Индекстер туралы жалпы ұғым



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Индекс түсінігі
2 Экономикалық индекстер
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштердің қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік эдіс болып табылады
Индекс деген сөздің түпнүсқасы латынның "іndіех" терминінеy шыққан, қазақшага аударганда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуга болмайтын белгілерден түратын күрделі әлеуметтік экономикалық қүбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын жөне уақытқа байланысты кеністітіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп айтады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шыгарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуга болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады. Оған. өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көргсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады.
• Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
• Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998ISBN 5-89800-123-9, IV том

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Индекстер туралы жалпы түсінік

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1.Индекс түсінігі

2 Экономикалық индекстер

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау
кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэффициенттер мен проценттер
сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштердің қолданылады. Осындай
қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны
индекстік эдіс болып табылады
Индекс деген сөздің түпнүсқасы латынның "іndіех" терминінеy шыққан,
қазақшага аударганда "көрсеткіш, белгі тізім" деген мағынаны білдіреді.
Статистикада біріне-бірін тікелей қосуга болмайтын белгілерден түратын
күрделі әлеуметтік экономикалық қүбылыстардың жеке себептерінің үлесін
анықтауға қолданылатын жөне уақытқа байланысты кеністітіктегі орташа
өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп
айтады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи-заттық негізде шыгарылған әр
түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуга болмайды. Оны есептеу
және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгілері қолданылады.
Оған. өнімнің мөлшері, өзіндік құны, бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының
шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас
көргсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін
индекс арқылы есептеуге болады.

3

1Индекс түсінігі

Индекстік әдісті қолдану арқылы төменде берілген негізгі
мәселелерді шешуге болады:
1)салыстыруға келмейтін және қосуга болмайтьн күрделі экономикалық
қүбылыстардың жеке бөліктерінің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайды;
2) құблыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін анықтайды;
3) күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсерін тигізетін себептерді жалпы
жиынтық және жеке бөліктері бойынша қарастырады.

Экономикалық индекстердің түрлері
* акциялар индексі – биржа практикасында акциялар бағамының эволюциясын
анықтау үшін қолданылатын индекс;
* ақшаның сатып алу күшінің индексі – тұтыну бағасының индексіне кері
шама;
* баға индексі – тауарлар бағасының белгілі бір уақыттағы немесе аумақтық
бөліктегі орта деңгейінің салыстырмалы өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш;
* валюта қоржынының индексі – негізгі сауда серіктестерінің валюта қоржыны
негізінде арнаулы формула бойынша есептелетін индекс – экономиканың
сыртқы бесекелесу қабілетінің жиынтықтамалы көрсеткіші;
* жалақы индексі – бір жұмысшының, қызметшінің қайсыбір кезеңдегі орташа
жалақысы серпінінің салыстырмалы көрсеткіші;
* жалпы ұлттық өнім бағасының индексі – баға деңгейінің өзгеруінің жалпы
ұлттық өнімнің құндық көлемінің серпініне әсер ету дәрежесін сипаттайтын
салыстырмалы көрсеткіш.

4

Инфляция ауқымының мөлшері

Жалпы ұлттық өнім дефляторы (инфляция ауқымының мөлшері) тұтыну бағасының
индексімен, көтерме сауда бағасының индексімен және өндірушілер бағасының
индексімен айқындалады. Тұтыну нарығындағы және инвестициялық тауарлармен
сауда жасау аясындағы жалпы ұлттық өнімнің құрылымы бойынша безбенделген
инфляциялық құбылыстарды сипаттайтын бұл индекстер инфляцияның жалпы
ауқымын айқындауға және дефляторды ескере отырып түпкілікті тұтыну
тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін бағалауға мүмкіндік
береді; жиынтықтамалы (синтетикалық) индекс – әлеуметтік-экономикалық
құбылыстарды жиынтықтауға арналған индекс. Мысалы‚ бөлшек сауда бағасының
индексі‚ тауарлар мен қызметтер бағасының индексі.

Зерттелетін құбылыстардың жалпы жиынтығы бөлігін құрайтын құбылыстардың
жекелеген азды-көпті біртекті топтарына арналған топтық индекс және тікелей
өлшемдес емес әртекті элементтерден құралатын зерттелетін құбылыстардың
бүкіл жиынтығына арналған жалпы индекс болуы мүмкін; көтерме сауда
бағасының индексі – тауарлар жиынының түрлі өндіріс сатысындағы бағасының
өзгеруін көрсететін индекс; нақты жалақы индексі – қызметкерлер табысының
өзгеруін бейнелейтін көрсеткіш.

Атаулы жалақының индексін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының
индексіне бөлу жолымен есептеледі; нарық индексі – нарық серпінінің жалпы
көрсеткіші, бағаның айналысқа шығарылған акцияларға қатысын көрсетеді;
өндірім нормаларының орындалу индексі – жұмысшылардың өндірім нормаларын
орындау дәрежесін сипаттайтын индекс. Бір текті өнімді дайындау кезінде ол
өнімнің белгілі бір уақыт кезеңіндегі нақты көлемінің нормалар бойынша
дайындалуы қажет мөлшерге қатысымен айқындалады.

5

Мазмұнына қарай өндірімнің сағаттық нормаларының орындалуы (нормалардың
нақты уақыт бойынша орындалуы) индексі және ауысымдық нормалардың орындалуы
(нормалардың күнтізбелік уақыт бойынша орындалуы) индексі түрлеріне
бөлінеді;

* өнеркәсіп өнімі өзіндік құнының индексі – есепті (ағымдағы) кезеңдегі
өнеркәсіп өнімінің өзіндік құны деңгейінің базистік кезеңдегі деңгеймен
салыстырғанда өзгеруін сипаттайтын индекс;
* өнеркәсіп тауарларының бәсекелесу қабілетінің индексі – белгілі бір
елдің экспортқа шығаратын өнеркәсіп бұйымдарының салыстырмалы бәсекелесу
қабілетінің көрсеткіші.

Осы ел валютасының айырбастау бағамын бәсекелес ел валютасының айырбастау
бағамымен салыстыру жолымен есептеледі, бұл ретте бейөндірістік сектордағы
көтерме сауда бағасының құралуымен байланысты туындайтын инфляцияға түзету
жасалады; өнім ақаулығының индексі – қаралатын уақыт аралығында шығарылған
біртекті өнім сапасының кешенді көрсеткіші‚ ол осы өнім ақаулығының орташа
өлшенген коэффициентіне тең; өнім сапасының индексі – қаралатын уақыт
аралығында шығарылған әртекті өнім сапасының көрсеткіші‚ ол осы өнім сапасы
көрсеткіштерінің салыстырмалы мәндерінің орташа өлшенген коэффициентіне
тең; талдамалы (аналитикалық) индекс – күрделі экономикалық құбылыстың
жинақтамалы өзгерісінің нәтижесі құрамдас элементтерге немесе факторларға
бөлшектелетін индекс.

Мұнда бір элемент (әдетте, зерттелетін элемент) өзгерген түрінде қаралады‚
ал басқа‚ онымен байланысты элементтер белгілі бір деңгейде тіркеледі.
Әрбір фактор бойынша есептелген бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық индекстер
Статистика пәнінен тезистік лекция конспектілері
Статистиканың жалпы теориясы
Статистикалық бақылау зерзаты
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Деректер базасына сұраныс құру
Луаның эволюциясы
Парасат Телеарна қызметкерлерінің деректер қорын жобалау
Орташа индекстерді есептеу
Құқықтық статистика негіздері
Пәндер