Топырақ эрозиясы және оның түрлері
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А.Жалпы топырақ қорғау дегеніміз ... ... ..2.3
Б.Топырақ эрозиясы дегеніміз және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ...4.7
В.Эрозияны тудыратын факторлар ... ...8.10
С.Эрозияның зияны мен қорғау шаралары..
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... .14

Жердің үстіңгі құнарлы қабаты-топырақтың жел және су эрозиясынан азып-тозбауы үшін олардың алдын алу шараларын, сонымен бірге бұл құбылыстарға шалдыққан жерлерде олардың әрі қарай дамымауын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру керек. Топырақты эрозиядан қорғау келесідей топтарға жататын іс-шаралар жүйесін қамтиды: ұйымдық-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациясы және гидротехникалық. Ұйымдық-шаруашылық іс-шаралары қатарына эрозияға қарсы қолданылатын жұмыстардың жоспарын жасап, негіздеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету жатады. Осы жұмыс барысында жер аумағының эрозияға төзімділігі бағаланып, топырақтың оған шалдығу дәрежесінің картограммасы жасалынады. Осы жинастырылған деректерге сүйене отырып, эрозияға төзімді болып келетін шаруашылықтың жер аумағын ұйымдастыру жоспары жасалынады. Топырақты эрозиядан қорғаудың агротехникалық іс-шаралары қатарына топырақтың эрозияға төзімділігін арттыратын өңдеу әдістерін қолдану, көпжылдық шөптер мен бір жылдық дақылдардың топырақты қорғау қасиеттерін пайдалану, қар тоқтату және оның еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлылығын арттыру жұмыстары жатады. Қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алынып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа іс-шаралар жүйесін қамтитын іс-әрекеттер жерді қорғау жұмыстары болып саналады.
1. Ұ. Б. Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Алматы 2005
2. Жаңабаев Қ.Ш «Егіншілік негіздері»
3 . Қаженбаев С, Махмутов С «Табиғат қоргау »
4. Т.Дәуренбеков
«Топырақты жел эрозиясынан қорғау жұмысын механикаландыру»

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
А.Жалпы топырақ қорғау дегеніміз-------------------------- -------------------2-3
Б.Топырақ эрозиясы дегеніміз және оның түрлері---------------------------4 -7
В.Эрозияны тудыратын факторлар-------------------------- --------------------8-10
С.Эрозияның зияны мен қорғау шаралары--------------------------- -------11-13
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- --------------------------------14
Кіріспе
Жердің үстіңгі құнарлы қабаты-топырақтың жел және су эрозиясынан азып-тозбауы үшін олардың алдын алу шараларын, сонымен бірге бұл құбылыстарға шалдыққан жерлерде олардың әрі қарай дамымауын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру керек. Топырақты эрозиядан қорғау келесідей топтарға жататын іс-шаралар жүйесін қамтиды: ұйымдық-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациясы және гидротехникалық. Ұйымдық-шаруашылық іс-шаралары қатарына эрозияға қарсы қолданылатын жұмыстардың жоспарын жасап, негіздеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету жатады. Осы жұмыс барысында жер аумағының эрозияға төзімділігі бағаланып, топырақтың оған шалдығу дәрежесінің картограммасы жасалынады. Осы жинастырылған деректерге сүйене отырып, эрозияға төзімді болып келетін шаруашылықтың жер аумағын ұйымдастыру жоспары жасалынады. Топырақты эрозиядан қорғаудың агротехникалық іс-шаралары қатарына топырақтың эрозияға төзімділігін арттыратын өңдеу әдістерін қолдану, көпжылдық шөптер мен бір жылдық дақылдардың топырақты қорғау қасиеттерін пайдалану, қар тоқтату және оның еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлылығын арттыру жұмыстары жатады. Қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алынып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа іс-шаралар жүйесін қамтитын іс-әрекеттер жерді қорғау жұмыстары болып саналады.
Топырақ эрозиясы туралы түсінік.
Жер өңдеу кезінде топыраққа интенсивті ықпал жасау оның құрылымы мен құрылысының бұзылуына және табиғи топырақ құралу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына әкеп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек.
Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз -- оның желдің немесе судың (жаңбыр мен қар сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып басқа бір алыс не жақын жерге барып шөгуі. Эрозия кезінде топырақтың майда, құнарлы бөлігі сумен шайылып, желмен ұшып кетеді де, оның құнарлылығы кемиді. Табиғатта 2,5 см ғана қарашірік қабаты түзілуі үшін 300-ден 1000 жылға дейін уақыт керек. Осыдан-ақ топырақты қорғаудың, танапта эрозия болмауын ойластырудың өте қажет екені көрініп тұр.
Эрозия түрлері.
Топырақтың бұзылып, жойылуына басты ықпал етуші факторына байланысты топырақ эрозиясы екі түрге бөлінеді. Олар жел эрозиясы (дефляция) және су эрозиясы. Қарқынына байланысты геологиялық және жеделдетілген (қарқынды) эрозия түрлеріне бөлінеді.
Геологиялық эрозия - табиғи өсімдік жамылғысы бар жерде, баяу үдірісте жүретін, топырақтың майда бөлшектерінің желмен ұшуы немесе сумен шайылуы. Осы жағдайда шығын болған топырақ мөлшері табиғи топырақ түзілу процесі әсерінен қайтадан толықтырылады. Сондықтан бұл эрозия түрі зиянды емес. Ал жеделдетілген эрозия адам әрекеті әсерінен туындайды. Адамдар табиғи өсімдіктер жамылғысын жойып, топырақты жыртып қарқынды өңдегінде, мал жайылымдарын жөнсіз, жүйесіз пайдаланғанда табиғатқа зиянды топырақтың жеделдетілген эрозиясы пайда болады.
Жел эрозиясы (дефляция) дегеніміз топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, бүлінуі.Қазақстанның көпшілік жерінің табиғи-экологиялық жағдайы, топырақ жамылғысының ерекшеліктері жел эрозиясының дамуына ықпалын тигізеді. Топырақтың жел эрозиясына шалдығуының басты себебі- мерзімді түрде қайталанып отыратын ауа райының құрғақшылығы және шапшаңдығы жоғары қатты желдің жиі соғуы. Сонымен бірге жер бедерінің жазық, тегіс болып, орманды алқаптардың сирек кездесуі жел әсерінің топыраққа ықпалын арттыра түседі. Осылармен бірге жел эрозиясының дамуына топырақтың қасиеттеріде септігін тигізеді. Әсіресе гранулометриялық құрамы жеңіл (құм, құмайт, жеңіл құмбалшық), қарашіріндісі аз, біріккіштігі шамалы, үстіңгі қабатында карбонаты бар топырақтар жел эрозиясына тез шалдығады. Егістік алқаптарда көктемде өңделіп, бапталып тұқым себілген, өсімдіктері жаңа көктеп, жер бетін толық жаппаған танаптар жел әсеріне төзімсіз болып, эрозияға тез ілігеді.
Жел эрозиясы кезінде топырақтың майда бөлшектері ұшып, қара дауыл көтеріледі, ал су эрозиясы болған танаптарда үлкенді-кішілі жыралар пайда болады және жаз айларында өте тапшы болатын сумен әр түрлі қоректік заттар ағып кетеді, яғни топырақтың құнарлылығы төмендейді. Сондықтан эрозиямен күрес топырақты және оның құнарлылығын сақтау үшін күрес деген сөз. Эрозия -- топырақтың құралу процесімен қатар жүретін құбылыс. Топырақ бетіндегі табиғи немесе ауыл-шаруашылық дақылдарының өсімдік жамылғысы болғанына қарамастан, су көп болған жылдары, ол топырақ бөлшектерін шайып әкетіп, су эрозиясын тудырады. Жел қатты соққан кезде ол топырақтың өсімдік жамылғысы жоқ немесе аз жерлерден майда ұлпаны айдап әкетіп, жел эрозиясын тудырады. Бұл қалыпты эрозия деп аталады. Ол баяу жүреді және аса зиян келтірмейді. Қалыпты эрозия климатқа, жер бедеріне, топырақтың судың шаю күшімен желдің бұзуына төзімділігіне, өсімдік жамылғысының сипаты мен тығыздығына байланысты болады. Шапшаң немесе апатты эрозия адамның араласуынан және табиғатта қалыптасқан байланыстардың бұзылуынан туады.
Топырақтың жел эрозиясы екі түрге бөлінеді. Олар:
1) шаңды боран (қара дауыл)
2) күнделікті (жергілікті).
Шаңды боран (қара дауыл) желдің шапшаңдығы 10-20 мсек дәрежеге жеткенде байқалып үлкен ауданды қамтиды. Зияны көп болады. Жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтар желдің шапшаңдығы 6 мсек болсада эрозияға ұшырайды. Мысалы қара дауылдар 1960 жылы Украинада, Қырымда, Кавказ таулары баурайында, Қазақстанда байқалып үлкен кесапатын тигізді. Павлодар облысында 1962 жылы жел эрозиясы 628,6 мың, ал 1963 жылы - 1млн.68 мың гектар алқапты қамтыды. Осы екі жыл ішінде 600 мың гектар алқап бүлініп, жарамсыз болып егістіктен шығарылды (Г.Г.Берестовский, 1969).
Күнделікті (жергілікті) жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды. Топырақ бетінде майда бөлшектерден құралған сырғыма шаңды боран байқалады. Шаңның ауаға көтерілуі адам бойының биіктігінен аспайды. Осы эрозияға әсіресе қыраттар, жел өтіндігі беткейлер жиі шалдығады. Ұшқан шаң, топырақ бөлшектері көктеп келе жатқан әлсіз өсімдіктерге залалын тигізеді (жапырақтарды тесіп, шеттерін жұлып, немесе түгелімен қиып түсіреді). Осы эрозияға шалдыққан топырақта құм бөлшектер молайып, майда пайдалы бөлшектер кемиді. Топырақ біртіндеп, жылдан жылға өз құнарын төмендете береді. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол желдің әсерінен де үлкенді-кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл желдер үйреншікті болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Ал ғалымдардың есебіне қарағанда, олардан да келер зиян аз емес. Мұндай эрозияның әсерінен де күн сайын топырақтың құнарлылығы кеміп отырады, желмен ұшқан мақда түйіршіктерден өсіп тұрған дақылдардың өркендері зардап шегеді, олардың жапырақтары жырымдалып, жыртылады. Егер танап топырағының 50 пайызынан артығының диаметрі 1-2 мм-ден үлкен кесек түйіршіктерден тұрса, ондай танапта жел эрозиясы болмайды. Жел эрозиясының басталуына қатты әсерін тигізетін түйіршіктерге диаметрі 0,5-1 мм болатын топырақ кесекшелері жатады. Мұндай түйіршіктер қатты желдің әсерінен көтеріледі де, жер бетімен секіріп домалай бастайды. Осы кез де басқа кесектерге соғылып олардың да орнынан қозғалуына себепші болады. Ол кесектер басқаларды қозғайды, ақыры жел эрозиясына айналады. Диаметрі 0,1 мм-ден кем түйіршіктер қатты желдің әсерінен (жылдамдық 15 мсек.) едәуір алысқа ұшып кетеді де, қалқалы бір жерге үйіледі
Топырақтың жел эрозиясы қары жоқ, немесе қары шамалы алқаптарда қыс мезгілінде де байқалады. Орман жолақтары мен жол тораптары жиегіне, не басқадай тосқауылдар жанына қыста жиналған топырақ араласқан қара қар осы қысқы жел эрозиясының белгісі.
Жел эрозиясы
Су эрозиясы
Тамшылық эрозия. Ол жаңбыр нөсерлеп жауғанда, әр тамшының диаметрі 1 мм-ден 5 мм-ге дейін, жылдамдығы секундына 4,5-9 м шамасында болады. Осы тамшы топырақтың майда кесекшелеріне тиіп, оны бірте-бірте үгітіп, езіп жібереді. Үгітілген бос, майда ұнтақтар топырақтың үстіңгі қабатындағы жіңішке саңылауларды бекітіп, судың сіңуіне кедергі жасайды. Топыраққа сіңіп үлгермеген су жер бетімен ағып, өзімен топырақтың беткі қабатындағы майда бөлшектерін ала кетеді.
Беткі (үстіңгі) эрозия ағынды судың күшті әсер етуінен пайда болады. Мұны кейде жазықтық эрозия деп атайды. Беткі эрозия өте қауіпті, себебі ол көзге онша ілінбей өтіп жатады. Бірақ, бұл эрозиядан келетін зиян көп. Оның әсерінен жыл сайын танаптың әр гектарынан 5 тоннадан 25 тоннаға дейін топырақ шайылып кетеді. Уақыт өткен сайын топырақтың органикалық заттарға бай майда түйіршіктері азайып, құнарлылық кемиді, соның салдарынан алынатын өнім төмендейді.
Сызықтық эрозия. Қар ерігенде немесе нөсер жауын болған кезде судың қатты ағысы топырақта біраз ор жасап кетеді, ол жер бірте-бірте үлкейіп, терең жыраға айналады. Олардың ені 2-3 метрге, кейде, тіпті, 10 метрге жетуі ықтимал. Мұндай жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана емес, оның терең қабаттары да бұзылады.
Ирригациялық эрозия. Суару кезінде су топырақтың ылғал сыйымдылығынан артық берілсе, ол топыраққа толық сіңбейді, сондықтан танаптың үстіңгі қабаты шайылып, эрозия басталады. Эрозияның бұл түрін ирригациялық эрозия деп атайды.
Су эрозиясы
Эрозия тудыратын факторлар
1. Эрозия фактолары- климат, жер бедері, топырақ және өсімдік жамылғысы,
адамның өңдірістік іс әрекеті
2. Эрозияның тууына және әрі қарай дамуына әсер ететін факторлар екі топқа бөлінеді. Алғашқы тобына жататын табиғи факторлар-климат, жер бедері, топырақ және өсімдік жамылғысы-эрозия тууына бейімді мүмкіндіктер жасаса, адамның ойланбай істеген іс-әрекеті антропогендік эрозия процесін жылдамдатуға негізгі себеп болады. Қазіргі кездегі эрозия осы екі топ себептердің әсер ету жиынтығы деп айтуға болады. Су эрозиясына тікелей әсер ететін климаттық факторларға баурай бетінен су ағынын тудыратын жауын-шашын (нөсер суы, қар суы) жатады. Ағын мөлшері оның коэффициентімен көрсетіледі.
Оны анықтау үшін формуланы қолданады:
D=SP, D - ағын коэффициенті, S- су ағыны (мм), Р- осы алаңға түскен жауын-шашынның мөлшері (мм).
3. Жауын-шашын қарқындылығы-бір өлшем уақытта түсетін, мм-мен берілген, жауын-шашынның мөлшері. Сондай жауын-шашынның бір түрі нөсер-аз уақыт ішінде жауатын қарқыны күшті жаңбыр. Нөсер жаңбыр кезінде топырақ бетіне түсетін судың көптігінен, ол топыраққа сіңіп үлгермейді де, қалған су ағынға айналып, топырақты шайып-жыралауға алып келіп соғады. Нөсерге, мысалы, 5 минут ішінде 2,5 мм (минутына 0,50 мм), 10 минутта 3,8 мм (минутына 0,38 мм), 30минутта 8,1 мм (минутына 0,27 мм), 60минутта 12 мм (минутына 0,20 мм) жауған жаңбыр жатады. Жаңбыр тамшысының соққылау күші оның мөлшеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жаңбыр қарқыны 0,03 мммин-інен 0,1 мммин-ке артқанда тамшының диаметрі екі есе артады, оның салмағы өседі, нәтижесінде соққылау әсері күшейеді, топырақ бетіндегі түйіршіктер бұзылады да, босаған майда бөлшектер топырақ қуыстарын тез бітеп тастайды. Бұның бәрі топырақтың су өткізгіштігін төмендетіп, беткіағынның пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz