Қазақстандағы білім беру саласындағы реформалардың ерекшелектері неде?



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ӘДІСТЕР
Әлсіз жақтары:
Мүмкіндікдер:
Білім дегеніміз - адамдарды үйрету, оқыту мақсатында жүзеге асырылатын процесс. Білім беру - қазақ жерінде ертеден кең қанат жайған. Ата - бабаларымыз білім беруге көп көңіл бөлді. Соның арқасында қазақ халқынан әртүрлі атақты ақын - жазушыларымыз шықты. Ертеде қазақтар молдадан сауат ашатын болған, ал қазіргі кезде балалар мектеп қабырғасында алғаш рет әріп таниды. Бұрынғы заманда қазақ даласында тек ер адамдар сауаттарын ашып, білім алса, әйел адамдар үйде отырып, үй шаруашылығымен айналысқан болатын. Ал, жиырма бірінші ғасырда кез - келген адамның, мейлі ол әйел немесе ер адам болсын, мейлі ол мүмкіндігі шектеулі жан болсын, оқуға мүмкіндігі бар.
2014 жылдың 17-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, халыққа жолдауында " Бір жыл бұрын, мен, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті" деп айтқан болатын. Атақты американдық филантроп Джордж Пибоди айтпақшы "Елдің тағдыры сол елдегі адамдардың біліміне байланысты", сондықтан Қазақстан 2050 жылға дейін, Елбасымыз айтқан, дамыған 30 елдің құрамына кіріп, "Мәңгілік ел" болу үшін, ең алдымен, елдегі білім беру жүйесіне көп көңіл бөлу керек, яғни білім беру Қазақстан үшін өте маңызды. Сол себептен, мен, зерттеу жұмысымның тақырыбын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесімен байланыстырдым.
Менің зерттеу жұмысымның мақсаты Қазақстандағы білім беру саласындағы реформаларды зерттеп, білім берудегі проблемалар мен перспективаларды анықтау. Мен өзімнің зерттеу жұмысымда бірінші және екінші деңгейлердегі дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі проблемаларды анықтай отырып, олардың елімізге қаншалықты әсер ететінің қарастырамын. Сонымен қатар еліміздің білім беру жүйесінің оң жақтарын қарастырып, Қазақстан Республкасының білім беру жүйесіндегі реформаларды әлем елдерінің аталмыш саладағы қабылданып жатқан реформаларымен салыстырып, біздің жүйенің ерекшеліктерін анықтаймын.[273]
1. http://www.edu.gov.kz/
2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 _/z070319_.htm
3. http://www.enu.kz/downloads/ tyzhyrymdamasy.pdf
4. http://woe.kz/
5. http://www.world.edu.kg/
6. http://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстанның_білім_беру_жүйесі
7. http://www.kitaphana.kz/ru /downloads/referatu-na-kazakskom/236- pedagogika/3241-bilim-bery-jyiesi.html 8. http://malimets.clan.su/publ/pedagogika/aza_standa_bilim_beru_zh_jesini_lemdik_bilim_beru_zh_jesine_integracijalanuy/11-1-0-324
9. bes-asyl.kz/реферат/құқық-криминалистика/қазақстанда-білім-берудің-жаңа- жүйес/
10. http://gtmarket.ru/ratings/education-index/education-index-info

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Бағыты: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Тақырыбы: Қазақстандағы білім беру саласындағы реформалардың ерекшелектері неде?
КІРІСПЕ
Білім дегеніміз - адамдарды үйрету, оқыту мақсатында жүзеге асырылатын процесс. Білім беру - қазақ жерінде ертеден кең қанат жайған. Ата - бабаларымыз білім беруге көп көңіл бөлді. Соның арқасында қазақ халқынан әртүрлі атақты ақын - жазушыларымыз шықты. Ертеде қазақтар молдадан сауат ашатын болған, ал қазіргі кезде балалар мектеп қабырғасында алғаш рет әріп таниды. Бұрынғы заманда қазақ даласында тек ер адамдар сауаттарын ашып, білім алса, әйел адамдар үйде отырып, үй шаруашылығымен айналысқан болатын. Ал, жиырма бірінші ғасырда кез - келген адамның, мейлі ол әйел немесе ер адам болсын, мейлі ол мүмкіндігі шектеулі жан болсын, оқуға мүмкіндігі бар.
2014 жылдың 17-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, халыққа жолдауында " Бір жыл бұрын, мен, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті" деп айтқан болатын. Атақты американдық филантроп Джордж Пибоди айтпақшы "Елдің тағдыры сол елдегі адамдардың біліміне байланысты", сондықтан Қазақстан 2050 жылға дейін, Елбасымыз айтқан, дамыған 30 елдің құрамына кіріп, "Мәңгілік ел" болу үшін, ең алдымен, елдегі білім беру жүйесіне көп көңіл бөлу керек, яғни білім беру Қазақстан үшін өте маңызды. Сол себептен, мен, зерттеу жұмысымның тақырыбын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесімен байланыстырдым.
Менің зерттеу жұмысымның мақсаты Қазақстандағы білім беру саласындағы реформаларды зерттеп, білім берудегі проблемалар мен перспективаларды анықтау. Мен өзімнің зерттеу жұмысымда бірінші және екінші деңгейлердегі дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі проблемаларды анықтай отырып, олардың елімізге қаншалықты әсер ететінің қарастырамын. Сонымен қатар еліміздің білім беру жүйесінің оң жақтарын қарастырып, Қазақстан Республкасының білім беру жүйесіндегі реформаларды әлем елдерінің аталмыш саладағы қабылданып жатқан реформаларымен салыстырып, біздің жүйенің ерекшеліктерін анықтаймын.[273]
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақстанның білім беру жүйесі қандай деңгейде тұр?
2. Қазақстанның білім беру жүйесі әлем бойынша нешінші орында тұр. Әлем елдерінің білім беру жүйесіндегі реформалар мен еліміздегі білім беру жүйесіндегі реформалардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары, артықшылықтары мен кемшіліктер қандай?
3. Қазақстанның мектептері оқушыларды білімді қылып шығарады деген көзқарас дұрыс әлде бұрыс па?
4. Қазақстандағы оқу орындар оқушыларды үлкен өмірге дайындайды деген ой қате ме әлде олай емес пе?
5. Қазақстанның білім беру жүйесі қазіргі қалпында қалсынба, әлде оған өзгеріс енгізу керек пе?
6. Қазіргі қалпында қалса, оның артықшылықтары мен кемшілектері?
7. Өзгеріс енгізу керек болса, нені өзгерту керек және оның артықшылықтары мен кемшілектері?
Білім беру тек Қазақстан Республикасы үшін емес, барлық әлем елдері үшін өте маңызды. Америка құрама штаттарының 35-ші президенті Джон Фицджеральд Кеннеди "Елдің дамуы ешқашан елдегі білімнің дамуынан жылдамырақ болмайды" деп айтқан болатын, сондықтан кез - келген мемлекет ең алдымен білім беру жүйесін алдыңғы орындардың біріне қоятыны, айтпаса да түсінікті.
Дегенмен әлем елдерінің көбісінде, соның ішінде Қазақстанда да білім беру жүйесі дұрыс емес. Еліміздегі мектептер оқушыларды болашақта олар пайдаланбайтын, өте көп керек емес ақпарат көзін береді және түсінуге қиын оқыту әдістемелері мен кітаптарды қолданады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының білім министрі Аслан Саринжиповтың өзі айтқан болатын. Көп адамдардың көзқарасы бойынша Қазақстанның мектептері оқушыларды білімді қылып шығарады. Бірақ шын мәнінде олай емес, оған жоғарыда айтылған сөздер дәлел бола алады. Мектеп оқушыларының тек 30%-ы өзінің қабілеті немесе қызығушылығы бойынша мамандықтарын алдын ала тандап қоятын болса, қалған 70%-ы қандай маман иесі боларын білмей жүреді. Бұл олардың үлкен өмірге мүлде дайын емес екенің көрсетеді. Сондықтан мектеп жасында оқушылармен арнайы психолог мамандар жұмыс жасап оқушыларға мамандық тандауға көмектесу керек.
Мектеп түлектері орта және жоғары оқу орындарына барғанда, дәл осы жағдай тағы да қайталанады. Олар орта және жоғары оқу орындарында тек теориялық білім алады деп айтуға болады, яғни оқу орындары, практикаға назар аудара бермейді. Атақты ағылшын философы Герберт Спенсер "Білімнің негізгі мақсаты - ақпарат алу емес, әрекет ету" деп айтқан болатын. Ал еліміздегі оқу орындары студенттерге тек ақпарат беріп қана қояды, сондықтан елімізде білікті мамандар саны өте аз. Егер практика болмаса теорияның пайдасы болмайтыны айдан анық. Ал, жұмыс берушілерді теорияға қарағанда практика қызықтыратыны, бәрімізге белгілі, сондықтан студенттердің көбісі орта және жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін жұмыссыз жүреді, яғни Қазақстандағы білім беру жүйесінің дұрыс еместігі - жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасын тудырады. Егер аурудың алдын алмаса, осылай бір проблемадан бір проблема пайда бола беретіні, түсінікті жайт.
Еліміздің білім беру жүйесінде тағы да басқа көптеген проблемалар бар. Олардың бірі біліксіз мұғалімдер. Мысалы: бұрын, КСРО-ның кезінде, мұғалім деген өте ақылды, парасатты, данышпан адам болып көрінетін, себебі сол кезеңде нағыз білімді, көзі ашық, көкірегі ояу адамдар ғана мұғалім дәрежесіне қол жеткізе алды. Сол себепті оларға үлкен құрметпен қарады. Ал қазіргі кезеңде, яғни жиырма бірінші ғасырда екінің бірі мұғалім бола алады және олардың доктор, профессор атағын алуы, яғни дәрежелерінің өсуі де оңай. Сондықтан КСРО-ның кезіндегі қарапайым мұғалімді қазіргі кездегі мықты профессормен теңестіруге болады. Белгілі орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, "Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады." Сол себепті елімізде нағыз мұғалімдер саны өте аз деп толық айтуға болады.
Тағы бір проблема, оқу орындарында сырттай білім алу. Қазақстанда орта есеппен жылына 170 мың студент жоғары оқу орның бітерсе, олардың 100 мыңы оқу орның сырттай аяқтайды. Ал сырттай білім алу арқылы оқу орнын аяқтау, дипломды сатып алғанмен пара - пар екені, бәрімізге белгілі. Егер осылай жалғаса берсе елімізде мықты мамандай қайдан болсын. Сырттай білім алғанда көбісі оқу орнына құжаттарын тапсыруға және диплом алуға ғана барады. Осы жерден сырттай білім алатын студенттер емтихандарын қалай тапсырады деген қызықты сұрақ туады. Оның жауабы, әрине, жемқорлық.
Жемқорлықтың ең дамыған жерлерінің бірі осы оқу орындары болып табылады. Жалғыз сырттай білім алатын студенттер емес, орта және жоғары оқу орындарыда білім алушылардың барлығы дерлік жемқорлықпен айналысады. Еліміздегі оқу орындарында осындай жағдай орын алып отырғанына кімдер кінәлі? студенттер ме, әлде мұғалімдер ме? Әрине, біріншіден, мұғалімдердің өздері кінәлі, себебі алушы болмаса, беруші қайдан болсын. Екінші себеп, мұғалімдердің жалақыларының аздығы. Мысалы Америка Құрама штаттарында ең жоғары еңбекақыны дәрігерлер мен мұғалімдер алатын болса, Қазақстанда керісінше олар төменгі жалақылардың бірін алады. Әлем бойынша Қазақстандағы мұғалімдер жалақысы соңғы орындардың бірінде тұр. Орташа есеппен еліміздегі мұғалімдердің айлық еңбекақысы 80 000 теңгені құрайды, бұл дамыған елдермен салыстырғанда 3 есе аз болып табылады. Мұғалімдердің жалақысының аздығы да Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі басты проблемаларының біріне жатады.
Орта және жоғары оқу орындарында білім алушыларды жатаханамен қамтамасыз ету бар жоғы 60% - ды құрайды, сондықтан қалған 40% аудандық жерлердің студенттері баспанасыз жүр. Тағы бір проблема оқу орындары студенттердің ұлттық біріңғай тестілеуде жинаған баллына және жетістіктеріне қарап тегін оқуға грант бөледі. Ал оның әлеуметтік жағдайына қарамайды. Оқу орындарында ақылы оқудың бағасы өте қымбат екеніне, бізге құпия емес. Сол себепті ақылы оқуға кез - келген адамның қалтасы көтере бермейді. Осылай әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың балалары орта және жоғары білімге қол жеткізе алмайды. Кім білер, мүмкін сол балалардың ішінде болашақ ғалымдар, оқымыстылар бар шығар. Сол себепті болашақ студенттердің әлеуметтік жағдайына қарап оқуға грант беру керек.
Сонымен қатар Қазақстанның жоғары оқу орындарын дұрыс қаражаттандырмайды. Қазақстан жоғары оқу орындарының сапасы бойынша 148 елдің ішінде 88-ші орында тұр. Шетелдің оқу орындарына бөлінетін ақша жылына жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ын құрайды. Ал Қазақсанның оқу орындарына бөлінетін ақша бар жоғы ЖІӨ-нің 0,4%-ын құрайды. Айта кететін тағы бір мәселе еліміздегі мектептер санының жетіспеушілігі мен қауіпті жағдайда тұрған мектептер. Сондықтан кейбір қауіпті жағдайда тұрған мектептердің өздері 2-3 кезекпен жұмыс істейді. 100 мектеп 100 арухана сияқты мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанмен, олардың бәрі толық жүзеге аспай жатыр. Қазақстандағы 120 мың мүмкіндіктері шектеулі жасөспірімдердің тек 3-тен бірі арнайы мемлекеттік ұйымдарда білім алуда. Бұл да өз алдына, бір үлкен проблема.
Бірақ еліміздегі білім беру жүйесін мүлде дұрыс емес деп те айтуға болмайды. Мысалы: математика бойынша Қазақстанның 4 сынып оқушылары Сингапур, Гонконг, Қытайлық Тайбэй және Жапония елдерінен кейін 5-ші позицияда, ал жаратылыстану бойынша біздің оқушылар 11-ші позицияда тұрса, жалпы есепте Қазақстан 11-ші орында тұр. Бұл Қазақстанда жалпыға міндетті білім беру, басқа елдермен салыстырғанда, жақсы деңгейде тұр дегенді білдіреді. Себебі көбінесе еліміздің мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, басқа да көптеген жетістіктерге жетіп жатады. Оған 2010 жылы Қазақстанда өткен математикадан 51-ші халықаралық олимпиаданы айтуға болады. Аталмыш олимпиадада Қазақстан командасы - әлемнің 98 елінің арасында - 5 орынға табан тіреген болатын. Бұл біз үшін өте жақсы көрсеткіш.
Сонымен қатар Елбасының айтуымен "Білім жүйесін инновациялық дамыту" атты мемлекеттік бағдарлама құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты - білім беру ұйымдарын технологиялармен қамтамасыз ету. Аталмыш бағдарламаның арқасында уақыт өте келе елімізде электронды оқыту жүйесі дамып келе жатыр. 2000 жылдары мектептердегі 1 компьютерге 62 баладан болса(бұл СНГ-да ең жақсы көрсеткіш болды) қазір 16 балаға 1 компьютерден келеді. Элекронды оқыту білім сапасының көтерілуіне алып келеді. Қазір 50% мектепте интерактивтік, мультимедиялық кабинеттер бар. Мектептердің 98%-ы интернет желісіне қосылған.
Жиырма бірінші ғасыр - технологиялар ғасыры, сондықтан Қазақстандағы сандық(цифровой) білім беруді дамыту біз үшін өте маңызды. Электронды білім беру мұғалімдерге де, оқушыларға да, олардың ата-аналарының балаларының бағаларын қарап, білімін бақылап отыруына да өте қолайлы. Журнал, сабақ кестесі, оқушылардың күнделіктері электронды түрде болады. Мектеп меңгерушілері қай мұғалім қашан бос екенің бәрін электронды түрде бақыдап отыра алады. Электронды күнделіктерге автоматты түрде бағалар, үй тапсырмалары жазылып отырады. 2020 жылға дейін 90% мектептер толық электронды түрде білім беретін болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жайлы
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Жекешелендiру туралы заңдар
Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары
Қазақ ағартушыларының философиясы
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Пәндер