Су эрозиясына әсер ететін факторлар


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі

Кафедра «Агрономия»

Реферат

Тақырыбы: Су эрозиясына әсер ететін факторлар

Орындаған: Аг - 303 топ студенті

Балғалиев Н.

Тексерген: аға оқытушы

Жоламанов Қ.

Алматы, 2017 ж

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Су эрозиясы

2. 2. Су эрозиясына әсер ететін факторлар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Эрозия (лат. еrosіo-мүжілу) геологияда - тау жыныстары мен топырақ

бетінен аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геологиялық құрылысы да әсер етеді. Эрозия - жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жер бедер пішіндеріне байланысты беткі эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Беткі эрозия аңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал тілімдеу эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады. Демек, эрозиялық бедер пішіндері - бүйірлік және тереңдік эрозиялардың нәтижелері. Кейбір ғылыми әдебиетте “Эрозия” термині негізінен мұздық, жел және теңіз толқыны әрекетін сипаттағанда жиі қолданылады. Эрозия құбылысына қарсы күресу жолдары - табиғатты қорғаудың басты шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар Эрозияның қалыпты (табиғи) және жеделдетілген (табиғи ортаны дұрыс пайдаланбау салдарынан) түрлері болады.

Топырақ эрозиясы (латынша erosіo - желіну) - топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т. б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады. Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А. И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі. Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет.

Негізгі бөлім

2. 1. Су эрозиясы қатты нөсерлеп жауған жаңбырдан немесе қыста мол жиналған қардың тез еруі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайлар еңіс жері мол таулы беткейлерде жиі кездеседі. Бұл су ағындары тік беткейдегі топырақ бетін ғана шайып қоймай, көп жағдайларда сай, жыралардың пайда болуына әкеп соғады. Тау етегіндегі беткей алаптарын су эрозиясынан қорғау үшін бұл жерлерге ауыл шарушылық дақылдарын, жеміс ағаштарын отырғызып, қолдан ыңғайлы жер бедерлерін сатылап жасау (террасалау) әдісі де қолданылады. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригациялық эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады. Су эрозиясының бұл түрімен күресу үшін арнайы инжинерлік құрылыстар салу, өзен бойларына ағаштар отырғызу, т. б. шаралар жүргізу қажет. Арықтар мен каналдар тез бұзылып кетпеуі үшін олардың жағаларына ағаш, бұталар отырғызу керек. Сонымен қатар артық суларды уақытша су қоймаларында жинап, қажет кездерінде пайдаланған орынды. Топырақ эрозиясынның қарқындылығы жер бедеріне, беткейлердің тік болуына, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, топырақтың түйіршікті құрамына, су сіңіргіштік қабілетіне, өскен өсімдіктеріне, т. б. байланысты. Эрозияға ұшырау мөлшері беткейлер мен шатқалдардың тіп-тігіне және су жиналатын алқаптың аум-на қарай әр түрлі болады. Топырық эрозиясы көбіне ұсақ түйіршікті топырақтарда, жауын-шашын көп түсетін және күшті жел тұратын аймақтарда кездеседі. . Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден артық суарған топырақтың беткі қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар пайда болып, олар суарған сайын ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы топырақтың су, жел эрозиясы - адамның жер ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары деп ұғамыз. Топырақтану институтында топырақ эрозиясы бөлімі ашылып, солтүстік, оңтүстік аймақтардың су эрозияларын зерттеп, яғни су эрозиясымен күресу шараларын ұсынды.
1) агротехникалық шаралар: еңісі үлкен беткейлерде жерді су ағысының бағытына көлденең жырту, қыста қар тоқтату, топырақты жырту т. б. ;
2) мелиорация шаралары: жыра мен сайлар, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаштар және бұталар отырғызу;
3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, арықтар мен каналдардың түбін су өткізбейтін бетондалған тақта, пленкалармен қаптау, т. б. Бұл шаралар топырақтың су эрозиясына ұшырауын азайтады. Топырық эрозиясы күштірек болғанда топырақ құнарлылығын азайтып, себілген тұқым зиян шегеді, ауыл шаруашылығының жайылымдық жерлерін нашарлатады. Осының барлығы ауыл шарушылығына орасан зиян келтіреді. Топырақ эрозиясының алдын алу үшін қорғаныш орман алқаптары, егістіктерді қорғайтын орман шаршылары отырғызылады, жайылымдық жерлер мен құмды жерлерге ағаштар отырғызу, топырақты қорғау үшін ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты аудармай өңдеу, тұқымды қатарлап себу әдісі, шатқалдарды сатыларға бөлу, су тоқтатын каналдар салу, т. б. шаралар жүргізіледі.

Жер бедері күрделі болып келетін Қазақстанның оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарында, қар қалың түскен жылдары солтүстік, орталық, батыс облыстарында су эрозиясы болады. Қар суын жерге тездетіп сіңіру үшін ешқандай әрекет жасалмаса, онда су эрозиясы барлық жерде болуы мүмкін. Су эрозиясы кезінде тек топырақтың құнарлы бөлшектері шайылып қана қоймайды, сонымен бірге оның терең қабатында ылғал аз жиналады, содан барып дақылдар өсу кезінде су тапшылығын көреді. Су эрозиясы тамшылық, беткі (үстіңгі), сызықтың және иррагациялық болып төртке бөлінеді.

Тамшылық эрозия . Ол жаңбыр нөсерлеп жауғанда, әр тамшының диаметрі 1 мм-ден 5 мм-ге дейін, жылдамдығы секундына 4, 5-9 м шамасында болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте-бірте үгітіп, езіп жібереді. Үгітілген бос, майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңылауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен топырақтың беткі қабатындағы майда бөлшектерін ала кетеді.

Беткі (үстіңгі) эрозия ағынды судың күшті әсер етуінен пайда болады. Мұны кейде жазықтық эрозия деп атайды. Беткі эрозия өте қауіпті, себебі ол көзге онша ілінбей өтіп жатады. Бірақ, бұл эрозиядан келетін зиян көп. Оның әсерінен жыл сайын танаптың әр гектарынан 5 тоннадан 25 тоннаға дейін топырақ шайылып кетеді. Уақыт өткен сайын топырақтың органикалық заттарға бай майда түйіршіктері азайып, құнарлылық кемиді, соның салдарынан алынатын өнім төмендейді.

Картинки по запросу эрозия воды

  1. сурет

Cу эрозиясы пайда болған аймақтар

Ущерб_500x450

2 - сурет

Сызықтық эрозия . Қар ерігенде немесе нөсер жауын болған кезде судың қатты ағысы топырақта біраз ор жасап кетеді, ол жер бірте-бірте үлкейіп, терең жыраға айналады. Олардың ені 2-3 метрге, кейде, тіпті, 10 метрге жетуі ықтимал. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады.

Ирригациялық эрозия . Суару кезінде су топырақтың ылғал сыйымдылығынан артық берілсе, ол топыраққа толық сіңбейді, сондықтан танаптың үстіңгі қабаты шайылып, эрозия басталады. Эрозияның бұл түрін ирригациялық эрозия деп атайды.

2. 2. Су эрозиясына әсер ететін жанама факторлараға температура, ауаның ылғалдылығы, жел, бауарайдың бетқарасын (экспозициясын) жатқызуға болады.

Жер бедері . Топырақ эрозиясы кез келген жер бедерінде пайда болады. Дегенмен, ол кобінесе дөңес жерлерде тезірек пайда болады. Мұның, әсіресе, су эрозиясына қатысы бар. Жер бедерінің эрозия процестеріне әсерін оның төмендегі ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Олар - баурайдың еңістігі, оның түрлері, ұзындығы, бетқарасы және микробедері .

Су эрозиясына үлкен әсер ететін факторлардың бipi - өсімдік жамылғысы. Оның әсер ету деңгейі жамылғының түріне және өсімдіктің өсу жагдайына байланысты болып келеді. Өсімдік массасы неғұрлым көп және калың болса, тамыры жақсы дамыса, әcipece эрозияга қayinтi кезеңдерде, соғұрлым өсімдік жамылғысының маңызы күшейе береді. Ceбебi өсімдік жауын суының ежептеуір бөлігін өзіне ұстап калады, тамшының соққысын өзіне кабылдап, топырақ бетіндегі түйіршіктерді бұзылудан сактайды, қар бip калыпты жатады, топырақтың тоңдануы төмендейді, желдің және ағынның жылдамдығын азайтады, тамыр жүйесі топырақты байланыстырып, «арматура» сиякты қызмет аткарады, топырақ бетінен судың булану шығынын азайтады, топырақта микрофлора, мезофауна жақсы өcin дамиды. Топырақты эрозиядан корғау қабілетіне сәйкес өсімдіктер кауымдастығын мына ретпен орналастыруға болады: бipiнmi орында ағаш- бұта тектес өсімдіктер, одан кейін табиғи шөптесін өсімдіктер, келесі орында қатараралығы шымдалған жеміс ағаштары (бауы), соңғы орында екпе өсімдіктер (дакылдар) . Су эрозиясынан топырақты сенімді түрде корғайтын мәдени дақылдардың ішінде бірінші орында көп жылдық екпе шөптер, келесі орында күздік дақылдар, одан кейін жаппай себілетін жаздық дақылдар, соңғы орында отамалы дақылдар болады. Эрозия процестері өсімдік жамылғысы жоқ баурайларда және таза пар танабында өте күшті орын алады. Өсімдік жамылғысының аталған ерекшеліктері эрозиямен күресудің нақтылы шараларын жүзеге асырғанда міндетті түрде есепке алынады. Жоғарыда аталған эрозия дамуының табиғи факторлары бұл процестің жүруіне бастапқы жағдайларды жасауы мүмкін, ал оның әpi қарай дамуы адамның өндірістік ic-әрекеттеріне байланысты болады. Атап айтканда, орман алкаптарының көлемін кеміту, топырақ өндеудің тиімсіз тәсілдерін қолдану, топырақ қорғау ауыспалы егістерінің мүмкіншілігін толық пайдаланбау, аумақта шамадан тыс мал жаю, жергілікті топырақ ерекшеліктеріне сай келмейтін техниканы пайдалану, жол желісін жүйесіз жүргізу, газ, мұнай өткізетін құбырларды қалай болса солай салу т. б. Сайып келгенде, эрозия тудыратын факторлардың өзіндік epeкшeлiктepi болғанымен, олар бірлескен түрде әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан оларды жүйелі түрде қарастырып, күресу шараларын кешенді түрде жүзеге асыру міндет. Су эрозиясыньң даму барысында топырақ өзінің алғашқы қасиеттерін жоғалтады, оның кұнарлығы төмендеп, алатын өнімнің мөлшері азаяды. Топырақтың эрозияға шалдығу дәрежесін оның карашірінді қабатының жұкаруы, карашіріндінің және коректік заттардың шығын мөлшері деңгейі анықтайды. Шайылу және дефляцияға шалдығу деңгейіне байланысты топырактар эрозияга аз ғана шалдыққан, орташа, күшті және өте күшті шалдыққан болып бөлінеді. Топырақтың 0-30 немесе 0-50 см қабатында карашіріндінің азаюына сәйкес су эрозиясы кезінде эрозия деңгейін төмендегіше беруге болады (М. Н. Заславский) : аз ғана шайылған деп қарашірінді мөлшері 10-20% төмендегенде, орташа шайылған - 20 - 50%, күшті шайылған - 50% артық, өте күшті шайылған - 75% артық төмендегенде. Ал дефляция кезінде гумус қабатының азаюына байланысты топырақты жоғарыдағыдай төрт топқа бөледі. Гумус қабаты 20% азайса аздап дефляцияга ұшыраған, 20-40% арасында болғанда орташа, 40 - 60% - күшті, 60% артык, болганда дефляцияга өте күшті ұшыраған деп есептелінеді (А. Ф. Родомакин) . Топырақтың эрозияға шалдығу дәрежесін анықтағанда эталон ретінде су және жел эрозиясына ұшырамаган топырақтың, осы түрінің толық кескінін алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ эрозиясы және оның түрлері
Топырақ эрозиясы туралы ақпарат
Топырақ эрозиясы түрлері
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Өзендердің қоректенуі
Бетті қорғау
Қазақстан топырағының экологиялық мәселелері
Қазақстанның шөлді аймақтары туралы
Топырақтың түйіртпектілігі,оның агрономиялық маңызы
Топырақтың ластануы Топырақты қорғау Топырақ рекультивациясы Топырақ ремидиациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz