Қазақстан Республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУРеспубликалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу барысын талдау
1. 2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің қазіргі жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы - мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді. Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет - қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып табылады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі болып табылатын мемлекеттік бюджеттің, оның құрылуының, орындалуы мен ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік процестің негізгі шарттарын талдау болып таблады.
Бұл жұмыста экономикалық қауіпсіздік мүддесінің Қазақстандағы бюджетті жоспарлау процедурасымен сәйкестігіне талдау жасалды. Нарықтық моделі бар экономикасы дамыған елдерде болжамдау мен жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы болып табылады. Бұл құралды мақсатты түрде қолданып, бұл елдер техникалық прогресте, халықтың өмірлік деңгейін жоғарлатуда және басқа да әлеуметтік-экономикалық облыстарда көптеген жетістіктерге жеткені белгілі. Соған байланысты шет мемлекеттердің тәжірибесі де сараланды.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалуын талдау
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тәуелсіз мемлекетіміздің заңдарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» заң болды. Республикадағы бюджетаралық қатынастарды реттеу заңдылықтарының негізі осы заң болып табылды. Бұл заңға сәйкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.
Қазақстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «куә» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың жаңа тәртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
- Орталық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді,
республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың тізімі анықталды;
- Аймақтар бюджетінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін олардың орындайтын функцияларына сәйкес бюджет деңгейлерінің арасында табыстарды бөлу белгіленді.
- Бюджеттің кредиторлық қарызының өсуінің алдын алу механизмдері жасалынды.
- Барлық бюджеттен тыс қорлар қысқартылды.
Бұл заң шынайы тенденцияларға едәуір жақын болғанмен де, бюджет үрдісін жеткілікті деңгейде реттеуге дәрменсіздеу, кемеліне жетпеген болып шықты. Сонымен 2004 жылдың 24 сәуірінде Бюджет Кодексі қабылданды (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) . Бұл Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі ережелерін, қағидалары мен механизмдерін, бюджет қаражатының құрылуы мен пайдаланылуын белгілейтін болады.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайына аналитикалық баға беру үшін бюджеттің орындалуына талдау жасау керек. Бұл мақсатта 2005 жылы Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын қарастырып өтейік.
Кесте 2 - Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы
2005 жылғы
1 қаңтарға кассалық атқарылуы, млн. теңге
қоры-тын-
дысы-на
%-бен
қоры-тын-дысы-на
%-бен
2- кестенің жалғасы
2005 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 722 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңінің (565, 3 млрд. теңге) деңгейінен 27, 7% артық. 2004 жылдың тиісті кезеңімен (541, 6 млрд. теңге) салыстырғандан несиелерді есепке алғандағы шығыстар 42% өсті және 2004 жылдың 1 қаңтарына 768, 9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46, 9 млрд. теңге деңгейінде анықталып отыр.
Есепті кезеңде республикалық бюджеттің 89, 9%-ын табыстар (соның ішінде салықтар - 93%) құрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі - 8%. Шығындардың негізгі бөлігі - 35, 2% әлеуметтік сала мен жалпы мемлекеттік қызметтер - 21, 5% үлесінде. 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бұл шығындар тиісінше 27, 4% және 25, 5% артты, өндірістік салаға шығындар 54, 8% өсті.
2005 жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлімі мен 2005 жылғы республикалық бюджет жобасына салыстырмалы анализ.
Осы зерттеудің негізгі мақсаты, экономиканың осы сияқты салаларына мемлекеттік шығындар динамикасын жасау:
- денсаулық сақтау
- білім беру
- әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек
- тұрғын-үй шаруашылығы
- ғылыми зерттеулер
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау
Республикалық бюджет елдің негізгі қаржылық құжаты болып табылады. Оның негізінде Қазақстанның барлық аймақтардың бюджетің қамтитын мемлекеттік бюджет құрылады.
Өткізілген зерттеулер келесіні көрсетті:
- 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігі 977 897 923 мыңнан 1 089 756 277 мыңға дейін көтеріліп, 11, 44%-ке өсті.
- 2004 жылғы республикалық бюджеті толығымен пайдаланбады: 01. 10. 2004 кезеңіне ағымдағы жыл бюджеті 700 625 000 мыңға орындалып, ол 71, 65% ғана құрайды.
- 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде білім беру шығындары 20 757 348 мыңға өсті (57, 11%) . Соның ішінде білім беру шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5, 24% құрып, 1, 52%-ке өсті.
- 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде денсаулық сақтау шығындары 25 658 814 мыңға өсті (85, 36%) . Соның ішінде денсаулық сақтау шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5, 09% құрып, 2, 04%-ке өсті.
- Ал 01. 10. 2004 кезеңіне жоспарланған 30 059 332 мың денсаулық сақтау шығындарының тек қана 16 872 000 мың жұмсалды (56, 13%) .
- 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде ғылыми зерттеу шығындары 2 792 941 мыңға өсті (76, 11%) . Соның ішінде ғылыми зерттеу шығындары жалпы республикалық бюджеттің 0, 60% құрып, 0, 23%-ке өсті.
- 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек шығындары 46 734 252 мыңға өсті (19, 59%) . Соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек шығындары жалпы республикалық бюджеттің 26, 18% құрып, 1, 78%-ке өсті.
- 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде тұрғын-үй шаруашылығы шығындары 4 182 036 мыңға кеміді (-14, 67%) . Соның ішінде тұрғын-үй шаруашылығы шығындары жалпы республикалық бюджеттің 2, 23% құрып, 0, 68%-ке кеміді.
- 2005 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау шығындары 3 350 557 мыңға кеміді (-5, 11%) . Соның ішінде ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5, 71% құрып, 1, 00%-ке кеміді.
Алынған нәтижелер бірқатар күрделі сұрақтардың туындауына әкелді, жекелеп алғанда:
- 2005 жылға денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласына түсетін қосымша қаражаттар қандай нақты мақсаттарға бағытталады?
2005 жылы осы салалардағы шешілмеген мәселелерге байланысты денсаулық сақтау және білім беру шығындарын ұлғайту орынсыз. Әйтсе де, қоғам мен Парламент бөлінген қаражаттардың максималды түрде тиімді шығындалғанына сенімді болуы керек. Міне сондықтан қосымша қаражаттарды бағыттауға жоспарланған мақсаттар туралы нақты ақпарат болуы тиіс, ал ол мемлекеттік шығындарды игеру мониторингін өткізуге мүмкіндік береді.
2. Аймақаралық бюджеттер арасындағы қосымша қаржыларды қайта бөлгенде Қазақстан аймақтарын бірқалыпты емес дамуының мәселесі қаншалықты ескеріледі?
3. Ауыл шаруашылық, су, орман, балық шаруашылығына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шығындар деңгейін қысқарту қаншалықты негізді? Біз білетіндей, Қазақстанның көптеген аймақтарында экологиялық жағдай бұрынғыдай өте жағымсыз болып отыр.
4. Тұрғын-үй шаруашылығындағы мемлекеттік шығындар деңгейінің қысқартылғаны қаншалықты негізді?
5. Ағымдағы жылдың денсаулық сақтау бюджетінің орындалуының төмен деңгейі немен байланысты?
6. Берілген қаражаттардың осындай төмен игерудегі денсаулық сақтау шығындары қаншалықты ақталған?
7. Осы жағдайды шешу үшін Министрліктер мен ведомстволарға қандай шараларды қолдану қажет?
Аймақтардың қаржылық мүмкіндіктерін теңестіру үшін мемлекет жалпы трансферт жүйесін қолданады. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды (білім беру, денсаулық сақтау, шаруашылық және көлік инфрақұрылымы, қоршаған ортаны қорғау) жүзеге асыру үшін мақсатты трансферттер жүйесі қолданылады. Мақсатты трансферт алдын-ала келісілген шартпен қаржыландырылады. Соңғы жылдарда еліміздің республикалық бюджетінен бөлінген субвенцияның мөлшері мынадай сипатта (Кесте 3)
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, субвенция көлемі жыл санап арта түскен. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай бірқалыпты. Дегенмен, Ақмола облысына бөлінген субвенция 2001 жылы 12, 4%-жы құраса, ол жылдан жылға азайып 2005 жылы 10, 7% болып отыр.
Қостанай облысының динамикасы да осындай, ал Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті бюджеті табысының 2001 жылы 9, 5%-ы субвенция есебінен, кейінгі 2003, 2004, 2005 жылдары 8, 7%, 7, 7 және 8, 8% құралып отыр. Алматы облысындағы күрт өзгерістер ерекше көрініп тұр. Мәселен, 2002 жылы республикалық бюджеттен бөлінген субвенция облыс бюджеті табысының 25%-ын құраса, оның үлесі жыл сайын жылдам азайып, 2003 жылы 17%, 2004 және 2005 жылдары 12, 5 және 10, 7%-ды құрап отыр. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының динамикасы біркелкі, яғни субвенция көлемі жылдан жылға азайып отырған жоқ. Субвенцияның ең көп мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысында, мұнда оның үлесі 2002 жылы облыс бюджеті табысының 31, 2% болса, 2003 жылы 21, 6% болып, 10%-ға азайып кеткен. Соңғы жылы субвенция алатын облыстар қатары Павлодар және Ақтөбемен толыққанымен, оларға бөлінген субвенция көлемі басқалармен салыстырғанда аз ғана, Павлодарда 1, 1%, Ақтөбеде 1, 4%.
Кесте 3 - Республикалық бюджеттен бөлінген субвенцияның мөлшері
мың теңге
-
-
Осы кестеден көріп тұрғанымыздай, республикалық бюджеттен бөлінетін субвенцияның көлемі жылдан жылға өспесе, төмендемеген. Аймақтар экономикалық, әлеуметтік, табиғи және экологиялық жағдайлары бойынша әртүрлі. Осы факторларды есепке ала отырып, аймақтың бюджеттің ең төменгі нормасымен қамтамасыз етілу нормативі жасақталуы қажет, олай болмаған жағдайда облыс бюджетінің шығындарын анықтау мүмкін емес. Бұл норматив бюджетаралық қатынастар механизмін жасақтауға мүмкіндік береді, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттер (субвенция, субсидия, ресми мақсатты трансферттер) мәселесі де шешілер еді. Ал бюджеттен яғни дәлірек айтсақ, облыс бюджеттерінен директивті түрде қаржы алу 1999 жылдан бастап қолданыла бастады, бірақ заңды рәсімдемесі болған жоқ. Үкімет Парламентке «Субвенция және бюджеттен алу туралы» Заңды 1999 жылы ұсынғанымен, Парламент оны екі рет кері қайтарғаннан кейін, орталық пен аймақтар және аймақаралық бюджет қатынастарының механизмдері нақтыланбады /19/] . Ал бюджеттен алынған қаржының сипаты мынадай:
Кесте 4 - Донор облыстардан бюджеттік алу (млн. теңге) *
* [17-20]
Кестеде әр жылда бюджеттен алулар бір қалыпты болмағы көрініп тұр. Атырау облысының үлесі ерекше. Дегенмен жарты миллион халқы бар Атырау облысының әлеуметтік тұрмысы көңіл қуантарлықтай жағдайда емес. Статистикалық деректерде жалақы мөлшерінен алдыңғы қатардағы облыстың бұл көрсеткішін тек мұнайшылар не сол салаға жұмыс жасайтындар құрайды. Дәлірек айтсақ, облыстың 42000 тұрғыны күнкөрісі өте нашарлар қатарына жатқызылады [82] . Дегенмен облыста 2003 жылы 323, 3 млрд. теңгенің инвестициясы игерілілгенін ескерсек, оң бағыттар байқалады. Оның 217, 4 млрд. отандық инвестиция. Салыстыру үшін айта кетсек, 2003 жылы инвестиция көлемі 244, 5 млрд. теңге болған, ал 2002-де одан 12, 9 млрд. төмен болған. Облыста қазіргі күнге дейін жасалған және жүзеге асып жатқан 23 салалық бағдарлама бар. Негізгі бағдарламалар халықтың әлеуметтік жағдайы мен денсаулығын көтеруге бағытталған. Облыста ауыл инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай іс-шаралар қолға алынып, осы мақсатқа 8, 25 млрд. теңге бөлінген. Бұл - бүкіл жергілікті инвестициялық бағдарламалардың 48%-ы. Оның ішінде білім беру мекемелерінің құрылысына - 1339, 2 млн. теңге, денсаулық сақтау нысандарына - 1200, 0, спорт және туризм нысандарын салуға - 107, 0, мәдени ошақтарды салуға және күрделі жөндеуден өткізуге - 1435, 1, жолдарды жөндеуге - 1174, 4, көріктендіруге - 90 миллион теңге бөлінді /19/.
Бюджеттен алу механизм әміршіл - әкімшіл жүйеде пайдаланылған құралға ұқсас, яғни мұнда жергілікті атқарушы органдарның қаржы ресурстарын жинауға және жергілікті әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге ынталандырмайды. Бұл талдаудан шығатын қорытынды осы механизм аймақтардың қаржылық дербес болуға ұмтылыс білдірмейтіндіктерін және қарама-қарсы қаржыландырудың өсіп келе жатқанын көрсетті. Республикалық бюджеттен субвенция, мақсатты трансферттер және бюджеттік кредиттер бөлінеді (олардың қайтарылу ықтималдығы өте төмен) /20/. Осыдан келіп Қазақстан ортамерзімді бюджетаралық қатынастар үлгісінің жасақталуын қажетсінуі сөзсіз дегіміз келеді.
Бюджетаралық қатынастар мәселесі жергілікті шаруашылықты айналып өтпейді. Жергілікті шаруашылықты басқару органы ретінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары (және олар жергілікті өкілетті органдар деп аталады, егер біз оны мемлекеттік басқару жүйесіне жатқызатын болсақ) көпбағытта қызмет атқарады. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылданбағанымен, біз зерттеу жүргізіп отырған объект - жергілікті шаруашылықты жоққа шығаруға болмайды. Себебі жергілікті өкілетті органдардың бюджет және қаржы сферасындағы өкілдіктерінің жүзеге асуы Қазақстан Республикасының Конституциясында және оның 1. 04. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1. 04. 1999 жылы «Бюджет жүйесі туралы» және 29. 01. 2002 жылы қабылданған «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы» Заңдарында бекітілген. Жергілікті өкілетті органдар салық мәселесі жөнінде де біршама өкілеттікке ие. Олар жекелеген санаттағы салық төлеушілерге жер салығының ставкасын төмендетуге, қоршаған ортаны ластағаны үшін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тағиби аумақтарды пайдаланғаны үшін ставкасын белгілеуге құқықтары бар. Сонымен бірге, соңғы кезде кейбір әлеуметтік көмектерді республикалық бюджеттен алып жергілікті бюджеттерге беруге байланысты, жергілікті өкілетті органдардың салықтарды белгілеудегі рөлдерін күшейтуге, кейбір аумақтарда салықтарға түзетулер енгізуге (әсіресе, ауыл шаруашылығы сферасында, себебі бұл салада салықтың түсімі тұрақсыз, ол көбіне климаттық жағдайға тәуелді) мүмкіндік берілсе деген ұсыныстар бар /20/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz