екі түрі Қазақстанда кездеседі. Нематодалардың бұл түрі оңтүстік аудандарда далалық егістікте және жылыжайларда кең таралған. Ал басқа аймақтарда көбінесе ірі қалалар жанындағы жабық жайларда кездеседі. Зиянкестің жұмыртқалары мен дернәсілдері өсімдік тамырлары қалдықтарында тіршілігін жойған аналық нематоданың тері қабығының ішінде және топырақ арасында қыстайды. Олардың дамуы көктемде топырақ температурасы 10-12° С жеткенде басталады. Дернәсілдер қыстап шыққан жерлерінен шығып, өсімдік тамырына еніп, біраз уақыт қоректеніп алған соң жыныс мүшелері жетілген ересек нематодаға айналады. Алғашқы 15 күн ішінде әртүрлі жынысты нематодалардың дамуы бірдей жүреді, одан кейін айырмашылық басталады. Аналықтары беріштердің ішінде қалып, ал аталықтары сыртқа шығады. Нематода мекендеген тамырларда диаметрі 3-5 мм, кейде одан да үлкен беріштер пайда болады. Нематода жұмыртқаларын беріштің ішіне салады. Оның өсімталдығы өте жоғары - әр аналық нематода салатын жұмыртқаларының саны 2500 жетеді. Нематодалардың дамуы сыртқы орта температурасына байланысты. Бір маусымда 10-12 ұрпаққа дейін береді. Фитогельминттер ылғалдылығы 40-90 % топырақта тіршілік етеді, ал құрғақ топырақта құрттар тіршілігі жойылады. Беріш нематодалары ұсақ құмды топырақта 20 см тереңдікке дейін кездесіп, қарқынды дамиды.
Беріш нематодалары - өсімдіктердің 300 аса түрлерімен қоректенетін көп қоректілерге жатады. Жабық жайларда олар әсіресе қызанақ пен қиярды қатты залалдайды. Сонымен қатар баклажан, салат, аскөк, сәбіз және басқа көкөніс дақылдарына да едәуір зиян келтіреді. Бұл фитогельминттердің әсері жем-шөп, бір жылдық дәнді бұршақ, жеміс-жидек, техникалық, гүл, ағаш тектес дақылдарда байқалады. Нематодалардың паразитті тіршілігінен тамырша ішінде үлкен клеткалар пайда болады. Олардың көлемі мен пішіні әртүрлі, ал саны ие-өсімдігіне байланысты. Жұмсақ, қалың тамырларда пайда болған клеткалардың көлемі үлкен, ал қатты сүректелген тамырларда, мысалы, астық дақылдарында кішілеу болады. Оңтүстік беріш, явандық және арахис нематодалары үлкен, бір-біріне ұқсас галлалар түзеді, олар қосылып сыртқы пішіні түсініксіз затты құрайды. Солтүстік беріш нематодасы тамыршаның бүйірінде пішіні кішірек беріштер түзеді. Залалданған өсімдік тамырларында беріштер пайда болу себебінен салмақтары осы жастағы сауларына қарағанда біршама ауыр келеді. Ауа-рай ыстық мезгілде залалданған тамырлар өсімдік транспирациясы жоғарылап, оның жер бетіндегі бөліктері солады. Залалданған өсімдіктің өсуі және дамуы саябырлап, жапырақтары сарғаяды. Өсімдіктер нашар гүлденеді. Нематодалар әсерінен ауылшаруашылық дақылдар өнімі айтарлықтай төмендейді, мысалы, жабық жайларда қызанақтың өнімі 48-49 % немесе 2 кгм кемиді. Ауруға шалдыққан мәдени өсімдіктер әсіресе, қияр уақытынан бұрын солып, қурайды.

Сурет - 2. Галла (беріш) түзуші нематодасы.

Кәдімгі өрмекші кене - Акариформдылар (Асаriformes) отрядының өрмекші кенелер (Теtrаnусһіdае) тұқымдасына жатады. Аналық кененің дене пішіні сопақша, ұзындығы 0,43 мм, түсі сұрғылт-жасыл немесе сарғылт-жасыл, жазда бүйір жақтарында қара дақтары бар, қысқа біркелкі сарғылт-қызыл болады, перитремнің соңғы бөлімі бұтақталмаған, 4 камералы. Аталығының артқы жағы бірден кілт сүйірленген, ұзынша (ұзындығы 0,28 мм) болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм, ұрықтың даму барысында күңгірттене келе, дернәсілдер шығар алдында құлпырған інжу тәрізді түске көшеді.
Кәдімгі өрмекші кене - өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарына жататын 200-ден астам түрлерімен қоректене алатын көп қоректі зиянкес. Әсіресе мақта, соя, картоп, бұршақ, бүлдірген, қызылша, алма және көптеген бақша дақылдарына зиян келтіреді. Ұрықтанған аналық кенелер мақта егістіктерінде, танаптар аралығындағы басқа учаскелерде, арық бойында және жол жағаларында жерге түскен жапырақтардың, басқа да өсімдік қалдықтарының, топырақ түйірлері мен кесектерінің, ағаш қабығының астында және т.б. жерлерде қыстайды.
Көктемде, тәуліктің орташа жылылығы 7-10°С-ға жеткенде кенелер қысқы ұйқыдан оянып, алғашқыда жабайы өсімдіктер мен ағаш - бұталардың жапырақтарын мекендейді де, кейіннен мақтаға немесе басқа дақылдарға көшеді. Жұмыртқаларын сол өздері қоректенген жапырақтарға бір-бірлеп салады және сонымен қатар мекендеген жапырақтарының астыңғы бетін өте жіңішке өрмек жіпшелермен шырмап тастайды.

Әр аналық кененің өсімталдығы 100-120 жұмыртқаға жетеді. Кененің бір генерациясының дамуы жаз айларында 10-12 күнге созылады. Оның дамуы үшін ең қолайлы ауа температурасы 29-31°С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 35-55%. Оңтүстік Қазақстан облысында бір жылда 15 генерация беріп дамиды.

Сурет - 3. Кәдімгі өрмекші кене

Қатты зақымданған жапырақтардың түсі қоңырқайланып, қурап қалады. Өсімдіктер жапырақтары кенелердің зақымдауынан қызғылт-қоңыр түске айналып, одан соң қурай бастайды. Жапырақтарының түсіп қалуы және зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан өсімдік гүлдері түсіп қалады, ал мақта қауашақтарының салмағы кеміп, талшықтарының сапасы төмендейді.
Ұрықтанып диапаузаға кеткен аналық кенелер парниктердің жарықтарында, сабаннан немесе қамыстан жасалған төсеніштерде, өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Олардың реактивация кезеңі 0 - 10°С дейінгі температурада 45-60 күнге созылады, яғни қиярдың тұқымын себу немесе көшетін отырғызу кезінде кенелер өсіп- жетіліп, көбеюге қабілетті болады.
Күндізгі жоғары температураның (23-25°С) әсеріне байланысты популяцияның көпшілік бөлігі күннің қысқалығын сезбей, дамуын жалғастыра береді. Температурасы 23°С төмен болатын салқындау жағын мекендеген аналық кенелердің біраз бөлігі қысқа күннің әсерінен өсімдіктерді тастап, диапаузаға көшеді.

Бақтың өрмекші кенесі - Schizotetranychus pruni Oudem.
Өрмекші кенелер (Tetranychidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда солтүстік аудандардан басқа жерлерде тегіс тараған. Бұл кене- полифаг, көп қоректі зиянкес. Өсімдіктердің көптеген түрлерімен қоректенеді ( алма, алхоры, алша, шие, алмұрт, долана және т.б.). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауын өсіру технологиясы
Қауын дақылдарының түрлері мен сорттары
Оңтустік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы жағдайында қауын егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен аурулардың дамуының болжамы және күресу шаралары
Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр танаптарында қауын өсірудің агротехнологиясы
Кондитерлік өнімдердің химиялық құрамы
Қауын зиянкестерін зерттеу әдістері
Қауын дақылының өсіру технологиясы
Қауын шыбынының фенологиясын зерттеу
Шет елдерде және Қазақстанда қарбыз өсірудің қазіргі жағдайы
Ауыспалы егістегі қауынның орны
Пәндер