Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы мен адам өмiрiндегi маңызы


Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы

мен адам өмiрiндегi маңызы

Жер атмосферасы (грекше: atmos - бу жəне sphaira -шар) - Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ор-таны айтамыз. Атмосфераның массасы 5, 15-5, 9 х 1015 тонна.

Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен əсер етедi. Атмосфераны зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол Жербетiнен қашықтаған сайын түрлi температурадағы бiрнеше аймақтардан тұрады. Атмосфераның құрылысы бiрнеше қабат құрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне термосферадан тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда

атмосфералық газдар əлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта атмосфера бiрте бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады. Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты " тропосфера " деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiктiгi - 10-12 км, экваторда - 16-18 км, полюстерде - 7-10 км.

Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн

6 күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км - Ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық бiршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн сəулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды.

Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан əрi қарай төмендеп, 80 км биiктiкте - 700С -қа түседi. Мезосферадан жоғары белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500 600 км биiктiкте температура +16000 жетедi. Атмосфераның

қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмендейдi. Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газының жəне тыныс алу үшiн оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды,

климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын- шашын түзiлетiн жəне басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т. с. с.

Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi реттiк жəне ол Жердiң қатты қабықшасынан планета түзiлгенннен кейiн бөлiнген газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң атмосферасы түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне бөлi-

нуi, вулкандардың əрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ульт- ракүлгiн сəулелерi əсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттерi мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн газдар əсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi. 8

Атмосфераның дамуы геологиялық жəне геохимиялық процестермен, сол сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк əрекеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң беткi қабатын оның қалың қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi жанып кететiн метеориттердiң зиянды əсерлерiнен сақтап тұрады.

Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен əсер ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк əрекеттерi өз кезегiнде осы ат- мосфералық жағдайларға тiкелей байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге зиянды əсер ететiн Күннiң ультракүлгiн сəулелерiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады. Атмосфералық оттегi өсiм- дiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы өсiмдiктердiң қоректенуiне қатысады. Климат- тық факторлар, əсiресе, жылу режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк қызметiне əсер етедi. Сонымен қатар адамның тiршiлiк əрекетi атмосфераның құрамы

мен климатқа үлкен əсер етедi. Планетадағы оттегi тiрi заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл массасын 2 мың жылда тiрi организмдер сiңiрсе, көмiрқышқылын - 300-395 жылда сiңiредi.

Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы негiзiнен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы - көмiр қышқылы газынан тұрса, Жердiң атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз мөлшерде аргон, көмiрқышқыл газы, неон жəне басқа тұрақты, ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыс-

палы компонентi - су буы. Су буының негiзгi массасы тропосферада, өйткенi атмосфераның қабаттары жоғарылаған сайын оның концентрациясы азая бередi.

Атмосфералық процестерге, əсiресе стратосфераның жылу режимiне озон үлкен əсер етедi. Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының ультракүлгiн сəулелерiн сiңiредi. Ендiк пен жылдың мезгiлiне байланысты озонның бiр айдағы орташа мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2, 3-5, 2 мм

аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшерi экватордан полюстерге қарай жоғарылайды. Қазiргi кезде адамның шаруашылық тiршiлiк əрекетiнiң əсерiнен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына əсер ететiн фреондар (хладондар) деп аталатын

9 галогендi қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасында қайнайды, өте ұшқыш, Жердiң бетiнде химиялық инерттi, мұздатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар стратосфераға көтерiлiп, фотохимиялық айрылу реакциясына түсiп, бiздiң планетамызды ультракүлгiн сəулелерден сақтайтын,

озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың

катализаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледi. Қазiргi кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау - мониторинг жүргiзiлуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зардаптарға əкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi кезде фреондар өндiрiсi мен оны пайдалануды қысқартып отыр,

дегенмен де жалпы əлемде бұл көрсеткiш əлi де жоғары күйiн-

де қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да

жылдан жылға ұлғайып отыр. Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты атмосферада бiркелкi таралмаған. Солтүстiк жарты шар атмосферасында оң-

түстiкке қарағанда фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары.

1. 2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер

Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А. П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0, 2% ға

ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының

бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентра-

циясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-тең-

дiкке үлкен əсер етедi. Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады. 10 Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде

түзiледi. Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес),

органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзi-луiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар- бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiк-

тердiң тозаңдары, т. б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануар- лардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Табиғи Y+1/t+rластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде

оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10-3-10-4 см болады жəне

топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы,

орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нəтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабатта- рындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар - бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұ-

лақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi. __

Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы

Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиа-

циялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер - радиоактивтi заттардан бөлi- нетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр хи- миялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде14

сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер Адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесс-

тердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.

Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қара- пайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т. с. с. Көптеген елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байла-

нысты ядролық өндiрiстiң, атом-электр станцияларының да-

муына байланысты атмосферада жасанды радиоактивтiлiк

көздерi пайда болды. Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыла-

рын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен

гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.

Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне су- тектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады. Атом жары- лысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi

25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте қауiптi.

Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасымалдануында қоректiк тiзбектер де бiршама роль атқарадыСудағы 7 0 TD0 Tизотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т. с. с.

1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бомбалары ондаған мың адамдар-

дың өмiрiн қиды, оның зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда.

1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы жайлы
Атмосфера туралы түсінік
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер: автомобильдер әсері
Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ. Оқу құралы
Атмосфера туралы түсiнiк жəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы
Атмосфераның негізгі қасиеттері және оның экологиялық мәні
Атмосфераның экологиялық мәселелері туралы
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
АТМОСФЕРА - БИОСФЕРАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМ БӨЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz