Сәбіз дақылының морфологиялық-анатомиялық құрылысы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Сәбіз дақылының шығу тарихы

2. Сәбіз дақылының морфологиялық-анатомиялық құрылысы

3. Аудандастырылған сорттары

4. Дақылдың агротехникасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жаңа жиналған сәбіз - құнарлы тағам. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбіз антиоксиданттар мен А витаминіне бай болып келеді. Сәбіздің құрамында каротиндор-каротин, фитоен, фитофлуен, ликопин; В 1 , В 2 , С, РР, және В 9 витаминдері, аскорбин қышқылы, 3-15 % мөлшерінде қант, және аз мөлшерде эфир майы бар. Кобальттың тұздары ет пен сүтке қарағанда, 10 есе көп. Сәбізді ең дұрысы 0ᴼС температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептіріп те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының езбесінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді сорпаға, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді) . Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамаққа қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді сорпаға не соусқа әзір болардан 15-20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Сәбізге май қосқанда, оның құрамындағы каротині еріп, жақсы сіңеді.

Сәбіздің тамыры жеуге жарамды, және ол тағам индустриясында үлкен орын алады. Сонымен қатар сәбіз медицинада да қолданылады. Көбінесе, авитаминозды емдеуде үлкен сұранысқа ие. Көмірсутек айналымын қалпына келтіріп, жасуша аралық қышқыл түзу процесіне қатысады және иммунитетті арттырады. Сәбіз тұқымдарынан алынған эфир майы косметика саласында пайдаланылады.

1. Сәбіз дақылының шығу тарихы

Сәбіздің отаны - Ауғанстан. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Сәбіздің мәдени түрі Еуропаға тек X-XIII ғасырларда келген. Көптеген кітаптарда сәбіздің сол кезеңнен бастап қана тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар.

Ерте кезде сәбіздің түсі күлгін, қызыл, сары, ақ болған. Ал кызғылт-сары сорты қызыл мен ашық сары сәбіздерді будандастырып алған. Қызғылт сары сәбіз Нидерландыдағы Корольдық әулеттің құрметіне шығарылған.

Тағы бір деректер бойынша сәбіздің отаны - Еуропа және Орталық Азия. Бұл аймақтарда сәбіздің жабайы түрі кездескен. Алғашында ол дәрілік өсімдік ретінде пайдаланылса, кейіннен тағамдық және малазықтық ретінде қолданылған.

2. Сәбіз дақылының морфологиялық-анатомиялық құрылысы

Сәбіз (лат. Daucus carota L. ) - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі, бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Өнімділігі - 300-500 ц/га. Қазақстанда сәбізді 13000 га жерде өсіреді. Негізгі егістіктер Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

Жапырақтары күрделі қауырсынды. Гүлденгіш сабағы түкті, биіктігі 1, 5 м дейін. Гүл шоғыры шатыр тәрізді. Тозаңдану желдің және бунақденелілер көмегімен жүреді.

Тұқымы ұсақ (1000 тұқымның массасы 2-2, 4 г), ұзынша сопақ пішінді, түкті, тығыз қабықты. Эфир майының көптігінен бөртуі үшін судың мол болғанын тілейді. Танапта өскіні 20-25 тәулікте пайда болады.

Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі сортына қарай қызғылт-сары, ақ сары, қызыл т. б. болады.

Сәбіз - суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымы 4-6ᴼС-да өне бастайды. Ересек өсімдіктері төмен температураға өте төзімді, бірақ күзде тамыржемістері топырақтағы 2ᴼС төмен үсікке шыдамайды. Сәбіз, әсіресе, дамуының алғашқы кезеңінде, жарықты өте қажет етеді. Жарық жеткіліксіз болса, өсімдік сорайып, өнімі мен сапасын төмендетеді. Бұл сәбізді жеміс беретін ағаштардың қатараралықтарында, қою (жиі) егістіктерде өсіргенде және сирету мен отау жұмыстарын кешіктіргенде байқалады.

Сәбіздің тамыр жүйесі топыраққа терең бойлайды. Сондықтан, ылғалды орташа қажетсінеді. Ауа құрғақшылығына сәбіз басқа тамыржемістілерге қарағанда жақсырақ бейімделген. Бұған жапырағының тілімділігі, онымен бірге сабағының түктілігі ықпал жасайды.

3. Аудандастырылған сорттары

Сәбіз барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Асханалық сұрпы онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ, қантты. Асханалық сұрыптарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская 13. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сұрыптары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461.

Витаминная 6. БОКШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде піседі, өскін пайда болғаннан техникалық пісуінің басталғанынша - 90-120 тәулік. Өнімділігі өте жоғары. Тамыржемістерінің массасы 101-159 г, ұшы тұқыл цилиндр тәрізді, қызғылт сары, үсті тегіс, топыраққа толығымен еніп өседі, өзегі кішкентай, диаметрінің - 20%-на жуық, түсі бойынша мәйегінен өзгешеленбейді. Дәмдік сапасы өте жоғары. Сақталғыштығы жақсы. Каротин мөлшері жоғары. Жалпы өнімі 423-646 ц/га, тауарлысы - 420-640 ц/га.

Нантская 4. БО көкөніс өсімдіктерінің селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі. Өскін пайда болғаннан техникалық пісуіне дейін 100-120 тәулік. Байламдық өнім 60 тәулікте алынуы мүмкін. Жақсы өнімді күзде сепкенде береді. Тамыржемісі цилиндрлі, ұшы тұқыл шошақты, оның ұзындығы 10-15 см, диаметрі 3-5 см, орташа массасы 102 г. Еті ашық сары, қызыл, нәзік, тәтті. Өзегі ашық сары, кішкентай, тамыржемісінің 20-40% алады. Гүл шоғырын қалыптастыра қоймайды, жарылуға бейімді, топырақтың біркелкі ылғалдануын қажет етеді. Сақталғыштығы қанағаттанарлық. Тамыржемісінің өнімділігі - 310-360 ц/га.

Шантанэ 2461. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Орташа мерзімде пісетін сұрып. Өсінді кезеңі 115-125 тәулік. Байламдық өнімді өскін пайда болғаннан 60-70 тәуліктен соң береді. Негізінен күзгі-қысқы кезеңдерде пайдалануға өсіріледі. Азыққа және мал азығына пайдаланылады. Салыстырмалы түрде құрғақшылыққа төзімді, жарылуға шыдамды. Тамыржемістері шошақ тәрізді, басы ішіне кіріңкі, өзегі сарғылт, қызыл, тамырының диаметрінің 55%-ын қамтиды. Тауарлық тамыр жемісі - 87%-ға дейін. Сақталғыштығы жақсы. Өнімі - 394-429 ц/га.

Карлсон F 1 . Голландияда шығарылған. Өсінді кезеңі 134 тәулік. Тамыржемісінің ұзындығы орташа, түсі біркелкі, басы жеңіл реңсіз. Жапырағы қуатты. Ауыр топырақта өсіруге ұсынылады.

4. Дақылдың агротехникасы

Сәбіз арамшөп басқан танаптарға шыдамайды, сондықтан оны топырағын арамшөптерден таза қалдыратын дақылдардан кейін өсіру керек. Оған ең жақсы алғы дақылдар - ерте көкөністер және ерте картоп. Егер сәбізге суландырылатын жерден орын тимесе, онда оны ойпаңдау жердегі сүрі жерге, егіс қорғайтын орман алқаптарының маңына, шоқ ағаштардың төңірегіне, жүгеріден, күнбағыстан немесе басқа биік сабақты өсімдіктерден ықтырма егіп орналастыру керек.

Сәбіз егістігі үшін топырақты өңдеу әдеттегідей 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 13 кг фосфор және 40 кг калий пайдаланылады. Сүдігер көтергенде әр гектарына 1, 5-3 ц суперфосфат және 0, 5-1 ц хлорлы калий енгізіледі.

Сәбізді өнгіштігі жоғары тұқымдармен себеді. Бұл тамыр жемісінің әр гектарынан 50-ден 100 ц-ге дейін қосымша өнім береді. Ұсақ тұқымдарын көзі 0, 7 мм елеуіштен өткізіп немесе тұзды суға салып, бөліп алады. Ірі, жақсы толған тұқымдары ыдыстың түбіне шөгеді, ал ұсағы және жеңілдері қалқып бетіне шығады. Оларды аластап, толық тұқымдарды таза сумен жуып, кептіреді.

Өскіннің пайда болуын тездету үшін тұқымды көктету, оларды ауыспалы температуралармен өңдеу, сондай-ақ басқа да тәсілдер қолданылуы мүмкін.

Тұқымды себуге дейін 2-3 тәулік бұрын көктете бастайды. Ол үшін 3-4 сағат бойы бөлме температурасындағы суда ұстайды, сосын кенепке жұқалап төгеді, дымқыл кенеппен жауып, әлсін-әлсін араластырып тұрады. Тұқым мұртын жара бастасымен оларды сәл құрғатады да, іле себеді. Тұқымды алдын ала көктету өскіннің 7-10 күн ертерек пайда болуын қамтамасыз етеді. Тұқымды ауыспалы температурамен өңдеуді себуге 15-20 күн қалғанда бастайды. Тұқымды жәшікке 10-15 см қалыңдықпен салады және су құяды. Суды екі мерзімде құяды. Су сіңгеннен кейін тұқымды дымқыл кенеппен жауып, бөлме температурасында 2-3 тәулік, тәулігіне ең кемі 1 рет араластырып, ұстайды, сосын оны мұзға қойып, 10-15 тәулік бойы -1 С пен +1 С жылылық аралығында ұстайды. Тек тұқымды тым ұзақ уақыт тоңазыту сәбіздің гүлденгіш сабағын қалыптастыруға бейімдейтінін есте ұстаған жөн. Себер алдында тұқымды сәл құрғатады. Міне, осындай өңдеуден өткен тұқым, біршама төмен температурада өне алады және өскіні 5-8 тәулік ертерек пайда болады.

Тұқымдарды қоректік заттармен сыртынан қаптау олардың көлемін ұлғайтады, оңай, біркелкі себілуін қамтамасыз етеді, өну қуатын арттырады және өсімдікті алғашқы өсіп-даму кезеңдерінде қосымша қоректік заттармен қамтамасыз етеді, түптеп келгенде өнімді арттыра түседі.

Күнге қыздыру тұқымның өну қуатын арттырады және өскіндердің біркелкі пайда болуын қамтамасыз етеді. Қыздыруды жылыжайда немесе булыжайда жүргізуге болады. Өну қуаты төмен тұқымдарды 2 сағат бойы 40-45ᴼС температурада қыздырады.

Тұқымды оттекті суда 20 сағат бойы барботылау өте тиімді. Тұқым себер күні міндетті түрде ТМТД (1 кг тұқымға 8 г) немесе фентиураммен (1 кг тұқымға 5 г) өңдеу керек. Егер тұқым барботыланатын болса, пестицидтің мөлшерін екі есе кемітеді.

Қазақстанның солтүстігінде, сәбізді дұрысы ерте көктемде, қысқа қарай немесе қыста себу.

Ерте көктемде сәбізді топырақ өңделісімен сепкен дұрыс. Сонда тұқым топырақтың беткі қабатындағы ылғалды пайдалана алады. Тұқымның себу мөлшері гектарына 7-8 кг (қатардың әр метріне 70-100 өнгіш тұқым) .

Тұқымның сіңіру тереңдігі 2-3 см, 5 см-ден терең сіңірсе, тұқым өне алмайды. Егістікті сепкенше және сепкеннен кейін тығыздайды. Себуден кейінгі тығыздауды себумен бірге жүргізеді. Барботыланған немесе өскіндетілген тұқымдарды дымқыл топыраққа сіңіру керек, әйтпесе олар өнбей қалады.

Себу біркелкі болуы үшін тұқымдарды кептірілген ағаш үгіндісімен немесе түйірленген суперфосфатпен араластырады. Көктемгі егістік өскіндері өте кеш пайда болатындықтан егістікті арамшөптердің басып кету қаупі бар. Сондықтан тұқымға із білдіргіш дақылдың тұқымын араластыру дұрыс: 1 кг сәбізге 0, 5 кг шалғам ( шалғам егістіктің қатарларын ерте білдіреді де, сәбіздің өскіні пайда болғанша, арамшөппен күресуге мүмкіндік жасайды) .

Қысқа қарай себуді тұқымның бөртуі басталуын, бірақ өскіні пайда болмауын ескеріп жүргізеді, себебі күздегі өскіндер әдетте, өліп қалады. Сәбізді топырақтың беткі қабаты тоңазығанда да, бірақ тұқым сепкіштің шүмегі әлі де оны тіле алатын кезде жүргізуге болады. Құрғақ, іріктелген және дәріленген тұқыммен себеді. Себу мөлшерін көктемдегі себумен салыстырғанда, 15-20 тәулік ертерек піседі және өнімі де әжептәуір жоғары болады.

Байламдық сәбіз өнімін ерте іске асыру шілденің басында басталады. Бұл кезде оның гектарлық өнімі 250-300 ц/га жетеді. Сәбізді бүкіл қыс бойы, қардың қалыңдығы 20-30 см аспағанша себуге болады. Қыста себу үшін ені 10-12 см атыздар жырта алатын фрезерлі түренді СФ-20, СФ-24 арнаулы тұқым сепкіштері қолданылады.

Сәбізді қатараралығын 45 см қойып немесе кең жолақты 68+8-10 см (қос ізді) тәсілмен себеді. Арамшөптерді уақытында жою және біркелкі өскіндер алу үшін, өскіндер пайда болардан 3-4 тәулік бұрын танапты торлы көз БСН-4 тырмасымен немесе МВН-2, 8 айналмалы шотпен өңдеу ұсынылады.

Өскіндер пайда болғанша топырақты өңдеуді (із білдіргіш дақылдар бойынша) бір жақты ұстара табаны культиватормен 4-5 см тереңдікте жүргізеді. Қатарлары байқалысымен сәбіз егістігін қорғағыш алаңын 8-10 см қойып, екінші рет 5-6 см тереңдікке қопсытады. Одан тереңірек қопсытса, өскіндерді топырақ басып қалып, олар солып қалады.

Өсімдіктің 3-4 жапырағы пайда болғанда қатараралығын үшінші рет, 8-10 см тереңдікке өңдейді. Одан әрі қопсытуды қажетіне қарай жүргізеді, әдетте суландырудан кейін қорғау алаңын 10-15 см етіп, 10-12 см тереңдікке өңдейді. Қатараралықты соңғы рет өңдеу алдында үстеп қоректендіреді: бір гектарға 1-1, 5 ц аммиак селитрасын, сонша суперфосфат және 0, 5 ц хлорлы калий енгізеді.

Арамшөптермен күресу үшін гербицидтер қолданылады. Топыраққа тұқым сепкенше, сәбіздің өскіні пайда болғанша немесе 1-2 нағыз жапырағы кезеңінде гезагардты (2-3 л/га) бүркеді. Тамыржемістерін гербицид қолданғаннан 4 айдан соң ғана қолдануға рұқсат етіледі. Бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы, олардың 2-6 жапырақ кезеңдерінде набу (1-3 л/га), тарга супер (1-2 л/га) бүркеді. Трефланды (3-4 л/га) тұқым сепкенше немесе себу жұмыстарымен бірге топырақ үстіне бүркеді де, іле-шала топыраққа араластырады.

Сәбіз судың жеткілікті болғанын тілейді. Ең жоғары өнімді суландырудың жүйелі түрде қолдануы қамтамасыз етеді. Өсу-даму кезеңінде ауа райына байланысты сәбіз егістігін 5-7 рет гектарына 350-400 м 3 су жіберіп суарады және суарғанда ойпаң жерде судың жиналмауын қадағалау керек, себебі ол өсімдіктерді тұншықтырады да кейіннен опат қылады.

Суландыру суын тиімді пайдалану, топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында, нәтижесінде сәбіздің өнімділігін арттыру үшін, өсу-даму кезеңінің ортасында, екі суландырудан кейін, қатараралықты 20-25 см тереңдікке саңылаулау тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыржемісті көкөністер
Тамыр жемісті сәбіз өсімдігі
Асбұршақ дақылы
Сhlorella vulgaris клеткасының тіршілік ету қабілетіне сақтау ұзақтылығының әсері
Қызанақ дақылы
Күріш дақыл сорттарына ауыр металлмен тұздың кешенді әсері
Күздік бидайға жалпы сипаттама
Қауын дақылдарының түрлері мен сорттары
Қанат жеке шаруашылығының суғармалы егістік жерінің топырақ жағдайы
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz